Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық академиясы
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті

Педагогика және психология
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту жолдары

Орындаған: Педагогика және психология
мамандығының студенті Биназарова А.Ж.
Жетекші: оқытушы Умбетова Г.М.

Орал - 2012ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау. Танымдық процестердің бірі қиял жөнінде түсінік
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының қиял процесінің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының қиялын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .12
1.3. Бала қиялын дамытудағы ертегілердің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .16
II тарау. Бастауыш сынып оқушыларының қиялын диогностикалық зерттеу
2.1 Қиялды анықтау мен дамытуға арналған әдістер мен
жаттығулар ... ... ... 20
2.2. Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілген
әдістемелер
қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..23
2.3. Балалардың қиялын ойын арқылы дамыту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .30
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

Кіріспе
Қиялдың анықтамасы мен ерекшелігінің дамуын анықтау психологияда шым-
шытырық келелі мәселе болып отыр. А.Я.Дудедскийдің дәлелдеуінше, қиялдың
анықтамасына 40 шақты әр түрлі көзқарастар айтылады, сондықтан да бұл
сұраққа жауап пікірталас күйінде. Мысалы, А.В.Брушлинский қиялды анықтаудың
қиындығы бұл процестің нақты шегі жоқтығында, сондықтан да жаңа бейнені,
образды тудыру шығармашылық ойлау үрдісінің жұмысы деген пікір айтқан.
Қиял-деп елестетулердің негізінде бұрын-соңды қабылданылмаған
заттар мен құбылыстардың жаңа бейнесін жасауын айтамыз.
Қиял – тек адамзатқа ғана тән, жаңа бейнені жасауда өткен өмір
тәжірибесі арқылы қайта жасау мүмкінділігі. Қиялдың басты міндеті – жүзеге
асырылуға дейінгі елестің нәтижесі
А.В.Запорожец, Е.И.Игнатьев, А.Л.Леонтьев, А.А.Люблинскаяның
еңбектерінде көрсетілгендей, баланың белсенділігі тек қана еңбек, ойын,
сабақта ғана емес, сонымен қатар танымдылық үрдісін де ерекше рөл атқарады.
Танымдылық процесінің ең маңыздысы болып табылатын және кез-келген
шығармашылық дүниеге кіретін іс-әрекет – қиял.
Көпшілік авторлар - Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн,
А.В.Петровскийлердің анықтауынша, қиялдың ерекшелігі жай бейнелердің
араласуында ғана емес, қиялда бейненің, заттың мазмұны – бір объектіден
басқа бейненің заттық мазмұнымен бірігуінде, қосылуында.[2]
Қиял түрлерін, олардың жасалу тәсілдерін талдап түсіндіргенде жаңа
бейнелердің жасалуы адамның іс-әрекетінен үнемі тәуелді болып отырғандығы
ерекше ескертілуі тиіс. Қиял бейнелерін жасауда әртүрлі элементтерді жаңа
бейне етіп қиыстыру, талдау, жинақтау, агглютинация, әсірелеу, акцент
жасау, схемалау, типтендіру сияқты арнайы тәсілдер қолданылатындығына оқушы
назарын баса аудару қажет. Жаңалық, сонылық, қайталанбастық –шығармашылық
(творчестволық) қиялдың елеулі белгілері, ал суреттеп жазу, техникалық
сызуларды, машина механизмдерінің сыртқы келбетін, оның бөлшектерін олардың
бір бірімен өзара қатысын, әрекеттестігін елестете алу – бұл қайта жасау
қиялының қызметінен туындайтын бейне. Қайта жасау қиялы арқылы адам
шындыққа сай, образдар беріп отырады, бұл үшін өмірден алған көрнекті
образдардың жеткілікті қоры болуы қажет екендігіне оқушы назарын баса
аудартқан дұрыс.
Бастауыш сынып оқушыларын зерттеу барысында қиялдың ерекшелігі мен
заңдылығын айқындағанда, нақ осы кезеңде оның дамитыны, қалыптастыны
белгілі болды. Кішкентай балалардың өмірінде қиялдың ерекше маңыздылығын
көрсеткен В.Ш.Штерн мен Д.Дьюрннің айтуынша, баланың қиялы үлкендердің
қиялына қарағанда байырақ, ал Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн бала
қиялының дәрежесі өте жоғары екендігін басқа да психикалық үрдіспенмен
қатар даму екпінімен салыстыру арқылы дәлелдеуге болады екен. Бүгінгі таңда
психологияда бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Сол себепті курстыө жұмысымның тақырыбын: Бастауыш
сынып оқушыларының қиялын дамыту жолдары деп алдым.
Зерттеудің өзектілігі. Қиялда басқа психикалық үрдіс нақты, баланың
жас ерекшелігіне қарай өзгеріп отырады. Т.Рибоның көрсетуінше, баланың
қиялы ақиқатты танып-білуімен байланысты, нақтырақ айтқанда, өмірдің қыр-
сырын танып-білу – қиялдың басты қайнар бұлағы. Балалардың шығармашылығын
(ертегі, өздері ойлап тапқан әңгімелері) талдай отырып, қиялдың дамуын
төмендегідей төрт ерекше кезеңдерге бөледі:
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір
заттан басқа бір затты көре бастауы);
2. Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің
байқалуы;
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың
басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
Т.Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне
байланысты дамиды дейді. Бастауыш мектеп жасындағы кезең – қиялдың тез
дамитын уақыты. Қиял балада мол емес, үлкендерге қарағанда, ол тек ойдың
даму қарқынын тездетеді.
Зерттеудің көкейкестілігі: Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы,
тәрбие мен білім мазмұнының қайта қаралуы, қиял үдірісін дамытудағы
психикалық ерекшеліктер.
Жаңа қоғамның ертеңгі болашағын оқыту мен тәрбиелеу бесіктен, баланың
нәрестелік шағынан басталады, үздіксіз ұдайы даму барысында қалыптасады.
Бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына үлкен міндеттер жүктейді.
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті
тақырыптарының бірі.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының қиялы жақсы дамыған
оқушыларды анықтап және оларды зерттеу.Қиялды психологиялық жағынан дамыту
жолдарын қарастырып жетілдіру.Оқушының бойында қиялды дамытуға басқа
адамдардың өз үлестерін қосу.
Зерттеу міндеті: - Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу
негізінде қиял үрдісін дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде қиял
үрдісін дамытудың теориялық моделін құру;
- Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінде қиялдарын
дамыту үрдісінің қосымша бағдарламасын ұсыну;
- Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс негізінде әдістемелік нұсқау
дайындау.
Зерттеу обьектісі. Жасөспірім кезең 7-9жастағы оқушыларды зерттеу.
Зерттеудің пәні: Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытудағы
психикалық ерекшеліктер.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш сынып оқушылырының қиял
үрдісін дамыту туралы ғылыми ой-пікірлер жүйеге келтіріліп, бастауыш мектеп
жасындағы балалардың қиялын дамыту мүмкіндіктері оқу-тәрбие үрдісіне
енгізілсе, онда дүниетанымы мен біліктілігі жоғары деңгейде қалыптаса
бастаған балаларды тәрбиеленуі мүмкін.
Зерттеу әдістері: Психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге ғылыми
талдау, жинақтау, қорыту, психодиагностикалық әдістемелер тәжірибелік
экспериментті өткізу барысында сауалнамалар .
Зерттеу базасы: №1 жалпы орта білім беретін мектеп.3а сынып
оқушылары.
Зерттеу нысаны. Бастауыш сынып оқушыларының қиялын анықтау. Отбасында
және мектепте бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Тәжірибелік пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, жетекшілердің ата–аналармен
жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс – шараларында қолдануға
болады.
Зерттеудің ғылыми құрлымы: Кіріспеден, теориялық және тәжірибелік
бөлімдерден және қортынды мен пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан
тұрады

I тарау. Танымдық процестердің бірі қиял жөнінде түсінік
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының қиял процесінің рөлі.
Қиял – адамның есінде сақталған қабылдау, елестету, ойлауды қайтадан
өңдеп, жаңартып, солардың негізінде жаңа бейнелер жасау. Ол еңбек
әрекетінде, әсіресе шығармашылық еңбек үстінде дамып отырады. Қиял –
ойлаумен бірге алдын-ала болжау, жаңа бір нәрсені жасау, материалдық
объектіде іске асырылатын нәрсені идеалды түрде көз алдына елестету үрдісі.
Қиял бейнелері нәтижесінде адамның шындықты, ақиқатты тануының шекарасы
кеңейіп отырады. Осы үрдістің жәрдемімен адам өзіне тікелей әсер етпеген
нәрселерді көрмеген, естімеген т.б.. танып біледі, өткендегіні,
келешектегіні, сондай-ақ басқалардың ойы мен сезімін аңғара алады.
диханшылардың, өндіріс жаңашылдарының шығармашылығы қиялсыз мүмкін емес.
[15]
Адамның іс әректі жан-жақты.Ол өзінің еңбегімен табиғаты
өзгертеді,табиғатта жоқ заттарды жасайды.Өзендердің бағытын өзгертуді,су
электро станцияларын салады,күрделі құрлыстарды іске асырады,яғни өмірі
үшін барлық қажеттілігін іске асыра алады.
Адамдар өмірінде қиялдың ерекше атқаратындығын айта келіп,көптеген
ғалымдар,жазушылар және суретшілер басымызда шын мәнінде жоқ нәрсенің
бейнесі қалай жасалатындығын түсінуге ертеден бері талпынған
болатын.Қазіргі ұшақты ойлап тапқанға дейін сиқырлы ұшқыш кілем –ұшақ
туралы халық аңыздарымен айтылған еді.адамның жаңа бейнелерді ойлап табуы
–бұл белгілі білімнің,өзгертілген және жаңарған,жетілген түрі. [3]
Қиял-адамның өте бағалы психикалық үрдісі.Қиял тек адамға тән.Қиял
еңбек үрдісінде пайда болады және дамиды. Мұғалім еңбегі де шығармашылық
сипатта болады. Ол сабақ үстінде алдындағыны қиялмен болжап тұрады.
Оқушылар да өз келешегін қиялы арқылы болжап, шамалайды.
Қиял қабылдау мен адамның елестерінде сақталған мағлұматтарға
негізделе жасалады, ол қайтадан өңделіп, жаңартылып бейнеленеді. Қиял
адамның қызығулары мен алдына қойған мақсат-мүддесіне, талап-тілегіне сай
түрліше болып келеді. Қиялдың ойлаудан өзгешелігі – көркем бейнелер арқылы
бұрынғыларды жаңадан іріктеу, қайтадан өзгерту, одан жаңа бейнелер
құрастыру. Қиялда да ойлаудағыдай проблемалық ситуация жағдайы, яғни,
мәселені көркем әдіс-тәсілдер арқылы шешу жағы қарастырылады.
Адамның білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, айқын сенімі мол
болса, оның соғұрлым шындыққа сай дұрыс қиялдауға мүмкіндігі мол болады.
Қиялда жасалатын бейнелер сөз арқылы тұжырымдалады. Қиял қызметінде
адамның жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктері көрініс береді, оған
темперамент күші де үлкен әсер етеді. Ми сыңарларында жасалатын уақытша
жүйке байланыстары, олардың қозу мен тежелуі, бір-біріне ауысуы,
қозғалғыштығы жаңа бейнелердің жасалуын қамтамасыз етеді.
Арман – қиялдың ерекше бір түрі екендігін айта келіп, әр оқушының
жарқын болашағын алдын-ала қиялдап, аңсап қана қоймай, соған жету жолында
күресе білу керектігін мықтап еске алу қажет. Бұл жерде қиялдың осы түріне
қарама-қарсы құрғақ қиял (мұң шығару) болатындығын еске салған абзал.
Шәкірттің қиял қабілетін дамыту, тәрбиелеу, оның келешекті армандай
алу қасиетін қалыптастыру – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Оқушы
қиялының дамуына мектепте алған білімі ерекше әсер етеді. Адамға деген
асқан мейірімділік, ізеттілік, тілектестік т.б. тамаша қиялсыз өрістей
алмайды. Бала қиялын дамытуға көркем әдебиет шығармаларының, музыканың,
сурет салудың, еңбек сабақтарының мәні зор. Олар бала сезімін оятады,
икемділік пен дағдысын дамытады, нақты қимылдай алуға баулиды.
Оқушы ақыл-ойын дамытуда шығармашылық қиял үрдісінің рөлі ерекше.
Қиялда адамның дүние жөніндегі елесі мен білімі, ақиқат өмірде көрген
білгендері жаңа үйлесім табады, соның негізінде адам тәжірибесінде бұрын
кездеспеген жаңа бейне жасалады. Қиялсыз шығармашылық белсенділік болуы
мүмкін емес. Оқу үрдісінде белгілі білім қорын жаңа жағдайда қолдана білу
шығармашылық қиялға сүйенеді.
Қиялдың физиологиялық механизмі өте күрделі. Үлкен ми сыңарлары
қыртысында уақытша байланыстардың жүйесі құрылады. Бұл адамның дүние туралы
елестері мен білімдерінің жиынтығынан тұрады. Уақытша байланыстар жүйесі
құбылмалы, өйткені олар үнемі толықтырылып, қайта құрылып өзгеріп отырады.
Белгілі бір ситуацияларда немесе жаңа тітіркендіргіштердің әсерімен бұл
уақытша байланыстардың ара-қатысы жаңаша қиылысып синтезделеді. Соның
нәтижесінде жаңа бейне немесе бейнелер жүйесі пайда болады. [15]
Жаңа бейненің қалыптасуын қамтамасыз ететін физиологиялық механизм
үлкен ми сыңарлары қыртысында бұрын қалыптасқан уақытша байланыстардан
тұратын жаңа үйлесімнің құрылуы.
Қиял басқа психикалық үрдістермен табиғи байланыста болады.
С.Л.Рубинштейннің ойынша, дүниені өзгертуге қандай да болса қатысы бар ой,
сезім, еріктік әрекеттерде де қиял элементтері бар. Ес, есте қалдыру, қайта
жаңғырту үрдістерінде де қиял бейнелері бар. Ес, елестер үнемі қиял
бейнелерімен толықтырылып отырады. Қабылдау, ес және қиял бейнелері өзара
әсерлесіп адамның ой тасқынында жаңа бейнелер тудырады. .[1]
Қиялдың баланың эмоциялық сезімін дамытуда да маңызы зор. Қиял әрдайым
көңіл-күймен ұштасып жатады. Егер қиял бейнелері адамның өмірлік мақсатымен
ұштасып жатса, ол адамды тұрақты көтеріңкі эмоциялық сезімге бөлейді, оның
ерік-жігерін жігерлендіреді, жаңа шығармашылық белсенділікке итермелейді.
Сондықтан да оқу үрдісінде оқушының басқа психикалық үрдістерімен
бірге өзіндік ой, қиялын дамытып отыруда мына міндеттер жүзеге асырылуға
тиіс.
1) баланың әр алуан ақыл-ой әрекетін, проблемалық, шығармашылық
ізденістерін дұрыс ұйымдастыру;
2) баланың ақыл-ой жұмысына деген дұрыс мотивтерін (білімге
құмарлық, айнала қоршаған дүниедегі, қоғамдық өмірдегі жаңаны байқай
білуге, оны түсінуге ұмтылу т.б.) қалыптастыру;
3) баланың ақыл-ой мәдениеті дағдыларын меңгеруін қамтамасыз ету;
4) әр оқушының өзінің ақыл-ой ерекшелігін білу;
5) оқу материалын баяндауда оқушылардың бұрынғы білім қорларын,
фактілерді әр жолы жаңаша көре білуін ұйымдастыру, бұрын таныс нәрсені
байқаған сайын жаңадан көріп тұрғандай сезім тудыра білу, сөйтіп, олардың
ерекше сезімталдығын тәрбиелеп отыру қажет.
Оқу үрдісін саналы ұйымдастыруда баланың ерік-жігерін, көңіл-күйін
тәрбиелеп отырудың маңызы зор. Бұл үшін мұғалім оқушының өз іс-әрекетін
саналы, мақсатты түрде ұйымдастыруын, тиісті мақсатқа жету жолында
қиындықты жеңіп отыруын қадағалаған жөн. Оқу үрдісінде әр түрлі дәрежелі,
әр сипатты қиындықтарды жеңу үстінде оқушының, ерік-жігері шынығады, ол
жетістіктер оқушыны жаңа мақсатқа, жаңа әрекетке итермелейді, сөйтіп оқушы
ақыл-ой, ерік-жігер, моральдық дамудың жаңа дәрежесіне көтеріледі.
Көңіл-күй арқылы адамның сыртқы дүниеге, әсерлерге деген ой-пікірі
байқалады. Көңіл-күйі адамның бір уақиғаға қуануы, ренжуі, жақсы көру
немесе жек көру, қанағаттану немесе қанағаттанбау т.б. сезімін көрсетеді.
Егер қабылдау, түйсік, ой және елестерде саналуан заттар мен
құбылыстар, олардың түрлі сапалары мен қасиеттері, әртүрлі байланыстары мен
тәуелділіктері бейнеленсе, эмоция мен сезімдерде адам танып, білетін
нәрселердің мазмұнына өзінің көзқарасын, пікірін білдіреді.
Эмоция мен сезімдерден адамның өз мінез-құлқына, қылығына,
әрекеттеріне, пікіріне деген ықыласы да көрінеді. Эмоция мен көңіл-күй
адамның іс-әрекетіне, ой-дүниесіне, мінез-құлқына ерекше әр беріп, оның
мазмұн-мағынасын байытып отырады.
Оқушының білім дағдыларды меңгеруінде де көңіл-күйі маңызды орын
алады. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша, көтеріңкі қанағаттанарлық
сезімді көңіл-күй адам еңбегінің игілікті, жемісті болуының кепілі. Әсіресе
бұл бастауыш сынып оқушыларына қатысты.
О.М.Дьяченко мен А.И.Кириллованың тәжірибелік зерттеулерінде бала
дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық
қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі.
Сезімдік қиял-белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың
өзіндік мені қалыптасқанда және оны құрастырудағы бір механизм болады.
Е.Е.Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті
бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2.Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын
анықтап, зерттеуге көп мән берілді. [5]

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес
оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге
табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы. Осы талап
тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдіс-тәсілдерін
іздестіру, жаңа технологияны тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Оқытудың жаңа тәсілдерін қолдану арқылы балалардың кішкентай кезінен
бастап дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Бала қиялын
дамыту барысында оларды бақылауға, зерттеуге, ойлауға, өзіінің болашағын
болжауға және идеяларымен еркін әрекет жасауға үйренеді. Балаларға өздерін
тапқырлыққа, білгірлікке, мақсатқа талпынуға итермелейтін ойындар мен
тапсырмалар өте ұнайды.
Бастауыш сынып балаларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар шындық
өмірді қиялдағымен біріктіре отырып, өзі ойлап тапқан дүниеде өмір сүруі
мүмкін. Олар ағаштардың немесе хайуанаттардың сөйлесетініне сенеді. Бұл
жастағы балалар естіген ертегі-әңгімелер желісімен өзі де оларды құрастыра
алады. Сондықтан мұғалім ертегі не әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға
оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.
[6]
Педагогтың бірінші міндеті – мұғалімнің айтқанын дәлме-дәл, айқын
елестетуі үшін, оқушының репродуктивтік қайта жасау қиялын дамыту. Ол үшін
педагогтың айтқан әңгімесі әсерлі, нақтылы фактілерге бай болуы қажет,
бұған қоса суреттер, диапозитивтер, көрнекі құралдар пайдалану керек.
Алайда, бұл құралдар қиялды дамытуда көмекші қызмет қана атқаруы тиіс. Бұл
құралдарды, әсіресе, бала сөз болып отырған нәрсені ойша елестете алмайтын
жағдайда, пайдаланған тиімді. Көрнекі құралдар, шамадан тыс пайдаланылса,
ол қиялды дамытуды жеделдетпей, қайта тежей түседі.
Нақтылы заттарды қабылдау мен ойша елестетуді ұштастыра білген
пайдалы. Мысалы: суретті көрсетіп, содан соң балаларға ештеңеге сүйенбей,
ойша әңгімелеп беруді ұсынған жөн немесе алдымен әңгіме жүргізіп, соңынан
көрнекі құралдарды көрсеткен дұрыс. Мұның бәрі дәл қазір көрмесе де ойша
қабылдауға болмайтын заттармен елестете алу қабілетін дамытады, яғни
қиялдың дамуына септігін тигізеді. [19]
Бастауыш сынып мұғалімінің міндеті – балалардың қиялы мен елестерінің
мол қорын жасау болып табылады. Ешбір ретсіз, көбіне мәнсіз қиялдаудың
орнына, балаларда айналадағы болмысты дұрыс бейнелейтін, кейіннен ғылыми
ұғым негізіне айналатын елестерді қалыптастыру қажет.
Бұл бейнелеудің қаншалықты дұрыстылығын тексеру үшін, осы бір затты не
құбылысты қалай елестететінін оқушыдан сұраған жөн. Мәселен, бір оқушы жер
белдеулерінің шекаралары: Шаян және Таутеке тропиктері туралы дұрыс айтты.
Мұғалім енді келесі сұраққа көшпекші болғанда бала кенеттен: Таутеке деген
қандай жануар?-деп сұрады. Сұрастыра келгенде, тропиктің шаян деп аталуы,
оқушының онда шаян көп болғандығынан деп есептейтіндігі анықталады, ал
басқа тропикте тіршілік ететін таутеке балаға белгісіз болады. [5]
Көркем әдебиеттерді оқу, оқығандарын жазбаша және ауызша айтып
беруінің баланың қиялын дамытуда көмегі зор.
Шығармашылық қиялды қалыптастырудағы тамаша құралдың бірі-арнайы және
еркін тақырыпқа шығарма жазу. Оқытудың алғашқы жылынан бастап, оқушыларды
әдебиеттен, сурет салудан, қол еңбегінен әр қилы шығармашылық еңбекке
ынталандыру қажет. Жақсы жолға қойылған эстетикалық тәрбие жұмысы мектеп
оқушыларының қиялын дамытуға жәрдемдеседі.
Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан, не нәрсеге болмасын өзін
қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен,
сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың
осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту – олардың эстетикалық
сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, мұражайлар мен
галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тыңдау, бала қиялын жаңа
мазмұнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік
етуге тиіс.
Мұғалім, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей,
эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестірулері керек. Оқушылардың жас,
дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес
жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына саяхаттар жасау, түрлі
тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен
қиыншылықтарды жеңе алуға баулу сияқты әдістер бала қиялын тәрбиелеудің
түрлері болып табылады.
Жаңа туған балада қиял болмайды. Қиялдың тууы және дамуы үшін өмірде
тәжірибе жасалып, дүние туралы тану елестерінің кеңуі керек. Баланың
өмірінде қиялдың алғаш сыртқа тебуін бір жастан асқан кезде байқауға
болады. Екі жасар бала ертегі немесе әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді.
Мұндай фактілер жас балалардың басында ес елесінің және қиял елесінің туа
бастағандығын дәлелдейді. Әрине, балалардың мазмұны алғашқы кезде кедей,
ырықсыз түрінде өтіп жатады. [4]
Бастауыш сынып жасындағы балалардың қиялының жүйелі түрде дамуы ғылым
негіздерінің меңгерілуіне байланысты. Олар өз қиялының жемісін енді сын
елегінен өткізіп, шындыққа жақындаған образдар жасауға тырыса бастайды.
Бастауыш сынып балаларының қиялын дамыту үшін мұғалімдер тарапынан
педагогикалық басшылық керек. Қиялдың дамуы айқын образдарды жинаудан
басталады.
Мұғалім ол үшін түрлі картиналар қарау, кино, театрларға бару,
ұйымдасқан түрде музыка тыңдау жұмыстарын ұйымдастыра білуі керек.
Эстетикалық тәрбие беру – балалардың қиялының толысуына, қиял елестерінің
айқындауына себепші болады. Картина бойынша әңгімелеп беру, шығармалар
жазу, әдеби мәтіндерге иллюстрациялар құрастыру, сызбалар арқылы белгілі
объектінің бөлшектерін жинақтау – қиялдың дамуын ырықты түрге айналдырады.
Еңбек операцияларын орындаудың, математикалық есептердің шешімінің
рационалдық жолын тапқызу, газетке мақала, очерк, әңгіме жазуға
дағдыландыру жұмыстарының пайдасы зор. Олимпиадалар, байқаулар, түрлі
спорттық жұмыстар, оқушылардың сауық кештері қиялдың дамуына көмек береді.

1.3. Бала қиялын дамытудағы ертегілердің маңызы

Бастауыш сынып жасындағы кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені
меңгерудегі алғы шарттардың бірі болып келеді, өйткені балалар қоршаған
ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен
қабылдайды.
Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С.Выготскийдің тұжырымына
сүйенсек, бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан
басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып
көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгеніне негізделеді. Кейде бала
өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдауымен түсіндіргенде,
бізге, үлкендерге күтпеген, таңқаларлықтай болып естіледі. А.В.Брушлинский
қиялды ойлау процесіне қиюластыратын күрделі форма деген көзқарасты теріске
шығара отырып, С.С.Рубенштейннің қиял – бұл образдық форманы іске асыру,
өзгеріске енгізу деген идеясын жалғастырады. Л.С.Выготский мен
А.Н.Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық үрдіс деп
қарауға мән береді. [3]
Психолог Л.С.Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің
молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының
дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста
көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына
жағдай жасау, яғни еркіндік беру керектігін айтады.
Біз өз зерттеуімізде Л.С.Выготскийдің тарихи-мәдени теориясын
пайдаландық. Бұл теорияда жеке адам өз мінез-құлқын меңгере отырып, белгілі
бір стимулға (амалға) байланысты құрылады деген. Мұның өзі – тарихи дамудың
нәтижесімен құрылған жанамалылықтың нәтижесі. Бұл теориядағы белгіліктік
жанамалық табиғаттың өзгеруіне және психикалық үрдістің арнайы белгілері
арқылы болатынына бағытталған. Зерттеуде арнайы белгі ретінде қазақ
ертегісін қолдандық. Қазақ ертегілері арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне
қарай қиялдың шығармашылық көрсеткішін анықтау керек. Бұл ұғымды нақтырақ
түсіндіру үшін біз қазақ халқының психологиялық ерекшелігіне, ертегінің
тарихына тоқталамыз.
Қазақ халқының психологиялық ерекшелігі ауыз әдебиетінде анық
көрінген. Мысалы, ертегіде, аңызда, эпоста, т.б. қазақ ертегілерін өмір
оқулығы деп қарауға болады, өйткені ұлттық психологиялық мәдениеті жанрдың
бұл түрінде айқын танылады. Ертегіде халықтың мінезін, психологиясын,
тұрмыс-салтын, әдет-дәстүрін нақты бейнелейді. Ауыз әдебиетінің бұл түрінің
кең тарауы ұлттық көшіп-қону өмірімен және малшылық кәсібімен айналысуымен
ерекшеленеді. Біріншіден, көшпенділік өмір әр түрлі қызық оқиғаларға бай,
екіншіден, жер ауыстырған сайын жаңа болмыстармен кездеседі, мұның өзі әр
затты, құбылысты ойша салыстырып, метафораларды құрастыруға үйретеді. Сол
себепті де қазақ халқына жұмбақтап, астарлап сөйлеу тән. [8]
Өмірдің өзі қиялдау арқылы бүтін суретті шындық түрінде салыстыруға
нұсқау береді, соның негізінде жаңа заңдар туады. Өмірдегі жаңа заңдылықтар
ертегілерде символдық кейіпкер арқылы ашылады. Мысалы, қайырымдылық
зұлымдықты жеңеді, күшті әлсізді билейді, осыдан барып әрбір адамның кейпі
мен бейімділігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Ойлау процесінің формалары мен тәсілдері
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулудың теориялық негіздері
Ауыз әдебиеті арқылы бала қиялын дамыту
Қиялды дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру
ОҚУШЫ ПСИХОЛОГИЯСЫН ДАМЫТУДА ТАБИҒИ КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ РОЛІ
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Пәндер