Баға оның экономикадағы рөлі, оны қалыптастыру және реттеу әдістері



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Экономика және Басқару институты

Экономикалық теория
және бизнес кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Баға оның экономикадағы рөлі, оны қалыптастыру және реттеу әдістері

Орындаған: 09101 топ студенті
Болат Ә.Н.
Тексерген: оқытушы Янтурсина Э.Ю.

Орал, 2011ж.
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Тарау. Баға құрылымы. Бағаның қалыптасуындағы
теориялар ... ... ... ... ... ..5
1.1. Баға қалыптастыру стратегиясының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Баға
функциясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...13
ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың
модельдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 15
2.1. Бағаны мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .15
2.2. Баға. Сұраныс пен ұсыныс. Баға құрамындағы
пайда ... ... ... ... ... ... ... .. ..17
2.3. Бағаның
блоктары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...22
ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының баға
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 27
3.1. Бағаны тұрақтандырудың Қазақстандық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД
мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени
салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып
қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып
жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық
ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Мемлекет өзінің ішкі экономикасын біршама тұрақтылықта дамытуда.
Бағаны тұрақтандыру әр қашаан алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелінетін
елдің экономика саласындағы ұтымды қадамдарымен қамтамасыз етіледі. Осы
орайда баға мен елдегі инфлиясия шараларының арасындағы байланыстарды
жүйелі түрде шешу мен мемлекеттің игілігіне қызмет жасауын қадағалау
негізгі бағыттардың біріне саналады.
Қаржы теориясының негізгі мәселесі болып қаржының баға, еңбекақы,
несие тәрізді экономикалық категорияларымен байланысы және осы
категориялардың бөлу процесінде қандай тізбек болуы танылады.
Баға – бөлу үдерісіне бірінші түсіп, ондағы бастапқы пропорцияларды
анықтайды. Бағаның құнның жанында ауытқуы қаржының қызмет ету орнын
белгілейді. Бағаға құнның барлық құрылымдық бөліктері кіреді, олар кейін
бөлініп, қаржылық ресурстар және қорлар ретінде өзінің экономикалық
нысандарына ие болады. Тауар өндірісі мен ақша-тауар қатынасының пайда
болып, дамуымен бірге баға да пайда болды.
Экономикалық үдерістердің қатаң орталықтандырылған жүйесінде құнның
амортизациялық аударымдар, еңбекақы, материальдық және басқа да шығындар,
табыс тәрізді бөліктері белгіленеді, ал нарық жағдайында ұсыныс пен сұраныс
факторларымен анықталады. Баға қаржының қызмет ету жағдайын дайындайды.
Қаражат шаруашылық жүргізуші субъектілерде жинақталса, онда салық көлемі
өседі, не қоғамдық өнім өседі, яғни ресурстардың босауына әкеліп соғады,
бұл пайда (табыс) нормасы жоғары деңгейгі салаларға ауысатын ресурстардың
босауына әкеледі. Қаржы бағада берілген пропорцияларды нақтылайды. Қаржылық
бөлудің бағалық бөлуден айырмашылығы — бағалық бөлудің, объектісі болып
жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігі ғана танылады. Қаржы жалпы коғамдық өнім
құнының барлығын бөледі. Қаржылық бөлу бағалық бөлуге қарағанда екінші
ретті болып келеді. Бағалық бөлу былай қарағанда байқаусыз, ол
түсімдердің жалпы көлемінде көрінбейді, ал қаржылық бөлу анық көрінеді.
Бағадан кейін қаржылық бөлу процесінде енбекақы қызмет ете бастайды.
Қаржы еңбекақы қоры, баска да еңбек төлемдері қорларының қалыптасуына
жағдай жасайды. Осы категориялар ұдайы өндіріс үрдісін бір-бірімен
байланыстыра ынталандырып және еңбек күшінің, ұдайы өндірісінің алғы
шарттарын айқындай түседі.
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория,
маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады.
Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке
қарастыруымыз тиіс.
Зерттеудің міндеттері:
1. Баға қалыптастырудың негізгі принциптерін көрсету;
2. Бағаның атқаратын қызметтері мен міндеттеріне жалпы түсінік беру;
3. Бағаның функцияларының арасындағы байланысты қарастыру.
Зерттеудің мақсаттары:
1. Бағаларды қалыптастыру кезінде әділ экономикалық заңдарды есепке
алу;
2. Баға қалыптастыру үрдісі мен бағалардың сақталуына бақылау;
3. Баға теориясы және оны тәжірибеде қолданылу.
4. Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру
функциясымен бірге іс-әрекет жасай білу.
5. Жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың
жинақталуын іс-жүзіне асыру.

І. Тарау. Баға құрылымы. Бағаның қалыптасуындағы теориялар
1.1. Баға қалыптастыру стратегиясының түсінігі
Баға қалыптастырудың ең маңызды принциптері төмендегілер болып
табылады.
Бағалардың дәлелділігі: бағаларды қалыптастыру кезінде әділ
экономикалық заңдарды есепке алу қажеттігі. Бағаларды бекітуге қолданыстағы
бағаларға, сұраныс пен ұсыныстардың байланысына, басқа нарықтық факторларға
қатысты мәліметтерді ұқыпты түрде жинау мен талдау әсер етеді.
Бағалардың мақсатқа бағыттылығы: бағаларды қалыптастыруға таңдап
алынған тәсілдерді пайдаланудың нәтижесінде нақты экономикалық және
әлеуметтік міндеттемелерді анықтау.
Бағаны қалыптастыру үрдісінің үздіксіздігі: әрбір сатыда бағаларды
анықтау. Одан бөлек, нақты нарықтық жағдайда біздің қызметімізге
қолданыстағы бағалардың тұрақты өзгеруі енгізіледі.
Баға қалыптастыру үрдісі мен бағалардың сақталуына бақылау жасаудың
бірлігі: баға қалыптастыру ережелеріне сәйкес бекітілген бағалардың
қолданылу дұрыстығын тексеру.
Нарық жағдайында баға қалыптастыру көптеген факторлардың өзара әсеріне
ұшырайтын аса күрделі процесті білдіреді. Баға қалыптастырудағы ортақ
бағытты, компанияның нарықтық позициясын нығайту және көрсетілетін
қызметтердің сапасын арттыру, жүзеге асыру көлемін ұлғайту мақсатында жаңа
және бұрын көрсетілген қызметтерге баға анықтаудағы негізгі принциптерді
таңдау маркетингтің негізінде қамтамасыз етіледі. Бағалар мен баға саясаты
біздің компаниямыздың маркетингін құрайтын негіздердің бірі ретінде орын
алады.
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы – баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы
болып табылады.
Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және
нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын.
Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде
қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы.
Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
- Баға теориясы;
- Баға жүйесі;
- Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
- Индуктивті;
- Дедуктивті;
- Диалектикалық
Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің
әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін
қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды
дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық
баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн
екі жақты сипатталады:
• Сандық;
• Сапалық;
Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға
кеткен еңбек мөлшерімен анықталады.
Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік
қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау
мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.
Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында
ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.
Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек
шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда
болады. Оған жататындар:
• Сұраныс және ұсыныс қатынасы бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін
қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі;
• Әлеуметтік факторлар бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін
мемлекеттің араласуы;
• Мода және тауар болашағы факторлары, көбіне бұл жайлар монополиялық
өндіріспен сәйкестенеді;
• Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары кейбір ұлттардың
тағамдық ерекшеліктеріне байланысты.
Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден
қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.
Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және
олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық
факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін
беделдік жайлар, ал , үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып
табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп
қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.
Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит
пен Рикардоның ойынша, тауар құны оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен
анықталады деп есептеген. Адам еңбегі тауар құнының субстанциясы, қайнар
көзі. Сондықтан да классикалық мектептің өкілдері еңбектің құн теориясының
негізін қалады. Оны кейіннен К.Маркс дамыта түсті.
Егер К.Маркс өзінің барлық зерттеуін тауардың еңбек құнын талдауға
арналса, Батыс елдердегі экономикалық ойдың өкілдері: мейлі либерализм,
неолиберализм, кейнстік, неокейнстік, радикализм – барлығы дерлік бағаның
шығуын зерттеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Батыс пен Ресей экономикалық
теория өкілдері ағылшын эеономисі Альфред Маршалл және ресей ғалымы
М.И.Туган-Барановский құндық теорияны шекті пайдалылық теориясымен қосты.
Осыдан, құн мен баға – ұқсас ұғымдар, алайда біркелкі, пара пар деп
түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді, ал жекелеген
тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан ауытқуы мүмкін. Себебі
оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, сиректік, сән, инфлияция және т.б.
факторлар ықпал жасайды. Баға – тауар құнының ақшалай өлшемінің
модификациясы.
Ақша-несие саясаты мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып
табылады. Соның ішінде төлем балансын іске асырудағы маңыздылығын баса
айтып өткен жөн. Ақша – несие саясаты - нарықтық экономиканың тірегі
ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді.
Ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен
елдің банктік пайыздыі ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін
анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне
немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика
секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы,
төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін
таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Экономикадағы баға жүйесі. Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық
бағалар бір-бірімен байланысты және өз-ара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе
көптеген нарықтық фактордың әсерінен әр уақыт қозғалыста болады. Баға
жүйесі жеке өзара байланысты баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың
байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне ұқсас байланыстық принципі
құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық жүйеге автоматты түрде
өзгертулер енгізіледі.
Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:
• Көтерме сауда бағасы;
• Сатып алу бағасы;
• Бөлшек сауда бағасы;
• Жүк көлік қызмет көрсету тарифі;
Кәсіпорынмен баға стратегияларын таңдауда келесі жағдайлар мүмкін.
1 Жағдай. Фирма тауарға бағаны бірінші рет орнатуы керек. Бұл жағдай
фирма өзінің жаңа тауарын ішкі нарыққа шығарғанда, немесе дәстүрлі тауарды
сыртқы нарыққа немесе нарықтың жаңа сегментін қолданғанда іске асады.
2. Жағдай. Бәсекелес өзінің тауарына бағаны өзгертіп жіберді, бұл
жағдай фирманың бәсекелестің бұл қадамына әсер етуге мәжбүр етеді және де
келесі мүмкін қызметтерді талдау негізінде сәйкес шешімдерді қабылдайды:
- өз тауарына баға өзгерту арқылы жауап беру;
- қандай дәрежеде жаңа бағаны бекітуді анықтау;
- жаңа баға орнына қандайда бір басқа бағалық емес стратегияны
қолданып, бәсекелестің бағаны өзгерткен жағдайын бір қалыпқа келтіруіне
себепкер болады.
Өте күшті бәсекелестік жағдайда бәсекелестермен бағаның өзгеруіне
фирма әсері өте жылдам болуы керек. Осыған байланысты фирмалар бағалық
шешімдерді қабылдауда алдын-ала дайындалған бағдарламалармен әсер білдіруі
керек.
3 Жағдай. Фирма өз тауарын деген ағымдағы баға шығындар тарапынан, не
сұраныс тарапынан немесе екеуінің де тарапынан да дұрыс жолда екендігіне
күмәнданады. Мысалы, сатып алушылар көп төлеуге дайын; қомақты шығындар
үлесі нәтижесінен жеткілікті пайдалылық қамтамасыз етілмеген; тауар
ескірді; күшті инфлияция байқалады және т.б..
4 Жағдай. Фирма сапасы бойынша сараланатын тауарды өндіреді. Бұл
тауарлар арасында сұраныс және шығындар бойынша байланыс бар. Әр тауар
варианты бойынша жақсы сатылымды қалыптастырып, пайдаға қол жеткізуде
оңтайлы бағаны анықтау қиынға соғады.
1.2. Бағаның мәні мен атқаратын қызметтері
Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны
процесінің өзгеруінде байқалады және әр түрлі өнімді өндіру қалай немен
жүзеге асқанын көрсетеді.
Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп,
өнім ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға күш салады. Бағаның
осы қызметі біріншісімен етене байланысты.
Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші қызметі
сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде
байқалады.
Бағаның бұл қызметі нарықтың, тепе-теңдік сақтағанда, тұтыным мен
өндірісті теңгергенде байқалады.
Ақпараттық. Баға тұтынушыға сатушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы
белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша алғысы келетіндігін баяндайды.
Екінші жағынан сатушылар сатып алушылардың төлем қабілеттігін немесе
өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
Қазақстанда ТМД елдері бойынша банктік қызмет көрсету жүйесін әлемдік
стандарттар бойынша жүзеге асыруға және қаржы экономикалық дағдарысқа
қарсы тұруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйесі (О.А. Жандосов
пікірінше, нақты жағдайда есеп айырысуды жүргізетін ірі төлемдер жүйесі; әр
жолғы төлемдер клиенттік аударымдар, карточкалық төлемдер және т.б. келесі
күнге есеп айырысумен; бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу, корпоративті
қоса алғанда) әрекет етеді.
Банк функциясының ішкі нысаны – төлем айналымы бойынша әсері –
банктердің халықаралық төлемдер және ақша аудару операцияларын жүргізуден
тұрады, сондықтан аталған функция халықаралық құқық аясында қарастырылады.
Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:
1) ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар
(мемлекеттік және жеке тұлғалардың);
2) капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар -
тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
3) тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ
(халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
4) қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің
өзгерісі.
Қазақстанда ақшалардың төлемдері және аударымдары негізінен банктер
арқылы жүзеге асырылады, сонымен бірге бұл қатынастар Қазақстан
Республикасының банктік заңнамасымен реттеледі. Соның мысалы ретінде,
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Заңы жеке
және заңды тұлғалардың, оның ішінде банктік корреспонденттердің олардың
банктік шоттары бойынша тапсырмасымен есеп айырысуды жүзеге асыру
белгіленген және аударым операциялары банк операцияларын жатқызады. Сонымен
қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Заңында Қазақстан
Республикасында төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәртібін, жүйесін
және нысанын айқындайды, ұйымдастырады, сондай-ақ Қазақстандық теңге мен
банктер арасындағы аударымдардың уақытылы және кідіріссіз жүргізілуін
қамтамассыз ететін төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге
асырады, банктердің қолданылатын автоматтандырылған жүйелерінің сенімді әрі
қауіпсіз болуын және банк ақпаратының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ең
төменгі талаптарды белгілейді.
Қазақстанда төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырудың тәсілдің заңнама
актілермен және олардың негізінде қабылданған құқықтық актілермен, оның
ішінде Қазақстан Ұлттық банкі актілерімен белгіленеді. Ақша төлемі мен
аударымын Қазақстан Республикасынан аумағынан тыс жерде ұлттық валютамен
де, шетелдік валютамен де жүзеге асыру кезінде, сондай ақ Қазақстан
Республикасы аумағында валюталық заңнама талаптарын сақтаумен шетелдік
валютамен ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру кезінде белгіленген
нысандағы бланктерде ақша аударуға өтініш пайдаланылады, ол ақша аудару
туралы қызмет көрсететін алушы банкке жөнелтушінің төлем тапсырмасы болып
табылады. Ақшаны аудару өтінішіне банктің аталған өтінішті өңдеу не
Қазақстан Республикасы заңнамасы талап ететін жағдайлар үшін оған қажетті
деген жөнелтуші туралы қосымша мәліметтерді қосуға болады.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға
ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына
байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы
ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының,
аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік
тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы:
қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек
сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы
қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл
функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы, ҚҚС және басқа да салықтық
сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын
қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.
Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік
немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенменде, баға-
үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-
несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.
1.3. Баға функциясы
Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар
кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы
мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды
теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие
тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін
төмендетеді.
Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен
бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі
сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.
Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа
функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда
баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-
бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы
болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.
Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта
үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функцияларын
атқарады.
Өлшеу функциясы. Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін, ал сатушы
сатылған тауар үшін алатын ақша саның анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын
және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін
ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.
Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде деп танылған еңбек
шығындары мен оның пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде сипат береді.
Баға қоғам үшін қандай да бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру
қандай шығынға ұрындыратынын көрсетеді. Баға тауарлар мен қызметтер
өндіруге қаншалықты еңбек күші, материалдар мен шикізаттар жұмсалатынын
анықтайды.
Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде
танылады: өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен
байланыстыра ұсыным мен сұранымды теңестіреді. Ол ұсыным мен сұраным
арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады және
олардың арасындағы сәйкестікке жету үшін икемді құрал болып табылады.
Сұраныс тауарға деген сатып алушы қажеттілігін оның сол тауарды сатып алу
мүмкіншілігін ескере отырып айқындайды, ал бұл жағдай нарықтық баға мен
сатып алынатын тауар арасындағы кері байланыспен сипатталады. Бағаның
төмендеуінде тауарларға сұраныс ұлғайады. Сұраныс өсуінде бағалар тез
жоғарлайды.
Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі
тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта
айқындалуымен түсіндіріледі.
Үлестіруші (қайта үлестіруші) функция әртүрлі факторлар әсерінен тауар
бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды
үлестіру және қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік топтар,
ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және
сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың, сала табыстарын реттеу жүзеге
асырылады.
Өндірісті ұтымды орналастыру критерийі ретіндегі баға функциясы . Бұл
функция келесіде сипатта айқындалады: жоғары пайданы алу үшін баға
механизмі арқылы экономиканың бір секторынан екінші секторына және ең
жоғары пайдасы бар жеке секторлардың ішіне капиталдардының құйылуы.
Капиталдарды қайта үлестіру сұраныс және ұсыныс заңдарымен, бәсеке әсерінен
жүзеге асады. Капиталдардың мұндай құйылуы бәсеке және сұраным ықпалымен
кәсіпорындар, фирмалармен жүзеге асады. Тек кәсіпорын ғана қызметтің қай
түріне, экономиканың қай саласына өз капиталын салу керек екенін дербес
шешеді. Бұл жағдайға терең маркетингтік зерттеулер, барлық нарықтық
факторларды, оның ішінде бағаларды да, зерттеу жүргізу қажет.
ІІ-Тарау. Бағаны тұрақтандырудың модельдері
2.1. Бағаны мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік Реттеу – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірге қатысу
нысандарының бірі, мемлекеттің жалпы мемлекеттік ресурстарды бөлуге және
үйлесімділікті қалыптастыруға тікелей немесе жанама түрде ықпал етуі.
Тікелей экономиканы реттеуде секторларды, салаларды, аумақтарды,
кәсіпорындарды өтеусіз қаржыландырудың алуан түрлері пайдаланылады. Бұған
қарыз, демеуқаржы, жәрдемақы, бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан
төленетін үстеме ақы, арнаулы қаржы, жеңілдікті несие және салық
жеңілдіктері жатады.
Жанама экономиканы реттеуде несие-ақша, салық, амортизация, валюта,
сыртқы экономика, кедендік-тарифтік саясаты сияқты тетіктер пайдаланылады.
Осы тетіктердің көмегімен экономика мүдделер мен ынталандыруға әсер ете
отырып, мемлекет тікелей өндіріс пен тұтынудың өзіне емес, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің өндірушілер мен тұтынушылар ретіндегі іс-әрекетіне
ықпал жасайды.
Нарық жағдайында бағаны мемлекеттік реттеу белгілі бір жүйемен
жүргізіледі:
Үкімет органдары тарапынан бағаларды бақылап отыру. Оның мақсаты –
еңбек ақы мен зейнетақының жылма-жылғы номинальды көтерілуінің индексін
белгілеу үшін өмір сүру құнының өсуін, сонымен қатар, бағаның көтерілуі
өндіріс шығындарына және ұлттық бәсекелестік қабілетіне қалай әсер ететінін
анықтау. Бақылаумен орталық статистика басқармасы айналысады.
Бағаға жанама әсер ету. Оның мәні сыртқы саудада белгілі бір сандық
және кедендік шектеулерді немесе алып тастауда, есеп нарқын өзгертуде,
салықтардың түрін өзгертуде, ақша эмиссиясының мөлшерін көбейтуде немесе
азайтуда тұр.
Бағаны белгілеу мен тұрақтандыру процестерінде мемлекеттік араласу.
Бұл арада әңгіме мемлекеттік органдар рұқсат беретін өндіріс шығындарын тым
арттыру, яғни өзіндік құнға тым арттырылған амортизациялы шығындарды
кіргізу және басқа қорларға аудару туралы болып отыр.
Бағадағы жетекшілік. Бұндай құбылыс тауарлар немесе қызметтерді
өндіретін мемлекеттің үлесі едәуір салаларда байқалады. Бұндай жағдайларда
мемлекеттік органдар тауарлар мен қызметтерді өндіруші фирмалармен келісім
бойынша шартты баға белгілейді, кейін ол баға бүкіл өндіріс саласы үшін
негізгі баға болып табылады.
Бағаға тікелей мемлекеттік әсер ету. Оны жеке өндірушілердің
шығындарын азайту үшін жұмсалатын мемлекеттік жәрдемақы құрайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын
дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану
арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл
атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта
түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда
халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта - теңгені
нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған
валюта қорлары құрылады. Ұлттық валюталық жүйенің шегінде ХВҚ арқылы
мемлекет аралық реттеу объектісі болып саналатын валютамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар
Экономикалық болжаудың мәні
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
Экономика пәнінен дәрістер
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Рынокты мемлекеттік реттеу механизі
Пәндер