Аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысын тиімді арттырудың негізгі жолдары, жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Аудандағы шаруа қожалықтарының жұмысын тиімді арттырудың негізгі
жолдары, жергілікті мемлекеттік органдардың рөлі
Тексерген:
Орындаған:
Орал 2015 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Шаруашылықтың нарықтағы бәсекеге қабілеттіліктің мәні мен маңызы
2 Шаруашылықтағы бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың негізгі бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы халыққа Жолдауы бойынша
әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиялық мақсатымыз
болып табылады. Өз Жолдауында Президент Қазақстанның халықаралық ортада
бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату шараларын дайындау қажеттілігін
көрсеткен. Сонымен қатар, еліміздің Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуге
дайындалуы отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне
ерекше талаптар қояды.
Осыған орай, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселесі аса
өзекті болып табылады. Бұл мәселе, әсіресе, ауыл шаруашылығы секторында,
соның ішінде құс шаруашылығы кәсіпорындары үшін аса маңызды. Өйткені, ауыл
шаруашылығы халықты өмір сүру үшін қажетті азық-түлік өнімдерімен
қамтамасыз ететін ел экономикасының маңызды саласы. Құс шаруашылығы
қалдықсыз өндіріс болып табылатындықтан мал шаруашылығының тез, қарқынды
өсетін, өнім бірлігіне аз азық қажет ететін, өзін жедел ақтайтын саласы
болып табылады. Құс шаруашылығының өнімдері – адамдардың денсаулығына
пайдалы, толық, дұрыс тамақтануына аса қажет өнім. Қазақстан Республикасы
қоғамға қажет құс шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін өсіруге
мүмкіндік беретін зор аграрлық әлуетке ие. Оны жоғарылату адам, жер, су,
техника, қаржы ресурстарын қолданудың ғылыми негізделген әдіс-тәсілдерін
қолдану арқылы жүзеге асады. Қазіргі уақытта құс шаруашылығы
кәсіпорындарының сыртқы нарықты айтпағанда, ішкі нарықтағы бәсекеге
қабілеттілігі салыстырмалы түрде төмен болып отыр.
Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша
отандық құс шаруашылығы кәсіпорындары халықтың құс өнімдеріне
қажеттілігінің 30%-ын ғана қанағаттандырады. Ресми мәліметтер бойынша 2000-
2010 ж.ж. аралығында 145 түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері атауын қамтитын
импорттың жалпы көлемі 502,1 млн доллардан 1651 млн долларға өскен, соның
ішінде, 2010-жылы ғана АҚШ-тан 59,2 млн долларға тауықтың сан еттері
келген. ДСҰ-ға кірген кезде толық импортқа тәуелді болмау үшін осы
өнімдердің импортын қысқарту аса маңызды міндет болып табылады. Талдаулар
көрсеткендей, республикада оны өндіруге мүмкіндіктер бар. Құс шаруашылығы
кәсіпорындарында құстардың өнімділігі әлемдік көрсеткіштерден көп артта
қалады, сондықтан, оны арттыру үшін асыл тұқымды құс өсіру мәселесі
мемлекеттік аграрлық саясаттың аса өзекті міндеті болып табылады. ДСҰ-ға
кіру өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін шешілмеген
міндеттер бағытында отандық өсірушілердің белсенді әрекет етуін талап
етеді. Ауыл шаруашылығының саласының бәсекеге қабілеттілігінің төмен
болуының басты себептері негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуы,
айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі, өнім өндіру шығындарының жоғары
болуы, өнім бағасының төлем қабілетті сұранысқа сәйкес келмеуі, соған
байланысты өнімді өткізудегі қиыншылықтар. Бұл міндеттер ғылыми-техникалық
прогресс жетістіктерін енгізу, өндірісті дамыту, өзіндік құнды төмендету,
өнім өткізуді жетілдіру, оны нарықта ұтымды жылжытуды ұйымдастыру арқылы
шешіледі. Осы міндеттерді тиімді шешудің бір тетігі – маркетингтің әдістері
мен принциптерін қолдану. Тәжірибелік тұрғыда ауыл шаруашылық өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігі мәселесін шешу үшін бірінші кезекте тұтынушының
мұқтаждықтарын, талғам-талаптарын, қалауын дәл білу, нарықтағы
бәсекелестердің іс-әрекет стратегиясын талдау қажет.
Қазақстан Республикасының 2008-2015 жылдарға арналған индустриалды-
инновациялық даму стратегиясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы
мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе
жүзінде шешудің маңыздылығын айқындайды. Осы мәселені шешудің маңыздылығына
орай зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады.

Бәсеке мәселесі әлемдік экономикада бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр.
Әлем тәжірибесі бәсекенің нарықтық экономиканың қозғаушы күші екенін
дәлелдеген. Неғұрлым бәсеке дамыған болса, нарықтық механизмнің әрекеті
соғұрлым тиімді болмақ.
Бәсекенің өзіне тән атқаратын функциялары бар:
– тауардыңқызметтің нарықтық құнын анықтап, бекіту;
– дербес құндарды теңестіріп, әр түрлі еңбек шығындарына байланысты
пайданы бөлу;
– салалар мен өндірушілер арасындағы қаражат ағысын реттеу.
Бұл функциялардың орындалуы кез келген ел экономикасы үшін аса маңызды
болып табылады.
Ұзақ жылдар бойы жоспарлық экономикада бәсеке мәселесі жағымсыз жағдай
деп танылып, оған ден қойылмады, соған орай отандық өндірушілер нарық
жағдайында бәсекелік күреске дайын болмай шықты. Бұл жағдай ауыл
шаруашылығына да, соның ішінде құс шаруашылығы өнеркәсібіне де қатысты.
Соның салдарынан құс шаруашылығы кәсіпорындарының даму деңгейі төмен болып
ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетті болмай отыр.
Ел экономикасында соңғы он бес жылда көптеген өзгерістер болып, нарықтық
экономикаға көшкеннен бері құс шаруашылығы кәсіпорындары нарық шарттарына
сәйкес әрекет етуге қадам басқанымен де әлі де көптеген мәселелер жаңаша
көзқарасты, жаңа экономикалық саясатты талап етеді. Осыған байланысты сала
мамандары нарықтың мәні мен қағидаларын жете меңгеріп, оның даму үрдісіне
белсене араласып, саладағы бәсекені дамытуға күш салулары керек.
Этимологиялық тұрғыда конкуренция – бәсеке латынның concurentia
сөзінен, аудармасы қақтығысу деген мағына береді. Басқа да маңызды
түсініктер сияқты бәсеке терминінің де көптеген түсіндірме анықтамалары
бар. Қазіргі қолданылып жүрген бәсеке, бәсекеге қабілеттілік теорияларының
тәртіби негізі саяси экономияның негізін қалаушы классиктер А. Смиттің
(нарықтағы көрінбейтін қол приципі), Д. Рикардоның (салыстырмалы шығындар
теориясы), Дж.С. Миллдің (бәсеке бағаны, еңбек ақыны, рентаны реттеуші)
еңбектерінде қаланған.
ҚР-ның Бәсеке және монополиялық қызметті реттеу туралы Заңына сәйкес
бәсеке – сәйкес тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нарығында тауар айналысының
жалпы жағдайларына әрқайсысының бір жақты ықпалын тиімді түрде шектеу
мүмкіндігін беретін және тұтынушыларға қажет тауарлар (жұмыстар, қызметтер)
өндірісін ынталандыратын нарық субъектілерінің өзара күресі.
Нарықта бәсеке әр түрлі формада болып, әр түрлі әдістермен жүзеге асады.
Бәсеке үлгілерінің ішінде бірінші кезекте сала ішілік және сала аралық
бәсекені бөледі. Cала ішілік бәсеке – бірдей қажеттіліктерді
қанағаттандыратын, бағасы, сапасы немесе ассортименті бойынша ерекшеленетін
бірдей тауарлар арасындағы бәсеке. Сала аралық бәсеке – әр түрлі сала
тауарлары арасындағы төлем қабілетті сұраныс үшін болатын бәсеке
Функционалдық бәсеке – қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлардың бір-
біріне қатысты бәсекелестік жағдайы. Тауар түріне байланысты бәсеке –
бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын, бірақ бір-бірінен маңызды
сипаттамалары арқылы ерекшеленетін тауарлар арасындағы бәсеке. Заттық
бәсеке – барлық жағынан бірдей тауарлар арасында болатын бәсек.
Сонымен қатар 19-20 ғ.ғ. бәсекенің құрылымдық анықтамалары кең тарады.
Оның бастамасы нарықтың негізгі төрт типтерінің: жетілген бәсеке,
монополиялық бәсеке, олигополия және монополияның іргетасын қалаушы Ф.
Эджуорт, А. Курно, Дж. Робинсон, Э. Чемберлин және басқа да ірі
оқымыстылардың еңбектерінде қарастырылады. Бәсекенің мәнін тереңірек түсіну
үшін кейбір авторлардың анықтамаларын қарастырайық.
М. Портер Международная конкуренция кітабында бәсеке – ландшафтын
үздіксіз өзгертіп отыратын, онда жаңа тауарлар, маркетингтің жаңа жолдары,
жаңа өндірістік үрдістер және жаңа нарық сегменттері пайда болып тұратын
өзгермелі, дамушы үрдіс деп көрсетеді.
Г.Л. Азоев бәсекені бір мақсатқа қол жеткізуге мүдделі жекелеген заңды
және жеке тұлғалар арасындағы қандайда-бір жолдағы қарсыластық деп
анықтайды..А.Ю. Юданов нарықтық бәсеке – қол жететін нарық сегменттерінде
фирмалар арасында төлем қабілеттілігі шектеулі сұраныс үшін болатын күрес
деп анықтайды [8]. Бәсеке, бәсекеге қабілеттілікті зерттеуші Р.А.
Фатхутдинов әлі күнге дейін әлемде біркелкі бәсеке түсінігінің жоқ
екендігін айта келіп, мынадай қорытындылар жасайды:
1) бәсеке түсінігіне әр түрлі авторлардың берген анықтамалары
жүйелілік пен кешенділік талаптарына толық дәрежеде жауап бермейді,
бәсекенің көптеген қырларының бір жағын ғана сипаттайды;
2) бәсеке түсінігінің қалыптасу қырлары көп: бір автор бәсекені фирмалар
арасындағы күрес, екіншісі – жеке тұлғалардың қарсыластығы, үшіншілері –
нарықта жеткілікті деңгейде сатушылар мен сатып алушылардың болуы,
төртіншілері – жағдай, бесіншісі – ұмтылыс, алтыншысы – үрдіс және т.б.].
Г.В. Кушенов бәсекеге қабілеттілікті еркін және әділ нарық жағдайында
елдің ішкі және әлемдік нарықтар талаптарына жауап беретін және
азаматтардың табыстарын сақтай немесе жоғарлата отырып тауарлар мен
қызметтерді өндіру мүмкіндігі дәрежесі, – деп есептейді.
Соңғы уақыттардағы бәсекелестік артықшылықтардың құралу үрдісінің
беталыстары белгілі зерттеуші М. Портердің еңбектерінде зерттелген:
Бәсекелестік стратегия саланың құрылымы мен оның өзгеру үрдісін жан-жақты
талдауға негізделеді. Экономиканың кез-келген саласында, оның ішкі немесе
сыртқы нарықтарда әрекет етуіне байланыссыз бәсекенің мәні бес күш арқылы
көрнеді:
жаңа бәсекелестердің келу қаупі;
ауыстырушы-тауарлар немесе қызметтердің пайда болу қаупі;
жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;
сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
бар бәсекелестердің өзара бәсекелесуі.
Осы бес күштің әрқайсысының мәні саладан салаға қарай өзгеріп, ақыр аяғы
салалардың пайдалылығын анықтайды.
Кэмпбелл Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю зерттеулерінде бәсекенің міндетті
шарты нарықта кез-келген нақты өнімнің сатушылары және сатып алушылары көп
болуы керек және сатушылар мен сатып алушылар үшін қай нарықта болсын
жұмыс істеу немесе нарықтан кету еркіндігі болуы керек.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз оны нақты нарықта, нақты уақыт
мерзімінде сәтті сату мүмкіндігі деп анықталады. Ал кәсіпорынның немесе
фирманың бәсекеге қабілеттілігі – бәсекеге қабілетті өнім өндіру немесе
қызмет көрсету арқылы нақты нарықта (өткізу аймағында), нақты уақыт
аралығында сәтті әрекет ету қабілеті].
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі – тауардың нарық талабына, яғни оның
сапалық, техникалық, эстетикалық сипаттамаларының және коммерциялық өткізу
жағдайының тұтынушылар талабына сай келуін бейнелейтін экономикалық
категория.
Әр анықтаманы алып қарасақ та олар бір-біріне қарама-қайшы келмейді,
керісінше бірін –бірі толықтырады. Бірақ оның әр қайсысын толық деп айтуға
болмайды. Талдау нәтижесі бойынша бәсекенің мынадай анықтаушы белгілерін
атап көрсетуге болады.
1) бәсеке – шаруашылық жүргізудің нарықтық әдісінің
фундаменті, өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің құрылуына
нарық субъектілерінің арасындағы өзара қарым-қатынастың
нышаны мен сипаты ықпал етеді;
2) бәсеке – өнімнің техникалық, экономикалық, маркетингтік
көрсеткіштеріне оны жобалаудан бастап соңғы тұтынушыға
жеткенге дейінгі кезеңдердің барлығында ықпал етеді.
3) бәсеке – даму мен өсудің қозғаушы күші, мақсат таңдаудың,
сол мақсатқа жету жолындағы ізденістің, жетістікке
ұмтылудың ықпалшысы.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі
нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің
белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет
және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады.
Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға
бағытталған сипаттамалары. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
етудің мақсаты оны нарықта ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz