Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын үйрету
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балабақшада сурет оқу іс-әрекетінде қазақ ою-өрнектерімен таныстыру және
салуға үйрету
Орындаған:
Тексерген:
Орал 2014
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Мектепке дейінгі ересек топ балаларына бейнелеу өнерін үйрету
1.1. Ересек балалар тобындағылардың бейнелеу өнерінде шығармашылық
қабілеттерін дамыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...7
1.2. Ересек топтағы балаларға сурет салуды
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 10
1.3. Ертегі мазмұны арқылы сурет салуға
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .16
2 бөлім. Балабақшада сурет оқу іс-әрекетінде қазақ ою-өрнектерімен
таныстыру және салуға үйрету
2.1. Балаларды қазақтың ою-өрнектерімен таныстыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2. Ою-өрнектердің түрлері және өрнектердің түстері мен
бояулары ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..37
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Кіріспе
Егеменді еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу
өнерінің шығармаларын үйрету, балалардың өз халқына сүйіспеншілігін
арттырады, отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді. Өйткені бейнелеу
өнері курсы бейнелеудің перспектива, жарық пен көлеңке, композиция,
түстану, симметрия, өнердің даму заңдылықтарын оқытып үйретуді мақсат етіп
ғана қоймайды, сонымен қатар қазақ бейнелеу өнері шығармаларын балаларға
терең және жан-жақты таныстыруды міндет етеді.
Бейнелеу өнерін үйрету балаларддың көркем мәдениетке деген оң
көзқарасын қалыптастыруға және қоғамның белсенді болашақ мүшесін
тәрбиелеуге лайықты үлес қосады. Балалар бейнелеу өнері арқылы табиғат пен
қоғамның дамуының, қоршаған ортадағы әсемдікпен, адам қолымен жасаған
әсемдіктің мәнін түсініп, олардың даму заңдылығына көз жеткізеді.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті
танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай,
саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында
саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге
деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.
Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және
білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен
ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық,
мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады.
Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру,
бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік,
үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары
қалыптастырылады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы
негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның
рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын
үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін,
зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. Адам өркениетке бейім болуы үшін
балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ
болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді деп К.Чуковский бала
денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді
екендігін атап көрсеткен.
Мектепке дейінгі педагогикада жан-жақты жеткілікті дайындалғакн,
пәндік жетілдіру ортасында ойыншықтарды, музыкалық жабдықтарды жабдықтарды
және оқу құралдарын жатқызуға болады. Бірақта бұлар музыкалық білім
жүйксіндегі қалыптастырудағы табандылыққа аздық етеді.
В.С. Мухинаның көрсеткендей, бала біртіндеп затты кеңістік
(қолөнерлік) әлемге, кейіпті – блоктілік жүйесіне, табиғат әлеміне,
адамдардың әлеуметтік қатынастарына біртіндеп енеді. А.А. Остапенко осы
қағидаға сүйене отырып, педагогикалық жүйенің негізінде жатқан, негізгі
элепменттерін бөліп көрнекілік ретінде толықтыруды ұсынады. Ішкі дүниенің
орталандыруын қалыптастыратын орта обьективті көрнекілік деген ұғымды
ұсынушы В.И. Слободчиковтың кейін, ол келесі: заттық-кеңістік ортаны,
педагогикалық әлеуметтік кеңістіктегі көрнекілігі – педагогикалық жүйенің
құрастырушылары ретінде бөліп оны локальді субъективті қатынастар
символикалық – белгілік көрнекілігі де атайды.
Сурет салу қабілетін жетілдіру: әр түрлі жазықтықтағы мольберттер;
балалар суретін жылжытатын стенд; гуашь, қыл қалам, қарындаштар,
фломастерлер, борлар; қағаз беттері, обой орамалдары; қатырма қағаздар,
жиектеулер, трафареттер, пластилин.
Ортаның әлеуметтік құрамынан мынадай бір өзекті мәселені жеке бөліп
атаған дұрыс, ол ұйымдастырушылық себебінің факторы, көңіл күй әсерінің
ортасы. Бұл әсерді қолдау, балаға жайлы жағдай жасап оның музыкалық
туындылығын қоздырту мұғалімнің басты жұмысы. В.А.Ясвин баланың туындылық
қабілетін әлеуметтік ортада жетілдіру мәселесінің қажеттілігін айтып
көрсеткендей, педагогтар мекеменің ғана ортасын есептеп қоймай, сонымен
қатар баланың жанұялылық тәрбиелеуінің ерекшеліктеріне, соның ішінде
баланың үйдегі баланың үйдегі музыкалық тәрбиесіне, арақатынастық процесіне
көңіл аударған дұрыс. В.А. Ясвин бойынша туындылық – ағартушылық ортада,
жеке тұлғаның еркін және ынталы өзіндік өркендеуі жүреді. С.Л.Новоселов
дамып келе жатқан заттық ортаға (талаптар ойластырады) және оны
келесідегідей негіздеп көрсетті: туындылыққа қабілеттіліктің тамыры баланың
заттық әлемге қызығушылығы, оған жақын адамдарда болу керектігі,
жақыншылдыққа бағытталу, аспаптармен олйыншықтармен бірінші
экспериментінде, қызығушылықта, білімсүйгіштігінде, өз мағынасында аса
жоғары көрсеткішті алуға құштарлығы.
Тақырыптың өзектілігі:
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақтың ою-
өрнектерінімен таныстыру және суретін салуға үйрету.
Зерттеу нысаны. Ою-өрнектердің суретін салуға үйрету.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақтың ою-
өрнектерімен таныстырып, өрнектердің суретін салуға үйрету және оны
теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері: мектепке дейінгі балаларға бейнелеу өнерін үйрету,
балаларға қазақтың ою-өрнектерінің суреттерін салуға үйрету әдістері және
балаларды мектепке даярлау ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу нысаны – отбасында және мектепке дейінгі ұйымда бала тәрбиесін
нәтижелі қарастыру, баланың ойлауын дамыту.
Зерттеу пәні – мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту.
Зерттеу әдістері – ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау, ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- отбасы тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың
тетіктері анықталып зерделенді,
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Практикалық пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепке дейінгі ұйымдарда
жетекшілерінің ата–аналармен жұмысында, педагог–психологтардың практикалық
іс – шараларында қолдануға болады.
1 бөлім. Мектепке дейінгі ересек топ балаларына бейнелеу
өнерін үйрету

қабілеттерін дамыту технологиясы
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
қабілет ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда
қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке
ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің
нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
Шығармашылық деген сөздің төркіні, этимологиялық шығару, ойлап
табу дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: ...шығармашылық –
қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс
– әрекет, - деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л. С. Выготский
шығармашылық деп жаңадан ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я. А. Пономарев оны даму ұғымымен қатар
қояды. Өйткені жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың
психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді де есептейді. Бұл пікір бүгінгі
күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Қазіргі
жағдайда мемлекеттердің даму деңгейі табиғи ресурстардың байлығымен ғана
емес, сонымен қатаринтеллектуалдық және шығармашылық әлеуметімен, ғылым мен
өндірісте жаңа технологияларды игеру мен енгізу табыстарымен анықталады.
Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысындаөзін қоршаған ортамен
байланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы
ойға салу керек. Осы іс – әрекет барысында қоршаған айналамен танысу ұғыну
үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында
қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа бала үндемей жауап қайтармауы мүмкін.
Бұл ұғынысты нәрсе. Бала мақсат қоя алмаған. Бұл уақытта асықпаған дұрыс.
Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы
балалардың зейіні тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге
ұқсамайды) деп айтуға асықпау тиіс. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы
тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және
қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі
түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат
баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез
келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі
мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы
– ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына
бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша
шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген
шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа
дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін – өзі тануға
ұмтылуға, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен
сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы
қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін
нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана
емес, жаратушы да. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын,
құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарына өте ертеден
зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі
ойшылардың назарына болғандығын байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің
логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан, шығармашылық
педагогикасының негізгі сақсаты – бүгінгі күнгі талаптарынан туындаған,
озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және тың жолдар
мен соны шешімдер іздестіру болып табылады.
Жаңа Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандарты оқу жүктемесіне 5 білім саласының мазмұны кіреді:
Денсаулық, Қатынас, Таным, Шығармашылық, Әлеуметтік орта.
Шығармашылық білім беру саласының мақсаты:
- мектеп жасына дейінгі балалардың сезімдік –эмоционалдық ортасы мен
эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлау мәдениеті мен
елестетуін дамыту.
Шығармашылық білім саласының базалық мазмұны:
- сурет салу;
- мүсіндеу;
- жапсыру;
- музыка.
Ерте және мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істейтін
педагогтарға қойылатын жалпы талаптар:
- эстетикалық талғамы бар, оны балаларға қабілетті;
- педагогикалық процесті Қазақстан Республикасы халықтарының
этномәдени негізінде құрады;
- өзінің шығармашылық қабілетін қандай да бір іс – әрекет аясында
көрсетеді;
- әр баланың шығармашылық әлеуетін оның өсуі үшін пайдаланады.
Отбасы тәрбиесін ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар:
- баланың өзінің шығармашылық ойын еркін білдіруге мүмкіндік беру;
- баланы нәтижелі, бейнелеу іс – әрекеттеріне жағдай жасау;
- баланың қызығушылығын, бейімделігін зерттеу және оларды дамытуға
ынталандыру;
- табиғат құбылыстарын бақылау, эстетикалық талғамы мен өнер
туындыларына қызығушылығын тәрбиелеу;
- қазақ және басқа да халықтардың әдеби, музыкалық және халық ауыз
әдебиеті шығармаларын тыңдау7
1.2. Ересек топтағы балаларға сурет салуды үйрету
Бейнелеу өнері адамның дамуын өте бай мүмкіндік туғызады. Бұл істе
әсіресе сурет салудың орны ерекше. Сурет салу заттардың формасын талдауға
және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүннені тануға жәрдемдеседі, ойлауға
және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері көру есін, кеңістікті
ойлауды дамытып, образды елестету қабілетін арттырады. Ол нақты есептеуге,
табиғат әсемдігін тануға үйретеді, ойлау мен сезу икемділігін арттырады.
Бейнелеу өнерінің өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары бойынша да,
түрлеріне байланысты да әр түрлі болып келеді. Өнер туралы әңгімеде балалар
жай суреттер және қолданбалы өнер шығармаларымен танысады.
Мектепке дейінгі бейнелеу өнері теориясы философия, мен эстетикаға,
педагогика мен психологияға, және бейнелеу өнерінің теориясы мен
практикасына сүйенеді. Бүл жалпы білім беру мен тәрбиенің мақсаттары мен
міндеттерінің орындалуын әдістемесінің ғыыми негізделуін қамтамасыз етеді.
Кейде бейнелеу өнерін ықылас тәрбие мен шығармашылық қабілеттерді
дамытуға аударылып, білім мен оқыту екінші кезекке шығарылады. Тәрбені
оқытудан бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер суретшілерді дайындамайды
сондықтан, көркемдік білім беру қажет емес деп ойлайды.
Бейнелеу өнерін үйретудің мақсаттарының бірі көркемдік білім мен
қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-өмірдегі, табиғаттағы,
өнердегі, ғылымдағы және қоғамдағы әсемдікті балалардың қабылдауын
тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие – бұл адамды тек қана өнерге тарту емес,
өмірдегі әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мәні, әрбір адамның қызықты әдемі өмір сүруі, әсемдік
қандай түрде кездесетіндігін түсініп, көре білуге үйренуі.
Эстетикалық тәрбие адамның шығармашылық қызметіндегі рөлі ете
ауқымды. Өмірге деген эстетикалық қатынас адамға жігер беретін алғашқы
негіз болып, еңбектің рухани қанағатқа жеткізетін қуаныш көзіне айналуына
ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбие үдерісінде адамның эстетикалық көзқарасы, сезімі,
талғамы және идеалы қалыптасады. Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен
сүйе білу әр бір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жаңа
жетістекке жету үшін қажет. Ол қандай мамандық иесі болмасын ол әсемдіктің
нәзіктігін түсіне де, көре де білуі тиіс.
Баланы белсенді өмірге дайындау жан -жақты білім және тәрбиемен қатар
оның жеке қабілеттерін дамыту әсемдік заңдылықтары арқылы өмір сүріп,
жаңаны жасауға үйренуін көздейді.
Балалардың әсемдікке деген талғамдарын ояту үшін бейнелеу өнері
пәнінің мұғалімі балалардың назарын өмірдегі сүлулыққа аударып, оларды
байқауға, сезуге, қабылдауға, сүйене білуге, қуана білуге үйретуі тиіс.
Әсемдік талғам адамның туғанан пайда болатын қасиеті емес, ол дамиды.
Оны мектепте дамытатын бейнелеу өнерін үйретуші.
Тәрбиеші балаларға табиғаттағы түстердің реңдерінің формалардың сан
алуандығын көрсетеді. Нұсқасына қарап отырып табиғатты, ағаш жапырақтарын,
гүлдерді салу барысында, зат формасын оқып үйрену кезінде балалар
табиғатқа, олардағы бөяулар мен формалардың алуан түрлігіне онан сайын
қызыға түседі. Сурет салу адамға өмірді жан -жақты көре білуге үйретеді.
Сондықтан өмір шындығын көре білу де өз алдына бір өнер.
Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті - балаларға қоршаған өмір
шындығын тануға көмектесу, олардың байқағыштығын дамыту, оларды дүрыс көре
білуге үйрету. Сурет сабағында балалар қоршаған заттарды, олардың алуан
түрлі формаларымен, түстерімен, өлшемдерімен және басқа да
ерекшеліктерімен, танысуға тиіс. Бұл таныстық зат туралы елестетулерінің
нақты және толық болуына ықпал етіп, көру әсерін кеңейте түседі. Бейнелеу
процесі балаларға бұрын бірақ рет шала көрген затты терең зерттеуге
мүмкіндік туғызады. Сурет салу кезінде бала заттың формасын, қүрылымын,
пропорцияларын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын
зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, терең де нақты қабылдауға
үйренеді.
Сурет салу балаларға өмірді кең көлемде және жан жақты көре білуге
жаттықтырады. Сурет салуға оқыту өзара байлынсты екі міндетті шешуге ықпал
етеді; Олар: балалардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың
көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.
Баланың байқағыштығын дамыту – күрделі іс -әрекет сонымен бірге ол,
оқыту әдістемесі үшін ең маңызды міндет. Баланың байқампаздығын дамыту жас
кезінде, әсіресе адам қоршаған өмір шындығын жаңадан тани бастағанда
маңызды. Ғылымдар қоршаған ортаны танудағы көру арқылы қабылдау басты орын
алатындығын көрсеткен. Себебі олар 90% қабылданатын мәліметтердің көру
арқылы алынатындығын дәлелдеген. Бұл адамға көрудің маңызды екендігін
білдіреді. Сондықтан көруді дамытуды мектеп жасынан, жас шақтан бастап
қолға алу қажет.
Ғалымдар бақылауды әлі де дүрыс кере білу, көргенін түсіне білу емес
екендігін көрсеткен. Балалардың заттың форма қүрылысындағы ерекшеліктерді,
оның ұсақ бөлшектерін, форма сипатын көбінесе анғара бермейді. Тәрбиешінің
міндеті баларды осы қиындықтан шығару. Бейнелеу өнерінің міндеті нақтылы
зейінге, ойлауға және зат формасына нақты талдау жасауға, үйрету. Сан түрлі
әсерлерден байқағандардан дұрыс қорытынды жасап. оларды жалпы сипатқа
біріктіру балалардың ойлауын дамытып, оларды жаңа білімге ұмтылдырады.
Саналы көру зейініні ретке келтіру, басқа зейін түрлерінің дамуына ыпқал
етеді.
Сонымен бейнелеу өнерін үйрету көптеген оқу-тәрбие міндеттерінің
жүзеге асыру процесі, балалардың қоршаған орта туралы туралы елестетулерін
жинақтап, тереңдетуге, дамытуға мүмкіндік тудырады, түптеп келгенде ғылыми
дүниетанымының қалыптасуына ықпал етеді.
Балаларға бейнелеу өнерін оқытудың бір мақсаты - сурет сала білу
адамға кең көлемдегі іс-әрекет мүмкіндігін беретіндігін балаларға ұғындыру.
Алғашқы сурет салуда балаларға сурет өнерінің адам өміріндегі
рөлі ашып көрсетуі тиіс. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, кез
келеген мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым бағдарын меңгеру адамға
машина деталдарының суретін салуға, үй құрылысының жоспарын жасауға,
қарапайым заттардың формасын салуға жәрдемдеседі. Кейде біз біреуге таныс
емес, бір жерге қалай беру керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын
суретке салып көрсетеміз.
Сурет салу ғалымдарға да жәрдемін тигізген. Ғалым Ш.Уалихановқа сурет
салу Қашқарияға барған сапарында көп жәрдемін берген. Ол бұл сапарда
этнографиялық сипаттағы көптеген суреттер салғандығы белгілі. Бейнелеу
өнерінің сауаттылығының негіздерін меңгеру әскерилерге, әскери
барлаушыларға, космоновттарға да жәрдем беретіндігін олардың жазған
естеліктерінен оқуға болады.
Бейнелеу өнерін оқытудағы басты тағы бір міндеті – балаларға
реалистік суреттің қарапайым негіздерін, сурет салудың ептейліктері мен
дағдыларын меңгеру болып табылады. Балаға қарандашты қолға қалай ұстау
керек екендігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың
көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен
қатар ол сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, қүралдармен
таныстырып, суретті қандай әдістемелік бірізділікпен орындау қажеттігі
жайлы айтып түсіндіреді.
Баланы сурет салудың техникалық тәсілдерін меңгертудің қажеттігі аз
деп ойлау дұрыс емес. Шын мәнінде бала мектепте осы тәсілдермен
танысуы тиіс. Баллаар суреттегі тональдық қатынастар туралы түсінік алып,
зат көлемін беруде тоналдық қатынастарды бере білуге қылқаламмен, қажетті
бояу түсін алу үшін бояуларды араластыруға үйренуі тиіс.
Мұндай техникалық дағдылар адамға еңбекте қажет іс-әрекеттер. Түсті
көре білу және оны бояумен қағаз бетінде бере білу, жазықтың бетін тегіс
етіп бояу халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады. Мысалы
құрылысшыға қабырғаны бояу үшін колор дайындау қажет болса, химикке
реакцияны жасау барысын байқау үшін түстердің түрлі реңдерін жақсы ажырата
білу керек. Бояғыш заттарды дайындау сонымен қатар текстиль және баспа
қызметінің сапасын арттыруға жәрдемдеседі. Балқыған заттың түсіне қарап,
металлург балқыған металдың дайын болғанын білуге мүмкіндік алады.
Бейнелеу өнері сабақтарының міндеттерінің бірі – балаларға жұмысты
ұйымдастыру, жүмыс жүргізу тәртібін ойластыру, ойлау, саналы да
жоспарлы жұмыс істеуге үйрету болып табылады. Сурет салу мақсатқа
бағытталған жұмыс. Сурет сала отырып бала белгілі бір мақсатқа жетуге
ұмтылады. Бірақ оның алдында көптеген кедергілер кездеседі. Олар кейде
Менің қолымнан келмейдідеп ойлайды. Бірақ ол бар қабілет мүмкіндіктерін
жұмылдыру нәтижесінде белгілі үлгілерімге жететіндігін түсіне бермейді.
Балалардың жұмыс үрдісіне ұмтылысын дамыта отырып мектеп қабырғасында
біз балаларды ертеңгі өмірге қажетті сапаларды тәрбиелеу іс -шараларын
жүзеге асыруымыз қажет.
Бейнелеу өнері зат формасы туралы анық та, нақты түсініктерінің
жинақталуына жәрдемдесе отырып, айқын да нақты ойлауға ықпал етеді, сонымен
қатар шығармашылық пен жаңадан ойлап табу қабілетін дамытуға көмектеседі.
Бейнелеу өнерінде балалардың образды ойлауын дамыту оқыту міндетнің
бірі. Бұл көру арқылы қабылдауды дамыту, байқауға үйрету, көру есінің,
образдық қиялынның дамуымен байланысты. Бұл қасиеттердің маман
жұмысшыларда, техникте, инженерде болуы өте маңызды.
Авиоконструктор Еңбек ері А.С.Яковлов (Рассказы авиаконструктора. М,
1958.79 с) өз естелігінде Сурет пәнін дұрыс жолға қойғандығы үшін
ризамын, менің болашағыма сурет сала білу көп көмек берді. Инженер
-конструктор қандайда бір машинаны ойластырысады ол өз ойменен өзінің
санасындағыны карандашпен қағазға түсіреді. Бұл сурет болашақ машина
формаларын көз алдымызға әкеліп көрсетеді деген
Бейнелеу өнерінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
мақсатын қою арқылы, ол балалармен дұрыс жұмыс әдісін тандап алуы тиіс.
Көптеген тәрбиешілер өздерін қинамай-ақ өз балаларының шығармашылық
қабілеттерін бетімен жібереді, сонан келіп әрбір балал өзінің шығармашылық
қабілеттерін дамыту мақсатындағы тапсырманы өз бетінше орындауға талпынады.
Сондықтан балланың шығармашылық жұмыстарын басшылық жасауға болатын,
бағыттауға болатын іс-әрекет деп тану қажет.
Бейнелеу өнерімен таныстыру өмірдегі және өнердегі
әсемдікті түсінуге, отан мен табиғатты сүюге бағытталады. Әңгіме барысында
балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнеленуі мен орындау
техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді. Атап
өтілген оқу –тәрбие міндеттерін жүзеге асыру үшін мүғалімге өнерді
таныстырудағы белгілі жүйені ұстанып, балалармен жұмыс жүргізудің әртүрлі
әдістерін қолдану қажет. Балаларға өнерді таныстыруда үлгерімге жеткізу
үшін балалардың меңгеретін білімі мен дағдыларының көлемін біліп балалармен
қандай жұмыс әдістерін таңдап алу керектігін білуге тиіс. Бұл міндеттер
бейнелеу өнерін оқытудың бағдарламасында қарастырылған. Бірақ оқу
бағдарламысы мұғалім қызметінің ерекшеліктерін көрсетпейді. Ең бастысы
бағдарлама туралы білім формалды емес, ойластырылған, теориялық білімдерге
сүйенген білім болуы тиіс.
1.3. Ертегі мазмұны арқылы сурет салуға үйрету
Оқытудың белсенділік және саналылық принципінде педагогика ғылымында
белсенділік және саналылық принципі басты маңызды принциптің бірі болып
табылады. Сондықтанда бейнелеу өнерін оқыту барысында бұл принципті негізгі
принциптердің бірі ретінде қарастырамыз.
Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді
пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен
тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер,
тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың
әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді,
батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік,
ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала
өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар
іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның
қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл
атқарады.
Саналылық, белсенділік, өзіндік ұғымдарының бір-бірінен
айырмашылықтары болғанымен, бірінсіз бірі болмайды. Білімді саналы меңгеру,
балалардың белсенділігі мен өзіндік әрекетін қажет етеді.
Әдіскерлердің көбісі саналылық және белсенділік принципін тек қана
практикада ғана ерекше мәнге ие болады деп есептейді. Бейнелеу өнері
негізгі практикадан құралатындықтан балалардың белсенділігі мен
саналығынсыз белгілі үлгерімге жетуге мүмкін емес. Мұндай үлгерімге жету
бейнелеу өнері балаларды үнемі оқу процесінде өзіндік жұмыс істеуге,
белсенділікке үйретуді қажет етеді. Бұған әр түрлі әдістерді қолдану арқылы
жетуге болады. Мысалы, үшін тақырыптың сурет салу кезінде балаларға
ертегілерден үзінді оқып, музыкалық шығармалардың үзінділерінің
магнитофоннан жазбаларын тыңдатады. Сонымен қатар мұғалім, балаларға
суретшілер шығармаларының иллюстрациясынан жасалған слайдаларды,
диопозиттерді көрсетеді. Солар арқылы балаларға өнер шеберлерінің
ақындардың, сазгерлердің, кескіндемеші суретшілердің өмір шындығын қалайша
көркем бейнелегендігін жеткізеді.
Бейнелеу өнерінде балаларға түрлі өсімдіктердің, жан жануарлардың
формаларын стилизациялау әдісі арқылы ою-өрнектерге айналдыру және оны
қалай бейнелеу жолдарын түсіндіреді. Сонымен қатар ағаш бұтақтарындағы
өрнектерді ерте көктемдегі жер бетіндегі жылы түстерді, қардың бетіндегі
суық көлеңкені, көбелектің, шегірткенің қанаттарындағы өрнектелген
суреттерді белгілі бір түстер құрамына біріктірілген гербарилерді көрсету
арқылы балаларды көру белсенділігін арттырады. Мұндай көркем түрдегі
үйлесімдегі жасалған гербарилерді көрсету, балалардың түстердің гармониясы,
калорит сезімдерін дамытады.
Мұндай іс-әрекеттер алдымен сәндік сурет салудың алдында орындалады
да, мұнан соң ол тақырыптық сурет салу, нұсқаға қарап сурет салу
тапсырмаларын орындаудың алдында осыған ұқсас қысқа мерзімдік көрсетулер
орындалады. Саналы, белсенді және өзіндік жұмыстар, әр уақытта сапалы
меңгеруге алып барады, сонымен қатар оның беріктігін орнықтылығын арттыра
түседі.
Бала бейнелейтін, яғни нұсқаға қойылған затты селсоқ көшіріп салғанда
ғана емес оны белсенді түрде бақылап, зерттеп ең бастыларын, ерекше
сипаттарын көрсету арқылы салынғанда ғана ол танымдық мәнге ие болады.
Кейде балалар түсіндіру сөзін селсоқ қабылдаса, ол берілген тапсырма
бойынша орындалатын шығармашылық жұмысқа белсенді түрде кірісе алмайды.
Мысалы педагогтың зат формасының құрылымы туралы талдауын балалар зейін
қойып, тыңдап, нұсқадағы моделдерді көргенімен, бірақ бұл пысықталып
көрсетілмес, меңгеру әлде қайда әлсіз меңгеріледі. Белсенді жұмыс барысында
меңгеру сапасы арта түседі.
Бұл тәрбиешіге: балалардың белсенділігін белгілі бір бағытқа бүрып,
сурет салу барысындағы қажет ететін міндеттерді шешуге мүмкіндік беріп
отыруды көрсетеді.

Ою-өрнек өнері бүгінгі күннің талабына орай, халық арасынан шыққан
іскер-шеберлердің шығармашылық ізденістері нәтижесінде одан әрі дамып жаңа
– түр, соны мазмұнға ие бола түсуде. Қазақ оларының мазмұны мал өсіру мен
аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін күнделікті өмірде кездесетін әр
түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы үнемі
араласып отырған. Мүйіз тектесою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі
болып келеді. Ұсағы зергерлік кесте тігу, ағаш, сүйек мүйіз ұқсату сияқты
нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, текемет, сырмақ, қоржын, киім-
кешек құрлысқа қолданады.
Балаларды балабақшадан бастап әсемдік пен сұлулыққа ояту, талғам
танымдарын арттыру керек. Балаларды қазақ - халқының ою-өрнектерімен
таныстыру, оның түрлерін ажырата білуге ұмтылдыру керек. Балаларды
халқымыздың ертеден келе жатқан ұлттық ою-өрнектермен тансытырып оюлар
оюға, оларды қиюластырып орналастыруға үйрете беруге болады.
Ою-бұл бір нәрсенің бейнесін ойып, қиып, кесіп алып оны екінші бір
нәрсенің бетіне әдемі бедер түрінде орналастыру.
Ал өреннк дегеніміз-әр түрлі ою және басқа да бедер түрлерін бояп
немесе батира қалыптан істеген көркемдік түрлердің, яғни әшекейлердің ортақ
атауы.
Сол себепті бұл екі сөз қосарланып айтыла береді де, жалпы ұғым
түрінде бірін-бірі толықтырып тұрады. Тәрбиеші мектепке дейінгі жастағы
балаларды, халықтық қолданбалы өнермен таныстыруда диафелді көрсеткен және
дидактикалық ойындарды тиімді ұйымдастырған кезде бала тез қабылдайтын
жеңіл түрлерін құрастыруы керек.
Балалардан қазақтың ұлттық ою-қрнектері мен таныстыруду ондағы
қарапайым элементтерден бастап олрадың түр-түс үйлесіміне қарай бірнеше
топқа бөлінетінін айту жөн.
1. Ай, күн, жұлдыздарға аспан әлеміне байланысты өрнектер(айшық,
жұлдызша)
2. Малға, малдың түріне, аяқ таңбаларына байланысты өрнектер
(түйетабан, қой ізі, сынық мүйіз, бота мойын, бота көз)
3. Ақиық түріне, аяқ таңбаларына байланысты өрнектер (бор құлақ,
түлкі бас, бұғы мүйіз, ит құйрық)
4. Құстарға байланысты өрнектер (құс тұмсық, құс қанат, қарға тұяқ)
5. Құрт – құмырсқа, жәндіктерге байланысты өрнектер (құмырсқа бел,
тышқан із)
6. Қару, құралдарға байланысты өрнектер (найза, балта, тарақ,
балдақ)
7. Геометриялық денелерге байланысты өрнектер(ұшбұрыш, төртбұрыш,
дөңгелек, омыртқа, ботакөз, тұмарша)
Қай халықтың да өнеріне, бейнелеу мәдениетіне байыптап көз салсақ сол
халықтың әсемдік талғамы мен танымына эстетикалық көз қарасына орай белгелі
бір өнер түрінің басына дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан
алғанда ою-өрнек өнер қазақ халқының өмір-тірішілігіне айрықша орын алып,
ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі
десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс-тірішілігінен ою-өрнек
қатыспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақ халқының үй
жиһаздары мен киім-кешегіненде зергерлік бұйымдары мен құрал-саймандарынан
да, ер-тұрман, әбзелдері мен қару-жарақтарынан да молынан кездестіреміз
Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою-өрнек өнері
ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен етіп көшпелі тайпалар
өнерінің ықпал-әсері мен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі
бір жүйеге келгенін қапысыз аңғарар едік. Бұған дәлел айғақ ретінде
қазақтың алғашқы ою-өренк үлгілерін Андронов мәдениеті мен байырғы
сақ,ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшырататынымызды айтсақ та жеткілікті.
Ою-өрнек өнерінің белгілі біл халыққа ғана тән негізгі стильді
қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей
сабақтасып жатады. Сондықтанда оқымысты ғалымдар, өнертанушылар, қайсы бір
халықтың өнерін ден қоя зерттеп, салиқалы баға бертен кезде жоғары да
аталған өлшемдерді басшылыққа алып отырады.
Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа бір шебердің ұсталық, іскерлік
мәндерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы кейбір облыстардың
мүйіз өрнегі бастапқы бейнесінен өзгеріп кеткен ырғақ , сағат бау
түйе табан, жүрекше, қоз табан деп аталатын әдемі өрнектерде кейбір
облыс шеберлердің орындалуында олпы-солпы болып шығып жүр. Ертеде келе
жатқан халықтың мұраны тазартуды ойласақ ең алдымен осындай бауырмашылықтан
арылтып оны әдемілетіп жеткізе жаңа түр, жаңа мазмұн бередамытуымыз керек.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрі негізінен іздестіру ісінде Т.К.
Бәсеновтың орнымент казахстан в архитектура деген кітабы көптеген құнды
материалдырға толы. Кітапта халық ою-өрнек өнерінің шығуы, оның қандай
ұғымды тауып, қалай дамығандағы, ерте кездегі қауымдардың мекендестігі,
кәсібі ммен әдет-ғұрпы жайында өте толық айтылған. Автор ою-өрнек
элементтреінің даму тарихын көрсете келіп, оларды түр-түрге ажыратады.
Мысалы айтатын болсақ: арқар мүйіз, қырық мүйіз, сыңар мүйіз,
қармақ, ырғақ, қошқар мүйіз, күлте, жапырақ, гүл, т.б.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан тіркесек негізінен 3 түрлі
ұғымды бейнелейді. Олар:біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты екінішден, жер-
су, көшіп-қону көрністерін, үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі
заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнектеріндегі бір
ерекшелік осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де ұлттық ою-өрнектің
негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Қазақ халқының
этнографиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтеріде ою, сызу, бедерлеу,
бейнелеу шектерінің де белгілері орын алғандығы байқалады.
Оюдың қиындысын үлгідейді. Үлгі қию мен көп айналысқан және сол үлгі
бойынша ою ойып, іс істеуді сүйген шеберлер қолындағы ою үлгілерінөз
бетінше жаңа түр, жаңа буын қосып, оны өзінше жөндеп, дамытып отырады. Қай
кезде болса да ер өнері ортақ еліне ортақ қарапайым әдістің өзімен неше
түрлі сурет жасап ұнамы мен әдемілік жағынан көздің жаун алғандай ою-
өрнектердің үлгісін беріп жүрген халық шеберлері қазір де көп.
Ою-өрнек: сызықтардан, геометриялық пішіндерден, жапырақтардың,
гүлдің, жеміс-жидектердің, тіпті құстар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz