Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілетінің психологиялық ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық академиясы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Бастауыш мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілетінің психологиялық ерекшеліктері»
Орындаған: Губайдуллина А.
Тексерген: аға оқытушы
Кадыржанова Ж. Е.
Орал қаласы, 2011 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым . . . 3
Негізгі бөлім . . . 5
1. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау
қабілеттерін арттыру . . . 5
2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің
психологиялық ерекшеліктері . . . 12
3. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыруда
жаңа технологиялардың рөлі . . . 23
Қорытынды . . . 29
Қолданылған әдебиеттер . . . 31
Кіріспе
1. Ойлау қабілеті туралы жалпы ұғым
Ойлау заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс.
Ойлау - тнамы процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлдеп айтқанда ойлау - адам баласына ғана тән меншікті психикалық процесс.
Сыртта ауа райының қандай екенін білу үшін, мен үйден шығып тікелей бетімнің, қолымның терісі арқылы, бүкіл денеммен бүгін салқын немесе жылы екендігін сезе аламын. Бұл айналадағы шындықты түйсікпен қабылдаулар арқылы тікелеу танудың жолы. Бірақ бізге ауа-райы туралы мәселені үйден шықпай-ақ шешуге болады. Терезенің сырт жағынан ілінген термометрді қарап-ақ біз сыртта едәуір салқын не жылы екенін дұрыс шешеміз. Білудің мұндай жолын, жанама түрде тану деп атайды, өйткені, мұнда білім тікелей алынбайды, жанама түрде, бірқатар құбылыстарды байқау арқылы ағаш бұтақтарының желден қозғалуы және бұл құбылыстар мен ауа райының арасындағы байланысты түсіну арқылы алынады.
Ойлау дегеніміз - шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс-тәжірибесіе сүйене отырып, ойлау ісін атқарады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты. Ойдың тілсіз күні жоқ, өйткені, ойлау әрекеті адамдардың өзара қарым-қатынас жасауын тілейді. Бұл табиғи қажеттілік. Қоғам өмірінде жеке адамның әрекеті ой мен тілдің қатынасына байланысты дамып отырады. Тіл - адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы. Ойлау мен сөйлеудің табиғаты әр түрлі болғанымен процесс ретінде, бір бағытта, бір арнамен өтіп жатады.
Ойлау күнделікті өмірде кездесеті міндеттерді шешуден басталаты болғандықтан, адамда ойлаудың әдістері болады. Мұндай әдістерге талдау мен біріктіру, салыстыру абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.
Талдау деп белгілі бір затты, құбылысты, процесті оның құрамды элементтеріне, бөліктеріне, сипаттарыа ажыратуды айтады.
Мәселен, бала оқуға үйренгенде мұғалімнің көмегіме, сөйлемнен сөзді табуға, сөзден буын мен дыбысты таба білуге үйренеді. Бұл талдау, ал біріктіруде дыбыс пен әріпте буын құрауға, буынан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйренеді.
Мұғалім балаларға білім беру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілін жетілдіру арқылы ойлауын да дамытады. Бірақ әзірше жасы төменгі сыныптан баста-ақ балаларды, оқу материалын түсініп және игеріп қана қоймау, қызықтыратын мәселелеріе өздері жауап табуға үйрету керек. Бұны балалар алғаш мұғалімнің көмегімен, содан кейін өз бетімен істейтін болады. Мұғалім алғашқы күннен бастап балаларды оайлай білуге үйретіп, сабақты түсіндіруге асықпай, оқушының өзінің ойлауына мүмкіндік берген жөн. Ал бірақ баланың өзі түсіне алмаған, басы ашылмаған бірде-бір сұрақ қалмауы қажет. Материалдың бірте-бірте қиындай түсуін сақтай білудің маңызы орасан зор.
Ойлау - ой әрекеті процесінде дамитындығын ұмытуға болмайды және балаларды логикалы сын көзбе қарай отырып ойлауға үйрету қажет.
Негізгі бөлім
1. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа формалары мен әдістерін, ақпараттық коммуникативтік технологияны тиімді пайдаланған жағдайда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырып, олардың субъект-субъектілік тұлғасы қалыптасады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық мектептерде орын алған. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші адам.
Ақпарат - информатика саласының негізгі ұғымы. Адам ақпаратты үздіксіз қабылдайды, біз не көреміз не істейміз оның барлығы ақпарат. Кибернетиканың атасы атақты оқымысты Виннер «Ақпарат - сыртқы әлемде бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу» деген. Алынған ақпаратты адам миы өңдейді.
Ақпараттық технология:
- Объекті үрдісінің немесе құбылыс күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс;
- Ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы;
Коммуникация - байланыс, мәліметтерді жеткізу - ақпаратты тасмалдап жеткізу. Әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Мектепке жаңа келген бүлдіршін қабілеттерін арттыру, білімге қызығушылығын шығармашыл деңгейге көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту бастауыш сынып мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Осы орайда оқыту әдістерін жетілдіруде тікелей білім беру жүйесінде тұтас ақпараттық технология дамытуға үлес қосады.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық коммуникативтік технологияны таңдау. Білім мазмұны оқушылар негізінен оқулық немесе электрондық оқулық арқылы беріледі. Сондықтан адамның құндылығы, құндылық қасиеттері, оның іс-әрекетінің нәтижелері арқылы бағаланады.
Бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетін ұйымдастыруда, білімін жетілдіруде өзін-өзі тануға, өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік құндылығын анықтауда, тұлғалық және шығармашылық әлеуетті субъектілік ұстаным болып табылады.
Жалпы зерттеулер бойынша субъект туралы анықтамалар өте көп. Негізгі ілім бойынша ең жоғарғы дербестілік, тұтастық таныта алатын адам болып табылады.
Субъектілік - тұлғаның қандай да іс-әрекетті, қарым-қатынасты дамытып, жетілдіруге деген қатынасыфн өзекті ететін әлеуеттік қасиет (ерекшелігі, мүмкіндігі, ұстаным) ретінде анықталады.
Бастауыш сатыдағы кезең оқушыда іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз етеді.
В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол - белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.
«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
- Қызығушылығын арттыру;
- Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
- Шығармашылық ізденісін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:
- Машық. Сергіту;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау) ;
- Іздену тапсырмаларын орындату;
- Оқушыларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
- Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анограмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар) ;
- Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал-мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер) .
А. Н. Леонтьев «Логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген.
«Логикалық ойлау» дегеніміз - логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру, оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:
- Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;
- Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
- Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Білім беру мазмұны кейбір пәндерде теориялық материалдарды ірілендіріп ұсыну арқылы да оқушы логикалық ойлауға бағыттайды. Оқушы психикасы, таным, ерік-жігері, сезім күштері дамуымен тығыз байланыста. Оқушының логикалық ойлауы мынандай жолдармен дамиды:
- Ақыл-ой әрекеті үстінде;
- Білімді меңгеру;
- Тіл үйрену;
- Жылдам есептеу.
Ой процесінің негізгі формалары
1 . Ұғым 3. Индуктивті ой қорытындысы
2. Пікір 4. Дедуктивті ой қорытындысы.
Ойлау түрлерін сыныптауға байланысты психологияда кең тараған бағыттарының бірі:
- Затты әрекеттік.
- Көрнекі-бейнелі.
- Сөздік логикалы.
М. Жұмабаев «Ойлау - жанның өте бір қиын терең іс. Жас балаға тым ауыр. Сондықтан мұғалім оқушының ойлауын өркендеткенде, сақтықпен басқыштап істеу керек» деген. Логикалық ойлау оқушының тапқырлыққа, тез есептеуге, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға әсер етеді. Сондықтан мен алдыма келген оқушыларды логикалық ойлауын 2008 жылы қыркүйек айында психологиялық диагностика арқылы зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Онда мынандай әдебиеттер қолдандым. «Балаңыз мектепке дайын ба?», «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен», «12 жылдық білім беру бағдарламасы әдістемелерінен», тестік тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушыларға психологиялық диагностика жүргіздім. «Мектептегі психологиялық диагностика әдістемесінен»:
- «Артық сөзді алып тастау» 59 бет.
- «Төртінші артық» 55 бет.
- «Үй әдістемесі» 19 бет
К. Йерасектің оқушының мектепке дайындығын бағдарлау тестісінің ауызша сұрақтары:
1. Жануардың қайсысы үлкен - жылқы ма, ит пе?
Жылқы 0 ұпай, қате жауап = -5 ұпай
2. Күндіз жарық па, әлде түнде . . .
Қараңғы - 0 ұпай, қате жауап =-4 ұпай
3. Аспан көк, шөп . . .
Жасыл =0 ұпай, қате жауап= -4 ұпай
Тағы да осыған ұқсас сұрақтар арқылы оқушылардың психологиялық таным үрдістерін байқап, мынандай нәтиже шығардым.
Кесте 1.
В. С. Мерлиннің әдістемесі бойынша логикалық ойлауын жеткізуді анықтау әдістемесінен тапсырмалар анықтадым. «Артық сөзді алып тастау» әдістемесі бойынша баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Әдістеме 4 сөзден тұратын 15 сериядан құралған. «Артық сөзді алып тастау» 59 бет.
Адамның ойлауы қандай формада жүзеге асырылса да, тілсіз мүмкін емес. Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссем, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Бұл менің негізгі мақсатымның бірі деп логикалық есептердің үлгілерін ұсынамын:
- Біртұтас алманы тең екі бөлікке бөлгенде бірінші жарты неге ұқсайды.
- Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады.
Осындай тапсырмалар орындау барысында оқушылардың субъектілік алғы шарты туындайды:
- Пәнге қызығушылығы артады;
- Ой-өрісі дамиды;
- Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.
Осындай зерттеу жұмысының қорытындысынан мынандай сызба-нұсқаны ұсынамын:
Сурет. 1 «Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру субъект ретінде дамуының алғы шарты»
Осындай психологиялық диагностикалық зерттеудің барысында логикалық ойлау оқушыны жылдамдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Сондықтан да мен оқушының ойлау қабілетін дамытамын деп алдыма мынандай мақсат пен міндет қойдым:
- Оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беру, әр түрлі тәсілдерді пайдалану.
- Логикалық есептерді шығаруда қажетті білім-білік дағдысын қалыптастыру.
- Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетілуге арналған дидактикалық тапсырмаларды орындату, жинақтау.
- Логикалық есептер жинағын жасау.
Қорытындылай келе оқытудың ақпараттық технологиясы негізінде жүзеге асыру оқушының шығармашылық потенциалын дамытуға мүмкіндік береді. Өз бетімен танымдық және зерттеушілік қызметін меңгертеді, логикалық ойлау қабілетінің субъектілігінің алғы шартын қалыптастырады деп ойлаймын.
2. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетінің психологиялық ерекшеліктері.
Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру - қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері - оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру.
Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды.
Бастауыш сынып - қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға тура келеді.
Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген сумен тең.
Сабақ басталды дейік. Алдыңда көздері жәудіреп бір топ бала отыр. Олар саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшеліктері оларға әлі тылсым, жұмбақ.
Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде - ақ көп нәрсені аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрісі ауқымын да бірден ажыратады.
Баланың бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды. Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ процесінде көп жәрдемі тиеді.
Бұл бізге бұрынан белгілі нәрсе «Мың рет айтып түсіндіргеннен, бір рет көзбен көрген абзал» деген ұлағатты сөз бар. Бұл жастағы балалар көп сөзділікті ұнатпайды, ауызша айтқанға сене бермейді. Не нәрсе болса да, көзбен көргені мақұл. Сонда оқушыларда ол бейне, зат немесе сурет жайында түсінік пайда болады, оның құрылысы, жалпы көрінісі, қандай іске пайдаланатындығы санасында мәңгі сәулеленеді, қызығушылығы артады. Мынаны көз алдыңызға елестетіңіздерші: цирктегі сиқыршыға үлкен де кіші де қызыға қарайды. Көз алдыңда бір заттан бір зат пайда болып жатады. Шынында да керемет нәрсе емес пе? Ал енді сиқыршы соларды қолмен істеп көрсетпей, сөзбен сипаттап айтып берсе, қызығы болар ма еді? Әрине жоқ.
Сабақ кезінде пайдаланатын көрнекілікпен бірге, оқушылар арасында өзара жұмыс ұйымдастырудың да көп пайдасы бар. Мысалы: «Сыныпта кім дәптер, оқулықтарын таза, ұқыпты ұстайды?» деген тақырыпта жұмыс ұйымдастырдым. Алдымен оқушыларға қағаздың қалай жасалатынын, одан кітап, дәптер істеу үшін қанша адамның еңбек ететінін интерактивті тақтада слайдпен түсіндіріп, ақын Нәсіпбек Айтовтың қағаз туралы өлеңін мәнерлеп оқыдым. Бұл көрініс пен әңгіме балаларға үлкен әсер қалдырды.
Әрбір жақсыдан, ұнамды қылық қалыптастыру барысында. «Кім партада дұрыс отыра алады?», «Кім әдемі жазады?», «Сыныптың ең үздік оқушысы», «Мен қонақта болғанда», «Амандаса білу-үлкен әдептілік», «Үзілісте» т. б. тақырыпта жұмыстар жүргізілді, нәтижелері уақытында жарияланып отырылды. Озып шыққан оқушылар мақтауға, марапатқа ілінді. Меніңше, бастауыш сынып оқушыларына көп нәрсенің керегі жоқ. Мұғалімнің дұрыс, әділ көзқарасы, жылы сөзі болса-сол жеткілікті.
Қысқасы: ата-ана мен мұғалім ынтымақпен бірігіп, бүлдіршіннің жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс жүргізсе ғана тәрбие ісі әрқашан да оңға басады.
Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.
Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Қазіргі психологияда ойлау ұғымына әр түрлі түсінік беріледі, ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан, тілмен тығыз байланысты психикалық процесс, сол арқылы болмыстың, дүниедегі нәрселердің жалпы және жанама бейнеленуі. Бұл бейнелену адам ойының талдау және біріктіру әрекеттері арқылы танылады. Ойлау - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Ойлау адамның өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болып, тікелей сезім процесінің шеңберінен әлдеқайда асып түседі. (5. 28)
Ойлау - адам соның арқасында заттар мен шындық құбылыстарын олардың елеулі белгілері бойынша бейнелендіретін және олардың ішінде сондай-ақ арасында болатын әр түрлі байланыстарды ашатын психикалық процесс.
Ойлау - аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы жолдарын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінен заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту - оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады.
Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады.
1. Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3. Сөздік - логикалық.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
1. Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту /практикалық іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық/
2. Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классификациялау/ т. б.
3. Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
4. Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
5. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
6. Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
7. Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екіншіге көшіре білу.
8. Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қорытынды жасау.
9. Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диалектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
10. Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекеттерінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.
Сын есімді оқыту процесінде оқушылардың ойлауын дамыту дегенде ойлаудың барлық түрлері, формалары мен амалдарын қалыптастыру және жетілдіруді танымдық және оқу іс-әрекетінде тәсілдерінің білімінің бір облысынан екіншісіне көшіруді жүзеге асыра білуді түсінеміз.
Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру арқылы біз оқушылардың ойлауын дамытамыз. Ойлауды дамыту критерилері ретінде оқушылардың ойлауын дамытудың қандай да бір деңгейінің жетістігін көрсететін көрсеткішті түсіндіреді.
Деңгей-ойлауды дамытудың дәрежесі, критерий - деңгейдің өлшемі.
Оқушылардың ойлауын дамыту деңгейлерін анықтау үшін, психологтар ойлауды дамытудың сегіз шартын тұжырымдайды:
-ойлау операцияларын түсіну дәрежесі - ойлаудың маңызды сипаттаушысы:
-операцияларды меңгеру дәрежесі/анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, нақтылау, классификациялау және т. б. / оларды барлық танымдық процестерде қолдана білу /оқу, оқудан тыс/
-операцияларды түсіну және ойлау тәсілдерін басқа жағдайларға және басқа нәрселерге ауыстыруды жүзеге асыра білу дәрежесі.
-ойлаудың әртүрлі түрлерінің қалыптасу дәрежесі.
-білім қорының, олардың жүйелілігінің, білімді меңгерудің жаңа тәсілдерін білу дәрежесі.
-мидың әртүрлі сапаларының динамикалық дәрежесі /тереңдігі, икемділігі, тізбектілігі, шапшаңдылығы және т. б. /
-іс-әрекеттегі ықшамдылық дәрежесі: шығармашылықпен жұмыс, жаңа жағдайларға бейімделе білу.
-оқушылардың логикалық ой қорытуларды меңгеру, оларды іс-әрекетінде қолдана білу дәрежесі.
Психолог А. Н. Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz