Қаржылық есеп беру негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I.Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қаржылық есеп берудің мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қаржылық . шаруашылық қызметінің есебін беру ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3 Қаржылық есеп беруді жасау мен ұсыну ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.4 Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.5 Қаржылық салымдарының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.6 Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар ... 17
II.Қаржылық есеп беру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1 Қаржылық есеп берудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Есеп берудің құрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талап...20
2.3 Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.4 Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.5 Пайда және зиян жайлы есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе

Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
2. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
3. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
4. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
5. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
7. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
8. «Нормативные акты» - №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
9. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университет колледжі

Қаржылық есеп беру
негіздері

Орындаған: Оспанова Жансұлу
Қабылдаған: Омарова Гүлшат
Оқу тобы: ЭБУ и А 11-3

Қызылорда 2012 жыл
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Қаржылық есеп берудің мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .-
1.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Қаржылық есеп беруді жасау мен ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .6
1.4 Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.5 Қаржылық салымдарының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..-
1.6 Қаржылық салымдары шоттары бойынша жүргізілетін операциялар ... 17
II.Қаржылық есеп беру негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Қаржылық есеп берудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .-
2.2 Есеп берудің құрамы.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талап...20
2.3 Қаржылық есеп беру және оны тапсырудың мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.4 Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.5 Пайда және зиян жайлы есеп беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

Жылдам шешім қабылдаудың негізі - толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз - меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты - оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады.
1.1 Қаржылық есеп берудің мақсаттары.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:
1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
2. Субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға және олардың түсімі мен жыл ұстасуы;
3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға;
4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары :
1. Түсініктілік - қаржылық есеп беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға түсінікті болуға тиіс.
2. Орындылық - пайдалануға өткен , қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету.
3. Сенімділік - ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне шынайы сенім білдіру.
4. Шынайы көрсету - сенімділікті қамтамасыз ету жағдайы, қаржылық жағдайы, операция нәтижелері, ақшалай қаржылардың қозғалысы және тағы басқа операцияларды шынайы көрсетуі тиіс.
5. Мәннің формадан артықшылығы - операциялар мен басқа оқиғаларды шынайы көрсету тек заңды формада ғана емес, экономикалық заңдылығына сәйкес есептеп ұсынуы қажет.
6. Бейтараптық - қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету, яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы керек.
7. Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін есептеулерге сақтық деңгейін ұстау.
8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы қажет.
9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда ақталуға келмейтін тежеу болған жағдайда өзінің орындалғандығын жоғалтуы мүмкін.
10. Пайда мен шығын арасындағы баланс - ақпараттан алынатын пайда, оны алуға кететін шығыннан артып түспеуі тиіс.
11. Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс - қаржылық есеп беру тепе - теңдік немесе салалық сипаттары арасында байланыс болу қажет. Қаржлық есепті жасаушылар кәсіби пайымдау мен әртүрлі жағдайларды садыстырмалы маңыздлығын анықтайды.
12. Сенімді және әділ көрсету - бухгалтерлік есептің сәйкес стандарттарын қолдану.Сенімді және әділ қаржылық есеп беру барысында ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.
1.2 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру .

Қаржы шаруашлық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік еептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі .Бұл стандарт бағалау әдісі , есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы - шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді :
-негізгі қызметтен ( өнімдерді , жұмыстарды , қызметтерді сатудан ) алынған табыс ;
-кезең шығындары . Оған енетіндер : жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары , сату жөніндегі шығындар;
-негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
-салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян - төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян ;
- таза кіріс немесе зиян (№1 - кесте ).
Қаржы - шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы есеп беру ( №1 - кесте).

Баптардың атауы
Сомасы
Кірістер

Таза сату
14000000
Процент түріндегі кіріс
500000
Кірістердің жиыны
14500000
Шығындар мен шығыстар :

Сатудың өзіндік құны
9000000
Тауарларды жеткізу жөніндегі көлік шығыстары
250000
Ескірген ТМҚ бойынша шығындар
500000
Өндірістік үстеме шығындар
250000
Сатудың өзіндік құнының жиыны
10000000
Жалпы кіріс
4500000
Сату жөніндегі шығындар
1000000
Жалпы және әкімшілік шығындар
500000
Процент төлеу шығындары
500000
Өзге шығындар
0
Шығындардың жиыны
2000000
Табыс салығына дейінгі және төтенше баптардың кірісі
2500000
Табыс салығы бойынша шығындар
750000
Төтенше табыс немесе зиян
0
Таза кіріс
1750000
Осы баптардың барлығның сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс .
Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді . Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .
Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек .
Стандарт сондай - ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады .
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі ), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорнның әдеттегі қызметінен алнған кіріс немесе зиян .
Стандарт бақылауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады .Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянд анқтаған кезде мыналарға қосылады :
* есепті кезеңге , егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе ;
* өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге , егер өзгеріс оларға да әсер етсе .
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс .Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастыпылады . Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған , маңыздылығы соншалық , тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері .

1.3 Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну

Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңға , 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті .
Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді . Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады :
- жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында , алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;
- субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға , сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда ;
- материалды - жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау - тапсыру күні);
- талан - тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай - ақ құндылықтар бүлдірілгенде - мұндай фактілерде дереу түгендеу ;
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;
- тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда) ;
- негізгі құралдарды және тауарлы - материалдық қорларын қайта бағалауда - субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар .
Аяқталмаған құрылыстарды түгендеу барысында оның бар - жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі , сонымен бірге оның құрамына құрал - сайман , құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау ; құрылыс - монтаж жұмыстарының құрамында - жоспарсыз жұмыстың бар - жоғы анықталуы керек ; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды .
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын , оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді .
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен банктерді полистік ( сақтандыру куәлігі ) қайта есептеумен түгендейді .Түгендеу нәтижесін жеке "Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен" рәсімдейді . Кассадан түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады . Кассаны түгендеу , қатаң есеп барумен құжаттар және бланкілерді (әуе - және теміржол билеттері , жанар - жағай май ( бензин ) талондарын және т.б. ) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады . Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта есептеліп , кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі . Түгендеу басталғанша ( бірнеше касса ) оларға сүргі салынады , яғни мөрленеді . Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек . Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген , есептен шығарылмаған сомма қалған жоқ , деген қолхат алынады . Ақша қайта есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады . Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады . Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады .
Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет : кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме , касса талапқа сай жарақталған ба , сейф кілттерінің дубликат ( көшірме нұсқасы ) қайда сақталады .

Мысалы. Кассаны түгендеу барысында 150 тенге артық шықты . Мұндай жағдайда кассалық кіріс ордері жазылып , мына жазулар бойынша ресімделетін субъект қызметінің нәтижесіне кірістеледі ( жатқызылады ) :
451" Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма - қол ақшалар" шот
727 "Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыс" шот кредиті 150
Егер кассаны түгендеу кезінде 5 000 тенге кем шықса , мұндай жағдайда :
- анықталған кем сомаға кассалық шығыс ордері жазылады :
334 "Бүлінген құндылық шығыны , кем шығу" шот дебеті
451 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма - қол ақшалар" шот кредиті 5000 теңге
- кассирдің мойнына ақшы салу ;
333 "Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу" шот дебеті
334 "Бүлінген құндылық шығыны , кем шығу" шот кредиті 5000 теңге
- кассирмен кем шығуды жабу ( кассалық кіріс ордері жазылады )
451 "Кассалық ұлттық валюта түріндегі қолма - қол ақшалар" шот дебеті
333 "Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу" шот кредиті 5 000 теңге .
Тексеруге жататындар :
- есеп беруші тұлғалармен есеп айрысу - Қазақстан Республикасы заңында белгіленген іс сапар және өкілдік шығындардың орнын толтыру нормасына , субъектінің кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес шаруашылық , өкілдік және іссапар шығындарына арналған ақшалай қаражатты беру негіздемесінің дұрыстығын тексереді .Ақшалай қаражатты беру және шығын кәсіпорындардағы 24 " Шығын кәсіпкерлік субъектілердің есебі және есеп беруі" Стандартына сәйкес тексеріледі ;
- кредиттерді алу және өтеу бойынша ба айырысу нкпен есеп - тексеру барысында ағымдық , корреспонденттік немесе жинақ шоттары мен оларға тіркелген қосымша ақтау құжаттарына қатысты банк жазулары салыстырылады .Ақшалай кредит сомасының есептелу мерзіміне және процент төлеміне ( кредиттік келісімшартпен анықталады) сәйкес көрсетіледі;
- сатып алушылар және тапсырыс берушілермен , жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу - субъект таңдаған есептік саясатқа сәйкес тексереді . Мынаны есте ұстау керек : талап қою мерзімі 3 жылды құрайды ( Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 178 - бабы , Салық кодексінің 219 - бабы , 1 - тармағы , 1 - тармақшасы ) . Талап қою мерзімі келісімшарт негізінде қарызды кешіктіру ( қарызды төлеу мерзімін өткізіп алу ) сәтінен басталады . Талап қою мерзімі біткен (өтіп кеткен ) дебиторлық берешек субъект басшысының шешімі бойынша резерв есебінен есептен шығарылады (БЕС 5 "Табыс" және оған әдістемелік ұсыныс
болып табылатын "Күмәнді қарыздар бойынша пайда болған резерв" ) немесе резерв құрлмаған болса , онда шаруашылық қызметінің нәтижесіне жатқызылып , салық салғанда түзетуге кіреді ( Салық көдексінің 219 - бабы);
- еңбекақы бойынша субъектінің қызметкерге берешегі - комиссия істелінген және істелінбеген уақыт үшін есептелген соманы білдіреді ( Салық кодексінің 149 - бабы , 2 - тармағы)
- есептеудің дұрыстығы , мөлшерлеме көлемі және салық төлеу мерзімдері жинақтаушы зейнетақы үшін ұсталымдар , сондай -ақ бұлардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуы ;
- алдағы кезең шығындары - құжат бойынша шотта көрініс табатын сома , сонымен бірге шығынға жатқызылатын сома белгіленеді ;
- жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу - жолдағы тауарлар сомасының бір бөлігі және фактурасы жоқ жеткізілім бойынша .
Инвестицияны түгендеу құнды қағаздарға жұмсалған шығынды растайтын құжаттар , олардың дұрыс ресімделуі , құнды қағаз балансында ескерілген құнның нақтылығы ,уақтылығы және қағаз бойынша алынған табыстардың бухгалтерлік есепте толық көрініс табуы тексеріледі .
Материалдық емес активтерді түгендеу олардың есепте дұрыс әрі уақтылы көрініс табуы , субъектінің оны пайдалану құқын растайтын патент , лицензия , тауарлық таңба және т.б.) құжаттардың қолда бар болуы тексеріледі .
Материалдық емес активтерді қабылдау - тапсыру Актілерінің қолда бар болуы және уақтылы жасалынуы , олардың бастапқы құны , амортизациялық аударымның анықталуы мен есептелуі және басқа да аса қажетті деректер көрсетіледі .
Қаржылық есеп беру - субъектілердің пайдалануына ұсынылатын қаржылық ақпараттардың сипаты және көлемі.Экономикалық шешім қабылдау барысында олар субъектілердің қаржылық есептеріне сүйенеді .
Қаржылық ақпараттарды пайдаланушылардың 2 негізгі топтары :
1. Ішкі
2. Сыртқы
Сыртқы пайдаланушылар 2 факторға бөлінеді :
1. Субъект қызметіне тікелей қаржылық мүдесі бар .
2. Субъект қызметіне жанама қаржылық мүдесі бар .
Тікелей қаржылық мүдесі бар пайдаланушылардың категориясына жататындар :
1. Қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар .
2. Қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар.
3. Сатып алушылар .
Жанама қаржылық мүдесі бар пайдаланушылар категориясына жататындар :
1. Салық органдары
2. Реттеуші органдар
3. Статистикалық органдар
4. Аудиторлар , кеңесшілер , тұтынушылар тобы және т.б. .

1.4 Нығайтылған қаржылық есеп туралы түсінігі.

Бизнестің дамуындағы болашағы анағұрлым зор тенденцияның бірі бір компаниялардың акциялық пакетін екіншілердің сатып алуы, еншілес қоғамдар құру, бірлесе қызмет жасау туралы келісім-шарттар жасау, компаниялардың басқаша жолдармен қосылуы мен бірігуі болып табылады. Компаниялар басшылары, иелері, инвесторлар және басқа да тұтынушылар шаруашылық субъектісі қалай жұмыс істеп жатқаннын бағалап, талдау үшін ерекше, дәлдеп айтқанда нығайтылған есеп жасау қажеттілігі туындайды.
Нығайтылған есеп дегеніміз - бір-бірімен өзара байланысты, бірыңғай шаруашылық бірлестігі ретінде қарастырылған ұйымдар тобының қаржылық есебі. Ол осы топтың есеп беріліп отырған уақыт ішіндегі мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның есепті кезең ішіндегі қызметтің қаржылық нәтижелерін сипаттайды. Мұндай есепті жасау тәртібін ҚР-ның бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық коиссиясының 1996 жылғы 14 қарашадағы қаулысымен бекітілген №13 Нығайтылған есе және еншілес серіктестіктерге берілетін инвестиция есебі СБУ ретке келтіреді.

1.5 Қаржылық салымдарының есебі.
Қаржы салымына (қаржылық инвестиция) кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды тұлғалардың құнда қағаздарын (акцияларды, облигацияларды және басқа да құнды қағаздарды сатып алуға, депозитке салған тағы да басқа ) сатып алуға жұмсаған қаржылар жатқызылады.
Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол - құнды қағаздар нарығы. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар, сақтандыру компаниялары, иевестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сонымен қатар басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығы да еіміздегі құнды қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатқызылады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болып табылса, ал екіншілері инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңа технология енгізу, өндірісті жаңғырту (модернизациялау) қайта құру (реконструкциялау) әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді. Ал бұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Сондықтан да кәсіпорындар мен ұйымдар қарыз капиталы нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын, айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да құнды (бағалы) қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады және сонымен қатар олар құнды (бағалы) қағаздарды иемденушілердің (сатып алушылардың) алдында белгілі бір жағдайда борышты (міндетті) болып табылады.
Эмитент кім болғанына байланысты құнды (бағалы) қағаздар төмендегідей үш түрге бөлінеді:
* мемлекеттік
* муниципалдық
* корпоративтік
Мемлекеттік құнды қағаздар- құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарын қайтару мақсатында шығарылады. Сонымен қатар құнды (бағалы) қағаздың бұл түрі ҚР Ұлттық банк мекемесімен эмитенттелінетін құнды (бағалы) қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығара отырып, республикалық бюджеттің тапшылығын қысқарту және инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Соған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік құнды (бағалы) қағаздардың мынадай түрлері бар:
* Ұлттық жинақ облигациялары
* Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ)
* Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ)
Муниципалдық құнды қағаздар - құнды (бағалы) қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджетпен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат - құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, балабақшалар мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту және тағы да басқадай аймақтың әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады.
Корпоративтік құнды қағаздар- кәсіпорындар мен ұйымдардың заң күшіне сүйіене отырып өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын құнды (бағалы) қағаздарын корпоративтік құнды (бағалы) қағаздар деп атайды. Құнды (бағалы) қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі құнды (бағалы) қағаздарды жалпы мынадай екі топқп бөлуге болады:
* Ақшалай құнды (бағалы) қағаздар
* Капиталды құнды (бағалы) қағаздар
Ақшалай құнды (бағалы) қағаздар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы аудиттің түрлері және маңызы
ЖОСПАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ НҰСҚАСЫН ЖАСАУ
«ҚР қаржы құқығы» пәні бойынша лекция тезистері
Аудиторлық есеп беру түсінігі
Аудиторлық қызметтің негіздер
Мемлекеттік қаржы қызмет
Қаржылық аудиттің әдістемесі
АУДИТТІ АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Кәсіпорынның есеп саясаты
Пәндер