Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда күкірттің маңызы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы» кафедрасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда күкірттің маңызы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3
1. 1. Әдебиетке шолу . . . 7
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудың
ерекшеліктері және мерзімдік азық рациондары . . . 16
2. 2. Жұмыс атын азықтандыру ерекшеліктері . . . 19
2. 3. Шошқаны азықтандыру нормалары . . . 21
2. 4. Азықтың химиялық құрамы мен қоректік заттары . . . 23
2. 5. Азық құрамындағы күкірттің маңызы . . . 25
2. 6. Азықтандыру рационын құрастыру . . . 27
III. Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Мал азығы мен азықтану гигиенасында ең бастысы малдың денсаулығы мен оның өнімділігінің азықтың мөлшері мен санитариялық тұрғыдан қауіпсіздігіне байланысты екені белгілі. Кейінгі кезде азықтың құндылығының төмендеуіне байланысты және де рацион құрамының тапшылығы мол денсаулығына зиян келтіріп, олардың өнімділігін едәуір азайтты. Азықтың мал организмі үшін маңыздылығы және сапалы әрі құнды азықтар дайындау жолдары мен зерттеу әдістері.
Азықтың санитарлық сапасын жоғары сақтау үшін оларға арнайы өңдеу жүргізіледі. Өңдеудің ең қарапайым түрі жем - шөпті дайындау барысында кептіру, яғни қоректік заттарының бұзылып ыдырамай сақталуына бағытталған микробиологиялық өзгерістерге негізделген. Жем - шөпті сақтауға негізінен кептіру жағдайда қышқыл орта орнатуды қолданады. Мұндай өңдеуден өткен азықта саңырауқұлақ өсіп - өнбейді, олар микотоксин, түзбейді. Дайындалған азықтың сапасын сақтаудың ең тиімді жолы оның ылғалдылығын жоғарлатпау болып табылады. Егер ылғалдылығы жоғары болып торшалық тыныстану толастамаса, қоректік заттар ыдырауынан пішеннің ішкі қызуы 30-50 градус асып, онда микробиологиялық үрдіс өрістейді.
Кейбір шаруашылықтарда мал азығының консервілеу жүргізіледі. Ол үшін мынандай ерітінділерді қолданады: пропион қышқылын, сірке суын, бензол қышқылдарын және т. б. ерітінділері өндірісте жиі қолданылып келеді. Әрбір консервантты таңдағанда саңырауқұлақтардың токсин шығаратын қабілетін ескерген жөн және сол таңдап алынған консерванттың әрбір саңырауқұлақ түрінің өсіп - өнуіне жол бермейтін қасиеттерін еске алмайынша және азықтың ылғалдылығын білмейінше консерванттардың ұзақ уақыт өз қасиетін тиімді ұстап тұруы мүмкін емес. Сондықтан азықты өңдеу нәтижесі мүлде аз немесе тиімсіз болуы ықтимал.
Ылғи дәнді дақылды консервациялау үшін генцианвиолетті қолдану жақсы нәтижесін көрсетуде.
Саңырауқұлақ және бактериялардың өсіп - өну процесін тоқтату ретінде ең тиімдісі оларды кептіру болып табылады.
Мысалы, дәнді дақылдағы ылғалдың мөлшері 10-12 пайызға дейін жеткізгенде зиянкестердің өсіп -өнуі тоқталады.
Әдебиеттегі мәліметке қарағанда кейінгі кезде азықты гамма сәулесі арқылы зарарсыздандыруға болатын көрінеді.
Азықтың санитариялық сапасын жақсарту үшін және қызу процесін болдырмау ретінде, шаруашылықта термикалық өңдеу жиі қолданылып келеді. Мұндай өңдеу біріншіден азықты зарарсыздандырады, екіншіден азықты зиянкестерден тазартуға қол жеткізеді.
Қазіргі кезде жемшөп кұрамын тек зоотехникалық зерттеумен жүргізу жеткіліксіз. Ол азықтың сол кездегі құрамын ғана көрсетеді. Ал мал өнімділігін жоғарылату үшін азықта өтетін биохимиялық өзгерістерді мал организмінде жалғастырып, зат алмасуына қажетті бағытта ықпал еткізуді кездеу қажет. Ол үшін азық құрамындағы жалпы және қорытылатын протеинді біліп қана қоймай, оның аминқышқылдарын, түрлері мен дисперсілігін, түрлі қызмет атқаратын топтарын анықтайды. Ірі жемшөптегі құрылыстық және энергетикалық көмірсулар арқатынасын, олардың физико-химиялық қасиеттерін зерттейді. Мал маманына малға берілген азықтағы жалпы каротин мен қатар оның игерімді түрі - бетакаротиннің қаншалықты екенін білу қажет. Сондай-ақ, дайындалған азықтың ферменттік, ингибиторлық, фитогормондық және де басқа маңызды биологиялық пәрменді қасиеттеріне жете үңіліп, анықтау керек.
Мал денсаулығын сақтап, өнімділігін арттыру берік азық қорына негізделеді. Берік азық қорынсыз шаруа қожалықтағы мал басының өсіп-жетілуіне және өнімділігіне әсер ететін сыртқы ортаның ең күшті факторы қоректік заттардың жеткілікті де қажетті түрде жеткізілуі мүмкін емес.
Сондықтан, мал шаруашылығын өркендетуді жеткілікті жем-шөп қорынан бастайды.
Жем-шөп қорын нығайтуды ондағы азық түрімен мөлшерін көбейтумен қатар, қолдағы бар азықты үнемді де физиологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді жұмсай білу керек.
Мал организмінің тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік, биологиялық пәрменді заттар күнделікті желінген жемшөбін жеткізіледі. Демек, тіршілік барысын дұрыс, зат алмасуына қажетті барлық қосындылармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету - малға берілетін азық мөлшері мен сапа-сала тікелей байланысты келеді.
Азық сапасы ең алдымен оның химиялық құрамы, қоректік затқа байлығы және берілген малға жұғымдылығымен айғақталады. Оны жете зерттеп, күнделікті бақылау үшін азық биохимиясын, гигиенасын және азықтандыру тұрғысынан құнарлылығын білу қажет.
Өсімдікті немесе жануар, микро тектес азықты дайындағаннан бастап малға бергенше оның құрамы мен құрылысында біршама биохимиялық өзгерістер өтеді. Соның нәтижесінде олардың жалпы сапалық көрсеткіштері, сайып келгенде қоректілігі өзгереді. Өзгерушілік көлемі көптеген жағдайларға, ен, алдымен жемшөпті дайындау кезеңі мен сақтау технологиясына байланысты. Ондағы орын алатын биохимиялық өзгерістер барысында азық сапасы жақсарып, қоректілігі жоғарылауы да немесе, керісінше, бір жағынан қоректік заттары ыдырап, ал екінші жағынан қажетсіз, тіпті зиянды, улы заттары жиналып, қоректілігінің күрт төмендеуі де ықтимал.
Азықтандыру - қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. Биологиялық жағынан бағалы ета лу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып - күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан - жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1, 5 - 17, 5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай - ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 - 3% - ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық - дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 - 500 - ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі - туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады.
Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.
Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан, әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4, 4кг, екінші көктеудің шөбінен 3, 9 кг, дала шөбінен 3, 6 - 3, 9 кг керек болса, көктесін ойпаң жерлер жайылымының шөбінен 4, 2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6, 2 кг керек болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның шөбінен 3, 1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым.
Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы - деп малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.
Ауыл шаруашылығы министрлерінің мәліметіне қарағанда осы азықтардан құралатын қойдың қысқы рационында 25 - 30 пайыз шамасында қорытылатын протеин жетіспейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рационда 1 пайыз протеин жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны 2 пайызға жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттатып, мал шаруашылығының экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз.
Курстық жұмыстың мақсаты - ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудағы күкірттің маңызын көрсету. мадардыңазықтандыру ерекшеліктері туралы терең білім алу.
Курстық жұмыстың міндеттері - берілген мақсатқа жету барысында келесі міндеттер атқарылды:
1. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандырудың ерекшеліктері туралы түсінік беру;
2. Азықтандыру рациондарымен танысу;
3. Азықтандырудың ерекшеліктері туралы және азықтар туралы, азық құрамындағы күкірт туралы мәліметтер берілді.
1. 1. Әдебиетке шолу
И. Наурызбаевтың (1975ж) айтуынша, азықтағы қоректік заттар мал организмінің тіршілігіне қажет энергия мен құрылымдық қосындылар жеткізуші көзі болып табылады. Демек олар тірі организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделіп өсіп өніп ұрықтанып көбейіп, өнім өндіруінің негізгі факторлары ретінде қызмет атқарады. Жоғарыда айтылғандай, азықтағы қоректік заттар энергетикалық және құрылымдық қосындыларға бөлінуіне шартты түрде қарау керек, өйткені олар негізгі функциясымен қатар тіршілік кажеттілігіне байланысты басқа да қызметке жұмсалады. Қоректік заттардың маңызы мен атқаратын қызметі мал мен кұс түріне байланысты да өзгереді. Айталық, карапайым қарынды мал түзуге тек белок азотын қосындыларды пайдалана алатын болса, күрделі қарынды күйіс қайыратын мал алдыңғы қарын микроорганизмдерінің көмегімен басқа да азотты заттар аммиагін игереді. Сол микроорганизмдер қатысуымен олар басқа мал мен құс қорыта алмайтын азық жасунығын жақсы қорытып, өсімдік көмірсуларының энергетикалық қуаттылығын толығырақ пайдаланады [1] .
Ж. Мырзабековтың (2005ж) пікірінше, азықтандыруда олардын қорытылу ерекшелігін, таратуғаыңғайлылығын ескереді. Әдеттегіде ірі азықты шырышты азықтан бұрын таратады. Оның ішінде пішенді танертең беріп, түнге сабан салып қойған дұрыс. Ұнтақты шырынды азықпен араластырып берген жөн. Азықтандыру мен суару тәртібі әсіресе жұмыс аттарына кушті әсер етеді. Оларды міндетті түрде суытып барып азықтандырып, содан кейін суарады. Суыту ушін алдымен ірі азык беріп, кейін шырынды азық таратып, суарады да, артыншан жем береді. Сұлыны суарғаннан кейін 30-45 минут, арпа мен басқа жемді 1-1, 5 сағат өткен соң береді. Жұмысқа аттарды азықтандырғаннан кейін бір сағат өткен соң шығарады. Тәуліктік азық мөлшерінің ірісі негізінен кешке салып қояды, өйткені алдыңғы қарны жоқ жылқы малы жұмыстан бос уакытының көбін азықтануға жұмсайды. Ертеңгісін ірі азықтың аз бөлігін, ал түсте тіпті аз мөлшерде салады. Өйткені жемшөпті мұқият шайнап жұтатын жылқы берілген азықты жеп үлгермейді. Жемді де ертеңгісін және түсте бірдей көлемде, кешкісін ұлғайтып береді [2] .
Мырзабеков Ж, Ибрагимов П (2005) ғалымдарының зерттеуі бойынша азықтың зоогигиеналық маңызында малды азықтандыру - олардың денсаулығына өнімділігі мен өнім сапасына тікелей әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі. Жануарлардың азыққа деген қажеттілігі олардың тіршілігін қамтамасыз етуде, өсу және семіру кезінде денег жаңа ұлпалардың тқалыптасуы мен жаңаруына, өнім өндіруге, репродуктивті қызмет пен денсаулықты сақтауға керекті энергия мен қоректік және биологиялық белсенді заттардың барлығымен анықталады.
Қореқ арқылы организм, ассимиляция процесінде өліні тіріге, ал диссимиляция кезінде, керісінше, тіріні өліге айналдыра отырып, сыртқы орта заттарын қабылдайды. Бұл процестер бір - біріне қарама- қайшы болғанмен, бір -бірінен ажыратуға болмайтын бүкіл тірі дүниеге тән қасиет болып табылады.
Малды азықтандыру бәрінен де бұрын тиімді әрі құнарлы болуы керек, яғни рациондар малдың тек энергияға деген қажетін ғана емес, сонымен бірге керегінше және дұрыс қатынасты қоректік заттарға организмді толық құнды белоктар, көмірсутегі, майларға минералдық заттарға, микроэлементтер мен витаминдерге деген қажетін де қанағаттандыруға қабылданған шикізатты (азықты) тамақтық өнімге (ет, сүт және т. б. ) өңдейтін организм ретіндегі ерекшелігі, олар үшін азықтағы қоректік заттар бір жағынан өнім өндіретін шикізат болатын болса, екінші жағынан тіршілік үшін керекті энергетикалық материал болып табылады.
Азықтандыру кезінде белгілі бір режим мен жем -шөп беру кезектілігін сақтау керек. Бірақ ең алдымен, азық сапасы мал түлігіне, оның жасы мен физиологиялық жағдайына, жынысына, сондай -ақ малдың өсірілу бағытына сай болуы қажет. Былайша айтқанда, малдың дұрыс азықтандыру дегеніміз азықтандыру мен күтіп бағу жағдайларының әсерінен болатын ас қорыту процестерінің заңдылықтарын білу және сақтау арқылы қарын - ішек жолының азықты толық сіңіру қабілетін арттырып, соның арқасында қоректік заттардың пайдалану тиімділігі мен азықтың өнім өндіруге бағытталған әсерін күшейту.
Құнарлы дұрыс азықтандырудың басты негізгі принциптері: мал организмінің азыққа деген керекті көлемі мен мөлшерін қамтамасыз ету; Мал азығындағы бүкіл қоректік заттар құрамын жеткілікті деңгейде ұстау; жақсы, дәмдік сапасын сақтау; қоректік заттардың ас қорытуға жеңілдігі; жем -шөпте патогенді организмдердің, соның ішінде микроптардың, зиянды және улы заттардың болмауы. Азықтандырудың аталған принциптері бұзылған жағдайда мал арасында әртүрлі аурулар тууы мүмкін. Мұндай аурулар азықтық немесе алиментарлық деп аталады. Бұл аурулардың себептері биотикалық (тірі) және абиотикалық (өлі) патогендер болуы мүмкін.
А. Ф. Кузнецов бойынша (1986) азықтағы қоректік заттардың гигиеналық маңызы азық тапшылығына әсіресе жас, өсіп келе жатқан мал, буаз мал, сүтті сиырлар төзімсіз. Төлдің өсуі бұзылады және сүйек қаңқасының бұрын өте қарқынды өскен дене бөліктері одан әрі жетілмей қалады. Терілерінің серпімділігі жоғалып, қатпарланады өзіне тән жылтырлығынан айырылып, ұйпаланады. Азық тапшылығы одан әрі өсірілетін төлдің жыныстық жағынан жетілуін тежейді, ұрғашы мал төлшілдігінің, ұрықтануының төмендеуіне, сондай - ақ төлдегеннен кейін бұрынғы жыныстық циклінің қалпына келуін 2-3 ай кідіртуге әкеліп соқтырады.
Азықтардың белоктардың, көмірсутектердің және майлардың маңызы. Жем -шөп мал организміне сыртқы ортадан бірден - бір протеин жеткізуші. Құнарлы протеин жетіспесе қан сары суында белоктар синтезі төмендейді, клеткалар мен ұлпаларда қалыпқа келтіру процестері тежеледі, олардың қорғаныш қызметі әлсірейді.
Құнарсыз протеин тұтынылса асқазан -ішек жолы мен тыныс алу органдарының инфекцияға ұрынуына әкеп соқтырады.
Белоктың жетіспеуін алдын алу үшін алмастырылмайтын синтетикалық амин қышқылдарын беру керек. Сонда зат алмасудың бұзылуын, өнімділіктің, ұдайы өсу қабілетінің, мал организмінің табиғи төзімділігінің төмендеуі секілді жағдайлардың алдын алуға болады.
Кейбір май қышқылдары (липолен, арахидон және линолен қышқылдары) малдың зат алмасуына, өсуі мен жетілуіне сүйеу болу үшін өте қажет. Сондықтан, олар азықпен бірге тұрақты түсіп тұруға тиіс. Азықта қоректік май мөлшері қалыпты болса, тәбет ашуға, ас қорытуға және қоректік заттардың ішекте сіңірілуіне мүмкіндік береді. Қорек майымен бірге организмге майда еритін дәрмендәрілер (витаминдер) түседі.
Азықта май жетпесе малда майда еритін дәрмен дәрілер (А, Е және К) жетіспеушілігі туындайды.
Соколов. Г. Зерттеуі бойынша (1982) улы заттар түзетін азықтарды пайдалану гигиенасында кейбір жағдайларда мал аса сапалы азықтың өзінен -ақ уланып жатады. Бұл белгілі бір жағдайда (дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақталмау т. б. ) кейбір азықтағы усыз заттардың улы заттардың түзүлуінен болады.
Лаптаев А. П. Поливский С. А. зерттеулеріндегі ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азық гигиенасында (микотоксикоздар) (1990) 200-ден аса улы метаболит түзетін, микроскопиялық саңырауқұлақтардың 250 ден аса түрі белгілі. Микроорганизмдер, әсіресе ұсақ саңырауқұлақтар, интенсивті даму кезінде азық сапасын және оның азықтық құндылығын төмендетеді.
Ұсақ саңырауқұлақтардың әсерінен азықтағы май, көмірсутегі, ақзат тотығады. Соның салдарынан, азықта оның дәмі мен иісін бірден өзгертетін әртүрлі ыдырау өнімдері жинақталады.
Микроскопиялық саңырауқұлақтардың тіршілігінің нәтижесінде балауса азықтың көрсеткіштері өзгереді (иісі -жағымсыз, түсі -солғын, көгерген), онда зеңдену, қызу, токсиндердің жиналуы сияқты процестер дамиды, сөйтіп азықтың санитариялық сапасын төмендетеді, ал кейде малға беруге жарамсыз болады.
Зең саңырауқұлақтары жас жасыл өсімдіктерде дамиды және олардың сабақтарында, жапырақтарында және масақтарында әртүрлі көлемде сары, қоңыр және қара түсті жолақтар пайда болады. Барлық мәдени және жабайы дәнді дақылдарды зақымдайтын және бұршақ тұқымдастарды зақымдайтын зең саңырауқұлақтары кең таралған.
Зеңмен улану зақымданған жасыл шөпті, жоңышқаны, бедені және осылардан жасалған пішен мен сабанды жеген жылқыларда, ірі қарада, қойда байқалады.
Қара күйе саңырауқұлақтары жасыл өсімдіктердің гүл шоғырларында және жекелеген гүлдерінде дамиды. Бұл саңырауқұлақтар алғашында - ақ, кейінен қара түсіт үлкен немесе кіші түйіршіктер түзіп, дән орнын толтырады. Түйіршік ішінде саңырауқұлақ споралары ұнтақ тәрізді қара масса түрінде болады. Қара -күйемен зақымданған азықпен азықтандырылған шошқаның және ірі қараның уланғаны тіркелген. Күйе (кастауыш) бидайды, кейде басқа да астық тұқымдастарды, әсіресе жаңбырлы жазда зақымдайды. Күйе қалдықтары бидайда және оның қалдықтарында кебегінде және ұнында кездесуі мүмкін. Күйе ауылшаруашылық малдары мен құстарының барлық түрінде, сондай -ақ адамда эрготизм деп аталатын ауыр улану тудыруы мүмкін. Улану әдетте қастауышпен зақымданған бидай қалдығымен және ұнымен азықтандырылған байқалады.
Малды азықтандыру режимін жақсартқанда басқа рационға көшіргенде немесе малды басқа учаскеге ауыстырғанда, қорада баққан малды жайылымға шығарғанда көшіру мезгілін ұлғайтып, жаңа азықтың аз мөлшерде біртіндеп берілгені жөн. Әдетте, мұндай үйрену қалыптасу процесі тек ас қорыту қызметін ғана емес, сонымен қатар малдың бүкіл организміне ықпалын тигізеді. Ол үшін кем дегенде 7-15 күн керек.
Әсіресе төлі бар және буаз малды азықтандырған кезде азықты ауыстыру режимін қатаң ұстаған дұрыс. Сондықтан бірден ауыстырылған азық буаз малдың іш тастауына себепкер болса, бауырында төлі бар малдың сүтінің құрамы едәуір өзгерсе, сүттің мөлшері де өзгереді. Ал енесін еметін жас төлдің ауруға шалдығуы және шығынға ұшырауы мүмкін.
Өте қаупті жағдай туғызатын нәрсе ол жас торайды қозыны енесінен ажыратқан кездегі азықтандыру және бұзауды енесінен ажыратар алдындағы ауыспалы кезең, яғни сүт емуден шөпке ауыстыру кезеңі болып табылады.
Наурызбаев И. Б. «Мал және мал шаруашылығына мал қорасының гигиенасы» еңбегінде азық цехына, азық дайындау құрал -жабдықтарына қойылатын санитариялық -гигиеналық талаптары бойынша (1991) мал азығына арналып дайындалған жем -шөпті азықтандыруға яғни малға жегізуге алдын - ала дайындап, желінуін жеңілдетіп, қорытылуын арттырады. Ол үшін шаруашылықта мүмкіндігінше арнайы азық дайындайтын цех болғаны дұрыс. Оны арнайы бөлек орынға немесе мал қорасының жанына біріктіріп, жапсарлата тұрғызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz