Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атынағы педагогикалық колледжі


кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар

Орындаған:

Жетекші:

Орал-2013

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А.Байтұрсынов
1.1. Ахмет Байтұрсыновтың
өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..7
1.3 Ахмет Байтұрсыновтың
шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.4. А. Байтұрсынов – қазақ тілін
зерттеуші ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .11

II. Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
2.1. Ахмет Байтұрсынов жасаған тұңғыш қазақ
әліпбиі ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2.А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. 17
2.3. А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми
бағамдалуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ..20
2.4. Қазақ тіл білімінің негізін
қалаушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..41

Кіріспе
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен
өмірінің мақсаты деп санаған. Білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау
жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан алып шығуды күрес жолының мақсаты
етіп қояды.
Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да бейнелі
тілмен жақсы білдіреді: Надандық, өнерсіздік аға жолдасымыз болған соң,
олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз,
жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты деп тіпті батыра
айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп
оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминология дүниесін жасауына
да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген – өзі
діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен
істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы
мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде
нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-
жағдайды жақсы көрсетеді.
Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай
салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым,
көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы, ұлт
көсемі, қазақтың дара тұлғасы, білім беру жүйесін қалыптастырушы, қазақ
халқына Қазақ әліпбиін салып кеткен Ахмет Байтұрсынұлы атамызға - 140 жыл
толып отыр. Ы.Алтынсарин тілді оқыту барысында оқушыларға сөз мағыналарын,
грамматикалық заңдылықтарды жүйелі үйрету қажеттілігіне баса назар
аударған.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі
А.Байтұрсыновтың айтуы бойынша: Тіл адамдардың адамдық белгісінің зоры,
жұмсайтын қаруының бірі, - деген. Яғни, тіл тек адам баласына ғана тән
қасиет екенін айтып кеткен.
Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік
істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Қазақ ортасы, түркі әлемі ғана
емес, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов, оның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары
проф. А.Смайлович, Е.Поливанов бағалы пікірлер айтқан болатын.
Ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткерінің өмірі, шығармашылығы,
әлеуметтік қызметіне байланысты маңызды еңбектер, негізінен, оның туғанына
елу жыл толу мерейтойы тұсында жарияланды. “Қырғыз (қазақ) өлкесін зерттеу
қоғамы еңбектерінде” (Орынбор, 1922) орыс тілінде екі мақала басылды.
М.Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы (биографиялық очерк)” мақаласындағы тарихи
фактілер, деректер күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ақиқатқа
жүгінгенде, бұдан кейінгі уақыттарда А.Байтұрсынов өмірбаяны туралы жазған
авторлардың бәрі де осы еңбектің материалдарын пайдаланғанын көреміз. Ал,
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын Кеңестер Одағы тұсында
зерттеген ғалымдар, Рымғали Нұрғалиев пен Рәбиға Сыздықова болды. Қазақстан
тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Ахмет Байтұрсыновтың өмірін, саяси
қызметін, ақындық шығармашылығын және ғылыми еңбектерін ғалымдар жеке жеке
алып, салаларға бөліп, зерттеу жұмыстарын бастады.Осы көштің басында
тұрған жоғарыда аталған ғалымдармен бірге, ғалымдар З.Қабдоловтың,
С.Қирабаевтың, Ә.Қайдаровтың, Ө.Айтбайұлының, Т.Кәкішевтің ғылыми
зерттеулері Ахметтануды биік белеске көтерді. Ахаңның еңбектерін
тереңдеп зерттеуші ғалымдар қатары көбейіп келеді. Оның ішінде ғалым
Ө.Әбдимановтың Ұлттың рухани көсемі, Ұлт азаттығын ұлықтаған ақын,
Қырық мысал төл туынды, Азатшыл ойға көшбасшы басылым, Қазақ тілінің
ұстазы Ахмет Байтұрсынов тәрізді көптеген зерттеулерін атап өтуге болады.
Өткен жылы Апматыдағы Ахмет Байтұрсынов музейінің директоры Р.
Имаханбетованың Ғасыр саңлағы; Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық
өмірбаяны атты кітабы баспадан жарық көрді. Бұлда Ахметтануға қосылған зор
үлес болды. Ахаңның артында қалдырған мұрасы бұлақтың көзі тәрізді. Көзін
ашсаң, жарқырап жаңа қырынан көріне береді. Дегенмен, осы күнге дейін
жазылған ғылыми зерттеулер Ахмет Байтұрсыновтың отаршылдыққа қарсы,
еліміздің тәуелсіздігі үшін кірескен ұлт қайраткері, ақын, қазақ әліппесі
мен грамматикасының, терминологиясының және әдебиет теориясының негізін
қалаушы ұлы ғалым, аудармашы, фольклорист, журналист публицист, сондай ақ,
композитор екендігін дәлелдеп шықты.

І. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым А.Байтұрсынов
1.1. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен
кейінгі еңбегі ерекше ағартушы-педагог, сөз кұдіретін танытқан тамаша ақың
қазақ, баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған
халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас
совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов
1873 жылы 28(15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының
5-ші аулында, Сарытүбек деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Торғай
ауданы, күні кешеге дейін Южный деп аталған ал бұл күнде Ахмет
Байтұрсынов атындағы совхоз орналасқан жерде) дүниеге келген. Әкесі –
қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақ баласы арғын Үмбетей батырдың
немересі. Шошақтың төрт ұлы болған. Олар: Байтұрсың Ақтас, Ерғазы, Данияр.
Бұлар жаратылысынан қажырлы, намысқор адамдар болғанға ұқсайды. Сондықтан
болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сыйыса бермейді, тіпті уезд
басындағы билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді. Сол
үшін уезд басындағы полковник Яковлев 1885 жылдың қазан айының 12-сінде
Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп, ағайынды Ақтас пен
Байтұрсынды ұстамақ болады. Сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып
бермедіңдер, деп елге ойран салады, әйел, бала-шағаға дейін сабап,
бастарына қамшы үйіреді. Ояз бен оның әскерінің бұл бассыздығына шыдай
алмаған Байтұрсын Яковлевтің өзін атынан аударып алып, қамшының астына
алады, нөкерлерін ауылдан қуып шығады. Әрине, қарапайым жабайы киргиздің
бұл қылығы жауапсыз қалмайды. Көп ұзамай ауылға жазалаушы отряд шығып,
ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып, еркектерді ұрып-соғып,
ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды, Ерғазыны ұстап алып кетеді. Оларды Қазаннан
келген Әскери сот соттайды. Байтұрсын мен Ақтас бірқатар туыстарымен 15
жылға Сібірге каторгіге айдалады.

Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы
қамқорлығына алады: Ақтастың баласы Аспандияр мен Байтұрсынның баласы
Ахметті Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Бұған
дейін Ахмет ауылдың мұсылманша сауатты адамдарынан хат таниды. Училищені ол
1891 жылы бітіреді.
Әкесі мен Ақтас ағасы айдауда жүрген (олар елге 17 жыл-дан кейін
оралады), қамқоршы ағасы Ерғазы көп ұзамай қайтыс болған кезеңде Ахмет
кедейшілік, жоқшылық тауқыметін тартады. Соған қарамастан әрі қарай оқуды
армандайды. Осы мақсатпен ол жаяулап-жалпылап, оқу іздеп, Орынбор барады.
Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын оқу орнына –
Учительская школа дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы
бітіреді. Бітірісімен ағарту-шылық ісіне кіріседі. Өзге қызметті қаламайды.

1.2 А.Байтұрсыновтың ғылыми-саяси шығармашылығы

1910 жылдың 9 мартында Орынборға келіп, А. Байтұрсынов 1917 жылдың
соңына дейін сонда қызмет етеді. Уфадағы Ғалия медресесінде оқып жүрген
қазақ жастарының, Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, қазақтың ерте оянған
тобының инициативасымен елден қаржы жиналып, 1913 жылы Қазақ атты газет
шығару ұйғарылады. Газеттің редакторлығына А. Байтұрсыновты қамдайды.
Сөйтіп ол 1913 жылдың басынан 1917 жылдың соңғы айларына дейін осы органның
редакторы болып қыруар еңбек етеді.
Бес жылдай (1913–1918) уақыт өз қаражатымен сол кезең үшін үлкен
тиражбен (8000 дана) шығып тұрған Қазақ газеті ең алдымен қазақ, халқының
ұлттық азаттығы мен мәдени-әлеуметтік дамуы үшін күрескен және қазақ
қоғамының мүдделерін көздейтін проблемалар көтеріп, оларға әлеуметтік үн
бере білген орган болды. Газет әсіресе тіл мәселесін бірінші орынға қойды.
Қазақ тілін сақтап, әрі қарай дамыту керектігін ол үшін қазақ балалары
сауатын ана тілінде ашып, ана тілінде оқу керектігін ұлт мектептеріндегі
оқу-тәрбие ісін дұрыс жолға қою қажеттігін жиі жазды.
Патша үкіметінің өз қол астындағы халықтарға қатысты саясатына,
әкімшілік тәртіптеріне қарсы пікір айтып, шындықты жазғаны үшін жергілікті
үкімет орындары тарапынан бұл газетке бірнеше рет штраф салынады, редакторы
түрмеге жабылады. Әрине, бұл газет өзінің бес жылдық өмірінің ішінде бастан-
аяқ біркелкі бағытта болған жоқ оның беттерінде әрдайым прогрессивтік,
демократтық сипаттағы материалдар ғана орын алып қойған жоқ. Дегенмем әр
құбылысты, әр нәрсені қазіргі өлшеммен емес, өз кезеңіндегі мән-маңызына
қарап бағалау керек деген марксизм-ленинизм қағидаларына сүйенсек, Қазақ
газетінің халқымыздың мәдениет тарихында елеулі орын алуға тиістігі
көрінеді. Оның үстіне, тілі мен стилі жағынан бұл газет - революцияға
дейінгі қазақ баспасөзінің ішінде ең бір жақсы үлгісінің бірі, ол әсіресе
қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастырып, таза сақтап отырған қазақ
публи¬цистика стилін жетілдіре түскен орган болды. Мұнда редактордың саналы
турде жүргізген жұмысы мен сіңірген еңбегі көзге түседі.
А. Байтұрсынов 1917 жылдың соңында газеттен кетіп, осы кезден бастап
1919 жылдың наурызына дейін Алаш партиясының жұмысына араласады,
Алашорда атты уақытша халық кеңесінің (үкіметінің) оқулықтар жазу
жөніндегі Комиссиясының құрамында қызмет етеді. Алаш - жылдық орта
тұсында құрылып, 1920 жылдың орта шенінде тараған ұйым болатын. Ұлттық-ұсақ
буржуазиялық идеологияны негізге алған бұл партияның алғашқы кезеңдегі
платформасы ұлттық даму, ұлттық тең праволық үшін күрес болса, бұл идея сол
теңдікке оқу-білім арқылы, халықтың мәдениетін көтеру арқылы жетуге болады
деп танып, осы майданда ширек ғасырдай аянбай тер төгіп, еңбек етіп келе
жатқан Байтұрсынов сияқты адамды елеңдетпей тұра алмады. Алашқа қызмет
ете жүріп, ол өзге партиялардың да ұстанған бағыттары мен көздейтін
мақсаттарына үңіледі, оны қазақ халқы үшін қайсысының программасы қолайлы
деген ой толғандырады. Алаш партиясының Қазан революциясынан кейінгі
ұстаған автонымшыл-ұлтшыл платформасы қазақ, қоғамының әрі қарайғы дамуына
қол емес екенін түсінеді.

1.3 Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары
А. Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің
мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түрі өзгерілмес,
Дегенмен қара я қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса белмес пе екен
Қоймастан құлағына ызыңдаса,
деп, білім-ғылымнан кенже қалған мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол
қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты
етіп қояды. Бұл мақсатын өлеңдерінде де, публицистикалық мақалаларында да
бей-нелі тілмен жақсы білдіреді: Надандық, өнерсіздік аға жол-дасымыз
болған соң, олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ор-далы жерде орыннан
қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты
деп тіпті батыра айтады.
Оның қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп
оқулықтар жазуына да, тыңнан жол салып, бай терминологоия дүниесін жасауына
да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істе-ріне араласуына да алып келген – өзі
діттеген ағартушылық мақсаты деуге болады.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен
істеген істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы
мектептердің жайын бала оқытудың қолдарын газет-журналдар беттерінде
нақтылы сөз етеді, әсіресе бұл реттегі Қазан революциясына дейінгі хал-
жағдайды жақсы көрсетеді. 1913 жылы Қазақ газетінде Оқу жайы деген бас
мақала жарияланады. Мұны жазған А. Байтұрсынов болатын. Бұл мақалада оқу-
білімнің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып
дәлелдейді: Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан
жасалған өнімді 2-3 есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандықтан келген
кемшілік,-дейді. Надандық деп отырғаны, әрине, білім-ғылымнан қалыс
қалушылық. Ал қалыс қалуға үлкен себеп – қазақ жерінде мектептер өте аз
дейді. Оның үстіне сол мектептерде бала оқытатын мамандардың да өте тапшы
екенін ашып айтады. Оның тапшы болу себебінің бірі – оқытушылар даярлайтын
оқу орындарына, мысалы, Орынбордағы Учительская школаға қазына есебінен
(яғни стипен¬дия алатын) 7-8 орын ғана берілетіндігі, оқуға түскісі келген
балалар өз қаражатымен оқуға тиіс болатындығын айтады. Қазақ халқы қараңғы
дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің
жоқтығында екенді-гін алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп
өкпелеу жөн бе? деп келісті сауал қояды.
Балаларға білім берудің бірінші басқышы – бастауыш мек-теп. Сондықтан
А. Байтұрсынов оқу-білімнің осы бірінші саты-сына қатты назар аударады.
1914 жылы Бастауыш мектеп атты көлемді мақаласын жариялайды. ('Қазақ,
1914. № 61, 9 мамыр). Мұнда автор қазақтың бастауыш мектептері қандай болуы
керек деген мәселе қойып, сол кездегі қазақ жеріндегі ауыл мектептерінің
жай-жағдайы мәз емес екендігін оларда программа, оқу құралдары дегендердің,
жоқтығын мұғалімдер-дің жетіспейтіндігін айтады. Бастауыш мектеп
миссионерлік саясаттан аулақ болуы керек дей келіп, халық сауатын ана ті-
лінде ашуы керек, атап айтқанда бастауыш мектеп бес жылдық болсын алғашқы
үш жылда балалар ана тілінде, кейінгі екі жылда орысша оқысын деген ұсыныс
білдіреді. Бастауыш мектептерде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы,
есеп, жағрапия, шаруа-кәсіп, жаратылыстану пәндері жүретін болсын дел нақты
айтады.

Міне, бұл айтылғандардың барлығы А. Байтұрсыновтың оқу-ағарту
жайындағы ой-пікірлерін көзқарасын тілек-талаптарын танытады. Өткен
ғасырдың II жартысынан бастап көтерілген оқу-ағарту мәселесі қазақ қоғамы
үшін әлеуметтік мәндегі үлкен проблема болса, оны іс жүзінде қолға алған
тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин екендігін. білеміз. Осы салада одан
кейінгі нақты іс істеген екінші адам (екінші Алтынсарин) Ахмет
Байтұрсынов болды.
Міне, осы орайда Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениеті көгін-де жалаң
ағартушы болып қана емес, ғалым-ағартушы болып та көрінді. Ол қазақ тілі
мен әдебиетін пән ретінде қазақ тілін-де тұңғыш баяндаушы ғалым.

1.4. А. Байтұрсынов – қазақ тілін зерттеуші
Атап айтқанда, А.Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен
(графикасымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары
сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде
қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілнің дыбыс
жүйесіне икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің
фонетикалық құрамын зерттеуге кіріседі.
1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде) өмірбаянында
1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен
білімімді толықтырдым, әдебиетпен шүғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін
ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық, құрылысын
зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып,
жеңілдету жолында жұмыс істедім. Үшіншіден қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік
қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жағымсыз
әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден қазақ прозасын (яғни іс
қағаздар тілін публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан
арылтып, халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді
жасауға кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шүғылдандым деп
жазады (Архив ҚазПИ им. Абая. Опись Л–I, связқа № 6 Б, д. 209).
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы
пікірлерін ол 1912 жылдан бастап Айқап журналы мен Қазақ газетінің
беттерінде білдіре бастайды. Айқаптың 1912 жылғы 9–10 нөмірлерінде
Шаһзаман мырзаға атты кө-лемді мақала жазып, онда қазақ дыбыстарын
білдірмейтін: 3 және жуан т, с.1 сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне
енгізбеу керектігін сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына
дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді, Қазақ газетінің 1913
жылғы 34-інші және әрі қарайғы сандарында Жазу мәселесі деген үлкен
мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің
пікірлерін айтады.
А. Байтұрсынов – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш
жұмсаған адам. Сол үшін қазақша сауат ашатын әліппе құралын жазды. Ол Оқу
құралы (қазақша әліф-бе) деген атпен алғашқы рет 1912 жылы Орынборда
басылды. Солардың қатарында шыққан А. Байтұрсыновтың әліппесі – Оқу
құралы 19І2-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқу-ағарту жұмысында
ұзағырақ әрі кеңірек пайданылды.
Оқу құралы таңбаларын танытудан басталады. Кітап бетінің төменгі
тұсындағы сілтемеде хат таныту жолы көрсетіліп, сабақ әдісі қоса беріледі.
Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас текстер Тіл-құралдың
синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересек-тердің сауатын ашуға арналған
әліппе – Сауат ашқыш деген кітапта орын алған. Бұларда автор Қожанасыр,
Алдаркөсе әңгімелерінен бастап, халық аузындағы аңыз-әңгімелерді, билер
сөздерің бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұраларын Абай, Ыбырай және өзінің
өлеңдерің аударма және төлтума мысалдардың Жуковский, Красновский сияқты
орыс ақындарынан жасалған аудармаларды, Ыбырай Алтынсариннің
Хрестоматиясындағы кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақынның Кеңесары –
Наурызбай поэмасынан алынған үзінділерді пайдаланған. Бұл текстердің
мазмұнында оқушыға теріс тәрбие беретін жамандыққа баулитын идея; жоқ,
керісінше, оқу-білімге, еңбекке шақыратын адамгершілікті уағыздайтын жолдар
көзге түседі.
Міне, А. Байтұрсыновтың қазақ тілін зерттеудегі және оқу-ағарту
майданындағы істеген істері мен жасаған еңбегі осындай. А. Байтұрсынов –
қазақ әдебиетін зерттеуші. А. Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен
қызметі тек білімі саласында емес, әдебиеттану саласында да айрықша зор
болды. Өткен ғасырдық II жартысында-ақ халық. ауыз әдебиеті үлгілерін
жинап, жарыққа шығару дәстүрі отандық филологияда бел алған игілікті іс
болды. Бұл дәстүрді әр халық интеллигенциясы-ның озат екілдері жақсы қабыл
алып, өздері де ат салысқанда-ры мәлім. А. Байтұрсынов та 1895 жылы
Тургайская газета-нын бетінде, № 39, 24 қыркүйектегі санында Киргизские
приметы-пословицы деген атпен материалдар жариялайды. Мұнда шаруашылық
жайын ойлап, жазғы-кысқы, ертеңгі-кешкі ауа райын болжап айтқан 36 түрлі
халық сөзін береді. 1923 жылы Ер Сайын жырын Москвада жарыққа шығарады,
оған алғы-сөз жазып, түсініктемелер береді. 1926 жылы 23 жоқтау атты
жинақ түзіп, оны да Москвадан шығарады. Мұнда да қазақ ауыз әдебиеті
үлгілері берілген. Қазақ тарихының 400 жылың қамтитын- мұндай үлгілерді
жариялаудың мақсат-мәнісін кітаптың алғы сөзінде түсіндіріп кетеді.
Әдебиетке қатысты ой-пікірлерін білдірудіа басы деп оның Қазақ газетінің
1913 жылғы 39-41 сандарында жарияланған Қазақтың бас ақыны деген көлемді
мақаласын атауға бола-ды. Бұл – ұлы Абайдың творчествосы туралы арнайы
жазылған алғашқы еңбектердің бірінен саналады. А. Байтұрсынов-тың Әдебиет
танытқыш атты келемді еңбегі – әдебиеттану ғылымы мен қазақ, әдебиеті
тарихына арналған тұқғыш зерттеу жұмысы мен бүгінгі әдебиеттану саласынық
басы. Әрине, қазіргі ғылым дәрежесімен өлшегенде, бұл кітап әдебиеттанудың
бүкіл теориялық мәселелерін түгел қамтымағанмен осы саладан қазақ
оқырманына ұсынылған алғашқы таным-білім. Оның құндылығы да осында. Мұнда
да автор әдебиет теориясына қатысты көптеген мәселелерді өзі талдап-
танытып, әдебиет қатегорияларының терминдерін өзі ұсынады. Бұл терминдер де
күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқандығын көреміз. Ғалымның ауыз
әдебиеті мұраларын халықтың рухани қазынасынын сарқылмас көзі деп тануына
және әдебиетті зерттеп, теориясын сөз етуіне оңың сөз өнерін жалпы өнер
атаулыны, оның ішінде музыка өнерін сүйе білгендігі себепкер болған. Ахмет
Байтұрсынов музықадан мол хабары бар, оны тани білетін адам болған өзі
жақсы домбырашы да болған пианинода да ойнай білген. Қазақтық музықа өнерін
тұңғыш зерттеп, әлемге танытушы атақты А. Затаевич Қазақ халқының 1000
әні деген 1925 жылы Орынборда шыққан кітабында Ахмет Батұрсыновтың өз
жұртының әндерін жақсы білетіндігін және ол әндерді тамаша орындайтындығын
әрі шебер домбырашы болға-нын жазады.
А. Байтұрсыновтың тіл мен әдебиет қана емес, этнография, тарих
мәселелерімен де шұғылданғанын айту керек. М. Әуезовтің 1923 жылы жазғанына
қарағанда, ол 1923 жылы Мәдениет тарихы атты кітабын жазып бітірген екен.

II. Ахмет Байтұрсыновтың оқыту әдістемесінің негізін қалаушылар
2.1. Ахмет Байтұрсынов жасаған тұңғыш қазақ әліпбиі
Ахмет Байтұрсынұлы араб таңбаларын қазақ тілінің заңдылықтарына
бейімдей отырып, тұңғыш әліпбиін жасады. Себебі, әркімнің тіліне еріп,
адасып жүрген жұртына Қазақ әліпбиін тайға таңба басқандай жасап берді.
Қазақ елін сауаттандыруда тарихи рөл атқарған. Араб графикасына
бейімделіп, бар болғаны 28 әріптен тұратын бұл әліпби әдістемелік
оқулығымен бірге 1912-жылы елдің қолына тиіп, ауылда балалардың сауатын ашу
үшін сол жылдан бастап қолданыла бастады. Аталмыш оқулықта оқыту әдісі
көрсетілгендіктен бір жағынан оқытушыларғада жеңіл болды, екінші жағынан
оқушы балалар бір жылда хат тану мүмкіндігіне ие болды. Бұл оқулық 1912-
1925 жылдар аралығында жеті рет басылып, оқу-ағартушылық салада біраз уақыт
қолданылады. Әліппеде дыбыс пен әріпті оқыту дидактиканың жеңілден қиынға
қарай қағидасы бойынша жеке сөздерді оқытудан басталады да, кейін қысқа-
қысқа мәтіндер алынады. Ал жеке сөздер алынғанда, екі дыбыстан тұратын
қысқа, жеңіл сөздерден басталып, бірте-бірте күрделенеді. Мысалы, бал,
бала, балалар, ас, аса, асар т.б. Бұл қағида оқушының оқуды, жазуды,
сөйлеуді тез үйренуін қамтамасыз ету, оқыту үрдісін жеңілдету жолдарын
іздеуден шыққан.
Ахмет екі сөзден тұратын сөйлеммен жаттығулар беріп, оларды
түрлендіріп, тіпті жаңылтпашқа айналдыру сияқты тапсырмалар арқылы бала
тілін дамытудың түрлі әдістерін қолданған. Олар күрделене келе мәтіндерге
айналған. Ол өте кіші мәтінен басталып, ары қарай күрделене береді.
А.Байтұрсынұлы әдістемесінде аз дыбыстан тұратын сөзден бастау, жаттығуды
аз сөйлемнен, мәтінді өте шағын түрінен бастау, оларды біртіндеп қана
кеңейту, күрделендіру тәсілі айрықша орын алады.
А.Байтұрсынұлы Оқу құралының алғашқы бетін балаларға арналған өлең
жолдарынан бастайды.
Балалар! Бұл жол басы даналықа.
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
Осы өлең жолдарын оқи отырып А.Байтұрсынұлы сауат ашуға шақыратындығы
көрінеп тұр. Жасаған істерінің барлығы болашақ жас ұрпақтарға қалдырған
үлкен ерең еңбегі десек қателеспейміз. Ол сонымен бірге – қазақ тілі
грамматикасын яғни, фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін және
терминологиясын жүйелі түрде ғылыми түзеген. Қазақтың дыбыс жүйесін, сөз
жүйесін, сөйлем жүйесін, терминологиясын толық зерттеп, қазақ тілі
грамматикасының негізін салды. Ахмет Байтұрсыновтың лингвистика саласындағы
бұл ғылыми еңбектерін кезінде Орта Азия, бүкіл түрік әлемі мойындап,
қолдап және Ахаңның лингвистика саласындағы зор жетістіктерін өздерінің
грамматикасында пайдаланды. Сондай-ақ қазақ тілінің шамын жағып, тіл
заңдылықтары мен грамматикасының негізін қалап кеткен Ахметтің үш бөлімнен
тұратын Тіл құрал атты үлкен оқулығында ал­ғаш рет фонетика, морфология,
синтаксис ұғымдарына кеңінен талдаулар берілген.
Әліпби - тек сауат ашу ғана емес, ғылым-білім үйренудің баспалдағы.
М.Әуезовше айтсақ, Ақаң ашқан қазақ мектебінің ұстанымы - қазақ баласын
ана тілінде сауатын аштырып қана қоймай, оның танымдық талғамын қазақша
қалыптастыру болған. Өйткені, сол тұстағы оқыған, сауатты жандардың басым
көпшілігінің тілі не татарша, не орысша шыққаны және сол тілдермен өз
тілін араластырып, қойыртпақ тіл жасағаны тарихтан белгілі. Сондықтан да
ағартушы қазақ ұлтының табиғи қалпын сақтау мақсатында, кемшіліктерді
болдыртпау үшін өзінің білім беру жүйесінде ана тілмен оқыту тәсілін
ұстанды.
А.Байтұрсыновтың еңбектерінде оқушылардың сөз байлығын молайту
мәселесі арнайы сөз барысында, оқушылардың сөздік қорын жетілдіруге арнайы
бірнеше жұмыстарды жүргізгені байқалды.
Ә.Садуақасовтың: Адамды бір – бірімен қоғамдастыратын басты құрал –
тіл болып табылады, - деген.
Бастауыш сыныптарда балаға тілдің фонетикалық құбылыстары, лексикалық
ерекшеліктері, грамматикалық заңдылықтары үйретіледі. Мұнда мұғалімдердің
алдында екі міндет тұрады. Бірі – оқушыға сөздің дұрыс айтылуы мен дұрыс
жазылуын үйрету. Екіншісі – сөз қорын молайту, оларды дұрыс қолдану.

2.2.А. Байтұрсыновтың этнопедагогика жөніндегі көзқарасы
А. Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім ғылымның
дамуына, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол оқу тәрбие
жұмысын жетіліру саласында өзіндік өшпес ізін қалдыра білді. Әліпби,
Тіл құралы, Әдебиет танытқыш, т.б. оқу құралдарын жазып, қазақ тілі мен
әдебиетін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеу ісімен айналысты. А.
Байтұрсынов өзінің ұстазы ұлы Абай салған жолмен орыс әдебиетінің мысалшыл
классигі И.А. Крыловтың туындыларын аударып, Қырық мысал деген атпен
1909 жылы Петерборда бастырып шығарып, оқулық ретінде ұсынды. Аудару
кезінде ол белгілі ағартушылық мақсат көздеді.
А. Байтұрсыновтың ағартушылық ой пікірлері 1911-1915 жылдары шыққан
Айқап журналы мен 1913-1917 жылдары Орынборда шыққан Қазақ газетінде
жарияланған мақалаларынан айқын көріне бастады. Ол туған халқының ғылым
–білімге ұмтылуын, әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуын аңсады.
Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім
сондай керек, - деп жазды ол. Бірақ осындай білім беретін ауыл мектебінің
сол кездегі хал күйі оның қабырғасына қатты батты.
А. Байтұрсынов қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін
де дұрыс көрсете білді. Бұлардың кемшілігі сол, -деді ол- бала оқыту
ғылымын меңгергендер оқығандар ішінде кем болады. Дыбысты жақсы білмей
тұрып, усул төте жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен
жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я
білмегендіктен, я білсе де істеп көрмегендік – тәжірибесіздік. Осылайша
оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де
Байтұрсынов болды.
Ахмет 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын Оқу құралын жазды.
Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі Тіл құралы деген атпен алғаш
рет 1915 жылы жарық көрді. 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3
бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта
басылып, пайдаланылып келді.
Тіл құралы - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс еді.
Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екенін оқулықтың кіріспесінде
автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықта қазақ грамматикасына қатысты
қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдер ұсынды. Күні
бүгінге дейін қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, етістік,
есімдік, бастауыш, т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің
баршасы а. Байтұрсыновтікі. Оқулықтың тағы бір құндылығы – қазақ
грамматикасының басты салалары: Фонетика – дыбыс туралы ғылым, морфология –
сөз құрамын зерттейтін ғылым, ал синтаксис – сөйлем құрылысын зерттейтін
ғылым деп, тұңғыш рет қазақ тіл білімін ғылыми зердемен саралап берді. Ол
қолданбалы грамматиканы да жазып, Тіл жұмсату деген атпен екі бөлімді
кітап етіп ұсынып, 1928ж. Қызылордада шығарған.
А.Байтұрсынов қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін
қарастырумен бірге, ол пәндерді оқыту әдістемесінің де іргетасын қалаушы
болды.
Ол балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын жаттықтырудың
әдіс тәсілдерін терең қарастырады. Сауаттылықтың негізі – жазуға
жаттықтыру деп қарады, сауаттылықты оқу мұқтаждығы емес, жазу мұқтаждығы
тудырған. Жаза білуге үйрету әдісі, оқи білуге де үйрету әдісі болады.
Жазу дегеніміз - әріптердің суретін салу, ал оқу дегеніміз – суреті
салынған әріптердің дыбысын айту. Балалар дыбысты ажыратып үйренген соң,
сол дыбыстың таңбасы- қаріпті көрсету керек. Оны меңгергеннен кейін, оқу,
жазу, жұмыстарының бәріне сол тіреу болады. Жазу да, оқу да бір істеліп
қана қоятын іс емес, мектепке күнде керек болық, күнде іске асырылатын
жұмыс. Сондықтан мектептен шыққанша жазу мен оқуға балалар төселмек түгілі
барған сайын қайсысын болса да өнерге айналдырып, әдістемелеп жазуға,
безендіріп оқуға төселіп алады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу
ісі мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды.
Сондай-ақ, А.Байтұрсынов 1927 жылы Жаңа мектеп журналының №11,12
сандарында Жалқылау (индуксия) және жалпылау (дедуксия) әдістері деген
көлемді мақала жазды. Жәнеде Ахмет өзінің Баяншы деген атпен тілді
оқытудың методикасына арналған әдістемелік құралында, мұғалімдерге
Әліппені оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда көрсетіп берді.
Ол оқытудың білімдік – танымдық жағымен бірге, тәлімгерлік жағына да
баса көңіл бөлді. Оның жазған Әдебиет танытқыш атты оқулығы көркемсөз
өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін тыңнан тұңғыш салған, жүздеген
әдеби білімдік терминдерді негіздеді. Мысалы: көрнек өнері, сымбат өнері,
айтыс, кескін өнері, саз өнері, т.б. тұңғыш тілімізге енгізген аса құнды
ғылыми еңбек болды. Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ ауылында мектеп ашу,
оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету, мұғалім кадрларын даярлау істері
шешуін таппаған аса күрделі мәселелердің бірі болатын. А.Байтұрсынов бұл
мәселелерге де ерекше көңіл бөліп, оны шешудің жолын көрсетіп берді.
Қазақ байлары өркениетті елдердің байлары сияқты ұлт намысын қорғап, оқулық
шығарушыларға бәйге жарияласын. Бәйге берілетін кітаптарды бі-екі рет ақы
иесі бастырып шығарып, ақшасын өндіріп алатын болсын деді.
Ахмет мұғалімдерге педучилищелерді ашып, арнаулы оқу орындары арқылы
даярлаудың тиімділігін айта келеді де, ондай оқу орындарының әзірге қазақ
даласында жоқтығын ескеріп, орыс мектептерін, не қазақ медреселерін
бітірген жастардың талаптыларын таңдап алып, мұғалімдік жұмысқа қоса
пайдаланайық деген ұсыныс жасады. Олардың білімін жетілдіру мақсатында жаз
айларында бір-екі айлық қысқа мерзімді курстар ашуға ұсыныс жасайды.
Қазақ халқының асыл азаматтарының бірі және бірегейі, ХХ
ғасырдың бас кезіндегі демократтық бағыттағы қазақ зиялыларының ең ірі, ең
беделді көшбасшы-көсемі А.Байтұрсыновтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне, оның
ішінде ұлттық педагогика мен оқу ағарту ісіне сіңірген өлшеусіз мол еңбегін
М.Әуезовше бағаласақ, көптеген қан жылаған еңбегі, өнер –білім, оқу ағарту,
саясат жолындағы қажымас қайраты... тарих ұмытпас істер болмақ.

2.3. А.Байтұрсынов мұраларының ғылыми бағамдалуы
Ахмет Байтұрсынов патша мен Кеңестер үкіметі тұсында да қоғамдық және
мемлекеттік қайраткер деңгейінде қызметтер атқарған тұлға. Сондай- ақ ол
шығарма адамы- ақын, жазушы журналист, композитор. Шығармашыл болған адам,
өз еңбегінің қоғамда қандай деңгейде бағаланғанын білгісі келетіні рас. Бұл
заңдылық. Өз еңбегінің нәтижесін көрмейде талай дарындылар өмірден өтті.
Ал, Ахмет Байтұрсынов атамыз халық үшін істеген қызметтерінің,
шығармашылығының бағасын өзінің елу жылдық мерей тойы Тәшкенде, Орынборда
аталып өткен кезде, қазақ елінің басында жүрген мемлекет және әдебиет
қайраткерлерінің аузынан естіп, баспасөз беттерінен оқыды. Той кезінде
айтылған бағалы, құнды пікірлер осыған дейін орыс патшалығы тұсында екі
рет сотталып, Кеңес үкіметі тұсында өкімет басындағылардан психологиялық
қысым көріп келе жатқан Ахаңның мерейін көтерді. Сонда С.Сейфуллин
Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арам қулықты атарман-
шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып,
дауысын шығарған кісі... Қалай болсада жазушысы азғана, әдебиеті нашар
қазақ жарлыларына оқу- тіл құралдарымен қылған қызметі таудай деген-ді.
Мұқтар Әуезов пен Смағұл Садуақасовта Ахаңның халқына сіңірген қызметтеріне
жоғары деңгейде баға берді. Бұл 1922-23-жылдың арасы еді. Ол кезде
ауылдағы есі кірген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін Ахметтің есімін
білуші еді деп айтып отыратын үлкендер. Олай дейтіні, ол уақытта қыстық
қант- шәйін қамдау үшін шыққан базаршылар, ауқаттылар мен саудагерлер
қалаға барғанда басқа қажеттерімен бірге Ахаңның Қырық мысалын,
Масасын, Әліпбиін алып қайтады екен. Кешке отбасында ағайындар
жиналғанда немесе ораза кезіндегі ауызашарда үй ақсақалы сауатты балалардың
біріне Ахаңның мысалдарын, Ерсайынын оқытып, жиналғандар керемет рухани
рахаттанысып қалады екен. Үлкендері осының бәрін қалай біле берген деп,
мәз болып, бастарын шайқасады. Мысалдардың мәнін түсінгендері Данышпан
екен, ә деп таңданысады. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан деп айтушы
еді данышпан қазақ, сол қазанымыз осы біздің заманымыз шығар. Ахмет
Байтұрсынов есімі халқымен қайта қауышты. Оның артында қалған орасан зор
мұрасы халқына таусылмас қазына. Ұлы тұлғаның әліде ашылмай, көрінбей
жатқан қырларын зерттеу ғалымдардың міндеті. Жиырмасыншы жылдардың бас
кезінде Ахаңның еңбектері туралы ең алғаш ғылыми пікір жазғандар-
М.Дулатұлы, Шонанұлы, І.Омаров Ученая деятельность Байтұрсынова. 19227ж)
және т.б.
... А. Байтұрсыновтың өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі
мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын
алады... А. Байтұрсыновтың арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде
орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін
жиып, ... өз ағаттықтарын түсіне бастады...
Міржақып Дулатов
Ахмет Байтұрсынұлы (15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді
ауданы Сарытүбек ауылы – 8.12.1937, Алматы қаласы) – қазақ халқының 20
ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет
қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының
негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. Атасы Шошақ
немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып
атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ
мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке
оқуға түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орыс-
қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші
қызметін атқарады. Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс
келеді. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған
Қарқаралы петициясы (арыз-тілегі) авторларының бірі Байтұрсынұлы болды.
Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне
қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін
ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат беру,
күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру
мәселелері көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды
үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап
жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы 1909 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнопедагогика - бұқара халықтың өскелең ұрпаққа тәрбие беру
Әдебиеттік оқу әдістемесінің даму тарихын зерттеу
Ахмет Байтұрсыновтың әдебиетте алатын орны
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінің қазіргі методикадағы қолданысы мен алғашқы әліпбидің жүйесі
Қазақ тіл ғылымының атасы
Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілін оқыту әдістемесі
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы еңбектері
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны
Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми - педагогикалық мұралары
Пәндер