ИКМ-15 аспабы



Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
1 Жобалау үшін берілген мәліметтер

1. кесте. Байланыс желісінің аймағында кабельдің және ЦЖТ типтері

1.3 кесте. Байланыс желісі аймағының ұзындығы

2 Кабельдердің және аспаптардың қысқаша техникалық мәліметтері

2.1 ИКМ-15 аспабы

1) ИКМ-15 жүйесі бір кабельдік жұмыс режимінде КСПП 1х4х2 немесе КСПП
1х4х0,9 типті кабельдер бойынша ауылдық АТС арасындағы қосушы желіні
ұйымдастыру үшін арналған.
2) Желіге цифрлық ағынды тарату жылдамдығы-1024 кбитс.
3) Желідегі кодтың типі – екі деңгейлік екілік, кодтың типі – нөлге
қайтусыз (НҚ, NRZ). “0” символы кідіріс түрінде таратылады, “1” -
амплитудамен импульстер түрінде, Uимп=+3В тең, ұзақтықтарымен Тимп=Тт=977
нс тактілі интервалға тең.
4) 2.1 суретте тарату циклдың құрылымы көрсетілген. Циклда 16 арналық
интервалдар бар (КИ0-КИ15). Әрбіреуі 8 тактілі интервалдан тұрады (ТИ1-
ТИ8). КИ1- КИ15 арналық интервалдар ақпараттық болып табылады, ал КИ0 СУВ
сигналдарды, дискретті ақпаратты ДА, синхросигналдардың символдарын
(цифрлық-ЦСС, жоғарғы циклдық –ЖҚСС) тарату үшін арналған. Барлық
арналардың СУВ тарату үшін 16 тізбектелген циклдары бар жоғары циклы
ұйымдастырылады. ТИ1 КИ0 әрбір жоғарғы циклдың басында қабылдауда СУВ-ты
дұрыс үлестіруді қамтамасыз ететін жоғарғы циклдық синхронизацияның
сигналын таратады.

5) Қызымет көрсетілмейтін регенерациондық пунктердің (ҚКРП) сызықтық
регенератордың (РС) дистанциондық қоректену (ДҚ) тогы Ідқ=85 мА. ҚКРП-да
дистанциондық қоректену бір қабылдауында (ДҚҚ) ДҚ кернеуінің құлауы
Uқкрп=7В-ға тең. ДҚ блогының шығысында кернеудің максимал мүмкін мәні Uдқ
max=120 В шамасынан аспайды.
6) Құрал-жабдықтың комплектациясы. Шектік станция ШС бағаны (2
жүйеге), аралық станция АС (екі екі жақты сызықтық регенераторлар).

2.2 ИКМ–30 аспабы

ИКМ–30 аспабы бір және екі кабельдік нұсқалардың жұмысы кезінде Т және
ТПП типтегі төмен жиілікті кабельдердің жұбы 30 телефондық арналармен
тығыздау жолымен ҚАТС, ҚАТС және АХТС арасындағы қосушы желісінің алу
үшін арналған.
Бұл аспап жоғары реттегі цифрлық жүйелерді тарату үшін (ИКМ–120,
ИКМ–480, ИКМ–1920 және т.б) арнаны түзетуші ретінде қолдана алады.
ИКМ–30 аспабында 8 кбитс өткізу қабілеттілігімен бір цифрлық
арнасы бойынша және ТЖ бір арнаның орнына ұйымдастырылған 8 цифрлық арнасы
бойынша дискретті ақпаратты тарату мүмкіндігі қарастырылған. Аспап
құрамына:
1) Аналогты цифрлық құрылғысы (АЦҚ);
2) Сызықтық тракттың шектік құрылғысы (СТҚ);
3) Қызмет көрсетілмейтін регенерациондық пункт (ҚКРП);
4) Бақылау–эксплуатациондық құрылғылар комлексі (үйлескен құрылғылардың
бақылау пульттері (ҮҚБП), регенератордың дистанциондық бақылауы
(РДБП), қызметтік байланыс (ҚБП); кабельдік желінің өшу өлшеулері
(ҚЖӨӨ) және кванттау шуылдары (КШ); әмбебап нақтылық бақылау аспабы
(ӘНБА)).
2.3-суерт
2.4 сурет. АЦҚ таратудың құрылымдық сұлбасы
2.5 сурет. АЦҚ қабылдаудың құрылымдық сұлбасы

Аналогтық–цифрлық құрылғысы АТС аспабымен ИКМ–30 аспабын уйлестіруші
құрылғысының (ҮҚ) көмегімен түйіндестіру және дискретті ақпараттың кірісі
мен шығысы, 2048 кбитс жылдымдығымен топтық цифрлық ағынды тарату және
қалыптастыру, 30 телефондық сигналдардың аналогты– цифрлық және
цифрлы–аналогтық түрлендіру үшін арналған.
Сызықтық тракттың шектік құрылғысы сызықтық сигналды қабылдау және
қалыптастыру, қызметтік байланысты (ҚБ) ұйымдастыру, қызмет көрсетілмейтін
регенариоциондық пункттерді телебақылау және дистанциондық қоректену үшін
арналған.
СТШҚ конструктивті СТҮҚ стандартты бағанасында орналастырылған
комплекстер түрінде жасалған. Әрбіреуі үш цифрлық сызықтық трактқа қызмет
көрсетеді.

2.3 ИКМ–120 аспабы

1) ИКМ–120 аспабы МКС және МКСА типтегі симметриалы кабельдердің УЖ
бойынша екі кабельдік жүйелі қолдану кезінде жергілікті және
Ішкіаймақтық жерлерде арналарда ұйымдастыру үшін арналған.
2) Желіде цифрлық ағында тарату жылдамдығы – 8448кбитс.
3) Желіде кодтың типі – КВП-3 үшдеңгейлі код (бірлік таратудың жоғары
тығыздаумен коды). Бұл УПИ модификацияланған код. Иимп=+3В
амплитудасымен, тактілі интервалы жартысына тең ұзақтығымен
Тимп=TT2=59 нс таратылады.
4) 2.6 суретте тарату циклының құрылымы көрсетілген. Циклдың ұзақтығы 125
мкс тең, ол 1056 импульстік позициядан тұрады (тактілі интервалдардан)
және әрбіреуінде 264 позициядан 4 субциклға шартты бөлінген. ИКМ-120-
ға топтық сигналды қалыптастыру кезінде екі командалық басқарумен
екіжақты үйлестіруші жылдамдықтар қолданылады
5) ДҚ ҚКРП тогы IДҚ=125мА. ҚКРП-да бір ДҚҚ-да ДҚ кернеудің құлауы
UҚКРП=35В. ДҚ блогының шығысында кернеудің максимал мүмкін мәні U
ДҚmax=980В шамасынан аспайды. ҚКРП электрқоректенуі сызықтық
құрылғының бағанасынан (СҚБ) іске асырылады.
6) Құрал-жабдықтың комплектациясы. Екіншілік топтық түрлендіргіштің
бағанасы ( ЕТТБ) – ЕТТ 8 комплекстен, сызықтық құрылғының бағанасы
(СҚБ) –4 жүйеге 312-552 Гц жиілік жолағымен стандартты екіншілік
топтың аналогты-цифрлық түрлендіргіштің бағанасынан тұрады.
ҚКРП-4 типтегі қызмет көрсетілмейтін регенерациондық пункттер – 4
сызықтық регенератор (құдыққа орнату үшін), ҚКРП–8 ( грунтқа орнату үшін) –
8 сызықтық регенераторлар.

2.4 ИКМ-480 аспабы

1) ИКМ-480 аспабы 1,24,4 мм жұбымен МКТ-4 коаксалды кабельдерді
қолдану кезінде магистральді және Ішкіаймақтық желілерде
арналарды ұйымдастыру үшін арналған.
2) Цифрлық сигналдың тарату жылдамдығы - 34368кбитс.
3) Байланыстың максималды алыстығы – 2500 км.
4) Регенератордың күшею тізбегі 43-73 дБ шектеуінде аймақтың өшу
компенсациялауды қамтамасыз етеді.
5) Желідегі кодтың типі – КВП-3 немесе ЧПИ.
6) 2.8 суретте тарату циклының құрылымы көрсетілген. Циклдың
ұзақтығы 62,5 мкс тең, оның құрамында 2148 импульстік позиция
бар және әрбіреуінде 716 позициядан 3 топқа шартты бөлінген.
7) ҚКРП дистанциондық қоректену 200 мА тұрақты тогымен коаксиалды
жұптың орталық желі бойынша іске асырылады. ДҚ максималды
кернеуі 1300В тең. ДҚ секциясының ұзындығы 200 км шамасында.
8) ҮУТ құрылғысы арасындағы қызметтік байланыс цифрлық арналары
бойынша ЩРП арасында қызметтік байланыстың жоғары жиілікті
арналары бойынша, ал ҚКРП мен ШРП арасында – жұмыс кабель жұбы
бойынша 0,3-3,4 кГц спектрінде іске асырылады.
9) Телебақылау байланыстың үзіліссіз жұмыс жұбы бойынша іске
асырылады.
10) Құрал-жабдықтың комплектациясы.
11) Үшінші реттік уақыттық топтық түрлендіргіш бағанасы (ҮУТТБ)-ҮУТ
4 комплекте;
Сызықтық тракт құрылғысының бағанасы (СТҚБ) - 2 жүйеге;
Аналогты-цифрлық түрлендіргіштің бағанасы стандартты үшінші реттік
топтық жиілігі 812-1044 кГц;
Грунтқа орнатылған қызмет көрсетілмейтін регенеративті ҚКРП-2 пункті –
2 жүйеге;

2.7 сурет. МКТ-4 коаксиалды кабелі
МКСТ-4 қорғасын қабықшасында және МКТА-4 алюминий қабықшасында екі
негізгі кіші габаритті типтегі кабельдер қолданылады.
Барлық типтегі кабельдердің өзекшесінің конструкциялары бірдей. Ол
төрт коаксиалды жұптан, бес симметриялы жұптан және бір бақылау өзекпен
оралған. Әрбір коаксиалды жұп диаметрі-4,6 мм ұзын бойына жіппен
гофраланған тұтқа түріндегі сыртқы өткізгіштен тұрады. Бетінде қалыңдығы
0,1 мм 2 болатты лентадан тұратын экран болады және ішкі өткізгіш баллонды
полиэтиленді изоляциямен сыртқы өткізгіштен изоляцияланған. Коаксиалды
жұптың диаметрі 6,4 мм.
2.8 сурет. Тарату циклының құрылымы

2.5 ИКМ-1920 аспабы

1) ИКМ-1920 2,69,5 мм жұптармен КМ-4 коаксиалды кабельдерді қолдану
кезінде Ішкіаймақтық және магистральді желілерде арналарды ұйымдастыру
үшін магистральді желілерде арналарды ұйымдастыру үшін арналған.
Сызықтық тракт бір кабельдік сұлба бойынша ұйымдастырылады.
2) Цифрлық сигналдың тарату жылдамдығы - 139264 кбитс.
3) Байланыстың максималды алыстығы – 12500 км.
4) Регенератордың күшею тізбегі 45-63 дБ шегінде (69632 кГц жиілікте)
аймақтың өшу компенсациясын қамтамасыз етеді.
5) Желіде кодтың типі – скремблирлеумен КВП-3.
6) Циклдың ұзақтығы 15,625 мкс, оның құрамында 2176 импульстік позиция
және әрбіреуінде 544 позициядан 4 топ шартты бөлінген.
7) ҚКРП дистанциондық қоректену 400 мА тұрақты топпен коаксиалды жұптың
орталық өзек бойынша іске асырылады. Өзек максималды кернеуі 1700В
тең. Секцияның ұзындығы шамамен 240 км.
8) ЧВГ құрылғысы арасындағы қызметтік байланыс цифрлық арна бойынша,
аралық станциялар арасындағы қызметтік байланыстың ВЧ және НЧ арналары
бойынша іске асырылады. Телебақылау байланыстың үзіліссіз іске
асырылады.
9) Құрал-жабдықтың комплектациясы: төртінші реттегі уақыттық топтың
түрленуші бағанасы (ТУТТБ) - 4 комплектке; сызықтық тракт құрылғысының
бағанасы (СТҚБ) – 2 жүйеге; дистанциондық қоректену бағанасы (ДҚБ) –
екі жүйеге; теледидарлық хабарлау бір арнасына теледидарлық хабарлау
сигналдарын аналогты-цифрлық түрлендіргіш бағанасы; грунтқа орнатылған
қызмет көрсетілмейтін регенеративті ҚКРПГ-2 пункті – 2 жүйеге.

2.9 сурет. Коаксиальді КМ-4 түйісуі

Жалпы қабықша ішінде телесигнализация және қызметтік байланыс үшін бес
симметриялы төрттіктер мен төрт коаксиалды жұптар орналасқан.

2.10 сурет. Тарату циклының құрылымы

2.6 ТОТЖ аспабы

ТОТЖ аспабының комплексінде жұмыс істеу үшін типтік арнаны
түрлендіруші құрылғысы және ЦЖТ уақыттық топтық түрлендіру құрылғысы,
сонымен қатар қызметтік байланыс пен бақылау құрал-жабдықтарды қоса,
оптикалық сызықтық трактың спецификалық құрылғысы қолданылады.
“Соната-2” ТОТЖ аспабы ЦЖТ ИКМ-120 құрылғысын қолданумен жергілікті
желілерде АТС арасындағы қосушы желілерді ұйымдастыру үшін арналған. Желіде
ОК-50-2-5-4 типтегі гидрофобты толтыруымен градиенті оптикалық кабель
қолданылады (өзекшенің диаметрі-50мкм, өшу коэффициенті–5 дБкм, талшық
саны - 4). Толқынның сәуле шығару ұзындығы 0,85 мкм құрайды. Сызықтық
тракттың максимал ұзындығы – 80 км. Желіде мүмкін жалпы жоғалуларды
анықтайтын жүйенің энергетикалық потенциалы –50 дБ. Бір тұрушы каркаста
сызықтық жарықтанғыш тракттың құрылғысын 8 кассет және бағанаға қызмет
көрсету құрылғысы 2 кассет орналасқан. ООС құрамына тұрушы бақылау,
телебақылау және ТЖ бөлек арна бойынша қызметтік байланыс құрылғылары
кіреді. Желідегі коды – CMI (посылкалардың инверсиясымен екі деңгейлі код).
“Сопка-2” және “Сопка -3” ТОТЖ аспабы ТЖ 120 немесе 480 арналарға
сәйкес бір сызықтық тракт бойынша және сәйкесінше градиентті оптикалық
кабель бойынша екінші ретті және үшінші ретті цифрлық тракты ұйымдастыру
үшін арналған. Екінші ретті және үшінші ретті цифрлық ағындар ЦЖТ ИКМ-120
және ИКМ-480 құрылғыларында қалыптасады. Желіде ОЗКГ оптикалық кабелі
қолданылады (канализацияда немесе грунтта орнатумен Ішкіаймақтық желілер
үшін оптикалық кабель). Толқынның жарықтану ұзындығы –1,3 мкм. Сызықтық
тракттың максимал ұзындығы – 600 км. “Сопка-2” аспабы үшін энергетикалық
потенциал 43 дБ және “Сопка-3” аспабы үшін 41 дБ қабылданады. Желідегі коды
– 5В6В екілік типтегі. Қызметтік байланыс пен бақылау сигналдарын тарату
спектрдің төмен жиілікті бөлігінде ақпараттық сигналмен іске асырылады.
Оптикалық сызықтық тракттың құрылғысының бағанасының құрамына (СОЛТ-О-2
немесе СОЛТ-О-3) екі жүйені тарату үшін сәйкес құрылғылар кіреді. СТМ
қызметтік байланыс пен телемеханика бағанасы екі сызықтық тракттерге қызмет
көрсету үшін арналған. Сызықтық тракта құрамында екі жақты регенераторы
бар, КБ НРПГ-2-0-2 қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пункттердің
блоктардың комлекті орнатылады.
“Сопка-4” ТОТЖ аспабы ОМЗКГ немесе ОКЛ типтегі бір модалы оптикалық
кабельді қолдану кезінде төртінші ретті цифрлық трактты ұйымдастыру үшін
арналған. Толқынның жарықтану ұзындығы – 1,3 мкм. Кабельдің өшу
коэффициенті 0,7 дБкм. Сызықтық тракттың максималды ұзындығы 12500 км,
қызмет көрсетілетін пункттер арасындағы қашықтығы 830 км.
Жүйенің энергетикалық потенциалы 38 дБ. Сызықтық трактта 10В12В
типтегі код қолданылады.
Қызметтік байланыс пен бақылау сигналдарын тарату сол оптикалық
талшықтар бойынша ақпараттық сигналмен бірге іске асырылады. Сызықтық
регенераторлардың қоректенуі автономды қайнар көзінен іске асырылады.
Мысалы, радиоизотопты термоэлектрлік генератордан (РИТЭГ).
“Сопка-4” құрылғының құрамына ЦЖТ ИКМ-1920 құрылғысынан басқа СОЛТ-0-
4 пен СТМСС (екі сызықтық трактқа) бағанасы және НРПГ-0-4 қызмет
көрсетілмейтін регенерациондық пункттер кіреді.

2.7 Байланыс кабельдерінің параметрлері

Әдіспен сәйкес регенерация аймағының ұзындығын есептеу кезінде
байланыс кабельдердің параметрлерін мәндер қатарын білу қажет: өшу
коэффициенті, өтпелі өшулер, толқындық кедергі және т.б. Әртүрлі жиіліктегі
кабельдердің параметрлерінің нақты мәні сызықтық-кабельдік құрылысы бойынша
арнайы анықтамалық әдебиетте беріледі. Курстық жобаны орындау кезінде
төменде көрсетілген орташаланған мәндер мен жақындаған есептеулі қатынастар
қолданылады.
Көпжұпты төмен жиілікті кабельдер үшін өшу коэффициентінің
орташаланған мәні 2.1 кестеде көрсетілген (1024 кГц жиілігінде).
ТТ типтегі көпжұпты төменжиілікті кабельдер үшін толқындық
кедергісінің орташа мәні ZВ=110 Ом, ТПП типтегі кабельдер үшін ZВ=120 Ом.

2.1 кесте. Симметриялы және коаксиалды кабельдердің өшу
коэффициенттерін есептеу
Кабельдердің типі ((f), дБкм Zт, Ом
КСПП-lx4x1,2 5,6·( f + 0,23·f 130
MKCA-4х4х1,2 4,74·( f + 0,22·f 165
KM-4-2,69,5 2,43·( f + 0,0078·f 75

1стр металдық кабельдердің құрылыстық ұзындығы олардың
конструкциясына және сыйымдылығына байланысты, ол 1000 м-ден аспайды
(курстық жобада металдық кабельдердің барлық типтегі құрылыстың ұзындығы
1стр=825 м деп аламыз).
Байланыс желілерінде қолданылатын оптикалық кабельдердің түрлері.
Бірінші типтегі кабельдер үшін келесі маркировка қолданылады.
ОК-50-2-5-8: ОК- оптикалық кабель; 20-ОВ өзекшенің диаметрі, мкм; 1 немесе
2 - жетілдіру номірі; 3 немесе 5 - өшу коэффициенті; 4 немесе 8 – ОВ саны.
Бұл кабельдер 0,85 мкм толқынның ұзындығында қолданылады, ОК құрылыстық
ұзындығы – 1000 м. Өткізу жолағы 5 дБ-ге дейін өшумен 250 МГц және 3 дБ-ге
дейін өшумен 500 МГц шамасында.
ОКК типтегі кабельдер 1,3 мкм толқынның ұзындығында жұмыс істеу үшін
қолданылады және екі нұсқада өткізеді: 0,7 дБкм өшумен 50 мкм өзекшенің
диаметрімен градиентті ОВ негізінде; 1,0 дБкм өшумен 10 мкм өзекшенің
диаметрімен бірмодалы ОВ негізінде. ОВ саны 4,8 немесе 16 болуы мүмкін.
Онымен сәйкес маркировка былай болуы мүмкін: ОКК-1-01-0,7-8; ОКК-1-02-1,0-
16 және т.б. Бірмодалы ОВ үшін дисперсия 3,5 пс(нм*км) аспайды, градиентті
Ов кең жолақтығы 100 МГц*км. ОКК кабельдердің құрылыстық ұзындығы 2000 м.
Зоналық байланыс үшін грунтта орнату үшін оптикалық зоналық кабель
ОЗКГ (немесе ОЗК) қолданылады. Кабельде ұзындығы 1,3 мкм толқында жұмыс
істеу үшін арналған градиентті көп модалы талшықтар қолданылады. Кабельдің
маркировкасында жетілдіру номері , өшу коэффициенті және бөлшек түрде
көрсетіледі: ОВ сандары арасындағы қатынас және бөлімінде ДП үшін мысты
өзектің саны. ОВ саны 4 және 8, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматты және көпарналы электрлік байланыс
ССҚ - сызықтық сигналды қалыптастырғыш
Цифрлық жүйелерді тарату арналарын жобалау
ИКМ-15 суб-біріншілік БСЖ
Цифрлық тарату жүйесінің ИКМ иерархиясы
Қанның салыстырмалы тығыздығын анықтау
Байланыс жолдарының типтері
Байланыстың цифрлық желілері негізінде қызмет түрлерін интеграциялау
Биологиялық белсенді қоспаларды алу технологиясы және оны шұжық өнімдерінде қолдану
Байланыс орнату сұлбасы
Пәндер