Бала бақшада табиғи материалмен танысу және шығармашылық қабілетін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бекітемін Пәні: «Бейнелеу өнері»

Бөлім меңгерушісі

А. У. Кидришева

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

«Бала бақшада табиғи материалмен танысу және шығармашылық қабілетін дамыту»

Орындаған:

Тексерген: .

Орал, 2016ж


Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Балалардың шығармашылық әрекет тәжірибесін қалыптастыру

2. Бейнелеу өнері оқу іс-әрекеті арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

3. Балаларды табиғи материалдармен таныстыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі - білімді, әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.

Қазақстан Республикасының Пррезиденті Н. Ә. Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлеріне ІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалауда стратегиялық міндеттердің бірі шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігіне баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық, Отан сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.

Бүгінгі таңда білім сапасының алдында жүйеленіп дайындалып берген білімді, дағдарды меңгеретін, қайталайтын ой ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, балалардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.

Балабақшадағы оқу әрекеттерінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары мына нәрселерді жатқызуға болады :

1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау.

2. Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.

3. Баланың мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама - қайшылықтарды есепке алып зерттеу.

5. Тәрбиеші өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан - жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді. Жаңалыққа деген қызығушылық - басты ішкі талпыныс болып табылады. Бастауыш сынып балаларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл - ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді.

Негізгі бөлім

1. Балалардың шығармашылық әрекет тәжірибесін

қалыптастыру

Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интелекті дамытуда қозғаушы күш және жан - жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды фактор болуы мүмкін.

К. Д. Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?» - деген. Балалар бойында «Шығармашылық әрекет тәжірибесін» қалыптастыру қажеттігі туралы И. Я. Лернер жазған болаты, қазіргі нарық заманындағы жағдай мұны дәлелдей түседі.

В. В. Давыдов «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген.

Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрыңғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің соңғылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

Әрине, мәселе тек басты ұғымның мәнін түсінумен шектелмей, оның мүмкіндіктеріде зерттелген. Айталық, балалардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В: Давыдов пен

В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылады. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де қалыптаса бастайды. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі «қиял, елес» болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - «оқуға құштарлық, ынталық». Жасөспірімдік кезінде бала оқу әрекетінің жеке - дара субъектісі ретінде дами бастайды, В. В. Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді.

Ендеше, оқыту негізгі ерікті қызығушылық жағдайда болуы керек.

Негізгі мектептің бүгінгі білім берудегі мақсаты - балада өз жеке білім траекториясын тыңдау қабілеттігін қалыптастыруға жағдай жасау. Яғни, педагогикалық әрекет балалардың белгілі бір нәтижеге әкеп тірейтін әрекетіне бағытталу қажет. Шығармашылық әрекет - баланы өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет.

Балалардың жаңа бір нәрсені ашуы: бала өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық әрекет баланы өзіне тарта, баули түседі.

Балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік - дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Шығармашылық бұл шынай өмірде баланың өзін - өзі тануы.

Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде :

- мәселені қарастырудағы қырағылық көрегендікті;

- ақылдың икемдігі, ойдың орамдылығы;

- әрекетті бағалай білуді қарастырады;

Адам әрекеті :

- шығармашылқтардағы қарама - қайшылықтардың болуы;

- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;

- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайлардың болуы;

- шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

- нәтиженің жаңалығы.

Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға және тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа, жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады.

2. Бейнелеу өнері оқу іс-әрекеті арқылы балалардың

шығармашылық қабілеттерін дамыту

Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.

Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондақтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта пайдалана білетіндей болады.

Балалардың бейнелеу шығармашылығы баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары мен оъектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға, ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала бір заттың түрліше пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің амалын меңгереді. Балалар еркін түрде сурет салуда, басқа заттың ұқсас пішінін беруде қолданады. Сурет салуда түзу, қисық, үзік, жіңішке, қалың сызықтың түрлі амалын бала өзінің ойымен заттар мен құбылыстардың бейнесін беруде пайдаланады. Мысалы: бала құстың аузын ашып қояды, бұл оның ойынша ән айтып тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.

Мектепке дейінгі балаларда болатын шағырмашылықтың екінші белгісі-затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын жасап алуы. Сол сияқты бейнелу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге талпынады. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын сөзбен немесе сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалы: сабақта балаларды қоршаған ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай білу тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу, әрбір қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Сонымен қатар әдемілік, әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін қолдану керек. Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен, есінде қалғанын елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен байланысты. Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы, баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында салыстыру, жалпылау, абстракциялау т. б үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып, қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары болады. Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.

Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру, кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында. Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру - қазіргі кезеңде педагогикалық теория мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі. Мектепке дейінгі кезенде шығармашыл тұлғаны қараудағы басты резервтердің бірі - әр түрлі көркем шығармашылық әрекеттердегі шығармашылықтар, олар:

- сурет салудың дәстүрден тыс техникасы, мүсіндеу, жапсыру;

- коллаж, трафаретпен жұмыс, қол еңбегі, құрастыру, қағаз пластика, оригами, макет жасау.

Балалар шығармашылық үшін материалдар ретінде түрлі жеміс, тұқым, тастар, құс қауырсыны, ағаш бұтағы, гүлдер т. б. қызмет етеді. Балалар өзінің жұмысы үшін алдын-ала материалды қарап, ұстап, түрін, түсін, қасиетін таниды. Мысалы: жаңғақ - домалақ, қатты, қоңыр т. б. Біздің бала-бақша «Қарлығаш» бағдарламасымен жұмыс істейміз. «Қарлығаш» бағдарламасында ермексаз, саусақ далап, жіп, балауызбен және т, б, сурет салу қарастырылған. Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. Мысалы: «Сия тамшысы графикасы» техникасында сурет салу балаларға түрлі дақты құс, ақ балыққа айналдыру, олар жайында сюжет ойластыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан, өнімді әрекеттің көркем-шығармашылық бағыттарын қамтамасыз ету маңызды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деғен рухани адамгершіліктің қалыптасуына негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.

3. Балаларды табиғи материалдармен таныстыру

Білім беру саласы : Шығармашылық.

Оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс. Құстар.

Мақсаты: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Ермексазды пайдалану, оны табиғи материалдармен. толықтыру, құстардың бейнесін жасату. Жұмыс орнын таза ұстау, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Еңбек дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдыр: Табиғи материалдар: үйеңкі жапырақтары, бұтақтар, шырша бүрлері, жаңғақтар, т. б. Ермексаз (сазбалшық), тақтайша, құстар бейнесінің үлгісі (торғай, қораз) т. б.

Әдіс тәсілдер: Ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету, түсіндіру. Әңгімелесу, табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап, құстардың денесінің жолдарын көрсету. Сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Тәрбиеші:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалардың жауабы.

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Балалардың жауабы.

-Күз екенің қалай білуге болады?

Балалардың жауабы.

-Күздің қандай белгілерін байқадыңдар?

Балалардың жауабы.

-Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:

- Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін табыңдар.

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі. (торғайды)

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(Әтеш)

Сергіту сәті:

Таң атты, күн шықты

Аспанды бұлт жапты

Жаңбыр жауды

Найзағай сарт-сұрт етті,

Біз бұға қалдық.

Тәрбиеші:

Балалар біз бүгін алдымыздағы табиғи материалдардан құс жасап үйренеміз. Үлгіні таңдай отырып үй құстарынан әтештің, түз құстарынан торғайдың жасалу жолдарын түсіндеремін.

- ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөліп ал;

- денесін, басын ермексаздан алақан арасына салып домалақтап, оны сопақша пішінге келтіру, басын домалақтау;

- бір-біріне екі бөлікті біріктіру;

- тұмсығын шымшып созып шығару;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Монтесоридің технологиясын балабақшада қолданудың педагогикалық маңыздылығы
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларды интонациялық мәнерлілікке тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балаларға топсаяхаттың танымдық және тәрбиелік мәні
Бастауыш сыныпта М.Монтессори әдісін жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (1 сынып оқушылары үшін)
Дидактикалық ойын – көру қабілеті бұзылған балаларды сенсорлық тәжрибенің нәтижелі құралы
Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ойынның маңызы
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары
Әңгіме - ойынның негізінде ұстаз балалармен қатынасуы жатады, балалардың ұстазбен және балалардың дос доспен қатынасуы
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық формаларын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz