Бала дамуындағы ойыншықтардың маңызы. Педагогикалық көркемдік құндылығы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атынағы педагогикалық колледжі

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бала дамуындағы ойыншықтардың маңызы. Педагогикалық көркемдік құндылығы

Пәні: Тіл дамыту

Орындаған:

Жетекші:

Орал-2015ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Топта әлеуметтік – психологиялық жағдайды қалыптастыруда
ойыншықтардың ролі
1.1. Баланың таным процесін дамытудағы ойыншықтардың
рөлі ... ... ... ... ... .6
1.2 Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері
... ... ... ... ... ... ..14
1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . .16
ІІ тарау. Мектепке дейінгі балалардың дамуындағы ойыншықтардың
маңызы және педагогикалық көркемдік құндылықтары
2.1. Қызықты ойындар арқылы таным үрдісін дамыту Сөйлейтін әліппе
интерактивті
плакаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...26
2.2 Ойыншықтар әлеміне саяхат тақырыбындағы
ұйымдастырылған оқу іс-
әрекеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..36

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің
түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен
өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын
проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б.
салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы балалар білім
алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізінде іс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
- Ойын – сауық;
- Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық;
- Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
- Коррекциялық (өзін-өзі түзету);
- Әлеуметтендіру.
Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның
нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін
жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы,
бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр баланың жеке
әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз
қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады.
Ойыншық – баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың
дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған
әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға
қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады,
талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға
белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап
қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады. Осы
мәселені шешу мақсатында, мен зерттеу жұмысымның тақырыбын Бала
дамуындағы ойыншықтардың маңызы, педагогикалық көркемдік құндылықтары деп
алдым.
Зертеу өзектілігі: Ойын балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті
болады. Ойын балалардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға
үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне
қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа,
ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойыншық түрлерін балабақшада
тиімді пайдалана білу әдіскердің меңгертіп отырған білімін ықыласпен
тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Зерттеу мәселесі: Мектепке дейінгі балалардың дамуындағы ойыншықтар
арқылы таным процесін дамыту ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу болжамы: Егер де, әдіскер балаларға оқу-тәрбие үрдісінде әр
түрлі ойыншықтарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай
тапсырмалар беріп отырса, онда балалардың оқуға деген ынтасы артып,
танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін дамытуға болар еді.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін
ойыншықтар арқылы дамытудың ұтымды жолдары.
Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін
ойыншықтар арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеудің міндеті:
1. Балалардың тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-
педагогикалық мәнін талдау, саралау;
2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойыншықтардың түрлерін
айқындау;
3. Ойыншықтарды пайдалану тиімділігі, ойыншықтардың түрлерін қолдану
жолдарын көрсету;
4. Балалардың дамытудағы ойыншықтардың рөлін көрсету.
Зерттеу көздері: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процесін
дамытуда ойыншықтардың рөлі туралы ғалымдардың айтқан пікірлері.
Зерттеу әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар,
өткізілетін іс-шараларды зерделеу, ойындар, табиғи эксперименттерді, тәрбие
сағаттары.
Зерттеу кезеңдері: Мектепке дейінгі шақ.
Ғылыми жаңалық:
- Мектепке дейінгі балалардың таным үрдісін ойыншық арқылы дамыту
ерекшеліктері туралы түісінік берілді;
- Ойыншықтардың бала дамуына әсер ететін ерекшеліктеріне сипаттама
берілді.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
І тарау. Топта әлеуметтік – психологиялық жағдайды қалыптастыруда
ойыншықтардың ролі
1.1. Баланың таным процесін дамытудағы ойыншықтардың рөлі
Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген
құмарлығы, шынығуы, шындалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін
арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге деген ерік-қайратын шыңдайды, алға
қарай ұмтылсын, құштарлығын оятады. Осының нәтижесінде баланың өз бетімен
ізденуі, білімді қажетсінуі өсіп, нақтылы мақсаткерлікке ұласады. Ойынға
қатысқан әр баланығ алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
Халықтың өткен тарихына зер салсақ, қай кезеңде де ұрпақ тәрбиесі әр
елдің ең басты мәселесі.
Өзге халық "бала тәрбиесі жөргектен" десе, дана халқымыз, бала
тәрбиесі құрсақтан екенін айтып кеткен.
Өмірге келген нәрестенің , жеке басының дамуына әулеметтік ортаның
маңызы зор. Өмірге келген нәресте - әлеуметтік ортаның жемісі.
Ойыншық – балалардың өсіп жетілуіне, ақыл – ойының, тілінің дамуында
үлкен орын алады. Туғаннан бастап, есту,көру, талпыну, еңбектеу, ең алғашқы
уілдеу, алғашқы буындар, тілінің шығуына ары қарай жас ерекшелігіне қарай
тілінің дамуында алатын орыны зор және маңызды.
1-ші айлығында – сергіту сәттерінде баланың көңіл – күйі үнемі
көтеріңкі болуына назар аудару керек. Басты мақсат балаға қамқорлық, күтім,
тамақтану және тыныштықты қамтамасыз ету.
2 – 3 айлығында – көру және есту қабілетін жетілдіру яғни бала
сылдырлаған сылдырмақты көзімен іздей білуге және дыбыс шыққан жаққа
мойынын бұруға, қарап көз тастауға үйренеді. Өзінен жоғары ілінген
ойыншыққа көз тоқтатады. Ойыншықтар аса ашық болмау керек. Сергіту кезінде
баланы көбірек қуантудың маңызы зор. Өйткені бала қуаныш үстінде күледі,
дауыстай уілдейді, ширақ қимылдар жасайды. Баланың тілін дамыту үшін
әрдайым сөйлесіп отыру керек. Көру және есту қабілетін яғни көрініп тұрған
затқа ұмтылып оны ұстап алып жібермеу сияқты қимыл қозғалысын дер кезінде
қалыптастыру үшін бесіктің аралығына әр түрлі ойыншықтар іліп қойған жөн.
5 – 6 айлығынан бастап қасындағы ойыншықтарға зейін қоя бастайды. Ең
алғашқы дыбыстар буындап п , б , т , д, м, н , л т.б. Алғашқы буындарды
былдырлап айтады. Ойыншық көрсете отырып, тәрбиеші – бөбекпен сөйлесіп
отыру керек .Осы екі құрал арқылы бала да дыбыстауға талпынады. Тәрбиешінің
дауысы баяу және баланың көңіл - күйін көтеретіндей әсерлі болуы тиіс.
9 – 10 айлығында бала аты аталған ойыншықты қайда тұрса да іздеп
табатын дәрежеге жетеді. Демек ойлау - қабілеті, түсінігі нақты
қалыптасады.
10 – 12 айлығында баланың ойыншықтарға ден қойып ұзағырақ айналысуын
одан әрі дамыта берген жөн. Белгілі нәтижелерге жетуге бағытталған
әрекеттерді жасауға арналған ойыншықтармен ойнату. Мысалы: бір қуыс затты,
екінші қуыс заттқа иеміне қарай салуға, қорапшаларды жаба білуге,
біліктілік шығыршығын алыл, қайта кигізуге ойыншық кірпіштерді бірінің
үстіне бірін қалай білуге, шарды қорапқа сала білуге т.б. үйрету керек.
Балалардың ойыншықпен жасайтын қимыл әрекет үстінде , мақсатқа жетпей
тоқтамауға, тырысқан талабын мақтау қажет, бала шаттық сезімге бөленеді.
Жыл аяғына қарай балаларды жеңіл сөздерді (8 - 10) пайдалана білуге үйрету
керек (ма-ма ; а-па ; ав-ав т.б.). Ақыл ойы біршама дамып түсінігі молаяды.
Әкел, бар, тап, болмайды, отыр, тұр , бер т.б .Тәрбиешінің сөзі, тапсырмасы
арқылы ойыншықсыз қимыл жасап тапсырманы орындайды. Балалармен өткізілген
сабақтар ойын түрінде жүреді. Тіл дамыту және айналамен таныстыру
мақсатымен сюжеттік ойыншықтарды, ойыншық хайуанаттарды және оларды
тамақтандыруды көрсету. Тіл дамыту және заттармен жасайтын әрекеттерді
күрделендіру үшін ұсынылатын ойын сабақтар қосылады. Ойыншықтар: доп,
шариктер т.б.
2 жасқа қарағанда балалардың нәрестеге қарағанда қимыл белсенділігі
арта түседі. Баланың жүре бастауы, негізгі қимылдардың, өте күрделі
түрлерінің пайда болуына себепкер болады. Айналаны тану мүмкіндігін
өзгертеді. Яғни оның жоғарғы нерв жүйесінің дамуына тікелей әсер етеді.
Ойыншық түрлері , олармен жасайтын қатынасының түрі өзгереді: ыдыс аяқ ,
киім-кешек, үй жабдықтары және т.б.Ойыншықтар мен дидактикалық
материалдарды тұрмыста қалай пайдалануды меңгереді. Ойыншықтар мен әрекет
жасау нәтижесінде де балалар ойыншықтың көлемі мен формасын , заттың түсін
танитын болады. Сондықтан оны белгілі бір мақсатқа жету құралы ретінде
пайдаланады. Қуыршақтың көрпесін жабу, кубиктерден қуыршаққа мебельдер
жасау, құрылыс салу, қасықпен өз бетінше ас ішу, таяқшамен ойыншықтарды
қозғалту сияқты. Ойыншықтармен әрекет жасау үлкендермен болатын қарым –
қатынастар айналаны бақылау әрекетінің нәтижесінде ойындар пайда болады.
(сюжетті, бейнелеу ойыны). 1 - 1,5 жаста сөздік қоры 30 – 40 сөз болады. 2
жасқа қарағанда баланың белсенді сөздік қоры 200 – 300 болады. Баланың
тілін дамытудағы мақсат қойылатын талап күрделенеді. Тілін дамыту
ойыншықпен қатар түрлі сабақтарда, серуенде, айналамен өзін қоршаған
ортамен танысуда жүзеге асады.
3-ші жыл – бала өміріндегі өте маңызды кезең болып есептеледі. Осы
кезеңді баланың қимыл - әрекет белсенділігі арта түседі. Айнала дүние
туралы өзіндік ой пікірлері қалыптасады. Өз әрекетін сөзбен айтып ,
сұрақтар бере бастайды. Бұл не ? Қашан ? Қайда ? Неге ? Қалай? Сөз қоры
жедел өседі. Сөйлеудің граматикалық құрылысын меңгеру басталады. Балалардың
көңіл – күйі сергек қуанышты болуға тиіс. Ол үшін сабырлы түрде ынталанып
ойнауға қажетті ойыншықтарды өздері таңдап ала білуге үйрету қажет. Ойын
кезінде балалардың ойыншықтарды көлеміне, түсіне қарай салыстыра білу
қабілетін жетілдіріп , ойынға қажетті ойыншықтарды , кейбір құрылыс
материалын (кубик, кірпіш) дұрыс айта білуге үйрету. Құммен,сумен, қармен
ойнағанда балаларды осы материалдың қасиетімен таныстырып отыру керек. Бұл
жаста сөзді анық айта білуге, ойыншықпен ойнағанда мақсатын түсінуге,
сұраққа толық жауап беруге үйрету керек.
Балалардың жас ерекшелігіне қарай ойын түрлері де, ойыншықпен ойнау
қабілеті де күрделене түседі. Сюжетті – рөлдік ойын, дидактикалық ойын,
қимылдық ойын көңіл күйін көтеруге арналған ойындар қосылады.
Осы ойындарда бала өзіне қойылған талапты, ойын мақсатын түсіне білуі
қажет. Бірге ойнайтын жолдастарын жақсы көру сезімін игі қарым – қатынастар
жасауын бір – біріне кедергі келтірмей қатар ойнай білуін, ойыншықтарды
таңдап ала білуін дұрыс қолдануға үйрету керек. Баланың тілі ойыншықпен
қарым-қатынас жасау арқылы жас ерекшелігіне қарай дами бастайды.
Ойыншықтың - ең басты бала өміріндегі, баламен тығыз қарым – қатынаста
болатын, жан – жақты дамуға әрекетін ең маңызды құрал. Ойыншық баланың жас
ерекшелігіне қарай таңдауға тиіс және баланың өміріне қауіп келтіретін
болмауы керек. Осы процестердің бәріне жауап беріп, қадағалап баланың жан –
жақты дамуына бағыт беретін тәрбиешілер болып саналады.
Ойын баланың өзіндік жұмысы секілді, ол тәрбие мен оқу барысында
болады. Бұл жағдайда бала ойыншықтың қандай екенін және қай жағдайда
пайдаланылатынын біле алады. Ойын баланың өмірінің ұйымдасу формасына
маңыздылығы, баланың психикасының орнығуына себеп болады. Ойын мен ойыншық
бір-бірінен ажырамайды.
Ойыншық арқылы ойын жалғасады. Ойыншықтың алуан түрлері бар. Бірақ,
олардың барлығы педагогика мен эстетикаға сәйкес келгені жөн болар еді.
Баланың әр жасына сай ойыншықтар қажет.
Бір жастағы балаларға қызықты және пайдалы үш-төрт сақиналардан
құралған түрлі түсті пирамидалар.Әртүрлі кубиктар, осы ойыншықтар балаларға
өте қызықты.
Екі жастағы балаларға үлкен әртүрлі доптар. Жеті-сегіз сақиналардан
тұратын пирамидалар, жұмсақ ойыншықтар: балалар оларды ауызға салмайды, осы
ойыншықтар мен көбінесе балалар ұйықтайды.Үлкен машиналар ұлдарға қызықты.
Басқа сөзбен айтқанда, бұл ойыншықтар, ересектердің күнделікті
өмірінде пайдаланып жүретін заттардың көшірмесі. Үлкен пішінді ойыншықтар
балаға шақ автокөлік, тракторлар. Гиподинамия ауруына қарсы, құрылысқа
арналған, пішіні, яғни формасы оңайлықпен өзгеретін ойыншықтар баланы іс-
қимылға және кеңістікте бағыт алуға үйретеді. Үстел үстінде отырғанда
балаға кішкентай ойыншықпен ойнаған ыңғайлы болады, бала бойымен шамалас
ойыншықтармен балаға тұрып ойнаған жөн. Аулада ойнағанда үлкен ойыншықтар
ыңғайлы. Балаға ұжымдық ойындар пайдалы, өйткені сол кезде бала барлық
ойыншықты пайдаланып, басқа балалармен бөліседі. Ойыншық таңдау кезінде
баланың жасына сай ойлау қабілетін ұйғару керек.Баланың бүкіл жануар мен
құстарды мысалға өз көзімен көруіне жағдай болмайды. Олармен танысуға көмек
болатын кітаптар, ойыншық, телеарна бар. Ойыншық заттар болсын немесе
жануар түрі мен келбетіне сәйкес болуы қажет. Баланың жаңа ойыншыққа деген
қызығушылығын ересектер ояту керек. Онымен өзара байланыс болу керек.
Қуыршағы ояныпты, оны тамақтандыршы, т.б. Ойыншықтың балаға деген мәні мен
маңызы зор.
Ерте жас топпен жұмыс істегендіктен, осындай ойындарды ойнаймыз.
Дидактикалық ойындар баланың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін
дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар шапшаңдылықтарын арттырады. Құрылыс
материалдары баланың ойлау қабілетін, фантазиясын жақсы дамытады, т.б.
Ойынды дұрыс жүргізу барысында баланың көзқарасы едәуір кеңейеді. Көп
балалар ойын барысында басқа да заттарды пайдаланады. Мысалы,кереует кеме
немесе көлік болып, орындықтар, пойыз вагондары және тағы басқа
салыстырулар баланың ойлау қабілетінің және фантазиясының жақсы дамығанын
білдіреді.
Сондықтан бала тіршілігінде де, тәрбие процесінде де ойыншықтардың
маңызы өте зор. Ойыншықтар арқылы өзін қоршаған ортамен танысып,баланың
көңіл күйі көтеріңкі болатынын естен шығармайық.
Ойыншық – баланың рухани азығы. Ойыншықтарды олардың танымдық және
тәрбиелік рөлін ескере отырып таңдайды (Егер өзіңіз таңдай алмасаңыз,
сатушыдан кеңес сұраңыз).
Айтпақшы барлық жағдайдағы сияқты мұнда да шама-шарықты сезіну керек.
Тым молшылық балаларға зиянды, ол тоқмейілсушілік, шектеулік, өзімшілдік
секілді нашар қасиеттерді ұялатады (Менде бар нәрсе өзгелерде жоқ! Не
қаласам оны аламын!).
Бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар оңай жуылатын, түсі де, формасы да
көз тартатындай болуы тиіс. Балаға жас кезінен бастап оның түсінуіне жеңіл
суретті кітапшалар сыйлап, сол арқылы оның бойына кітапқа деген
сүйіспеншілік дарытуға, оны күтіп ұстауға үйретуге болады.
Оларға жас кезінен бастап сурет салуға арналған құралдар, бастапқы да
қарындаш пен бор, ал одан соң акварель бояуларын (4-5 жасқа толған соң),
түрлі бейнелер жасау үшін ермексаз және т.б. сыйлауға болады (Сапаларына
баса назар аударыңыз!)
Есі кіріп қалған бүлдіршінге доп, шаңғы, шана, ролик, бокс қолғабын,
бадминтон тарту етсеңіз де пайдалы болмақ.
Балаларға бұлардан басқа сыйлыққа тәтті тағамдар, жемістер және киім-
кешектер берген ұнайды. Тіпті екі жасар қыздың өзі әдемі туфлиді,
көбелекті, ленталы көйлектерді, алжапқышты бағалай біледі.
Мереке күні баланы дүкенге ертіп алып барып, бір күніңізді оған
арнауды ұмытпаңыз. Ұнататын тағамдарын дайындап беріп, қыдыртуға алып
шығыңыз. Мереке күні хайуанаттар бағына, театрға, циркке, аквапаркке алып
барсаңыз, бала санасында ерекше әсер қалатындығы анық.
Өйткені бала үшін сіздің сыйлығыңыздан гөрі, оған бөлген көңіліңіздің,
ыстық ықыласыңыздың рөлі әлдеқайда маңызды болмақ.
Сіздің балаңыз барлығымен дерлік алысады, есерленіп, айқай-шу
шығарады, ал түнде қорқынышты түстер көріп, шошып оянады. Неге? Сіз бұны
балаңыздың мінезінде немесе жүйкесінің әлсіздігінде деп ойлайтын шығарсыз.
Айналаңызға бір мезет зер салып қараңызшы, ол қандай ойыншықтармен
ойнайды, теледидардан не көреді? Басты себеп осында болуы мүмкін.
Қыздардың қуыршақтарын ұйықтатып, қоңыр қонжығының жараланған аяғын
емдейтін, ал ұлдардың ойыншық көліктерде ойнайтын кезі баяғыда өтіп кеткен.
Қазіргі заман басқа, ойыншықтар да басқа. Робот болса, тек трансформатор,
қуыршақ болса, тек әдемі, сәнді киінген ару, қару болса, тек шынайы түрі,
ал мультфильмдерде күнде көріп жүретін қасқыр, қоян, кішкене күшіктің
орнына өрмекші адамды (человек-паук) немесе құбыжықтар бірлестігіндегі
қаһармандарды таңдап алады. Дегенмен, бұлар ештеңе емес, ойыншықтар
дүкеніне барсаң, бұдан да зорын көресің. Көріп, көзің шараңнан шығып кете
жаздайды. Мысалы, өлі-тірі қуыршақтар сериясындағы қансорғыш бейнесіндегі
Ингрид қуыршағына қалай қарайсыз? Оның сырт бейнесі — қорқынышты
фильмдердегідей: қап-қара қаптал шапан, қызыл көзді, ит тісті, алқызыл
атқақтап тұрған қан. Осы керемет бикеш қорапқа салынбаған, керісінше,
балалардың біреуі оны жерлегісі келген жағдайда кішігірім табытқа салынып,
буып-түйілген (бақытымызға орай, мұндай үлгілері тек интернет арқылы ғана
сатылады). Немесе мына бір ойыншықты көз алдыңызға елестетіп көріңізші,
резеңкеден жасалған құбыжық, бар күшіңді салып созғанда адамның денесін
түршіктіретін құлаққа жағымсыз дыбыстарды шығарады. Балалардың осы
құбыжықты әрі-бері созып, тартқылайтыны түсінікті, ал үлкендер болса, кейін
өсе келе балаларының жақын құрбыларын мазақ еткеніне таң қалып отырады.
Мәселенің қайда жатқанын аңғардыңыз ба?
Әзәзілдер мен бірлестіктер
Қазіргі заманда балалардың ойыншықтар жиынтығының төмендегідей түрлері
бар:
Робот-трансформерлер — 3-тен 13 жасқа дейінгі барлық балалардың
сүйікті құмар ойыншықтары. Әрине, сүйікті болады. Себебі, олар кез келген,
қалаған бейнеңе айналып кете алады: танк, көлік, ұшақ, бейнекамера —
өндірушілердің қиялы шексіз ғой. Айтары жоқ, идеялары пайдалы, алайда,
көптеген роботтар дамытушы ойыншықтар қатарынан емес, керісінше, азулы
тістерімен қаруланған робот — өлтіруші кейпіндегі бейнелер. Атақты
фирмалардың үлгілері ережеге сәйкес сырт бейнесі бойынша тартымды,
сүйкімді, бірақ өте қымбат — 5000-8000 теңгеден төмен емес, сондықтан ата-
аналар көбінесе балаларына күллі әлемге бейбітшілік тілейміз деген
ұраннан өте алшақ, арзанқол құбыжықтарды сыйға тартады.
Бүгінде базарлар мен дүкендерден небір керемет ойыншықтарды қиналмай-
ақ табуға болады. Алайда, баланы жиі қуантамын деп жүріп оны аурудың
тырнағына өзіңіз іліктіруіңіз ғажап емес.
Көптеген ойыншықтардың бояуы бала ағзасына кері әсерін тигізіп, ал
қызылды-жасылды түстері көзді ауыртады. Соның салдарынан баланың көру
қабілеті төмендейді.
Сондай-ақ, жасалған материалдары құрамында ауыр металдардың тұздары
бар екені анықталған. Әсіресе, Қытайдан әкелінген ойыншықтарда формальдегид
әдеттегісінен 10-15 есе көп болады екен. Мұның бәрі бала денсаулығына
қауіпті. Сәби айналаны тануды аузымен бастайды. Қолына түскен нәрсенің
бәрін тісіне басып көруге әуес. Сол кезде бояудың құрамындағы зиянды заттар
(ауыр металл тұздары, формальдегид) ішкі ағзаға түседі. Асқазан, ішек
жолдары жұмыстарына зақым келтіреді. Баланың иммунитетінің әлсіз болуына,
ауруға бейімділігін арттыруда да ойыншықтардың қосар үлесі аз емес.
1.2 Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар
арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық тақдау
баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына
байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.
Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.
Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады.Ата- аналары бір жаққа
кеппсенде жалғыз қалған бала қараңғыдап қорықпау үшін ойыншығын құшағына
алып, қорқыныш сезімін сеилтедді.Жатырда жарық сөнгеде де дос ойыншығы
баланың қүшағынан табылады.Кейде бала ашуып ойыншығынан алып, қолын жұлып,
бұрышқа қойын қаеды. Ашуы басалғаннан кейін ойыншыған қалына алып, жұлып
тастаған қалың орнына тігіп қаеды.
Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін аныңтауға
болады.
Реалистік өмірден алынған ойыншықтар.
Қуыршақтар отбасы (жанаурлардыңотбасы) қуыршаң ұйі, жиһаз ыдыс,
көллік, қайың, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол,
телефон т.б.
Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар.
Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.
Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін
ойыншықтар бар. Олар конструктор, әліпби. Үстел ойындарды, қиылған
сурептер, баяу, мозайка, жіп, мата кескендері, желім т.б.
Ойыншықты сатып аларда міндепті түрде баланың көзқарасын есепке алу
керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жаралмайды. Балаға керек
ойыншықтар, алардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.
1-2 жастағы ойын балаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық
пирамидқалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетің дамытады.
3-4 жастағы балалардың ойыншықтарды әр- түрім болып келеді. Олар
конструкторды жинайды. Бұл жастығы балалар шын өмірден алынған сюжеттерде
ойнайды. Мысалы: әке –ана, қыз–ана т.б.
5-6 жастағы ойын орындарынан төсек орындар ме шкафтарға аусады. Бұл
жастығы балаларды ойлау, қиялдау қабилеті жақсы дамиды. Өз қалдырымен
жасаған ойыншықтарды сүйеді. Бало өзін мектепкедайындайды.
Есте сақтыңыз, ойыншықты ауысиыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала
мезі болды мүмкін.Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт откеннен кейін қайта
шығарсаңыз, баланың қызығушылып қайта оянды.

1.3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал
бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни
ойын технологиясы арқылы баланың оқуғаынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ.
Ойын- дегеніміз не?Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке,
сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.
Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру
ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың
маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа
деген қызығушылықтарын арттырады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті
болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.
Сондықтан кез- келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана
білу керек. Мысылы Сауат ашу оқулығында тақырып соңында тапсырмалар
берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойынарқылыөткізугеболады. Ұйқасын
тап, Сиқырлы қоржын, Өлең жолын құрастыр т.б. ойындар.
Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да ролдік ,сюжеттік ойындарды
қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде
елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті-
рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің
сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып
табылады.Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы
әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының
әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады.
Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу, Орамал тастау, Асықтар, Бәйге
ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас
ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын.
Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін. Баланың тілін
жетілдіру үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа
сөздермен толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын
түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады.
Мысалы : Қуыршаққа қонаққа бару, Мен кіммін, Қуршақты киіндіреміз,
Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша қой деген секілді ойын түрлерін
қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай
таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында
пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың
шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың
тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон ойынында
диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап, баланың
оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып
табылады.
Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын алады.
Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар
бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан
бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады.Мысалы Дүкен
ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді
ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың,
ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға
ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар
ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамытады.
Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны
қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-
әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді
ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір
жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар кішкене балаларға меилінше тән оқыту формасы
болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде
көп нерсені үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Мысалы:
Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші
балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін
дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін
білу.Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында
жиі қолданады.
Бала тәрбиесі қиын да, жауапты міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,
оқшау тұрған емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, тыныс-
тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала
тәрбиесі ата-анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны
сөзсіз
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойыншықтарға қойылатын талаптар
Баланың дүниетанымының дамуына ойыншықтың әсері
Көңіл көтерер ойыншықтар
Ағаштан бес жасқа дейінгі балаларды дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар жасау
Балалар ойыны еркін түрде іске асырылатын әрекет
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ЗЕРТТЕЛУІ
Балалардың жалпы дамуында табиғат бұрышын құруды талдау
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғат бұрышының ғажайып құбылыстарымен таныстыру
Пәндер