Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін көрсетудегі мәдени мекеменің жұмыс ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін көрсетудегі мәдени
мекеменің жұмыс ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2017ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру
1. Мәдени тынығу қызметіндегі мерекелік шаралар өткізудің
мақсат-
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Мерекелер мен ойындар өткізу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2. Мәдени тынығу қызметін көрсетудегі мәдени мекеменің жұмыс ерекшеліктері
2.1 Балалардың бос уақытын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Мәдени-демалыс қызметі және оның балалар қалыптасуындағы әсері ... 16
2.3 Жазғы демалысты ұйымдастыру-балалардың денсаулығын нығайтудың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

Кіріспе
Балалардың демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің бірі болып
саналады. Жыл сайын демалыс уақытындағы балалар мен жасөспірімдердің толық
демалуларына, танып білу, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін
арттыруға, балалардың өзін - өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамуға, ғылыми,
техникалық, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да
танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау
мақсатында оқушылар үшін жазғы сауықтыру ауысымдары ашылады.
Жазғы каникул балалардың жылдық бос уақытының айтарлықтай бөлігін
алады. Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке, өзі үшін қызықты
істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін қажеттіліктерін жүзеге
асыратын кезең.
Сондықтан жаз-балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке
басына тән байланыстарын жетілдіру, әлеуметтік және мәдени білім беру
құндылықтарына араласу, әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз
жоспарларын іс жүзіне асыру, жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-
сауық, бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын
толтыру, денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі
талантын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы
жақтарын ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және
эмоциялық құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін
пайдалану керек.
Балалар да, үлкендер де жылы күндерді аңсап күтеді. Балалар жақсылап
тыныққысы келеді, ал ата-аналар алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан
шаршаған баласының демалысын қалай ұйымдастыру керек деген дәстүрлі сұрақ
көлденеңдейді.
Жыл сайын елімізде әр түрлі үлгідегі мыңнан астам лагерлер жұмыс
істеп, 1 миллионнан астам балалар демалады. Балалардың жазғы кезде демалуы
үшін лагерлердің екі типі болады: мектептегі және қала сыртындағы. Өкінішке
орай, көптеген қала сыртындағы лагерлердің жолдамасы өте жоғары, халықтың
қалтасы көтере бермейтіні анық. Мұндай жағдайда балалар мен ата-аналарын
жазғы мектеп лагерлері құтқарады, онда әдетте 1-4 сынып оқушылары белсенді
демалып, денсаулықтарын қалпына келтіреді. Жетім, аз қамтамасыз етілген
және көп балалы, толымсыз отбасы балалары мен үздік оқушылар да сол жерде
тегін дем алады. Ал, жұмыс істейтін ата- лагерде олардың демалысы
қамтамасыз етілген.
Мектеп лагері - белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық,
сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты
өткізу орны.
Лагерь - кез келген балаға өзін көрсетуге, өзін-өзі сыйлау мен өзін-
өзі көрсете білудің жоғары деңгейіне жақындау мүмкіндігін береді.
Оқушылардың күндізгі уақытын өткізуге арналған лагерьде олардың демалысын
барынша оңтайлы өткізуге барлық жағдай жасалған.
Балалардың сауықтыру лагерлері - балалар өз мүмкіндіктерін, бос
уақытында жеке басына қажетті дене және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге
асыратын әлеуметтік ортаның бір бөлігі. Бір жағынан, жазғы лагерь-жасы,
жынысы және даму деңгейі әр түрлі балалардың бос уақытын ұйымдастыру
формасы, екінші жағынан-бұл сауықтыру, көркемдік, техникалық, әлеуметтік
шығармашылықты дамыту кеңістігі. Жыл сайын оқушылар үшін күндізгі уақыттағы
сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Онда бастауыш сынып оқушылары, оның ішінде
көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын лагерге тарту
міндетті болып саналады.
Мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды
дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және
эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған
материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен,
дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен
байланысты болатын жеке адам.
Мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық
деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет
күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-
шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру. [1]
Мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды
тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету,
сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту
жөнiндегi қызметi;
Эстетикалық тәрбие жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс таңдауға, олардың
нәзік сезімді, ұшқыр –қиялды, мейірбан болып өсуіне елеулі ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбиенің ең басты саласының бірі - музыка. Біз музыканы
тыңдағанда көңіл күйіміз өзгере сала береді. Адам сезімі тым ұшқыр, шегі
жоқ.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін,
өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін
көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға
тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашы-лығы
байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз , болашақ жас әншілік қадамына жол
көрсетеміз. Балабақашаның жас бүлдіршіндері яғни жас әншілері қалалық пен
аймақтық балалар шығармашылығы байқауына қатысады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек
психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар
және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да
шұғылданды.
1. Бастауыш сынып балаларына мәдени демалыс қызметін ұйымдастыру
1. Мәдени тынығу қызметіндегі мерекелік шаралар өткізудің
мақсат-міндеттері
Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге
қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала
тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын
арттыру;
- елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге
араласуына талпынысын тәрбиелеу.
Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мазмұны:
Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:
Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі – Көп тілде
сөйлей білеміз. Қазақстан Республикасының күні – Еліміздің туған күні.
Тәуелсіздік күні – Еркіндік күні. Жаңа Жыл. 8 Наурыз – Аналар мерекесі.
Наурыз – Көктем мерекесі. Күлкі күні – Күлейікші шаттана. Қазақстан
халықтарының бірлігі күні – Достық күні. Жеңіс күні. Балаларды қорғау
күні.[2]
Мемлекеттік және жалпыұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.
Мерекелер мен ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер
мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.
Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын
мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін
қолдау.
Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге:
өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін
сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.
Өз қолдарынан туысқандары қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен
мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын
жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен құттықтауға
үйрету.
Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып,
түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен
шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.
Үлкендер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру
(қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері,
ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру).
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән
байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін
арттыру.
В. А. Сухомлинский былай деген:
Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсе,
мәдениеттің жоғары сатысына көтеріледі деген[7]
Осы бір қағида сөздің мағынасында қаншама тәрбиелік сырлы сөз жатыр.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата – баба сұлу ән, асыл сөздің
кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой –санасын игі адамгершілікке жетелейді.
Ән қанатында халық ойынның тереңдігі, шексіз қиялы, шешен тілі, берік
сақталып, заманның алдын орап, кейінгі ұрпаққа таратылып келе жатыр.
Осы орайға байланысты мәдени тынығу қызметіндегі тәрбиелік іс-шаралар
көп өткізіледі.[2]
Мәдени тынығу орталықтарында жыл бойына өтілетін Әнші балапан,
Даусыңнан айналайын, Әнші болғым келеді атты балалар шығармашылығын
шыңдап, жас әншілер таңдауын жасап, қалалық мерекелік іс-шараларға
қатыстырады.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қызығушылығымен оған қатысуға ынтасын
арттыру арқылы елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастырып, қоғамдық
өмірге араласуына талпынысын тәрбиелейді.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе
алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен , нәзіктігімен
сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін
тигізеді. Олай болса Бұлақ көрсең - көзін аш - деген нақыл сөздің өзі
адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына
мәдени орталықтардан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры
тереңінен қаланады.[14]
1.2. Мерекелер мен ойындар өткізу жолдары
Мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен
балалардың сәнді киімдерімен, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірімен,
тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.
Қысқы мерекелер басқа да мерекелер сияқты, мектепке дейінгі мекеме
жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес барлық жас ерекшелік топтарындағы
балалармен өткізіледі. Мерекені өткізудің формалары әр түрлі болады:
- Қыс тақырыбы бойынша тақырыптық немесе комплексті сабақтар;
- театрландырылған әрекеттер, олардың тақырыптары қысқы суреттемелер
бола алады;
- халықтық фольклор негізіндегі мерекелер (Ауылдағы апама қонаққа
барамыз, Қысқы жәрмеңке, Менің Отанымдай әдемі жер жоқ!)
- әдеби-музыкалық көрініс (Қыс кереметі, Қысқы мерекелер, Қысқы
суреттер, Қысқы сыйлықтар)
- Мереке тақырыптары және олардың мазмұны мекеме ұжымы қолданатын
бағдарламада негізделген мүмкіндіктер және жағдайлар, педагогикалық бағдар,
мекеме дәстүрлерімен анықталады.[3]
Мерекеде шығармашылық тасырмаларды іздену барысында табиғи, шығармашыл
жағдай тууы мүмкін: ән және би құрастыру, үлкендер мен тәрбиеленушілердің
біріккен іс-әрекеті.
Ең бастысы мереке баланы қуанту керек. Ғажайыптарға толы, таныс
кітаптардың жаңа кейіпкерлерімен кездесу, сыйлықтармен, қызықты ойындармен
қуанту керек. Мереке балаларға қуаныш, шаттық сыйлауы керек. Мерекеге
үлкендердің қатысуы балаларға үлкен қуаныш сыйлайды.
Мерекеге дайындық кезінде балаларға күш көрсетуге болмайды. Балалар
мерекеге сол күнге арналған дайындықпен, өз еріктерімен келгені жөн. Мереке
қонақтарға арналып дайындалмайды, ол балаларға арналған мереке.
Бала әнді дұрыс айта алмай қалады, сөзін ұмытып қалады, биден шатасып
қалады деп қорқуға болмайды. Бала өзін - өзі емін еркін, сенімді ұстап,
үлкендердің көмегін, сергектікті және кеңпейілдікті сезінуі керек.
Егер сюжетті ойын араласса, ең қиың жұмыс балаларға жаңа және
қызықты, кездейсоқ болып көрінеді.
Мерекелік орындауларда балалар қуана және қызығушылықпен таныс
материалдарды қайталайды. Оның тақырыпты болуы міндетті емес. Ол сол
жастағы балалардың музыкалық дамуына арналған негізгі міндеттерді шешуіне
көмегі тиетін материал болып табылады.[3]
Балаларға мерекелік шараны ұйымдастырушы үлкендер оған сәбилер мен
ата-аналарды қатыстырады. Таныс ойындарды, әндер, билер, тақпақтарды немесе
жаңа күтпеген қызығушылық туғызатын және барлық қатынасушыларға қуаныш
сыйлайтын әдістерді қолданады.
Үлкендердің, әсіресе ән айта алатын, би билейтін, ертегі, тақпақ оқып
беретін, қойылымдарда қатысатын ата-аналардың белсенділігінің арқасында
балаларға қуаныш пен бақыт сыйлайтын жақсы эмоционалдық жағдай туындайды.
Егер бала мерекеден кейін достары мен ата-анасына өзінің мереке
жөніндегі ойымен бөлісуге асықса, ол осы ойымен көп күн жүреді – онда сіз
мақсатыңызға жеттіңіз. Яғни, балаға мереке ұнады.
Мерекелерге дайындық кезінде , балаға мереке тек қана қуаныш сыйлағаны
маңызды. Мереке балаға бақытты кезең болып, оның есінде көпке дейін
сақталып қалуы қажет.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған.
Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және
қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,
қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып
бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған
рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері
сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік
жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал
ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар
қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. [4]
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар),
биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және
жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық
ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар
музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге,
әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық
ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу
қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін
байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар
санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың
ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық
көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар
тәрбиеленеді.

2. Мәдени тынығу қызметін көрсетудегі мәдени мекеменің жұмыс ерекшеліктері
2.1 Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Бүгінгі таңда қоғам алдында балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру
мәселесі тұр.Бос уақытты тиімді өткізу бала тұлғасының қалыптасуына үлкен
ықпалын тигізеді. Баланың бос уақытын қызықты, пайдалы әрі мазмұнды
өткізу міндеті педагогтар мен ата-аналарды да толғандырады. Осы мәселені
шешу бағытында мемлекеттік балаларға қосымша білім беру ұйымдары да өз
міндеттерін атқаруда. Мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерлер
балалардың жазғы демалысын ұйымдастырып келеді.
Осы тұрғыда бос уақыт дегеніміз не? Оның қандай өлшемі бар? - деген
орынды сұрақ туындайды.
Бос уақытты ұйымдастыру - бірнеше әлеуметтік ғылымдардың зерттеу
обьектісі болып табылады. Олар: әлеуметтану, философия, педагогика т.б.
Бос уақыт - әлеуметтік категория. Әлеуметтануда бос уақыт және
демалыс уақыты синоним түсініктер болып табылады. Жалпы қоғамда уақыт
жұмыс уақыты және жұмыстан тыс уақыт болып бөлінеді. Жұмыс уақыты бұл
белгілі бір өндірістегі нақты жұмыс жасауға арналған уақыт. Жұмыстан тыс
уақыт, жұмыс уақытын бөліп алғаннан (тәулік, ай, жыл) қалған уақытты
айтамыз.
Жұмыстан тыс уақыттың өзі:
Жұмысқа дайындық уақыты (оқушыларда сабаққа дайындық уақыты)
Адамның физиологиялық қажеттерін өтеуге арналған уақыт (ұйқы,
тамақтану т.б.)
Үй шаруашылығына, жұмыс қажеттіктеріне жұмсалатын уақыт.
Бос уақыт- жеке тұлғаның мәдени деңгейіне, қызығушылықтарымен
қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін, қажетті істерді орындауға
бөлінген уақыттан тыс уақыт.
Балалардың бос уақытын дұрыс анықтау үшін тәуліктегі24 сағаттан
төменгі жұмыстарға пайдаланатын уақытты алып тастау қажет:
- Балалардың үйде сабаққа дайындалуға жұмсайтын уақыты;
- Физиологиялық тынығу уақыты ( ұйқтау, тынығу);
- Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру қажеттіктерді
қанағаттандыру уақыты (таңертеңгі жуыну, жаттығу, ыдыс жуу, киімдерін
тазалау т.б.);
- Тамақтану;
- Үй шаруашылығына көмектесу.
Осы аталған істерден қалған уақыт балалардың бос уақыты болып
саналады.
Педагогикалық зерттеулерде бос уақыт ұғымын анықтауда және оған
теориялық негіздеме беруде үлкен үлес қосқан М.Г.Бушканец, А.Ф.Воловик,
В.А.Воловик, И.А.Новикова, Э.В.Соколов, В.Я.Суртаев, Б.А.Титов, С.А.Шмаков
т.б. Осы педагогтардың зерттеулерінде бос уақыт - жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік және физиологиялық даму, бос уақытты белсенді демалыс
сауықтыру уақытына айналдыру, мәдени деңгейін көтеру, өзін-өзі дамыту,
жетілдіру, өз мүмкіншіліктерін іске асырудың факторы болып табылады.
Бос уақытты ұйымдастыру педагогикасының негізгі ұғымдары: босуақыт,
демалыс уақыты, іс-әрекет, бос уақыттағы іс-әрекет, рекреация.
Э.В.Соколовтың ойынша: Қажетті демалыссыз адамның күш-қуаты
төмендеп, жоғары деңгейдегі іс-әрекетті орындауға мүмкіншілігі болмайды.
Бала өмірінде сауықтыру шараларымен, ойын болмаған жағдайда бос уақыт
көңілсіз, қызықсыз өтеді.
С.А.Шмаковтың айтуынша: Бос уақыт- маңызды рөлдерді, қызықты іс-
әрекеттер түрлерін еркін таңдау арқылы балалармен жасөспірімдер
дарындылығын шыңдау, рухани өсуіне жағдай туғызу уақыты.
Бос уақытта:
✓ Еркіндік сезімін қанағаттандыру арқылы баланың
қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауына;
✓ Белсенді іс-әрекет арқылы мүмкіншіліктерін толықтай көрсете
алуына;
✓ Өзін-өзі сынау, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалауына ;
✓ Белсенді қарым-қатынас арқылы әртүрлі ұйымдармен
бірлестіктерде өз мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға жағдай
туындайды.
Бос уақыттағы іс-әрекет - жеке тұлғаның өзін-өзі және қоршаған
әлемді танып білуіне бағытталған, негізгі жұмыс уақытынан тыс уақытта іске
асырылатын саналы әрекеті.
Сонымен қатар, баланың физиологиялық тынығуынада бөлінген қажетті
уақыты болуы шарт.
Демалыс - адамның шаршауынан арылуға, күш-қуатын қалыпқа келтіруге,
ағзаның тынығуына арналған уақыт.
Демалыс уақытын – тынығумен (пассивтік) немесе өзің ұнататын іс пен
айналысу, жаттығулар жасау, қарым-қатынас жасау арқылы өткізуге болады.
Демалыс ұғымы рекреация ұғымына жақын ұғым. Көбіне бұл термин
адамның медициналық сауықтыру шараларына байланысты қолданылып келген.
Қазір рекреация - адамның денсаулығының қалыпқа келуі, сауығуы деген
мағынада қолданылады, адамның физиологиялық, дене және рухани күш-қуатының
қалпына келуі болып табылады.
Бос уақытты ұйымдастырушы– педагогтың негізгі міндеттері:
✓ Жеке тұлғаның қасиеттерімен дарындылығының дамуына,
дүниетанымының кеңуіне, мәдениеттілігінің артуына ықпал ету;
✓ Оқушылардың психологиялық және жасерекшеліктерін ескере
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасылық тәрбие
Балалар кітапханаларында оқырмандарға қызмет көрсетудегі қарым-қатынас аспектілері және оны шешу жолдары
Оқушылар мен ұстаз - тәрбиешілер
Жалпы білім беру мектептерінде білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың негізгі шарттары
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер
Ұлттық білім беруді дамыту стратегиясы
Тұлғаның мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру жолдары
Бастауыш сынып оқушылары
Ақпараттық өнімнің қасиеттері мен типтері
Мектеп жасындағы балалардың отбасындағы тәрбие
Пәндер