Еліміздегі жаңа дамып келе жатқан бағалы қағаздар рыногының кемшіліктері және осы проблемалармен қалай күресу


Жоспар
Кіріспе. . . . 3
І бөлім. Бағалы қағаздар. Бағалы қазғаздар нарығы . . . 4
1. 1. Бағалы қағаздардың мәні, түрлері . . . 4-10
1. 2. Бағалы қағаздар нарығы . . . 11-14
ІІ Бөлім. Бағалы қағаздар рыногында мемлекеттің іс-әрекеті. . . . 15 2. 1. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу . . . 15-18
2. 2. Бағалы қағаздар рыногының құрылымы мен қор биржасы . . . 19-24
ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы . . . 25
3. 1. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жағдайы . . . 25-28
3. 2. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығы дамуының негізгі көрсеткіштері . . . …… . . . 29
Қорытынды. . . . 30-31
Пайдаланылған әдебиеттер. . . . 32
... жалғасыКіріспе
Қалыптасып жатқан қаржы нарығының ең мазңызды элементі - бағалы қааздар болып тадылады. Оны акционерлік қоғамдар мен банктер акция, облигация, вексель, сертификттар және тағы басқа түрінде шығарады.
Нарық - күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Ал бұл механизм несиеге негізделген қысқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме - экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі. Мен өзімнің курстық жұмыс негізгі бөлімінде бағалы қағаздар нарығының түрлеріне, ұғымы мен негізгі қызметтеріне тоқталып кеттім. Олар бөлінуіне қарай мемлекеттік және муниципальдық, корпоративтік болып үшке бөлінеді . Бағалы қағаздар негізгі қызметтері бюджеттік кемшіліктерін толықтыру, арнаулы бағдарламаларды қаржыландыру, экономиканы реттеу, соның ішінде коммерциялық банктердің жұмысын реттейтін бірден - бір құрал болып табылады. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар рыногының Қазақстанда қалыптасу тарихына тоқталуды жөн көрдім.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты - еліміздегі жаңа дамып келе жатқан бағалы қағаздар рыногының кемшіліктерін және осы проблемалармен қалай күресу керек екенін көрсетілді. Үкіметтің бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасының басты іс шараларын жаздым. Осы курстық жұмысымның басты мақсаты бағалы қағаздар рыногының қалай дамыту керек жолдарын және оның мемлекеттік реттеудегі рөлі.
1 бөлім. Бағалы қағаздар. Бағалы қағаздар нарығы.
1. 1. Бағалы қағаздардың мәні, түрлері .
Бағалы қағаздар - иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы кағаздар табысты иелеріне дивидент түрінде әкеленеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы” 1996 жылғы 21-ші сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде бағалы қағаздар нарығы айналымына акция, облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер, жинақ пен депозит, сертификаттарды және вексель жіберіледі.
Бағалы қағаздар ережесі бойынша оларды нарыққа еркін сату ҚР 1997 - ші жылғы 15-ші наурыздағы “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңына сай жүргізіледі. Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек облигация ие бола алады.
Облигация - (ол) сатушылардың ақша қаржыларын куәландырады. Сондай - ақ номинальды құнның толтырылу міндеттілігін қуаттап, оның белгіленген уакытта мөлшерлі пайызын кайтаруда ескереді. Пайыз салымның белгіленген мерзімінде тең порциямен төленеді. Кейбір облигацияларды пайыз арнайы етілмейді. Облигацияны жабу кезіндегі сатып алынған бағасы мен иесіне сатылған баға айырмасы ретінде төленеді.
Облигацияның бірнеше түрі бар: мемлекеттің ішкі және жергілікті займ облигациясы, мақсатты займдар облигациясы, аймақтық облигация және кәсіпорын (фирма) облигациясы. Облигация әртүрлі болып шығарылады: өзіндік және талап етушіге, пайыздық және процентсіз (мақсаттық), еркін айналыста және шекті айналыс шеңберінде. Бұдан басқа мемлекет әртүрлі қазыналық міндеттемелер түрін шығарады. Бұл тұрғындардың өз еркімен мемлекеттік бағалы қағаздарды салу түрлеріне жатады және олардың ақшалай қорын бюджетке ұстаушыларды куәландырады. Куәландырған құжат нарығы табысты бағалы қағаздардан белгіленген барлық мерзімде алып тұру құқына ие етеді. Қазыналық міндеттемелердің мына түрлері бар: ұзақ мерзімді, орташа мерзімді, қысқа мерзімді.
Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелерді алушылар үгітін мемлекет 5-ден 25 жылға дейін шығарады. Бұл қазыналық міндеттемелер бойынша табысты жыл сайын купонмен төлейді немесе міндеттемелерді номиналға жыл сайын төлем жасамай - ақ пайыз төлеу арқылы жабуды көздейді.
Орта мерзімді қазыналық міндеттемелер 1 жылдан 5 жылға дейін шығарылып, купонға ие болмайды.
Қысқа мерзімді міндеттемелер иелеріне 3 және 6, 12 айға шығарылады. Бұл міндеттемелер купонға ие емес және олардың жабылуы (жойылуы), оған жазылған пайыз көлемінде қосып, сатып алу жолымен жүргізіледі.
Сондай - ақ басқа да бағалы кағаздар түрлері бар. Бұл депозиттер мен жинақтык сертификаттары.
Депозиттік сертификат - банк шығарған ақша нарығынын инструменті. Жедел депозиттік ақша нарығының түскен мерзімін белгілейді және проценттік ставкасы да бар. Оны инвестор, кәсіпорын, ұйымдар кеңірек қолданылады. Себебі сертификат жеңіл ауысатын (алмасатын) қысқа мерзімді инвестициялық инструмент болып табылады. Депозиттік сертификат банкте сақталады және қаржылық емес корпорациялар уақытша бос, еркін қор ретінле сақталғандықтан сатып алады.
Жинақтық сертификат - несие мекемесінің ақша қорын депозитке салу жайлы куәлік. Депозиттің белгіленген мерзімі өткен соң, пайызбен қоса салушыға алу үшін құқық беретін құжат. Сертификатты Ұлттык банк немесе басқа банк береді. Бұл кезде сертификат белгілі уақытта алынатын келісімнің проценті болып табылады. Жинақтық сертификаттар атаулы (есімді) және талап етушіге жіктеліп беріледі. Атаулы (есімді) сертификаттар айналымда болмайды және оларды сату жарамсыз болып табылады.
Чек - қайта түрде бекітілген құжат. Онда белгілі адамдардың есеп - шотынан көрсетілген соманы төлеу жайлы банкке нұсқау жасайды. Чекті ақшалай және есептесу деп бөледі. Ақшалай чекпен банктен нақты ақша алады. Есептеу чегі арнайы банкте жазбаша толтырылған банкке берілген тапсырыс. Чек беруші есеп - шотынан чек ұстаушы есеп - шотына ақшалай төлемді жүргізу және нақты емес есептесу ретінде де қолданылады.
Чекті бірнеше түрлері бар: банктегі акцептелген және акцептелмеген, лимиттелген және лимиттелмеген чектік кітапшалар. Олармен төлем жүргізгенде үнемі қалдық лимит көрсетіліп, чекті қолдануға бақылау күшетіледі, депозитке салынған жоғары төлеу сомасына көшірме чек берілмейді. Соңғы кезде ішкі шаруашылық чекі кең етек жаюда. Оның негізгі жұмысы кәсіпорындардың ішкі бөлімімен өзара есеп жүргізу.
Қазақстан Республикасында қытырлаған қупюрдың орнына пластикалык карточка ендіру жобасы жасалды. Бұл төлемнің ақшасыз жүйесін жеңілдеткен болар еді. Жобаны қысқа мерзімде ендіру көзделуде. Алдыменен еліміздің барлық облыстық орталықтарынан бастау жүзеге асырылмақ еді. Бағалы қағаздардың ерекше түріне вексель де жатады.
Вексель - шартты түрдегі вексель берушінің жазбашы қарыз міндеттілігі және белгіленген мерзімнен соң вексель (иегеріне) ұстаушыға бережақ ақша сомасын төлеу. Вексель қатаң белгіленген түрде құралады. Ол өзінің иегеріне онда көрсетілген ақша сомасын талап етуіне құқық береді. Вексельдік міндеттемелер қысқа мерзімге беріледі. Әдетте бір жылға, көбінесе бір-екі айда бір рет болады. Вексель көбіне коммерциялық несиеге қызмет жасайды, ал вексельдік айналым кезінде ақшаны ауыстырады. Вексельді басқа адамға беру, индоссамент (индоссамент - жай және аударылатын векселдерді табыстау формасы) түрінде қол хат арқылы жүргізіледі. Вексель өзінің түрі жағынан жай және аудармалы болып бөлінеді. Жай вексель - бір немесе бірнеше адамдардың жазбаша міндеттілігі және белгілі ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеу. Жай вексель ынтымақтастык жауапкершілікпен бірнеше адамға берілуі мүмкін.
Аудармалы вексель (тратта) - бір адамның екіншіге берген жазбаша түрдегі бұйрығы және үшінші адамда белгілі ақша сомасын көрсетілген мерзімде төлеуі. Аудармалы вексель уақыты көрсетілмесе, талап еткен де ақысы төленеді. Аудармалы вексель көп мөлшерде тараған. Вексельдің түрі шығаратын елдің зандарымен айқындалады. Вексель сыртқы саудада несие - есептесу қатынастарын іске асыру құралы түрінде кеңірек қолданылады. Банк займдар бергендегі банктердің өзара қатынастары вексель түрінде жүргізеді. Банк акцептері банкке қойылған (аудармалы вексель және оның акцептелгені) кең көлемде тарауы белең ала бастады. Банк акцептерінің сенімділікке ие болуы халықаралық төлем құралы ролін дұрыс атқаруға ықпал жасады. Вексельдік айналым нарық тығыздылығы жағдайында кең шеңберде тарауы мүмкін. Ол кезде тауар өндіруші тауар тұтынушыға таласып, тіпті оған тауарды қарызға беруге дайын.
Ұлттық банк 1994-ші жылы сәуірде қазыналық векселъдің бірінші аукционың өткізіп, оны үш ай мерзімде жабуды белгіледі. Векселъдер дисконтталған бағамен өткерілді немесе номинальды құннан төмен бағамен жүргізілуі. Сатып алу бағасын аукционға қатысушылар өз ұйғарымымен анықтайды. Мұндай аукционның мән - мағынасын бағалау өте қиындау.
Біріншіден, қысқа мерзімді міндеттемелерді шығару - Қазақстан үкіметі тәжірибесінде бірінші ірі өркениеттілік қадам боп табылады. Сондыктан бюджет тапшылығын жаңа ақшаны басып шығару тәсілімен емес, жеке және құқықтық тұлғалар займ қорлары жабу, екіншіден, қазыналық вексельдер аукционы Ұлттық банк тәжірибесінде ақша-несие саясатының жаңа инструментін - екінші бағалы қағаздар нарығы операциясын - өндіруге ықпал жасады. Бұл екінші бағалы қағаздар нарығы операциясы ақша массасының көлеміне әсер етеді. Екінші бағалы қағаздар нарығы вексель иесіне кез келген уақытта өзінің ақшасын қайтарып бере алады және үш ай мерзімін күттірмей - ақ пайыз өсімімен бергізеді.
Бағалы қағаздардың келесі түрі акция болып табылады.
Акция - акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайда салғанын қуаттайтын бағалы қағаз және оның иесіне (акционеріне) пайданың бір бөлігін дивидент түрінде алу құқын береді. Акцияны акционерлік қоғам, кәсіпорын, үйымдар, коммерциялық банк, кооперативтер мен басқа да мекемелер шығарады. Олар ұжымдық меншікке негізделген немесе толық мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция бағалы қағаздар нарығы - қор биржасында сатылады және сатып алынады. Акция бұл процесті биржалық емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты бағасы (нарықтық курсы) акционерлік қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты өзгереді. Сондай - ақ алынатын дивидент мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне байланысты да өзгереді.
Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы. Еңбек ұжымының акциясын мемлекеттік кәсіпорындар (бірлестіктер), арендалы, ұжымдық кәсіпорын, кооператив және қоғамдық ұйымдарға жататын кәсіпорындар шығаруға құқылы.
Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана таратылады. Оған қатысы жоқтарға таратылмайды.
Акциялы кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылыкты көздейді:
біріншіден: көбірек пайда табу үшін, тұрғындарды қосымша қаржы салуға жұмылдыру, екіншіден кәсіпорын жұмысшыларын басқару процесіне барынша тарту. Себебі кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.
Акционерлік қоғамның акциясы кәсіпорын мүлігінің барлық сомасына немесе жарғы қорына шығарылады. Сондықтан кез келген меншіктегі кәсіпорын акционерлік түрге өзгереді. Бұл қоғамның акциясы оған еркін жазылу арқылы таратылады. Кейде барлық акцияны құрылтайшылар арасында өзара бөледі. Олар есімді және көрсетілген болып та шығарылады. Бір қолдағы қорлардың көп болмауы үшін және акционерлік қоғамнан бақылауды жоғалтпау үшін есімді акциялар қолданылады. Алайда бұл да сенімсіз, себебі оған қатысы жоқ адамдар болуы да әбден мүмкін. Әлемдік тәжірибе бұған қарсы өте тиімді тәсіл белгілі. Мысалы, АҚШ-да бір компанияның 5 %-тік акциясына иесі оған ай сайын оның сатып алу-сату жайында есеп беріп отырады.
Әрбір есімді акцияның қозғалысы акцияның тіркеу кітабында белгіленеді. Акция бланкісінде есімді акция ұстаушының аты-жөні көрсетіледі. Акция бланкінің көрсетілген түрінде оны ұстаушының аты-жөні жазылмайды. Акция тіркеу кітабында жалпы шығарылған акцияның көрсетушіге қатыстысы ғана белгіленеді.
Акционерлік қоғам - кәсіпорын, ұйым мен мемлекеттік орындардың еркін біріккен түрі. Ол акциясын айналымға шығару арқылы өзінің босаған қаржы ресурстары мен еңбекшілердін сақтық қорын орталықтандыруға жұмылдырады. Акционерлік қоғам өз жарғысы негізінде жұмыс жасап, кез келген шаруашылық саласында құрыла алады. Сондай - ақ, қаржы мен өндірістік - шаруашылық қызметпен айналысатын күрделі ұйымдардың да негізі бола алады. Бұған жетекшілік жасау басқарма, директордың бақылау кеңесі және басқа да ұжым түрлері арқылы жүргізіледі. Басқарудың ең жоғарғы түрі - акционерлердің жиналысы болып табылады. Акция мөлшеріне қарай пропорционалды түрде әрбір акционердің жиналыста алатын өз дауысы бар. Акцияны ұстаушы өз өктемдігін жүргізу үшін, акцияның көп мөлшеріне ие болуы қажет. Егер ұстаушы акцияның 50% - дан астамын иеленсе, онда ол акция бақылау пакетіне ие болады. Акционерлік қоғамы басқаруға және толық бақылауға 20% мөлшердегі акция да жетеді.
Акционерлік қоғамның басты қызметі - уақытша босаған ақша “орын өндірісті ұйымдастыру мен көптеген жұмыс түрлеріне жұмылдыру болып табылады. Акционерлік қоғам акцияны әртүрлі номинальды құнмен шығарады және дауыс саны да әртүрлі болады. Акция иесі акционерлік қоғамның пайдасы, ал облигация иесі - оның кредиторы (несиегері) болып табылады. Акционерлік қоғамның пайдасы акционерлер арасында табыс, дивидент түрінде бөлінеді. Акция иесі акционерлік қоғамнан өзінің салған капиталын талап етуге құқығы жоқ. Қоғам жабылғанда иегер акцияға салынған қаржыны номинальды бағамен ғана алады.
Акционерлік қоғамның екі түрі бар. Акциясы құрылтайшыларда болып, еркін нарықта сатылмайтын түрін “жабық” дейміз. Акциясы еркін сатылатын және сатып алынатын түрін “ашық” дейміз.
Қазақстан Республикасында реформалық процессті жүргізудің және әлеуметтік - экономикалық қатынастар жүйесін қайта құрудың арқасында 1991-ші жылдан бастап акционерлік процесс қолға алына бастады. Дағдарыстың күшеюіне қарай бұл процесс өте ауыр өтеді. Сондай - ақ оның экономикада қалыптасуы мен қарқында дамуы айқын байқалуда. Ең бастысы ассоциация кұрылтайшылардың қатысу үлесіне қарай ірі кәсіпорындардан қалыптасады. Ең басты ұйымында “балалық” кәсіпорынның бақылау пакет акциясы қалады.
Қазақстан Республикасында 1996-шы жылға дейін 48 холдингтік компания болды. Өте белгілі холдинггер - “Камкор-холдинг” (Қазақ мемлекеттік автосервис пен сауда холдингтік компаниясы), “Казагрореммаш” (ауыл шаруашылық машина мен автосервис акционерлік холдинг компаниясы), “Интеркаспий”, “Каратау”, “Монтажспецстрой”. Акционерлік қоғам акциясын, жоғарыда айтқанымыздай кәдімгі және жеңілдетілген болып бөлінеді. Соңғы түрі табысты алуға құқықтық негіз болады. Жеңілдетілген (жеңілдік пайдаланатын) акция дивидентгі акция ұстаушыға тұрақты мелшерде төлеуге кепілдік жасайды. Дивиденд пайдадан төленеді, ал онын жетіспеген кезінде резервтік қор есебінен алынады. Кәсіпорынның жойылған кезінде жеңілдетілген акция иесі пайданың бір белігін сатылған мүліктен алады. Бағалы қағаздар иерархиясында компания акциясы облигациядан төмен болады, бірақ кәдімгі дауысқа түсетін акциядан жоғары. Алайда, жеңілдетілген (жеңілдік пайдаланатын) акция акционерлердің жалпы жиналысында дауысқа түсу құқына ие емес. Олар “дауыс бермейтіндерге” жатады. Сондықтан оның иесі акционерлік қоғамның басқару процесіне қатыспайды. Мұндай акциялар жаңа инвесторды тартуға қызмет жасайды.
Акцияның сатылу және сатып алу бағасын акция курсы дейміз. Егер ол көп болса, онда дивиденд те жоғары болып төленеді. Алайда, ақша капиталының иесі акцияны сатып алғанда, одан алған дивидентін қарыз проценті - табыспен салыстырады. Себебі банкке ақшаны сала отырып кепілдікпен алатынына толық сенімді. Процент деңгейі жоғары болса, акция курсы төмен болады және керісінше. Ол былайша анықталады: дивидент қарыз пайызы.
Дивидент деңгейі ауытқысы, оның көлемін анықтайтын бағыттар бар. Дивиденд пайыздан төмен болмауы қажет, себебі ол банктегі салымдар арқылы төленеді. Банк проценті кепілдендірілген, ол дивиденд тәуекелмен байланысты. Әйтпесе инвестор банкке салым салуға ыңғайланар еді. Дивиденд деңгейінде инфляция индексі мен тәуекел дәрежесі ескеріледі. Соңғысының сандық бағасын беру қиын, сондықтан да оның негізіне акционерлік қоғам тәуекелділік қорының жіберген пайызын есепке алады. Егер банктің салымдық процентін орташа 5% деп алсақ, инфляция индексі 7%, ал тәукелділік дәрежесі 5% болады. Онда дивиденд акцияның номинальдық құнының 17%-тей шамасын құрайды.
1. 2. Бағалы қағаздар нарығы.
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бері қарай қолданыла бастады. Сол кезеңде ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуымен байланысты сауданың аясы кеңіді, ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып қалғысы келген кәсіпкерлердің ірі капитал сомасына деген қажеттілігі туды. Оның үстіне теңізден шалғай рынок пен шикізат кезін игерумен байланысты орын алатын шығындарды жекелеген адамдар көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голланд компаниялары акционерлік қоғамы Ост-Индия, Грудзон бұғазы компанияларымен сауда жасаумен байланысты дуниеге келді. Міне осылар бағалы бағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды. Олардың акциялары күні бүгінге дейін Лондон мен Торонто биржаларыңда сатылуда XVI-XVII ғғ. Англиядағы акционерлік компаниялар капиталды көп қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
Бүгінгі таңда дүние жүзінің 60-тан астам еліңде шамамен 200 биржа бар, Солтүстік Америкада - 15 биржа (канадалық 5-уін қосқанда), Еуропада - 100-ден астам, Орталық және Оңтүстік Америкада - 20, қалғандары Африка, Азия және Австралияда. Дамыған капиталистік елде кем дегенде бір - бірден биржа бар. Биржалар жаңадан дамып келе жатқан индустриалды мемлекеттерде де бар (ең ірісі Гонконгта), сол сияқты Қытай мен Венгрияда бар. 31 биржа Халықаралық қор биржаларының федерациясына кіреді. Бұл федерацияның мақсаты барлық акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рыногының құрылымын үйлестіріп отыру болып табылады. Бастапқыда биржалар акциялар сатумен емес, үкімет пен темір жол компаниялары шығарған облигацияларды сатумен шұғылданады. Олар болса ірі машина өндірісінің инфрақұрылымын құруға қажетті қаражатқа мұқтаж болатын. Өткен ғасырдың аяғынан бастап акционерлік меншіктің кеңінен дамуы биржаларды акциялар сатуға мамандарды да облигациялармен жұмыс «көше» рыногына ауысты.
Сонымен, бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының бір бөлігі екен. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес), қарызды бір жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып (облигациялар, акциялар) олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нрығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуінен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы банктың кредит жүйесін толықтырады, өзара байланыста әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер бағалы қағадар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңада шығарылған бағалы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір блогы береді.
Бағалы қағаздар нарықтық маңызды бөлігі ақша нарығы болып табылады, онда қысқа мерзімді (бір жылға дейін) қарыз міндеттемелері бар казначейлік вексельдер (билеттер) айналыста болады. Ақша нарығы онда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшаларын табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққанды қаржы нарығының орын алуы мүмкін емес.
Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар нарығы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді. Яғни бағалы қағаздар нарығы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесін құрайды. Нарықтың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты.
Бағалы қағаздар нарығы тікелей алғашқы және қайталама нарықтан тұрады. Алғашқы нарықта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясы жүзеге асырылады. Оны қаржылық және қаржылық емес профильдегі әрқилы акционерлі: компаниялар шығарады. Алғашқы та бағалы қағаздардын тікелей инвесторлары коммерциялық және инвестициялык банктер, биржа фирмалары сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz