Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін дамыту

Орындаған: Педагогика және психология
мамандығының 1 курс студенті
Тексерген: аға оқытушы

Орал - 2012ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Оқушылардың есте сақтау қабілеттілігі мен психологиялық негіздері
1.1. Бастауыш мектеп окушыларында ес процесінің даму
ерекшеліктері ... ..6
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерінің психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...10
ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін
дамытуға арналған жаттығулар
2.1.Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.1. Есте сақтауды зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..35

Кіріспе
Бастауыш мектеп жасында ес те басқа да психикалық процестер сияққы
түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бала есі біртіндеп ырықтылық сипатқа
иеленіп, саналы меңгеріліп және жанамалана бастайды.
Қабілеттік функцияларының қайта құрылуы, оның эффективтілігіне
қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оқу іс-әрекетінде
пайда болатын әр тұрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оқу
барысындағы маңыздылығын П.П. Блонский былай жазды, "оқушының негізгі
қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы – ойлаушы
ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және
нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру". Ойланушы ес –
логикалық ес. Енді бала көп нәрсені есте сақтауға, материалды жаттауға,
сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта
білуі керек. Баланың есте сақтай білмеуі, оның оқу іс-әрекетіне, ең соңында
мектептегі оқуға деген қатынасына әсерін тигізеді.
Бұрынғы кеңес үкіметінде психодиагностика әдістерінің дамуы 30-50
жылға тоқтап қалғанымен, қазіргі кезде психодиагностикалық әдістерді жасау
жаңа сатыға көтерілген. Психодиагностика мәселесін шешу, оның жекелеген
құраушылары арасындағы қатынасты қарауды көздейді: мұғалім (диагност),
оқушы (оның қабілеттері), тест 1, 2.
В.В.Кочетков диагностикалық әдістерді екі топқа бөледі:
1. окудың жемістілігін анықтайтын әдістер (оқушының үлгерімін
бағалайтын дәстүрлі әдістер);
2. педагогикалық процестің қатысушыларының қабілеттерін
диагностикалайтын әдістер (мысалы: ақыл-ой дарындылығының коэффиценті)
Сонымен қатар ол, бұл әдістердің қазіргі талаптарды қанағаттандырмайтынын
және оларды қайта қарау керектігін айтады. 2
"Егер бұрындары бастауыш сынып мұғалімдері ең алдымен "балаларды
окуға, жазуға, санауға" үйретуі керек болса, қазіргі кезде бұл жеткіліксіз.
Қазіргі бастауыш сынып мұғалімі дәстүрлі мәселелерді шешумен қатар,
балаларды оқуға үйретумен бірге, олардың қабілеттерін дамытуға, оқушының
жеке басында керек сапаларды калыптастыруы керек" 3. Дифференциалды
ес психологиясы, есті зерттеуде көптеген әдістерге ие болғанымен, оларды
оқу іс-әрекетінде ғылыми-практикалық қолдану өте күрделі мәселе болып
табылады.
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында
мектептерде тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның
қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Бала қабілеттерін жетілдіруге
бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы,
қазіргі танда оқушылар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау
мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектептерді
психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Ал, қазіргі уақытта В.Д.Шадриков көрсеткендей ес дамуының бірнеше
бағыттарын байқауға болады: Ес – психикалық процесс ретінде: мұнда
мнемикалық операциялар мен есте сақтау сатылары, естің ауыспалы процестері
көрсетіледі және есті есте сақтау, қайта жаңғырту, тану, есте тұту,
ұмытумен сипаттайды;
Ес – ақпаратты есте ұстайтын, сақтайтын, қайта жаңғыртатын
психикалық функция. Есте сақтау көлемі, қайта жаңғыртуы, ес жылдамдығы
және т.б. нәтижелік жағы талданып тіркеледі.
Ес – тек тәжиірбенің жиналып, сақталу міндеттерімен ғана емес іс-
әрекет жүйесін ұйымдастыруда, уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер
жоспарының арақатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы болып табылады.
5.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін
диагностикалау ерекшеліктері.
Зерттеу міндеттері:
- Есте сақтау қабілеттері жайлы теорияларға талдау жасау;
- Есте сақтау қабілеттердің операционалды даму деңгейі мен сапалық
құрылымын анықтау;
- есте сақтау қабілеттердің функционалды даму деңгейін
анықтау;
Зерттеу объектісі: бастауыш сынып окушыларының қабілеттері.
Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі есте сақтау қабілеттер мазмұны мен
құрылымының диагностикасы.
Ғылыми болжам: бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін
дамыту, олардың есте сақтау өнімділікгерін арттыра отырып білім сапасын
жоғарылатады. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту
табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік
пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, есте сақтау
өнімділігін арттыруға бағытталған жаттығулар, бастауыш сынып оқушыларында
жанама есте сақтауды қалыптастыру, яғни есте сақтау үшін қосымша құралдарды
пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеудің теориялық мәні: балалар психологиясының ерекшеліктерін
зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі
теорияларды зерттеу негіз болды (В.Д.Шадриков, С.А.Изюмова, Т.В.Зотова,
Л.В.Черомошкина).
Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-
әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау;
ата–аналар және мұғалімдермен әңгіме, сұхбат жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Оқушылардың есте сақтау қабілеттілігі мен
психологиялық негіздері
1.1. Бастауыш мектеп окушыларында ес процесінің
даму ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының механикалық естері мен ойлаулары арасында
тығыз байланыс бар деуге негіздер жеткілікті. Кез-келген материалды
меңгеруде бұл жастағы балалар есте сақтаудың логикалық тәсілінен гөрі
механикалық тәсіліне көбірек сүйенеді. Балалардың механикалық есте сақтауға
ден қоюы, оның өмірлік тәжиірбесі мен білімінің аздығынан, негізгі ойлау
операцияларының қалыптасуының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі. Мұның өзі
логикалық естің дамуы мен қалыптасуына кедергі келтіреді. Сондықтан 1-ші
сынып оқушыларын логикалық ес тәсілдеріне үйретпесе де, оларда білім
меңгеру жылдамдығы мен тездігінде айтарлықтай индивидуалды айырмашылықтар
байқалады .
Бірінші сыныптағыларда, бала үшін өз өмірінің эмоцияға бай мәліметтері
мен оқиғаларын тіркейтін ырықсыз ес жақсы дамыған. Бірақ бірінші сынып
оқушылары мектептегінің бәрін есінде сақтауға тиісті емес. Сондықтан тура
ес жеткіліксіз болады 26.
Қабілеттік процестердің дамуының ең басты шарты, баланың мектеп
сабақтарына қызығушылығы, оның белсенділігі, жоғарғы танымдық мотивациясы
екенінде дау жоқ.
Бірақ бала есінің дамуына тек есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар
ғана емес, соңдай-ақ сабаққа, жекеленген пәндерге деген қызығушылығын
қалыптастыруға байланысты көзқарастар даулы болды. Тәжірибе жоғарғы
психикалық функциялар ретінде ырықты естің дамуына тек бір ғана
қызығушылықтың аздық ететінін көрсетеді. Бастауыш мектеп жасында естің
жетілуі ең алдымен оқу іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды
ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі тәсілдер мен стратегияларды
меңгеруге негізделеді. Бірақ осындай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған
арнайы жұмыссыз олар стихиялы қалыптасады, жиі өнімсіз болады.
Бастауыш мектеп жасында балалардың ырықсыз есте сақтау қабілеттері,
осы кезең бойында әркелкі және І-ІІ және ІІІ-ІҮ сынып оқушыларында
айтарлықтай ажыратылады. 7-8 жастағы балалар үшін материадды ұғына,
ұйымдастыра есте сақтағаннан гөрі, оны ешқандай есте сақтау құралдарынсыз
өте жеңіл есте ұстаулары тән. Сыналушылардың көпшілігі қалай есте
сақтаудың, есте сақтау процесінде не туралы ойладың, деген сұрақтарға көп
жағдайларда жай ғана есте сақтадым, деп жауап береді Мұның өзі естің
нәтижелік жағына да әсер етеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін бірдеңе
арқылы есте сақтағаннан гөрі, тек есте сақтау керек деген бағыттылықты
орындаған жеңіл 24.
Оқу есептерінің барған сайын күрделенуімен, тек есте сақтау керек
деген бағыттылықтың өзін ақтамауы, баланы есті ұйымдастыруы үшін басқа
тәсілдерді іздеуге мәжбүр етеді. Мұндай тәсіл, көбіне механикалық есте
сақтауды қамтамасыз ететін қайталау болып табылады.
Бастауыш сыныптарда оқушылардан тек көлемі жағынан шағын материалды
қайта жаңғырту керектігі талап етілгенде, мұндай есте сақтау тәсілі оқу
жүктемесімен орындалады. Бірақ бұл көбіне окушыларда мектепте оку кезінде
есте сақтаудың жалғыз тәсілі болып қалады. Бұл ең алдымен бастауыш мектеп
жасында, баланы мағыналы есте сақтауға үйретпегеннен, оның логикалық есінің
дұрыс қалыптаспауына байланысты.
Есте сақтаудың ойлау тәсілдері ретінде мағыналы сәйкестендіру,
классификация, мағыналы негіздерді бөліп көрсету, жоспар жасау және т.б.
қолданылуы мүмкін
Бастауыш мектеп окушыларында осы тәсілдердің қалыптасу мүмкіндіктерін
зерттеуге бағытталған арнайы зерттеулер, мнемикалық тәсілдерге үйретудің
негізінде ойлау әрекеті жататындығын көрсетеді. Ол екі сатыны біріктіруі
керек: 1) ойлау әрекетінің өзінің қалыптасуы; 2) оны мнемикалық тәсіл (есте
сақтау құралы) ретінде қолдану 28.
Осылайша материалды есте сақтау үшін классификация тәсілін қолданбас
бұрын классификацияның өзін ойлау әрекеті ретінде меңгеру керек.
Бастауыш мектеп жасының әр кезеңінде оқушылардың мағыналы есте сақтау
тәсілдерінің динамикасын байқауға болады: егер екінші сыныпта олардың өз
бетінше қолдану қажеттілігі пайда болмаса, бастауыш мектептің соңына қарай
балалардың өзі оқу материалымен жұмыс істеу барысында, есте сақтаудың жаңа
тәсілдерін іздей бастайды.
Бастауыш мектеп окушыларының ырықты естерінің дамуында, осы жаста есте
сақтаудың белгілік және символдық құралдарды меңгерумен байланысты, ең
алдымен жазбаша жазу немесе сөйлеу және сурет салумен байланыстағы бір
аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Жазбаша сөйлеуді (3-ші сыныпқа қарай) меңгеруіне қарай балалар белгілі
құралдар ретінде сөйлеуді пайдаланып жанама есте сақтауды меңгереді. Бірақ
бұл процесте бастауыш мектеп оқушыларында тура есте сақтау мен еске түсіру
механизмдерінің ырықты формаларының қалыптасуының жауапты сатысында
басқарылмай стихиялы өтеді. Жазбаша сөйлеудің қалыптасуы мәтінді жай ғана
қайта жаңғырту талап етілгенде емес, соның астарын ұқтыру жағдайында
эффектілі жүреді. Сондықтан жазбаша сөйлеуді меңгеруде мәтінді мазмұндамай,
оны ойдан шығару керек. Балалар үшін сөз туындатудың ең адекватты түрі
ертегі құрастыру болып табылады. Бастауыш мектеп жасы ырықты есте сақтаудың
жоғарғы формасы дамуы үшін сензитивті болып табылады. Сондықтан мнемикалық
іс-әрекетті меңгеруге мақсатты бағытталған дамыту жұмыстары бұл кезде ең
эффективті болып табылады.
Оның ең маңызды шарты, бала есінің индивидуалды сипаттарын ескеру
болып табылады: оның көлемі, модалділігі (көру, есту, моторлы) және т.б.
Бірақ бұдан тәуелсіз әр бала эффективті есте сақтаудың негізгі ережелерін
меңгеруі керек: материалды дұрыс әрі жақсы есте сақтау үшін онымен белсенді
жұмыс жүргізу және оны қалай да ұйымдастыру керек. 27
Оқу iс-әрекеті психологиялық диагностика процесі ретінде елестетіледі.
Оқу мәселелері (ауызша, жазбаша, ой жұмысы, бақылау жұмысы) диагностиканың
қандай психологиялық процеске бағытталғаны тұрғысынан талданады.
Жасқа байланысты ес өнімділігінің көрсеткіштері өзгеріп отырады.
Ересек оқушыларға қарағанда бастауыш мектеп оқушыларының ес өнімділігін
көруге болады. Олар тез шаршайды. Мектеп өмірінің алғашқы 3-4 жылында
қайталауға көп көңіл бөлінуі керек, себебі бастауыш мектеп оқушылары әлі
материалды өндеу тәсілдерін дұрыс білмегендіктен, оларға есте сақтау үшін
ассоциацияларды табу қиынға соғады.
"Психикалық процестерді зерттеу (немесе функцияларды) олардың бір-
бірімен тығыз байланыста және бір-біріне ауыспалы екенін көрсетеді. Мысалы:
қабылдауды қарастырсаң оны естен, ойлаудан, эмоциялардан және т.б.
оқшаулауға жағдай жасаудың мүмкін еместігін көреміз. Реалды қабылдау
процесіне ес те, ойлау да және т.б. кіреді", деп жазды Б.Ф. Ломов 11.
В.Д.Шадриков ұсынған танымдық қабілеттер құрылымы, олардың
диагностикалық процедурасын да анықтайды. Нақтылы қабілетке сипаттама беру,
тек оның басқа қабілеттермен өзара байланысын ескергенде ғана мүмкін.
Мұндай диагностиканы практикада жүргізу мүмкін бе? Ол тым күрделі болмай
ма? Мұндай процедура қандай болу керек?, деген сүрақтарға, ол
эксперименталды тәжиірбелерге сүйене отырып, мұндай процедураларды
жүргізуге болатынын айтады. Ол үшін алдымен әр танымдық қабілеттерді
диагностикалап, сонан кейін алынған нәтижелерді регрессиялы талдау керек.
Нәтижесінде бір қабілеттің басқаларымен байланысын бейнелейтін регрессия
теңсіздік матрицасы шығады. Диагностикалаудың бұл тәсілі оларды талдаудың
жаңа сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді. Қабілеттер өз табиғатынан
динамикалы. Ол үнемі қозғалыста дамиды. 5

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерінің психологиялық
ерекшеліктері
Қабілеттердің қалыптасуы мен дамуы диагностикалық құралдарды
жасаудағы негізгі сүрақ. Ес психологиясы тарихқа бай екендігі баршаға
мәлім. Егер ес процестерін түсінуге ретроспективті қарар болсақ, онда оның
құрылымын әртүрлі көзқарастар тұрғысынан анықтауға жасалған көптеген
талпыныстарды көреміз. Абстрактілі-теорилық трактовкадағы есті із ретінде
қарастырудан ес психологиясындағы іс-әрекет бағытына дейін есті зерттеудегі
шешуші қозғалысты іс-әрекет пен психиканың бірлігі туралы диалектико-
материалистік методологияның ортаңғы принципін тарату негізінде жүзеге
асты.
20-шы жылдардың аяғында ес процестерін талдаудың жаңа бағыты байқалды
(П.Жане, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н.Леонтьевтің
еңбектері). Есті әлеуметтік-генетикалық талдаған П.Жане болды. "Ес
эволюциясы мен уақыт ұғымы" (1928) еңбегінде П.Жане адам есінің
психологиялық механизмдерін қарастырады. П.Жане бойынша естің жоғарғы
формасы "жоқка әлеуметік реакция" жоқты жеңудегі ерекше әрекет болып
табылады 13.
Қазіргі мінез-құлықта алдыңғы тәжірибенің қатысуы мен пайдаланылуы
есті білдіретіндігі туралы ой Л.С.Выготскийге жатады. Бұл көзқарас
тұрғысынан ес реакцияны сақтау мен қайта жаңғырту кезінде іс-әрекетті
береді. Бұл ойды Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р.Лурия эксперименталды
дамытты.
А.Н. Леонтьевтің "Ес дамуы" (1931) Л.С.Выготскийдің айтуынша
"естің дамуы оның қасиетімен түсіндірілмей, оның дамуы қасиетінен шықты"
деген алғашқы зерттеу жұмысы еді. Бұл жоғары психикалық функциялардың
жанамалылығы мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды.
Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне, кішкентайдан
орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта
мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің
көрінуінен байқалады. А.Н.Леонтьев "даму параллелограмы" деген атпен
белгілі зандылықта нақтыланған сыртқы құралдардың "айналуы" мен есте сақтау
тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды. Бұл заңдылық тура және жанама
есте сақтау өнімділігіне де кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай
біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға
қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады.
А.Н.Леонтьев Егер адамға есте сақтауға көмектесетін психологиялық
процестер мен операциялардың генетикалық ауысуын және ес даму тарихының
реалды мазмұнын құрайтынын қарайтын болсақ, онда екі әр түрлі естердің –
логикалық және механикалық естердің барлығы туралы ескі түсінікті бірегей
функцияның бірегей процесс дамуы алмастыратындығы ашылады, деп жазды.
А.Н.Леонтьевтің ойынша, ес даму процесінің мәні, мінез-құлықтың жоғарғы
даму кезеңінде ерекше биологиялық қасиет ретіндегі естің орнына, адамның
әлеуметтік өмір сүру жағдайында ес орындайтын функцияны атқаратын, яғни
есте сақтауды жүзеге асыратын психикалық процестердің күрделі функционалды
жүйесінің қалыптасуы болып табылады. 15
Есті әрекет немесе іс-әрекет ретінде түсіну 20-30-шы жылдардағы ес
психологиясының мәнді жетістігі болып табылады. Осыған орай П.И.Зинченко,
осы көзқарастардың арқасында, Г.Эббингауз сияқты есте сақтау нәтижелерін
ғана емес, сондай-ақ есте сақтаудың іс-әрекеті мен оның ішкі құрылысын да
зерттеу мүмкін болды, деп жазды. Ес тарихи дамушы пәндік іс-әрекет өнімі
ретінде қарастырылды, яғни ес зерттеу пәні, ал іс-әрекет оның дамуы мен
қызметінің түсіндіруші принцип ретіндегі мәні бар жаңа методологиялық бағыт
қалыптасты.
Ес құрылымына "стимул – құралды" енгізу тек процестің құрылымын
толығымен қарастыруға ғана емес, оның құрамын да қайта қарастыруға әкелді.
Одан әрі ес мәселесін зерттеуге соңғысы өз әсерін тигізді. П.И. Зинченко,
А.А. Смирнов еңбектерінде есте сақтаудың әр түрлері негізінде жатқан
процестерді құрылымдық-функционалды талдау мәселесі қойылған. П.И. Зинченко
ырықсыз есте сақтау өз дамуында арнайы әрекет сияқты, осы психикалық
әрекеттің реалды мазмұнын кұрайтын: есте сақтаудың заты, мақсаты, мотиві,
құралдарының сипатына қарай әр түрлі формаға ие болады, деп жазды. Есте
сақтау кұрылымы осы компоненттердің ауысу сипатына қарай өзгереді. Бірақ,
есте сақтау сипаты жекеленген компоненттердің өзгеруіне емес, бүкіл есте
сақтау құрылымының өзгеруіне байланыстылығын П.И.Зинченко атап көрсетеді.
Сонымен, естің эксперименталды зерттеулерінде екі бағыт: есті із
ретінде (Г.Эббингауз және т.б.) және есті әрекет ретінде зерттеу айқын
көрінетінін айтуға болады, Екінші бағытта есте сақтау процесіне қатысты:
А.Н. Леонтьев, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов; еске түсіру процесіне қатысты –
Ф. Бартлетт, П.И. Зинченко, А.А. Смирнов эксперименталды таратушылар болса,
ал есті әрекет ретінде зерттеу бағдарламасын алғаш Ж. Пиаже ұсынды. Отандық
және европалық психологияға күшті әсер еткен ес психологиясы мәселесіне іс-
әрекеттік тұрғыдан құрау туралы айтар болсақ, осы бағыт төңірегінде
орындалған зерттеулерді талдай отырып, екі мәселенің көрінетінін айтпай
кетуге болмайды: ес және іс-әрекет және ес іс-әрекет ретінде. Л.С.
Выготскийдің ес "осы сөздің толық мағынасында" іс-әрекетті береді, деген
ойы соңынан "ес және іс-әрекет" мәселесін көтерген бірқатар зерттеулерді
ерткенімен, бірақ ес – динамикалық құрылымға ие, күрделі функция деп
аталды.
Бірқатар авторлар, 60-шы жылдардың басына қарай ес психологиясы
мәселесі басқа психикалық процестерді немесе іс-әрекеттер: ойын, оқу,
еңбек, спорт түрлерін қарастырумен астасып кетті. Осыған орай, ес
қызметінің көптеген заңдылықтары белгілі болды. Ес процесінің ойлау,
қабылдау, жеке адамның еріктік, эмоционалды, мотивациялық жағдайларымен
байланысына жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, есте сақтауды қалай
ұйымдастыруға болады? оқушыларды қандай құралдармен қаруландыру керек?
деген сияқты көптеген сұрақтарға жауап беру мүмкін болды.
А.А.Смирнов "есте сақтауда түсінудің ролі жалпыға белгілі", деп жаза
отырып, материалды терең, әрі айқын түсіну құралы ретінде көрінетін есте
сақтау мен ойлау процестерінің байланысын көрсетеді . Одан әрi А.А.Смирнов
ойлау әрекеті "өзінің әр алуан және күрделі көріністерінде" қайта
жаңғыртудың психологиялық ядросын құрайды, деп дәлелдейді. Есте сақтаудың
қарқындылығы үшін ойлау белсенділігінің маңызды ролі П.И. Зинченко, А.Н.
Шлышкованың жұмыстарында бекітілді. Бұл зерттеулердің логикасы авторларды,
ойлау әрекетінің өзін қарастыруға әкелді. Ойлау процестерін зерттеу
логикасы Ж. Пиаже мен Б. Инельдерді ес процестерін зерттеуге әкелді.
Зерттеушілер көрсеткеніндей, еске түсіру кұрылымы субъект меңгеретін
қабілет пен естің оперативті бірліктеріне тәуелді. Ж. Пиаже мен Б. Инельдер
есті ұйымдастыру ой схемасы деңгейіне қатысты өзгеріп, индивидтің
интеллектісімен бірге дамуы керек, деген қорытындыға келді. Қысқа мерзімді
есті зерттеуге арналған П.И.Зинченко, Б.М. Величковский, Г.Г. Вучетич
еңбектері "қысқа мерзімді есті зерттеуде алынған ақпараттың қайта құрылуы,
ақпараттық шешімді даярлауда, мәселелік жағдайдың бейнелік-концептуалды
моделін калыптастыруда мәнді роль атқаратынын" көрсетті.
Б.Г. Ананьевтің басшылығымен жүргізілген зертеулерде ес басқа
психикалық функциялармен: зейін, ойлаумен және Д.Векслердің тестер
жинағымен анықталған жалпы интеллектуалды даму деңгейімен байланысты
зерттелінді. Естің басқа психикалық функциялармен байланысында ұзақ
мерзімді есте тұту мен ырықты зейін арасында оң байланыстар көп болды.
К.Д. УШИНСКИЙ, Рибо, П.П.Блонский, А.А. Смирнов, С.Г. Бархатовалар
еске түсіру, есте сақтау, жеке адамның ерік-күшінің байланысын көрсетеді.
Е.С. Маклах және И.А. Рапорттың ес ерекшеліктері мен жеке адам
ерекшеліктері арасындағы нақтылы байланыстарды анықтауға бағытталған
зерттеулері, жоғары мектеп оқушыларында ұзақ мерзімді есте сақтаудың дамуы,
жеке адамның еріктік сапаларының дамуымен байланысты екенін көрсетті. А.И.
Липкина өзін-өзі бағалауында әр түрлі адамдардың мнемикалық іс-әрекеттеін
зерттей отырып, жеке адамның өзін-өзі бағалау сипаты мнемикалық есептердің
нәтижесін шешуге әсер ететінін көрсеті.
Операционалды механизмдердің зерттелуі А.А. Смирновтың (Е.К. Матлин,
К.П. Мальцев, А.И. Липкина, Э.А. Фарапонова және т.б) басшылығымен
жүргізілген жұмыстарда барынша көрсетілген.
Вербалды және бейнелік есті экспериментті зертгеу негізінде Э.А.
Фарапонова, материалды есте сақтаудың әртүрлі тәсілдерін қолдану,
мнемикалық іс-әрекеттердің жас айырмашылықтарына байланысты, деп қорытынды
жасайды.
В.И.Самохвалова, К.П.Мальцев, З.М.Истомина жүргізген мектеп жасына
дейінгілердің классификация, мәтін жоспарын жасау, мағыналы сәйкестендіру
есте сақтау тәсілдерінің қалыптасуын зерттеулері, есте сақтау тәсілдерінің
қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жақсы ұғынуға мүмкіндік береді.
Г.Г.Гордилова, И.А.Зимняя, Н.С.Магина және т.б. еңбектері естің шет
тілге деген қабілетпен байланысын қарастыруға арналған. Олардың
зерттеулерінен шет тілді меңгеруге мнемикалық қабілеттердің тікелей
қатысатынын көруге болады. И.А.Зимняя шет тілді меңгерудің сәттілігіне әсер
ететін екі индивидуалды-психологиялық көрсеткіштерді бөліп көрсетеді:
оперативті ес және ықтималды болжау. Сондай-ақ оқудың бастапқы кезеңінде ес
жетекшілік етеді.
Т.В. Зотова зерттеу нәтижелерінде қабілеттердің функционалды
механизмдері өз табиғатынан модальды, яғни әртүрлі физиологиялық негізі бар
функционалды механизмдер арқылы көру, есту, есте сақтаулары жүзеге асады.
1. Операционалды механизмдер "интермодальды", яғни, есту және көру
есте сақтауларына бірдей ортақ.
2. Есте сақтауға бөлінетін уақытты көбейту, механизмдердің есте сақтау
процесіне қосылуына оң әсерін тигізеді.
3. Материалды құрылымдық ұйымдастыру механизмдерді қолдану
деңгейіне тікелей әсер ететiндігі туралы қорытындыға келді.
Қабілеттерді құрылымдық тұрғысынан қарағанда Б.Г.Ананьевтің психикалық
функциялар механизмін комплексті қарастыру туралы идеясы үлкен
қызығушылыққа ие. Оның схемасы бойынша кұрылымдардың дамуы функционалды,
операционалды мотивтер механизмінің дамуы ретінде көрінеді. Функционалды
механизмдердің пайда болуының ең ерте кезінде филогенетикалық
программаларды жүзеге асырып, операционалды механизмдердің пайда болуына
қарай қалыптасады. Әр психикалық функцияның өз операционалды механизмдері
қалыптасады. Функционалды механизмдер мен операционалды механизмдер
арасында күрделі өзара әрекеттер бар. Операционалды механизмдердің дамуы
үшін функционалды дамудың белгілі бір деңгейі талап етіледі. Өз кезегінде
операционалды механизмдерді дамуы функционалды механизмдердің жаңа даму
фазасына ауыстырады, олардың мүмкіңдіктері прогрессивті өседі. Жүйелік
деңгейі жоғарылайды.
Б.Г.Ананьев жасаған психикалық функция механизмі концепциясында
биологиялық және әлеуметтік негіздерді сәйкестендіру мәселесін шешуге
қадамдар жасалған. Функционалды механизмдер индивидтің онтогенетикалық
эволюциясы мен адамзаттың табиғи ұйымдасуымен детерминацияланған.
Операционалды механизмдер сананың субстраты – мидың құрамында емес, олар
индивидті тәрбиелеу, оқу, оның жалпы әлеуметтену процесінде игеріліп,
нақтылы тарихи сипатқа ие болады. Қабілеттердің дамуы осы және басқа да
функцияларды жүзеге асыратын жүйенің дамуы, бұл системогенез жүйесі.
Естің индивидуалды айырмашылықтарын сипаттау үшін есте сақтаудың
нақтылығын, жылдамдығын және беріктігін индивидуалды ерекшелік ретінде
анықтап, ғылымға алғаш мнемикалық қабілет ұғымын А.А.Смирнов енгізді.
В.Д. Шадриков берген анықтама бойынша, қабілеттілік-әрекеттің өзіндік
сапалы орындалуының сәттілігінде көрінетін, айқын индивидуалды өлшемге ие,
ақпаратты есте тұту, есте саққау, ұмыту функцияларын атқаратын жүйе қасиеті
ретінде анықтауға болады.
Әдебиеттердегі мәліметтерге қарасақ, қабілеттілік функцияларының
қалыптасуы мектептегі оқу кезінде жүреді. Расында да, мектепке дейінгі
кезде ес эмоционалды толғаныстар мен көрнекті образдарға сүйенсе, ал мектеп
жылдарында әртүрлі ойлау операцияларын меңгерумен ол айтарлықтай өзгеріске
ұшырайды. Б.Г. Ананьев бойынша қабілеттердің дамуы функционалды
механизмдердің, операционалды механизмдердің, реттеуші механизмдердің
дамуының көрінісі. Қабілеттердің жалпы системогенезін былай көрсетуге
болады:
- функционалды механизмдердің дамуы,
- операционалды механизмдердің пайда болуы және дамуы,
- функционалды,операционалды механизмдер арасындағы
байланыстардың дамуы,
- реттеуші механизмдердің пайда болуы және дамуы,
- функционалды, операционалды, реттеуші механизмдер жүйесінің дамуы.
Қабілеттердің дамуын сызықты етіп көрсетуге болмайды. Операционалды
механизмдер қалыптаса отырып функционалды механизмдердің дамуына жағдай
жасайды, ал ол өз кезегінде жаңа сапалық деңгейге көтеріле отырып
операционалды механизмдердің басқаша жетілуін, дамуын стимулдайды. Адамның
өз есін игере алуы функционалды механизмдердің тоқтағанын білдірмейді.
Қабілеттер процесі үздіксіз, әрі әр келкі және гетерохронды. Мнемикалық
функциялардың қайта құрылуы, оның эффективтілігіне қойылатын
талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оку іс-әрекетінде пайда болатын
әр түрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оку барысындағы маңызын
П.П.Блонский "оқушының негізгі қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы
жастағы негізгі функциясы ойлаушы ес, яғни нені қалай есте сақтау,
ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және нені қашан еске түсіру, ойлаумен
бірге жүретін еске түсіру" деп атап көрсеткен.
Э.А. Голубеваның бірқатар зерттеулері балалар мен жасөспірімдердің
ырықты және ырықсыз ес өнімділікгеріне әсер етуші фактор ретінде нерв
жүйесінің құрылымының мәні бекітілді. Э.А.Голубеваның өзі экспериментті
түрде ес алғы шарттары арасында нерв жүйесінің икемділігі мен
тұрақтылығының айтарлықтай мәнге ие екенін дәлелдеді. Нерв жүйесі күшінің
ролі есте сақтаудың қиын жағдайларында айтарлықтай көрінеді. Салыстырмалы
түрде кең көлемді материалды есте сақтаған обьектілерді вербалды
классификациялау мүмкіндігі жағдайында жоғары маторлы естің жетістігін
көрсетеді.
Нерв жүйесінің лабилділік-инерттілік көрсеткіштерін ес өнімділігі
көрсеткіштерімен салыстырғанда ырықты және ырықсыз есте сақтау жағдайында
физиологиялық және психологиялық айнымалылар арасында анық та, айқын
статистикалық айырмашылық байқалады.
Әртүрлі материалды қолдануда лабилді сыналушылар ырықсыз есте сақтауда
жоғары ес өнімділігін көрсетсе, ырықты есте сақтауда негізінен инерттілер
жақсы ес өнімділігін көрсетеді.
Б.М.Тепловтың "инерттілік жүйелер байланыстардың
беріктігін қамтамасыз етуі мүмкін", деген гипотезасы расқа шықты.
Қабілеттерді талдау ең алдымен ақпаратты есте ұстау, есте сақтау және
қайта жаңғырту функцияларының жүзеге асуын қамтамасыз ететін ішкі
психологиялық механизмдерді қарауды көздейді. Функциялардың жүзеге асуына
мүмкіндік жасайтын ішкі психикалық механизмдер онтогенездің өте ерте
кезінде "тұрақтылық аралдары" түрінде, яғни ең қарапайым мнемикалық
кұрылымдар шоғырлары ретінде жинақталынады. Ары қарай ішкі функционалды
механизмдердің, олардың өнімділікгерінің дамуы тікелей психиканың
индивидуалды ерекшеліктерімен анықталады. Сондықтан естің әр түрінің нерв
жүйесінің жеке құрылымдарына тәуелділігі зерттеледі.
Қабілеттердің дамуы мен олардың құрылысын талдай отырып мынандай
қорытындыға келуге болады: ақпаратты ұйымдастыру, оны өңдеу немесе кодтау
тәсілдерінің бірі мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдері
ретінде көрінуі мүмкін. Ақпаратты ұйымдастыру тәсілдерінде, функционалды
механизмдермен қатарласа, өзара әрекеттесе жұмыс істеген жағдайда ғана
мнемикалық қабілеттердің операционалды механизмдері ретінде айтуға болады.
Қабілеттердің функционалды, операционалды механизмдер жүйесінің
динамикалық дамуы және жаңа операционалды механизмдердің жаңа
құрылымдарының пайда болуына қатысты ашық түрде болуы, оның құрамдас
бөліктерінің даму деңгейі мен олардың операционалды механизмдердің мүмкін
жиынымен өзара әрекет дәрежесімен анықталады.
Л.В. Черомошкина өз жұмысында, қазіргі уақыттағы мнемикалық
қабілеттердің операционалды механизмдерін зерттеудің бірнеше бағыттарын
көрсетеді:
1. Жоғары психикалық функциялардың даму механизмі ретінде,
психикалық функциялардың жанамалылығы (Л.С. Выготский, А.Н.Леонтьев);
2. Естің интерфункционалды байланыстары (өте көп
фактілер мен заңдылықтар жинаған керемет үлкен бағыт болғанымен, көбіне тек
психикалық функциялар арасындағы байланыстарды нақтылап қана қояды);
3. Мнемикалық тәсілдер (А.А.Смирнов).
Ақпаратты өңдеу тәсілдері ретінде Л.В.Черемошкина мнемикалық
қабілеттердің операционалды механизмдерінің мына түрлерін көрсетеді:
топтастыру, тірек пунктерін бөліп көрсету, мнемикалық жоспар,
классификация, құрылымдау, жүйелеу, схемалау, аналогия, мнемотехникалық
тәсілдер, қайта кодтау, есте сақтау материалын толықтыру, материалды
сериялы ұйымдастыру, ассоциация, қайталау.
Қазіргі ғылыми мәліметтер естің операционалды механизмдерінің
кұрылымының күрделілігін көрсетеді. В.Я.Ляудис мнемикалық әрекеттердің
толық кұрамын анықтауға бағытталған зерттеулерінде оның төрт операциясын
көрсетеді. Олар: категориялау, топтарды бөліп көрсету және оларды негіздеу,
топ аралық байланыстарды бөліп көрсету, топ іші байланыстарды бөліп
көрсету.
В.Д.Шадриков, Л.В.Черемошкина, В.Я.Ляудис және т.б. зерттеушілердің
еңбектеріне сүйене отырып мнемикалық қабілеттердің операционалды
механизмдерінің құрылымын былай сипаттауға болатынын көрсетеді:
категориялау, топтарды бөліп көрсету және оларды негіздеу, қабылдау мен
есте сақтау шарттарын сипаттау, шешім қабылдау, антиципация,есте сақтау мен
қайта жаңғырту бағдарламасы туралы түсінік қалыптастыру, ақпаратты сақтауда
топ аралық байланыстарды бөліп көрсету, топ іші байланыстарды бөліп
көрсету, есте сақтау мен қайта жаңғыртуды қадағалау .
Қабілеттер құрылымында операционалды механизмдердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін дамыту құралдары
Бастауыш сынып оқушыларының ақыл-ой деңгейін анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Тілдік теорияны үйрету бастауыш сынып оқушыларының есте
Бастауыш сынып оқушыларының көрі арқылы қабылдаудың ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетін, ойын арқылы жетілдіру
Оқушылардың танымдық белсенділігі күрделі процесс
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер