Баланың мектепке бейімделу жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Баланың мектепке бейімделу жолдары

Орындаған: Педагогика және
психология мамандығының
студенті
Жетекші: оқытушы

Орал-2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
1.1. Балалардың мектепке бейімделу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Баланың мектепте оқуға психологиялық
дайындығы ... ... ... ... ... ... .. ... ..12
ІІ тарау. Баланың мектепке бейімделуіне арналған әдістер мен жаттығулар
2.1. Дайындық тобының балаларымен жүргізілетін диагностикалық
байқаулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2. Бірінші сыныпқа бейімделу әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..26
Кіріспе
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке
келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып
саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін
баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.
Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды
кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік -психологиялық өзгерістер - жаңа
қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, оқушының жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы
болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым-
қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар құрылатын
ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші
кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата-аналар
қандай іс-әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі
дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы
өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір балалар үшін
алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын
үдерісі жүріп жатады.
Алғаш мектепке келген оқушыға кездесетін қиыншылық-мектепке тез
бейімделе алмау:
- ерте тұру, сабақтан кешікпеу, сабақ үстінде тыныш отыру, сабақты
ынтамен тыңдау;
-мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау;
- бастауыш сыныптың алғашқы кезеңінде кейбір оқушылар үшін, әсіресе
үй жағдайында және балалар бақшасында оқуға дайындықпен келген балалар үшін
оқу талаптарының тым жеңіл болып, оқушыны жалықтыруы;
- балалардың жасқанып, ұялып, өз құрбыларымен қарым-қатынаста бола
алмауы, т.б.
Австрия ғалымы Г.Эберлейн өзінің Дені сау балалардың қорқынышы атты
еңбегінде: Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар
үнемі мектепте мұғалімнің үйге берген тапсырмасын орындай алмай қалам ба?
деген қорқынышпен жүреді - дейді [3].
Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал
кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады:
олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру
қабілеті төмендейді. Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін
бұлай қабылдайды? Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу
ерекшеліктерінің басты себептердің бірі - баланың денсаулық жағдайы,
биологиялық жетілу деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер
мен әрекеттердің дамуы болып табылады.
Мектептегі оқуға ұзақ уақыт бейімделе алмау ата-аналардыңбалаға дұрыс
ықпал етіп, оларды ынталандыра алмауына да байланысты. Ата-ана баласына
үнемі ара түсіп Бүгін ұйқың қанбаса мектепке бармай-ақ қой немесе
Мектепте қарның ашып қалған жоқ па? немесе Мұғалім саған ұрысқан жоқ па?
Бүгін не деді? деп, қарым-қатынасының өзі баланың мектепке бейімделуіне
кедергі болады. Міне, осы мәселені шешу барысында мен курстық жұмыстың
жұмысымның тақырыбын Баланың мектепке бейімделуі деп алдым.
Тақырыптың өзектілігі. Мектепке бейімделу кезеңін әрбір оқушы өзінің
психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше өткізеді. Кейбір
зерттеулерде, Мектепке бейімделуде, әсіресе мектепке дейін үйде
тәрбиеленген балалар көптеген қиыншылықтарға кездеседі, мектепке тез
бейімделе алмайды - деп түсіндіреді. Бұл толықтай шындық емес. Мектепке
бейімделуде балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың да қиыншылықтарға
кездесетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы
бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау,
балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т.б. өзгерістер
болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып
табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар
мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл-күйлері көтеріңкі жүреді, ата-
аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға
тырысады.
Зерттеу мәселесі. Балалардың мектепке бейімделуі жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі. Балалардың мектепке бейімделу жолдары және оларды
анықтауға арналған әдістер.
Зерттеу болжамы. Егер, бала мектепке тез бейімделе алатын болса,
балалардың көңіл-күйі жоғары болады, үнемі көңілді жүреді, яғни мектепке
баруды есіне салса қуанады. Балалардың мектепке бейімделуін көптеген арнайы
мекемелер, балабақшалар, орталықтар ашып, арнайы техникалар пайдаланып
жүзеге асырамыз деген болжам бар.
Зерттеу пәні. Балалардың мектепке бейімделу жолдары.
Зерттеу объектісі. Балалардың мектепке бейімделу жолдары және баланы
мектепке дайындау әдістері.
Зерттеу мақсаты. Балалардың мектепке бейімделу жолдарымен және
балаларды мектепке даярлау әдістерімен танысу.
Зерттеу міндеттері. Балалардың мектепке бейімделу жолдарымен және
балаларды мектепке даярлау әдістерімен танысу. Балаларды мектепалды
даярлауға арналған жаттығулар мен әдістер туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу көздері. Балалардың мектепке бейімделу әдістері мен
ғалымдардың айтқан пікірлері.
Зерттеу әдістемесі. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері. Мектепке дейінгі шақ, 6 жасар бала.
Ғылыми жаңалық:
- Баланың мектепке бейімделу жолдарына теориялық тұрғыда сипаттама
берілді
- Баланы мектепалды даярлауға арналған жаттығулар берілді.
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- отбасы тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың
тетіктері анықталып зерделенді.
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Тәжірибелік маңызы. Эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы,
құрамдас бөлімдері бар. Ол кіріспеден, теориялық, практикалық бөлімдерден,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 тарау. Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
1.1. Балалардың мектепке бейімделу жолдары
Мұғалім оқушының мектепке бейімделуін оның ата-анасымен бірлесе отырып
жүргізеді, оларға іс-әрекеттің мазмұны өзгерген кезде баланың мінез-
құлқының да өзгеретінін,кез-келген іс-әрекеттің түрі оқушыны қызықтырып,
оны жалықтырмау керек екендігі түсіндірілуі керек.
Оқушының мектептегі жағдайға тез бейім-делуі мұғалімнің жылы
сөзіне,оқушымен жағымды қарым-қатынасына,іс-әрекеттің түріне байланысты.
Оқушыны мектепке қызықтырып,бейімдеудің басты құралдарының бірі-ойын
болып саналады. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі . Ойын арқылы бала
білімді-қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиясын жетілдіріп,
мінез –құлқын, ерік-жігерін дамытады,дүниетанымы кеңейіп,мектептегі оқу
процесіне қызығушылықпен қарай бастайды.Ойындар рөлдік-
мазмұндық,шығармашылық,дидактикалық ,қимыл-қозғалыстық болып бөлінеді. Әрбір
мұғалімнің өздері өткізетін пәндері бойынша,тәрбие жұмыстары мен сергіту
сағаттарына байланысты ойындарды дұрыс таңдап білуі ұстаздық біліктілікпен
шеберлікті қажет етеді.
Ойындарды мазмұнына қарай қазақтілі,ана тілі,математика,дене
шынықтыру сабақтарында,тәрбие жұмыстарында тиімді қолдануға болады.
Мысалы: қазақ тілі сабағында: Сөз ойла, Бос орынды толтыр, Қай
әріпті жоғалттым? т.б. ойындарды жүргізе отырып, оқушылардың шығармашылық
ойлауы мен грамматикалық сауатын дамытуға болады. Сөз ойлаойынында
мұғалім : Бдыбысынан басталатын сөз ойла деп –допты бір оқушыға
лақтырады. Оқушы сөзді тез ойлап,айтып,допты қайта мұғалімге лақтырады.Ойын
осылай жалғастырылады,ойынға сынып оқушылары түгел қамтылуы керек.Бұл
ойынды сыныптағы үш қатардың оқушыларымен жарыс-ойын түрінде де өткізуге
болады.Математика сабағына көбейту таблицасына арналған Математикалық
домино ,қосу, азайту амалдарына байланысты Санамақ, Екі
амал,Басқыш,ойындарын ойнату, дене шынықтыру сабақтарында Тышқан мен
мысық, Ақсерек- көксерек, Қақпан,т.б. ойындар арқылы оқушылардың
мұғалімнің өзіне тән психологиясына бейімделіп , құрбыларын тану ,олармен
жағымды қарым-қатынаста бола отыра , кез-келген іс-әрекетті бірігіп орындай
алу қабілетін дамытады. Белгілі бір тәртіпке бағыну,бірін – бірі құрметтеу
, ұжымдық ортақ іске талпыну және жеңіске жету сапаларын дамытады.
Ойын үстінде оқушылар өзінің бойындағы жасқану, ұялусезімдерін жойып,
сыныптағы ортақ әрекетке ден қойып , оқу процесін өз құрбыларымен жарыса
талдап,меңгереді.Ойын сабағының қабылдануы тез,есте сақталуы ұзақ [8].
Сабақаралық үзілістер кезінде мұғалімдер оқушылардың дұрыс тынығуын,
ұйымдасқан түрде дем алуын қамтамасыз ету мақсатында ойындарды дұрыс таңдай
білуі тиіс. Үзілісте әрі қысқа, әрі мазмұнды қызықты ойындар таңдалуы
керек. Мысалы : Кім жылдам? ойыны. Бұл ойын әсіресе жай қимылдайтын
балалар үшін тиімді. Ортаға аяқтарының арасына белбеу тасталады. Ойынды
жүргізуші үшке дейін санайды, ол үш деген уақытта белбеуді кім бұрын
алса, сол бала жеңген болып есептеледі. Бұл ойын шапшаңдықты қажет етеді.
Оқушыны өз мүмкіндігін сезіне білуге,ойлауға,жеңіске жетуге бар
қабілетін пайдалануға жұмылдырады. Оқушылармен үзіліс кезінде жұмбақ шешу,
жаңылтпаш айту ойындарын да ұйымдастыруға болады. Бастауыш мектеп
бағдарламасында қимыл-қозғалыс ойындары маңызды орын алады. Қимыл-қозғалыс
ойындары оқушыларды жан-жақты тәрбиелеудің ең негізгі құралы болып
табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын оқушылардың танымдық зейінін,
қабылдауын, дененің сапалық қасиеттері жылдамдығын, күш-қуатын,
төзімділігін, икемділігін қалыптастырады, ал ұжымдық ойын түрлерін
ұйымдастыру – жолдастыққа, достыққа, өз бетімен әрекет жасауға тәрбиелейді.
Бірінші қыркүйек те келді. Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-
аналары мектеп құралдарын, мектеп киімін, кітаптарын баяғыда-ақ алып
қойған. Бүкіл отбасы алғашқы оқу күнін толқумен күтуде.
Бәрі де оқудың ойдағыдай болып, көп ыңғайсыздық тудырмауын қалайды.
Сен мектепте қалай оқитын боласың? - деген сұраққа болашақ бірінші сынып
оқушылары беске оқитын боламын - деп сенімді түрде жауап береді. Жетістік
деген түсініктің өзі де салыстырмалы болғанымен, мектепте жетістікке жету,
шынымен де, өте маңызды. Кейбір балалар мұндай қиыншылықтарды ешкімнің
көмегінсіз оп-оңай жеңеді. Бірақ басқа да балалар бар – олар үшін мектепке,
оның тәртібі мен талаптарына бейімделу оңайға соқпайды [9].
Мектепке бейімделу деген не, соның басын ашып алайық. Психологияда
бұл термин баланың ойлауы мен іс-әрекеті оның мектеп ортасына үйлесімді
сәйкестенуіне мүмкіндік беретіндей өзгеруі деп түсіндіріледі, яғни:
➢ бала өзінің істегім келедісін мектептің істеу керегіне
сәйкес келтіруі керек;
➢ тапсырмаларды (кейде балаға онша қызықты емес) өз бетімен
орындауға үйренуі керек;
➢ мектеп тәртібін сақтауға, онымен есептесуге, өзінің тәртібімен
басқа балаларға кедергі келтірмеуге және мұғалімдердің басын
ауыртпауға үйренуі керек;
➢ достық қарым-қатынас орнатып, оны ұстануға, басқа баланың
ұнауына не ұнамауына қарамастан онымен тіл табысуға, тым болмаса
қарым-қатынас жасауға үйренуі керек;
➢ мектептегі оқуы – оның жұмысы екенін, оқушы болу - өте
маңызды екенін түсінуі керек!
Балалардың бейімделуі қалай өтеді? Ата-аналардың жауабына сәйкес
бірінші сыныптың барлық балаларына мектепте оқыған ұнайды. Сонымен қатар,
ата-аналардың 82 % балаларға оқу онша қиын емес деп, ал 18 % оқу қиын,
бірақ күшіміз жетеді деп есептейді.
Бір қызығы, ата-аналар үй жұмысын дайындау кезінде балалардың 85%
теріс эмоцияға беріледі деп есептейді. Олардың себептері ретінде ата-аналар
мыналарды атайды:
1. еңбектен шаршау – 23 %
2. рухани шаршау – 36 %
3. материалдарды онша ұқпау – 10 %
4. тапсырманы ұмытып қалу – 5 %
5. көшіру кезінде қате жіберу – 5 %
6. тапсырманы орындағысы келмеуі – 5 %
Ата-аналардың пікірінше, балалардың тек 54 % ғана сырқаттануына
шағымданбайды. Балалардың қалған 46 % уақ-уақ түрлі себептермен
шағымданады, ұйықтарда бала қандай көңіл-күйде болады деген сұраққа ата-
аналардың жауабы:
1. біршама тың – 33 %
2. шамалы шаршаңқы – 51 %
3. шаршаңқы – 16 %
Бұл нені білдіреді? Қиындыққа қарамастан, балалардың көбі оқуға
ойдағыдай бейімделеді. Бірақ көмек керек ететін балалар да болады.
Кімге көмек керек екенін қалай анықтауға болады? Әдетте психологтар
мектепке бейімделудің 3 деңгейін атап көрсетеді: жоғары, орта, төмен.
Бейімделуі жоғары деңгейдегі бала мектепті жақсы көреді, оқушы болғанына
қуанышты.Ол үшін оқу жеңіл, жаңа білімді қызығушылықпен қабылдайды және
айналасындағылармен қуана бөліседі, тапсырманы мектепте де, үйде де ынтамен
орындайды ( сырттай бақылау жасамай-ақ және қысым көрсетпей-ақ), сабақта
мұғалімді ынтасымен тыңдайды, өзі белсенділік танытып бағдарламадан тыс
бір нәрсе істеуге не жаттауға қабілетті, қоғамдық тапсырмаларды абыроймен
орындайды, сыныптастарымен оңай тіл табысады.
Бейімделуі орта деңгейдегі бала да мектепке баруға қарсы емес,
сабақтарға да кет әрі емес, сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым-
қатынаста, сабақта берілген материалды меңгеруге қабілетті, бірақ мектепте
де, үйде де ересектердің бақылауында, солардың бұйрығымен ғана жұмыс
істеуді қалайды. Өз бетімен жұмыс мұндай балаларда жүрмейді. Мектепте
бұл балаға білім емес , оқушы дәрежесі маңыздырақ, сондықтан оны жаңаны
меңгеру емес, бәрін ереже бойынша істеу қызықтырады. Қызықты болған
нәрселерді – жақсы орындайды – егер бір нәрсе шықпай қалса не көңілсіз
болса – оқу процесі тоқырауға ұшырайды және тек ересектердің көмегімен
ғана алға жылжиды. Бір сөзбен, мұндай балаларға үздіксіз бақылау қажет,
білім алуға құлшыныс білдірмейді, тікелей мүддесіне қажет емес істерді өз
бетімен істеуі нашар дамыған. Мұндай бірінші сынып баласына үйде қарап,
сабақ қарауы бірнеше сағатқа созылып кетпеуін қадағаласа, ал мектепте
мұғалімнен балаға аса көңіл бөлуді өтінсе (жұмыс істеуге ынталандыру
үшін) – бәрі де жақсы болады [1].
Бірақ бейімделуі төмен деңгейдегі балалар бұдан да көп назар аударуды
қажет етеді.Мұндай балалар мектепке теріс көзқараста немесе немқұрайлы
болады, сабақта бұйығы, жоқ секілді. Немесе, керісінше, жиі тәртіп
бұзады, оқу материалын толық меңгермейді, жұмысты өз бетімен қиындықпен
және көңілсіз орындайды, үй тапсырмаларын анда-санда орындайды ( соның
өзінде жақындарының бақылауы және қысымы арқылы). Жаңа материалды меңгеру
үшін оған мұғалімі мен ата-аналарының көмегі қажет: бірнеше рет толық
түсіндіру және қайталау, басқаларға қарағанда көп уақыт бөлу сияқты.
Қоғамдық жұмыстарды бұл балалар ынтасыз орындайды, көбінесе сыныпта
жолдастары -достары болмайды, керек десе балардың есімдерін де жыл аяғына
дейін білмеуі мүмкін.Әрине, жоғарыда көрсетілген ерекшеліктер топтамасы
бәрінде кездесе бермейді, ал бірақ егер сіз баладан осылардың тым болмаса 3-
4-уін байқасаңыз – оған көмектесіңіз, әйтпесе баланы алда мектеп неврозы
күтіп тұр [5].

1.2. Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығы

Баланы мектепке жан-жақты дайындау — өте жауапты әрі маңызды
іс...Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді,
қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады.
Бейімделу сенімсіздікті және өзара әрекеттестікті, яғни бәсекелестікке
қарама-қарсылықты білдіреді. Бейімделубасқа бір адам қызығушылықтарын
қанағаттандыруда өз қызығушылықтарына немқұрайлы қарауды білдіреді; бұл
стильде өзін құрбан ету элементтері байқалады. Бейімделу жомарттылық немесе
мейірімділік,қажет емес жағдайда да басқа адамның айтқандарын бұлжытпай
орындау формаларында байқалады.
Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады
және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан
тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға
мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар
жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл
процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың
жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі
болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын
болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін
баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы
жоқтай сезінеді [3].
6 жасар балалармен жұмыс істеген барлық психологтар бір шешімге
келеді: 1-ші сыныптағы 6 жасар бала өзінің психологиялық дамуымен әлі де
мектепке дейінгі бала болып қалады. Ол мектепке дейінгі жасқа тиесілі
ойлаудың ерекшеліктерін сақтайды және онда есте сақтау (ол керектіні есте
сақтамай, не қызықты соны есте сақтайды) басым болады. Спецификалық назар
аудару мынандай, бала өнімді бір іспен 10-15 минуттан артық жұмыс істей
алмайды.
6 жасар баланың тұлғалық ерекшеліктері оқыту процесінде қосымша
кедергілер туғызады. Танымдық себептер, оқудын барабар тапсырмалары әлі
бірқалыпты және ситуативті емес, сондықтан көптеген балаларда олар
мұғалімнің арқасында пайда болады және қалыптасады.
6 жасар баларларды оқыту қиын екендігі және де ондай оқыту олардың
дамуының ерекшеліктеріне байланысты құрылуы керек екенділігі белгілі.
Әлемдік педагогикалық практикада 6 жастан және одан да ерте жастан бастап
балаларды оқыту туралы үлкен тәжіребилер жиналған. Осы ортақ тенденцияға
қарағанда бастапқы оқытуда бала жасының төмендеуі, Ресей Федерациясында 60
жылдары мектептерде және бала бақшаларда эксперименттер кеңінен жүргізіле
бастады. 1981-1982 жылдардан бастап барлық жерлерде оқыту 6 жастан бастап
бола бастады. Сондықтан да қазіргі кезде балалар мектепте осы жастан бастап
оқи бастайды. 6 жасар баланы оқыту аяу режимін (сабақ 35 минут, сабақ
арасындағы үзілісте физикалық сергітулер, ойындар мен серуендер, күндізгі
ұйқы, үй тапсырмасының берілмеуі т.б.) оқу материалдарының аз көлемде
берілуін, білім мен икем, 3 бастауыш сыныпта оқу жылында 7 жасар бала
меңгеретін 4жылда 6 жасар бала бастауыш мектекпте меңгеретін білім мен
икемге тең, көпмөлшерде жалпы жетілдіру сабақты (дене шынықтыру, музыка,
ритмика, сурет, еңбек, саяхат), денсаулық жағдайына байланысты медециналық
бақылауды, ерекше программа және оқу әдістемелерді ұсынады. Бірақ
көптеген мектеп мүдірлерінің, мұғалімдерінің, ынталарына қарамастан
оқытудың осы принциптері, проблемалық қатар сақталады, әсіресе,
психологиялық. Әртүрлі жақтан 6 жасар бала дамуын комплекстік зерттеу
көрсетті. Мектепте 1-ші сыныпта оқығандағымен салыстырғанда бала бақщада
дайындық группасында оқыған кезде бала өзін неғұрлым сенімді және салмақты,
психологиялық ыңғайлы сезінеді. Мәселе тек қана бала бақшадағы шарт балаға
әлдеқайда үйреншікті жеңіл болғанда, оған жаңа оқу программасына үйрену
оңай болғанда емес. Қолайлы шарттарды обьективті себептердін күшіне
байланысты барлық мектептерде жасай алған жоқ. Сыныптық қалыпты толуын
шамадан тыс асыруға тура келеді. Өйткені қосымша сынып бөлмелері мен
мұғалімдер бөлмелері жоқ және де ойынға арналған бөлмелер жетіспейді. Ең
басты себеп бұл бала бақшадағы өмір ағымы, балалардың үлкендермен және өз-
өздерімен тіл табысу стилі, бала бақшабаланың психикасының дамуының
сатысына көп жауап береді.Өзінің социологиялық бірқалыпты емес күшіне, жаңа
жағдайға және қарым-қатынастың ауырлығына байланысты 6 жасар бала эмоциялық
қарым-қатынасында өте қажетсінеді, ал мектеп оқытудың қалыптасқан шарттарда
бұл қажеттілік қанағаттанбайды [3].
Көптеген психологтар мен педагогтар мектепте оқыту 6 жастан дегеннің
жақсы және жаман жақтарына көптеген дәлелдемелер келтіреді. Д.Б.Эльконин өз
кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші кездесетін сынып шапшаңдықты оқушыларын бала мектепке баланың бейімделуге сәйкес психологиялық - бейімделу педагогикалық қолдау сынып көрсету балалардың процесі
Бастауыш сынып оқушыларының мектепте ОҚУҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделу жолдары
Баланың мектепке бейімделуін анықтау және оны болдырмаудың жолдарын көрсету
1- сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі
Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
ПЕДИАТРИЯ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ БАЛАЛАР ГИГИЕНАСЫ
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың әлеуметтік - психологиялық бейімделу ерекшеліктері
Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық дамуының тарихи қалыптасу кезеңдері
Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Пәндер