Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

Мәдениет және өнер факультеті

«Көркем қолданбалы өнер

және кәсіби білім»

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Орындаған : Бейнелеу өнері және сызу мамандығының 4 курс (10401) топ студенті Р. Г. Жумагазиев

Тексерген: аға оқытушы А. Б. Абдешев

Орал, 2011ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

І. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасу және

негізгі даму кезеңдері . . . 5

1. 1. Қазіргі заманғы бейнелеу өнері пәнін оқытудың әдістемесі . . . 5

1. 2. Бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың эстетикалық талғамын дамыту. . 9

ІІ. Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту . . . 27

2. 1. Оқушығарға бейнелеу өнерінен сабақтан

тыс жұмыстарды орындату . . . 27

2. 2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру . . . 32

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36


КІРІСПЕ

Мектептегі бейнелеу өнері - басқа оқу пәндеріне ұқсамайтын өзіндік атқаратын міндеті мен тәрбиелік мүмкіндігі зор пән.

Оның басты мақсаты - өмір шындығының қос қоғамдық ерекше тәлім тәрбие беру. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшеліктерін танытуды, оқушылардың табиғат сұлулығын, халық өмірінің көріністерін жүйелі қабылдауын оның мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білуді қалыптастыруды көздейді. Бұл пәннің мазмұны мен мақсаты мектептің жалпы оқу тәрбие жұмыстарының негізгі талаптарымен де ұштасып жатады. Сол себепті әрбір сабақты оқыту мен тәрбие процесінің тығыз бірлігі осы өнерді меңгертеудегі негізі болып табылады.

Бейнелеу өнері оқыту барысында қолданылатын педагогикалық әдістің бірі болып табылады.

Бейнелеу өнері пәнінің мүмкіндіг шексіз мұндай нақты бір шешім болуы мүмкін емес, әр оқушының белгілі затты немесе құбылысты қалай қабылдаса солай бейнелеуге тырысады.

Сондықтан бір оқушының тапқан шешімі екінші оқушының жұмысына ұқсамайды. Осы жағдай кластағы барлық оқушының сабаққа толық ынтамен қатынасуын қамтамасыз етеді, өйткені талантсыз оқушы жоқ, ойын үстінде баланың творчествалық қабілет мүмкіндігі толық ашылады.

Бейнелеу өнерінен үй тапсырмасы берілмейтінін апталық сағат саны бір сағат қана екенін және творчествалық тапсырмалармен жаттығулардың аздығын ескерсек, ойын-тапсырмалардың бейнелеу өнерін оқытуда қаншалықтымаңызды екенін байқау қйын емес. Бейнелеу өнерін оқыту барысында ойын элементтеріаралас тапсырмалар беру оқушылардың сабаққа деген қызыушылығын арттырып, олардың сабақта творчествалықпен жұмыс стеуіне себебін тигізеді.

Бейнелеу өнері сабақтары өзінің терең мазмұндылығымен оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын қызығуын, творчествалық шабытын арттыратындай болу тиіс, деп көрсетілген.

Мектепте бейнелеу өнері туралы білім беруде оқушылардың кеңістік жөніндегі ұғымын дамытудың маңызы зор. Оқушылар заттың бейнесін дұрыс алғанымен, оның кеңістігі орналасуын дұрыс көрсете алмайды.

Бейнелеу өнерін оқыту программасында композиция теориясымен оның бейнелеу өнерінің барлық түрлері жанырларына қатысты заңдылықтарымен, бейнелеу әдістерімен таныстыру мәселесі де қамтылған.

Оқушыларды еңбекке тәрбелейді, қарапайым заттарға эстетикалық билік талғам тұрғысынан қарауға табиғат пен адам жасаған сұлулықты қорғаи білуге баулиды. Бастауыш кластарда бейнелеу өнерін оқыту ісі алда мынадай міндеттер қояды. Оқушылардың көркем мәдениет құбылыстарды олардың қоғам өміріндегі мәні.


І. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің қалыптасу және

негізгі даму кезеңдері

1. 1. Қазіргі заманғы бейнелеу өнері пәнін оқытудың әдістемесі

Заман талабына сай бейнелеу өнерін оқытуға байланысты оқу әрекетінің мақсаттылығына, мазмұндылығына үлкен мән берілуде. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - оқушылардың ақпараттық -техникалық құралдарды ( компьютерді) мектеп қабырғасынан пайдалана білуге және әр оқушының жеке дара екенін естен шығармай, оларға жүйелі білім беру арқылы оқыту міндет болып отыр. Білім беру саласын ақпараттық техникаландыру дегеніміз - оқу - тәрбие үрдісін интенсификациялану, педагогикалық жаңа технологияларды ақпараттық техника құралдарымен байланыстыру болып табылды. Комьпютерді бейнелеу өнері пәнін оқытуда пайдалану мүмкіндіктері мол. Дербес комьпютерді сабақта пайдалану оқыту жүйесінде кері байланысты қамтамасыз етуге, даралап оқытуды жүзеге асыруға, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға және оқушылардың білім деңгейін анықтауға өз үлесін қосады.

Бейнелеу өнері сабағында қазақ халқының өзіне тән салт - дәстүрі мен мәдени мұрасын, көркемдігі мен әсем өрнегін танытуда - компьютердің қолдану оқушылардың оқуға деген қызығушылығына ықпал етеді. Ал оны әр ұстаз оз шеберлігіне қарай қолданады. «Ұлттық нақыштағы натюрморт» тақырыбын өткенде компьютерді, интерактивтік тақтаны, жаңа технологияларды осы сабақта қолданғаным жайлы ой бөліспекпін. Сабақта қазақ халқының ұлттық ыдыстары туралы мағлұмат беріп, білім-білік дағдыларын қалыптастыруға және бейнелеу өнерінің түрлерін компьютер арқылы сала білуге үйретуді мақсат еттім, белгілі заттарды бейнелеуге үйретеміз. Оқушылардың дамытушылық қабілетін ескеріп, ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді қолдана отырып натюрморт салуға деген танымдық қызығушылығын дамытуды ескердім. Қазақ халқын тарихын, салт- дәстүр үлгісін, ертеден келе жатқан мәдени асыл мұраны балаларға бағалай білуге, құрметтеуге, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелеуді басты мақсат еттіп алынды.

Бейнелеу өнер сабақтарында оқушылардың практикалық білімі мен көркемдікті түйсіндік үйлесімді ұштастыра білуге шындық пен өнердегі әсемдікті дәл сезіне білуін, шығарманың ынтасына өнерге деген ықыласы мен қызығушылығына және материалдық дүние танымының қалыптасуына ықпал етеді. Айналадағы өмір шындығы көріністерін көркем бейнелеу әдістері мен тәсілдерін меңгеру белсенді шығармашылық жұмыс.

Айналадағы шындық объектілері мен құбылыстары эстетикалық тұрғыдан қабылдаи білуге баулу.

Балалардың көру мен есту, баиқампаздық қабілетін бояу түстерін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылардың шындық пен өнерге деген белсенді эстетикалық сезімталдық қабілеттерін тәрбелеу өнердегі икемділектерін дағдыларын еңбекке оқуға паидалана білуге үирету. Туған халқының сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыру.

Әрбір сабақта қазақ дәстүрлерінің үлгісін пайдалана отырып әдепті тазалыққа сұлулыққа түсіне білуге тәрбиелеу.

Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшілігі суретшінің өз көзімен көріп түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде . Сонау ерте заманда адам айнала қоршаған ортасын қызықтырған табиғат құбылыстарын топыраққа балшыққа тасқа түсіріп бейнелеген сол арқылы табиғат сұлулығын ұқты. Жан-жануарлардың әрекетін мінезін зертттейді. Атам заманда жартастарға үңгірлерге қашап салынған суреттер өздерінің шыншылдығымен әсерлігімен көрерменді тамсандырды. Археолог Марселено Алътамира үңгіріндегі ертеден қалған өнер туындылары бар. Осы үңгірде бейнеленген түрлі хайуанат суреттерінің мұнан 40 мың жыл бұрын салынған екен. Сондықтан олар қазіргі заманға жеткен ең ескі өнер туындысы болып табылады. Осындай суреттер Сахара, Мексика, Амазонка өзенінің айналасында өзіміздің елімізде Кавказ тауларында Сібірде Қазақстан аймағында Қапшағай маңайында Шығыс Қазақстан таулы аймақтарында тағы басқа жерлерде кездесіп жүр. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақта мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шыққан өнер шығармалары өзінің бейнелігілімен айтар ойының тереңдігімен ғалымдар суретшілер назарын аударып отыр. Шығыс Қазақстан обл. Бұғытас жартасынан табылған сурет. Бұл сурет өзінің көмегімен үлкенділігімен өте шебер әдемі салынуымен көзге түседі.

Бұғының жалпы келбетін оның дене мүшелерінің салыстырмалы өлшемдерін дәл бере білген. Олардың шеберлігі соншалық жануардың кейбір мінез-құлқын көрсететін дене мүшелерін дәл сала білген. Ерте дүние адамында шыншылдық пен байқампаздық қасиеті цивилизациясы жоғары елдердің адамдарына қарағанда әлеқандай дамыған сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай оған көп көңіл бөліп қастерлеу қажет. Өйткені өнердің бастауы бұлағы. Келе-келе сурет өнерінің дамуы арқасында сәулет өнері мүсін живописъ өмірге келді. Енді адамдар сәулетті сарайлар қалалар ірі қорғаныс құрылыстарын салды. Ғажайып мүсіндер туғызды. Жартастан адам таңданарлық өнер кереметтерін туғызды. Әлем өнерін айтқанда оған өзінің үлесін қосқан тамаша өнер туындыларынқалдырған ата-баба өнері өнер мәдениеті жағынан сол кездегіесік, алтын адамы алтыннан тігілген алтын адам киімі сирек кездесетін өнер туындысы. Сурет салу үшін үйрену өзімізге ұнаған табиғат денелерін көріністерін түрлі-түсті бояулар арқылы бейнелеуде алдыменен табиғат денелерінің сәнділігін әдемілігін тану денелердегі әдемілікті көру. Сол әдемілікті көру оны халыққа көрсету суретшінің міндеті.

Сурет пен бейнелеу өнері бұған қол өнерді қоспағанда қазақ халқында кеш дамыған кәсіптің бірі. Ерте заманда шариғатты қатты ұстаған мұсылман елі бейнелеу өнерін әсіресе сурет салуды оның ішінде адам бейнесін салғызбаған. Сол кезбегі өнерге ұмтылған азаматтарға кінә тағылаиын болса егер де салынған адам бейнесін көретін болсақ ол адамды жазаға тартқан соққыға жыққан болар еді. Шариғаттың тәртібі бойынша адам бейнесін салуға қатал тиым салынған. Сол себептен қазақ халқының өнері Ұлы Октябръ революциясынан кейін дамыды. Живописъ өнеріне алғаш жол тартқан 20-30 жылдары Ә. Қастеев. болды. Бейнелеу өнерін оқыту айналадағы өмір шындығын көркем бейнелеу ерекшіліктерін танытуды оқушылардың табиғат сұлулығын халық өмірінің көріністерін тұрмыс салтын мерекелерін еңбек түрлерін жүйелі түрде қабылдауы және мүмкіндігінше өзінің көркем бейнелеу жұмыстарында қолдана білу. Машықтарын қалыптастыруды көздейді. Бейнелеу өнері сабақтары оқушылардың практикалық білім мен көркемдікті түсінуін үйлесімді ұштастыра білген, өнердегі әсемдікті сезіне білген, шыңдалу биіктігіне көтерілді. Әсіресе мүсін өнері көне грек дәуірінде дамыды. Солардың бірі екі қанатты қыз баланың бейнесі апалы-сіңлілі оларды муза деп атады. Өнер мен ғылымды мәңгі жастық шақты паш ететін өнер туындысы болды. Жалпы бейнелеу өнері, суретші қауымы арасында үлкен дағдарысты әңгімелер туғызды.


1. 2. Бейнелеу іс-әрекеті арқылы балалардың

эстетикалық талғамын дамыту

Бейнелеу өнері көру, шолу арқылы қабылданған шындықты көрсететін көркем шығармалар түрлерінің тобы. Бейнелеу өнерінің шығармалары уақытта да кеңістікте өзгермейтін заттық форма.

Бейнелеу өнеріне кескіндеме, мүсін, графика, сәндік өнері жатады. Бейнелеу өнері өмірдегі шындық түрінде сондай-ақ заттың материалдық формасы ретінде объективті қасиетіне және заттың көлемі түсі, жарықтығы, фактурасы және кеңістік ортаға байланысты шығарылады. Көркем-эстетикалық білім мен тәрбиенің маңызды тиімді әдісі -эстетикалық көркем сипатқа бейнелеу әрекеті түрінде ойын болып табылады.

Қазіргі таңда бастауыш мектепте оқыту барысындағы мәселелердің бірі-оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер мектеп қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан оқушылардың сабаққа ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.

Мектеп мұғалімдері бастауыш сыныптарда эстетикалық тәрбиені кітап оқу, ән тыңдау, бейнелеу өнері мен театр, кино т. б. өнер түрлері арқылы көркем өнерге тарту, тағы басқа да жолдармен жүргізуге болатынын біліп қана қоймай, оны қалай жүзеге асыру тәсілдерін жан-жақты меңгеріп, жетілдіруі тиіс. Мұғалім эстетикалық тәрбиені балаларға өнер түрлерін меңгерту арқылы жүзеге асырады.

Оқушы өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты.

Оқушылардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда бастауыш мектепте оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп, көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді. Төменгі сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы мұғалімдердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты. Қазіргі кезеңде бастауыш мектепте мұғалімдер эстетикалық тәрбиені халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жүргізгендері жөн.

Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде бастауыш мектептегі бейнелеу өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі бастауыш мектеп кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады.

Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Ол үшін біздің зерттеу жұмысымызда төмендегідей міндеттенр қарастырылады:

• бейнелеу өнер пәні арқылы оқушыларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;

• бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау;

• бастауыш мектеп кезеңінде эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін анықтау;

• оқушылардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен ұщтасуына көмектесу;

• бейнелеу өнері пәні бойынша бастауыш мектеп оқытушылары эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау;

Бастауыш мектепте бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде оқушылармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе, сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер ( «Түстерді ажырат», «Кім алғыр», «Үйлестіре біл», т. б. ойындар) тиімді қолданылса, оқушылардың табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу нәтижесінде бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық танымы, білімі, талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып отырады.

Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді, оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып отырмыз.

Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстекикалық тәрбие беру мәселелері В. В. Алексеева, А. В. Бакушинский, Г. В. Лабунская, Н. П. Сакулина, Б. П. Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнертүрлерінің маңызы туралы Республика ғалымдары Б. Қазыханов, А. Қасымова, Ә. Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген.

Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Ж. Наурызбаев, С. Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.

Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу С. Аманжолов, Ш. Әлібеков, Б. Әлмуханбетов, Б. Байжігітов, Ж. Балкенов М. Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары әдіс-тәсілдері нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру мәселелерін жан-жақты қарастыруымыз қажет.

Сонымен бастауыш мектепте оқыту барысында кезек күттірмейтін мәселенің бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни оқушылардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру; екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял - сезімін шарықтату болып табылады.

Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс.

Оқушы эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім - саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек қажет болатыны түсінікті.

Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Бастауыш мектеп балаларының талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз - бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы оқушылардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.

Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік - қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер тілін меңгеру барлығы оқушылар эстетикалық талғамын дамытады.

Қоршаған ортамен таныстыру арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.

Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі - табиғат. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік заңдылықтары әртүрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.

Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну сезімі туады, ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық сезімдерін оятады.

Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк -жасыл орман - тоғай, сылдыраған су, шексіз - түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.

Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың эстетикалық ықпалы да айтарлықтай арта түседі.

Міне, сондықтан да балардың табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік жүргізуде, табиғат бұрышында, мектептің оқу -тәжірбие алаңында, табиғатта, үйде, жануарларды қорғауда, мектеп ауласын көгалдандыруда) эстетикалық бағыт беру керек.

Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін дүнижүзілік және ұлттық көркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің т. б. ) мысалдарын, үлгілерін көрнекі қолдану қажет.

Бастауыш мектеп оқушыларын табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға әр қилы тапсырмалар орындатуға болады: заттың өзіне қарап суреттер салып, ұнаған жерлерді суретке түсіру.

Табиғат - біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді. Кең байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап, сүйсіне ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да оқушылардың эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол.

Оқушылардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ барысында табиғат көріністерінің сұлулығы жырланған шығармалардан (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланған тиімді. Мысалы, С. Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы, Абайдың табиғатты суреттеуі, Ілияс Жансүгіровтың «Жетісуды суреттеуі» т. б.

Негізінде эстетикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты, өйткені экологиялық тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Төменгі сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиеге баулу туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады, оқушыларды суретке, қиып жапсыруға баулу, түстердің, сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.

Өмірді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан -жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Өнер біздің қоғамда адамдардың, әсіресе оқушыларды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады. Оқушыларды көркемөнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға натюрморт жанрын меңгерту әдіс тәсілдері анықтау
Сабақ - оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы
Көркем еңбек сабағында жобалау әдісін қолдану
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнері сабағында оқушылардың көрнекілік арқылы қызығушылығын ояту және құзыреттіліктерін дамыту
Графика және жобалау пәнінің мектеп бағдарламасындағы орны
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың визуалды өнерде қабілеттерін дамыту
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz