Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І БӨЛІМ. БАЛАЛАР ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Балалар психологиясы – баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы
ғылым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Балалар психологиясының
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Психикалық дамудың негізгі
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ БӨЛІМ. Отбасында баланың психологиялық дамуы және мектепке келу
мәселесі
2.1 Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері ... ... ..15
2.2 Баланың мектепке келу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
7
2.3 Мектепке дейінгі балалардың оқуға психологиялық
даярлығы ... ... ... ... 20
ІІІ БӨЛІМ. БАЛАЛАР ПСИХИКАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕР
3.1. Балалардың танымдық үрдісін дамытуға арналған жаттығулар мен
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.2 Қызықты ойындар арқылы таным үрдісін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..36
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Жеке бастың даму және қалыптасу процесін тануды
дұрыс шешу психикалық процестердің заңдылықтарымен оның ерекшеліктерін
білумен байланысты. Бұл салада ғалым педагогтар, психологтар Ж.Аймауытов,
Л.С. Выготский, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, С.Макаренко, М.Мұқанов,
Ж.Намазбаева, Т. Собиров, Г.Усманов т.б. арнайы зерттеу еңбектері бар
Психолог ғалымдар баланың даму процесін қарастыруда бірнеше ғылыми
теориялық принциптерді ұсынады. Солардың бірі Л.С. Выготский төменгі ісласс
оқушыларының даму процесін сензетивтік кезеңге тән екенін және олардың
үлкен сезімталдығы мен әсерленгіштігі анықталған. Мектепке бар ынтасымен
келген 7 жасар бала, тәрбиелік ықпалға оп-оңай беріледі. Оның жақсы оқушы,
жақсы мінез-құлықты бала атанғысы келеді. Балалар бұл жаста барынша
көпшілік мұғалімдермен тез тіл тапқыш, өзінің жаңа ұжымда, балалар арасында
еркін сезінгіш, мұғалімнің талаптарын, мектеп ережелерін орындауға
қызығады.
Выгодский теориясы бойынша баланың әсерленушілігі ішкі және сыртқы әр
түрлі жағдайлардың ықпалының жиынтығы деп есептейді. Осыдан барып оның
психикалық дамуын айқындайтын, басқаша да күштерді күрделендіріп жаңа
түсініктерді құрастыруға жол ашады. Орта мен бала арасындағы қатынас
құбылысын оның күрделілігін түсіндіргенде Л.С. Выготский төменгі класс
оқушыларына әсерленушілік сипат және ықпал жасайтын жағдайларды баланың
қабылдауымен байланыстырады. Бұдан өмірдің ішкі рухани өмірін, әсіресе
адамгершілік ойлауын, сезімін, санасын, іс-әрекетін зерттеуде осы кезеңдегі
сензетивтік ерекшеліктерін ескеру мұғалімнің маңызды міндетінің бірі болып
табылады.
М.Жұмабаев өзінің Педагогика атты оқулығында бала дамуының
психологиялық заңдылықтарын жан-жақты талдап көрсеткен. Мәселен, жан-
тәрбиесі, ес, қиял, ойлау, тіл т.б. психикалық процестерге талдау жасаған
және бұл психикалық процестерде төменгі класс оқушыларының ерекшеліктерін
көрсеткен.
Әсер күшті болса, есте ұзақ сақталады. Мысалы, қатты дауыл, сұрапыл
боран сықылды күшті көріністер тез ұмытылмайды. Бір сабақтан бала күшті
әсер алуы үшін баланың сол сабаққа құмар болуы шарт. Баланы құмар қылу үшін
мұғалім өзі құмар болуы керек. Мұғалім сабақ бергенде өзі есінен түсіп,
ыңылдап тұрса, шәкіртте құмарлық бола ма? - деген.
М. Жұмабаев айқындаған заңдылықта оқу-тәрбие процесінде мұғалім де,
ата- ана да керек.
Қ. Жарықбаев көптеген еңбектерінде және арнайы ғылыми зерттеулерінде
балаларға тән психикалық (сензетивтік жасына байланысты) ерекшеліктері
тереңдетіліп қарастырылған. Мысалы, мінез, түйсік, қабілет, қабылдау, ес,
ойлау, қиял, эмоция мен сезім, ерік, зейін, әрекет, дағды әдептері т.б.
Бала психологиясы — жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол
адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық
даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы
болған Бала психологиясы 19 ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге
келді. Бала психологиясының негізін қалаған — неміс ғалымы В. Прейер. Ол
Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті
бақылауға өтуді жүзеге асырды. В. Прейердің “Бала жаны” атты кітабы — Бала
психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психол. еңбек. Бала
психологиясының пәні — балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы
заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту
себептерін анықтау. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын
түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
1) биогенетикалық;
2) социогенетикалық.
Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды
(биологиялық не әлеуметтік) алуымен ерекшеленеді. Бала психологиясы баланың
дүниеге келгеннен мектеп бітіргенге дейінгі уақыт аралығын қамтиды (балалар
психологиясы, бастауыш сынып оқушылары психологиясы, жасөспірімдер
психологиясы, балаң жас психологиясы). Бала психологиясындағы “балалық шақ”
ұғымы ғасырлар барысында өзгеріп отырды. Әлеуметтік-мәдени құбылыс болып
табылатын “балалық шақ” ұғымы нақты тарихи сипатқа ие. Оның мазмұны
қоғамдағы тәрбиелеу жүйесіне, этномәдени ерекшелікке байланысты. Баланы
біртұтас зерттеуді мақсат тұтқан педалогия қазіргі Бала психологиясының
құрамына енген көптеген ғылыми мағлұматтар мен күні бүгінге дейін маңызын
жоймаған психология концепцияларды өмірге әкелді. Бала психологиясының
мәселелерін зерттеумен айналысқан орыс психологтарының көрнекті өкілдері
осы педалогия саласында қызмет етті (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Б.М.
Бехтерев, А.П. Негаев, Г.И. Россолимо, т.б.). 20 ғасырдың 30-жылдарында
педалогияның “жалған ғылым” ретінде қудалануы Бала психологиясының дамуына
үлкен зиянын тигізді. Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж.
Уотсон, В. Штерн, К. Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж.
Пиаже, Э. Эриксон, Д.М. Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б.
психологтар еңбек еткен. Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер
жазған психологтар: С. Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М.
Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б
Зерттеу мақаты: балалардың психикалық даму ерекшеліктерін анықтау және
психикасын дамытуға арналған әдістермен танысу.
Зерттеу міндеттері: балалардың психикалық дамуы туралы түсінік беру,
балалардың ойлау қабілеттерін арттырудың ерекшеліктері және даму
психологиясының ерекшеліктері туралы түсінік беру. Балалардың психикасын
дамытуда әдістердің, тренингтердің рөлі туралы мағлұмат беру.
Зерттеу объектісі: Балалар
Зерттеу пәні:
Ғылыми болжам: балалардың психикасын дамыту, олардың ойлау
қабілеттерін арттыра отырып білім сапасын жоғарылатады. Балалалардың ойлау
қабілетін дамыту табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде
көрнекілік пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте
сақтау өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, кіші мектеп жасындағы
балаларға жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша
құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеудің теориялық мәні: балалар психологиясының ерекшеліктерін
зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі
теорияларды зерттеу негіз болды (В.Д.Шадриков, С.А.Изюмова, Т.В.Зотова,
Л.В.Черомошкина).
Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-
әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау;
ата–аналар және мұғалімдермен әңгіме, сұхбат жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Балалар психологиясы – баланың психикалық даму
ерекшеліктері туралы ғылым
Педагогика, физиология, педиатрия ғылымдарымен қатар балалар
психологиясы да баланың психикасының дамуын зерттейді. Балалардың жас
ерекшеліктері үш кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – ерте балалық шақ - туғаннан бастап үш жасқа дейін;
Екінші кезең – балалық шақ – үш жастан бастан он жасқа дейін;
Үшінші кезең – ересек шақ.
Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы балалар психологиясының
құрамдас бөлігі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы
олардың туғаннан бастап жеті жасқа дейінгі дамуының психикалық
ерекшеліктерін зерттейді.
Балаларды психологиясы бір жас ерекшелігінен екінші жас ерекшелігіне
өту кезеңіндегі ерекшеліктер қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық
процестердің жеке өздері ғана емес, олардың пайда болуы мен қалыптасу
мәселесі де зерттеледі.
Психикалық дамуды психикалық процесс жаңа сапалар мен қызметтердің
пайда болуымен қатар, бар психикалық формалардың түрленіп өзгеруі деп
түсінеміз. Психикалық даму әрекет, тұлға, таным үшеуінде өзара байланысты
болатын сандық және сапалық өзгерістер. Сонымен, психиканың дамуы –өткенді
қайталау ғана емес, сонымен қатар, күрделі, бірте-бірте сапасы артып,
өзгеріп тұратын процесс. Психикалық даму өсіп қана қоймай, түрлене де
алады, бұл жағдайда сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге айналады.
Жаңадан пайда болған сапалар өз кезегінде сандық өзгерістерге әкеледі.
Психология ғылымында психикалық даму қоғамдық-тарихи тәжірибе
тұрғысынан қарастырылады. Баланың психикалық дамуы үшін адамзаттың бойына
жинақтаған қоғамдық-тарихи тәжірибесі маңызды. Ағзаның құрылымы мен жұмыс
істеуі балалардың жеке ерекшеліктеріне байланысты. Психикалық даму
толыққанды болу үшін ми қыртысы мен жоғары жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс
істеуі маңызды. Миға зақым келуі немесе дұрыс дамымауы өз кезегінде
психикалық дамуды тежейді. Сондықтан, баланың іште жатқан кезінен бастап
барлық жағдай жасалуы оның қалыпты дамуының кепілі. Баланың психикасының
дамуы ортаға да тәуелді. Бала өзінің белсенді әрекеті арқылы әлеуметтік
тәжірибені меңгереді. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы бала
қабілеттерге ие болады. Балалардың психикалық дамуының негізгі механизмі
әлеуметтік, әрекеттің тарихи қалыптасқан түрлері мен формалары болып
табылады. Қоғам әлеуметтік-тарихи тәжірибені мектепке дейінгі білім беру
мекемелері арқылы жүзеге асырады.Бала туғаннан бастап әлеуметті ортаға тап
болады. Қоғам баланы адамның қолымен жасаған затттар арқылы білім,
біліктілік, дағдыларды меңгеру процесінен табысты өтуге үйретіп қана
қоймай, тұлғаның тәрбиесіне де көңіл бөлінеді. Үйрету, тәрбиелеу, дамыту
үнемі өзара тығыз байланысты.
1.2 Балалар психологиясының әдістері
Мектеп жасына дейінгі баланың дамуын зерттеу күрделі мәселе, оның
өзінің ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктер төмендегідей принциптерге
бағынады:
Ізігілік принципі. Жеті жасқа дейін баланың психикасына сыртқы
жағымсыз ықпалдар әсер етеді, сондықтан да зерттеу барысы ізгілік
принциптеріне негізделуі тиіс. Психолог немесе зерттеуші баланың мінез-
құлқының ауытқуының шынайы себебін анықтайды.
Тиімділік және ғылымилық принциптері. Аталған принциптер психикалық
дамуды, оның механизмдерін, заңдылықтарын балалар психологиясы тұрғысынан
қарастырады. Тиімділік пен ғылымилық принциптері мектеп жасына дейінгі
баланың толыққанды адам екенін, яғни әлемге өзінің көзқарасы барын, ойлау
ерекшелігін ескергені дұрыс. Баланың ішкі әлемінің дамуын түсіну үшін
зерттеуші арнайы психологиялық білім, ұғымдар, психология ғылымының негізгі
идеяларымен қарулануы тиіс.
Детерминизм принципі психикалық функциялар мен қасиеттердің
қалыптасуы, сонымен қатар олардың ішкі және сыртқы себептермен байланысының
ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл себептер баланың өмір сүру ортасы,
тәрбиесі, ересектермен, өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы, әрекеті мен
белсенділігінің ерекшелігіне байланысты болады. Зерттеуші бала бойында
пайда болған мінез-құлқындағы өзгерістің ненің салдарынан болғанын анықтап,
түсіндіре алуы керек.
Әрекеттегі психика, сананың дамуы принциптері. Бұл принциптер бала
әрекетінің психикасының көрінуі мен дамуының шарты болып табылады.
Сондықтан да мектеп жасына дейінгі баланың психикалық ерекшеліктерін
зерттеу үшін қажетті әрекет түрлерін ұйымдастыру қажет.
Сана мен әрекет бірлігі принципі. С.Л.Рубинштейн ұсынған бұл принцип
сана мен әрекеттің өзара ықпалын білдіреді. Бір жағынан, сана әрекет
барысында оған жетекшілік жасай отырып қалыптасса, екінші жағынан әрекет
жаңа әрекет түрлерін меңгеру оның санасын өзгертеді. Сөйтіп, баланың мінез-
құлқын қылықтарына талдау жасау арқылы түсінуге болады.
Жеке жас және тұлғалық ерекшеліктерді ескеру принципі. Психиканың
дамуының жалпы заңдары әрбір баланың даму ерекшелігінің басқалармен бір
дәрежеде, деңгейде болғанымен, өзінің ерекшеліктері болатынын білдіреді.
Кешенділік, жүйелік пен мерзімдік принциптері. Бір зерттеу арқылы
баланы әр қырынан танып-білу мүмкін емес. Сондықтан, баланы бір қырынан
ғана емес, кешенді түрде әр мезгілде даму ерекшелігін жүйелі түрде
қарастыру керек.
Әдістің ғылыми фактілер жинау тәсілі екені белгілі. Балалар
психологиясын зерттеудің негізгі әдістеріне бақылау, эксперимент, әңгіме
және балалар әрекетінің өнімін талдау жатады. Аталған әдістердің ішіндегі
бастысы бақылау әдісі болып табылады.
Бақылау психологиялық фактілерді мақсатты бағытталған қабылдау мен
фиксацияны білдіреді. Кез-келген бақылаудың алдына мақсат қойылады.
Бақылауды бастамас бұрын оны жүргізу схемасы жасалады, жасалған схема
алынған мәліметтерді дұрыс талқфлауға көмектеседі. Бақылау барысында
зерттеуші баланың табиғи әрекетін көре алады. Бұл бала тұлғасы туралы
шынайы нәтиже алуға көмектеседі. Бақылау шынайылығы үш шартты сақтау
барысында анықталады.
1. Бала өзінің зерттеу нысаны екенін білмеуі тиіс.
2. Зерттеу жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
3. Зерттеушінің балаға деген ешқандай жағымды немесе жағымсыз қарым-
қатынасы болмауы керек.
Бақылау барысы хаттамаға сипатталып жазылады. Сипаттама түрінде
жазылған бақылау хаттамасы математикалық әдістер арқылы өңдеуге қиындық
туғызады. Сонымен қатар, бір мезгілде бір ғана баланы бақылауға
болатындықтан, тез арада көп материал жинап алу мүмкін емес. Бақылау
кезінде ересектерге бала әрекетіне кірісуге, психикалық құбылысты тудыруына
болмайды.
Бақылаудың бірнеше түрі бар:
- толық бақылау;
- жартылай бақылау;
- тікелей;
- жанама.
Толық бақылау барысында барлық психикалық көріністер зерттеледі,
жартылай бақылауда тек бір психикалық дамудың бір түрі ғана қарастырылады.
Тікелей бақылау кезінде зерттеуші өзі қатысады, балалармен қарым-
қатынасқа түсе алады, ал жанама бақылау сырттай бақылау арқылы жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуын зерттеудің тағы бір
әдісі эксперимент болып табылады. Эксперименттің бірнеше түрі бар:
- лабораториялық;
- табиғи;
- анықтаушы;
- қалыптастырушы.
Лабораториялық эксперимент кезінде табиғи ортаға сәйкес келетіндей
жағдай жасалады. Табиғи эксперимент психикалық көріністердің процестің
жүру барысында қаз қалпында көрінуімен тиімді. Анықтаушы эксперимент
оқыту мен тәрбиелеудің қарапайым жағдайындағы зерттелетін процестің даму
деңгейін анықтайды. Қалыптастырушы эксперимент балалардың бойында қандай да
бір психикалық процесс, сапа, қасиеттерді қалыптастыруға жағдай жасайды.
Эксперимент жүргізу барысында баланың психикасын зерттеу үшін арнайы
жағдайлар жасалады. Бұл жағдайлар эксперимент жүргізу әдістемесіне сәйкес
зерттеу мақсаты, өткізілу барысы, мәліметтерді өңдеу өлшемдері мен
көрсеткіштерімен анықталады. Әдістемеде көрсетілген барлық нұсқаулар қатаң
сақталады. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне де баса назар
аудару керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуын зерттеудің бір
әдісімен ғана анықтау мүмкін емес. Сондықтан зерттеу барысында бірнеше
әдісті қолдану ғана тиімді нәтиже береді.
Тәрбиешінің кәсіби педагогикалық әрекетінің функциясының бірі
–гностикалық функция. Аталған функция тәрбиешіге баланың жеке, тұлғалық
және жас ерекшеліктерін тану арқылы жеке тұрғыдан қарауды қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мекемесінің тәрбиешісі баламенұзақ
уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) күнделікті қандай да бір әрекеттерді
бірлесіп жасау арқылы, яғни оқыту және тәрбиелеу арқылы бала психикасының
дамуы жайлы мәлімет жинақтайды.
Тәрбиешінің психологиялық зерттеуі практикалық бағыттылығымен
ерекшеленеді. Олар баланың бойындағы психикалық даму механизмінің көрінуін
нақты бір жағдайлар барысында бақылайды. Демек, тәрбиешінің баланы
зерттеуінің мәні олардың мінез-құлықтарының себептерін түсіну, қабілеттерін
анықтау. Сонымен қатар, осы қабілеттерді дамыту үшін жағдай
жасау, дұрыс әдіс-тәсілдерді таңдау болып табылады. Тәрбиеші баланың
психикалық дамуындағы кемшіліктерді дер кезінде тауып, оларды уақытында
түзетіп отыруы тиіс. Сөйтіп, тәрбиешінің зерттеушілік іс-әрекеті баланың
дұрыс психикалық дамуына, оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы зор. Бұл
жағдайда тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму
ерекшеліктерін, бала дамуында психиканың қасиеттерінің өзара байланысын,
баланың әрбір жас ерекшелігіне сәйкес психикалық даму сабақтастығын білу
маңызды.
1.3 Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары
Әрбір психикалық функцияның, әрбір мінез-құлық формаларының даму
ерекшеліктері болғанымен де, олар жалпы заңдылықтарға бағынады. Ол
заңдылықтар психиканың барлық аумағында пайда болады және осы процестің өту
барысын анықтайды.
Психиканың даму процесінің барысы бес ерекшелікке бағынышты:
1. Әрбір психикалық функцияның қалыптасу қарқыны мен ырғағының
болуы. Психикалық функциялардың әрқайсысы қандай да бір кезеңде белсенді де
қарқынды дамиды. Олардың дамуы үшін жағымды мерзім сензитивті кезең деп
аталады.
2. Психикалық даму сатылап дамиды. Ол өзінің даму сатысында уақытқа
тәуелді болады, өйткені әрбір жастың даму сатысының өзіндік логикалық
қарқыны мен ырғағы психикалық дамуды кеңейте түседі. Әсіресе баланың
қоғаммен қарым-қатынасы маңызды.
Психиканың дамуының ішкі және сыртқы шарттарының қатынасы әлеуметтік
жағдаят болып табылады. Ол өз кезегінде баланың қоршаған ортаға, адамдарға,
өзіне, заттарға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын анықтайды.
Психиканың дамуының әрбір кезеңінің өзінің жетекші әрекеті болады.
Сонымен қатар психикалық дамудың мазмұнына психиканың қалыптасқан формалары
мен жаңа пайда болған формаларының арасында қарама-қайшылық пайда болады.
Баланың тілегі мен оған қойылатын талаптың сәйкес келмеуі әрекетті жаңа
түрлерін меңгеруге әкеліп соғады, сөйтіп баланың әрекет аумағында жаңа
білім пайда болады.
3. Психикалық даму барысында процестер, қасиеттер мен сапалар өзара
сараланып, ықпалдасады. Саралау арқылы әрекеттің жаңа түрі немесе формасы
туындайды. Ықпалдастық арқылы психиканың дамуы неғұрлым жоғары деңгейге
шығады.
4. Психикалық дамудың өн бойында табиғатта және қоғамда кездесетін
оқиға, құбылыстарды, соның ішінде адамның еркі мен мінезінің табиғатта және
қоғамда кездесетін оқиға, құбылыстарды, соның ішінде адамның еркі мен
мінезінің өзара байланыстылығының себептерін, себептестігінің заңдылығы
маңызды. Қоғамда бала өз қатарластары мен ересек адамдармен қарым-қатынас
жасау түрлерін терең игере бастайды.
5. Психика икемділігімен ерекшеленеді, өйткені қандай да бір жағдаят,
түрлі тәжірибе арқылы баланың психикалық дамуы өзгеріске ұшырайды. Сөйтіп,
аталған заңдылықтарға сәйкес бала психикасының дамуы жүзеге асады.

2.1 Отбасында баланың жас және психологиялық
даму ерекшеліктері
Отбасында баланың даму ерекшеліктерін зерттеуде соңғы кезде
авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз
кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік
кезеңдеріне әсіресе балалық шаққа көп көңіл бөлген (Э.Эриксон). Ол
өзінің кезеңдік бөлу негізін басқа да белгілер енгізді.
1. Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімдікке
қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы
жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына
қажеттіліктерін қанағаттандырудың өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен
мейірімділік таныта бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің
басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен
қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.
2. Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне
сәйкес келеді, ұятқа қарама-қарсы автономия деген атқа ие болып, оның
аяқталуы Мен өзім дағдарысын туындатады.
3. Үшінші кезең бастамашылдық немесе кінәләлік сезімі 4 – 5 жаста
балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және
оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы
және қиялындағы адам мен зеттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті
нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен констуктивті
тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда
оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде
өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.
4. Төртінші Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі. 6-11 жаста
мектепте, үйде және өз құрбылары отбасында бірқатар дағды мен іскерлігін
дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің
артуы Мен сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру
үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен
салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.
5. Бесінші жеткіншектік кезең. Осы кезең үш жастағы Мен өзім
дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде үзеге асады. Аталған
дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:
1. Баланың жалпы оқу үлгерімі төмендейді.
2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші
негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен
ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі
толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда негативизм
кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады. Дағдарыс кезінде
жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.
2.2 Баланың мектепке келу мәселесі
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді,
қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы
мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды
үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының
даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан
даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және
психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне
мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға
бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді.
Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы
басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын
қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.
Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың
жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық
компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін
ойдағыдай шешу, оқытудың тиімділігін арттыру үшін балалардың мектепте
оқуының дайындық деңгейін нақты ескере отырып, дұрыс бағытта жұмыс жасай
білу керек.
Балалардың мектепке даярлығы төмендегі параметрлер бойынша
анықталады. Олар:
1. Жоспарлау - бұл мақсатқа сәйкес өз іс - әрекетін ұйымдастыра білу
іскерлігі:
- баланың әрекеті мақсатпен сәйкес келмеуі - төменгі деңгей;
- баланың әрекеті мақсаттың мазмұнына жартылай сәйкес келуі — орта
деңгей;
- мақсаттың мазмұнына баланың әрекеті толығымен сәйкес келуі - жоғары
деңгей.
2. Бақылау- қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыру
іскерлігі:
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа мүлдем сәйкес келмеуі -
төменгі деңгей (баланың өзі бұл сәйкессіздікті көрмейді);
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа жартылай сәйкес келуі -
орта деңгей (жартылай сәйкессіздікті бала өз бетінше көре алмайды);
- бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа толық сәйкес келуі, бала
өз бетінше алған нәтижесі мен қойылған мақсатты салыстыра алуы -
жоғары деңгей.
3. Оқу мотивациясы - бұл заттардың және қоршаған әлем заңдылықтарының
жасырын қасиеттерін табуға, қолдану ұмтылу:
- бала тек қана заттардың сезім мүшелеріне мүмкін болатын
қасиеттеріне ғана бағытталса, онда ол - төменгі деңгей;
- бала қоршаған әлемнің кейбір жалпыланған қасиеттеріне
бағытталуға және жалпылауларды табуға қолдануға тырысады;
- қоршаған әлемнің заңдылық қасиеттерін қабылдаудағы кұпияны
табуға тырысудың айқын көрінуі және осы білімді өз іс -
әрекетінде қолдануға деген құштарлық - жоғары деңгей.
4. Ақыл — ой дамуыныц деңгейі. Өзге адамды тыңдай білмеуі, талдау,
салыстыру, жалпылау, абстракциялау және нақтылау сияқты логикалық
операцияларды сөздік түсінік түрінде орындауы - төменгі деңгей;
- өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде орындалган
логикалық операциялардағы қателіктер - бұл орташадан төмен
көрсеткіш;
- өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде берілген
салыстыру, жалпылау сияқты қарапайым логикалық операциялардың
қатесіз орындалуы, күрделірек логикалық операцияларды, яғни
абстракциялаудағы, нақтылаудағы, талдаудағы, жинақтаудағы
жіберілген қателіктердің болуы - орта деңгей;
- өзгені түсінудегі және барлық логикалық операцияларды
орындаудағы кейбір қателіктерді, бала ересектің көмегінсіз өзі
түзетуі - бұл жоғары деңгей;
- өзге адамды тыңдай алу мүмкіндігінің болуы және сөздік түсінік
түріндегі барлық логикалық операцияларды орындауы - бұл өте
жоғары деңгей. Осы аталған параметрлер бойынша мектепке
келеген баланы былайша бөліп көрсетуге болады:
1. Мектепке даярлығы жоқ бала - өз әрекетін жоспарлай және бақылай
алмауы, оқу мотивациясы төмен (тек сезім мүшелеріне ғана бағытталған),
өзгені тыңдайды және түріндегі логикалық орындауды білмейді.
2. Мектепке даярлығы бар бала - өз әрекетін басқарып бақылай алады
(немесе осыған қарай ұмтылады), қоршаған ортадағы заңдылықтармен, заттардың
жасырын қасиеттеріне бағытталған, өзгені тыңдай алады және сөздік түсінік
түрінде логикалық операцияны орындай біледі (немесе тырысады).
Балаларды жетік зеттеу мектепке барар алдында сәуір — мамыр айларында
іске асырылады.
2.3 Мектепке дейінгі балалардың оқуға
психологиялық даярлығы
Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке
тұлғалық шығады. Жеке тұлғалық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік
орынға ұмтылысын жатқызамыз. Бұл позиция баланың мектепке, оку іс -
әрекетіне, мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне - өзі қатысынан байқалады.
6-7 жастағы бала үшін мұғалімнін тұлғасы аса маңызды болып табылады.
Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде мыналарды байқауға болады: мүғалімнің
талап - тілегін 6 жастағылар шын көңілмен, ынта - ықыласымен орындайды.
Баланың мектепке даярлығын А.А.Венгер мен К.Н. Поливанова зерттеген.
Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке
даярлықтың басты шарты деп есептеген. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін
мектеп өмірінің сыртқы формальдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтан да
олар бар ынтасымен өзін оқушы сияқты ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру,
жауап бергенде тұру, тік отыруға тырысады, Бірақ мұғалімнің не айтып
тұрғанына және оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес, 7
жасқа қараған бала үшін кез - келген тапсырма мұғаліммен қарым - қатынас
жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей - мұғалімді ең
басты қатысушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны - байқаусыз қалады.
Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну
және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны
мен оны таратушы, яғни мұғалім - баланың санасында бөліңу қажет. Егер ондай
болмаған жағдайда оқыту материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады.
Мектеп өмірі баладан мінез - құлық ережелерін дәл орындауды, өз іс
-әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуын талап етеді. Ересектердің талабы мен
ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға ерік даярлығының басты
көрсеткіші болып табылады.
Мектептегі оқыту интеллектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала
өзінің мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әр түрлі жақтарын
ажыратуы тиіс. Сондықтан да мектепке даярлықты анықтау үшін мөлшердің
сақталуына арналған Ж.Пиаженің есептері пайдаланылады. Мысалы: сұйықты кең
ыдыстан жіңішкеге кұю, арақашықтықтағы әр түрлі түймелер қатарын салыстыру
т.б.
Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі қажет, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz