Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыруда оқу
түрлерін қолдану
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру ... ... ... .5
1.2 Бастауыш сыныптарда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың
тиімді
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...8
1.3 Ғалым педагогтардың оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдылардын
арттыру туралы
көзқарастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІ тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
жолдары
2.1 Оқыту процесінде оқушының оқу дағдыларын
қалыптастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 18
2.2 Ана тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқуға үйрету
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 31

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына
қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім
беру,олардың ойлау мүмкіндігін қалыптастыру,шығармашылық
тәжірибесін,дүниеге қарым-қатынас нормаларын жетілдіру болып отыр.
Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі
бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту заңдылықтарын, принциптерін, әдістерін
және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын
қарастыру.
Бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен
дағдыларының дәрежесін ғана емес,сонымен бірге баланың ақыл-ой әрекеті
тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою
болып табылады. Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән- ана
тілі. Осы ана тілі пәні туралы Ж.Аймауытов былай дейді; Оқытатын пәндердің
бәрін бірдей керекті ,бәрін қаусырып, орап алатын пән- ана тілі екені
даусыз. Ана тілін толық меңгеріп алмай, басқа пәндерді түсіну мүмкін
емес...
Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы –ұстаздың ана
тілі пәнінің алдына қойған мақсатынан, бағдарламада көрсетілгендей,
мынандай міндеттер туындайды:
✓ оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;
✓ көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру;
✓ шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуіне, сезімталдықпен
қабылдауына қол жеткізу;
✓ мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін,сөйлем мен сөйлем
үлгілерін үйрете отырып,ана тіліміздегі сөз мағналарыының
түрленуіне көңіл аударту;
✓ ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту;
✓ өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
✓ оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен
адамгершілік қасиеттерін дарыту.
Оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және
мәнерлеп оқуға үйрету керек. Осы талапты іске асыру, яғни жаттықтыру
жұмысын жүргізу жолдары мектеп тәжірибесінде әлі де анықталуда. Оқу
дағдысының үш түрі дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқуды қалыптастыру
ғылыми - әдістемелік жолмен анықталып отыр. Бұл жұмыстың нақты оқу
материалдары бойынша іске асырылуы төмендегі шаралар арқылы орындалуда:
Педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін сүйене отырып, ана
тілі сабағын оқытуда бағдарламада белгіленген сөздік жасау, жоспар құру,
мәтінді бөлікке бөлу, оған ат қою, мәтінді қайталап оқыту, балаларды топ
серуенге шығару сияқты жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізу.
Педагогиканың мән беріп келе жатқан мәселесі – пән аралық байланысты
іске асыру.
Зерттеу мақсаты: Баланың оқу дағдысын қалыптастыруда жүргізілетін
оқыту түрлерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
- Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру үшін жүргізілетін жұмыс
түрлері;
- Оқу дағдыларын қалыптастырумен бірге мәтінмен үнемі жұмыс жүргізу.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыруда оқу
түрлерін қолдану
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Бастауыш сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында өздерінің білім мен
тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - өте
күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы
тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілімен де, сөйлеу тілімен де тікелей
қабысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар
жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда
оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы
қалыптастырылды деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны
саналы тұрде түсііп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін.
Оқушысмен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар
мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде
ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық
және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының
жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған
қажетті әдіс – тәсілдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет:
біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір
шарты – оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамассыз ету. Олай етпеген
жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну
үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:
✓ мәтінді толық оқу;
✓ мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;
✓ мәтінді дайын жоспар бойынша оқу;
✓ мәтін бойынша жоспар құру;
✓ абзац бойынша оқу;
✓ мәтінді жартылай дауыстап оқу;
✓ мәтінді рольге бөліп оқу;
✓ мәтінді оқып, мазмұндау;
✓ мәтінді қысқартып оқу;
✓ мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу
✓ ертегілерден қиял мен шындықты бейнелейтін үзіндіні түсініп
оқу.
Оқушының мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны мына белгілерден
көрінеді: егер оқушы дұрыс оқу мен оқығанының мазмұнын саналы түрде
меңгерген болса, онда оқушыда белгілі бір өмір, зат, құбылыс, адам, оның іс
- әрекеті жөнінде өзінді көзқарас қалыптасады; ол оқығанының мазмұнын жақсы
меңгеріп, ондағы суреттелетін адамдардың өзара қарым-қатынасын, іс-
әрекетін, сол іс-әрекеттің болу себебін анықтай алады.
Екіншіден, оқу сабағында ойлау қабілетін, қызығушылығын,
байқаушылығын, салыстыра білетін қабілетін, ой - өрісін дамыту үшін мына
оқу түрлерін пайдалануға болады:
✓ мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді
табу;
✓ мәтіннен логикалық ықпалы бар сөйлемдерді тауып оқу;
✓ мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу;
✓ мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу;
✓ мәтіннен көтеріңкі көңіл-күйге байланысты сөйлемдерді тауып
оқу;
✓ мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу;
✓ мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу;
Үшіншіден, оқу сабағында оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу
үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:
✓ мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу;
✓ мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу;
✓ мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу;
✓ мәтіннен мақал – мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу;
✓ мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні
тауып оқу;
✓ мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу;
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын
талаптың бірі – оқушыны мәнерлер оқуға үйрету. Мәнерлеп оқу дегеніміз –
мәтіндегі сөздің мағынасын бұзбай, дыбысталуы жағынан анық етіп жатық оқу.
Мәтінді саналы түрде түсініп оқу мен дұрыс оқу оқи білудің талаптарын
қамтыса, мәнерлеп оқуға үйрету қандай мәтінді болса да саналы түрде түсініп
оқуға жетелейді. Қандай мәтін болмасын мазмұнын дұрыс ұғып, онда
айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыда жақсы әсер қалдыру үшін
оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен оқу мәнерінің де мәні зор. Сабақ
үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыраын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін
жүргізуге болады:
✓ мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу;
✓ леп белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқу;
✓ өлеңді мәнерлеп оқу;
✓ өлеңді дауыс кідірісімен мәнерлеп оқу;
✓ өлең жолдарын дауыс кідірісімен тізбектей оқу;
✓ өлеңнен немесе мәтіннен үзінділерді мәнерлеп оқу.

1.2 Бастауыш сыныптарда оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың
тиімді жолдары
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын жақсарту мұғалімдерге
жүктелген. Мұның өзі оқытудың тиімді әдістерін іздестіруді, сабақ сапасын
жаңа деңгейге көтеруді талап етеді. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта
мектептердің алдында үлкен міндеттер тұр. Ол заман талабына сай, рухани
дүниеге бай жас жеткіншектерді тәрбиелеп шығару. Бала өмірінде бастауыш
сынып мұғалімінің алатын орны зор. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас
ұланға білім беретін, оның ой – қиялын дамытатын, рухани дүниесін
нұрландыратын бастауыш сынып мұғалімі. Кішкентай шәкірттер өзінің Ана
мектебінен яғни отбасы мектебінен алғанын енді мектепте өзінің ұстазы
арқылы әрі қарай дамытады. Сөйтіп, олар мұғалімнің көмегімен оқудың,
жазудың ойланудың дағдыларын қалыптастырады. Осы жұмыстардың жүзеге асуын
қамтамасыз ететін пән Сауат ашу пәні болып табылады.
Сауат ашу пәні - бастауыш білім беру процесінде оқушыларға ана
тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Пәннің негізгі мақсаты - оқу
және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы
грамматикалық мағлұматтарды меңгерту болып табылады. Сауат ашудың әрбір
кезеңінің өзіндік ерекшелігіне байланысты міндеттері белгіленген.
Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу
тілін дамыту жұмыстары әліппе кезеңінің негізгі міндеттеріне жатады. Оқуға
үйретуде: сөзге дыбыстық – әріптік талдау жасау, дыбыстар мен әріптерді оқу
және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа сөйлемдерді, шағын мәтіндерді
оқу, әртүрлі дауыс ырғағындағы сөйлемдерді, байланысты мәтіндерді дұрыс,
саналы түсіп, мәнерлеп, шапшаң оқу секілді жұмыстар жүргізіледі.
Оқу - өте күрделі психологиялық процесс. Бастауыш сынып оқу сабағында
оқушының дағдысын қалыптастыру негізінде оқығанды қабылдау түсіну
мүмкіндігін арттыру мақсатында көзделеді. Оқу - жазудың бірінші кезеңінде
балаларды жай оқыту керек. Бірақ балалар өте жай оқыса, сөз бен сөзді,
сөйлем мен сөйлемді өзара байланыстыра алмай ақырында мәтінің мазмұнына
түсінбей қалуы мүмкін. Сондықтан балалардың оқу шапқандығын арттыра
түсуіміз керек. Есте сақтайтын бір нәрсе оқу шапшаңдығымен сөздерді таза
қатесіз, әрі түсініп оқу қатар дамуы керек. Баланың түсінуі арта түссе, ол
өзінен өзі шапшаң оқи бастайды. Оқушы берілген тапсырманы асықпай, орындап
ұқыпты үйренуге жөн. Оқу процесінде де солай. Асығыс оқыған бала үнемі қате
жібереді. Сауатты оқу - дағдысын қалыптастыру үшін оқушыны оқуға
ынталандыру керек. Бастауыш сынып оқушыларының оқуға ынталандыратын
шығарманың бір түрі - ертегі. Ертегінің мәтіндері өте қолайлы, әрі қайыра
оқытуға ынғайлы. Өйткені ертегішілерде бір – біріне ұқсас қайталанып
отыратын тұстары кездеседі. Оқушыны түсініп оқуға төселдіріп оқуға олармен
шығарманы оқымас бұрын дайындық әңгіме жүргізу. Балар үшін белгісіз, таныс
өмірден жазылға әңгімені оқығанда балалар нақты ешнәрсені көзге елестете
алмайды. Сондықтан мұндай жағдайда алдын ала әңгіме жүргізудің орны ерекше
деп есептеймін
Сонымен оқушы дұрыс түсініп, әрі мәнерлеп оқыған сайын оқытудың мәні
арта түспек. Мәнерлеп оқу бұл оқытудың әсіресе бастауыш сыныптар үшін мәні
зор. Мәнерлеп оқыған оқушы оқуды жете меңгергендігін көрсетеді. Оқытудың
шыңы оқушылардың мәнерлеп түсініп, сауатты оқуға үйрету деп білемін.
Бүгінгі таңда оқушыларға сапалы білім беру үшін көптеген жаңа амал-
тәсілдер, жаңа әдістер қолданылуда. Сондай жаңа инновациялық әдістердің
бірі – интерактивті әдістер арқылы оқыту. Интерактивті әдістер, әсіресе
бастауыш сынып оқушыларына сабақ үстінде еркіндік беруімен құнды. Оқыту
барысында оқушылар бір-бірімен тығыз танымдық, қатысымдық байланысқа түседі
және осы арқылы бір-бірін оқытады, үйретеді. Интерактивті сөзінің өзі
(латынша interaction – интеракция, яғни өзара әсер ету) өзара әсер етуді
білдіреді. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын
интерактивті әдістер арқылы қалыптастыру барысында оқушылар сабақта
белсенді іс-әрекеттер жасап, өтілген материалдарды және алдарында тұрған
тапсырмаларды ұжым болып шешеді, бірін-бірі оқытады, бір-біріне үйретеді.
Интерактивті әдістер арқылы өтілген сабақтарда оқушылардың үш жақты
белсенділігі артады. Ең алдымен, оқушылардың қимыл белсенділігі артады. Ал
оны арттыру жолдары мынадай:
✓ оқушылар түсінбеген жерін орнынан тұрып, екінші оқушыдан еркін
сұрауы;
✓ жақсы оқитын оқушы өзінің микротобындағы нашар оқитын
оқушыларға үйретуі;
✓ оқушылар тапсырма бойынша бір-бірімен сөйлесіп, ақылдасып
отыруы;
✓ оқушылардың тапсырманы орындап болғаннан кейін бірін-бірі
тексеруі.
Екіншіден, оқушылардың әлеуметтік белсендігін арттыру қажет. Оның
жолдары:
-оқушылар өзара бір-біріне сұрақтар береді;
-оқушылар сабақта өзара пікірлеседі;
Қиын сұрақтарға қарсы топтың оқушылары еркін жауап береді.
Үшіншіден, оқушылардың танымдық белсендігін арттыру қажет. Оның
жолдары төмендегідей:
-оқушылар қарсы жақтың пікіріне өзіндік пікір айта білу;
-өзінің микротобындағы жолдастарының сөздеріне қосымша, не пікірге
қосылатыны жөнінде өзіндік пікір білдіру.
Интерактивті әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш,
төрт микротоптарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма, не әр микротопқа
бөлек-бөлек тапсырма берілуі мүмкін. Бұл оқу бағдарламасына қарай сабақ
мақсатын таңдағанда анықталады.
Біз, бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып,
оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда пікірталасқа
негізделген және оқыту процесінде қолданылатын интерактивті әдістерді ғана
пайдаландық. Бірінші сынып оқушыларының ауызща сөйлеу дағдыларын
қалыптастырудағы пікірталас сабақтарында берілетін тапсырмалар оқушыларды
қызықтыруға, олардың диалогтік және монологтік сөйлеу дағдыларын
жетілдіруге, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға
тәрбиелік мағынасы жоғары ұлттық педагогика элементтері бар шешендік
сөздер, мақал-мәтелдер үйретілді. Мысалы, еңбек жайлы мынадай мақал-
мәтелдерді еске түсірейікші: Еңбек бәрін де жеңбек, Не ексең, соны
орасың, Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей, Еңбектің наны
тәтті, т.б. Оқушылар осындай мақалдарды айтып дағдыланғаннан кейін,
өздерінің осы мақалдар жайлы ойларын айтуға үнемі үйрету керек. Мұның бала
тілін дамытудағы маңызы зор.
Сонымен бірге оқушыларға затты суреттеп беру тапсырмасы бюеріледі.
Мұндай тапсырмалар оқушылардың өзіндік пікір айту дағдыларын
қалыптастырады. Тапсырманың маңызы: біріншіден, оқушылар бір-біріне
сұрақтарды дұрыс қоюға дағдыланады, екіншіден, осы сұрақтарға дұрыс жауап
беруге үйренеді, үшіншіден, оқушылардың затты суреттеу арқылы қиялы дамиды.
Оқушылар осы тапсырмада өздері жасырып тұрған заттың атын атамай, тек оның
қасиеттерін атайды. Мысалы, допты жасырып тұрған оқушы алдымен доптың
түрін, түсін, қасиеттерін суреттейді. Қалған оқушылар жасырған балаға
сұрақтар беру арқылы оның не зат екенін табуға тырысады. Бұл жерде әр бала
өзіндік пікір айтып, жасырылған заттың жауабы не екенін өзінше тауып, оны
дәлелдейді. Бірінші сынып оқушыларының осындай тапсырмалар арқылы ауызша
сөйлеу дағдылары ғана қалыптасып қоймай, сонымен қатар олардың логикалық
ойлау қабілеттері, сабаққа қызығушылықтары артты. Тапсырманың бұл түрі
әсіресе кіші жастағы оқушылардың өз пікірін дәлелдеуге, басқа бір оқушының
не мұғалімнің көзқарасын құрметтеуге, сол көзқарасқа өзінікі дұрыс болса,
қарсы шығу дағдыларын қалыптастырады.
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
тапсырмалары арқылы оқушыларда мынадай дағдылар мен біліктер қалыптасты:
а) Шәкірттердің ізденушілік қабілеттері дамып, шығармашылықпен жұмыс
істеуге үйренді.
ә) Балалар өз ойларын дәлелдеп беруге, логикалық жүйелілікпен айтуға
дағдыланды.
б) Жаңа тақырыпты игерді.
в) Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптасты.
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мен оқушылардың тек
жазбаша сөйлеу тілін дамытуға баса назар аударамын. Жазба жұмыстары
(шығарма, диктант, мазмұндама т.б.) арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу
тілін дамытуға ден қойдым. Ал оқушылардың ауызша сөйлеу тілін жаңылтпаштар,
жұмбақтар, мақал-мәтелдер арқылы жетілдірудің де маңызы зор екенін
аңғардым. Ал бір қатар жағдайларда сөздік дәптерлерін пайдаландым.
Қорыта айтқанда, интерактивті әдістерді пайдалану нәтижесінде бастауыш
мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдылары қалыптасады деп айта аламын.
1.3 Ғалым педагогтардың оқушылардың мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдылардын
арттыру туралы көзқарастары
Он тоғызыншы ғасырдың екiншi жартысында Ресейде кең өрiс ала бастаған
қоғамдық – педагогиқалық қозғалысқа үн қосып, қазақ даласында алғаш мектеп
ашып, оқулық жазып, методикалық құралдар шығарудың үлгi-өнегесiн көрсеткен
Ы.Алтынсарин болды. Ұлы ағартушы өзiнiң бұл бағыттағы аса маңызды
жұмыстарын iске асыруда ең алдымен К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.Ф. Бунаков,
т.б. алдыңғы қатарлы орыс педагогтарының еңбектерiне сүйенедi. Балаларға
оқу дағдысын үйретуде, оны жетiлдiрiп, қызықты түрде оқуға ынталандырарлық
кiтап жазуға орыс мектептерiнiң тәжiрибесiн басшылыққа алды.
Қазақ даласына бiлiмнiң дәнiн сеуiп, қазақ жастарының оқуын арман
еткен Ы. Алтынсариннiң iсiн жалғастырушы, жаңа заман жаршысы болған
замандасымыз С. Көбеев.
Қазiргi кезеңде бастауыш сыныптағы оқу сабағының түбегейлi мақсаты
оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын
тәрбиелеу, рухани дүниесiн кеңейту, ақыл-ой мен ұлттық сана-сезiмiн
дамытуға ықпал ету, кiтап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру 37.
Осы мақсатты орындауға келгенде оқу, сабағының алдына мынандай
мiндеттер жүктеледi:
✓ оқушылардың оқу икемдiлiгi мен дағдыларын қалыптастыру және
жетiлдiру;
✓ көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
✓ шығарманың түпкi мазмұн-мәнiн түсiнуiн, эмоциялық қабылдауын
(кейiпкерлердiң көнiл-күйiне ортақтасу күйiну, сүйiну т.б.)
қамтамасыз ету;
✓ мәтiндегi сөздер мен сөз тiркестерiн, сөйлем мен сөйлеу
үлгiлерiн үйрете отырып, ана тiлiмiздегi сол мағыналарының
түрленуiне көнiл аударту;
✓ ауызекi және жазба тiлде байланыстырып сөйлеуiн (ойын еркiн
жеткiзу, сауатты да мәндi жаза бiлу) дамыту;
✓ өзiндiк ой-пiкiрiн айта бiлуге баулу.
Бастауыш саты – оқушыда, оның интеллектiсi дамуының iргетасы оқу
әрекетi қалыптасуының қуатты жүретiн кезеңi. Осы жөнiнде көрнектi ғалым
педагог В.В. Давыдов өз еңбегiнде бастауыш мектепте оқушылардың оқу
әрекетiн қалыптастыруға жағдай жасау керек дейдi [25]. Ондағы негiзгi
мазмұн теориялық бiлiм және оны бағыттайтын (негiздейтiн) икемдiлiк пен
дағды бастауыш оқудың мектеп реформасының алдына қойылған шешушi
мiндеттердiң бiрi.
Бiрiншiден, оқу-әрекетi бастауыш сынып оқушыларының әрекетi ретiнде
жан-жақты дамудың негiзi болып табылады.
Екiншiден, мәнерлеп оқу, сауатты жазу, дұрыс санай бiлу икемдiлiгi мен
дағдылары оқушылардың белгiлi бiр теориялық бiлiмi негiзiнде дамиды деп
қарастырады.
Ал атақты педагог Д.Б.Эльконин мәнерлеп оқуға үйрету процесі ауызша
сөйлеу негiзiн басқаруды қайта құру, яғни автоматталғаннан қарапайымға
ауысу, ары қарай автоматталатын саналы үрдiс ретiнде түсiнiктi болу керек
дейдi 60.
Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдысын арттыруда К. Бозжанова мыналарды
ескеру қажет дейдi.
Бiрiншiден, оқушының дұрыс және мүдiрмей оқуын қамтамасыз ету. Олай
етпеген жағдайда оқушының мәтiндi толық түсiнуiн қамтамасыз ету мүмкiн
емес. Сонымен бiрге, сабақта қолданылатын әдiс, тәсiл оқудың техникасын
жетiлдiрумен бiрге баланың кiтапқа, оны оқуға ынтасын арттыратындай, ал
көптеген жағдайда бiр мәтiндi әлденше рет жалықпай оқуға дағдыландыратынай
болуы керек.
Екiншiден, оқу сабағында оқушының ойлау қабiлетiн, қызығушылығын, бiр
затты екiншiсiмен салыстырып, бiрiн екiншiсiне қарама-қарсы қойып
байқаушылығын, т.б. касиеттерiн дамыту керек.
Үшiншiден, оқушының шығармашылық қиялына әсер ете бiлу керек.
Әдiскер Ш. Әуелбаев және С. Рахметова пiкiрлерi бойынша Ана тiлi
сабақтарында мұғалiм балалардың қаншалықты сапалы, дұрыс оқуларын бақылай
отырып анықтай алады дейдi 8, 51.
Сапалы оқу ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы тексерiледi. Мәтiндi
асығыстықтан шала түсiнген оқушымен арнайы сабақ өткiзiледi.
Мәтiндi сапалы қабылдау арнайы берiлетiн тапсырмалар арқылы тексерiлуi
мүмкiн. Хабарлама сипатындағы мәтiн үш немесе төрт бөлiкке бөлiнедi де,
араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлiктi жүйесiмен бiрiктiруi тиiс. Мұны
әрi тез, әрi дұрыс орындаған оқушы сапалы қабылдауға жақсы дағдыланған
болып есептеледi.
Мәнерлеп оқи алмау сапалы оқуға олақтылықтан туады, яғни демдi дұрыс
ала алмау немесе дикция кемiстiгi. Ал мәтiндi шала ұғынудың өзi де түрлi-
түрлi жағдайларға байланысты ақыл-ой дамуының жеткiлiксiздiгi, сөздiк
қорының тапшылығы, оқушының ұкыпсыздығы т.б.
Л.С. Горбушина оқушыларды мәнерлеп оқуға үйретуде мiндеттердiң
жалпылылығымен және орындалуында оның күрделiгiне байланысты бiртiндеп,
тiзбектеп орындау керек дейдi 23,24.
Ал С. Желдербаеваның пiкiрi бойынша мәнерлеп оқуға жаттықтыру
барысында мұғалiм әңгiмелеу үлгiсiнiң бiрнеше түрлерiн магнитофон таспасына
жазып алып тыңдауға болады дейдi. Балалардың саяхат кезiндегi немесе
белгiлi бiр кинофильмнен алған әсерлерiн әңгiмелетiп отырып, магнитофонға
жазып алып, оны қағазға түсiрiп, сол әнгiменi айтқан баланың өзiне қайта
оқытса, екеуi екi бөлек дүние болып шығады. Өйткенi, оқушы өзiнiң еркiн
сµйлескен әңiмесiнің мәтiнiн қағаздан оқығанда сөйлеу кезiндегi эмоциялық
әсерiнен айырылып қалады. Бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметi де, дауыс
та оқушы дағдысы мен икемдiлiгiне бағынады 27.
В.П. Острогорский: Мәнерлеп оқу дегенiмiз – үйренуге болатын өнер, -
деп көрсетедi 48. Мәнерлеп оқу икемдiлiгi мен дағдыларын арттыру үшiн
алдымен мынандай үш мақсат орындалуы тиiс деп көрсетедi.
Мәтiндi оқуда мазмұнына қарамай құлаққа жағымды, естiлетiндей,
түсiнiктi болу.
Тыңдаушыларға оқылып тұрған мәтiндi түсiнiктi етiп оқу.
Тыңдаушыларға оқылып тұрған мәтiндi естiлетiн және түсiнiктi етiп ғана
қоймай, тыңдаушы оның мазмұнын сезiнiп, қиялдауына әсер ету керек.
Оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдыларына қойылатын талаптар өзара тығыз
байланысты болғандықтан, бiр-бiрiмен ұштастырыла жүргiзiледi.
Сыныптан тыс оқу негiзi оқудан бөлiнбейдi дейдi А. Асқарбаева [4].
Себебi оның мақсатының өзi – сыныптағы оқуды толықтыру, белгiлi бiр
шығарманы оқушының өз бетiмен тауып оқуына мәжбүр болатындай жағдай жасау.
Сыныптан тыс оқығандары бойынша әңгiмелеу және өз беттерiмен оқыған
кiтаптарынан түсiнгендерiн айтып беру балалардың оқуға қаншалықты ынталы
екендiгiн, шығармашылық идеясы мен мазмұнын қаншалықты түсiнген-
түсiнбегендерiн көрсетедi. Сонымен бiрге оқуы кем балаға дұрыс, сапалы және
шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетiлдiруге уақытында көмектесу үшiн,
оны жүйелi түрде есепке алып отыру керек дейдi 13.
С.Тiлешова оқушылардың ауызекi сөйлеу тiлiне қатысы бар жұмыстың бiрi
– көркем мәтiндi мәнерлеп оқу деп көрсетедi [55]. Өйткенi, көркем
шығарманың мазмұнын сапалы меңгерiп оқудың нәтижесiнде, оқушы мәтiннiң
идеялық мазмұнын, көркемдiк қасиетiн терең түсiнiп, одан жан-жақты әсер
алады. Мәтiндi оқу аркылы оқушылар әдеби шығармалардың сөз өнер екендiгiн,
ана тiлiнiң байлығын, өткiрлiгiн, адамның жан дүниесiн тебiрентерлiк
құдiреттi күшiн, эмоциялық қасиетiн, көркемдiк формаларын толық ұғынып,
бағалай бiлуге үйренедi.
Ал, А. Әбiлқаевтың ойынша ауызекi сөздiң тартымдылығы мына сияқты
iскерлiк пен дағдыларды игеру нәтижесiнде жүзеге асырылады дейдi.
Оқушылардың тiлдiк дыбыстың жүйесiн меңгерiп, әр дыбысты жеке тұрғанда
да, басқа дыбыстармен тiркесте тұрғанда да әдеби тiл нормаларын сақтап
айтуы. Бұл iскерлiктi оқушылар фонетика, орфоэпиямен шұғылдану арқылы
игередi.
Сөйлегенде, барлық сөздi, қосымшаларды саралап айту iскерлiгi. Сөздi
ашық, нақпа-нақ айтушыларды дикциясы жақсы адамдар дейдi.
Сөйлемде логикалық екпiндi дұрыс сақтап айту iскерлiгi. Мұның өзi де
анық, ашық айтуға мүмкiндiк бередi.
Интонацияны дұрыс қолдану дағдыларын игеру, сөйлеу қарқынын анықтау
iскерлiгi 7.
Байланыстыра сөйлеудi, ауызекi тiлдi дамытуда оқушылардың жеке
ерекшелiктерi еске алынуы тиiс дейдi [57]. Алдымен мұғалiм диалогты,
монологты сөйлеу түрiн меңгермеген, сөздiк қоры жеткiлiксiз, сөйлегенде
кiдiрiп, сөздi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру
Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының зерделеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Эксперимент жүргізу дағдылары мен дағдылары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру әдiстемесi
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
1-сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі
Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру
Пәндер