Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...9
2.2 Ахмет Байтұрсыновтың тәлімдік
идеялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 А.Байтұрсыновтың тілтанымдық, әдіснемелік еңбектерінің зерттелуі және
зерттеу
ұстанымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлеуметтік-
экономикалық жағынан нығая бастауы, ұлттық санасының қайта жаңғыруы
жағдайында, адамгершілікті-этикалық идеялар көрініс алған қазақ халқының
рухани-мәдениетін зерттеу, тәрбиедегі озық дәстүрлерін бүгінгі қоғам
талабын ескере отырып зерделеу көкейкесті мәселенің бірі болып табылады.
Бұны елбасы Н.Ә.Назарбаевтың біздің бүгінгі қоғамымыз арды бағалайтын,
белсенді, жоғары моральды, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұруы
керек. Қазақстанның бірегей халықтарының ұлтаралық және мәдениетаралық
ынтымағы мен жетілуін қамтамасыз ете отырып, қазақ халқының көп ғасырлық
дәстүрлерін, тілі мен мәдениетін сақтаймыз және дамыта түсеміз деген
Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан байқауға болады. Ұлттық рухани
мәдениеттің адамгершілік тәрбиесіндегі мәні, оны жеткіншектерге өз Отанына
сүйіспеншілігін, халық дәстүрлеріне құрметін тәрбиелеу мақсатында
пайдалану проблемасы Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында да
жетекші міндеттердің бірі болып отыр.
Тарихи-педагогикалық зерттеулерге жасаған талдау, халық
педагогикасының бала тәрбиесіндегі озық идеяларының ешбір кезеңдерде өзінің
көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен ғасырлардағы ұлы педагогтар
(Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин және
т.б.) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының
педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, негіздеген. Олардың
идеяларын әрі қарай А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, П.П.Блонский,
В.А.Сухомлинский және т.б. жалғастырып, өздерінің тәжірибесінде ұтымды
пайдаланған.
Халық педагогикасы мыңдаған жылдар бойы халықпен бірге жасасып,
тәжірибесі мен құнды идеялары толысып, жетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа үзіліссіз
бірізділікте беріліп келеді.
Халық педагогикасының бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін кезінде
көптеген ұлы ойшылдар (Аристотель, Әл-Фараби, Баласағұн, Қашқари),
ағартушылар (Шоқан, Абай, Ыбырай, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек), шетел
педагогтары (Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский
және т.б.) өте жоғары бағалаған. Бірқатары оларды халық даналығының
көрінісі ретінде өздерінің іс-тәжірибесінде ұтымды пайдаланған.
Қазақ халқының көпжанрлы өте бай ауыз әдебиеті мен игі әдет-ғұрпы,
әдебі, дәстүрлері, салты, салт-санасы оның этнопедагогикасының тірегі болып
табылады.
Қазақ халкының өзіне тән тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері оның салт-
дәстүрлерінен айқын көрінеді. Мысалы, ұлттық қасиет - меймандостық ең әуелі
жеке тұлғалардың игі әрекеті болса, ол қолданысты үлгі-өнеге ретінде
басқалар да пайдаланып, әдет-ғұрыпқа айналдырған.
Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың,
отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен
ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская,
А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты
ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп
жатыр.
Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың адамға ең алдымен білім
емес, тәрбие беру керектігі жөніндегі нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз
беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда.
Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық
құндылықтарының мол екені рас.
Ата-бабаларымыз жазу-сызуды бiлмеген кездiң өзiнде де бала тәрбиесiне
ерекше көңiл бөлiп, адам құқығын қорғауды назарда берiк ұстаған. Мысалы,
Қасымның қасқа жолы (1511-1518), Есiмнiң ескi жолы (1598-1628), Әз
Тәукенiң Жетi Жарғысы (1680-1718) сияқты көрнектi заңдардың өзi қағазға
түспеген. Бұл - заңдық құжаттар. Ата-заңды аттаған азғындарды етегiн
кесiп, елден қу деген қағидамен аяусыз жазалаған.
Қазақ зиялылары мен ғалым-педагогтары Ш.Құдайбердиев, Ж.Аймауытов,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов және т.б. ана тілінде мектеп ашу
мәселесімен бірге халықтың өнегелі салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, ауызекі
шығармашылығын оқу-тәрбие процесінде ұлттық сананы ояту, туған жерге, елге
аялы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында пайдалануға аса мән берді.
Шәкәрім болса өзінің Үш анық атты еңбегінде тәлім-тәрбиенің көптеген
сұрақтарын теориялық тұрғыда ашып көрсетеді, адамгершілікті ар ілімі деп
қарастырады. Ар-ұжданның мазмұнын нысап, әділет, мейірім құрайды деп
дәлелдеп, оларды адамшылық ұғымымен байланыстырады.
Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы Отанның, елдің асыл
азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды,
өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың ауызына түкіртіп, азан шақыртып, атын
қойғызады. Ақылын, жасын берсін деп жаңа туған нәрестені қарияның
шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді,
бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді.
Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде
келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы
ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.
Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін
(психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. Баланы туады
екенсің, мінезді тумайды екенсің, Бір биеден ала да туады, құла да
туады, Балаға үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы деп ой
түйіндеген. Келесі бөлімдерде қазақ этнопедагогикасын дербес ғылым ретінде
қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген тұңғыш қазақстандық ғалымдардың
этнопедагогика саласындағы еңбектеріне талдау жасауға тоқталамын.

Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған боздақтар қайта тірілді,
сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас буынның
төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты
ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог, дарынды
ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша
айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген
жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында
1873 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген.
Ахметтің "Өмірбаянында” көрсетуінше: мешін жылы, 1872 жылы туған, № 5
ауыл, Тосын болысы Торғай уезі. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған
сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін
тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде
жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық-зорлыққа шыдамай,
1885 жылы 12 қазанда ояз начальнигі Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның
арты – дүние-мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер
аударылу.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары
әуелі көзіқарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі
ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі
сыныптық орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік
мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдың 1 маусымынан бастап мұғалім болады:
Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік
күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық
білдіреді, патшаның отаршылдық саясатын айыптайды. Кейін екі сыныптық
мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі
ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын
жинайды. Ел ішінде оқыған, еркін мінезді батыл ойшылдың бедел-атағы өсе
бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор
Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралыдағы екі сыныптық училищінің
меңгерушісі Ахмет 1909 жылы 1 шілде күні Семей абақтысына алынып, сотсыз,
үкімсіз, нақақтан нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп, торығады, қиналып
ширайды, күреске белді бекем буады. Бостандық аңсаған, күреске шақырған
өлеңдер жазады. Ақыры Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы
21 ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан
кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер
басталып кетеді. 1913-1918 жылдар арасында "Қазақ” газетінде редактор
болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан-
алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске, өнер-білімге
үндейді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа
өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі
болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз
айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып,
қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына
өтеді – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің
мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту
комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік
партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан академиялық орталығының
жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп
жаңа заман үшін күреске кіреді.
Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын
жалғастырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі. Осылайша большевизм қылышынан
қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға
қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып
келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Ұлы
жүректің ауыр тағдыры осындай, ал толық өмірбаянын жазу үшін көптеген архив
деректері, замандас естеліктері, тарихи материалдарға сүйену қажет. Қазіргі
қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған "Жизнеописание” (1929,
8 наурыз), "Биография” (1929, 21 тамыз) деген материалдар айрықша бағалы.
Бұлар Алматы университеті архивінде сақталған.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік
істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана
емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше. Кезінде Ахмет
Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Смайлович,
Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.
Зерттеу мақсаты. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы
мәлімет беру және оның қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын көрсету.
Зерттеу міндеттері.
- Ахмет Байтұрсыновтың өмір сүрген ортасы туралы мағлұмат беру.
- Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына тоқталу.
- Ахмет Байтұрсыновтың әдебиеттегі орнын айқындау.
Зертттеу әдісі. Педегогикалық зерттеу, ақын өміріне байланысты газет-
журналдар мен кітаптардан алынған мәліметтер.
Зерттеу құрылымы. Кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса
ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да
бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын
көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге
ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын
оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен
әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы
атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық,
демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы
қауымның төлбасы болды. Өмір жолы. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда
қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге
келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады.
Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд
бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің
санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол
өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен
көріп, көңіліне ой ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-
1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін
жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы
екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы
мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай
Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер
саны көбейген болатын.
Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан
Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдын 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық
қызметін бастайды. 1895-1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде
ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді.
Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік
өмірге үңіледі. Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің
мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз
бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең-жырларын жазады, ауыз
әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді.
Өзінің білімімен, ақыл-парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық
аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы
Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913-1918
жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең
ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі
мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. 1917
жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет
Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш
қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық
ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы,
Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Кеңес
өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы
жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936
жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы
атылады. Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған
А.Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық
болды.
Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық
көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін
А.Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық
көрді. Шығармашылық мұрасы. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының
артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі
аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург
қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен
орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын
мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында
шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан-ашық жария етті.
Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап
көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады. Әсіресе 1913 жылы
жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы
Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың
ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына
баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет
Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, жүйелеп,
баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет
жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын"
жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
тілінің ұлы түрлендіруші-реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі
саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб
әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады.
Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа
әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және
әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер
жүйесін қалыптастырды.
Қазақ тілі грамматикасындағы ұғымдар мен категорияларға жаңаша әрі
дәл анықтамалар берді. "Әдебиет танытқыш" кітабы. Ахмет Байтұрсынұлы –
қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші
ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі – "Әдебиет
танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында
ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін
негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін
жасады. "Әдебиет танытқыш" кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде
көркем әдебиеттің бейнелеу құралдары мен әдіс-тәсілдері талданса, екінші
бөлімде әдеби жанр түрлері сөз болады. Тұтастай алғанда, Ахмет Байтұрсынов
өнер атаулыны екі топқа бөледі. Оның бірі – тірнек өнері, екіншісі – көрнек
өнері. Көрнек өнеріне ғалым сәулет (архитектура) өнерін, сымбат
(скульптура) өнерін, кескін (живопись) өнерін, әуен (музыка) өнерін және
сөз (әдебиет) өнерін жатқызады. "Өнердің ең алды – сөз өнері саналады.
"Өнер алды – қызыл тіл" деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз
күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің
бәрінің де қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті
сарай болсын, қандай сымбатты әрі кескінді суреттер болсын, қандай ән-күй
болсын, сөзбен сөйлеп суреттеуге, көрсетуге, таныстыруға болады.
Бұл өзге өнердің қолынан келмейді" деп жазады Ахмет Байтұрсынұлы.
Әдебиеттің көркем бейнелеу құралдары, жанрлары жөнінде талдау жасай келіп,
А.Байтұрсынов олардың, әрқайсысына әлемдік әдебиеттану ғылымындағы
атауларға сәйкес дәлме-дәл қазақша балама атаулар береді. Бүгінгі қазақ
әдебиеттану ғылымында қолданылып жүрген ұғымдар мен категориялардың
атауларын термин дәрежесіне көтеріп, қолданысқа енгізген Ахмет Байтұрсынұлы
дейтініміз сондықтан. Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге,
бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар
айтылады. Бұлардың кай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық
болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынұлы аса бай
фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз
әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының
шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды. Ахмет
Байтұрсынұлының шығармалары Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне,
сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан
соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне
мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік
форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы – жан-жануар
өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен
Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, “Қырық мысал” деген атпен 1909
жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші
жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер
ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.
Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп тартты үшеуі дүркін-
дүркін, Тартады аққу көкке, шаян кейін Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.
Аудармада мін жоқ, мүдірмей, тұтықпай, есіліп-төгіліп тұр. Ендігі кезең
оқырманына қатысты жаңа ой, соны пікір, толғаулы сөзді ақын өз жанынан
қосады. Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас. Әуелі бірлік керек болса
жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, —
деп елді тұтастық, ынтымақ жалауының астына шақырады. Елдің азып-тозуына
байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді,
кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: Қасқырдың зорлық болды еткен ісі.
Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі Нашарды талай адам талап жеп жүр Бөріден
артық дейміз оның ісін. Алуан-алуан ойға жетелейтін “Қайырымды түлкі”, “Ала
қойлар”, “Үлес”, “Қартайған арыстан”, “Өгіз бен бақа”, “Қайыршы мен қыдыр”,
“Ат пен есек” мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайларды мегзейтін
оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты
тұжырымдар мол орын алған.
Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой,
суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын - әуез қосып отырады.
“Қартайған арыстан” мысалына: Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да, Келе алмас
жаман батып маңайыңа. Басыңның бақыт құсы ұшқан күні Құл-құтан басынады,
малайың да, — деген жалғасты түйін жасайды. Бірнеше кісі тіл таба алмай,
берекесі кетіп, өртке шалдығып, үлестен құр қалады. Осы “Үлес” өлеңінің
түйінінде ақын өз позициясын ашық көрсетіп: Ойласақ оқиға емес болмайтұғын,
Ел қайда өзін жаудан қорғайтұғын. Қазіргі пайдасына бәрі жетік, Адам аз
алдын қарап болжайтұғын. Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман Байқасақ ел
белгісі оңбайтұғын. Бұл белгі табылып жүр біздің жұрттан Таласып бір-
бірінің жүзін жыртқан. Алданып арқадағы дау-шарына Кәтерден кәпері жоқ,
келер сырттан, — деп терең маңызы бар әлеуметтік ой толғайды. Мысал
жанрының қазақ әдебиетіне бойлап ену құбылысы әлемдік көркемдік
дәстүрлердің типологиялық ұқсастығын көрсетеді. “Дала уалаяты” газетінде
1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың “Инелік пен құмырсқа” (аударған
А.Құрманбаев) мысалының жариялануы – қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның
басы еді. Крыловтан Абай – 14, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов – 12
мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше рет аударылғаны да бар. Мәселен:
“Аққу, шортан һәм шаян”, “Ат пен есек”, “Қасқыр мен тырна”, “Шал мен ажал
(өлім)”, “Айна мен маймыл”, “Маймыл мен көзілдірік” мысалдарын Ахмет
Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. “Ала қойлар”, “Есек пен қамыс
(шілік)”, “Бақа мен өгіз” мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да
бар. Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлме-дәл келеді,
Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған.
Ал Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанмен, еркіндік
басым, қазақ тұрмысына жаңа идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар
айтылады. Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық “Шымшық пен
көгершін” мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын
жаңа шығарма. “Өгіз бен бақа” орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, “Қасқыр
мен тырна” орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, “Арыстан, киік һәм түлкі”
орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы” орысшада – 37,
қазақшада – 68 жол, “Ағаш” орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер
қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке
сурет қосып, жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін,
ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар “Маса” кітабында ашық, анық,
дәлді, нақты айтылады. Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау
күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге
арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын. Оқ
тиіп он үшімде ой түсіріп, Бітпейтін жүрегімде бар бір жарам. Алданып
жегеніме оны ұмытсам, Болғандай жегенімнің бәрі қарам, — деген жолдардың
нақты өмірлік материалы әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге айдалып, қуғын
көруі, бала жүректің тілім-тілім жаралануы.
Ал, “Жиған-терген” өлеңіндегі: Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға
тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып – деген сөздерді
патша цензурасы кезінде жібермей тастаған. Ақын ашынып сөйлейді, тартыстар,
қайшылықтарды көрсетеді. Бұл бір сөз қасірет айтып хатқа жазған, Қалмаған
түк қасиет қазақ азған. Байға мал, оқығанға шен мақсат боп, Ойлайтын
жұрттың қамын адам азған. Күрес идеясы, келешек қамы үшін арпалысу, ел болу
мақсаты бар тілектен жоғары қойылады: Мен бұқтым, жаттым, Сен бұқтың
жаттың, Кім істемек қызмет? Ауызбен айтып, Істерде қайтып, Жоламасақ не
міндет? Тек жүрсе тоқ жүрмекті Қиын деме білмекті. Қазір әлем поэзиясындағы
ділмар сөз – афоризм боп кеткен түрік ақыны Назым Хикметтің: Мен жанбасам
лапылдап, Сен жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ лапылдап Аспан қалай ашылмақ,
— деген жолдарының Ахмет Байтұрсынов өлеңімен әуендестігі кісіні таң
қалдырады. “Маса” кітабына енген өлеңдерде жеке бастың мұң-шері, тұрмыс-
салт суреті емес, негізінен әлеуметтік, қоғамдық ойлар, азаматтық идеялар
айтылады. Өзін-өзі күйттеген, байлық үшін, мансап үшін ар- абыройын сатқан
“жақсылығы өз басынан артылмаған”, “бос белбеу, босаң туған бозбала”, “бір
тойғанын ар қылмаған шалдар”, “қайырсыз кеще сараң байлар”, “мәз болып құр
түймеге жарқылдаған оқығандар” сыналады. “Туысыма”, “Досыма хат”, “Қазақ
қалпы”, “Қазақ салты”, “Көк есектерге”, “Жұртыма”, “Қарқаралы қаласына”
өлеңдерінде ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
Мысал жанрының қалыптасуы
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
«Қазақтағы» әдебиетті зерттеу мен әдеби сын мәселелері
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
Кәсіби терминдерді қазақшалау
Қазақ баспасөзін дамытудағы қазақ зиялыларының рөлі
Дауылпаз баба – Қожаберген
Пәндер