Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

«Биотехнология, мал және балық

шаруашылығы» кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

1. Кіріспе бөлім . . . 3

1. 1. Әдебиетке шолу . . . 5

2. Негізгі бөлім

2. 1. Ауыл шаруашылық малдарын сұрыптау белгілерінің қазіргі кездегі жіктелуі . . . 15

2. 2. Ауыл шаруашылық малдарын фенотипі бойынша сұрыптау және бағалау . . . 19

2. 3. Ауыл шаруашылық малдарын сұрыптауға байланысты зоотехникалық ұйымдастыру шаралары . . . 21

2. 4. Ауыл шаруашылық малдарын сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру . . . 24

2. 5. Ауыл шаруашылық малдарын бағалау жұмыстарын ұйымдастыру шаралары . . . 27

3. Қорытынды бөлім . . . 31

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32


1. Кіріспе бөлім

Сұрыптаудың шығармашылық маңызы - сұрыптау әсерімен өзгергіштікті күшейту. Екпінді мал шаруашылығы жағдайында жасанды сұрыптау негізгі шығармашылық рөл атқарады. Бірақ та асыл тұқымды мал шығару жолында табиғи сұрыптаудың өз ықпалын тигізуіне қарсы тұру мүмкін емес. Табиғи сұрыптаудың арқасында малдарда аса маңызды қасиеттері: ауа райының қолайсыздығына шыдамдылығы, ауруларға қарсы тұру қасиеті қалыптасады. Оны ескермеу малдың конституциясын бұзады, барлық жұмысты жоққа шығарады. Бұл мәселе біздің еліміздің көптеген аймақтарында жыл бойы жайылымда малды ұстау жағдайында аса маңызды. Табиғи сұрыптаудың үйлесімді белгілерді анықтауда және ағзаның біртұтас эволюциялық дамуын шешуде маңызы бар. Табиғи сұрыптаудың арқасында малдарда жаңа генетикалық қалыптасқан белгілер және дербес қалыптасулар дамиды. Ол қалыпты өміршеңдік түрлердің тірі қалуына ықпал етеді.

Сондықтан жасанды және табиғи сұрыптауды епті қолдану - белгілі бір аймаққа бейімделген жаппай және аумақтық түрлердің тұқымды сынау негізіне бағытталған болып табылады.

Сыртқы ортаның белгілі бір жағдайына және өндірістік технологияға неғұрлым бейімделген немесе адамның өзінің қойған талаптарына неғұрлым жауап бере алатын түрді сақтау және табиғи немесе жасанды әдіспен неғұрлым нашар бейімделген дарақтарды жою сұрыптау деп аталды. Сұрыптау - дарақтардың қандайда бір тобын көбейтуден толығымен немесе жартылай аластату. «Сұрыптау» терминінің кең көлемде қолданылатын «селекция» терминімен ауыстыруға болмайды. Селекцияға бір тұтас процесстің екі элементі енеді: сұрыптау және жұптастыру.

Ағзалардың эволюциясы тұқымдық малдарды сұрыптау арқылы, тұқымдық деп есептелінетін болымсыз дербес айырмашылықтарды сақтау және бекіту жолымен жүзеге асырылады. Ч. Дарвин тірі ағзалардың жаңа түрлерін қалыптастыру, қолдағы барды өзгерту және жетілдіру табиғи және жасанды сұрыптаудың әрекеті арқылы болатындығын анықтаған.

Табиғи сұрыптау дегеніміз, өздерінің дербес пайдалы өзгерістерінің арқасында, сыртқы ортаның жағдайына жақсы бейімделетін ағзаларды ығыстыру және сақтау.

Жануарлардың және құстардың жабайы түрлерінің эволюциясы неғұрлым бейімделгіш дарақтардың тірі қалу және көбейуі арқылы өтеді.

Жасанды сұрыптауды адамдар жүзеге асырады, мұнда қажетті сапалылығымен ерекшеленетін дарақтарды сақтап қалады да, сол малдар үшін өсіріп жатқан басқа дарақтармен салыстырғандағы, нашар белгілерін өсіруге (көбейтуге) жол бермейді. Сұрыптау өзгергіштік, тұқым қуалаушылық және тірі қалу сияқты жиынтықтан құралатынын білеміз. Сұрыптау қай бағытта жүрсе, сол бағыттта жануарлардың белгілері де өзгереді.

Жекелеген жануарлардың және топтардың жеке және биологиялық ерекшеліктері бойынша, дұрыс бағалау және белгілер кешені бойынша сұрыптау, сонымен қатар сұрыптау жұмыстарын іске асыру зоотехниялық және тұқымдық есеп жүргізу жақсы жолға қойылған шаруашылықтарда ғана мүмкін. Бұл селекциялық-тұқымдық жұмыстарды жүргізудің алғашқы және маңызды ұйымдастырушылық шаралары. Зоотехниялық есеп және тұқымдық тіркеу жұмыстарын жүргізу үшін, осыған сәйкес кітаптар, журналдар, ведомстар қажет, оған жүйелі түрде барлық мәліметтерді жазып отырады, дербес номері, даму көрсеткіштері, экстерьерлік баға беру туралы мәліметтер, өнімділік туралы мәліметтер, шағылысу туралы мәліметтер, жануарлардың тууы, тұқымдық өндірушілерді қолдану, қоректендіру жағдайы және жануарларды күтудің әр түрлі кезеңдеріндегі жем-шөп шығындары, өндіргіштік қабылеттілігі, тұқым саны және т. с. с.

Курстық жұмыстың мақсаты:

- малдың эволюциясын және өсіп жетілуін, тұқым шығарудың және мал шаруашылығының интенсификациясы жағдайындағы селекциялық-асылдандыру жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негізін терең білу;

- малдардың барлық немесе көптеген түрлеріне қолданылатын іріктеуді, жұптауды, бағалаудыңғ сұрыптаудың негізгі принциптерін және мал өсіру әдістерін игеру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- мал өсіру теориясының дамуының және құрылуының негізгі кезеңдері туралы, малды селекциялауға және рационалды қолдануға қатысты биологиялық ғылымдардың жетістіктері туралы, әлемдік мал шаруашылығының дамуының қазіргі заманғы беталыстары туралы түсінік беру;

- мал шаруашылығында өндірістік үрдісті жетілдіру үшін биологиялық негіздер мен селекцияның әдістері бойынша білімді игеруді қолдана отырып, өндірістік шаралар үрдісінде жаңасын қалыптастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы:

- кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. 1. Әдебиетке шолу

К. Н. Бегімбеков, А. Ә. Тореханов, Ә. Б. Байжұманов [1] деректерінде ауыл щаруашылық малдарын асылдандыру жұмысының тәжірибелерінде малды экстерьері, конституциясы және шығу тегіне байланысты жаппай іріктеу және бағалау колданылады. Кейде тікелей өнім беретін көрсеткіштері қалыпты орта жағдайында ересек жағдайға жетуін (оптимальды) керек етеді. Осыған байланысты ерте жастан малдарды асылдандырудың сапасын және беретін өнімдерін болжап білудің тәсілдерінің үлкен маңызы бар. Төлді жыныстық жекелеп (холостой) өсіруді алып тастау жолымен үлкен үнемдеу, сондай-ақ тұқым беретін кошқарларды генотип бойынша ерте жастан бағау көбіне олар тіпті өлгеннен кейін аяқталады. Қалыптасудың (ересек жануарларға тән дене бітімінің тез қалыптасуы және жылдам дамуы) ерте жетілу, жұмысқа ерте жетілу (жұмысқа ерте жастан жарамды болу) және жыныстық ерте жетілу (жыныстық жетілуінің ерте басталуы), сонымен қатар ерте жетілу (ірі салмаққа жылдам жете алу қабылеті) деп бөліп карастыруды ұсынған.

Л. Г Боярский [2] зерттеулерінде ауыл шаруашылық малдарын бағалауда әрбір аталық іздегі жануарлардың оған тән ерекшеліктері бойынша ұқсастықтары байқалуы тиіс. Аталық із неғұрлым біртекті болса, ол соғұрлым асыл тұқымдық тұрғыдан алғанда тұрақты және бағалы болып саналады. Бірақ аталық іздер арасында тұқымды одан әрі жетілдіруде барынша икемді болуға мүмкіндік беретін айырмашылықтар да болуы тиіс. Аталық іздердің ішіндегі біртектілік өздігінен пайда болмайды, оны бірнеше ұрпақтың бойында осы іздің бағалы ерекшеліктерін сақтап, дамытуға бағытталған мақсатты ізішіндік сұрыптау мен жұп таңдау арқылы қалыптастырады. Мұнда аталық ізді сақтап, өсіру, жетілдіру үшін шығу тегі жөнінен олардың негізін салушымен байланысы бар барлық жануарларды емес, аталық із стандартына барынша толық жауап беретін олардың ең жақсы бөлігін ғана пайдаланады. Бұл аталық іздің ядросын құрайтын модельдік жануарлар болып табылады.

Н. З. Басовский [3] зерттеулерінде селекционерлер ұрпаққа өнімді жақсы беретін тұқымдарды қалдыра отыра немесе ұрпаққа жоғары өнім беретін аталық-аналықтардан тұқым өсірсе, генотип бойынша ең жақсысын бөліп шығарады. Сондықтан да ең жақсы генотипті ең жақсы фенотип арасынан іздеу керек. Кей кезде, қарапайым бірдей жағдайда, өз аталық-аналықтарының өнім көрсеткішін қайталамайтын, фенотипі бойынша жақсы саналатын аталық-аналықтардан орташа өнім беретін ұрпақтар шығады. Сонымен, малдарды тұқымдыққа сұрыптағанда селекционерлерді қаншалықты фенотиптік айырмашылықтары ғана емес, ондағы соншалықты генотиптік жағдайдың айырмашылықтары қызықтырады. Осыдан барып малды тұқымдыққа сұрыптағанда басты әдіс болып, тұқымдық сапаны ескеретін генотиптік сұрыптау болуы қажет.

Е. Я. Борисенко [4] мәліметі бойынша мінез-құлқы белгісіне байланысты малды селекциялау, олардың шаруашылыққа маңызды белгілеріне әсер етеді. Мал топтарының мінез-құлықтары заңдылықтарын үйрене отыра, мал шаруашылығында индустриальды әдіспен оларды күту мен көбейтудің өзекті маңызы барын білеміз. Бұл кезде малды жекелеп күту жойылады және қомақты мөлшерде техниканы қолдану артады. Мұның барлығы өндірістік комплекс жағдайына жақсы қалыптасатын ауыл-шаруашылық малдарының мінез-құлқын жақсы білуді қажет етеді. Малдың белгілі-бір мінез-құлқымен, оның шаруашылыққа пайдалы белгісі арасындағы байланыстарды табу қажеттілігінің маңызы бар. Малдың мінез-құлқы арқылы сұрыптау мен іріктеу селекцияның жаңа бағыты болып табылады, сол сияқты технологиялық іріктеу мал шаруашылығын интенсификациялағанда пайда болды. Мал шаруашылығы тәжірибесінде азықты жақсы ақтайтын, жоғары өнім беретін малдарға мінезі жұмсақ, қылығы салмақтылар жатады. Мұндай малдар жақсы жемделіп, жоғары салмақ береді.

С. Н. Боголюбский [5] мәліметінде сұрыптау кезінде малдарға баға беру үшін белгілер санының маңызы өте зор. Сұрыптау кезінде белгілер саны көп болса, көздеген қорытындыға жетуді жылдамдатқанда соғұрлым аз нәтиже береді. Неғұрлым сұрыптау кезіндегі белгілер аз болса, соғұрлым осы белгілер тезірек алға жүреді. Осыдан барып сұрыптау кезіндегі белгілер санын соншалықты қысқарту керек болады. Бірақта шектен тыс біржақты сұрыптау қажетсіз көрністер әкеледі (биологиялық жетілмеу, азу және т. с. с), сондықтан да сұрыптау кезінде белгілерді шамадан тыс қысқартуға болмайды. Қандай да бір минимум бар, мұндай минимумды іздеу жолында сұрыптау кезіндегі белгілерді басты және қосалқы қылып бөлудің үлкен маңызы бар. Дж. Лаш бойынша селекцияның тандем (жүйелі, бір ізді) әдісі бар, мұнда әр белгіні кезекпен сұрыптау болады. Егер бір белгі бойынша қалаған мақсатымызға жетсек, ендігі сұрыптау келесі белгі бойынша басталады. Ең соңында бірінші, сонан соң екінші т. с. с. белгілер бойынша сұрыптауға болады.

Ч. Дарвин [6] мағлұматы бойынша ауыл шаруашылық малдарын сұрыптау кезінде селекционердің біліктілігі мен тәжірибелілігінің үлкен маңызы бар, ол асылдандыру жұмысын жүргізгенде, әсіресе бөлек малдардағы ұсақ ауытқуларды табатынында көрінеді. Арнайы сұрыптауға керекті жеке дарақты дұрыс қолданып, оған жағдай жасасақ, ең қалаған ерекшеліктерді дамытуға колайлы жағдай жасау болып табылады. Асылдандыру ісінде малдарды сұрыптағанда жаппай критерийлерге: организмнің бір тұтастығы, оның тұқым бергіштігі, асылдандыру жұмысы жүргізілетін кездегі жағдайларға сүйену керек. Неғұрлым селекционер ауыл шаруашылық малдарының ағзасын жан-жақты терең білсе және оларға баға берсе, соғұрлым малдың сапалы әбден жетілуіндегі асылдандыру ісі нәтижелі және сұрыптау негізделіп жасалған болады.

Н. П. Дубинин, Я. А. Глембоцкий [8] деректерінде экстерьер бойынша белгілі мөлшерде ет және сүт бағытындағы малдың беретін өнімін және жылқының жұмысқа жарамдылық сапасын, өндірістік технологияға малдың жарамдылығын айтып беруге болады. Бұған бірден бір мысал болып сиырларды сауын машиналарына жарамдылығына қарап іріктейді. Малды экстерьерлік бағалағанда, олардың тұқымдық белгілерін есепке салуды ұмытпау керек. Себебі, әр түрге малдардың тұқымдары өзіне тән экстерьерлік ерекшеліктері болады. Негізінен малдарды мақсатты түрде сұрыптау мен іріктеудің нәтижесінде және олардың мамандандырылуын ескергенде, сондай-ақ белгілі-бір сыртқы орта әсерінен және бәрінен де төлдерін өсіру жағдайында ауыл шаруашылық малдарының әр тұқымдары өзіне тән экстерьерлік ерекшеліктеріде құрылатынын білеміз. Сондықтан да, әр түрлі өнім бағытындағы зауыттық тұқым малының экстерьерлік көрсеткіштерінде өте маңызды айырмашылықтар бар. Сонымен, сүт бағытындағы ірі қара ет бағытындағы ірі қарамен салыстырғанда пішінінің тым бұрышталғандығымен және экстерьерлік бітімінің өте айқындылығымен ерекшеленеді. Мұндай ерекшеліктер бәрінен бұрын сүйектің құрылысының әр түрлілігіне, бұлшық еттің дамуы мен құрылысына, дененің әрбір бөлігінің атқаратын қызыметіне, жынысына және малдың жасына байланысты.

И. Дюрст [9] деректерінде конституция туралы ұғымның дамуына Ч. Дарвиннің «салыстырмалы өзгергіштік» теориясының үлкен ролі бар. Осы «Салыстырмалы өзгергіштік» теориясы П. Н. Кулешовтің конституция түрлерін ғылыми топтастыруға негіз болды. Малдардың конституция теориясын дамытуға И. Дюрстің «Ірі қараны өсірудің негіздері» кітабының үлкен маңызы болды.

В. Т. Горин [10] деректерінде тұқымдағы әрбір аталық із белгілі бір уақытта оның негізін қалаушыдан қашықтауына қарай онымен генетикалық ұқсастығы кеміп, аталық ізге енесі жағынан енгізілген нәсілдік қасиеттері араласып кетеді. Тұқымда жаңа аталық іздердің иайда болуы мен ескі іздердің жойылуы үздіксіз жүріп отырады. Алайда әрбір аталық іздің тірішілік ету ұзақтығы оның негізін салушы мен із жалғастырушылардың препотенттік дәрежесіне, сондай-ақ осы ізбен жүргізілетін тұқымды асылдандыру жұмысының ауқымы мен тиімділігіне байланысты. Асыл тұқымды артықшылықтары көп аталықтар жетіспейтін жағдайларда аталық іздің тіршілік етуін ұзартуға тырысу оның генетикалық ерекшелігін жоюға әкеп соқтырады. Осыған байланысты өмірі қысқа аталық іздерге (3-4 ұрпақ) артықшылық берілуі тиіс. Ұрпағының қасиеттері жөнінен мұқият тексерілген бағалы жақсартушы тұқымдық бұқалар осындай аталық іздердің негізін салушылар болуы тиіс. Мұндай аталық іздерді инбридингті пайдалана отырып, сақтаған жөн. Бұл генотиптерді бекітуге асыл тұқымды және өнімділік бағалылығы жоғары жануарларды шығаруға кепілдік береді. Мұндай жағдайда аталық іздің негізін салушының қасиеттері толық дәрежеде тұқым қуалай беріліп, ізді жақсартушы аталықтардың үлесі жоғары деңгейде сақталатын болады. Әрбір тұқымда оны ойдағыдай жетілдіру үшін аталық іздердің тиімді мөлшері болуы тиіс. Кейбір тұқымдарда аталық іздердің шамадан тыс көп болатыны анықталған. Мысалы, ірі қараның симментал тұқымында каталогтар бойынша 87 аталық із және 21 туыстық топ бар деп есептеледі. Қырдың қызыл, қара-ала және басқа тұқымдарда да аталық іздердің саны көп. Тұқымды көптеген аталық іздерге бөлу аталықтардың саны көп болуын талап етеді, ал бұл сұрыптаудың қатаңдығын кемітеді.

А. И. Ерохин, А. П. Солдатов, А. И. Филатов [11] деректерінде малдың және құстың етінің сапасын бағалау үшін ультра дыбыстардың көмегімен анықтау кең тараған. Ультра дыбыс деп адам құлағы жоғары жиілікті беретін дыбыстық толқындар. Ультрадыбыстың өту жылдамдығы заттың тығыздығына байланысты. Әр түрлі тығыздықтағы (тері, май, бұлшық ет, сүйек) ұлпаларға дыбыстық толқындар байламын бағыттай отырып, ультрадыбыстың импульстердің әр текті тірі ұлпалардың шекарасынан бергендері бойынша зерттеп отырған материалдардың ультрадыбыстық профилін (пішінін) алуға болады. Мал денесін бағалау үшін ультрадыбысты пайдаланудың негізгі талаптары зерттеліп шығарылды.

М. А. Ермеков, Т. Көптілеуов [12] айтуы бойынша тәжірибелік селекцияда ауыл шаруашылық малдарына экстерьерлік баға бергенде жалпы байқау, көз мөлшермен, үздік-үздік (пунктирлі) бағалау және өлшеу арқылы бағалау жасайды. Бұдан басқа да дене-бітімнің индексі және графикалық арқылы зерттеу әдістері қолданылады. Өте бағалы малдарды суретке түсіреді. Экстерьер бойынша малға баға беру және іріктеу үшін, дененің бөлек дене бітімін, онда сәйкес бітімде орналасқан ішкі мүшелердің дамуын және организмнің жалпы өмірге қабілеттілігін және өнім бергіштігін білу керек. Бітімді сипаттағанда әдетте бастан бастап сирақтармен аяқтайды. Экстерьерлік пікір айтқанда өте маңызды бітімдерге малдың басын, мойнын, жалын, кеуде қуысын, арқасын, белін, сауырын, алдыңғы және артқы аяқтарын, құрсағын (қарынын), желінін, жыныс мүшелерін және т. б. айтады. Сол себепті де әр бағытта өнім беретін малдың бітімі де өзінің даму кезінде әртүрлі, оған баға берген кезде олардың осы ерекшеліктерін және олардың шаруашылықта қолдануын ескеру керек. Дене бітімнің ақауларына баса көңіл аудару керек.

Л. С. Жебровский, А. Д. Комиссаренко, В. Е. Митютько [13] мағлұматтарында экстерьер және конституциясы бойынша баға беру асылдандыру жұмысы жүйесінде үлкен орын алады. Бірқатар авторлардың айтуынша АҚШ-ғы және Канададағы қара-шұбар сиырларды, голштино-фриз, айршир, гернзей, джерсей тұқымдарын мынадай белгілерге байланысты: 27-ден 34%-ке дейін төмен өнім бергендігіне және 14-тен 28, 5%-нашар тұқым беретіндігіне, 3, 9-дан 10%-қа дейін желіннің қабынып ауруларына байланысты, оларды керексіз қылып тасталған. Экстерьерлік көрсеткіші жақсы болып және сиырлардың ішіндегі джерсей тұқымын сиыр желінінің сапалылығына байланысты аз пайызда керексіз қылады.

В. Ф. Ильев [14] бұл жіктеуді тығыз типке жақын мықты типпен толықтырды. Мықты типке жататын дене бітімі бар малда нәзік немесе сөлекет типке тән белгілер болмайды. Сүйегі берік, барлық мүшелері бір-біріне сәйкес жақсы жетілген. Терісі, түгі, дәнекер және май ұлпаларының жетілуі малдың негізгі өнімділік бағытына лайықты келеді. Мықты типке жататын мал селекцияның талаптарына толық сәйкес келетін, өздері өсетін сыртқы орта жағдайларына тұрақты да мал өнімін беретін мал.

И. Иоганссон, Я. Рендаль, О. Граверт [15] көрсеткендей жаңа туған малдарда жоғары көрсеткіштердің болуы, төл туар кезде оған көп мөлшерде қағанақтан (плацентарный) қан беріледі. Бұның қалыптасулық мәні зор, сондықтан да құрсақ ішіндегі сыртқы дамудан, өзінің ішкі даму кезеңіне ауысу кезеңінде өте көп жылу бөлінуді керек ететіндіктен, организмде соған сәйкес жылу көбейеді. Қанның құрамына малдың жынысы, оларды бағып-күту және физиологиялық жағдайы және басқа да бірқатар ықпалдар әсер етеді.

Д. А. Кисловский [16] зерттеулерінде дегерес тұқымды қойдың қозысының туғандағы терісінің қалыңдығы - 2319 мк, 4 айында - 2527 мк, 12 айда - 2867 мк. Ересек саулық қойда бұл көрсеткіш - 3234 мк болды. Бізбен, конституциялық өнім беретін дегерес тұқымды қой түрінің терісінің гистологиялық құрылысы белгілі-бір әртүрліліктерді көрсететіндігі дәлелденді. Жалпақ денелі қойдың кысыңқы дене денелі қоймен салыстырғанда терісі қалыңдау болады. Қошқарда жалпы терінің қалыңдығы 18, 8 мк немесе 0, 08%, ал саулықта 10, 8 мк немесе 0, 04%. Дегерес тұқымды қойдың конституциясының түрі жалпақ денелі малдың пайдасына қарай ондағы беретін ет және жүн өніміне байланысты болады. Сонымен қатар, көптеген оқымыстылармен тері құрылысының ерекшеліктері, қалыңдығы және жүннің жұқалылығы арасында байланыс бары дәлелденген. Сонымен ақырында барлығы да түк түйінінің орналасуы мен құрылысына байланысты болады. Үлкен дөрекі орналасқан түк түйінінен ұсақ жоғары орналасқанмен салыстырғанда дөрекі талшық шығады. Жүннің жұқалылығы талшық қабына (сумкасына) байланысты. Сондай-ақ жүннің тығыздығы мен терідегі қан жолының дамуы арасында байланыс бары дәлелденген.

Н. А. Кравченко [17] зерттеулерінде ет-май бағытындағы құйрықты қой: үлкен көлемділігімен, конституциясының мықтылығымен, сүйегінің жақсы дамығанымен, басы қоңқақ танауымен, мойынының бұлшық еті орта ұзындықта болып жақсы дамығанымен, жалынының кеңдігімен, арқасының түзулілігімен, құйыршығының кең болып және аздап түсіңкілігімен, аяқтарының мықтылығымен, құйрығының үлкен және орташа көлемдігімен, тартылып тұрғандығымен немесе түсіңкілігімен суреттеледі.

П. Н. Кулешов [18] топтастыру негізіне морфологиялық түп негізді алуды және конституция түрін төрт топқа бөлуді ұсынған: сөлекет, нәзік, тығыз, болбыр денелілер. Сөлекет түр терісінің мықты жетілуі және дөрекі көлемді сүйегімен суреттеледі, бұларда бұлшық ет мейлінше көлемді, май қабаты аз жетілген. Бұл топтағы малдар сүт өндіруге қабілеттілігі төмен және ақырын семіртіледі, бірақ та бұлардың шыдамдылығы және мықтылығы жоғары. Бұл топтарға: жұмысқа пайдаланылатын ірі қара, қойдың қылшық жүнді тұқымдары жатады. Нәзік түр дене бітімінің қысыңқылығымен, терісінің жұқалылығымен, сүйегінің жұқалылығымен бейнеленеді, бұл конституция түріндегі малдың басы шағын, жеңіл, зат алмасуы жоғары. Бұл түрге: салт мінетін аттар, сүт бағытындағы ірі қара, қойдың биязы жүнді тұқымдары т. с. с. жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Ірі қара малдың өнімділігі
Ірі қара обасы кезіндегі ветеринарлық шаралардың ұйымдастырылы, жоспарлануы және оның экономикасы
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы
Қой тұқымын асылдандыру жұмысын жоспарлау
Құс өсіру бойынша кәсіби стандарт
Төлдерді өсіру әдістері
Қой тұқымдарының жіктелуі
Еліміздегі қой шаруашылығы. Қолдан ұрықтандыру. Күтіп бағу
Жасыл азық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz