Бас бостандығынан заңсыз айыру әрекетінің қылмыстық- құқықтық сипаттамасы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ
1.БАС БОСТАНДЫҒЫНАН ЗАҢСЫЗ АЙЫРУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ
СИПАТТАМАСЫ
1.1 Бас бостандығынан заңсыз айырудың объектісі және объективтік жағы
1.2 Бас бостандығынан заңсыз айырудың субъективтік жағы және субъектісі
2. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН ЗАҢСЫЗ АЙЫРУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Бас бостандығынан айыру қылмысын өзара ұқсас қылмыстардан ажырату
2.2 Бас бостандығынан айыру қылмысын және өзге де бостандыққа қарсы
қылмыстардың алдын алу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының
бірінші бабына сәйкес біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және
адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Әрбір жеке
адамның өзіндік құқықтары мен бостандықтары кешенінде негізгі орынға
адамның бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық ие және олар
конституциялық кепілмен қамтамасыз етіледі. Бұл конституциялық құқықтар мен
бостандықтар күнделікті өмірде әртүрлі әдіс-тәсілдермен қамтмасыз етіледі,
соның ішінде қылмыстық-құқықтық шаралармен.
Біздің респуликадағы адам бостандығы мен жеке басына қол сұғылмаушылық
құқығына қол сұғуға жауаптылықты белгілейтін қылмыстық заңнама елдегі
жүргізіліп отырған қылмыстылыққа қарсы саясатқа сәйкес дамытылып,
жетілдіріп отырылуға тиіс. Қазақстан Республикасының құқықтық саясаты
концепциясында көрсетіліп кеткендей қылмыстық заңнамада бастама заңмен
қорғалатын ең қымбат әлеуметтік құндылық болып табылатын адам құқықтары мен
бостандықтарын алынуы керек. Адам бостандығына қол сұғушылықтан қорғаудың
конститутциялық кепілдері біздің конституцияның бірнеше нормаларынан
көрініс тапқан. Мысалы Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет
ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары. Яғни біздің негізгі заңға сәйкес мемлекеттің
ең басты құндылығы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары
болып табылады. Сәйкесінше біздің әрекет етуші қылмыстық заңнамаға бойынша
адам құқықтары мен бостандықтары қылмыстық заңнамамен қорғалатын ең басты
әлеуметтік қазына болып табылады.
Курстық жұмыстың деңгейі. ҚР Конституциясының 16 бабының 1-тармағы жеке
бас бостандығы құқығын бекітеді: Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына
құқығы бар. Конституцияның 21-бабының 1-тармағында қозғалу бостандығы
бекітіледі: Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбiр
адам, заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-
тұруға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар [1].
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Мәселенің өзектілігі мен оның
кейбір қырларының толық реттелмеуі зерттеу мақсатын анықтайды. Курстық
жұмыстың мақсаты бас бостандыңынан заңсыз айыру әрекетінің қылмыстық-
құқықтық сипаттамасын беру.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін бас бостандығынан заңсыз айыру
қылмысының қылмыстық-құқықтық түсініктемесін беру, осы қылмыс құрамының
ерекшеліктерін айқындау, бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысын өзге ұқсас
қылмыс құрамдарынан ажырату және адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарының қамтамасыз етiлуiн түбегейлi түрде талдау. Адам құқығы
мен бостандығын бұзған жағдайды оны заңды қорғау, басқа адамдардың құқығын,
бостандығын, ар-намысы мен қадiр қасиетiн құрметтеу жөнiндегi
мiндеттемелердi белгiлеу.
Қазақстан Республикасында әрбiр азамат өз құқықтарын өзге адамдардың
құқықтарына зиян келмейтiн тәсiлмен қорғауға құқылы. Адам құқықтарын бiрде-
бiр мемлекеттiк орган немесе лауазымды тұлға заңсыз шектей алмайды.
Тәуелсiз мемлекетiмiзде жұрттың барлығы сот пен заңның алдында тең. Көп
ұлтты мемлекетiмiзде демократиялық принциптердi басшылыққа алып өркениеттi
қоғам құру негiзгi идеяға айналды. Мұндай, құқықтық мемлекет пен азаматтық
қоғамды орнату жолындағы ең өзектi де, кезек күттiрмес мәселелердiң бiрi-
адам құқықтарының тиiстi деңгейде қамтамасыз етiлуi.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 негізгі
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БАС БОСТАНДЫҒЫНАН ЗАҢСЫЗ АЙЫРУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Бас бостандығынан заңсыз айырудың объектісі және объективтік жағы
Бас бостандығынан заңсыз айыру кең таралған құбылыс болып табылады және
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңнамасына сейкес бұл құбылыс құқық
қайшы қоғамдық қауіпті қылмыс ретінде танылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 126-бабында адамды, оны
ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру үшін қылмыстық жауаптылық
қарастырылады, онда бас бостандығынан заңсыз айырудың жай, сараланған және
ерекше сараланған құрамдары қарстырылады. Бұл құрам Қылмыстық кодекстің 125-
бабында көрсетілген қылмысқа ұқсас.ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігі кінәні
ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлары жоқ адам ұрлау үшін жауаптылықты
қарасытырады. ҚР ҚК 125-бабының 1-бөлігінің диспозиясы жай (атаулы) болып
келеді, яғни адам ұрлаудың қандай да бір белгілерін сипаттаусыз адам ұрлау
нысанында көрініс табатын қылмыстың атауын көрсетумен шектеледі. Адам ұрлау
қылмысы үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін нормасының жай диспозициясын
сипаттамалық диспозицияға ауыстыру заңда адам ұрлау қылмысының негізгі
белгілерін көрсетуге мүмкіндік берер еді. Сипаттамалық диспозицияның жай
диспозициядан басымдығы қылмыстық құқық теориясында және практикада нақты
қылмыстарды дұрыс саралау мәселесін шешу кезінде өз көрінісін тапқан.
Сипаттамалық диспозицияда заң шығарушы нақты қылмыстық белгілерін толығымен
ашып көрсетеді. Егер заңнамада қандай да бір қылмыстың белгілері нақты
көрсетілсе, қылмысты саралауда қате жіберу мүмкінгі азайып, қылмыс үшін
жауаптылық таңдау мәселесін дұрыс шешуге нақты мүмкіндік туындайды [2].
Жоғары айтқандарды ескере отырып қылмыстық кодекстің адам ұрлау үшін
жауаптылық көздейтін нормасының жай диспозиясын сипаттамалық диспозицияға
ауыстыру тиімді болар еді.Тәжірибе көрсетіп отырғандай адам ұрлау қылмысы
көбінесе жәбірленушіні алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жүзеге
асырылады. Кей жағдайларда адам ұрлау жәбірленушіге күш қолдану арқылы
жүзеге асырылады, онда адамды күштеп ұстап алып, кейін көлікпен басқа жерге
әкетеді.
Бас бостандығынан заңсыз айырудың адам ұрлаудан айырмашылығы адам өзі
тұратын жерден басқа жерге ауыстырылмайды, оған өлтіремін немесе
денсаулыққа зиян келтіремін деп қорқыту арқылы еркін жүріп-тұруға шек
қойылады, егер бұл талапты орындамаса оған ескертілген зиянның келтірілуі
есіне салынады.
Ресейлік ғалым А.В.Наумовтың айтуынша қоғамдық қатынастар шынымен де
көп жағдайларда қылмыстың объектісі болып табылады, мысалға меншікке қарсы
қылмыстарда қылмыс объектісі ұрланған мүлік емес, сол мүлікке деген меншік
құқығынан туындайтын мүлікке ие болу, пайдалану және билік ету қатынастары
келеді. Бірақ кей жағдайларда қоғамдық қатынастың қылмыс объектісі
ретіндегі теориясы жеткіліксіз болып шығады. Ол әсіре жекесе адамға қарсы
қылмыстарға қатысты байқалады, мысалға адам өлтіру, адам ұрлау және
т.б.[3].
Жоғарыда атап өткеніміздей бүгінгі күні қылмыстық заңнаманың қорғайтын
ең басты қазынасы адам, оның құқықтары мен бостандықтары болып табылады.
Осы кезде А.В. Наумовтың ұсынған пікірімен келіспеуге болмайды.
Соңғы жылдары қазақстандық ғалымдар қылмыс объектісіне қатысты жемісті
зерттеу жүргізді. Е.И.Қаиржановтың пікірі бойынша қылмыстың бірден бір
объектісі мүдделер болып табылады, мүдде адамға қажет және пайдалы
құндылықтардың жиынтығы болып табылады [4].
Сәйкесінше қылмыстың объектісі ретінде қоғамдық қатынастар, құқықтар,
заңды мүдделер және тиісті құндылықтарды тануымыз керек.
Қылмыс объектісі - кез келген қылмыс құрамының қажетті белгісі болып
табылады. Ешқандай объектіге немесе қылмыстық заңмен қорғалмаймын объектіге
қарсы бағытталған әрекет қылмыс болып саналмайды. Сонымен, қылмыс объектісі
ретінде адам қылмыс жасай отырып қол сұғатын және қоғамға қауіпті әрекетпен
зиян келтіретін не келтіру қаупін тудыратын қылмыстық заңмен қорғалған
әлеуметтік маңызды мүдделер, құқықтар және құндылықтардың кешенін түсіну
керек.
Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының топтық объектісі қылмыстық
заңмен қорғалатын жеке тұлғаның мүдделері.
Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының тікелей объектісі қылмыстық
заңмен қорғалатын адамның жеке бас бостандық (физикалық және моральдік)
мүделері. Жеке бас бостандық деп адамның еркін қозғалып тұру және әрекет
ету бостандығы танылады.
Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының қосымша объектісі адамның
өмірі, денсаулығы, мүлкі және өзге де құндылықтар жатады. Кез келген адам
оның жасына, әлеуметтік статусіне, азаматтығына және өзге де қасиеттеріне
қарамастан адам ұрлау қылмысы бойынша жәбірленуші болуы мүмкін.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объективтік жағы қылмыстық заңмен
қорғалатын объектіге қол сұғушылықтың сыртқы жағы ретінде сипатталады.
Нақтырақ нұсқада қылмыс құрамының объективтік жағы қылмыстық заңмен
қорғалатын объектіге қоғамдық қауіпті актінің сыртқы көрініс ретінде
қарастырылған. Ол сыртқы акт өз көрінісін объективтік өмірде табады және
қылмыс объектісіне зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін тудырады.
Яғни қылмыстық құқықтың теориясында қылмыстың объективтік жағы қоғамдық
қауіпті әрекеттің сырқы әлемде көрінісін табатын негізі элементі ретінде
танылады. Тек қоғамдық заңмен қорғалатын объектіге қол сұғумен көрініс
табатын қоғамдық қауіпті әрекеттің болу фактісі анықталған жағдайда ғана
адамды қылмыс құрамының объективтік жағы бойынша қылмыстық жауаптылыққа
тарту мәселесі көтеріледі.
Қоғамдық қауіпті әрекет жасай отырып, субъект қоршаған ортаға әсер
етеді, онда өзгерістер жасайды, ол өзгерістер өз кезегінде құбылыстардың
өзгеруіне әкеледі.
Адам ұрлау қылымыс жасалған кезде жәбірленуші физикалық бостандығынан
айырылады, оның еркінен тыс оны кеңістегі орны ауысады, оған қатысты күш
қолданылуы
мүмкін [5] .
Объективтік жағынан бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысы адамды, оны
ұрлауға байланысты емес жағдайда бас бостандығынан айырумен сипатталады.
Яғни жәбірленушінің еркін - қалауынша жүріп-тұруына тыйым салынады, немесе
оны
бір тұрғын жайға жауып қояды не байлап, қорқытып зорлықпен ұстайды, өз
тілегі бойынша адамдармен кездесу мүмкіндігінен айырылады.
Объективтік жақтың белгілеріне келсілер жатады:
- қандай да бір объектіге қол сұғатын әрекет немесе әрекетсіздік;
- қоғамдық қауіпті зардаптар;
- әрекет (әрекетсіздік) пен зардап арасындағы себепті байланыс;
- қылмыс жасаудың тәсілі, орны, уақыты, жағдайы, құралы және қаруы.
Осыған байланысты қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объективтік
белгілеріне байланысты қылмыстық әрекеттің жасалуының нақты нысандары
көрсетілген. Қылмыстың әрекеттің нақты нысандары әртүрлі болып келеді.
Ол қылмыстық құқықтың ерекеше бөлімімен қарастырылады. Сол уақытта олар
нақты әрекеттермен, қылмыс жасау орнымен және уақытымен сипатталуы мүмкін.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыс жасаудың нысандарын екі түрмен
сипаттауға ұмтылыс жасалған: қорқыту және алдау. Бірақ қорқытумен де,
алдаумен де жасалмайтын қылмыстар болады.

1.2. Бас бостандығынан заңсыз айырудың субъективтік жағы және
субъектісі
Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысы субъективтік жағынан тікелей
қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам өзінің адамды еркінен тыс ұрлауға
байланысты әрекеттерінің құқыққа қайшылығын және қоғамдық қауіптілігін
түсінеді және сол әрекеттердің жасалуын тілейді.
Бас бостандығынанг заңсыз айыруда ең кең тараған ниет – пайдақорлық
ниет болып табылады. Өзге де ниеттер болуы мүмкін: кек, қызғаныш,бұзақылық,
өзге қылмыстың жасалуына бұзақылық, өзге қылмыстың жасалуына жағдай жасау.
Пайдақорлық ниетті қоспағанда, өзге ниеттер қылмысты саралауға әсер
етпейді.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективтік жағы қоғамға қауіпті
әрекеттің ішкі мәні ретінде сипатталады. Қылмыстық субъективтік жағы
кінәлінің жасалып жатқан қоғамдық қауіпті әрекетке деген психикалық
қатынасы болып келеді және ол кінә, ниет, мақсат және эмоциядан тұрады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі бойынша оқулықтардың бәрінде қылмыстың
субъективтік жағы осылай сипатталады.
Қылмыстық заңнамада субъективтік жақ түсінігі қолданылмайды. Бірақ
заң шығарушы оның мәнін кінә, ниет және мақсат деген түсініктерді қолдану
арқылы ашады. Бұл түсініктердің әрқайсысы қылмыстың психикалық мәнін әр
қырынан сипаттайды.
Кінә кінәлі адамның қоғамдық қауіпті әрекет пен қоғамдық қауіпті
салдарға деген психикалық көзқарасын білдіреді. Ол қасақана және
абайсыздықта болуы мүмкін. Адам ұрлау қылмысы тек қасақанылқпен, және тек
тікелей қасақаналықпен жасалады.
Ниет қылмыс жасауға сенімділікті тудыратын бастама.
Қылмыстық мақсат – бұл қылмыс жасаушы адамның ұмтылатын және күткен
қорытындысы.
Шынымен де, заңнамада қылмыстың субъективтік жағы туралы ештеңе
айтылмайды. Сонымен қатар ҚК 19-бабына сәйкес Адам соларға қатысты өз
кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекетi (iс-әрекет немесе әрекетсiздiгi)
және пайда болған қоғамдық
қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс деп
белгіленеді. Заңға сәйкес объективтi айыптауға, яғни кiнәсiз зиян
келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 20-бабының 2-тарамағына
сәйкес егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн
ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе
болмай қоймайтынын алдын ала бiлсе және осы зардаптардың болуын тiлесе,
қылмыс тiкелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады (6(.
Қылмыстың субъективтік жағы субъектінің жасалаған қоғамдық қауіпті
әрекетке және оның салдарына деген психикалық қатынасы және қылмыстың
субъективтік жағына қылмыспен байланысты аданың психикалық қызметі екенін
ескере отырып, кейбір ғалымдар кінәні субъективтік жақты ядросы болып
табылатын психикалық қатынастың бір формасы деген қорытындыға келіп отыр.
Кінәлі адам адамды құқыққа қайшы кепілге ала отырып, мемлекеттi, ұйымды
немесе азаматты қандай да бiр iс-әрекет жасауға немесе қандай да бiр iс-
әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр ететінін түсінеді және сол әрекеттердің
болуын тілейді.
Е. Қаиржанов қылмыс субъектісіне қатысты келесідей жазады: Қылмыс
субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толған, қылмыстық
заңмен қылмыс ретінде танылған қоғамдық қауіпті әрекеттті жасағаны үшін
кінәлі деп танылған жеке тұлға танылады [7].
Әрекет етуші заңнамаға сәйкес қылмыс субъектісі келесідей белгілермен
сипатталады:
1. Қылмыс субъектісі тек жеке тұлға болады. Заңды тұлғалар
(кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар) қылмыстың субъектісі болып
табылмайды. Кейбір авторлардың Қылмыстық кодекске заңды тұлғаның
қылмыстық жауаптылығы туралы нормалар енгізу туралы ұсыныстары негізсіз
болып табылады.
2. Қылмыс субъектісі болып кез келген жеке тұлға емес, тек есі тұрыс
тұлғалар танылады. Қылмыстық заңнамада есі дұрыстықтың түсінігі берілмеген,
ол тек есі дұрыс емес адамның өзінің ірекеттеріне жауап беріп, оларға
басшылық жасай алмауынан көрініс табады. Есі дұрыс еме адам ешқандай
жағдайларды қылмысты жауаптылыққа тартылмауы тиіс [8] .
Бірақ қылмыс субъектісінің табиғатын ашу үшін доктриалдық және сот
талқылауының ролін жоққа шығаруға немесе оның маңыздылығын төмендетуге
болмайды. Сондықтан қылмыс субъектісінің сипаттамасы бойынша толық
объективтік түсініктеме алу үшін заңнамамен шектелмей, теориялық қайнар
көздерге де көңіл аудару қажеттілігін де ескеру керек.
Адамды қылмыстың субъектiсi деп тану үшiн ол осы үш белгiнiң жиынтығына
ие болуы тиiс, бiр белгiнiң жоқ болуы, қылмыстың субúектiсiнiң жоқ
екендiгiн көрсетедi, сәйкесiнше мұнда қылмыс құрамы жоқ. Ал, қылмыстық
құқықтың пәнiнен бiлетiнiмiз қылмыс құрамы жоқ болуы, қылмыстың
субúектiсiнiң жоқ болуы, қылмыстың жоқтылығының белгiсi.
Есi дұрыстық - адамның қылмыстық заңмен белгiлеп қоғамға қауiптi әрекет
жасау кезеңiндегi өз әрекетi (әрекетсiздiгi) сипатын
және оның қоғамға қауiптiлiгiн түсiнуi және оған басшылық ету қабiлетi.
Адам қоғамға қауiптi iс-әрекет жасаған кезде өзiнiң iс-әрекетiне жауап
бере алмаса, яғни қылмысты есi дұрыс емес күйiнде жасаса, онда ол адамның
iс-әрекетiнде кiнәнiң екi нысаны: қасақаналық пен абайсыздық жоқ деп
есептеледi. Қоғамға қауiптi
iс-әрекетiн ұғынып, оның мағынасына жетiп, ақылы мен естiлiкпен iстеген
есi дұрыс адам ғана қылмыс үшiн кiнәлi деп танылады. Керiсiнше, қоғамға
қауiптi iс-әрекет iстеген кезде есi дұрыс емес күйде, өзiнiң iс-әрекетi
жөнiнде өзiне есеп бере алмайтын, өз әрекетiн басқара алмайтын, қылмыс
субúектiсi бола алмайды.
Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот қылмыстық заңда көзделген
медициналық сипаттаға мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн.
Өз әрекетiн сезiну, оны басқара алу денi сау адамға туған кезден
қалыптасды, пайда болады. Адам белгiлi бiр жасқа толғанда қалыптасқан
өмiрлiк тәжiрибесi арқылы өзiн қоршаған орадағы құбылысқа дұрыс баға беру,
сол ортаға өзiнiң әрекетiнiң пайда немесе зиян келтiргенiн ұғыну, нақты
жағдайларға байланысты iс-қимыл жасап құқық, моралü нормалары арқылы тыйым
салынғандарды iстеу-iстемеу немесе ондай қимылдан бас тарту мәселелерiн
шешуге толық қабiлеттi болады. Психологтардың тұжырымдамасы бойынша, мұндай
жас мөлшерi 16 жасқа толған уақыт деп белгiлеген. Бұл жасқа толған
жасөспiрiмдер өздерiнiң қылмыстық заңға қайшы кез келген әрекетi үшiн
жауаптылықта болады.
Есi дұрыстық және жеке тұлғаның қылмыстық заңмен белгiленген жасқа
толуы қылмыс субúектiлерiнiң жалпы заңды белгiсi болып табылады, бұлар
барлық қылмыс құрамдары үшiн мiндеттi. Қылмыстың субъектiсi жалпы және
арнайы болып екiге бөлiнедi. Есi дұрыстық, қылмыстық заңда белгiленген
жасқа толу және жеке адам болу сияқты белгiлер барлық қылмыстарға тән ортақ
белгiлер. Бұл белгiлер субъектiнiң түсiнiгiн бередi [9].
Жылпы субъектiнiң осы белгiлермен қатар жекелеген қылмыс құрамының
ерекшелiгiне қарай қосымша, арнаулы белгiлердi
қажет ететiн адам қылмыстың арнайы субъектiсi болып табылады. Мысалы,
мемлекеттiк қызмет мүддесiне қарсы қылмыстың барлығы дерлiк арнаулы
мемлекеттiк қызметшiлер арқылы iстеледi. Бұл жерде мемлекеттiк қызметшi
арнайы субъект болып табылады, әскери қылмыстарды тек әскери қызметшiлер
iстейдi, сондықтан әскери қызметшiлер де қылмыстың арнайы субъектiсi болып
табылады.
Бірақ қылмыстық бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысты келетін
болсақ, бұл қылмыстық субъектісі әрқашан да жалпылық сипатқа ие болады
және заңнамамен арнайы субъектінің адам ұрлау мәселесі қарастырылмаған.
Қылмыстың құқық теориясында қалыптасқан жалпы және арнайы субъект
түсініктерімен қатар бүгінгі күні жеке тұлғалар мен қоса заңды тұлағаларды
да қылмыстық жауаптылыққа тартуға байланысты өткір пікірталастар жүріп
жатыр.
Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының субъектісі - 16-ға толған
жай адам. Лауазым адамдарының мұндай әрекеттері Қылмыстық кодекстің тиісті
басқа баптары бойынша саралануға жатады. Осы қылмыс құрамының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Бас бостандығынан заңсыз айыру қылмысының құқықтық сипаттамасы»
Жеке адамның бостандығына қарсы қол сұғушылықтар үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық мәселелерін зерттеу
Алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру қылмысының өзгеде меншіке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан ерекшелігі
Мас күйінде қылмыс жасаған адамдардың қылмыстық жауаптылығы
Сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы және маңызы
Бас бостандығынан заңсыз айыру және адамды саудаға салу
Ұрлықтың мәні - мүлік
Тұлғаның Конституциялық кепілдендірілген жеке бас бостандығына қол сұғатын адам ұрлау қылмысының қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Кісі өлтіру қылмыстарының жалпы сипаттамасы
Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Пәндер