Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы
ӘОЖ: 371. 315. 5
Қолжазба құқығында
ИСПАНОВА ЭЛЬМИРА ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ
Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
Магистратура: 6N0102 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі магистрі
академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Ғылыми жетекші:
п. ғ. к., профессор Б. Т. Барсай
Атырау, 2010
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1 Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
1. 1 Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық
негіздері . . . 10
1. 2 Дамыта оқыту технологиясының педагогикалық - психологиялық алғы - шарттары . . . 20
1. 3 Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі . . . 34
2 Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру
2. 1 Дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері . . . 48
2. 2 Дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бағытында жасалған тәжірибе нәтижелері . . . 59
Қорытынды . . . . . . …. . …… . . . 76
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . … . . . 78
Кіріспе
Жұмыстың көкейтестілігі: Бүгінгі таңда республикадағы және аймақтағы экономикалық-нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайына сәйкес мектептегі математиканы оқыту мазмұнын жетілдіру, оқытудың озық технологияларын қолдану - айрықша өзекті проблемаларға айналып отыр.
Қазіргі заман талаптары мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, білім алудағы дербестігін мақсатты түрде дамытып отыру міндетін қойып отыр.
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] .
Бұл туралы Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2008 жылы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан халқына жолдауында Білім және ғылым министрлігінің алдына «үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау» міндетін қойды [2] . Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп, білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы және өзін-өзі дамытуы алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Математика» оқу пәнін оқытудың басты міндеттері: баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуальдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға себептігін тигізу; математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету; оқушының өмір тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады деп көрсеткен [3] .
Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі түрлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес, математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер. «Міндетті деңгейге бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру көзделеді. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау шығармашылық әс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді, математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып - үйретудің негізін қалайды. Сондай - ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді және негізгі материалдарды терең меңгеріп алуға көмектеседі. »
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында «білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне бастауыш сынып оқушысын белгілі бір қажетті біліктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәселелерде өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жолын қалыптастыруға күш жұмсап, еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды білім-тәрбие мазмұнын анықтап құруға көмектесетін қазіргі заманғы «дамыта отырып оқыту идеясы» алынатындығы көрсетілген» [4] .
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, енгізілген жаңа буын оқулықтары көп деңгейлі, интеграцияланған, дамыта оқыту жүйесі қағидаларына ерекшеленеді. Демек, оқулықтың құрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Дамыта оқыту педагогикалық жұртшылық санасына сіңгенін және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп отырғанын байқау қиын емес.
Біздің пікірімізше, мұғалімнің қазіргі кезеңдегі дамыта оқыту жағдайындағы басты міндетін айқындау мәселесі шұғыл түрде күн тәртібіне қойылуға тиіс, өйткені «мұғалім» деген терминнің өзі оның қазіргі кезең талаптарына сәйкес қызметінің мән-мағынасын толығымен аша алмайтын сияқты. Бірінші кезекке оқушыны бұрынғыша пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оның оқу танымдық негізінде жекебас тұлғасын тәрбиелеу қойылып отырған қазіргі кезеңде мұғалімнің негізгі қызметі оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру және басқару болып табылады.
Қазіргі кезде көпшілік назарын өзіне аударып отырған идея - дамыта оқыту идеясы. Дамыта отырып оқыту идеясы тұрғысынан әр пән мазмұнының ерекшеліктері мен біртұтас білім жүйесіндегі орны түрліше. Математика пәні - реалды ақиқатының ең маңызды саласы және адамның алуан түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жасанды (математика) тілдер туралы қалыптастыруға, дүниені математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға мүмкіндік ашатын жетекші пән ретінде қарастырылады. Бастауыш саты - оқушы да, оның интелектісі дамуының іргетасы - оқу әрекеті қалыптасуының қуатты жүретін кезеңі. Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылып отыр. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларының өздігінен шешіп орындаудан ортақ тәсілдерін оқу әрекетін бақылап - бағалауды нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді.
Бастауыш сынып оқушыларына дамыта оқытудың теориялық негізін нақтылау; бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес төл оқулықтарды (математика) тәжірибеден өткізуді іске асыру; сабақ және сыныптан тыс жұмыстарда дамыта оқыту тәжірибелік - эксперименттік түрінде тексеріп, нәтижесін шығару - бұлар дамыта оқытудың міндеттері болып табылады.
Оқушыларды дамыта оқыту - қазіргі бастауыш мектептердің ең маңызды міндеттерінің бірі. Бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең. Бастауыш сыныптарда білім берудегі дамыта оқыту процесі - математка пәнінен дамыта оқытуды теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету болып табылады [5] .
1993 жылдан қазіргі күнге дейін Л. В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі ресми түрде расталып, мұғалімдердің сабақты түрлі әдіс-тәсілмен өткізуі өз таңдаулары бойынша жүзеге асып келеді. Әлемдегі он бес елде Л. В. Занковтың жүйесі кеңінен қолданып келеді. Қазіргі кезде дамыта оқыту технологиясын өз пәндерінде тиімді етіп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланыты болып отыр.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында көрсетілген «оқыту технологиясын жетілдіру» мәселесін ғылыми тұрғыдан сипаттап, іс жүзінде тәжірибеге енгізу және тарату қажет. Осы мәселенің шешімін табу мақсатында зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру» деп алуға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісі
Зерттеудің пәні: бастауыш сынып оқушыларын математика сабақтарында танымдық қабілетін арттыруда дамыта оқыту әдістемелік жүйесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер бастауыш сыныпта математиканы оқыту барысында дамыта оқыту технологиясы жүйелі түрде қолданылып отырса, онда оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген қызығушылығы артып, өз бетімен білім алуға ынталанады, өйткені, дамыта оқыту оқушыларды жан - жақты дамытып, өз ойын айтуға, өз бетімен қойылған мақсатқа жетуге, сонымен қатар ой қорытындысын жасауға итермелейді.
Болжам дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін анықтаудан тұрады.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық тұрғыдан негіздеп, ғылыми-әдістемесінің жүйесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
Ғылыми жұмыстың алға қойған мақсаты, пәні және жұмыс болжамы бірқатар міндеттер ді шешуді көздейді:
- бастауыш сынып математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың теориялық негіздерін анықтау;
- бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықтау және ғылыми - әдістемелік жүйесін құру;
- бастауыш сынып математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік - экспериментте дәлелдеп, ғылыми - әдістемелік нұсқаулар беру.
- бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптарды анықтау;
Зерттеудің жетекші идеясы : мектептің бастауыш сатысында дамыта оқыту технологиясын қолдану оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға негіз болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілетін дамыта оқыту технологиясы арқылы арттыру жөніндегі зерттеулердің тақырып тұрғысынан талданып, жіктелуі;
- оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының жолдары мен бағыттары және әдістемелік жүйесі.
- бастауыш математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға арналған әдістемелік құралдар пакеті және оларды қолдану әдістемесі.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі :
Дамыта оқыту мәселесі оқушылардың танымдық қабілетін негізге ала отырып талданды:
- бастауыш мектепте оқушылардың танымдық қабілетін дамытудың теориялық негіздері анықталды;
- бастауыш сынып оқушылардың танымдық қабілетін арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық шарттарын анықталып, ғылыми - әдістемелік жүйесі құрылды;
- бастауыш сынып математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушыларының танымдық қабілетін арттыруды тәжірибелік - экспериментте дәлелденіп, ғылыми - әдістемелік нұсқаулар берілді.
- бастауыш мектептегі дамытушы сабақтарды ұштастыруға қойылатын талаптар анықталды.
Зерттеудің әдістері: қарастырылып отырған мәселелерге байланысты психологиялық, педагогикалық, философиялық және әдістемелік еңбектермен оқып танысу және оларға талдау жасау;
- бастауыш сынып математикасы пәні бойынша жасалған оқу бағдарламаларын, оқулықтарды талдау;
- дамыта оқыту технологиясы жөніндегі озат педагогикалық тәжірибелермен танысу;
- оқушылардың даму үрдісін бақылау;
- мектеп құжаттарымен танысу және оларды сараптау;
- оқушылардың жұмыстарының нәтижесін талдау,
- тәжірибелік - эксперименттік жұмыс жүргізу және қорытындылау.
Жұмыстың жариялануы мен сарапталуы: з ерттеудің негізгі тұжырымдары халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды, эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Зерттеу тақырыбына орай басылымдарда жарық көретін болады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог - ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде. Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бір формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А. И. Берг, В. П. Беспалько, Б. С. Блум, М. В. Кларин, И. Я. Лернер, В. Оконь, Б. Скинлер, Н. Ф. Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.
Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занковтың зерттеулерінде, жеке бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш. А. Амонашвили, Е. В. Бондаревская еңбектерінде жекелеп, даралап, саралап оқыту технологиясы А. А. Бударный, Д. Б. Вендеровская, И. Э. Унт еңбектерінде жан - жақты зерттелген. Қазіргі кезде қай салада да маңызға ие болып отырған ақпараттық технологияның мәні, мазмұны, қолданылуы және оны оқу процесіне енгізу мәселесі Б. С. Гершунский, Ж. А. Қараев, Н. Шахмаев сынды ғалымдар еңбектерінің өзегіне айналып отыр.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезеңде - тәжірибелі - ізденіс жұмыстары, зерттеу тақырыбы негізінде философиялық, психологиялық - педагогикалық әдебиеттерді ғылыми - теориялық зерттеу жүзеге асырылды; зерттеудің ғылыми аппараты даярланды; бастауыш мектептің оқу үдерісіндегі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық ерекшеліктері анықталды; анықтаушы тәжірибенің нәтижелері бойынша, қоғамдық өзгерістерді ескере келе, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері нақтыланды, анықтау экспериментінің нәтижелері өңделді.
Екінші кезеңде - теориялық - әдістемелік тұрғыдағы жұмыстар; бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс - әрекетінің әдістемесі әзірленді; оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға байланысты математика сабағы бойынша оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары талданып, танымдық қабілетті арттырудағы дамыта оқыту технологиясының педагогикалық мүмкіндіктері зерделенді.
Үшінші кезеңде - эксперименталды - қорытындылау - жұмыстары; тәжірибелік - педагогикалық жұмыстардың зерттеу нәтижелері жүйеге келтірілді; пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді; тұтас зерттеу бойынша қорытынды жасалды.
Жұмыстың практикалық мәні: бастауыш сынып үрдісіндегі математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың әдістемесі дайындалып, бүгінгі күні математика оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселені жүзеге асыруда нақты қадам жасалды. Зерттеу жұмысының материалдарын бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламаларын құру, оқулықтар мен құралдарды жетілдіру бойынша арнайы курс, семинарлар дайындау барысында қолдануға болады. Зерттеу нәтижелерін «Бастауыш мектеп педагогикасы», «Бастауыш мектепте математиканы оқытудың теориясы мен технологиясы» курстарының мазмұны тарау ретінде енгізуге болады.
Қорғауға ұсынылған зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар дәйектемелелік тұрғыда негізделуімен, теориялық мәселені шешудің біртұтас жүйесімен, зерттеудің мақсатына, міндетіне, ізденіс логикасына сай жалпы ғылыми және нақтылы әдістердің бірлігімен, педагогикалық тәжірибеден алынған оң нәтижелерінің дәлелденуімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу базасы: Атырау қаласы, Жұмыскер поселкесі, Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектебі.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: диссертациялық жұмыс 80 бетте жазылған, кіріспе, екі тарау, 3 сурет, 4 кесте, қорытынды және пайдаланған 46 әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, проблемасы қойылып, негізгі аппараты: зерттеу мақсаты, нысаны, ғылыми болжамы, міндеттері берілген.
Бірінші тарау «Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері» деп аталады. Бұл тараудын бірінші тармағында оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздері мәселелері туралы зерттеулерге ғылыми-педагогикалық тұрғыда талдау жасалды. Тараудың бірінші тармағында дамыта оқыту технологиясының педагогикалық-психологиялық алғы-шарттары қарастырылды. Зерттеу тақырыбына сәйкес дамыта оқыту теориясының ерекшелігіне тоқталдық. Дамыта оқыту жүйесі - оқушының жалпы дамуын қамтамасыз ете отырып, оның өз бетімен шығармашылық бағытта ізденіп және соған кең жол ашатын жүйе. Сол себепті әртүрлі есептер дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың танымдық, ақыл- ой, шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлкен жол ашады.
Жалпы зерттеу барысында математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің бірі екенін байқадық. Сонымен қатар оны жүзеге асырудың математика сабағында мол мүмкіншілігі бар екені анықталды. Осы жағдайларға байланыты эксперименттің мақсаты айқындалды.
Зерттеу жұмысының екінші тармағында «Бастауыш математика сабақтарында дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру» деп аталады. Бұл тараудың бірінші тармағында дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері қарастырылады. Қазіргі оқулықтар оқу әрекеті жүйесімен жазылғандықтан, оқушының негізгі құралына айналып, өздігінен ізденудің көзі болды. Бұдан мұғалім қызметі жеңілдеді деген пікір тумауы керек, керісінше, оқу үрдісінде өтіп жойылған психологиялық-педагогикалық жағдайларды бірден танып, әр оқушы ерекшелігіне қарай оқу әрекетін шебер ұйымдастырушы психолог- мұғалім болу жауапкершілігі артып отыр.
Зерттеу жұмысының екінші тарауының үшінші тармағында «Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың әдістемелік негізі» деп аталады. Зерттеу барысында математика сабағында оқушылардың танымдық қабілетін дамыта оқытудың қазіргі жай-күйін білу мақсатында бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламалары мен оқулықтарына, оқу-әдістемелік кешеніне талдау жасалынды. Бақылау сыныптарындағы математика сабақтарына қатынаса отырып, оқушылармен, мұғалімдермен қажет кезінде ата-аналармен әңгіме-семинарлар ұйымдастырылды. Оқушыларға сауалнамалар тарату арқылы оқушылардың қабілетін, танымдық қабілетінің деңгейін анықтауға мүмкіндік туды. Зерттеу барысында сабақты жан-жақты, түрлендіре ұйымдастырып тиімді әдіс-тәсілдерді топтастыра қолданып жүрген озат тәжірибелі мұғалімдердің де сабақтарына қатысып, талдау жасалынды. Алайда мұндай сабақтардың үлгісі заман талабына сай өз бетімен талпыныс жасап жүрген кейбір мұғалімдердің тәжірибесінде ғана кездесетіндігі байқалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі білім беруді жақсартумен педагогикалық, технологиялық, психологиялық жаңалықтармен байытуға тиісті қазіргі оқу әрекетінің құралдарымен оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту мәселелерінің объективті қажеттілігіне негізделген. Екінші тараудың бірінші тармағында дамыта оқыту технологиясын қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына әсері қарастырылды. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде актуальды проблемалардың бірі болып отыр. Оқушылардың негізгі әрекеттерінің түрі - оқу болғандықтан, бұл заңды. Мектеп алдында тұрған жасөспірім ұрпақты өмірдің сан - саласында еңбек етуге әзірлеу, ғылыми - техникалық прогреске белсене қатысу сияқты негізгі міндеттер осы процесс барысында шешілмек.
Тараудың екінші тармағында зерттеу жұмысының эксперименттік бөлімі қорытындыланды. Бақылау және эксперименттік топтардың салыстырмалы көрсеткіштері анықталды. Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысының барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар дәйектемелердің әдіснамалық негізделуімен, теориялық түбегейлігімен, қойылған мәселені шешудің біртұтас жүйесімен, зерттеудің мақсатына, міндетіне, ізденіс логикасына сай жалпы ғылыми және нақтылы әдістердің бірлігімен, педагогикалық тәжірибеден алынған оң нәтижелермен дәлелденіп, негізделді.
1. Дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері
- Оқытудың жаңа технологияларының теориясы және әдіснамалық негіздері
Қазіргі білім беру жоғарғы технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпыадамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъект - субъекті қарым - қатынастың басымдық танытумен байланысты туындауда. Осыған орай соңғы онжылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесінде түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірибеде сыналуда.
Қазіргі кезде технологиялық прогресс әлеуметтік үрдіске ететін неғұрлым маңызды фактор болып табылады. Педагогикалық білім берудің технологиясын жақсарту - қоғамның мәдени сана - сезімін және оның экономикалық байлығын қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Білім беру жүйесінде оқыту технологиясын қолдануды үнемі жетілдіріп отыру үшін психологиялық - педагогикалық бағалау өлшемдерінің модификациясы мен оқушылардың дайындық деңгейінің, білім берудің мақсаты мен оқытудың шарттарының, сонымен қатар пәнді оқытудың құралдарының негізі қалануы керек.
Қоғам өмірінің кенеттен өзгерісі мен білім беру жүйесінің, білім беру мақсаты мен формаларының, оқыту мазмұны мен технологиясының арасындағы сәйкессіздік білім беру жүйесінің дағдарысқа ұшырауына соқтырды. Білім беру жүйесіне әсер ететін:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz