Балаларды әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде түсті айыруға үйрету



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бекітемін: ____________________ Пәні: Бейенелеу өнері
Бөлім меңгерушісі: ____________ негіздері мен оқыту
Кидришева әдістемесі

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

Балаларды әр түрлі бейнелеу әрекеті кезінде түсті айыруға үйрету

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің
3а КДО студенті Альмуханова О.А.
Тексерген: Маденова Т.У.

Орал, 2013ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Мектеп жасын дейінгі балларды әр түрлі бейнелеу әрекеті
кезінде түсті айыруға үйрету
2. Түстер. Суреттегі түс
3.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық
бетбұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны
дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде
бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы
Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру
білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.
Олай болса, мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны
қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі
балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде
заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және
өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке
дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі
балаларда бейнелеу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын
іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып,
жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондақтан
балабақшада баланың басты әрекеті ретінде бейнелеу өнерін енгізген маңызды
болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте
өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор.
Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше
көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке тұлға болып дамуында із
қалдырып, нағыз шығармашылықтың тәжірибесін меңгеріп, оны болашақта
пайдалана білетіндей болады.
Бейнелеудің мазмұндық ерекшеліктері оның елестету, қиялдау, көру,
кеңістікке, түске, пішінге деген сезгіштік сезімді дамытуға бағытталуында.
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру - қазіргі кезеңде педагогикалық теория
мен іс-тәжірибеде маңызды міндеттердің бірі.
Сурет салу кезінде баланың құрылым, көлем, затты кеңістікте дұрыс
орналастыру, түстерді таба алу дағдыларымен бекітіледі. Ең маңыздысы,
баланың сурет салуда алғашқы біліктілігі қалыптасады. Сурет салу барысында
салыстыру, жалпылау, абстракциялау т.б үрдістер қатар жүріп жатады. Сонымен
бейнелеу өнері ойлаудың, байқаудың сенсорлық сезгіштігін дамытып,
қалыптастырады. Бейнелеу өнерінің әр кезде де эмоциялық өңделуі жоғары
болады. Эмоциялық бастауды дамытпай, талғампаздықты, қиялдауды, көз алдына
елестетуді, армандай білуді, шығармашылықты қалыптастыру мүмкін емес.

Негізгі бөлім
1. Мектеп жасын дейінгі балларды әр түрлі бейнелеу әрекеті
кезінде түсті айыру
Балалардың бейнелеу шығармашылығы баланың қоршаған ортадағы
шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын,
қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі
мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету,
нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу
үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне
байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек. Мектеп жасына
дейінгі балалардың шығармашылығының бірінші белгісі қоршаған орта заттары
мен оъектісімен таныстыруда тәрбиеші оның негізгі пішініне, салыстыруға,
ұқсастығын ажыратуға үйретіледі. Сол себептен бала бір заттың түрліше
пішінін суретін салуда, мүсіндеуде және жапсыруда басқаша бейнелеудің
амалын меңгереді.
Балалар еркін түрде сурет салуда, басқа заттың ұқсас пішінін беруде
қолданады. Сурет салуда түзу, қисық, үзік, жіңішке, қалың сызықтың түрлі
амалын бала өзінің ойымен заттар мен құбылыстардың бейнесін беруде
пайдаланады. Мысалы: бала құстың аузын ашып қояды, бұл оның ойынша ән айтып
тұр дегенді білдіреді. Осындай жолдар арқылы бала бейнелеу әрекетінде еркін
шығармашылық мүмкіндігін көрсетеді.
Мектепке дейінгі балаларда болатын шағырмашылықтың екінші белгісі-
затқа жаңа қызмет беруі. Баланың затпен әрекетінде байқалатын құбылыс, бір
затты екінші заттың орынбасары ретінде қолданып, қиялында таза образын
жасап алуы. Сол сияқты бейнелу әрекетінде де көз алдына елестету арқылы
жаңа бейнелер құрастырады. Бала сурет салуда бейнелеу іс-әрекеті арқылы жас
ерекшелігіне сай, қоршаған ортаны өзінің бейнелеу тәсілдерімен суреттеуге
талпынады. Бала қоршаған ортаға деген саналы қарым-қатынасын, адамдар
арасындағы қатынастарға, табиғатқа, жануарлар әлеміне қатысты өз ойларын
сөзбен немесе сурет түрімен бейнелеуге тырысады. Мысалы: сабақта балаларды
қоршаған ортаның әсемдігін, пішіні мен түсін, заттардың әдемілігін бағалай
білу тәсілдерін қолданған жөн. Әсемдікті көру, түстердің ғажап әлемін ашу,
әрбір қимылды музыкалық үзінділерден есту-бейнелеу өнерінен сабақ берудің
негізгі мақсаты шығармашылықты қалыптастыру. Сонымен қатар әдемілік,
әсемдік туралы әңгімелеп, оқыту, тәрбие жұмыстарында ойын тәсілдерін
қолдану керек. Баланың алғашқы қадамы олардың эстетикалық қабылдауымен,
есінде қалғанын елестете сурет салуымен эмоциялық түсінгіштігімен
байланысты.
Мектепке дейінгі кезенде шығармашыл тұлғаны қараудағы басты
резервтердің бірі - әр түрлі көркем шығармашылық әрекеттердегі
шығармашылықтар, олар:
- сурет салудың дәстүрден тыс техникасы, мүсіндеу, жапсыру;
- коллаж, трафаретпен жұмыс, қол еңбегі, құрастыру, қағаз пластика,
оригами, макет жасау.
Балалар шығармашылық үшін материалдар ретінде түрлі жеміс, тұқым,
тастар, құс қауырсыны, ағаш бұтағы, гүлдер т.б. қызмет етеді. Балалар
өзінің жұмысы үшін алдын-ала материалды қарап, ұстап, түрін, түсін,
қасиетін таниды. Мысалы: жаңғақ - домалақ, қатты, қоңыр т.б. Біздің бала-
бақша Қарлығаш бағдарламасымен жұмыс істейміз. Қарлығаш бағдарламасында
ермексаз, саусақ далап, жіп, балауызбен және т,б, сурет салу қарастырылған.
Шығармашылық ықпал кез келген міндеттерді шешуде педагогтық бейнелеу
техникасының ерекше, дәстүрден тыс жолдарын, шешімнің көптеген нұсқалары
мен тәсілдерін көрсеткен кезде ғана туындайды. Мысалы: Сия тамшысы
графикасы техникасында сурет салу балаларға түрлі дақты құс, ақ балыққа
айналдыру, олар жайында сюжет ойластыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан, өнімді әрекеттің көркем-шығармашылық бағыттарын қамтамасыз
ету маңызды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деғен
рухани адамгершіліктің қалыптасуына негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік
балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбек сүйгіштікке,
шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен
айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.

2. Түстер. Суреттегі түс
Мақсаты: Балаларға бояудың түстері туралы терең мағлұмат беру, олардың
білімдерін қалыптастыру.түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Сурет салған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйретудің ойындық тәсілдері
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Балауыз бояуымен бояу өнері
Естиярлар тобында сурет салу
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларын дамыту
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бейнелеу өнерін дамытудың әдістері мен тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балаларға құрастыру туралы түсінік беру және оның балалар үшін маңызы
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі
Ересектер тобындағы сурет салу
Ересек топтағы балаларды өсімдіктермен таныстыру негіздері
Пәндер