Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Қаржы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қазақстандағы банк жүйесінің дамуы
Орындаған: Шаманаева А.Қ.
Тексерген: Хасангалиева С.А.
Орал, 2011ж.
Жоспар
Кіріспе
1.Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның экономикасындағы ролі
2. Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы мен құрылуы
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары
4.Коммерциялық банктер қызметінің мақсаты, міндеттері және функциялары
5. Коммерциялық банктердің операциялары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылдың
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі
деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғарғы (бірінші) деңгейдегі банк ҚазКСР-ның
Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк-коммерциялық
банктер жүйесі.
ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы республика президентінің 1995
ж. 31 тамыздағы заң күші баржарлығында Қазақстанда 2 деңгейлі банк жүйесі
бар. ҰБ – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші)
деңгейіндегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі (екінші)
деңгейіндегі банктер делінген.
Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда,
барлық өзге банктер төменгі (екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық банктерімен
және халықаралық банктермен және өзге де қаржы-кредит ұйымдарымен қарым-
қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының мүддесін
білдіреді. Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді,
алайда өзіне заңмен берілген өкілеттіктер шегінде өз қызметінде тәуелсіз.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің
мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік
емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.
Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік - жеке,
мемлекеттік - кооперативтік, жеке кооперативтік. Заңда қосылып құрылған
банктермен олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі
делінген.
1.Банктік жүйенің мәні және Қазақстанның
экономикасындағы ролі
Қазіргі Қазақстанның нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік
формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде. 2-ші деңгейлі
банктердің түрлері:
1. Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
2. Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция
таратумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.
3. Шетелдің қатысуымен құрылған банк – акциясының 50%-дан астамы
төмендегі иеленушілердің қарамағында, меншігінде немесе басқаруында
болатын 2-ші деңгейлі банк:
• ҚР-ның резиденті емес;
• ҚР-ның резиденті – заңды тұлға акциясының 50%-нан көбі
республика резиденті емес тұлғаның қарамағында, меншігінде
немесе басқаруында;
• ҚР-ның резиденттері емес тұлғаларының қаражатын басқаратын
сенімді адамы – республика резиденті.
4. Мемлекетаралық банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі – Қазақстан үкіметі және келісімге
қол қойған мемлекеттің үкіметі.
5. Банктік емес несие-қаржы мекемелері – ҰБ-ң лицензиясы негізінде
кейбір банктік банктік операция жүргізуге құқы бар, банк емес заңды
тұлғалар.
6. Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ
халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер.
Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы.
Банк жүйесі мемлекет пен қоғам үшін аса маңызды жүйе. Оның тұрақтылығы
мен үздіксіз жұмысынан елдің экономикалық гүлденуі тікелей тәуелді болады.
Қазақстанның банк жүйесі позитивті макроэкономикалық жағдайлардың
айнасында дамып келе жатыр. Банктердің активтері мен капиталы өте жоғарғы
қарқынмен көбеюде және ресурстық база кеңеюде. Қаржылық жүйеге сенім
күшеюде. Банктер өздерінің экономикалық потенциалын пайдалана отырып,
қаржылық делдалдар жүйесінде басты орынды алады, сондай-ақ ТМД елдері мен
барлық шетел нарықтарында бәсекеге қабілеттілікті арттыра отырып
мемлекетаралық интеграциялық процесстерді күшейтуде де маңызды роль
атқаруда.
Қазақстанның қазіргі банк жүйесі банктік қызметтің негізгі халықаралық
стандарттарына жауап беруде, елде дамыған инфрақұрылымды қаржылық нарықтар
қызмет етіп жатыр. Елдің зейнетақы және төлем жүйелері посткеңестік
кеңістікте барынша дамыған балып табылады.
ҚР-ның банк жүйесі елдің экономикалық өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз
ету бойынша шараларды жүзеге асыру аясында тұрақты дамуда. Қаржылық жүйеге
деген сенімділіктің күшеюі банктік жүйенің өтімділігін және экономиканы
несиелендіру көлемін көбейтуге мүмкіндік берді.
2. Қазақстандағы банктік жүйенің даму
тарихы мен құрылуы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ,
себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің
тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді.
Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер,
қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер
кіреді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық
несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша
шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің
мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің
салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық
операциялардың 13 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық
эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банкетрді
ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да
несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 24 бөлім мен мемлекеттік
қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз
капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырландырудың
жоғары дәрежесіне жетті.
Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік
мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық
банктер (343). Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі
мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік
банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды. Несиелік
мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет
көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары
мен несиелік серіктестіктерден тұрды.
1917 жылы Қазан революциясынан кейін банк ісін ұймыдастыруда
мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк
құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру
нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер
құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ
кассалары болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге;
кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел
капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922
жылы деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген
несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы
ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына салым
қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік
операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 жылы 1 сәуір қарсаңында КСРО-да
16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 – несиелік және
қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 – ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.
1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара
несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік-капиталистік
акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық
банк құрылды.
Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және
жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл
шаруашылығын ұйымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы
таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласын ығыстыру өзара
неслендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар
қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Орталық ауыл
шаруашылық банк және 1922-1925жж. Құрылған басқа да банктерге көшеді.
КСРО-да 1930-1932 жж. Жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа
қағидаларда салалық банктер ұймыдастырылды. Капитал жұмсалымдары
қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.
Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп
және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк)
болып қайта құрылды. Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкі болып қайта
ұйымдастырылды.
Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Аулы шаруашылық
банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық
банктердің орнына (1959ж. оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк
арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.
Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы
Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын
тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959ж. таратылған КСРО Сауда
банкіне берілді) құрылған.
Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк)
1959 ж. таратылды да оның қызметтері КСРО құрылыс банк пен Мембанк арасында
үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді
несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық
салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің
барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары
арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық
шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.
Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық
банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк
ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына
бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу
сақталды.
Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын
шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым
немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айрысу немесе ағымдағы шот ұстай
алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол
ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айрысу операцияларын
жүргізді.Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілік аумақтық принцип
бойынша құрылды. Одақтас республикаларда банктер және облыстарда банктерді
басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз
мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда
клиенттері басымырақ болса, онда мамандандырылған банктердің, осы ауданда
бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себібі оның
мекемелері әр ауданда болды. Мамандандырылған банктердің төменгі буыны
(Жинақ банкінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық
клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару
деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге
айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет
көрсетулеріне тура келді.
Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген
банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы
келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты
бірқатар мәселелерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақаралық есеп
айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банкке тасқындай құйылумен
күрделене түсті. Әрбір банк ресурстары шеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО
Мембанкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп
айырысуға көшу қажет болды.
Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк
жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып
табылады.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын
жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі – Орталық, коммерциялық және
инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.
КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада,
өнеркәсіпте, көлік жәе басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет
көрсетуді жүзеге асырды. Акционерлік бастамаларда қызмет ететін КСРО Сыртқы
сауда банкі (Внешторгбанк) валютадағы және валютамен жасалатын
операцияларға қызмет көрсетті.
70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банктік ықпал ету әдістемелерінде
әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық
органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан
ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық
қатынастар шарттарына сай келмеді.
3.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы
және басқару органдары
Ұлттық Банк сатылы бағыну жүйесі бар бірыңғай орталықтандырылған
құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің жоғарғы органы Басқарма, ал оперативті
басқару органы – Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,
бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті
құрылымдық бөлімшелері бар.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
־ 12 департаменттерден, басқармалардан (1 басқарма Астана қаласында) 9
дербес басқарамадан тұратын орталық аппарат;
16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал – Кассалық
операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің
қызметін қамтамасыз ету орталағы.
Ұлттық Банктің 2 өкілі:
־ Ұлттық Банктің Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен
Корольдігіндегі өкілдігі;
־ Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі;
6 есеп беретін ұйым (Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар):
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп
айырысу орталығы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Автобазасы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы ғимараттарды
пайдалану орталығы;
־ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Q- BRO Резервтік Орталығы
акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.
Ұлттық Банк мынадай акционерлік қоғамдардың;
ГНПФ жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы;
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкі жанындағы Ұлттық
талдамалық орталық акционерлерінің бірі болып табылады.
Ұлттық Банк:
־ Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру
(сақтандыру) қоры,
־ Қазақстан Ипотекалық Компаниясы,
־ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры,
־ Қазақстан ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры,
־ Қазақстан Актуарлық орталығы жабық акционерлік қоғамдарының 100%-
ті құрылтайшысы және
־ Процессинг орталығы жабық акционерлік қоғамы құрылтайшыларының
бірі (Ұлттық Банктің үлесі - 80,6%) болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Және Ресей Федерациясының
Орталық банкі ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық
комиссияның 7-ші отырысының 2003 жылғы 20 наурыздағы Хаттамасының 10-
тармағына сәйкес Банкаралық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі
шағын комиссия етіп қайта құрды.
Шағын комиссияны құрудың негізгі мақсаты Тараптар арасындағы сауда-
экономикалық және кредиттік- инвестициялық қарым- қатынастарға қызмет
көрсету жөніндегі қаржылық- банктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz