Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы ретінде интерактивті тақтаны қолдану
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы
ретінде интерактивті тақтаны қолдану
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015
Мазмұны
Kіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды
пайдалану
1.1 Математика сабағында инновациялық технологияларды
қолдану ... ... ... ..6
1.2. Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып
оқушылардың шығармашылықтарын
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...9
2 Бастауыш сыныптағы математика пәнінде оқушыларды ынталандыру құралы
ретінде интерактивті тақтаны қолдану
2.1 Интерактивті тақтаны қолданудың оқушылардың танымдық қабілетінің
дамуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
2.2. Математика сабағында интербелсенді оқуоқыту арқылы пәнге
қызығушылығын арттыру мен
ынталандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .37
Kіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру туралы
Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу- деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1].
Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2008 жылы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан
халқына жолдауында Білім және ғылым министрлігінің алдына үш жылдың ішінде
заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін
білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтау міндетін қойды [2].
Осының өзі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру мәселелеріне ерекше
назар аударылып отырғанын айқындайды. Сөйтіп, білім парадигмасы өзгеріп,
білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы және өзін-өзі
дамытуы алғашқы орынға шықты. Сондықтан әрбір оқушының дарынын ашу
тұрғысында мұғалімдер қауымына оқытудың жаңа технологияларын оқыту
үдерісіне енгізу мақсаты қойылып отыр.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартында Математика оқу пәнін оқытудың басты міндеттері:
баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға,
интеллектуальдық және ерік пен сезімге қатысты белсенділігін қалыптастыруға
себептігін тигізу; математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды
жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып
табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына әсер ету; оқушының өмір
тіршілігіне және мектептің негізгі сатысында оқуын жалғастыруы үшін қажетті
білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады деп көрсеткен [3].
Қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында математикалық жаттығулардың
оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру тұрғысынан алғандығы негізгі
түрлерін саралаудың қажеттігі келіп туындайды. Шын мәнісінде, Қазақстан
Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартына сәйкес,
математикалық білімнің жаңа мазмұны біртекті емес және әр түрлі екі
деңгейді қамтиды. Олар: міндетті және мүмкін деңгейлер. Міндетті деңгейге
бастауыш мектеп көлеміндегі берік игерілуі тиісті материалдар жатады. Осы
деңгейдегі математикалық дайындыққа жету үшін көрсетілген үлгіге орай,
біршама өзгерген және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер
және жаңа жағдайларда қолдану керек болатын іс-әрекеттер ұйымдастыру
көзделеді. Ал, мүмкін деңгейге, мазмұны тұрғысынан алғанда, негізгі
мәселемен үйлесетін, алайда оқушының математикалық ой-өрісін кеңейтуге
бағытталған, үйреншікті емес түрде ұсынылатын және де оны орындау
шығармашылық әс-әрекетпен ұштасатын материалдар жатады. Мұның бәрі
міндетті деңгейдің материалын кеңейте және тереңдете түсуге қызмет етеді,
математиканың жүйелі курстарының аса маңызды тарауларын ілгеріде оқытып –
үйретудің негізін қалайды. Сондай – ақ балалардың дамуына әсерін тигізеді
және негізгі материалдарды терең меңгеріп алуға көмектеседі.
Жұмыстың мақсаты — Бастауыш сынып математика сабағында жаңа
технологияларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
Жұмыстың болжамы — егер бастауыш сынып математика сабағында жаңа
технологияларды қолдану арқылы оқушының ой-өрісі дамытылатын болса, онда
олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды, өйткені пәнге деген
қызығушылығы нәтижелі қалыптасады.
Зерттеу объектісі — бастауыш мектеп оқушыларына математика оқыту
процесі.
Зерттеу пәні — бастауыш мектеп математика сабағында жаңа

арттыру жолдары.
Зерттеу міндеттері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерімен танысып, оларға ғылыми-
әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;
- бастауыш сынып математика сабағында жаңа технологияларды қолдану
арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мүмкіндіктерін анықтау.

арқылы оқушыларды пәнге деген кызығуын арттыру және оның тиімділігін
тексеру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Математика сабағында инновациялық
технологияларды қолдану
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде
еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,
адамгершілік тұлғасынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны
қалыптастыру
Орта мектеп бағдарламасындағы ең негізгі пәндердің бірі –
математика.Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын ,
құштарлығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын
жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін жоғарылату ұстаздың басты міндеті.
Жаңа заман ағымына сай білім саласында инновациялық
технологиялар қолданудың , мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін
қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі
десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми
теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген
оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.
Ондағы негізгі мақсат - оқушының барлығын және әр біреуін жақсы
оқыту болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында педагогика
саласында бірнеше инновациялық технологиялар жүйесі жинақталған.
Инновация латын тілінде аударғанда “жаналықты енгізу” деген мағынасын
білдіреді. Ал инновациялық оқыту дегеніміз – жаңалықты ашу, оны игеру және
өмірге енгізу.
Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың
комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың,
ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де
соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге
болады.
Инновациялық технологияның мақсаты - технологияға бейімдеп,
шығармашылық, ізденіс қабілетін дамыту, жеке тұлғаны қалыптастыру.
Инновациялық технологиялар:
- Деңгейлеп саралап оқыту
- Сыни тұрғысынан ойлау
- Дамыта оқыту
- Модульдік оқыту және т.б.
Менің сабақта колданатын технологияларым:
1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің
барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес
қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша
өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін
меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Бүгінгі күннің талабы әр бір оқушыға түбегейлі білім мен мәдениеттің
негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау.
Сондықтан білім беру жүйесінде жеке тұлғаны дамытып білімді азамат ретінде
қалыптастыру үшін, жаңа педагогикалық технологиялардың рөлі зор. Оқушының
білім деңгейі, білімді меңгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес
жағдай. Сондықтан мен өзімнің сабақтарымда профессор Ж. Қараев насихаттап
жүрген деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамын және бұл тиімді.
1-деңгей. Оқытушылық деңгей-оқушылар жаңа тақырыптан алған білімдерін
бекіту, практикада қолдана білуге жаттықтыру. Мұнда заңдылықтарды,
ережелерді, формулаларды білуі қажет етіледі.
Тапсырмаларды үлгі бойынша орындайды.
2- деңгей. Алгоритмдік деңгей – үйренушілік деңгейдегі білімін
толықтыру күрделі материалдарды жүйелей алуы, алған білімдерін басқа
тапсырмаларды орындағанда пайдалана алуы, сол тақырыпты еркін меңгергені
ескеріледі.
3- деңгей. Эвристикалық деңгей – материалды саналы түрде меңгеру. Бұл
деңгейде оқушылардың меңгерген білімдерін тереңдету үшін танымдық ізденіс,
әр-түрлі логикалық есептерді талдай, жинақтай алатын және салыстыра білуді
қажет етеді.
4- деңгей. Шығармашылық деңгей - өз бетімен оқу материалдарын
меңгеру. Құбылысты өз бетімен талдай келіп, шағын шығармашылық тұрғыдан
зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана
қоймайрны дамытады.
3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін,
шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

оқушылардың шығармашылықтарын дамыту
Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру –
қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі
қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық
технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді
ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.
Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі
білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады.
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа
технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 11 – бабының 9
тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру
бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне
тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті
қойылған. [1]
Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына
ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар
меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны
өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру
үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі
жетілдірілуде.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты
міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет –
оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-
әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік –
оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау,
табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық – коммуникациялық
технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың
түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті
оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға
келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік,
дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды
ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру,
олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана
алу қабілеттерін қалыптастыру.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-
қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа
еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру
қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –
оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық
ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын
қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр
ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде
ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін
математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін
және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.
Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту
үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және
шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары
бағыттары:
а) электронды оқулықтар;
ә) телекоммуникациялық технологиялар;
б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;
в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде
мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады:
• Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру,
әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу;
• Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану;
• Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып,
бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік
технологиялар).
• Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша
білім алуды қамтамасыз ету.
Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі
толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу
процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін
ұйымдастыру.
Интерактивтік оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы
интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының
әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін - ұйымдастыру және
сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын
пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру
негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік
желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық
технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында
ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір
бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер,
электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім
беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық
пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.
Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану
арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып,
қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып
айқындалады.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше
факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер
техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық
оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда
білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде
ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде
қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру
және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не?
Ақпараттық құзіреттілік:
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім
қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін
танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта
қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі
заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге
асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және
жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу,
материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты
қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби
бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның
мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті.
Коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа
тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен
жанрларды таңдауға және қолдануға;
- әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы
адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге
асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен
қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді.
Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы
оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына
сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет
ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін
дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен
ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық
бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың
тиімділігі:
• оқушының өз бетімен жұмысы;
• аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
• шығармашылық есептер шығару;
• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
• экономикалық тиімділігі;
• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып
үйрену;
• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту
мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі
тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін
дамыту құралы:
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне
керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын
өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымызша, ақпараттық-білім беру
ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру,
яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

дамуына әсері
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында:
Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап
көрсетті. ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының
арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық
бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге
тек пән мұғалімі ретінде қабылдау оқылық көрсетеді. Мұғалім -қоғам айнасы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына
сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп
тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту
үрдісінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады. Білім беру
үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық – коммуникативтік технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ
ғасыр – ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да
ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру
болатын жаңа кезеңіне енді.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл
кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты
барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің
барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.
Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш
техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,
модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға,
интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын
пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-
жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына
жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер
пайдасы аса мол.
Ақпараттық – коммуникативтік технологияны бәсекеге
қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін
әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие
болып отыр.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдалану
жөніндегі қызметтің мақсаты:
үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге
қабілетті болуды дамыту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
оқу қызметі мәдениетін дамыту;
оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін қарқындандыру, оның тиімділігі
мен сапасын арттыру;
қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік
тапсырысты өткізу.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияны пайдаланудың
мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту
проблемасының маңына топтасқан дидактикалық - әдістемелік проблемалық
міндеттерді шешуге бағындыру болып табылатындай. Сондай-ақ педагогтың
компьютерлік сауаттылығы ақпараттық - коммуникативтік технологияны
пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану
арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге
асырады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап
көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни
компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы
зор.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы
жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану
жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және
мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді,
интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап
болуға тиіс екендігі де атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда
ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында
төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы,
интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық
құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
АКТ-ны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның
мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану
негізгі мәнге ие болып отыр.

және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым .
Іс тәжірибемде ақпараттық технологияның барлық мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін
сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор екенін байқадым.
¨ Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын
ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру
және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін
пайдалану.
¨ Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі қолдану.
Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің
материалдық – техникалық базасын жетілдіру. Математиканы оқытудағы білім
берудің негізгі міндеті - жеткілікті жоғары деңгейде тұжырымды
қорытындылау арқылы оқушылардың білімді игеруін және сабаққа деген
қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса,
сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа – сол сабақты өткізудің
әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ, оқушылардың қызығушылығын
оятатын, арттыратын сабақ деп айтуға болатын сабақ.
Жаңа технологияны сабақ үрдісінде қолдану үшін әр мұғалім
өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, өзінің
шеберлігіне байланысты таңдап алады.
Математиканы оқытудағы оқушылардың қызығушылығын арттыру
үшін сабақ барысында бірнеше жұмыс жасау керек, сонымен бірге қазіргі
кезде жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер, жаңадан шығып жатқан
электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды жаңа оқу әдістерін жаңа
мазмұнды қажет етеді.
Мұғалім өз шеберлігіне байланысты оқушылардың жас ерекшелігін
ескере отырып тапсырмаларды таңдап алады. Оқушының қабілетін байқау оны
ары қарай дамытуға көмегін тиеді. Әр оқушы өз бетімен жұмыс жасауға
дағдыланып, тапсырмаларды түрлендіру барысында ойлау қабілеті жетіле
түседі. Оқушы өз жетістіктерін көріп, ізденеді, дамиды.
Оқушылардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір сабақты
түрлендіріп өткізу орынды. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану арқылы
оқушыларды ауызша есептерге жаттығуына, логикалық ой жүйелерін жетілдіре
түсуіне толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша
есептерін, халық ойындарын жатқызуға болады.
Ойындарды ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, әрі пәнге
деген қызығушылығы артады, дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды,
білімі, сауаттылығы күшейеді. Оқушылардың ой-өрісін ойын арқылы дамытамыз.
Жаңа сабақты түсіндіру барысында оқытудың интерактивті
формаларын сабақта қолданамын. Олар:
¨ Блок – схем, графиктер, диаграмма, карта т.б.
¨ Тірек – схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары.
¨ Ойын арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz