Башқұр жылқы тұқымы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Башқұр жылқы тұқымы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе
Әдебиетке шолу
І. Жылқы шаруашылығы
1.1. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
1.2 Жылқы шаруашылығы саласы
ІІ. Жылқы тұқымдары
2.1. Далалық жылқы түқымдары
2.2. Башқұрт жылқы тұқымы
2.3. Дала жылқысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше
болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай
жылңының мән маңызы да өзгерді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле
түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе -
көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті – дәмді тағам. Осы қасиеттерін
былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек
өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдаланылуы да оның
маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізді. Бұл салада
өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік
былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын (сыворотка) жасауға кеңінен
пайдаланьшады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып
отыр.
Еліміздің ерте кезден-ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары
төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға
бейімділігімен ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт
аймағында және таулы жайылымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай
жайылымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла
алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардан алынатын өнімнің молайы
өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдірілуіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы
өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-
жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім жөне жаңадан
шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл
шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері
қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік
сатып алу төртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті
бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін
фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен
айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да
қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан
әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында
селекциялық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген
шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы
шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта
өркендейтін болады.
Әдебиетке шолу

1. Уолтон, Хэммондар (1938) шайр тұқымы жылқысының биесін шотландияның
пони тұқымды жылқысының айғырымен шағылыстырғанда алынған құлындарының
салмағы шайрдың да, понидың да таза тұқымды құлындарынан 3 есе үлкен болып
шыққан.
2. А.В. Решетниковтің (1988) мәліметтері бойынша Якутияда бұл аурудың
салдарынан бір басқа келетін экономикалық зиян 30,0 - 44,2 рубльді құрайды
[1].
3. А.Красников (1969) жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт,
бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах,қырғыз, локай, мегрел,
тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-якут
жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс,
міністі-жегісті, желісті, ауыр жүк тартатын, жегіс тұқымдарына бөледі.
4. К.Г.Барминцев (1987) шаруашылыққа пайдалану қасиеттері бойынша
жылқы тұқымдарын төрт топқа бөлді: жұмыс аттары, спорт аттары, сүт және ет
өндіруге арналған жылқы, продуценттер.
5. З.С Никоро, Г.А Стакан, З.Н Харитонова жылқы гастерофилезін
көптеген аймақтарда жан-жақты зерттеген. Бұл зерттеулер нәтижесінде
гастерофилездің экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа 153
тен 435 дернәсілге (кейде 1000 астам) жететіндігі анықталған.
6. Игорь Нечаев (1966) Академик жылқы тұқымдарына барлық сараптамалар
жасап, жабы жылқы тұқымын анықтап зерттеген.
7. Я.Я. Полферовтың (1987) адай, қарабайыр, арғымақ секілді қазақтың
көне жылқы тұқымдарын жеке-жеке мақалаларға арқау етіп алып, сол заманғы
ғылыми тұрғыдан мазмұнды баяандап берген. Автор зерттеуін одан әрі
жалғастыра келе, қазақ жылқысын асылдандыруға, қандай мәдени тұқымдар
сәйкес келетінін дәлелдеген.
8. 1870 ж. Н. Бахметьев, (1871ж). М. Бабаджанов, (1871)
П.Великосельцев, (1875 ж.) А. Гардер, (1885 ж). С. Вогак, (1875 ж.)
А.Вилькинс, (1883 ж). А. Жантурин, (1885 ж). А. Каллер, (1892 ж). И.В.
Шумков, (1894 ж). А.И. Добросмыслов, (1895 ж.) В. Фирсов сияқты Ресейдің
белгілі ғалымдарының қазақ жылқысына арналған арнайы зерттеулері жарық
көрді. Бұл шығармалар кәсіпқой мамандар тарапынан жазылғандықтан әлі күнге
дейін маңызын жоймаған сүбелі еңбектер. Осы еңбектер жарыққа шыққаннан
кейін Россияның қажеттілігін кез-келген уақытта қанағаттандыра алатын
таусылмас дария – дала жылқы шаруашылығына мемлекет тарапынан көңіл
аударыла бастады.
9. И. Хантинский 1893–1903 жылдары Коннозаводство журналының Торғай
обылысындағы тілшісі болып қызмет істеп, облыстағы әр жылдық ақпарлар мен
хабарлар есебінде ондаған мақалалар циклын жазды.
10. С. Белинский, (1956) Ақмола, Жетісу облыстарының жылқы
табындырын зерттеген Шынтуайтына келсек қазақтың жылқы шаруашылығына,
барлық Еуропа мемлекеттері қызғанышпен қарау керек. Себебі біздің кең-
байтақ отанымыздағыдай әскери жылқыларды өсіріп баптайтын табиғи жағдай
ешбір елде жоқ, – деп жазады.
11. П. Плещеев мен Ловицкий Семей обылысының жылқы тұқымдары
жөнінде көптеген мақалалар жазды.
І. Жылқы шаруашылығы
1.1. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары

Мал шаруашылығының тиімді саласы – жылқы шаруашылығы . Басқа мал
түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш
күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-
маңызы да өзгерді. Бірақ адамның жылқыға деген сүйіспеншілігі өзгерген
жоқ. Қайта жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының
шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе – көлік, сүті –
қасиетті диеталық сусын, еті – дәмді тағам. Осы қасиеттеріне былай қойғанда
ертедегі диқандар оны жер өндеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған.
Жылқыны спорт пен әскерге пайдалану да оның маңыздылығын күшейтіп, мәнінің
артуына зор ықпалын тигізді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының ішіндегі
дәстүрлі және көп сырлы салалардың бірі. Бұл саладан өндірілетін
бағалытағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары
бұйымдарына, вакцина және қан сарысуына (сыворотка) жасауға кеңінен
пайдаланылады.
Өткен жыл қорытындылары көрсеткендей, облысымыздың ауыл шаруашылық
саласында тындырымды істер жүзеге асырылды. Ол - ең алдымен мемлекеттік
бағдарламаның оң бағытта іске асырылатынын белгісі. Әсіресе, мал басының
өсу тенденциясы байқалды. Облыс тұрғындарының санына байланысты жан басына
шаққанда 1,51 бас мал. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 1,23 басқа теңескен.
Соңғы деректер жылқы 58 595 басқа жеткен. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына
дейінгі жағдай бойынша бұл іс Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылды
аймақтарында ойдағыдай, Баянауыл, Май аудандарында көңілден шығарлықтай.
Алдыңғы екеуінде жан басына шаққанда 2,06; 2,00 бастан, Баянауыл
ауданында 1,98 бас, Май ауданында 1,93 бас, Павлодар ауданында 1,81 басқа
тең.
Бірақ, жылқы шаруашылығының ілгері дамуына бөгет болатын көптеген
факторлардың бірі – жылқылардың түрлі инвазиялық аурулары. Табынды жылқы
шаруашылығының жоғары деңгейде ветеринар-санитарлық және зоотехниялық
қызмет көрсетудің жетіспеушілігінен жылқылар арасында әр түрлі
этиологиялы аурулардың таралуы, оның ішінде гасетрофилездің де етек алуы
байқалуда.
Жылқы арасында гастерофилез барлық табиғи аймақтарда кең таралған
және жылқы щаруашылығына келтіретін зияны орасан зор.
Жылқы гастерофилезі Беларусияда, Ресейде, Орта Азия Республикаларында
(Өзбекстан, Қырғызстан), Қазақстанның шығыс және солтүстік аймақтарында жан-
жақты зерттелген. Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің
экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа 153 тен 435 дернәсілге
(кейде 1000 астам) жететіндігі анықталған.
Қазақстанда ертеректе жылқы гастерофилезі оңтүстік-шығыс
аймақтарында зерттеп тауып [6], одан соңғы жылдары жылқының бұл ауруына
көңіл бөлінбеді. Тек соңғы жылдары Республиканың солтүстік аймақтары мен
шығысында гастерофилезге көңіл бөліне бастады [7,8]. Бірақ Павлодар
облысында, бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, соңғы уақытқа дейін қарын
бөгелектерімен олар туғызатын жылқы ауруына көңіл бөлінбей келеді.
Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы
тұқымдасына Африкада кездесетін жолат (зебр), домбай, құлан, керқұлан
(онагра), тарпан, түзат жатады.
Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен
түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті
аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде
жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен.
Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.
Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады.
Жылқысын; бұдан 5—6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық
зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға
үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл
археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға
үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындал отыр.
Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті
түлігінің бірі - жылқы. Ерте замандарда ең көп өсірген, төрт түліктің
ішіндегі пір тұтатыны да - жылқы. Жылқының пірі - Қамбар ата. Жылқы көш
көлігі және елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген.
Жылқылардың қолға үйретілген жері мен уақыты ғалымдарға бұрыннан
жұмбақ болып келген. Зерттеушілердің көпшілігі мыңдаған жылдар бойы жабайы
жылқылар өсіп-өнген, құрбандыққа шалынған тайлардың қаңқалары мен
дөңгелекті арбалар табылған Украина, Ресей және Қазақстанның далалары
жылқылардың қолға үйретілген жері болуы мүмкін деп есептеп келген. Американ
археологы Дэвид Энтони 2007 жылы жарық көрген Жылқы, дөңгелек және тілдер
атты кітабында бұл аймақтағы жылқының қолға үйретілу мезгілі шамамен біздің
дәуірімізге дейінгі 2500 жыл деп жазады.
Жылқының қолға үйретілуіне қатысты дәлелдер осының алдында, Ботай
мекенінде, Көкшетау университетінің ғалымы Виктор Зайберт жүргізген
қазбалардың нәтижесінде табылған. Карнеги жаратылыстану мұражайының
қызметкері, америкалық Сандра Олсенмен бірге олар жылқы қаңқаларынан
жауырдың іздерін тапқан. Бұл Ботай жылқыларының жұмысқа және мініске
пайдаланылғаны туралы болжам жасауға негіз болды.
Олсен мен оның әріптестері Қазақстанның солтүстігінде жылқылардың
қолға үйретілгендігі жөнінде бұдан бұрын да түрлі дәлелдер келтірген.
Мысалы, жылқыларға арналған қоршаулар, жылқы тезегінің құрылыс материалы
ретінде пайдаланылуы, сонымен бірге, лассо тәрізді әбзелдің кең таралуы.
Бұл дәлелдер даулы болатын, ал скептиктер болса, бұның барлығы жабайы
жылқыларды пайдалануға байланысты деп байлам жасады. Алайда, жаңа табылған
дәлелдер Ботайда адамдар жылқыны үйретіп қана қоймай, олардың бүкіл
патриархалды экономикасы осы жануармен тығыз байланыста болғандығын айтуға
мүмкіндік береді.
Алексей Марьяшевтің айтуынша, Қазақстандағы ескерткіштердің саны ғана
емес сапасы да өзгеше. Мұндағы материалдар өте бай және олар жекелеген
стилдерді, бұл өнердің туындауы, оның гүлденуі мен біртіндеп сөнуінің
кезеңдерін бөліп алып, қайта електен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен
бірге, Қазақстанда жаңартылған суреттер де көптеп кездеседі. Салт атты
жауынгерлер түркілерге ұқсайды. Анықтап қарасаң, жауынгерлер кейінірек
салынған. Ал, жылқылар қола дәуіріне жатады. Осыдан барып бұл өнердің
сабақтастығы, оның дамуы мен біртіндеп сөнуі анықталады, - дейді Марьяшев.

Бұл сенсациялық жаңалық басқа да көптеген БАҚ-тардың назарын аударған.
Мәселен, немістің Sueddeutsche Zeitung газеті Әлемнің алғашқы салт
аттылары деген мақаласында, қазіргі Қазақстанның солтүстігіндегі Ботай
мәдениетінің өкілдері осыдан 5500 жыл бұрын жылқыларды қолға үйреткен.
Яғни, бұл оқиға Европадағы алғашқы қолға үйретілген жылқылар пайда
болғаннан 2000 жыл бұрын болған деп атап көрсеткен.
Жылқыны алғаш өсірген адамдар бие сауған деп сеніммен айтуға болады.
Өйткені, қазір де Қазақстанда бие сауылады, - деп жазылған мақалада. – Бие
сүтінен ферменттелген, қышқылтым сусын - қымыз ашытылады. Мүмкін, Ботай
дәуірінде де қымызды осылай ашытқан болар. Қалай болғанда да, археологтар
қыш ыдыстардың қабырғасынан тапқан май іздері тек бие сүтінде ғана болады.
Бұған қарағанда, Ботай тұрғындары жылқыны сиырдан, қой-ешкіден бұрын қолға
үйретсе керек. Шыныққан жануарлар суыққа тоңбайтын. Өзге үй жануарларын
қыста қолдан жемдеу керек болса, жылқылар жылдың кез-келген мезгілінде
өздігінен жайылатын болған.
1.2. Жылқы шаруашылығы саласы

Дүние жүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымымен тұқымдық тобы өсірілді.
Олар бір-бірінен шығу тегі, өнімдік бағыты, дене құрлысы мен тірілей
салмағы, зат алмасуы бойынша ерекшеленеді. Жылқы тұқымдарын топтастырып,
жіктеу (классификациялау) оларды зерттеуді жеңілдетіп, асылдандыру ісін
жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік тудырады. Зоологиялық, экологиялық
және зоотехникалық тұрғыдан жылқы тұқымдарын қаңқасының жетілуі мен
хронологиялық өзгеруіне байланысты класстарға бөледі. Экологиялық жіктеу
жылқы тұқымдарын шығу тегі мен таралған жеріне байланысты негізделген. Бұл
жіктеумен үндестік тапқан зоологиялық жіктеу бойынша жылқы тұқымдарын -
сүйегі жеңіл де мықты, қырынан қарағанда иіліп тұратын, терісі жұқа шығыс
және сүйегі ірі, терісі қалың, жүндес батыс тобына шығыс жылқысы типтес
жазық және таулық, басы қырынан тік, беті қысқа да кең келетін ормандық,
бөкен тұмсықты беті ұзын да жіңішке далалық аймақтық тобына (К.Юарт), дөңес
маңдайлы және тік маңдайлы солтүстік типтеріне (А.Браунер) - жатқызады.
Бірақ бұл жіктеу жүйелеріне қарағанда іс жүзінде жылқы тұқымдарының
шаруашылыққа пайдалы (хозяйственно-полезные) белгілеріне негізделген
зоотехникалық жіктеуі кең пайдалынады.
Зоотехникалық жіктеулер ішінде іс жүзінде тиімдісі А.Красниковтың
классификациясы. Ол жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт, бурят,
қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах,қырғыз, локай, мсгрел, тува,
тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, сахаякут
жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс
(араб, ахалтеке, иомуд, терск, тракен, таза текті салт мініс), міністі
-жегісті (дон, буденный, кабардин, қарабайыр, қостанай, көшім, жаңа
қырғыз), желісті (орлов, орыс, американ, француз) ауыр жүк тартатын
(владимир, арден, литва, першерон, орыс, совет), жегіс (белорусс, жемайчу,
латвия, торий) тұқымдарына бөледі. К.Г.Барминцев шаруашылыққа пайдалану
қасиеттері бойынша жылқы тұқымдарын төрт топқа бөлді: жұмыс аттары
(жегілетін және желісті жылқының шаруашылықта жұмыс істеуге, жүк теңдеуге,
тасымалдауға жарамды типі, экстремальды жағдайға арналған әскери аттар),
спорт аттары (ат спорты ойындары мен жарыстарға, сондай-ақ ат туризміне
арналған аттар), сүт және ет өндіруге арналған жылқы (өнімді жылқылар),
продуценттер (жылқы қанынан гангрен, дифтерия, ботулизм, т.с.с. ауруларды
емдеуге арналған қан сарысуын дайындайтын биология өнеркәсібіндегі
жылқылар). Қазақстанда өсірілетін негізгі жоспарлы жылқы тұқымдарына қазақы
жылқының жабы мен адай типі, мұғалжар, көшім, қостанай және дон тұқымдары
жатады. Тебінді жылқы шаруашылығында жергілікті жылқы тұққымдары өсіріледі.
Ғасырлар бойы жылқының санын көбейтіп қана қоймай асылдандырып, жаңа
тұқымдар алып, әскерді жорық аттарымен, елді ат майымен, соғыммен,
мейрамдарды азық-түлікпен қамтамасыз еткен байлардың ролі ерекше.
Көшпенділер қоғамында бай тек қана есепсіз байлықтың иесі емес. Бай
терминінің мәнін дұрыс көрсете білген Л.П. Потапов: бай сөзін этнографтар
богатый деп аударып жүр... бұл қанағаттанарлық балама емес, бай
әлеуметтік ұғымнан жоғары құдіреттілік мағынада,-деген [20,236- б.]. Қазақ
қоғамының негізгі тірегі ру десек, ру болу үшін елді ұстайтын биі, жерін
қорғайтын батыры, елін бағатын байы болу керек. Байдың атқаратын міндетінің
өзі елді басқаратын биден, елді,жерді қорғайтын батырдан кем болмаған.
Себебі, ол кезде мемлекеттік зейнетақы қоры жоқ, рудың кедей-кепшігін,
кемтар-кембағалын бай баққан, бәрі байдың қолына қараған.
ХІХ ғ. аяғында қазақ байларының жылқы бағу әдісін орыстың пысық,
өсімқор, шаруақор адамдарыда қолданып жылқылы бай атанғандары бар. Табынды
жылқы шаруашылығының тиімділігін жете білген жайық орыс-казагі П.
Овчинников балаларымен бірлесіп, құлындарын есептемегенде жылқы санын
2500 басқа жеткізген, 6 табынға, 90 айғыр - үйірге бөлген. П. Овчинниковтың
жылқы бағудың сырына қаныққаны соншалық, қазақ байларындай әр табынды
түске бөліп бақтырған Зайсан - Тарбағатай аймағының орыс көпесі
Е.Сорокиннің 12 мың жылқысы болған. Осындай толық емес мәліметтердің өзі
халықтың жылқы бағу әдісінің өміршеңдігін және қазақтың жылқы бағу
этномәдени үрдісінің басқа халықтарға әсерін көрсетеді. Көптеген
статистикалық мәліметтерді архив құжаттарын тексергенде Қазақстанда 4,5 мың
жылқы оған Моңғолия мен Қазақстандағы қазақтардың жылқысын қосқанда 7
млн-ға дейін жылқы болған деп айтуға негіз бар.
Қазақтың дәстүрлі ежелден көрші елдермен саудасы-төрт түлік мал, оның
ішінде жылқымен сауда басты кәсібі еді. Әсіресе көршілеріміз Ресей мен
Қытай мемлекеттері қазақтың екі нәрсесіне асық болды, бірі - ұлан-байтақ
жеріміз, екіншісі - есепсіз жылқымыз . Қытай ілкіден өзінің жүз мыңдаған
әскерін дала жылқысы есебінен қамтамасыз етсе, Ресей ХІХ ғасырда қазақ
жерін тұтас басып алып, шекарада айырбас керуен-сарайларын ашып жылқы
саудасын қарқындатты. Азды көпті орыс-қытай мәліметтерін саралай отырып
ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап 1917 жылға дейін қазақ жерінен 150 жылда 15
млн жылқы әкетілген деп топшылаймыз.
Қазақстанда жылқыны пайдаланылуына және жүрісіне қарай түрге бөлу
кездеседі. Мұны ең алғаш байқап жазған М. Бабаджанов. Автор қазақ
жылқылары : берік, жүрдек, жүйрік (жүйрікті үшке бөледі: ұшқыр, қарғыншыл,
аламан-жүйрік), аяңшыл, жорға. Бұл жерде М. Бабаджановтың ұшқырын Моңғолия
қазақтарының шаңтимесімен, қарғыншылды қызбелмен шендестіруге болады. Күні
бүгінге дейін жүйріктердің топқа жіктелуі әлі толық қалыптасқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Х.Дулати
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Түркі тектес халықтардың аңыздарындағы Асан Қайғы бейнесі
Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтар жайлы
Заттай мәдениеті
Іздестіру жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі тайпаларының рухани мәдениеті (V-VIII ғ.ғ.)
Ертеде осы жерлерде
Қадырғали Жалайыр
Тарихи деректерді жіктеу
Пәндер