Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш мектептегі математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015
Мазмұны
Kіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды
пайдалану
1.1 Математика сабағында инновациялық технологияларды
қолдану ... ... ... ..6
1.2. Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана
отырып оқушылардың шығармашылықтарын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...9
2 Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану
арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2.1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің
дамуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..15
2.2. Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық
қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе
нәтижелері ... ... ... ... ... ... . 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .45
Kіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру туралы
Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу- деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан
халқына жолдауында Білім және ғылым министрлігінің алдына үш жылдың ішінде
заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін
білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау міндетін қойды [2].
Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше
назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп,
білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы және өзін-өзі
дамытуы алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының дарынын ашу
тұрғысында мұғалімдер қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту
үдерісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында Математика оқу пәнін оқытудың басты міндеттері:
баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға,
интеллектуальдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға
себептігін тигізу; математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды
жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып
табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету; оқушының өмір
тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті
білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады деп көрсеткен [3].
Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың
оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі
түрлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан
Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес,
математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі
деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер. Міндетті деңгейге
бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы
деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай,
біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер
және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру
көзделеді. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі
мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге
бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау
шығармашылық әс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі
міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді,
математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып –
үйретудің негізін қалайды. Сондай – ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді
және негізгі материалдарды терең меңгеріп алуға көмектеседі.
Жұмыстың мақсаты — Бастауыш сынып математика сабағында жаңа
технологияларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Жұмыстың болжамы — егер бастауыш сынып математика сабағында жаңа
технологияларды қолдану арқылы оқушының ой-өрісі дамытылатын болса, онда
олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген
қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеу объектісі — бастауыш мектеп оқушыларына математика оқыту
процесі.
Зерттеу пәні — бастауыш мектеп математика сабағында жаңа

арттыру жолдары.
Зерттеу міндеттері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерімен танысып, оларға ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;
- бастауыш сынып математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мүмкіндіктерін анықтау.

арқылы оқушыларды пәнге деген кызығуын арттыру және оның тиімділігін
тексеру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Математика сабағында инновациялық
технологияларды қолдану
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,
адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру
Орта мектеп бағдарламасындағы ең негізгі пәндердің бірі –
математика.Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын ,
құштарлығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын
жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін жоғарылату ұстаздың басты міндеті.
Жаңа заман ағымына сай білім саласында инновациялық
технологиялар қолданудың , мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін
қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі
десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми
теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген
оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат - оқушының барлығын және әр біреуін жақсы
оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика
саласында бірнеше инновациялық технологиялар жүйесі жинақталған.
Инновация латын тілінде аударғанда “жаналықты енгізу” деген мағынасын
білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және
өмірге енгізу.
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың
комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың,
ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де
соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге
болады.
Инновациялық технологияның мақсаты - технологияға бейімдеп,
шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Инновациялық технологиялар:
- Деңгейлеп саралап оқыту
- Сыни тұрғысынан ойлау
- Дамыта оқыту
- Модульдік оқыту және т.б.
Менің сабақта колданатын технологияларым:
1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің
барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес
қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша
өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін
меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Бүгінгі күннің талабы әр бір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Сондықтан білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытып білімді азамат ретінде
қалыптастыру үшін, жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі зор. Оқушының
білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес
жағдай. Сондықтан мен өзімнің сабақтарымда профессор Ж. Қараев насихаттап
жүрген деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамын және бұл тиімді.
1-деңгей. Оқытушылық деңгей-оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін
бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда заңдылықтарды,
ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі.
Тапсырмаларды үлгі бойынша орындайды.
2- деңгей. Алгоритмдік деңгей – үйренушілік деңгейдегі білімін
толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа
тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені
ескеріледі.
3- деңгей. Эвристикалық деңгей – материалды саналы түрде меңгеру. Бұл
деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс,
әр-түрлі логикалық есептерді талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді
қажет етеді.
4- деңгей. Шығармашылық деңгей - өз бетімен оқу материалдарын
меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан
зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана
қоймайрны дамытады.
3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін,
шығармашыл тұлға тәрбиелеу.
1.2. Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып
оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру –
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі
қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді
ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі
білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 11 – бабының 9
тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне
тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті
қойылған. [1]
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар
меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны
өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі
жетілдірілуде.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты
міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет –
оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-
әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік –
оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау,
табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық – коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың
түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті
оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға
келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік,
дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды
ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру,
олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана
алу қабілеттерін қалыптастыру.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –
оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық
ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр
ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде
ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін
және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту
үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және
шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары
бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде
мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру,
әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып,
бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік
технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша
білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу
процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін
ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы
интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының
әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және
сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын
пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру
негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік
желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық
технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір
бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,
электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім
беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық
пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану
арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып,
қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып
айқындалады.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше
факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер
техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық
оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда
білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде
ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде
қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру
және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?
Ақпараттық құзіреттілік:
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім
қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін
танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта
қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі
заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге
асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және
жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу,
материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты
қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби
бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа
тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен
жанрларды таңдауға және қолдануға;
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы
адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге
асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен
қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына
сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен
ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық
бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін
дамыту құралы:
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне
керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын
өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру
ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру,
яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

дамуына әсері
Бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мәселелер,
ғалымдардың пікірінше, оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушының оқу әрекетіне
қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Дәстүрлі
әдістің негізін сыныптық – сабақ жүйесі ретінде Я.А.Коменский салса,
педагогикалық жаңа әдістер 50-60-шы жылдарда (бұрынғы отандық педагогикада)
пайда болып, осы заманғы Л.С.Выготский, М.Н.Скаткин, Д.Б. Эльконин,
В.В.Давыдов, Л.В.Занков тағы басқалардың идеяларына жалғасты. М.Н.Скаткин
бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді,
сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мәселе ретінде ұсынуды
дұрыс деп есептейді. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін
оқушыларға тек соңғы нәтиже ғана айтылып қоймай, оның жүзеге асатын жолдары
түсіндірілуі тиіс дейді. Ғалым- дидактик В.В.Давыдов, М.Н.Скаткиннің
бастауыш сыныпта жаңа әдістерді енгізуін мақұлдап, оқушылардың теориялық
түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың
тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат
тәжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптардың білім мазмұны
мен әдістерін жетілдіру мәселелері шешімін күтуде.
Кез – келген елдің өркениетті мемлекет деңгейіне жетуі экономикалық,
әлеуметтік жағынан дамуымен қатар білім беру ісінің жетілуімен тығыз
байланысты екені белгілі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда білімін
дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелуі анық. Біз болашақтың жоғары
технологиялық және ғылыми қамтымды өзгерістері үшін кадрлар қорын
жақсартуымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап,
кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық
экономика құра алмаймыз, - деп жазды [39]. Соған сәйкес елімізде білім
беру жүйесін қайта құру, жаңарту ісі қолға алынып, қоғам талабына сай жаңа
білім беру тұжырымдамалары, бағдарламалар мен оқулықтар дүниеге келді.
Дамыта оқыту технологиясында сабақтың жалпы мақсаты мен ұйымдастыру
құралдары оның тақырыбына, мазмұнына көздеген жеке мақсатына байланысты
нақтыланады. Оқушыны оның потенциялдық мүмкіндіктеріне бағыштай отырып,
мұғалім бұдан бұрынғы оқыту кезінде қандай әдіс тиімді болғанын, бұл
процестің психологиялық ерекшеліктерінің қандай екенін және оқушының өз іс-
әрекетінің, қызметінің мәнін түсіну дәрежесін білу керек.
Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның
шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде.
Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта
оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға
икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады.
Қазіргі оқулықтар оқу әрекеті жүйесімен жазылғандықтан, оқушының
негізгі құралына айналып, өздігінен ізденудің көзі болды. Бұдан мұғалім
қызметі жеңілдеді деген пікір тумауы керек, керісінше, оқу үрдісінде өтіп
жойылған психологиялық-педагогикалық жағдайларды бірден танып, әр оқушы
ерекшелігіне қарай оқу әрекетін шебер ұйымдастырушы психолог- мұғалім болу
жауапкершілігі артып отыр.
Тақырыптың өзектілігі білім беруді жақсартумен педагогикалық,
технологиялық, психологиялық жаңалықтармен байытуға тиісті қазіргі оқу
әрекетінің құралдарымен оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту
мәселелерінің объективті қажеттілігіне негізделген.
Адам бойындағы қабілеттерін, таным үрдістерін дамытып, олардың өшуіне
жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірде өз орнын табуға көмектеседі.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат, оны шешу үшін ең алдымен
оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдердің озық өмірге енуі, олар әр бір
азаматтардың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын
ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне
өзгеріс енгізе алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері
қолға алынуда. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қазіргі даму кезеңіндегі
қоғамның түрлі сфераларының құрылуы мен тұлғанаң белсенділігінің жоғарылауы
арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық
әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік,
ұйымдастырушылық және моральдық-психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету
күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып
табылады.
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру қазіргі заман педагогикалық
теориясы мен практикасының даму кезеңінде актуальды проблемалардың бірі
болып отыр. Оқушылардың негізгі әрекеттерінің түрі – оқу болғандықтан, бұл
заңды. Мектеп алдында тұрған жасөспірім ұрпақты өмірдің сан – саласында
еңбек етуге әзірлеу, ғылыми – техникалық прогреске белсене қатысу сияқты
негізгі міндеттер осы процесс барысында шешілмек.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді
әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Бұл білім беру процесін дұрыс
жолға қоймайынша мүмкін емес. Себебі оқыту процесін жетілдірмей, қоғамның
қажеттілігін қанағаттандыратын жеке адамды тәрбиелеу мүмкін емес.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік көзқарасын қалыптастыру мен
жеке дамуын қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты талабы. Өйткені
мектеп жасына келген баланың ынтасын жоймаудың басты тәсілі –
олардың танымдық талабын қанағаттандыру, ынтасын оятып, білім алуға
шабыттандыру.
Бала оқуға қызығушылығына түрткі – себептердің арасында мазмұндық
қызығушылықтың мәні зор. Ал егер оқуға мұғалімдер түрткісі мен ата – ана
түрткісі себеп болса, бұл оқушының оқуға деген қызығушылығы мен
қажеттілігінің жоқтығын көрсетеді. Көп жағдайларда мұндай балалар мектепке
мәжбүрлікпен немесе өзіне жақын адамдарды ренжіткісі келмегендіктен барады,
өйткені болашақта олардан қолдау, мақұлдау күтеді немесе сыныптастармен
қарым – қатынас жасау, сыйласу үшін барады. Мұндай балалардың әлеуметтік
ортаға тәуелділігі басымырақ болып, танымдық белсенділігінің артуына
кедергісін келтіреді.
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі
қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда.
Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл – ойын, шығармашылығын дамыту
мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді. Ең бастысы дамыта оқытуды әр
мұғалім түсінуі, жүрегімен қабылдауы, солай жұмыс істегісі келуі, арнайы
психологиялық – педагогикалық дайындықтан өту қажеттігін сезінуі керек деп
ойлаймыз. Қазіргі таңдағы басты мәселе – жастарды біліммен қаруланған жанды
тұлға ғана емес, ақыл – парасатты, кісілігі мол зиялы азамат етіп
тәрбиелеу. Сонда ғана адам ойынан туындаған өнер туындылары (техника,
медицина, биология, химия т.б. салалардағы) адам игілігіне пайдаланылмақ.
Міне, сондықтан қазіргі кезде білім беруде оқушылардың танымдық қабілетін
арттыру – білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Бұл
мәселені шешу психология мен педагогикадан жүйелі зерттеу жұмысын жүргізуді
талап етеді. Осыған байланысты оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың
теориялық зерттелу тарихы мен тәжірибеде жүзеге асырылу барысына шолу
жасап, бұл мәселені шешудің жолын қарастыруды жөн санадым.
Бұл тұрғыда алдымен, зерттелгелі отырған мәселеге байланысты
философиялық әдебиеттерге талдау жасалынып, ұлы ойшылдардың, ғалымдардың
негізгі ой – түйіні бөлініп алынды.
Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес оқушыларға бүгінгі таңда тиянақты білім
беру үшін олардың танымдық қабілетін арттыру басты мақсат болып отыр.
Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолында олардың әр пәнге
қызығушылығын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеу - әр мектептің міндеті. Сол себепті білім
мазмұнын, оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені қайта
құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі
ғана болып қоймай, оқушылардың өздігінен білім алу құралына айналуы керек.
Бұл мақсатқа жету үшін пәнаралық байланыс, оқушылардың өзіндік танымдық
қабілетін арттыруға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтардың түрін
өзгертіп отыру нәтиже беретіні сөзсіз.
Баланың танымдық қабілетін арттыруда олардың таным процестерінің
маңызы зор. Танымдық қабілетін арттырудың теориялық негіздерін және
дамытудың жолдарын пайдаланудың нәтижелерінде баланың өзіндік қасиеттерін,
талабын, ойлау қабілетін анықтап, олардың дамуына ұстаз зор ықпал етуі
керек.
Оқушылардың танымдық қабілеті мен іздемпаздығын арттыру үшін оқыту
процесі оларды қанағаттандыратындай етіп ұйымдастырылуы қажет. Танымдық
қабілет әркімге тән. Тек оны дамыта білу ұстаздың міндеті болып табылатынын
жоғарыдағы тарауларды айтып өттік. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді,
заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетімен іздендіретін,
алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материялдарын беру қажет. Сонымен
бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым – қатынас, бір-біріне
деген сыйластық болған жағдайда ғана емес және оқытуда өз нәтижелерін
береді. Сөйтіп күнбе – күн өсіп келе жатқан баланың танымдық қабілетін
арттыруымыз керек [40].
Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағытталған жаттығулар мен
тапсырмалар олардың ізденімпаздық, тапқырлық әрекетін (сезіну, қабылдау,
ойлау, зейін қою, ерік арқылы) дамытады. Оқушылардың әр жас кезеңдеріне
арналған жаттығулар ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі
дағдылар мен шеберліктерді меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке
баулиды.
Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында оқушылардың ойлау
қабілетін дамыту, байқағыштығын арттыру, белсенді іс –әрекетін ұйымдастыру
және осылар арқылы оқушының психологиялық дамуын қалыптастыру дамыта
оқытудың негізі болып табылады. Сондықтан мұғалім оқушының оқу қызметін
ұйымдастыруда сабақ үрдісін оқушының белсенділігін арттыратындай, өз іс –
әрекетін зерделей алатындай етіп құрып, оқушының ойлау жүйесін бір мәселені
шешуге бағыттай алуы тиіс.
Дамыта оқытудың алғы шарттары мақсатты сұрақтар қоя отырып, оған
жауапты өзі табуы, анықтаманы өзі тағайындап, оқулықпен салыстыра отырып,
өз шама - шарқын тексеру. Жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы
оның іс – әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге
асырылады.
Сабақта оқушылардың іс – әрекетін ұйымдастырудың барлық формаларын да
дамыта оқыту жүйесін қолдануда. Соның ішіндегі оқытуды ұйымдастырудың
жаппай формасына тоқталайық. Мысалы, Математика – 3 оқулығындағы
Көбейтуді тексеру, Бөлуді тексеру тақырыптарын өту барысында оқушыларға
жаппай сұрақтар қойылады. 3 * 2=6 теңдігіндегі сандар қалай аталады? [41]
Оқушы: 3 – көбейткіш, 2- көбейткіш, 6 – көбейтіндінің мәні, - деп
жауап береді.
- Көбейтіндінің мәнін бірінші көбейткішке бөл;
- Нәтижені тап. – Не байқадың?
- 6 3 бөлгенде 2 шығады, 2 дегеніміз екінші көбейткіш;
- Көбейтіндінің мәнін екінші көбейткішке бөл;
- Нәтижені тап. - Не байқадың?
- Оқушы: 62 бөлгенде 3 шығады, 3 –бірінші көбейткіш деуі керек.
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
Оқушы мынадай қорытынды шығаруы мүмкін: Көбейтіндінің мәнін
бірінші көбейткішке бөлсем, екінші көбейтік; екінші көбейткішке бөлсең,
бірінші көбейткіш шығады.
Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы сабақта оқушыларды бірнеше топқа
бөліп, әрбір топта 4 – 5 оқушыдан болуы арқылы іске асады. 3 – сынып
оқулығындағы оқушылардың қандай да бір танымдық қабілеттерін дамыта түсуге
арналған жаттығуларды топпен бірге отырып, талдап орындауға болады. Мысалы,
қанша кем
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
2 12 13 14 15 16 17 18 19 20?
Мұны талдауда оқушылар алдымен бірінші қатардағы сандарды талдайды.
Алдыңғы сен кейінгіден нешеге кем екендігін екінші қатардағы сандар
қарастырылады. Олардың бір – бірімен байланысы бірінші қатардағы сандар
екінші қатардағы сәйкес санмен, мысалы, 2 мен 12, 8 бен 18 сандары
салыстырылып кем екендігі анықталады.
Топпен жұмыс істеуде мұғалімнің анықтауы бойынша білім деңгейімен ақыл
– ой қабілеттеріне қарай іріктелген, біріктірілген оқушылар енуі мүмкін.
Мұндайда егер топ күштілерден тұратын болса, тапсырма әлдеқайда қиынырақ
көбірек талдауды ққажет ететін болып, ал топ нашарлардан тұратын болса,
орындалу деңгейі, мазмұны жеңілірек болып іріктелуі мүмкін.
Тапсырманы орындап болған соң әрбір баланың сол тапсырманы қандай
ережені, анықтаманы басшылыққа алғаны, қандай қорытынды жасағаны
тексеріледі. Сонымен қатар топпен жұмыс түрінде де өткізіледі. Қатар
отырған оқушыға бір мазмұндағы тапсырма беріледі, олар бірігіп талдайды,
сосын әрқайсысы өз бетімен, қайтадан бірігіп, бірін – бірі немесе өзара
тексереді, қорытынды жасайды.
Бастауыш сынып математикасын оқыту үрдісінде есепті шығара білу
шеберлігін қалыптастыру, жетілдіру және дамытудың шешуші бағыттарына
тоқталайық.
Есеп шығаруға үйрету – математиканы оқытудағы ең қиын әрі күрделі
мәселелердің бірі. Бұл балалардың шама-шарқына, психологиялық жас
ерекшелігіне сәйкес салыстыру, жан-жақты талдау жасау, қарама-қарсы қою.
Жалпылау, түрлендіру, зерттеу, әр алуан категорияларға біріктіру,
қорытындылау, абстрактциялау сияқты түрліше меңгеруіне байланысты бірдей
дәрежеде орындала бермейді.
Балалардың топтық, өзіндік ерекшеліктері қабілет деңгейлерінің әр
түрлілігіне байланысты, олардың бәрінен де бір тарақтың жүзінен шыққандай
есепті шығара білуге біркелкі үйренеді деуге болмайды.
Есеп шығаруға үйрету алғашқы сабақтардың өзінде-ақ басталып, сынып
ілгерілген сайын бірте-бірте сәйкес шеберлік те қалыптаса бастайды.
Ауызша есептеуге үйрету бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім.
Ол уақыт үнемдеу тұрғысынан тиімді. Бір ғана мысалдың нәтижесін бірнеше
тәсілмен есептегенде берілетін түсіндірмелер, аралық нәтижелердің қалай
шығатыны, ақтық нәтижеде не болатыны ауызша айтылады да, оларды жазуға
уақыт жұмсалмайды. Оған қоса қай тәсілді қолдану оқушының өз еркінде
болғанымен, олардың барынша тиімдісін іріктеп алуды үйретуге де мүмкіндік
мол.
Математика сабағында ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмыстарын
жүргізудің маңызы зор. Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп
шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыландырған жөн.
Бастауыш сыныпта математиканы оқыту тек математикалық білімді берумен
шектелмейді. Бұл пән оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда маңызы өте зор.
Оқушылардың ойлау процесінің нақтылығын, тереңдігін анықтау үшін олардың
белсенді іс-әрекетімен бірге өз бетінше жұмысын ұйымдастыру керек.
Ауызша есептеуге үйретуде оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру
кезінде арифметикалық диктант ретінде қолдануды ескеру қажет. Диктанттан
кейін тексеруді ауызша жүргізген қолайлы.
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту мектепке сабақ және сабақтан
тыс жүргізілетін сабақтар формасында жүзеге асырылады. Сабақтарда
балалардың математикаға деген ынтасын арттыруға,олардың өз бетінше жұмыс
істей білу дағдысын тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Пәнге деген ынтасы
мен өз бетінше ойлай білу өзара тығыз байланысты. Сабақ балалар үшін
қызықты өткенде, олардың оқу жұмысында да белсенділігі артып, өз бетінше
жұмыс жасап, белсенділігін арттырғандығынан олардың пәнге деген ынтасы
өседі. Оқушыларды өз бетімен ойлауға тәрбиелеп, математикаға деген ынтасын
арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Оқудың
белсенді әдістерінің бірі – оқушыларға өз бетімен жұмыс істете білу.
Барлық сабақтың елеулі бөлігінде өз бетімен жұмыс істегенде оқушы
жұмыстың мақсатын айқын түсіне білуі, оны орындауы, тексеруі және
қателіктерді түзетуі сияқты өз бетімен істелетін жұмыстың жалпы әдістерін
бірте-бірте игеріп алуы тиіс.
Оқушылардың сабақта өздігінен орындайтын жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
үшін математика кабинеттерінде дидактикалық материалды, үлестірмелі
материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, тағы басқа оқу құралдары
жинастырылуы қажет. Дегенмен оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің
орны ерекше. Барлық ғылыми-техникалық білімнің көзі – кітапқа, оның ішінде
оқулыққа оқушылардың сүйіспеншілігі мен құрметін арттыру, олармен өздігінен
жұмыс істеуді үйрету мұғалімнің басты міндетінің бірі. Әр сынып оқулықтары
қажетіне орай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық
тапсырмалармен, суреттермен қамтамассыз етілген. Өздігінен жұмыс істеуді
оқушылардың сабақ үстіндегі қызметіне енгізу сабақтың құрылымына да,
элементтеріне де әсерін тигізеді.
Өзіндік жұмыс үшін оқулықтан берілген жаттығулармен қатар көбінесе
тақтаға жазылған, сондай-ақ қалталы полотноға белгіленген тапсырмалар
ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма әрбір оқушыға жеке түрде
беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды әр оқушының шама-шарқын ескере отырып,
сораптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дәрежесінің жоғары
болуы қамтамасыз етіледі. Өзіндік жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға
дағдыларын игертеді және олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Өзіндік
жұмыстарды жүргізгенде тапсырмаларды карточкалар бойынша ұсынған тиімді.
Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері және үлгерім деңгейлерін барынша
ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, өзіндік жұмыс
түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.
Балалардың сабақта өз бетімен орындаған жұмысы сыныпта қандай формада
болса да ескерілуі тиіс. Мұғалім тапсырманың орындалуын қарап шығуға уақыт
бөлуі және өз бағасын айтып, жақсы жұмыстарды атап көрсетіп, қатесін табуға
көмектесуі тиіс.
Көрнекті қоғам қайраткерінің бірі Н.К. Крупская: Балаларды өздігінен
жұмыс істеуге үйретудің төтенше қажет нәрсе екендігін, техниканың ғылымның
алға басып өркендеуі, жаңадан пайда болған проблемаларды ойланып шеше
білудің қажеттігі адамның өздігінен үйреніп, білімін толықтырып отыруын
талап ететіндігін, жасөспірім ұрпағымызды өздігінен жұмыс істеуге үйрете
білуіміз керектігін - көрсеткен болатын [42].
Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы
– жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін
төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді:
1. Өз бетінше істелетін кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек.
Әрбір оқушы жұмыстың орындалу тәртібін жетік білу керек.
2. Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін,
творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
3. Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс.
Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бәсендемейтіндей болуы керек.
4. Өз бетінше жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен әдістерін жетік
игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет.
Қорыта келгенде, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары:
карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы
жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары
жүргізіледі.
Өз бетімен орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным
қабілетін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің
көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады.
Математика сабақтарында білім берудің барлық негізгі принциптері бір
бірімен байланысты жүзеге асады. Мысалы: саналық, көрнекілік, жүйелілік,
беріктік, шамаға лайықтылық және тағы басқалар. Бастауыш сыныпта
математикадан оқушылардың білім деңгейін көтеруде көрнекілік принциптерінің
рөлі ерекше.
Дамыта оқытуда басты міндеті – оқу материалдарын оқушыға дайын
күйінде емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра
отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің
тәсілдерін, жолдарын міздестіру іс – тәжірбиеде қолдану үшін
төмендегілерді басшылыққа алу керек.
1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді
әрекеттесіп этикалық қарым – қатынасқа дайындау дара тұлғалық
адамгершілік нормаларын меңгеру;
2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды
дағдыландыруға айналдыру;
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстарға мән беру;
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланысқа аса көңіл
бөлу;
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту;
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту;
Дамытып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни
олардың ой – өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны
еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті – Ең таяу даму зонасын
жасау.
Таным қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри,
Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, И.А.Лернер, А.Н.пискунов т.б.)
тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына
төмендегіге саяды:
1. Таным қабілетінің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер
бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері
жайындағы оқулықтың рөлі.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы
оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі [43].
Математика да - өнер сияқты таным әдісі. Танымдық іс - әрекет –
шәкірттердің білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті.
Оқушылардың танымдық іс - әрекеттерді жоспарлау және ұйымдастыру
біліктерінің қалыптасуына оқу – танымдық тапсырмаларды шығармашылық
тұрғыда шешудің маңызы зор. Қызығу – танымдық іс - әрекеттің қозғаушы
күші. Оқушылардың қызығу жәрдемімен оқып – үйрену барысында қабілеті
ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіндігіне сенім артады,
кісілігі қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларына берілетін танымдық
тапсырмалардың түрлері әдістемелік жағынан алуан түрлі болуы тиіс,
танымдық тапсырмаларды пайдалану үздіксіз болу керек. Сондай – ақ
танымдық тапсырмалардың ерекшелігі есептің шешуіне қажетті барлық
мәліметтер бола тұрса да, ол дәл осы мәліметтерге сүйене отырып
шешімін таба алмайды. Себебі, нәтижелерді алу үшін мәліметтерді
түрлендіріп және өз бетімен оларды практикалық, ақыл – ойдың
көмегімен бірізділікті орындаулары керек. Бұдан біз танымдық
тапсырмалар деп – алуан түрлі есептер, тапсырмалар түрлеріндегі және
логикалық (проблемалық мазмұндағы) шешулерді өз бетінше, ойлау іс -
әрекетін талап ететін түрлі тапсырмаларды түсінеміз [44].
Баланы есеп шығаруға үйрету ең қиын әрі күрделі мәселе деген сөздер
жиі кездеседі. Әсіресе, қазіргі жаңа буын оқулықтарындағы есептерді
шығаруға келгенде оқушы түгел кейбір ұстаздардың да қиналып қалар
жағдайлары бар. Ал балалардың ата-аналары болса ол есептерді тіптен
түсініксіз деп бағалайды. Осы орайда бастауыш мектеп мұғалімдеріне есеп
термині – орындалуға, шешілуге тиісті. Пайымдау, есептеу арқылы орындалатын
жаттығу, зерттеуді және шешуді талап ететін күрделі мәселе дегенді
білдіретіндігін ескеру өте маңызды. Әсіресе, оқу үрдісіндегі есеп
оқушылардың таным белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін
және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен берілген талаптарды
ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
Сонымен кез-келген шамаларды анықтап, олардың арасындағы байланысты
тағайындау, есепті шығару әдістерін анықтау маңызды. Содан кейінгі кезекте
сол есептің шығарылуына талдау жасап, оны шығарудың басқа да тәсілдері бар
ма, соған көңіл бөлінеді. Егер де осы айтылғандар сабақ барысында толығымен
орындалса, онда оқушылардың математикаға деген көзқарасы, ата-аналарының
бұл пән туралы ой-пікірлері рң болары хақ. Өйткені, оқушы сабақта белсенді
болып, үй тапсырмасын орындауда қиындықтарға ұшырамас еді. Бастауыш мектеп
математика курсы оқулықтарында: Берілген есепке кері есеп құрастыр және
оны шығар, Теңдеу құр және оны шығар, Не байдадың?, Теңдіктер қандай
ережеге сүйеніп жазылған?, Есептердің шартын, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz