Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы колледж
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балаларды салауатылыққа тәрбиелеу жолдары
Орындаған: Сатыбалдиева Ж.О.
Тексерген: Нұпашева Г.С.
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Балалардың салауатты өмір салтын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. Салауаттылыққа тәрбиелеу басты
міндет ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Балаларды салауатты өмір сүруге
ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2. Балаларды салауатылыққа тәрбиелеудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ..14
2.1. Салауаттылық – денсаулық
кепілі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2. Салауаттылық – өмір салты тақырыбындағы сабақ
жоспары ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030
стратегиялық даму бағдарламасында Салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,
есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария
шараларын сақтауымызға және Т.С.С. бағытталған делінген.
Салауатты өмір салтының балалар арасында қалыптасуының маңызы өте зор.
Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол
жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер
етеді.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс
деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай керек болса, белгілі
деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты
шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында
физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл –
қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне,
әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан
атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады.
Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл-
ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған
дәлел қазақтың спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие
беріп, асық атып, атқа мініп, теңге іліп, бәйгеге шауып, күреске түсіп
өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте
көптеген өзгерістер өмірге енді.Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен
қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін
тигізуде. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті
нашақұмарлықта дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде
компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген
істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.
Қазақ халқы тәрбие басы-тал бесік деп бекер айтпаса керек. Жат
әрекеттерге қарсы тәрбиені отбасы ошақ қасынан бастаған жөн. Ал одан
кейінгі балабақша, мектепте, арнаулы оқу орнында, жоғарғы оқу орнында дұрыс
тәрбие бере отырып өмірге бейімдеп қалыптастыруымыз қажет. Қазіргі таңдағы
мемлекетіміздің негізгі мақсаты қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Оның
маңызды міндеттерінің бірі мектеп оқушыларының салауатты өмірге деген
ықылас жігерін қалыптастыру болып табылады. Оның маңыздылығы жыл сайын
артып келеді. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат
ретінде қалыптастыру керек.
Елбасы казіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап үміт артады.
Яғни,дені-сау, білімді, білікті, жан-жақты қалыптасқан болашақ жастарды
елестетеді. Балаларды салауаттылыққа тәрбиелеуде дене тәрбиесінің маңызы
ерекше.
Зерттеу обьектісі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Зерттеу пәні: Өзін өзі тану
Зерттеу мақсаты: Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнін
түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Зерттеудің болжамы – егер балалардың денсаулығын қалыптастыру оған
әсер ететін бүкіл компоненттер жиынтығын салауатты өмір салтын
қалыптастыруға әсер ететін тәрбие процесіне жүйелі түрде енгізіп, оған қоса
ата-ананың рөлін анықтап, мектепке дейінгі мекемелерін, жалпы білім беретін
мектептер мен спорт мектептерінің ұстаздарын жұмылдырса, балалардың
салауатты өмір салты қалыптасып, денсаулықтары нығая түспек.
Зерттеу міндеттері:
1) салауатты өмір салты туралы түсінік беру;
2) салауатты өмір мәнін түсіндіру;
3) зиянды заттарды қолданудың алдын алу;
4) салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
5) балалардың өмір қорғау және денсаулық нығайту, организмін шынықтыру
әдістемесін дене шынықтыру тәсілдері арқылы тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
6) Балалардың салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі
мекемелердегі оқу – тәрбие процесінде практикалық тұрғыдан пайдалана білуде
болып отыр.
Зерттеу құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
1.1. Салауаттылыққа тәрбиелеу басты міндет
Салауаттылық өмір салтын сақтау дегеніміз не? деген сауалға зерттеуші
Ж.Ембергенованың мына тұжырымдарын айтуға болады: Салауатты өмір салты
дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл,
зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның
рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру
тәсілінің жүйесі,-дейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда салауаттылық
туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы нақтылы бағыт
болуы аса маңызды екенін айтады[1].
Салауаттанудың рөлі - адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін
қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің
көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы қалай денсаулықты сақтаудың ұстанымдары мен
тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден - дені сау адам,
екіншіден - оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші
факторлар, үшіншіден - аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау
күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден - сақтандыру
және сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пәні - адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық,
физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары,
организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану
адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық
құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық және
эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек
осындай кешенді тәсіл оның негізгі қасиеті - денсаулығын сипаттауға
мүмкіндік береді.
Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жәрдемімен денсаулықты сақтап,
нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-
тастырудың негізгі бағытгары мыналар:
✓ жеке және қоғамдық гигиена;
✓ дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
✓ организмді жаратылыс-табиғи факторлармен - су, ауа, күн
жарығымен және т.б. шыңдау;
✓ күн тәртібін тиімді пайдалану;
✓ дұрыс және уақтылы тамақтану;
✓ жұкпа аурулардың алдын алу;
✓ тән ауруларынан сақтандыру;
✓ жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;
✓ зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы
заттарды) сақтандыру;
✓ жыныс гигиенасы;
✓ психопрофилактика және психогигиена;
✓ кикілжің және денсаулық;
✓ экология және денсаулық.
Салауаттанудың негізгі мақсаты — әрбір жеке адамның және тұтастай
қоғамның денсаулығын қамтамасыз ету. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың
негізгі мақсаты - балалар мен жастарда жас ерекшеліктеріне, құндылық
бағдарларына және имандылық-еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының
ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Бұдан мынандай міндеттер туындайды:
✓ салауатты өмір салтының әдістерін үйрету;
✓ өз денсаулығына қоғамдық игілік, қоғамның рухани
құндылығы ретінде жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
✓ негізгі гигиеналық дағдыларға төселдіру;
✓ осы заманғы ауру түрлерімен және оларды алдын алу
шараларымен таныстыру.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмірлік сара жолға тәуелді, ал өмір жолы
тарихи, ұлтгық дәстүрлер мен тұлғалық бейімділіктер бойынша анықталады.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір
салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен әдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның
еңбек әрекетімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мұқтаждықтарды
қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға және қоғамдык мінез-құлық ережелерімен
сипатталатын тіршілік әрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді
кіріктіретін биоәлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі,
бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүрудің өзіндік жолы.
Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани және мәдени
мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін әлеуметтік-экономикалық
санат.
Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық
дәрежесі. Бүл көбінесе әлеуметтік санатқа жатады.
Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық
ерекшеліктерін сипаттайтын әлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл — жеке
тұлғаның психологиясы және психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тәуелді. Ол
тарихи, ұлттық дәстүрлермен (діл) және жеке бас бейімділігімен (кейіпкер)
анықталады.
Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін
және әрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық
арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық
айтылады, СӨС-тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір
салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кәсіптік, қоғамдық және
тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын
бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның және қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы,
сақталуы және нығаюындағы жеке тұлғаның іс-әрекеттеріне бағыт береді.
СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, әлеуметтік те ұстанымдар
орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру,
салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі және т.б.
жатады.
СӨС әлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті
тәрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нәпсі тыюы) және т.б. жатады. СӨС
ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:
- жеке бас гигиенасы;
- дене шынықтыру;
- тиімді тамақтану;
- оңтайлы қимыл тәртібі;
- зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі
заттарын қолдану, т.б.) бас тарту;
- жағымды эмоциялар.
1.2 Балаларды салауатты өмір сүруге ынталандыру
Жастарды білімді, білікті, мәдениетті, салауатты маман етіп тәрбиелеу-
бүгінгі егеменді, тәуелсіз Қазақстанның білім беру саласындағы басты
міндеттердің бірі.
Халқымыздың әл-ауқатының көтерілуін білімсіз, тәрбиесіз елестету
мүмкін емес. Президентіміздің де еліміздің даму деңгейі осылар арқылы
бағаланатындығын білім, ғылым, тәрбиеге көп көңіл бөліп келеді. Келешектің
иесі – жастар болмақ. Сондықтан, егер жастарымыз салауатты өмір сүріп,
салауатты тәрбиеленсе, елімізді көркейтетіні айдан анық. Қазіргі жастар
өздерінің ата- анасына қарағанда, заманына икемдірек келеді. Сондықтан
заман талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу
ең маңызды, ең өзекті мәселе.
Жақсылыққа бастайтын – жарық жұлдыз оқу. Надан жұрттың күні –қараң,
келешегі тұман -деп айтқан М.Дулатовтың сөздері еске оралады. Ендеше оқу
мен тәрбие егіз. Қаншама білімдімін деп есептесең де, тәрбие болмаса,
мәдени прогресті қамтамасыз ету қиындау.
Жастарымыздың бойына өз денсаулығын сақтау мен сол бағыттағы оң
көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір сүруге ынталандыру қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша адам
денсаулығына әсер ететін факторлардың елу пайызы ол- өмір сүру дағдысы
екен. Осыған байланысты халықтың денсаулығын жақсартудың алғашқы
міндеттерінің бірі- салауатты өмір сүруді қалыптастыру және жастардың өз
денсаулығына деген көзқарасын өзгерту мәселелері болмақ. Себебі денсаулықты
сақтау үшін әр адам, әрбір жас өз денінің сау болуы қажеттілігін түсінуі
керек.
Жастар арасында денсаулықты қорғау, нығайту және емдеу үшін санитарлық
ағарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Санитарлық- ағарту жұмыстары жан-жақты бағытта жүргізілсе, әсіресе
радио, теледидар, кино, баспалар арқылы ол тиімді болады. Санитарлық-ағарту
жұмысы жастардың болашаққа деген сенімін қалыптастырады.
Санитарлық-ағарту жұмысын төмендегіше жүргізсе:
✓ ауызша ( сөз арқылы ), үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу;
✓ жазбаша ( сауалнама);
✓ баспасөз арқылы насихат жұмысы;
✓ көрнекілік әдістер ( видео, роликті таспа, плакаттар,
буклеттер);
✓ мәдени іс-шаралар ( Ток-шоу, дебат, пікір талас, сұхпаттасу
т.б.)
Ауызша үгіт-насихат жүргізу санитарлық -ағарту жұмысында ең тиімді
әдіс, себебі бұл әдісте тыңдаушылармен тікелей қарым-қатынас жасау, сөз
саптамасын өзгертіп отыруға болады. Әңгімелесуге, кеңес беруге, сұрақ-жауап
кештерін ұйымдастыруға, баяндама жасауға, дәріс оқуға болады.
Көрнекілік әдісте тыңдаушы айналадағы заттардың әсерін көз мүшесі
арқылы қабылдайды. Диаграмма, плакат, буклет, нұсқау кітапшалары, муляж,
макет, фотосуреттер, видеофильмдер т.б.
Мектептерде, жоғары оқу орындарында салауатты өмір салтын насихаттауға
байланысты қойылымдарды оқушылар мен студенттердің өздері қойып, өздері
кейіпкер болса, мұндай үгіт-насихат жүргізудің пайдасы өте зор.
Салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыру үшін мынадай кезеңдермен
жұмыс жүргізілсе:
Мақсаты:
Соңғы нәтижеге жету;
Принципі:
✓ ұйымдастырушылық;
✓ дамыту;
✓ ұйымдастырудың түрлері.
Әдістері:
✓ ұйымдастырушылық- бұйрықтық;
✓ психопрофилактикалық;
Міндеттері:
✓ анықтау;
✓ жоспарлау;
✓ ұйымдастыру;
✓ реттеу, үйлестіру;
✓ тіркеу;
✓ бақылау, сауалнама жүргізу;
✓ талдау, дәлелдеу;
✓ шешім қабылдау т.б.
Жастарымыз салауатты өмір сүруді қалыптастырса, спорт ешуақытта өзімен-
өзі шектеліп, жеке, дара өмір сүрмейді. Спортшылар ұжымда, мектепте, жоғары
оқу орындарында, өндірісте, фирмада, спорт секцияларында тәрбиеленеді.
Жаттықтырушы шәкіртіне темекі тарту мен ішімдік ішудің, есірткіге
еліктеудің зиянды екенін айтып, айтып қана қоймай санасына құйып, осы жаман
әдеттің спортпен ешқашан басы піспейтінін аса жауапкершілікпен, нақты
мысалдармен ұғындыруы қажет.
Салауатты өмір сүріп, ағзаны зиянды, кеселді дерттен таза ұстағанда
ғана, сондай-ақ оқу мен жаттығуға ынталы, жауапты көзқарас қалыптастырғанда
ғана спортта алға қойған елеулі табыстарға жетуге болатынына сенімін
арттыру керек.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде білім берумен қатар, олардың салауатты
өмір сүріп, азаматтық, моралдық-психологиялық санасын көтеру, патриоттық,
интернационалдық сезімін қалыптастыру міндеті алға шықты.
Қандай да болмасын жоғары оқу орнының басты нысаны- студенттерге
сапалы білім, салиқалы тәрбие беру арқылы, кәсіби маман, еңбекшіл,
бәсекелесе алатын маман тәрбиелеу, осыған дейінгі жеткен жетістіктерімізге
қанағаттанып қалмай, жаңа заманға сай жастарды салауатты етіп тәрбиелеу
ісін негізгі міндетіміз деп санау, әлеуметтік саладағы маманның негізгі
жұмыстарының бірі.
Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастарымыз көбейіп, адамзат
игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін үлкен абырой болмақ.
Болашақ ұрпақ білімділігімен тәрбиелілігін салауатты өмір сүру
дағдысын өз бойларына қалыптастырса, әлемдік өркениетке жетер бағытқа
кепілдік болары анық.
Жастарымыздың ақыл-ойы, тәні, дені сау болса, парасатымыз жоғары
болса, қоршаған ортаны дұрыс болжаймыз, әр жастың өмір сүру жолы нақты,
жүйке жүйесі төзімді, тән сұлулығы жоғары болады.
Салауатты өмір салты- бұл әрбір жеке адамның ұзақ өмір сүруде
қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдысы.
Біздің мол байлығымыз болашақ ұрпақ, оған алып баратын тура жол
–салауатты өмір сүру, дені сау ұрпақ өрбіту, ата-анасының дені сау болса
ғана, сау бала дүниеге келеді.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда тиімді.
Сондықтан да келешек ұрпақ өзін еліміздің болашағы екенін жадында сақтап,
мемлекетіміздің мәртебесі өз қолдарында екендігін ескеріп, оны жоғарғы
дәрежеге жетелей береді деген үміттеміз және салауатты өмір салтын
қалыптастыруға шақырамыз.
2. Балаларды салауатылыққа тәрбиелеудің ерекшеліктері
2.1. Салауаттылық – денсаулық кепілі
Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да
қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы
болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз
мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға
қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,
“Салауатты өмір салтын” ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты,
мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың
қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер
жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған
сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа
жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып
санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден
түңіле бастаймыз.
"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса
керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан
бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған
билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл
айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ
тойдық...”
Тәннен жан артық... Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе...
кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді
тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан
мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін
емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені
үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін
биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек
қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік
деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының
бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін
тигізуде.
Ел Президентінің "Қазақстан - 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді
басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл
ауқаты” тармағында,"...азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы
және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды
салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз
тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-
жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара
тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын
ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың
болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық
және өлім–жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың
денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі
құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте
жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша
халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына
қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне
байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар
да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия)
дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының
барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста
күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь
пайдалану, нашақорлық көп таралуы.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұиымының дерегі боИынша адам
денсаулығының тек 8 -10 пайызы ғана денсаулық сақтау жүйесінің жұмысымен
байланысты екен.
Демек, әрбір адам өзінің саулығы үшін өзі жауапты болуға тиіс. Ел
қашан да ел, ел қашан да көл, бірі білмегенді бірі біледі. Ел ішінен шыққан
көзі қарақты неше түрлі сырқатқа ұшырап, соларды жеңе білген ерік жігері
күшті байырғы ұстаз, кәсіби спортшы Сейілхан Нүпбайұлымен Түркістан
шаһарында жолығып, салауатты өмір салтын сақтап, денсаулықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz