Ауылдық және қалалық байланыс желілері



Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Жоғары техникалық мектебі

№____
Курстық жұмыс қорғауға жіберілді
___ ____________________
Жетекші:

Курстық жұмыс
Пәні:Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлық жүйелер
Тақырыбы: Ауылдық және қалалық байланыс желілері

Жұмысты орындаған
студент:
Мамандығы:
Курстық жұмыс бағамен
бағаланды __
Жетекші:
________
(Т.А қолы)

Орал 2016ж
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Аналогті телефон
желілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...4
1.1 Ауылдық телефон
желілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..4
1.2 Қалалық телефон
желілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 6
2 Араласқан ҚТЖ. Телефон желілерін нөмірлеу
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.1 Араласқан ҚТЖ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 8
2.2 Зона ішілік және қала аралық байланыс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3 Телефон желілерін нөмірлеу
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3 Цифрлық байланыс
желілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..12
3.1 Телекоммуникация желілерінің біріктірілуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3.2 Цифрлық желілерді құру стратегиялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3.3 Аудандалмаған цифрлық ҚТЖ
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
4 Түйін құрайтын аудандалған аналогті ҚТЖ цифрлау
... ... ... ... ... ... ... ... 17
4.1 Аналогті аудандалған, КБТ бар ҚТЖ цифрлау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
4.2 Сақина құрылымды цифрлық желіні орнату
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
5 Цифрлық байланыс желілеріндегі сигналдау, синхрондау және басқару
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
5.1 Сигнализация түрлерін жіктеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 21
5.2 Станция аралық сигнал иақпараттарын тарату тәсілдері
... ... ... ... ... ... ...22
5.3 Абоненттік және сызықтық
сигнализация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
5.4 Сызықты сигнализация
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...24
5.3 Абоненттік және сызықтық
сигнализация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
6 Регистрлік сигнализация. Жалпы арналық сигнализация ОКС 7
... ... ... ..25
6.1 Регистрлік сигналдарды тарату әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
6.2 АТС арасындағы көп жиілікті сигналдармен алмасу хаттамалары
... ... ..26
6.3 Жалпы арналық сигнализация ОКС
7 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе

Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен
қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон
желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан
жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері
(телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас).
Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс;
мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.

Қазіргі телекоммуникациялық желілерді құрған кезде желілік деңгейдің
үш түрі болады: біріншілік желінің деңгейі, екіншілік желінің деңгейі және
электрбайланыс қызметі мен жүйелер деңгейі.Яғни, біріншілік желі (БЖ) – бұл
таратудың типтік универсалдық цифрлық арналардың негізгі торабы, желілік
коммутация станцияларының немесе біріншілік желінің соңғы құрылғыларының
негізінде құрылған және олардың тарату желілерін қосатын көліктік желі.
Желілік түйіндер жататын біріншілік желінің түріне байланысты оларды
магистралдық, ішкі аймақтық, жергілікті немесе корпоративтік, ведомстволық
(мекемелік) желілер. БЖ негізінде әртүрлі екіншілік желілерді (ЕЖ) құрады
және қалыптастырады.

Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу,
грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) – ғылым мен
техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін
саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар
жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан
ене бастады. Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен
ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын
бейне, мультимедиа) талшықты оптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің
жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын
таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты
пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар
жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация жүйелері жиынтығының аумақтық орналасу
принципіне, жұмыс істеуі мен бір-біріне тәуелділігіне қарай біріктірілуін
телекоммуникация желісі деп атайды. Барлық мемлекеттегі құрастырылатын,
өндірілетін және пайдаланылатын телекоммуникация жабдықтарының
параметрлерін үйлестіру және телекоммуникация саласының даму сатысын
анықтау мәселесімен Халықаралық Электрбайланыс Одағы айналысады.
Телекоммуникацияжелісіне радио, теледидар, телефон желілері және
компьютерлік желі жатады. Радио және теледидар желілері тұтынушыларға
ақпаратты бір жақты, кеңінен (желіден абоненттерге) тарату қызметін
атқарады.

1 АНАЛОГТЫ ТЕЛЕФОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕР

1. Ауылдық телефондық желілер

Желінің телефондық байлынысы деп абоненттік телефондық жабдықпен
аяқталған және олардың байланыс тізбегін байланыстыратын коммутация
түйіндерінің жиынтығын атайды. ВСС РФ-ның иерархиялық деңгейіне
тәуелділікпен телефондық желінің келесі түрлерін анықтап аламыз:
халықаралық, қала аралық, аймақтық және де жергілікті қалалық телефондық
желілер, селолық және мекеме-өндірістік телефондық желілер – жергілікті
телефондық желілер атынан біріге алады.
ОГСТфС құрылуының сұлбасы 1.1 суретте көрсетілген. Қала аралық
телефондық желінің коммутациялық жабдықталуын – автоматикалық коммутация
түйіні (УАК) және автоматикалық қала аралық телефондық станция (АМТС)
түрлеріне жіктеуге болады. Жоғарыда басқарылатын УАК-1 және УАК-2 ретінде
белгіленген, УАК-тың екі сатылы желісінің қолданылуы қарастырылған.
Аумақтық желіде орналасқан барлық АМТС қалааралық желінің ақырғы
станциясы болып, ал УАК- өтпелі станциясы болып табылады. Жоғары жүктемеде
АМТС аралығында тікелей байланыс қалыптасады.

Сурет 1.1 - ОГСТфС құрылуының сұлбасы

Мекеме-өндірістік телефондық желілер (УПТС) ұйымның, мекеменің,
ұжымның ішкі телефондық байланысын қамтамасыз етеді. Мұндай желілер, заңға
сай ортақ қолданудың телефондық желісіне шыға алады, бірақтан толығыменен
автономды болуы мүмкін.
Селолық телефондық желілер (СТС) селолық әкімшіліктік аймақтарды
телефондық байланыспен қамтамасыз ете алады. Олар қалалықтармен
салыстырғанда көп аумақты ала отырып, телефондық аппараттардың тығыздығы
төмен бола алады. Осыған сәйкес, селолық АТС-тың сыйымдылығы қаланікімен
салыстырғанда әлдеқайда төмен.
Қала аралық телефондық желілер (МТС) – бұл жергілікті телефондық
желілердің абонент аралық байланысын құру үшін арналған, әртүрлі
нөмірленген телефондық аумақтарда орналасқан құрылғы мен құрылысының
біркелкі кешені болып табылады.
Аналогты СТС – та радиалды және радиалды-түйінді құрылыстың көлденең
жолдарында қолданылуы қарастырылады.
Орталық станция (ЦС) АТЖ – нің негізі болып табылады. Бұған АМТС
станциясынан жоғарғы орналасқан тізбектер, соңғы станциядан (ОС) басталған
байланыс тізбектері, ал радиалды-түйінді құрылыс желісіндегі тізбектері
жатады. Түйінді станцияларға ОС-дан төмен орналасқан тізбектер жатады.
Орталық станция аудан орталығында орналасады және бір уақытта қалалық
телефондық станциямен бірге бола алады (1.2 – сурет).
Екі сатылы сұлбалар тек қана технико-экономикалық мақсатқа сай түйін
құрау жағдайында ғана қолданады. Мұндай жағдайда абоненттер СТС – мен
байланыса алатын станция саны беске жетеді. (ОС-УС-ЦС-УС-ОС).
Аналогты СТС- да селолық байланыс жағдайы үшін өңделген АТС: К –
50200М координата жүйесі, 50-200 сыйымдылықты координата жүйесі соңғы
станция ретінде және АТС К – 1002000 түйінді және орталық станция
ретіндегі координатты жүйесі пайдаланылады. Үлкен сыйымдылықты ЦС үшін
қалалық типтегі АТСК, АТСК-У.

Сурет 1.2 - Аналогты селолық телефон желілерінің құрылымдық сұлбасы:
а) бірсатылы, б) екісатылы, в) қиыстырылған.

СТС сызықты құрылысы әуе және кабельді байланыс жолынан тұрады. СТС
байланыс жолының өткізу қабілетін жоғарылату үшін ЧРК және ВРК – дан
берілістің әр түрі кеңінен қолданылады. СТС кабельді жолында КНК-6 және КНК-
12 типті аппаратурасы, сонымен қатар КАМА (30 каналды) жүйесі кеңінен
қолданыс тапты. Уақыт бойынша арналар бөлінуінен ИКМ-15 (15 телефон арнасы)
және ИКМ-30 жүйесі қолданылады. Әуе және арналы жолдары білінетін
тығындармен байланысты құрылыстары орналасқан қол жетпес орындарда байланыс
ұйымдары үшін аналогты және цифрлық радиорелейлі жолдар (РРЛ) қолданады. ОС-
ның тікелей қосылуында қондырғы жолымен сымдар шоғының ірілену құрылымы
ұйымдастыру мақсатқа сай емес.

Сурет 1.3 - ЧРК-дан СТС – ға дейінгі желілік түйіннің ұйымы

1.2 Қалалық телефондық желілер

а) Аналогты ГТС –тың құрылымы және жіктелуі.
Қалалық телефондық желілер халықтың, ұжымның, мекеменің және ұйымның
(осы қаланың аймағында және қала шетіндегі аймағында орналасқан) телефон
байланыстарына қызмет ету үшін тағайындалған. ГТС – да сонымен қатар
телефондық емес ақпарат берілістері үшін телефондық желілердің ресурстарын
қолдану қарыстырылады.
ГТС –ның қондырғысы іс жүзінде сызықты және станциондық құрылыстардан
тұрады.
Сызықты құрылыстарға:
- кабельді жерасты және әуе байланыс жолдары;
- таратылған құралдар (шкафтар, коробкалар);
- телефон арналық құралдар (құдықтар, құбыр жолақтары);
- ақырғы терминалдар (телефондық аппараттар, таксофондар) жатады.
Абоненттік жол желісі (АЛ) АТС – ға ақырғы терминалдың және абоне-
нттік қатынас құрылғысының қосылуына арналған АЛ желісі, 0.32, 0.4 және 0.5
мм диаметрлі ТП кабелі арқылы арналарды қосуды жүзеге асырады. Ақырғы
терминалдан АТС – ға шейін өшулік 4.5 дБ-ден аспауы керек.
Аналогты ГТС –да СЛ желісі физикалық сызықтар және ЧРК ВРК байланыс
жүйесімен тығыздалған жолдың көмегімен құрылады. Физикалық жол 0.5 және
0.7мм диаметрлі ТП кабелін пайдаланған екі сымды арнаны қолдануымен жүзеге
асырылады. ЧРК-сы бар жүйелер түрінде 30 каналды КАМА жүйесін қолдану
қарастырылады. ВРК бар цифрлық тарату жүйесі ИКМ 3032 аппаратурасын
қолданады. Бұл жүйелердің төрт сымды өткізгіш арналары, КАМА жүйесі үшін
симметрия 7х4х1,2 немесе 4х4х1,2 кабельдерінде қолданылады. ЧРК және ВРК
жүйелерінің ақырғы қондырғысын АТС ғимаратында орнатады және ол үшін
сызықты-аппаратты цехтің (ЛАЦ) жеке ортасы бөлінеді.
Аналогты ГТС-ң станционды құрылыстарға жатады:
− аудандық АТС (РАТС);
− кіріс және шығыс (УИС, УВС) хабарлар үшін түйіндік станциялар
(транзитті түйіндер); АМТС-мен (УЗСЛ, УВСМ) байланысүшін түйіндік
станциялар;
− арнайы қызметтері бар (УСС) байланыс үшін түйіндер;
− селолық – қала шетінде станциялары (УСП) бар байланыс үшін
түйіндер.
Аналогты ГТС-да негізгі коммутациялы жүйелер мыналар:
− АТС-47, АТС-54, АТС-54М типті ондық-қадамдық АТС;
− АТСК және АТСК-У типті координатты АТС.
б)Түйін құрмайтын ГТС.
Қарапайым ГТС болып аудандастырылмаған ГТС табылады. Мұндай желіге
абонент желілері қосылатын телефон станциясы орнатылады.
в) Түйін құрайтын ГТС.
Байланыс жолдарын қолдану нәтижесінде мәнді түрде көбейеді.

Сурет 1.4 - УВС-ті ҚТЖ құрылымдық сұлбасы

РАТС-ның санының ұлғаюында (6-7-ден аса), 60-70 мыңнан аса
сыйымдылықта ГТС-да кіретін хабар түйіндері (УВС) қолданылады. Мұндай
құрылыста қаланың аумақ желілері түйіндік аудандарға бөлінеді. РАТС
арасындағы байланыс УВС арқылы жүзеге асады, ал түйін ішіндегі байланыс не
әрқайсысы әрқайсысымен сұлбасы арқылы, не координаталық АТС үшін арналған
өз УВС-ы арқылы жүзеге асады. Әр түйін ауданында (УР) онға дейін РАТС
орнатылады.
Мұндай желілердегі нөмірлену-алты цифрлы. Бірінші цифр түйін коды
болып табылады, бірінші және екінші цифр бірге РАТС кодын құрайды.
Шығатын хабардың түйіні (УИС) коммутациялық түйін деп аталады. 1.5-
суретте УИС-дан және УВС-дан келген ГТС үзіндісі бейнеленген.
Қала аумағы миллиондаған аумақтарға бөлінеді. Әр аймақ өзіне 10000
нөмерлі он шақты түйін аудандарын қоса алады. УИС-ға концентрленетін
шығатын телефондық жүктеме СЛ ұштығы бойынша УВС-ке басқа түйін
аудандарынан келеді. Сонымен қатар СЛ ұштығының саны және созылуы
кішірейеді, ал оларды қолдану ұлғаяды.

Сурет 1.5 - УИС және УВС бар ГТС-ның құрылыс фрагменті

2 АРАЛАСҚАН ҚТЖ. ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІН НӨМІРЛЕУ ЖҮЙЕЛЕРІ

2.1 Араласқан ҚТЖ

Егер қала аудандық ауыл әкімшілігінің орталығы болса, онда ҚТЖ және
АТЖ байланыстарын юбіріктіретін жергілікті құрамалы телефон желісін (КТС)
құру мақсатқа сай. Бұл жағдайда ГТС үшін ауыл-қала шеті байланысы (УСП)
немесе ЦС хабарларының кіру және шығу түйіндерінің транзитті ұйымы
қарастырылады. УСП арқылы СТС станция арасындағы байланыс, сонымен қатар
олардың ГТС-мен байланысы жүзеге асады.
КТС-ны ГТС сиымдылығына және құрылысына байланысты құрудың түрлі
әдістері мүмкін. РАТС және УСП (ЦС) түйінсіз аудандаған ГТС негізінде
салынған қиыстырылған желіде бір-бірімен әрқайсысы-әрқайсысымен принципі
бойынша байланысады
Жергілікті шарттарға байланыстыГТС-да қала шетіндегі АТС-ды РАТС
немесе УПАТС-ға, немесе УСП (ЦС) арқылы қосу мүмкіндігі қарастырылды.

Сурет 2.1 - Түйінсіз ГТС негізіндегі қиыстырылған желі

Түйіні бар ГТС негізінде қийстырылған желіні құру үшін сонымен қатар
жүз мың түйінді район негізінде ГТС-ға қосылатын УСП ұйымдастырылады. Бір
ГТС-да бірнеше УСП-ы болуы мүмкін. 2.2-сурет және 2.3-суретте түйіні бар
ГТС базасында қиылыстырылған желілер мысалдары келтірілген.

Сурет 2.2 - УВС бар райондалған ГТС негізінде қиылыстырылған желі

Сурет 2.3 - УИС жәнеУВС бар райондалған ГТС негізіндегі қиылыстырылған
желі

д) ГТС-дағы арнайы қызметтер ұйымы.
Ақпараттарды төтенше жағдайларда тұрғындардан мемлекеттік ұйымдармен
қабылдауда, сонымен қатар тұрғындарға ақпаратты қызмет көрсетулерді беруде
(анықтамалар, ақпарат, тапсырыстар) ГТС-ға анықтамалық тапсырыстың және
төтенше қызметтер ұйымдастырылады. 2.4-суретте осы қызметтерге қол жеткізу
нұсқалары көрсетілген.

Сурет 2.4 - Арнайы қызмет көрсетулерімен бірге байланыс ұйымдарының
нұсқалары

Арнайы қызмет көрсетулерге ГТС абоненттерінен қол жеткізу, ереже
бойынша кіретін хабардың арнайы түйіні – арнайы қызмет көрсету түйіні (УСС)
арқылы жүзеге асады. Жергілікті шарттарға байланысты арнайы қызмет
көрсетулерге қол жеткізу ұйымының түрлі нұсқалары мүмкін.

2.2 Ішкі аумақты телефонды желі және қала аралық байланыс

Елдің бүкіл территориясының абоненттері нөмірленудің бір жүйелі
аумақтарына бөлінеді.Ереже бойынша, телефонды аумақтар территориялары облыс
және республикалар территорияларымен сәйкес келеді.
Әр ішкі аумақты желі қалалық және селолық телефонды желелерден тұрады.
Аумақтың коммутациялы орталығы басқа ішкі аумақтарға желілерге шығу жүзеге
асатын автоматты қала аралық телефонды станция АМТС болып табылады, сонымен
қатар жергілікті желілер арасындағы аумақ ішіндегі байланыс жатады.
Ішкі аумақты желінің ұйымдастырылу нұсқасының кең таралған түрі
аумақтағы бір АМТС-ы бар нұсқа болып табылады. Бұл жағдайда ішкі аумақты
желі радиалды принцип бойынша құрастырылады, түйін рөлін АМТС атқарады,ол
сонымен қатар қалааралық желінің аяқталған станциясы болып табылады. АМТС-
ға селолық желінің ЦС-ы және қалалық желінің РАТС-ы қосылады. РАТС АМТС-мен
тура немесе қалалық желінің түйіні (УВС) және (УИС) арқылы қосылады.

Сурет 2.5 - Ішкі аумақты телефонды желінің құрылым сұлбасы

Тапсырысты-қосқыш жолдары (ЗСЛ) шығатын автоматты қалааралық
байланысты орнықтыруға, сонымен қатар автоматты қала аралық телефонды
байланыссыз пункттерде қалалармен байланыстыруға алдын ала тапсырыс үшін
қолданылады.
АМТ-да автоматты қала аралық қосуды орнатқан кезде шақырылатын абонент
нөмірі ғана емес, сонымен қатар қала аралық сөйлескеніне ақы төлеу үшін
шақырылатын абоненттің категориясы да берілуі қажет. Осы мақсатта қалалық
және селолық АТС-да шақырылатын абоненттің нөмірін автоматты анықтайтын
(АОН) аппаратура орнатылады. АМТС-дан шақыратын абоненттен 8 индексі
терілгеннен кейін жергілікті АТС-ға АОН-ң сұраныс сигналы жіберіледі, оған
жауап ретінде көп жилікті 6-дан 2 кодымен АМТС-да бекітілген категория
таңбасы және шақырылатын абонент нөмірі беріледі.
Қала аралық байланыстыратын жолдар (СЛМ) кіретін қала аралық
байланыстарды орнатуға арналған. Қалалық АТС жағында СЛМ-лар районды АТС
кірісінде немесе ГТС-ң түйінді құрылымы кезінде қала аралық байла-ныстың
кіріс хабарларының түйіндерінде аяқталады.

2.3 Телефонды желілердегі нөмірлеу жүйелері

Телефон желілерінде нөмірлеу жүйелерінің ашық және жабық түрлері
қолданылады, бірінші жағдайда желінің кез келген екі абоненті арасындағы
байланыс үшін бір ғана мәнді нөмір теріледі. Екінші жағдайда нөмір
таңбасының саны байланыс түріне тәуелді. Мысалы, іш станционды байланыстар
қысқартылған нөмір бойынша орнатылады, ал станция аралық байланыстарды
орнату үшін абонент абонент нөмірінің барлық таңбаларын тереді. ГТС
ішіндегі байланыс кезінде нөмірлеудің жабық жүйесі қабылданған. СТС-да
әртүрлі ашық жүйелердің түрлері жиі қолданылады. Перспективада нөмірлеудің
жабық жүйесін қолдану қарастырылады. Қазіргі уақытта ел территориясы
нөмірлеудің жеті таңбалы аумақтарына бөлінген, олардың әрқайсысына үш
таңбалы АВС коды меншіктелген. А түрінде кез-келген сан қолданыла алады,1
және 2-ден басқа, ал В және С түрінде – кез-келген сандар. Аумақ шегінде әр
абонент жеті таңбалы аумақ ішілік abххххх нөміріне ие. Аумақ ішілік ab кода
әр жүз мыңдаған нөмірлеу тобына меншіктеледі. Бірінші a саны түрінде 8 және
0-ден басқа кез келген сандар қолданыла алады. Жүз мыңдаған топта
абоненттік нөмір бес таңбалы ххххх болады. Нөмірлеу аумағында жүз мыңдаған
топ саны 80-нен аса алмағандықтан, онда аумақ ішілік жүйенің шекті
сыйымдылығы 8 млн. нөмірге тең.
Желі сыйымдылығына тәуелді ГТС-дағы нөмірлеу бес-алты немесе жеті
таңбалы бола алады. Аналогты қалалық телефонды желінің негізгі сыйымдылық
бірлігі он мыңдаған АТС бола алады, сондықтан абонентік нөмір АТС х кодынан
және 4 орынды нөмірден хххх (0000-9999) құрылады. Егер желі сыйымдылығы 10
мың нөмірден (аудандалмаған) немесе 80-мың нөмірден (райондалған) аспаса,
онда бес таңбалы нөмірлеу қолданылады. Райондалған жағдайда УВС бар
(сиымдылығы 800 мың нөмірге дейін) желіде алты таңбалы нөмірлеу bххххх
қолданылады, мұнда b-жүз мыңдық түйінді район кодын анықтайды, bх- АТС
коды. Егер УВС және УИС (сыйымдылығы 8 млн. нөмірге дейін жетеді) бар
райондалған желі қарастырылатын болса, онда 7 таңбалы нөмірлеу abххххх
қолданылады, ab- жүз мың район коды. Мұндай ГТС бір уақытта 7 таңбалы
нөмірлеу аумағы болып табылады.
ГТС-да нөмірдің бірінші саны 8 және 0-ден басталмауы керек. 8 саны
АМТС шығысының индексі болып табылады. ал 0 саны төтенше (01-өрт сөндіру
көмегі, 02-милиция, 03-жедел медециналық көмек, 04-газ желісінің авариялық
қызмет көрсетуі) және ақпаратты-анықтамалық қызмет көрсетулер нөмірлерінің
бірінші саны түрінде қолданылады. Аумақ ішілік желіге шығу үшін (ab коды
бар жергілікті желінің шығу кодынан ерекше, басқа жергілікті желімен
байланыс кезінде) АМТС –да шығу индексі 8 теріледі, аумақ ішілік индекс 2
теріледі, ал одан кейін жергілікті желі абонентінің аумақ ішілік кіру
abххххх нөмірі теріледі. Қала аралық желіге шығу үшін (жергілікті желінің
АВС коды бар нөмірлеудің басқа аумақ абонентімен байланыс кезінде) АМТС-да
шығу индексі -8, одан кейін АВС- ab-ххххх абонентінің қалааралық оң таңбалы
нөмірі теріледі. А саны, 2- аумақаралық желіге шығу индексі (аумақаралық
индекс) және 1, 10-автоматты жалғайтын телефонды халықара-лық желіге шығу
индексі,19 - халықаралық қызмет көрсетудегі телефон қосушы әйелге шығу
индексі, 11...18 - қолдық және жартылай автоматты байланысты жүзеге асыру
үшін АМТС қала аралық қызмет көрсетудің телефон қосушы әйелдерін шақыруға
болатындықтан, 2-ге тең бола алмайды.
Нөмірлеудің ашық индекссіз жүйесі желінің түрлі иерархия деңгейінің
байланысы кезінде санның түрлі сандар жиынын жорамалдайды және СТС-да УС
немесе ЦС және УС-ға шығу индекстері бар ашық жүйелер қолданыла алады.
Станция ішілік байланыс бұл кезде үш таңбалы нөмір жиынымен жүзеге асады.
Нөмірлеудің жабық 5 таңбалы жүйесі СТС үшін перспективті болып табылады.

3 ЦИФЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІ

3.1 Телекоммуникация желілерінің біріктірілуі

Телекоммуникация желілерін жаңғырту деп бар желіге цифрлық тасымалдау
және қатынасу сыңарларын енгізуді айтады. Аналогтық желінің цифрлыққа өтуі
техникалық құралдардың тиімді қызмет атқаруына, ақпаратты тасымалдау
сапасын арттыруға, сонымен қатар абоненттерге ұсынылатын қызмет
жолақтарының кеңеюіне рұқсат береді. Тасымалдау мен қатынасу цифрлық болған
жағдайда ең жақсы техникалық және экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге
болады. Бұл жағдайда цифрлық аппаратураны интегралдау орын алады да,
аналогты-цифрлық түрлендіргіштердің қа-жеттілігі жойылады. Телеқатынас
желілерінде қолданылатын интегралдардың 2 түрі бар:
1) қатынасу аппаратурасын және тасымалдау аппаратурасын инте-гралдау,
оның негізінде интегралдық цифрлық желі (inteqrated Diqital Network-IDN)
тұрғызылады;
2) байланыс түрлерін (қызметтерін) интегралдау оның негізінде желі
қызметін интегралдайтын цифрлық желі (inteqrated Strvices Diqital Network-
ISDN) тұрғызылады.

3.2 Цифрлық желілерді құру стратегиялары

Барлық желіні бірден бір қадам арқылы толығымен жаңғырту мүмкін емес.
Өйткені ол үшін аса зор бастапқы шығындар қажет болады. Көптеген елдерде
аналогтық телефон желісінен сандыққа өту үрдісі бірнеше ондаған жылдарға
созылады. Сандық желіні тұрғызудың бірнеше стратегиясы белгілі. Олардың
негізгілері:
- аралдық стратегия (орнын басу стратегиясы);
- салу стратегиясы;
- прагматикалық стратегия (аралас).
Аралдық стратегия үшін барлық аналогтық желілердің кезең бойынша
сандық аралдар деп аталатын шектелген географиялық аймақтар шегінде
сандыққа алмастырылуы (3.1 сурет) кейін сандық желінің аралдары біртіндеп
біріккен сандық желі тудырады.

Сурет 3.1 - Аралдық стратегия

Сандық аралдарды пайдалану мерзімі аяқталуға қалған ескі телефон
станциялары көп кездесетін аймақтарда, сонымен бірге сандық тасымалдау
жүйесі кеңінен қолданатын аймақтарда енгізу ұсынылады. Аралдық стратегия
телефондалған аймақтар бір- бірінен үлкен қашықтықпен бөлінген жағдайда
және жоғарғы деңгей жерлерін жаңғыртуға кеткен бастапқы шығындар көп
болғаны өте тиімді.
Салу стратегиясы аналогтық желі иеленген территорияны жауып алатын
сандық желіні құруға бағытталған (3.2 сурет)

Сурет 3.2 - Салу стратегиясы

Сандық станциялар бір бірімен тек сандық сл арқылы қосылады және жалпы
арналық сигнализация жүйесінің көмегімен сигналдық ақпараттармен алмасып
отырады (окс №7). Сигнализация жүйесін үйлестіру функциясын орындайтын
минимал түйін (ретқақпа) сандары арқылы сандық желінің бар аналогтық
желімен қиылысуы қамтамасыз етіледі.
Салу стратегиясы мен негізгі стратегия нақты аумақтың артықшылықтарын
ескермейді. Сондықтан желіде көбіне олардың комбина-циясы қолданылады –
прагматикалық стратегия қолданылады (3.3 сурет).
Прагматикалық стратегияда желінің даму үрдісі кезінде оның әртүрлі
аймақтары салу стратегиясын қолдану арқылы және сандық аралдарды енгізу
жолымен жаңғыртыла алады.

Сурет 3.3 - Прагматикалық стратегия

3.3 Аудандалмаған цифрлық ҚТЖ құру

Болашаққа көз жүгіртетін болсақ 5-10 жыл аралығындағы нөмірлік
сыйымдылығы 100 мың абоненттен аспайтын кішігірім қалалардағы телефон
желісін сандандырған кезде аудандалмаған сандық ГТС тұрғызған жөн. Бұған
максимал сыйымдылығы 100 мың нөмірден тұратын қазіргі сандық АТС-ң пайда
болуымен қол жеткізуге болады.
Бар аудандалған ГТС-ты жаңғырту салу қағидаты бойынша және кезең
бойынша жүргізіледі. Өйткені аудандалған ГТС-ң барлық ескірген қатынас
жабдықтарын бір уақытта ауыстыру үшін аса жоғары бірден шығындар қажет. 3.4
суретте үш электромеханикалық АТС бар ГТС-ң сұлбасы көрсетілген.
Көлеңкеленген аймақтар жаңа абоненттер тобын қосуды қажет ететін қаланың 2
ауданын белгілейді.

Сурет 3.4 - Түйінсіз аналогтық аудандалған ГТС

ГТС-ты сандандырудың бірінші кезеңінде жаңа сандық РАТС енгізіледі.
Осы кезде бар желі бұрынғы сызба-құрылымын сақтап қалады. 3.6 -суретте
сандандырудың бірінші кезеңінде жаңа АТС енгізгеннен кейінгі желінің
нұсқасы көрсетілген. Бұл жағдайда РАТС 2 абоненттерінің бөлігі (біртіндеп
немесе бірге) сандық АТС-қа (ЦАТС) қосылады.

Сурет 3.5 - Жаңа цифрлық АТС-ты орнатқаннан кейінгі цифрлық
аудандалмаған АТС

3.5 суретте сандандырудың 2-і кезеңінің нұсқасы көрсетілген. Онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі электр байланысы. Түрлері электрбайланыс және олардың негізгі қасиеттері. Жалпы құру принциптері және ҚР электр байланысы желісінің жұмыс істеуі
Қолданыстағы байланыс желілерін талдау
ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІ
Байланыс жүйелері
Қалааралық байланыс операторларының қалааралық телефон желісін ұйымдастыруы
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ НЕГІЗДЕРІ туралы
Электрлік байланыс кабельдерінің түрлері және оларды таңбалау. Тарату желілерінде бағытталған толқындардың параметрлері. Тік бұрышты және дөңгелек метал толқын таратқыштардағы бағытталған толқындар
Қарастырылатын аудан сипаттамасы
Қазіргі заманғы электрлік байланыс
Ауылдық телефондық желілер
Пәндер