Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы жоспарлау мен өткізу жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Саз кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы жоспарлау мен
өткізу жолдары

Орындаған:
Жетекші:

Орал-2015г

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-бөлім. Балабақшада музыкалық іс - әрекетіті ұйымдастырдың теориялық
негіздері
1.1. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Музыка – оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың мақсаты мен
міндеттері ... ..9
1.3. Музыкалық оқу іс - әрекетінің тәрбиелік
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .11
1.4.Музыкалық сабақтарды ұйымдастыру кезінде техникалық құралдарды қолдану
мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .18
ІІ-бөлім. Балабақшада музыкалық іс әрекетті ұйымдастырудың практикалық
негіздері
2.1. Ұйымдастырылған іс - әрекеттің технологиялық
картасы ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мәдениетті, ұлтшыл адам тәрбиелеуге өте үлкен
екі күш ерекше ықпал жасайды, ол - өнер мен білім.
Ұлттық музыкамызды құрметтеп, оны түсінуге баулу, ұлттық салт –
дәстүрімізді үйрету және сонымен қатар музыка тілі туралы түсінік беру.
Балаларды әсемдік әлеміне жақындатып, өнерге баулитын кезең балабақша.
Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының дамуына
жәрдемдеседі.
Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық
болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алады.
Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең
ауқымды Ел болам десең, бесігіңді түзе деген мақал тегін айтылмағаны
жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі – оқу – біліммен өнегелі
тәрбиемен өлшенеді.
Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың,
тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір – асыл мұрат. Әр
отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, ата – анасының ғана
емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер
перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып,
жүрек қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу
бір ғана ата – ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік
борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.
Бүгінде еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан
бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер,
жазушылар, ақындар, қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай – талай мамандық
иелері шығуы әбден ықтимал.
Сол тәрбиенің бір саласы музыкалық, эстетикалық тәрбие. Музыкалық
эстетикалық тәрбие денегіміз – сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету,
сондай сұлулық пен көркемдікті тек көріп қана қоймай өз бойына қалыптастыра
білудің әдет – дағдыларын меңгеру.
Зерттеудің мақсаты: Техникалық қағидаларды сақтай отырып әнді үйрену
және мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және
түсіну, сондай – ақ сұлулықты тек көріп қана қоймай өз бойына сіңіре білуді
әдет – дағдыларына айналдыру. Осы маңызды мақсатты орындау үшін баланың
жалпы музыкалық қабілетін дамыту керек. Музыкалық қабілеттерін дамытуда
музыкалық аспаптарды және музыкалық білімді ұйымдастыру кезінде техникалық
құралдарды пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет
баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне
көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін
дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.
2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың
музыкалық әсерлерін байыта беру керек.
3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка
тыңдау, ән айту, музыкалық – ырғақ қимыл, балалардың музыкалық аспаптарда
ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.
4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад – биік
дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен
қимылдарын әрлендіре түсу керек.
5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл
істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.
6. Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық
талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін
алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне
көмектескен жөн.
7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен
хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері
тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен
қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек.
8. Музыкалық оқу іс әрекетін ұйымдастыру кезінде техникалық құралдарды
қолдану мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу мәселесі. Бүгінгі таң ХХІ ғасырдың көш басы, бүкіл
дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Осы кезеңде де бала тәрбиесі бір
сәтте назарда тыс қалмауы тиіс. Біз қаншама дамып, басқа өмір саласындағы
жетістіктерге жетсек те, Бала – Ұрпақ - Өркен деген ұғым өз деңгейінде
болуы тиіс. Бүгінгі күннің алға қояр мақсаты – жан – жақты бала тәрбиесі.
Ал, бала тәрбиесіне қазір үкімет тарапынан тиісті қамқорлық қайта қарала
бастады. Мектепке дейінгі мекемелердің біразы қайта ашылып және оған деген
сұраныстар көбеюде. Бұл қоғамымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі
нарық кезеңінің қиындығынан өтіп, өз - өзіне келіп, адамдардың әлеуметтік
жағдайы жақсара бастағынының белгісі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде
уақыт талабына сай жұмыс атқаруға, ұлттық негізде тәрбиелеу мәселесі қолға
алынуға талпыныс сезіледі. Алыс аудандар мен ауылдарға жетпей жататын
әдістемелік оқу – құралдары мен бағдарламалары көбірек шығарылып, барлық
мектепке дейінгі мекемелерге жетсе екен. Халқымыздың болашақ ұрпағы өз
заманына сай тәлімді тәрбие алуы үшін, осы мәселелерге баса назар
аударылғанын қалаймыз. Сондықтан болашақ ұрпақ, соның ішінде қазақ
баласының болашағы бізді көп толғаныдары. Себебі, егемен еліміздің
болашағы, ертеңі – ол бүгінгі өсіп келе жатқан бала екені бәрімізге
белгілі. Осы балалардың дұрыс тәрбие алуы білікті мамандарға, тәрбиешілерге
тікелей байланысты. Тәрбиеші деген үлкен ұғым, сол ұғым өз деңгейінде
болып, ғасырмен қатар қадам басқаны дұрыс.
Зерттеу болжамы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып
адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай
балалардың музыкаға деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле
түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Музыканың ықпалы кейде
үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны
әртүрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге
баулимыз. Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы
мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалайды.
Зерттеу нысаны: балабақшадағы музыкалық білім
Зерттеу пәні: балабақшада балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін
ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми – практикалық маңызы. Баланың дамуына педагогикалық
процестің басты роль атқаратындығы дәлелденді. Бұл жұмысты оқығандар
зерттеуден өздеріне қажетті мағлұматтар ала алады. Сондай – ақ мектепке
дейінгі мекеме тәрбиешілеріне де пайдалы болмақ.
Зерттеу құрылымы: жұмыс кіріспеден, теориялық және практикаалық
бөлімдерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-бөлім. Балабақшада музыкалық оқу іс - әрекетті ұйымдастырдың теориялық
негіздері
1.1. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың жолдары
Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық
қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді: сабақ, музыканы
мерекелер мен ойын – сауықта, дербес және басқа қызметтерде пайдалану.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Музыка ұйымдастырылған оқу іс -
әрекеті – белгілі бір жастағы балалардың бәрі бір мезгілде қатысатын оқу
процесінің формасы. Олар ұжым болып ән айтады, ойнайды, билейді. Бәрі
бірдей тебіреніс – толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға талаптанған
балалар әрқайсысының ісінің сәттілігі мен сәтсіздігін – бүкіл ұжым ісінің
сәттілігі мен сәтсіздігі деп біледі. Бұл, сөз жоқ, балалардың музыкалық
қызметін ұйымдастырудың тиімдірек формасы болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектермен және
өзге балалармен бірлесе қызмет істеуінен көрінеді. Педагог әр баланың жеке
басының жетілуіне дәйекті әдістемелік тәсілдерді қолдану, бүкіл ұжымға
ортақтандыру арқылы ықпал жасайды. Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды
жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы – құрдастарының үлгілі істері
пайдаланылады.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттер музыкалық қызметтің барлық түрі
бойынша жасалған бағдарламаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды
бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық,
әрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитындай етіп
ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі оқу іс - әрекеттерде не
жайлы айтылатынына, онда қандай әнді үйренетіндігіне, мерекеге қалай
әзірлену керектігіне т.б. оқу іс - әрекетінің қай – қайсысы болса да өткен
және алда жүргізілетін оқу іс - әрекетімен байланысты болуы тиіс. Оқу
процесін ұйымдастырудың мынадай кестесін белгілей кетуге болады: жаңа
материалмен таныстыру, ішінара меңгерілген шығарманы түгел үйрену, алған
білімдерді тиянақтау.
Іс - әрекет алмасып отырады: балалар ән айтады, билейді, ойнайды,
музыка тыңдайды. Бұл педагогқа белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол
балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты
бағыттап отырады. Әр түрлі эмоциялық және қимыл арқылы орындалатын
тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті әрі алуан түрлі
етіп жүргізуіне жәрдемдеседі.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерді ұйымдастыру балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай белгіленеді және ересек адам мен бала арасындағы
қарым – қатынастың өзгере бастауымен айқындалады. Педагог тапсырмаларды
бірте – бірте күрделендіріп, әдістемелік әдістерді түрлендіре отырып, оқу
іс - әрекеттерді жоғары топтағы балалардың анағұрлым және өздігінен қызмет
істей алатындай дәрежеде болуын ұйымдастырады.
Жұмыс барысында туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес оқу іс
- әрекет формасын қолдана алады. Кейде бала оқу іс - әрекетке ұзақ уақыт
қатыспағандықтан өзін қалай ұстауын ұмытып, қысылады, ұжымдық қимыл –
ырғақтан шет қалып қояды. Мұндайда жалпы оқу іс - әрекеттен кейін қысқа
уақыттық жеке оқу іс - әрекеттер (2 – 3 минуттық) өткізген жөн. Педагог
баланың артта қалу себептерін анықтайды, ән айтудың, қимыл жасаудың кейбір
тәсілдерін түсіндіреді және көрсетеді, оған белгілі бір тапсырманы орындау
арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен 3 – 4 рет сабақ өткізгеннен кейін
ол ұжымда белсенді бола бастайды. Бірақ солай бола тұрса да педагог оған
назар аудара жүріп қажет болған жағдайда жеке сабақтарға тартады.
Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тәсілін меңгеруіне,
кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан жасырын
үйретуіне т.б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен
сабақтар өткізілуі мүмкін.
1.2. Музыка – оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың мақсаты
мен міндеттері
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу іс - әрекеті жұмысының нәтижесі мен
сапасын көтеру мәселесі – бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған маңызды
істердің бірі.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның
ішінде білім беру саласында да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар
енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды. Қазақстан Республикасының Білім
туралы Заңы – осының айғағы.
Мектепке дейінгі мекемеде оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың түбегейлі
мақсат – міндеттерін жүзеге асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше.
Балалардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын, әсемдігін, терең сезімін,
музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау
арқылы жүзеге асыру үшін музыка жетекшісі мен тәрбиешінің алдына көптеген
міндеттер жүктейді.
Өзін қоршаған өмір мен мектепке дейінгі мекемедегі музыка сабағын
тығыз байланыстыра ұстау, оқу – тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі
міндет болуы керек. Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек,
халықтың материалдық – рухани мәдениеті (халықтың қолданбалы өнері,
зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз әдебиеті, ойын сауық, салт –
дәстүр, т.б. музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып
табылады.
Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиенің негізгі міндеті – баланы жан –
жақты әрі үйлесімді дамыту. Музыканың атқаратын міндеті де осы.
Осы тарауда баяндалған барлық қағидалар мектепке дейінгі мекемедегі
музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл
қағидалар баланың жеке басын жан – жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы
мақсатына бағындырылып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына
дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады:
1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет
баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне
көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін
дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.
2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың
музыкалық әсерлерін байыта беру керек.
3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка
тыңдау, ән айту, музыкалық – ырғақ қимыл, балалардың музыкалық аспаптарда
ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.
4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад – биік
дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен
қимылдарын әрлендіре түсу керек.
5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл
істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.
6. Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық
талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін
алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне
көмектескен жөн.
7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен
хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері
тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен
қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек.
Музыка пәні мұғалімі осы ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттерді
барлық сыныптардағы музыка сабағында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен
әдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтыра отырып қолдануы
керек.
1.3. Музыкалық оқу іс - әрекетінің тәрбиелік маңызы
Балаларға білім беру жұмыстарының негізгі формасы – оның барысында
әрбір балаға жүйелі мақсатты және жан – жақты тәрбие беретін және олардың
музыкалық қабілеттерін қалыптастыратын музыкалық оқу іс - әрекеттері.
Музыкалық оқу іс - әрекеттері барлық топтармен бір мезгілде
өткізіледі. Олардың құрылымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың
жасына байланысты болады. Бір жастағы баланың бақшада болу кезі ересек пен
балдырғанның белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі
ретінде қарастырылады. Бір жарым жастағы балалармен оқу іс - әрекеті әуелі
шағын топпен 10 – 12 минут, ал содан кейін бәрін қосып өткізіледі. Екінші
топтан бастап және мектепке дейінгі мекеменің одан кейінгі топтарының
барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.
Ендігі бір қиындық – оқу материалын жаттауды жүйелілікпен жүргізу:
алғашқы танысу, оқу процесіндегі дағдыларды меңгеруді қайталау, оны
тиянақтау, жатталғанды орындау. Бір сабақта белгілі бір шығарманы жаттау
кезеңдері сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, қолға алынған үш әннің біреуі
жақсы меңгеріледі және нақышымен орындалады, екіншісі тұңғыш рет тыңдаладығ
ал үшіншісі жаңадан жатталады. Ритмикаға үйрету процесі де осыған ұқсас –
балалар жаңа бидің жеке элементтерін меңгереді, ал таныс музыкалық
ырғақтарды қайталайды.
Ақыл – ой мен дене жағынан дамуды, адамгершілік тазалық пен өмірге
деген эстетикалық көзқарасты үйлесімді ұштастыру - әр тарапты сомдалған
жеке адамды қалыптастырудың қажетті шарты. Балаларға музыкалық тәрбие
беруді дұрыс ұйымдастыру көп ретте осы мәртебелі міндетке жету ісіне
көмектеседі.
Музыка – балаға эстетикалық тәрбие беру құралы. Эстетикалық тәрбие
мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну,
жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп
көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталады.
Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі – музыка. Музыка осы
маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту
керек. ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері қандай?
Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі – музыкалық шығарманың сипатын
(характерін) сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық әсерін
көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті.
Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір
құбылыстарымен таныстырады, оларды бір – бірімен салыстырған ой
(ассоциациялар) туғызады. Марштың ырғақты әуені оның көңіл күйін қуанышты,
көтеріңкі етсе, ал науқастанып қалған қуыршақ жайындағы пьеса мұңайтады,
жабырқатады. Бір баланың ересек адамның радио арқылы орындап тұрған мұңды
әнін естігенде: Ағай өз қайғысы жайында ән айтып тұр дегені бар. Демек,
ол адамның ішкі тебіреністерін бейнелеген әннің сарынын сезген.
Музыкалық қабілеттің екінші белгісі – тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым
жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға бере
білу қабілеті. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу
мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін
талап етеді. Мәселен балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін
(рояль мен скрипка тағы басқа аспаптардың жоғары және төмен тембрлік
дыбысын) бір – бірімен салыстырады, музыкалық шығарманың ең қарапайым
құрылымын (әннәі бастамасын, қайырмасын, пбесадағы үш бөлімді т.б.) бір –
бірінен айырады, бір – біріне қарама – қарсы көркем образдардың
айқындылығын (өлең бастамасының биязы жұмсақ және созылыңқы сипаты мен
қайырманың жігерлі тез сипатын) байқайды. Бара – бара балалардың өздері бар
ынтасымен тыңдайды және орындайтын сүйікті шығармаларының қоры жинақталады,
музыкалық талғамдарының алғашқы негіздері қаланады.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі – музыкаға шығармашылық
көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді,
ойынды, биді көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мәселен, бала
сергек басып келе жатқан балаларға, маң – маң басқан аюға, үркек қоянға,
т.б. тән бейнелі қимылды іздейді. Таныс би қимылдары жаңа құрылымдар мен
түрлерде қолданылады. Балалар қарапайым әуендерді ойдан шығарып айта
береді.
Музыкаға жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға
деген эмоциялық көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі,
шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балалардың тебіреніс –
толғаныстары өзіндік эстетикалық реңк алады.
Музыка – баланың моральдық бейнесін қалыптастыру құралы. Музыка
баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін
қалыптастырады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нүсқаудан да
анағұрлым күшті болады. Балаларды эмоциялық – образдық мазмұны әр түрлі
шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз.
Ұжым болып ән салу, билеу, ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді
шешуге көмектеседі, мұндайда балалардың бәрі ортақ әсерге бөленеді. Ән айту
қатысушылардың бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді. Әнді дәл айтпайтын
адам әннің жақсы айтылып, орындалуына кедергі жасайды, ал ол бәрінің
сәтсіздігі ретінде қабылданады. Көптің бірдей тебіренуі дербес дамудың
қолайлы негізін қалайды. Жолдастарының үлгісі, бәрі бірдей шаттанып,
қуанышты түрде орындауы жүрексіз, батылсыз балаларды қанаттандырады. Басқа
балалардың сәтті шыққан өнері ықылассыз, өр көкірек баланың жағымсыз
қылықтарға бой ұруына белгілі кедергі болып табылады. Ондай балаға
жолдастық көмек көрсетуге, сөйтіп, кіші пейілділікке тәрбиелеуге және оның
басқадай қабілеттерін дамытуға болады.
Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез –
құлқына, мәдениетіне себін тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс – қимыл
түрлерін (ән айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау, музыка
ырғағына үйлесімді қимылдар жасау) алма – кезек ауыстырып отыру балалардың
ықылас қоюын, тапқырлық көрсетуін, тез қабылдап, тез тауып қимыл жасауын,
ұйымшыл болуын, жігерлі күш – қимылды: әнді дер уақытында бастап, дер
кезінде аяқтауды; биде, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, әлдекімдерден
озып кеткісі келген ықтиярсыз тілекке берілмей, музыкаға бағынып, қимылдай
білуді талап етеді. Осының бәрі тежеу процестерін жетілдіреді, ерік –
жігерді тәрбиелейді.
Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы
мәдениетінің алғашқы түп негіздерін тәрбиелейді.
Музыка – ақыл – ой қабілеттерін жандандыру құралы. Музыканы қабылдау
ақыл – ой процестерімен тығыз байланысты, яғни зейінді, байқағыштықты,
тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салады, ұқсас және бір –
бірінен өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады,
көркем образдардың сипатты мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың
құрылымын түсіне білуді үйренеді.
Баланы эстетикалық және ақыл – ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның
қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандыратын, ой – қиялын
оятатын кішкентай да болса шығармашылық көріністерін барынша демеп, қолдау
керек.
Ересек адам балаға шығармашылық тапсырмалар берген кезде ақыл – ой
белсенділігін қажет ететін ізденіс туады. Мәселен, ән айтқанда бала әуеннің
өзі тапқан түрін жанынан шығарып айтады, әдеби мәтіннің бейнелі интонацияға
сәйкестініг табуға тырысады.
Музыкалық – ырғақ (ритмика) сәтінде балалар рахаттана әндетіп, музыка
ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би,
халықтың жеке билері, пантомима, әсіресе музыкалық – ойын түріндегі драма
балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы
қайсыбір персонажды сипаттауға итермелейді. Бұл жағдайда белгілі бір жүйе
байқалады; балалар алдымен музыканы тыңдайды, тақырыпты талқылайды,
рольдерді бөліседі, содан кейін барып іске кіріседі. Әрбір кезеңде
ойлануға, қиялдауға тура келетін жаңа міндеттер туып отырады.
Ән айту дауысты жетілдіреді, дауыс желбезегін бекітеді, сөзді дұрыс
айта білуге үйретеді (логопед – дәрігерлер тұттықпаны емдегенде ән айтқызу
тәсілін қолданады), вокальдық – дыбыс координациясын қалыптастыруға
көмектеседі. Ән салушылардың өз тұлғасын дұрыс ұстауы тынысты реттеп,
тереңдете түседі.
Музыка мен қимылдың өзара байланысына негізделген ритмикамен шұғылдану
баланың тұлғасын, координацияны жақсартады, аяқты нық басып, жеңіл
жүгіретін қасиет қалыптастырады. Музыкалық шығарманың динамикасы мен екпіні
тиісінше қимыл шапшаңдығын,оның ауырлығын, амплитудасын, бағытын да
өзгертіп отыруды талап етеді.
Мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық әрекеттің басты түрі ән айту
болып саналады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар есту арқылы ән
айтудан нота бойынша айтуға көшетіндіктен, мектепке дейінгі мекемеде
музыкалық оқу іс - әрекеттеріне белсенді түрде дайындалу үшін балалар үшін
барлық жағдай жасалынуы керек. Есту арқылы ән айтудан нота бойынша ән айту
– дыбыс пен нотаны ұштастыра білуді талап етеді. Осыған ұқсас жағдайда
ауызша және жазбаша сөздердің байланысын еске түсіруге болады. Сондықтан да
баланың бойында көтеріңкі дауыс шығарудың арақатынасы туралы музыкалық –
есту түсініктерін қалыптастырудың маңыздылығының мәні де осында.
Жүйеге түскен әндердің (ансамбльдік) дағдылары коллектив болып ән
айтудағы тұрақты жаттығулар арқылы қалыптасады. Мұнда бұкіл музыкалық
реңктердің ерекшелігін айтып отырудың маңызы зор. Егер балалар осы
ерекшеліктердің мәнін, көңіл күйін жете білсе, онда олар мерекелік әндерді
не үшін салтанатты түрде, шаттық сезіммен, бесік жырын баяу, ерекше
мейіріммен айту керектігін біледі. Ең бастысы – балалар әрекеттерінің
ынтымақта болуы, әрқайсысы өзін ән айтушы коллективтің қатысушысы екенін
сезе білуі және өз даусын жалпы дауысқа, ырғаққа мүмкіндігінше теңестіре
білуі.
Балаларды музыкалық – ырғақтық қимылдар жасауға үйрету алған
дағдыларын бекітуге бағытталған жұмыстың белгілі бір қорытындысы болып
табылады. Егер ән айтуға үйрету кезінде мектепке дейінгі мекеме мен мектеп
арасында сабақтастық болуы белгіленетін болса, ырғақты меңгеру ісі басқаша.
Ырғақ мектепте айтарлықтай орын алмайды (әр түрлі жағдайларға байланысты),
жүйелі жүргізілуі де жеткіліксіз. Сол себепті үйрету барысында мектепке
дейінгі және мектеп жүйесіндегі сабақтастық туралы айтудың өзі де қиын.
Алайда мектептегі сабақтарға қажетті эстетикалық, ақыл – ой қабілеттерін,
адамгершілік – еріктік сапаларын дамытуда ырғақтың қосар үлесін де
бағалаған жөн.
Билерді, қол ұстасып жүрумен ән айтуды мәнерлі, дәл орындау,
шығармашылық әрекеттер жасау, белсенділікті арттыру, өздігінен жұмыс жасай
білу дағдыларын жетілдіру жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырылады.
Балалар музыкалық тапсырмаларды орындай отырып, қимылдар сипатын
теңдестіре білуді: жүру кезінде мерекелік жүрістің салтанатты, көтеріңкі
көңіл күйін, орыстың қол ұстасып жүріп айтатын өлеңдерінде бір қалыпты
салмақтылық жағдайды; секіру кезінде жеңіл, әсем, биікке көтерілуге,
қимылдарды кеңінен жасауды үйренеді.
Қимылдардың, әсіресе би және гимнастикалық қимылдардың көлемі
айтарлықтай кеңейтіледі.
Балалардың музыкалық – ойындық, би шығармасы олардың ойындарда
өздігінен ойлап табушылығын, композицияларды, қол ұстасумен ән айтуды, би
билеуді ойдан шығара білу мақсатын көздейді.
Музыкамен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі.
Тәрбиенің барлық жақтарының өзара байланыстылығы музыкалық қазметтің алуан
түрлері мен формалары процесінде қалыптасады. Балалардың эмоциялық
елгезектігі мен музыкалық есту қабілетінің жетулуі олардың ізгі сезімдер
мен іс – қылықтарға қолдарынан келетін формада жауап қайтаруға мүмкіндік
береді, ой қызметін күшейтуге көмектеседі, мектеп жасына дейінгі балалардың
қимыл – қозғалыстарын ұдайы жетілдіре отырып, дене жағынан шыңдап шығарады.
Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі. Балаларға эстетикалық тәрбие
беру міндеті өсіп отырған қазіргі жағдайда музыкалық ойыншықтар мен балалар
аспаптарына айрықша рөл жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын
туғызады. Сондай – ақ бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру,
шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында отбасында да, мектепке дейінгі
ұйымдарда да кеңінен қолданылады.
Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін
мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта
музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар оркестріндегі ұжымдық орындаулар да
осындай мүмкіндік болып табылады.
Музыка жетекшісі әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен
өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс
шағын әндерді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан
шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс әуенді іріктеуді музыкалық
жаңғырықта ойнауды, ән айтуды және өз дауысына келтіруді, т.б. үйренеді.
Мектепке дейінгі ұйымда музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе
тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.
Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі анық, көлемі мен салмағы
жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты болуы керек.
Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар сабақ
басталмай тұрып ретке келтірілуі тиіс.
1.4.Музыкалық сабақтарды ұйымдастыру кезінде техникалық құралдарды қолдану
мүмкіндіктері
Халықтың музыкалық мұрасын жинап-теріп, оны зерттеу жолында артына
ұмытылмас із қалдырған А.В.Затаевич, академик А.Қ. Жұбанов, өнер
зерттеушілері — Б.Г. Ерзакович, П.И. Аравин, Б.Ш. Сарыбаев сынды
ғалымдардың ұланғайыр еңбектері халқымыздың игілігіне жарап, ұрпақтан-
ұрпаққа тарап жатыр.
Қазақтың музыкалық аспаптарының шығу тарихы, оның өзіне тән
ерекшеліктері туралы профессор Б.Ш.Сарыбаевтың еңбектерінде кеңінен
баяндалған. Осы ғалымның еңбегінің арқасында қазақтың халық аспаптарының
коллекциясы жиналды. Бүгінде оның саны қырыққа жуық. Аспаптарды мынадай
топқа бөлген екен:
ҮРМЕЛІ АСПАПТАР — сыбызғы, қамыс сырнай, саз сырнай, үскірік,
тастауық, керней;
ПІІЕКТІ АСПАПТАР — жетіген, шертер, домбыра, қылқобыз;
ТІЛШІКТІ АСПАП — шаңқобыз;
ҰРЫП ОЙНАЙТЫН МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАР — дабыл, даңғыра, кепшік, дауылпаз,
шыңдауыл, асатаяқ, қоңырау, т.б.
Осыған XIX ғасырда қазақ жеріне тарай бастаған сырнайдың (гармоника),
қағаз сырнай (гармонь), ауыз сырнай (губная гармошка) сияқты түрлерін
қоссақ, қазақтың музыкалық халық аспабы деген ұғымның кеңейе түсетінін
байқаймыз — дейді Ж. Рсалдин.
Енді осы аспаптардың кейбіреулеріне сипаттама беріп, олар туралы
жазылған аңыз-әңгімелерді мысал етіп келтірейік.
ДОМБЫРА — халық арасына кең тараған қазақтың ежелден келе жатқан
сүйікті музыка аспабы. Домбыраның мүмкіншілігі жөнінде Б.Сарыбаев былай
дейді: „Егер бүрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды
сүйемелдеу үшін ғана қолданса, енді домбыра жеке шығармалар орындауға
арналып, күрделі аспаптар қатарына қосылды. Өткен жүз жылдықта халық
композиторлары Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек,
Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жүртты аузына қаратқан
екен. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болумен қатар, нелер
бір ғажап күйді шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Солардың арқасында
домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле
түскен-ді. ҚОБЫЗ — халқымыздың ерте заманнан келе жатқан ең көне
аспаптарының бірі. Қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан қобызы —
қыл қобыз. Қылқобыз деп аталатын себебі, оған екі қыл ішек тағады, „Бұл
аспап ата-бабамыздың әрідегі үніндей. Ол екі заманның сырын шертеді, алыс
заман оқиғаларын қоңыр күйімен баяндайды" . Қобыздың тарихы көне әдеби
ескерткіште Қорқыт ата есімімен тікелей байланысты. Қорқыт халық ұғымында
ел басына түсер ауыртпашылықты күні бүрын болжай білетін сәуегей, оның
тағдырын ойлап, түн ұйқысын төрт бөлген, замана шындығын қыл ішекті қобызда
сөйлеткен асқан музыкант, халықтың басынан кешірген не түрлі тарихи кезеңін
өлеңмен баяндаған жырау.
СЫБЫЗҒЫ — қазақ халқының үрлеп ойнайтын музыкалық аспабы. Сыбызғыны,
әсіресе, қойшылар мен малшылар қамыстан не қурайдан жасап алып ойнай
берген. Сыбызғының үні майда, тембрі жұмсақ келеді, Орындалатын күйлердің
мазмұны табиғатты, жан-жануарларды, құстарды, өзен-көлдерді суреттеуге
арналган,
ЖЕТІГЕН — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқыныц шертіп ойнайтын
көне музыкалық аспаптарының бірі. Бұрауы жоқ, тегіс бетіне жеті ішек
таққан, тиек орнына жеті асық қойылған, құлақ күйін асықтарды ілгерілі-
кейінді жылжыту арқылы келтіреді. Дыбыс ішектерді саусақтармен іліп-қағу
арқылы шығады. Шанағы тұтас ағаштан ойылып жасалынады. Шектері аттың
қылынан тағылады.
СЫРНАЙ деп музыкалық аспаптардың бірнешеуін атағаи. „Сырнай" деген сөз
„сыр" және „най" деген екі сөзден тұрады екен. Қазақ тілінде „сыр" деген
сөздің мағынасы, мысалы, сырласу, „сыр шерту" болса, „най" деп аспаптарды
және кейбір түтік заттарды атаған екен. Сырнай ерте заманнан ке-ле жаткан,
қазақтың үрлемелі музыкалық аспабына жатады. Ол өзінің жасалған затына,
құрылысына қарай, саз сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, қос сырнай, саз
сырнай немесе сырнай болып бөлінеді. Сырнайдың XIX ғасырдың ортасында қазақ
жерінде тарай бастаған аты „гармоника", Мүны „қағаз сырнай" деп атаған,
себебі, дыбыс күштілігі, дауыс ырғағының әдемілігі саз сырнай мен үрлемелі
сырнайға үқсас. Аспаптың қазақ жеріне кең тарауына оның тембрінің халық
музыкасының үніне сәйкес келуі, әрі көшпелі халыққа алып жүруге ыңғайлы
болуы.
Балалардың, студенттердің, жалпы өнер сүйер қауымның бірден-бір жиі
меңгеріп, ойнап жүрген аспаптарының бірі — ШАҢҚОБЫЗ. Ол көне музыкалық
аспап. Қазақ жерінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап белгілі болған.
Шаңқобыздың түрі уысқа сиғандай. Ол темірден, ағаштан, кейде күмістен
істеледі. Шаңқобызда ойнағанда, оны тістің арасына апарып, тілшеге ерінді
тигізбей, тіл мен көмекейдің қатысуымен ғажап үн шығаруға болады. Аспаптың
тембрі әдемі, әрі нәзік. Бұл аспапты көбінесе әйелдер ойнаған. Кейде
орындаушылар саусақтарына қоңырау іліп алып та ойнаған екен.
АСАТАЯҚ — ұрып және сілкіп ойнайтын музыкалық аспап. Асатаяқты бұрын
көбінесе диуана-бақсылар қолданған. Оның бірнеше түрі бар. Басына бұршақ
салып, металл сылдырмақтары басына ілінеді. Олар: қоңыраулы, сақиналы
асатаяқ болып бөлінеді. Олардың құрамына қарай, үндері де өзгеше. Мысалы,
алты қоңыраулы асатаяқтың үні сыбызғының дыбыс қатарына сәйкес келеді.
Асатаяқ бүгінде мектеп балаларының сүйіп ойнайтын аспабына айналды,
ҚОҢЫРАУ — ерте заманда қылқобызшылар мен қобызшылар және басқа да
бақсылардың қолданған музыкалық аспабы. Күйшілер қоңырауды қылқобыз бен
домбыраның жоғарғы мойын жағына байлап, кейбір әнкүйлерді тартқанда әрлі-
берлі шайқап, шылдыратып отырған. Ал, шаңқобыз тартатын әйелдер
саусақтарына қонырауды киіп алып, анда-санда қағып отырып шылдырлатқан .
ТҰЯҚТАС — ұру арқылы үн шығаратын аспаптар тобына жатады. Ол аттың
тұяғынан жасалады, оны өңдеп музыкалық аспап ретінде қолдану үшін, бір
немесе бір жарым жыл уақыт кептіру қажет. Сонда ғана соққанда анық, таза үн
шығады. Тұяқтасты бес саусақтың ұшымен алақанға жеткізбей ұстап, екі шеткі
жиегін кезекпен жартылай дөңгелетіп, алмастыра отырып соғу керек
Ырғақ — қозғалыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың шығармашылыққа ұмтылуы
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық формаларын ұйымдастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІНДЕ АРТТЫРУ ТИІМДІЛІГІ
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі
«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары
Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары
Пәндер