Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I. Даму психологиясының зерттеу әдістері . . . 5
1. 1. Жас және даму психологиясы . . . 5
1. 2. Түрлі жастағы балалар тәрбиесі . . . 12
II. Жас кезеңдері . . . 14
2. 1. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны . . . 14
2. 2. Түрлі жастағы балалардың даму ерекшеліктері . . . 16
2. 3. Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні . . . 25
Қорытынды . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37
Кіріспе
Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының дамуы адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Баланың жасы өскен сайын бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау міндетін іске асыруда, баланың жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта және тұқым қуалаушылық. перзент сүю - ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, олай болса, оның табиғи қазына орай дүниеге ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Қазіргі заманғы психология ғылымы пәндер жүйесін құрайды, соның ішінде негізгісі жас жеткіншек психологиясы немесе адам дамуының психологиясы. Ол адам психикасының дамуы, психикалық процесінің онтогенезді және тұлғаның уақыт бойынша сапа психологиясына жатады. Жас жеткіншек психологиясы ұғымы психология даму деген ұғымды білдіреді, ол дегеніміз хронологиялық жас немесе жас периоды .
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.
I. Даму психологиясының зерттеу әдістері
1. 1. Жас және даму психологиясы.
Психологиялық даму жас ерекшелік этапы адам онтогенезіне байланысты емес, ол әртүрлі макро және микросхемалық дамуды қарастырады. Сондықтан жас жеткіншек психологиясы психологиялық дамудың бір сатысы, кейде синоним ретінде қолданылады.
Барлық ғылымдар секілді психологияда даму психологиясы сипаттау, түсіндіру, коррекция болжау функцияларын құрайды.
Дамуды сипаттау - феноменологиялық процестердің дамуын толығымен болжайды. Көбінесе, даму психологиясы сипаттау сатысында жүреді.
Дамуды түсіндіру - ол дегеніміз уайым - қайғы жеке бастың оның себептерін және факторларын көрсету.
Түсіндіруде себептерінің схема жүйесі жатыр, кейде ол біртекті (кейде ғана кездеседі), нақты (статистикалық) немесе мүлдем болмауы да мүмкін. Ол біртекті немесе көптекті болады. Егерде түсіндіру «неге олай болды?» деген сұраққа жауап берсе, онда болжау «бұл неге әкеледі ?» сұраққа жауап береді. Осылай, дамудың түсіндіруінде ойлау себебіне тоқталады, ал болжаудың дамуында себептерін зерттеуге тоқталамыз.
Дамудың болжам үшін гипотикалық сипаттауға болады.
Дамудың суреттемесі оның сипатын құруда және зерттеуде, түсіндіру - байланыс орнату, олардың болар себептерін түсіндіріп, себептерін өзгертудің даму коррекциясын басқару болып табылады.
Даму біртекті процесс, оның сапасы және өзгерудің саны, коррекцияның теоретикалық мүмкіндіктері шексіз.
Шектеу - суреттеу мүмкіндіктеріне тәуелді, түсіндіру және болжау - болып жатқан процестерді және объектілерді ақпарат беріп сипаттайды. Суреттеудің қорытындысы, түсіндіру, болжау және коррекция дамудың моделі және теориясы болып табылады.
Модель объектіге қатысты нақты сипаттам функциясын дәлелденетін болжам мен оның іс - әрекетінде (басқарудың) эффективті әрлеуінің логикалық түсіндірмесі.
Теория және модель түсініктерін дифференциялау үшін 2 критерий қолданылады: жүйелік және эмприкалық.
Осы базада классификация пайда болады:
1. жүйелік те, эмприкалық та жоқ - жай даму теориясы
2. жүйелік жоқ, бірақ эмприкалық бар - даму моделі
3. жүйелік бар, бірақ эмприкалық жоқ - қазіргі даму теориялары
Дамудың барлық теориялары «субьект - орта » жүйесінің жіберілетін пункті ретінде қолданылады. Ол жүйенің ішіндегі қарым - қатынасты анықтамай бір де бір теория құрылуы мүмкін емес.
Әрбір автормен түсетін субьект пен орта арасындағы қарым - қатынас сипаты теория мазмұнын және теориялық ұстанымды (ғылыми бағытта) анықтайды.
Субьект пен орта қарама - қайшылық қатынасынан шығатыны 2 ғылыми бағытта:
1. эндогендік (мұнда негізгі қозғаушы күш субьект болып табылады)
2. экзогендік (қозғаушы күш орта) болып саналады
Мультипликативтілік қатынасы дамуды субьект пен ортаның толық мөлшерлік қарым-қатынастың нәтижесі ретінде қарастырады. Дәл осы қатынас көптеген теориялар негізінде жатыр.
И. И. Павлов және оның әріптестерінің жоғарғы жүйке теориясы, П. К. Анохиннің функциалы жүйесі теориясы, В. М. Бехтеревтың психикалық функциялар динамикалық локолизациясы теориясы, Н. А. Бернштейн теориясы, Л. С. Выготскийдің мәдени - тарихи концепциясы т. б.
Даму психологиясы алдымен фундаментальды теориялық пән болып табылады. Бірақ, онда алынатын білім мен әдіс-тәсілдер қолданбалы салаларда пайдаланылады
Психологиялық зерттеушілердің әдіснамалық негіздері. Оларды жас ерекшелік психологияда қолдану. Даму психологиясының әдістерін топтастыру.
Даму психологиясының әдістерін сипаттау. Зерттеудің генетикалық әдістері. Жасқа байланысты «көлденең кесу» Онтогенетикалық эволюцияны зерттейтін лонгитюд әдісі. Бақылау. Оның түрлері. Бақылау әдісінің ерекшеліктері. Оларға қойылатын талаптар. Бақылаудың пәні, мақсаты, бақылау сұлбасы. Бақылау материалдарын талдау және түсіндіру.
Даму психологиясы пән ретінде адамның уақыт аралығындағы өзгеріс заңдылықтарын және осы заңдылықтардың психикалық өмірдегі фактілері мен көріністерін зерттейді. Зерттеушілірдің барлығы дерлік дамуды уақыт ішіндегі өзгеріс деп анықтауды ұсынады: өзгеріс туралы ұғым және оның уақыт ішіндегі ағымы ешбір күмәнсіз. Ал не және қалай өзгереді деген сұрақтарға жауап алу кезіне қарама-қайшылықтар басталады.
Ю. Н. Карандашев ұсынған үлгіні қарастыра отырып, мұнда қандай нұсқалар мүмкін екендігін қарастырайық.
Бірінші: даму өсу ретінде. Екінші: даму пісіп-жетілу ретінде. Үшінші: даму жетілдіру ретінде. Төртінші:даму әмбебап өзгеріс ретінде. Бесінші: даму сапалық, құрылымдық өзгеріс ретінде. Алтыншы: даму сандық-сапалық өзгеріс ретінде. Жетінші:даму, жаңа өзгерістерді еліктіретін өзгеріс ретінде.
Даму процестерінің жалпы интегралды мінездемесін анықтауда оның жеке белгілерінің категориялары ғана емес, даму толық қарастырылады. Бұл категорияларға өсу, пісіп-жетілу, дифференцаяция, оқыту, есінде сақтау(импринтинг), әлеуметтану (мәдени социогенез) .
Өсу. Даму барысындағы өзгерістер сапалық немесе сандық болуы мүмкін. Тұлға ұзындығының өсуі немесе сөз қорының көбеюі сандық өзгерістерге жатады. Жыныстық даму барысындағы физиологиялық өзгерістер немесе жаңылтпаштардағы сөздердің көпмағыналылығын түсіну сапалық өзгерістерге жатады. Сондықтан, «сан-сапа» атты жұптық категорияда өсу ұғымы дамудың сандық аспектісіне жатады.
Өсу даму барысының белгілі бір аспектісін ғана, яғни даму процестерінің бірөлшемді сандық аспектісін белгілейді. Дамуды өсу аспектісінде ғана қарастырумен шектелу оның сандық өзгерістерін ғана анықтау болып есептеледі, ал білім, ес, жады, сезім және т. б. олардың көлемін ұлғайтумен теңеледі.
Пісіп-жетілу. Дамуды пісіп-жетілу көзқарасынан қарастыру психологияда көп уақыт жетекші орын алған еді. Биологиялық пісіп-жетілуге спонтанды эндогенді жоспарлау арқылы, яғни тұқым қуалаушылық детерминация және өсудің ішкі импульстермен басқарылуы арқылы жүретін процестер қарастырылады.
Мұндай процестерге психологиялық дамуға өте маңызды физикалық өзгерістер - мидың, жүйке жүйесінің, бұлшық ет жүйесінің, эндокринді бездер жүйесінің пісіп-жетілуі жатады. Адамның психофизиологиялық бірлігі, яғни соматикалық және психикалық процестердің байланысы дамудың биологиялық модельдері психикалық дамудың анатомо-морфологиялық пісіп-жетілуін ішкі басқарымды пісіп-жетілу процесі ретінде қарастырады.
Дамудың сыртқы жағдайларын шектеумен қатар, пісіп-жетілу процестерін көрсететін бірнеше белгілер бар: 1. пайда болу және ағымдық үйлесімділігі; 2. белгілі бір жас аралығында пайда болу; 3. жетілу; 4. қайтымсыздық.
Жаңа мінез-құлық келесідей процестер нәтижесінде болған жағдайда:
1. жаттығу мен тәжірибеге тәуелсіз функциялардың пісіп-жетілуі; 2. пайда болған психологиялық жағдай (шаршау, сенсорлы адаптация, дәрі-дәрмек әсері т. б. ) ; 3. әсерлесудің туа пайда болған тенденциялары (шартсыз рефлекстер, инстинктивті мінез-құлық) оларды оқытуға жатқызбайды.
Жас дамуының заңдылықтарын және бөлек жас кезеңдерінің ерекшеліктерін түсіну өмір жолын кезеңдерге бөлуге мүмкіндік береді. Кезеңдердің мазмұны (және атауы), олардың уақытша шекаралары дамудың ең маңызды, елеулі жақтары туралы кезеңге бөлуші автордың түсініктерімен анықталады. Л. С. Выготский кезеңдеудің үш тобын ажыратқан: сыртқы өлшем бойынша, балалық дамудың бір және бірнеше белгілері бойынша.
Р. Заззо кезеңдеуі. Мұнда балалық шақ кезеңі балаларды тәрбиелеу және оқыту жүйесі сатыларымен сәйкес келеді. Ерте балалық шақ сатысынан кейін (3 жасқа дейін) мектепке дейінгі жас сатысы (3-6 жас) басталады. Оның негізгі мазмұнын отбасында және мектепке дейінгі мекемеде тәрбиелеу құрайды. Әрі қарай сатылар - бала негізгі интеллектуалды дағдыларды алатын бастауыш мектепте білім алу сатысы (6-12 жас) ; жалпы білім алатын орта мектепте оқу сатысы (12-16 жас) ; сондай-ақ, кейін - жоғарғы немесе университеттік білім алу сатысы болып бөлінеді. Балалардың дамуы мен оларды тәрбиелеу кезеңдері өзара байланысты болғандықтан, білім беру құрылымы кезеңдерінің шекарасы педагогикалық принциптер бойынша белгіленген, үлкен практикалық тәжірибе базасында жасалғандықтан балалардың бұл даму кезеңі олардың морт сынғыштық сәттерімен сәйкес келеді.
Кезеңдеудің екінші сатысында сыртқы емес, ішкі өлшем алынады. Бұл өлшем рөлін дамудың қандай да бір жағы орындайды, мысалы П. П. Блонскийдің кезеңдеуінде сүйек ұлпаларының дамуы және З. Фрейдтің кезеңдеуінде баланың жыныстық сезімталдығының дамуы келтірілген.
Кезеңдеудің үшінші тобында жас дамуының кезеңдері осы дамудың бірнеше елеулі ерекшеліктері негізінде бөлінеді. Оған төменде қарастырылатын Лев Семенович Выготскийдің және Даниил Борисович Элькониннің кезеңдеулері мысал бола алады.
Жасқа байланысты даму, әсіресе балалық шақта - өзінің бір қатар ерекшеліктерінің салдарынан әр жас сатысында баланың тұлғасын түгел өзгертетін күрделі процесс.
Л. С. Выготский бір жастан екінші жасқа өту динамикасын қарастырды. Әр түрлі сатыда бала психикасындағы өзгерістер ақырын және біртіндеп немесе тез, әрі кенет өзгеруі мүмкін. Сәйкесінше, тұрақты және дағдарысты даму сатылары ажыратылады.
Л. С. Выготский дағдарыстарға үлкен мән берген, тұрақты және дағдарысты кезеңдердің алмасуын баланың дамуының заңы ретінде қарастырған. Қазіргі кезде баланың дамуындағы өзгертуші сәттер туралы жиірек сөз қозғалады да, дағдарысты, негативті көріністерді оның тәрбиесінің ерекшеліктеріне, өмір жағдайларына қатыстырады. Ересек жақын адамдары мұндай көріністерді жұмсарта алады, немесе, керісінше, күшейте алады.
Дамуды түсіну үшін бұл процестің қай уақыт аралығында өткенін анықтау керек, сол арқылы төрт түрлі өзгерісті анықтауға болады: антропогенез, онтогенез, микрогенез.
Э. Эриксон периодизациясы 8 фазаға бөлінеді:
1. бірінші фаза (сәбилік, өмірінің 1 жылы) баланың қоршаған ортаға сенімі немесе сенбеушілігімен сипатталады;
2. екінші фаза (ерте балалық шақ: 2-3 жас аралығы) автономдылық, ұялушылық, күмәнданумен сипатталады;
3. үшінші фаза (мектепке дейінгі кезең: 4-5 жас аралығы) инициатива немесе айыптылық сезімі;
4. төртінші фаза (мектеп кезеңі: 6 жастан 11-12 жасқа дейін, яғни жыныстық жетілуге дейінгі кезең) құндылық сезімі, еңбекқорлық немесе аз құндылықпен сипатталады.
5. бесінші фаза (жастық шақ) тұлғалық, сәйкестік немесе диффузиялы сәйкестік;
6. алтыншы фаза (20-30 жас аралығы) жақындасу, сырластық, изоляция немесе ниеттестік;
7. жетінші фаза (30-40 жас аралығы ересек кезең) шығармашылық бастамалар, бірігу немесе тоқыраумен сипатталады;
8. сегізінші кезең (40 жастан жоғары) тұлғаның біртұтастығымен немесе қосарлануымен, ашынумен сипатталады.
Л. Г. Выготскийдің жолын А. Н. Леонтьев және Д. Б. Эльконин жалғастырды.
Баланың әр түрлі жас аралығында біртұтас дамуына әсер ететін іс-әрекеттің жаңа түрі жетекші деп аталады. Өзінің мәні бойынша бұл ұғым Л. С. Выготскийдің әлеуметтік ситуациясына ұқсас болып келеді. Жетекші іс-әрекет - бұл:
1. іс-әрекет түрінде пайда болатын және өз ішінде іс-әрекеттің басқа түрлеріне дифференциацияланатын іс-әрекет түрі
2. қолданбалы психикалық процесстердің түзілісі немесе өзгерісі жүретін іс-әрекет (мысалы: ойында-елестету, білім беруде-логикалық ойлау)
3. баланың негізгі психологиялық дамуының кезеңдеріне әсер ететін іс-әрекет.
Сонымен жетекші іс-әрекет психикалық процестердің және тұлғаның психикалық негізгі ерекшеліктерін берілген даму сатысында анықтайды.
А. Н. Леонтьевтің периодизация негізінде жетекші іс-әрекет түрі жатыр:
1. Сәбилік кезең - баламен ересек адамның эмоционалдық қарым-қатынасы
2. Заттық іс-әрекетті білдіретін ерте балалық шақ.
3. Ойынмен байланысты мектепке дейінгі балалық шақ.
4. Оқумен байланысты мектеп шағы. Қоғамдық пайдалы іс-әрекет және құрдастарымен қарым-қатынасты сипаттайтын - жасөспірім шақ.
1. 2. Түрлі жастағы балалар тәрбиесі.
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдарды қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға - жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
II. Жас кезеңдері.
2. 1. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
Коменский табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасын табиғаттың жалпы заңдарына сүйену ретінде түсінумен қатар ал жас кезеңдерін, мектеп жүйесін және кейбір дидактикалық қағидаларды және ережелерді негіздеуге адам табиғатын (туа біткен белгілер) және балалардың табиғи жас кезеңдеріне сүйену кездеседі.
Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.
1) балалық шақ - туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
2) жеткіншек шақ - 6 жастан 12 жасқа дейін;
3) жастық шақ - 12 жастан 18 жасқа дейін;
4) ересектік шақ - 18 жастан 24 жасқа дейін.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осындай жас кезеңдерге бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама береді. Балалық шақ. Баланың дене жағынан тез қарқынмен өсуімен және сезім органдарының дамуымен сипатталады; жеткіншек шақ - есі мен қиялының, оның орындаушы органдары - тілі мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде көрсетілген сапалардың дамуымен қатар өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі дамиды және ересектік шақта - ерік - қайраты мен қабілеттілігі жан-жақты дами түседі.
Әрбір осы жас кезеңдерге жас ерекшеліктеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынады.
1) 6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
2) Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлерде алтыжылдық ана тілі мектебін ұсынады.
3) Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия ұсынады.
4) Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе облыстарда - академия ұсынады.
Сонымен, Коменский балаларды жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің демократиялық қағидасын ұсынған болатын-ды.
Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады.
2. 2. Түрлі жастағы балалардың даму ерекшеліктері.
Біздің зерттеу мақсатымыз мектепке дейінгі кезеңдері "еңбек тәрбиесі" болғандықтан осы кезеңдегі бала тәрбиесімен ұрпаққа деген қамқорлық. Ғылыми дәлелдерге қарағанда бала дүниеге келгеннен кейін, анасының бақылауында бағуында болатыны анық. Оны емізеді (ол табиғи инстинкт), жуындырады, киімін ауыстырады, қол аяғын созады, мұның бәрі табиғи құбылыс. Керек нәрсе. Осы кезде немесе бала төрт айдан асқан соң, қозғалысқа келе бастайды, аунайды, ал бес айлығында шалқасынан жатқызса аунап түседі, қолына берген зат түсіп келсе оны іздейді, алты айлығында аунау мүмкіндігіне ие болады. Тіпті еркін қозғалысқа келіп талпынады. (Әрине бұл қозғалыс әлтерпес) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz