Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының дамуы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму
ерекшеліктері
Орындаған:
Ғылыми жетекші:
Орал 2013ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас жеткіншектердің
білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Зертеу өзектілігі: Еліміз өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз
мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің
болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты
болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай
білуіміз де ерекше рөл атқарады.
Еліміздің болашағын сеніп тапсыратын мәртебелі азаматты
қалыптастыратын отбасы, ана тілі және мектепке дейінгі тәрбие мекемесінің
кадрлары. Заман талабына сай білімді, мамандығының қыр-сырын терең игерген
педагог-тәрбиешілерді даярлауда оқу-тәрбие ісін тәжірибемен үйлестіру,
кәсіптік білім беруді жетілдіру, жаңа оқу жоспары, жаңа бағдарламаға сай
курстар өткізудің маңызы ерекше. Мұның өзі ұстаз-тәрбиешілердің жұмысына
деген қызығушылығын, шығармашылық қабілетін шыңдауына, бала тәрбиесіне
деген түсінігінің кеңеюіне бірден-бір себеп болып табылады.
Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен
өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени – гигиеналық машықтарды қалыптастыруға,
еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, үлкенді
сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ,
балабақшада тәрбиемен бірге оқу-тәрбие жұмысы қатар жүргізіледі. Бала
тәрбиесінде тәрбие жұмысы аса маңызды. Тәрбие жұмысын тәрбиеші-педагог
мамандармен бірге ата-ана да бірлесе отырып жүргізсе, келешек ұрпақтың
өнегелі де, білімді болары сөзсіз. Кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге
баулып, тәрбиелеуге балалар әдебиетіндегі ертегілер мен аңыз-әңгімелердің,
өлең-тақпақтар мен мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың маңызы өте зор.
Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін
жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге
қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру
біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп
жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер
балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Балабақшадағы бала қазақ тілін меңгеру
барысында тілдік қатынастың аса маңызды түрі – ауызша сөйлеп үйренеді. Ол
сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты
айтылуы баланың тілдік және ақыл-ой дамуымен біртұтас жүреді. Мектепке
дейінгі шақта бала тілі икемді келеді, сол себепті де сәбилермен
жүргізілетін жаттығу түрлері де әр алуан. Балалардың жас ерекшелетеріне
қарай топтары үлкейген сайын тіл дыбыстарын айтып үйренуге арналған жұмыс
түрлері біртіндеп күрделене береді. Балабақшада жүргізілетін тәрбие, білім
беру үрдісінде дыбысқа байланысты жаттығу түрлері де кешенді түрде іске
асырылады. Дыбыстардың ерекшелігін жете меңгеріп, дұрыс айтуға жаттықтыру
тілдерін дамыту сабақтарында ғана емес, ән-күй, дене шынықтыру сабақтарында
да, сабақтан бос кездерінде балаларға ана тілінде өлеңдер, тақпақтар,
көркем сөздер жаттатылып, үйретіледі.
Зерттеу мәселесі: Мектепке дейінгі балалардың ойын әрекеті арқылы
таным процесін дамыту ерекшеліктерімен таныстыру.
Зерттеу болжамы: Егер де, әдіскер балаларға оқу-тәрбие үрдісінде
дидактикалық дамытушылық және т.б. ойындарды пайдаланып, олардың танымдық
белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда балалардың оқуға
деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиетттерін
дамытуға болар еді.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын
арқылы дамытудың ұтымды жолдары.
Зерттеу объектісі: Жеке тұлғаны дамытуда оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың танымдық үрдістерін ойын
арқылы дамыту жолдарын айқындап көрсету.
Зерттеудің міндеті:
1. Балалардың тұлғалық қалыптасуында ойынның психологиялық-
педагогикалық мәнін талдау, саралау;
2. Танымдық белсенділікті қалыптастыруындағы ойынның түрлері мен
психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
3. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі, ойын түрлерін қолдану
жолдарын көрсету;
4. Балалардың логикалық ойын дамытудағы ойынның рөлін көрсету.
5. Балалардың тілін дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсетіп,
ұсыныстар жасау.
Зерттеу көздері: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеті арқылы
таным процесін дамытуға арналған әдістер мен ғалымдардың айтқан пікірлері.
Зерттеу әдістемесі: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар,
өткізілетін іс-шараларды зерделеу, ойындар, табиғи эксперименттерді, тәрбие
сағаттары.
Зерттеу кезеңдері: Мектепке дейінгі шақ.
Ғылыми жаңалық:
- Мектепке дейінгі балалардың таныс үрдісін ойын әрекеті арқылы
дамыту ерекшеліктері туралы түісінік берілді;
- Ойын әрекеті арқылы таным үрдісін дамытудың ерекшеліктеріне
сипаттама берілді.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
Зерттеу мәселесі - мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда оқу іс-
әрекетінің ерекшеліктерін және баланың тілін дамытуға арналған ойындардың
рөлін ашып көрсету.
Зерттеу болжамы - қазақ халқында Баланы ойын өсіреді деген даналық
сөз бар. Балалардың тілін дамытуда ойындар маңызды рөл атқарады Сондықтан
оқу, тәрбие ісінде ойындарды қолданса, баланың дүниетанымы қалыптасып,
сөйлеу тілі дамып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса отырып, ойлау
қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні - әр түрлі жастағы топтарда тіл дамыту оқу іс-әрекетінің
құрылымын өткізу ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі - мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары.
Зерттеу мақсаты - балалардың тілін дамыту жолдарын, оқу іс-
әрекетінің ерекшеліктерін көрсету
Зерттеу міндеттері:
- тіл дамыту оқу іс-әрекетінің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне
шолу;
- балалардың тілін дамытуда ертегілер мен ойындардың рөлін сипаттау;
- балалардың тілін дамытуда оқу іс-әрекетін пайдаланудың әдістемесін
ұсыну.
Зерттеу көздері - мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеу базасы - балалар бақшасы.
І тарау. Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму
ерекшеліктері
1.1.. Мектеп жасына дейінгі әр түрлі топтағы
балалардың тілін дамыту
Мектепке дейінгі шақ- балалардың сезімдік тәжірибиесінің орасан
молайып, ретке келу, қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру,
қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының
қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге
бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру,
баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді
пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды
айналамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы
сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру
және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің
әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны,
ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен
таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы,
салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.
Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың
ұғымын кеңейтеміз. Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы
құбылыстарды тану арқылы жетіледі.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын,
жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін
тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме,
асхана, дәрігер бөлмесі, т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды.Сонымен
қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін
қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына
дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы
әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд,
жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы
біледі.Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың
табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны
табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды
қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта
нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып
табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен
құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен
табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу,
еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы
эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы
қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала
белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен
зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында
балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын
өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау
кезінде жеңілдік туғызса, екіншіден,бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар
сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі
тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей
байланысты болып келеді.
Баланың жан-жақты дамуы,оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы
негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну-танып білу- жүзеге асыру - осы
үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап
алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала
бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.
Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару.
Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-
тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек
шараларын қатар жүргізіп отыру керек.Серуенде ағаштарды,гүлдер мен шөптерді
ажыратуға,оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.
Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын
дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері
арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды
жасау.
Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.
Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы
дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
• Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
• Бақылауды өткізу орны және уақыты.
• Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
• Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.
• Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
• Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
• Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен
салыстыру;
• Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;
• Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ
бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді
ойын,еңбек,серуен,тәрбиешімен,ересе ктермен,құрдастарымен қарым - қатынас
кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды
түсіне,түріне,көлеміне қарап ажырата бастап,олардың құрылысын,пайдалану
тәсілдерін білгісі келеді.Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің
құбылыстары мен заттарын анықтай білуге,адам баласының жинақтаған бай
тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі.Балалардың бір
нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте
байқағыш,еліктегіш,әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды
ойлантады.Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала
сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала
алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені
тануына кері әсер етуі мүмкін.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын
білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол
сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше,
ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл –
ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі
жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай
отырып, баланың мінез құлқын сана – сезімнің тілінің жетілу дәрежесін,
таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс
бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек.
Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары - (зейін,
қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау)- қабілеттерін қалыптастыру болып
табылады.
Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса да бір затқа, құбылысқа
немесе іс-әрекетке шоғырлануы.
Ойлау дегеніміз-фактілер мен құбылыстарды дерексіздендіру, қорыту,
жанама түрде жүргізу, байланыстарын белгілеу және олардың арасындағы
қатынастарды анықтау арқылы қол жететін таным процесі
Ес дегеніміз- есте сақтау және оны кейін жаңғырту болып табылады.
Балалардың ақыл-ойын, санасын дамыта отырып өздігінен жұмыс істей
білуіне ерекше көңіл бөлеміз. Ақыл –ойдың дамуымен тікелей байланысты. Сөз
ойдың көрінісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр деп В.Г.Белинский
айтқандай,тіл-ойдың сыртқы көрінісі.
Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.Тіл дамытудың тиімді құралдарының
бірі- жаңылпаш, жұмбақ айтқызып,оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың
дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтуде және тілін
ұстартып, ойын дамытуда маңызды рөл атқарады.Баланың тілін шыңдай түсіп,
асықпай ,жатық еркін сөйлеуіне көмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты
аңғаруға, ой-өрісін дамытуға игі әсерін тигізеді.Балаға жаңылтпаш үйретіп,
оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмейтін
дыбыстарды анық айтуға жаттығады. Жұмбақтарда аталған нәрсенің сипат
белгілеріне қарап, балалар олардың шешімін табады. Балаларды тез ойлауға,
шапшаң жауап беруге, алғырлыққа, тапқырлыққа үйретеді.
Тіл дамытудың басқа түрлері сияқты сөздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының
барлық саласында жүргізіледі.Балалар сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін
дамытады. Оқу әрекеті барысында сөздік жұмысы балалардың ойын дамытумен
тығыз байланысты.
Балаларды асығып-аптықпай немесе тым жайбарақаттыққа салынбай,
байсалды сөйлеп үйрену, өзін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі
тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі-
тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және
пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
- балалардың сөздік қорларын дамыту;
- жаңа сөздерді меңгерту;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі
орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік
қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы
ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды
ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға
бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,
ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-
қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да
ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке
ерекшелігін ескерген жөн.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш
түрлі етіп өткізуіне болады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады.
Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және
олардың іс-әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы
жан-жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі
алдыма қойған мәселем.
Бала бойында 5-7 жасқа дейін мінез бен тәрбие негізі қаланады. Дәл осы
кезеңде кішкентай бүлдіршіндердің тіл дамуына ықпал ететін үздіксіз білім
берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар
аударып, бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін
дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әр баланың
білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынас тілі нақ
осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек.
Халқымыздың тұңғыш ағартушысы –Ы. Алтынсарин Адамгершілікке тәрбиелеу
құралы – еңбек пен ата-ана үлгісі - деп мағыналы айтқан.
Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу
жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік,
кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, парасаттылық, Отан сүйгіштік т.б.
қасиеттер болу керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық,
руханият, ізгілік мәселелерін қатар қоюмыз керек.
Бала құқығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық
тәрбие, ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік тәрбиесі – біздің ұжым
қызметкерлерінің ықпалымен жүзеге асырылып жатыр. Баланы адамгершілікке
тәрбиелеуде қазақ тілінің маңызы өте зор әсер етеді.
1.2. 4-5 жастағы балалардың қабылдау ерекшеліктері
Баланың 4-5 жасар шағы, ең бір танымдық қабілетті, үздіксіз жұмыс
істеген, айналасындағы құбылыстарды сезіну, білуге деген ынталығы да мол
байқалатын мезгілі. Көп жағдайларда оның жан дүниесінің қозғалыстарына тән
құбылыстардың үлгере алмауынан, үнемі асығыс-қимылдардың артықшылығынан
сүрініп-жығылып, құлап жататыны байқалады. (Біз оны қазақша тұсау кесер
мезгілі дейміз. Ол да шындыққа ұласады). Өйткені олар "көнілдегі көк
дөненнің" жүрісін тежей алмай әлекке түседі. Ондай қозғалыс осы мерзімде
өте жиі кездеседі. Бала бұл шағында сан-сапалы тағылымдарды игеріп, неше
түрлі күрделі құбылыстарды ұсына алатын жағдайда жетеді. Оның миының
үстіңгі қабығы қауырт жетілу себепті - баланың мінез-құлықтары мен іс-
әрекеттерін пәрменді ықпал етумен бірге, өзінің күллі нерв талшықтары мен
жұлын-жүйкелерінің жұмыс істеу қабілетін күшейте береді. Жан дүниесінің
осыншалық қауырт жетілуінің арқасында, оның тән құрылыстары да ерекше
икемділікпен тығыршықтай тарылып марқая түседі.
Музыкалық қабілет – жеке тұлғалық - психологиялық қасиетінің өз
алдындағы кешені. Ал енді, музыкалық қабілет деп айту сандық аспект емес,
сапалық аспектінің сәулеленуі, адам мен музыканың психологиялық
байланысы. Сондықтан, музыкалық қабілет, музыкалық әуесқойлық, ерекше
қасиет, қабылдауының сапасы, уайымдауы және музыканы орындауы.
Музыкалық дарынды адамдардан музыкаға әуесқой адамдар басым.
Музыкалық әуесқойлықты дамытуға болады. Ол адамның нақты ісінде дамиды
және қалыптасады. Оған музыкалық есту сезімі, музыканың сұранысы, музыкалық
әсерлігі, музыкалық белсенділігі және мәнерлеушілік орындаушылығы жатады.
Қабылдай ала алмайтындығы – адамның мінезі, музыкалық әрекетін
қабылдамайтындығы, қарсылығы. Ол нәтиженің тілегі мен жұмысының қажырлығы
болмағандықтан.
Ізденіс жұмысының арқасында балада музыкалық ырғақ қатынасы ерте
қалыптасады (9-10 айда – Б.М.Теплов). Балада музыкалық ырғақ элементі дене
қимылынан бастап музыканың ырғақ қысымына қосылады.
Г.А.Ильин: ... баланың бірінші музыка туралы түсінігі ырғақтық
қабылдауы. 3 – 4 жаста бала музыка уақытының теңдігін байқайды, қарапайым
ырғақтарды қабылдайды (екі кішкене ұзақтық және бір ұзағырақ ұзақтықты). 4
- 5 жаста әндеткенде ырғақтық қимылмен жүреді. 6 – 7 жаста, біріншіден,
музыканың әсерлік (динамикалық) және ырғақтың жағын сезеді, ал әуені мен
гармониясын нашар қабылдайды.
Музыкалық есту қабілет және мектепке дейінгі мен бастауыш балаларында
қалыптасуы
Музыкалық есту сезімі - музыкалық қабілетінің негізі. Ол дыбыс биіктік
есту сезімі, оның ішінде тембрлік, динамикалық. Дыбыс биіктік есту сезім
бірдауысты әуен болса, оны әуенді дейміз. Сондықтан, баланың әуенді таза
алуының қалыптасуы мен дамуы 6 кезеңнен тұрады.
Бірінші - бала жай ғана әннің сөзін бір қалыпты ырғақта айтады, ол
берілген әннің ырғағымен сәйкес келсе.
Екінші – бала әуеннің бір-екі дыбысын таниды, сол бір-екі дыбысқа
әуенді әндетеді.
Үшінші - әннің жалпы жүрісін таза алуда.
Төртінші – жалпы жүрісіндегі таза алудағы әуеннің кей бөлімдерін таза
алады.
Бесінші - әуен таза алынады. Осы бес кезең фортепиано сүйемелдеумен
қалыптасады.
Алтыншы – сүйемелдеудің керегі жоқ; бала әуенді сүйемелдеусіз таза
орындайды.
Біреулері ішкі есту сезімді есту елесінде ертеде естілген дыбыстарды,
әуендерді жаңадан сезінуі.
Екіншілері – есте сақтау мен елеске байланысты.
Төрт-бес жасар балалардың салыстырмалы ойлай алатын қабілеттері
ерекшелене түседі. Санамақтарды игеріп, аз және көп сандарды, қалың мен
жүқаны ажыратумен қоса, айдың айын, күннің сәтін дегендей, жыл мезгілдерін
ажырата алатын халге жетеді. Бұл жастағы балалардың танымындағы артықшылық
мөлшері де әр түрлі болып келеді. (Кейбір балалардың қалада, бала бақшасы
бар, жан ұяда информатикалық хабар алатын компьютер бар жерде танымдары
терең, жан-жақты болуы мүмкін. Ал керісінше үй жағдайы жоқ, бақша көрмеген,
үйінде жарық та жоқ, компьютердің не екенін білмейтін балаларда бар, ол
тіптен мәңгүрт десе де артық болмайды). Бірақ ондай балалар тез жетіледі.
Техниканы, компьютерді тез меңгереді.
Біз көбінесе өмірде байқалып, анықталып, зерттеліп, өмір тәжірибесінде
көрініп жүргеніндей осы жастағы (4-5) балалардың айнала қоршаған дүниеге,
өзінің айналасында жүрген адамдарға, ата-анасы мен тәрбиешілерге, тіптен
кез-келген адамдарға деген ізеті мен мейірімділігін байқай бермейміз. (Біз
әлі де болса тәрбиенің әкімшілік әдісін кеңінен пайдаланамыз. Олардың
бұйрық арқылы қатаң тәртіпте ұстауды жақсы көреміз. Ол солай бұрыннан
қалыптасқан).
Осы жастағы балада табиғи дамудың гендікжүйесінен (немесе ұрпақтан
ұрпаққа берілудің қасиетінен) сүттей тұнық, үлкеннің айтқанын қағыс
қалдырмай орындайтын қасиеттері пайда болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz