Баланың зейінін тәрбиелеуде жеке адам туралы түсінік. Қиял және оның түрлері
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Баланың зейінін тәрбиелеуде жеке адам туралы түсінік. Қиял және оның
түрлері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Ι тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін қалыптастыру
ерекшеліктері
1.1. Зейін ұғымы,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6
1.2. Баланың зейінін қалыптастыруда жеке адамның рөлі
... ... ... ... ... ... ... ...14
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамытудың теориялық мәні
2.1. Қиял туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18
2.2. Баланың қиялды дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3. Балалардың зейінін және қиялын дамытуға арналған әдістер
3.1 Балалардың зейінін дамытуға арналған психологиялық тренинг ... ... ...26
3.2. Мектепке дейінгі балалардың қиялын дамытуға арналған жұмыстар ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..38
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында Біз бүкіл елімізде
стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз
деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді
одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған
әлеммен бірге қатар жүрері анық. Баланың қиялын дамыту мақсатында
ойындарды, ертегілерді пайдалануға болады. Баланың кез-келген пәнге
қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастап
жақсы мінез-құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабаттылыққа, жасы үлкенді
және бірін-бірі сыйлауға үйрету ата-аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден-
бір қасиетті міндеті.
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар
бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде
анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде
бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене
және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды.
Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында
сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-
әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі
кезеңде қалыптаса бастайды.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін,
үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында
бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау
және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше
міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу
үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады.
Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса
бастайды [10, 91 б.].
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-
әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін
күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі
кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа
жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында
адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен
және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге
болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін
тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті
көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты
жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-
тегжейлерін бөліп алады [16].
Зерттеу болжамы - мектеп жасындағы бала әртүрлі жағдайларды өз
қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып
көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады. Қиял өз
мазмұны бойынша кандай да бір адам сенгісіз нәрсе сияқты болып
көрінгенімен, шынайы әлеуметтік кеңістіктің нормативтеріне сүйенеді. Бала
өз қиялында мейірімділікті немесе қатігездікті көруі арқылы қалыптасады.
Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ертегілерді қияли әңгімелерді пайдаланса,
баланың дүниетанымын қалыптасып, қиялын шыңдалып, зейіні, жадыны
қалыптасып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні – балалардың зейін қабілеті мен қиялын дамыту
Зерттеу объектісі - мектепке дейінгі балалар
Зерттеу мақсаты - мектеп жасындағы балалардың әртүрлі жағдайларды
зейін арқылы қабылдап, өз қиялында бейнелей алуы. Ойын үстіндегі бір затты
екінші затпен алмастырып көру арылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа
түрлеріне ауысу жүйесіне талдау жасау. Мектепке дейінгі балалардың қиялы
мен зейін қабілетін дамыту әдістерімен танысу.
Зерттеу міндеті:
➢ Балалардың қиялы мен зейін қабілетін дамытудың теориялық
негіздері туралы;
➢ балалардың қиялын дамытудың әдістері мен тәсілдері;
➢ Оқу-тәрбие жұмысында қиялды, зейінді дамытуға арналған
әдістерді қолдана білудің маңызы туралы түсінік беру.
➢ Балаларды тәрбиелеуде қолданылатын әдістердің түрлері мен
маңызын зерттеу.
Зерттеу көздері - мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеу әдістері - ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Ғылыми жаңалық:
1. Мектепке дейінгі балалардың қиялы мен зейінін дамытуға арналған
әдістердің маңызы мен түрлеріне теориялық тұрғыда сипаттама
берілді;
2. Қиял мен зейінді дамытуға арналған ойындар, ертегілердің рөлі
және отбасы тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын
арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
3. Бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
4. Балалардың қиялы мен зейін қабілетінің тәрбиелік мәні теориялық
және практикалық тұрғыдан зерттелінді.
Тәжірибе маңызы - эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата–аналармен
жұмысында, іс – шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау
қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Зейін ұғымы, түрлері
Зейін деп — адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Бала математикалық есептер шығарып отыр.
Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала
көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т. б.). Бала есептің
шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп
шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға
көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы
көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін
ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Осындай түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт
алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870)
зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып
өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып
табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер
де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды".
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
Өйткені адам өз өмірінің әрбір кезеңдерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне
түсіреді, бірер нәрсені қиялдайды, бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін
болса, өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп
келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып
табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді
күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен бір объект
жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-
күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял
процестері де зейінге түрліше әсер етіп отырады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан жүйке процестерінің
өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов, егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,
осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатындығын
айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе, басқа нәрселер туралы
жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алабында күшті процесі болып
жатады да, айналасындағы алаптарда тежелу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик
А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге
болады.
Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
көбірек әсер етеді де, мидың бір алабын қаттырақ, күштірек қоздырады,
осындай алапты доминанта деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған
алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың
күшті қозған алабы онан бетер күшейеді. Мәселен, қызық кітапқа беріле
оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта
олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам
бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден
(мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа
нәрсеге көңіл аудармай, үңіліп отырған әрекетімізге мейлінше беріле түсуге
жәрдемдеседі. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, мидағы басыңқы қозу әлсіз
тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып, солардың есебінен
күшейіп отырады. А.А.Ухтомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың
"Қозудың оптимальдык, алабы" дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П.Павловтың оптимальдық қозу алабы теориясы ырықты зейіннің
табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы түсіндіреді.
Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі
әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені балалық дәуірде адамның
күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да,
осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш
келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды
деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз
зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу — ырықсыз зейіннің бұлағы. Өйткені
қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз
зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу — ырықты зейінді керек етеді.
Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс. Бірақ ырықты зейін де жанама,
дәнекерлі қызығуды керек етеді.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (ориентировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін
кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің
көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.), заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау
арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып,
объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына
дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынандай
ерекшеліктермен сипатталады:
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу
үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден
бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын
ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен,
көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-
гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді
шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып
табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен
айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің, екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады.
Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады.
Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес.
Бала алғашқыда жай қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан
кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да
зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға
түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты
зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін —
адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні
де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып
алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де
табиғаты осыған ұқсас. Өйткені үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып
қалыптасады. Зейіннің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға
бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні
көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беру де оңай емес.
Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп
отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір
белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай
алатын болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін,
әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл кеп
күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу — қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін
жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және
сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен,
олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі,
музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап
отыра беруге болады. Ал қасыңдағы адамның айқайшуы, реніш т.б. адамды
күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі
болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады.
Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей
алушылық — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты
жазушысы А. П. Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан
үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын
қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге
кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде
отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жағдайларға
төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы
тиіс.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды
көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы.
Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің
өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір
жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл
икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа
объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез
келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде
зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста
түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Алаң болушылық деп белгілі бір
объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге
ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң
болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі.
Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу
мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды.
Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі
әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық жиі ұшырайды. Өйткені
олар әлі күрделі іс-әрекетпен айналыспағандықтан, зейіннің жоғары түрлері
өз дәрежесінде болмайды.
Алаң болушылыққа ұқсас көріністер адамның бір жұмысқа қатты беріліп
істеген кездерінде де байқалады. Адам қатты үңіліп жұмыс істеген кезде
басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді. Осындай жағдайда ол айналасындағы
өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың зейінін уақытында бөле
алмаушылықтың кемшілігі зейіннің көлемі өте тар және икемсіз
келетіндігінен.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін
зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, балалар өздері есеп шығарады, сонымен
қатар осы кезде басқа баланың тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның сөзін
тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін
жазып отырады кітап оқып отырып, конспект жазады. Еңбек процесінде зейін
бөлінуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің онан сайын
автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды қажет етеді. Ал
машина жүргізушілерге (машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге зейін
бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір кезеңде руль
механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормоз береді және т. б... Бұл
операциялардың әрқайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле білуді қажет етеді.
Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле білудің маңызы зор.
Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ оқыту жоспарына
сәйкес тексеріп отырады, барлық сынып ұжымы мен жеке балалардың тәртіп
сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды. Тәжірибесі аз, жас
мұғалім кейде барлық сыныпты не жеке балаларды, не өзінің айтып тұрған
сөзін бақылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады. Осының салдарынан
сыныпта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін.
Зейінді екі объектіге бірдей бөлу үшін ең кемінде біреуіне іскер болу
және мұндай объекті бір-біріне байланысты болуы шарт. Зейінді бөлудің
физиологиялық негіздері жөнінде И. П. Павлов былай дейді: "...біз бір
іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа бір
істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми сыңарларының
тежелудегі бөлімдерімен, қызмет істейміз, өйткені біздің басты ісімізбен
байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда болады".
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің
санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер
тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 110
бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5—9 әріпті қамти алатынын, 12—14 әріптен
тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр.
Зейін көлемін арттыру үшін балаларды комплекс заттарды байқай алуға,
оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі
құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден
оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған
тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық
тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты
кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып
табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді
де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді.
Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже
шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей
қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын
мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін
ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және
осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады.
Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа
бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан
балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.

Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш
рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға
құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып,
соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін
ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда, мектепке
дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке
дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталады. Сонымен,
баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты
мектепке дейінгі шақта ықтиярлық зейін қалыптасады.
В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере
бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым
болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі тартымы шамалы іс-
әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын процесінде немесе
әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар едәуір ұзақ уақыт
бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі
мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін
тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады.
Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері,
іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары
деңгейде ұстауға мүмкіндік береді [10, 77 б.].
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың
кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай
сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені
қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан
болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда, бұлай зейінді
шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне қызығушылығынан туындайды.
Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет. Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы
баланың зейінін ұйымдастыра алады. Оларға біркелкі жалықтыратын және
тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі
сабақтарда ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті
ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады [10, 89 б.].
К.Д. Ушинский Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар,
оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету
керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын
теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді
зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек, - деп
көрсетеді. Балалардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының
үлгі-өнегесінің маңызы да зор [5,15].
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру
қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте
сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады.
Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын
немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген
әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге
тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады.
Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы
мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың
еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге
асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге
зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы,
баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде
оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде
өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды
баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз
орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін
жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз
есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама
қосымша нәтижесі болып табылады [10, 91 б.].
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала
бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды
орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-
кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті
ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді,
байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар
аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі,
тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен
жетіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінін оқу-тәрбие процесінің
талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын
болса, ал тәрбиеші — балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын
ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кетпейді,
сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы
кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Балада ырықсыз
зейіннің басымырақ болуы ой-өрісінің көрнекілігіне де байланысты. Зейін
тәрбиесінде әрбір тәрбиешінің еске алатын кейбір шаралары мына
төмендегілер:
1. Баланы оқытуда кішкентайынан бастап зейінділікке әдеттендіру,
оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту естен шықпайтын болсын. Бұл жөнінде
К. Д. Ушинский былай деген: "Балаға оқуды қызықты ете білу керек және
сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай
орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп
жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен
қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып
отыру керек".
2. Бүкіл топқа не жеке-жеке балаларға берілетін тапсырмалар дәл,
анық, қысқа болып келсін.
3. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа
тәрбиеленуі тиіс.
4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі — ерік. Сондықтан
зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
5. Ересек топ балаларының жүйке жүйесінің әлде де болса, "қатая"
қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау,
орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ
кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне
қатысы бар шаралар.
Балалардың зейінін дұрыс қалыптастыруға тәрбиешінің жеке басының үлгі-
өнегесінің де маңызы зор. Егер тәрбиешінің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған
болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе балаларға алаңдап,
нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім балалардың зейінін
дұрыс тәрбиелей алмайды.

2.1. Қиял туралы жалпы түсінік
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік
образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана
тән психикалық процесс: ...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял
ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады (әл-Фараби).
Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша
байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып
отырады. Уақытша байланыстарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz