Жылқы — қарапайым қарынды мал



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .4
2 Негізгі бөлім
2.1 Жылқы шаруашылығының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.2 Белорус жегісті тұқымының қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.3 Белорус жылқы тұқымының ерекшеліктері және азықтандыру
нормалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.4 Жегісті аттарға арналған рациондар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22
Кіріспе
Жылқы — қарапайым қарынды мал. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының
сыйымдылығы небәрі 14-16 л көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бөрін
дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары
үшін көңіл аударарлық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын
түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы жемшөпті ауыз
қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан,
азықтануға ұзағырақ уақыт жүмсайды.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқаратын аттардың азықтандыруын
атқаратын жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырады. Сауылатын
немесе соғымға сойылатын жылқы азықтандырылуы олардың сүттілігін және
салмақ қосуына жоғарылатуға бағытталса, көлікке мініліп, жегілетін, түрлі
шаруашылық қара жұмысына пайдаланылатын аттарды энергия шығындау көлемі мен
мерзіміне тәуелді қоректендіреді. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың
энергиясы алдымен өз денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған
(мінілген) жүкті тасуға немесе жегілген жүкті тартуға (сила тяги)
жұмсалады. Аттың өз денесін алып жүруге бүкіл энергия шығынының 13 бөлігі,
яғни 25—30% жұмсалады.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқарып немесе мініліп жиі терлейтін
аттардың суару мен азықтандыру реті мен тәртібін кдтаң сақтау қажет.
Терлеген атты алдымен терін басқызып, суытып барып суарады. Уақытты ұтымды
пайдалану үшін, алдымен ірі жемшөптің бір бөлігін беріп терін бастырғаннан
кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі
жемшөптің қалған бөлігін салып қояды.
Сауылатын бие мен етке сойылатын жылқы азықтандыруын жасы, жынысы,
тірілей салмағы мен өнімділігіне (сүттілігі мен салмақ қосуы) сәйкес
азықтандырады. Сонымен қатар жылқы тұқымдарының зат алмасуындағы барысы
едәуір ерекшеленетінін ескеру қажет. Мысалы, жеңіл жүрісті мініс
тұқымдарына жататын шабыс аттары мен желіс тұқымдарына жататын жегіс
аттарының зат алмасуы жедел жүреді де, аяқ жүрісті ауыр салмақты тұқым
аттарының зат алмасуы баяу жүріп алғашқылардыкімен салыстырғанда 100 кг
тірілей салмағына шаққандағы энергетикалық мұқтаждығы 8-10% төмен болады.
Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді. Ауыр қара
жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары
энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшөптің
жеңіл қорытылатын көмірсуларымен қанағаттандыратынын ескеріп, осы мерзімде
оларды толықтыруды ойластыру қажет.
Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуаттылығы жоғары
жемшөп ретінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыр-түйнек
жемістілерді береді.
Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашыту үрдісін өрістеп,
атқарылатын жұмысына (жедел қимылына) кедергі келтіретіндіктен, олардың
көліктік және мініс аттарына берілетін мөлшерін шектейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жылқыларды өсіру негіздерімен танысу,
Белорус жегісті аттарының ерекшеліктерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері: жегісті аттардың жемшөп мөлшері, олардың
атқаратын жүмыстарына байланысты өзгеруі туралы, атқаратын жұмыстарының
бөлінуі туралы түсінік беру.Белорус жылқы тұқымының ерекшеліктерімен
таныстыру.

1 Әдебиетке шолу
А.И. Вилькинс [1] жүргізілген зерттеу нәтижелері белорус жылқы
тұқымының асыл тұқымды төлдерін өсіру және сатудың, сонымен қатар оның
дифференциациялығының генотипіне байланысты экономикалық тиімді болатынын
көрсетті. Белорус жылқы тұқымы төлдерінің рентабельділігі 9,7, ал жаңа
типтікі – 13,8 % болды.
А.И. Добросмыслов [2] айтуы бойынша ет өндіруге бағытталған жылқы
шаруашылығы ең басты іс – шаралардың бірі малды дер кезінде сою және етін
өткізу. Өндірілген еттің сапасын ғана емес, сонымен қатар өзіндік құнын да
есептеу керек.
С.С. Красников [3] атап көрсеткендей – таза қолды қазақы айғырларымен
салыстырғанда эритроциттер мөлшері және гемокрит көрсеткіші төмен.Мұның
өзі міністік тұқымдарда қан түзілетін органдардың белсенділігі жоғары
екендігін көрсетеді, 37,7%, яғни басқа тұқымдармен салыстырғанда өте төмен
және танымдық жағдайында физиологиялық нормада (32-44%) гемокрит
көрсеткішінің төмендігі малдың қан аздығына ұшыратуы мүмкін.Таза қанды
тұқымда қанның тегіне алу функциясы индексі мұғалжар тұқымына қарағанда 2,8
есе және қазақы жылқыларға қарағанда 3,1 есе жоғары.Алынған деректер
нәтижесі арқылы әртүрлі тұқым жылқыларының жүрек жүйесінің, қанның тыныс
алу функциясының ерекшеліктері және газ алмасу қарқындылығы, көрсеткіші мен
жұмысқа қабілеттілігінің өзара байланыстылығы туралы тұжырым жасауға
болады.
Н. Краснов [4] жылқы тұқымдарын жеке-жеке мақалаларға арқау етіп
алып, сол заманғы ғылыми тұрғыдан мазмұнды баяандап берген. Автор зерттеуін
одан әрі жалғастыра келе, қазақ жылқысын асылдандыруға, қандай мәдени
тұқымдар сәйкес келетінін дәлелдеген.
А.И.Аманғалиев [5] жүргізген ғылыми жұмысқа қарағанда, белорус көп
жылдарп бойы мол сүт беруге бейім келеді. 11-16 жасар биелер сүттілігі
жағынан 7-10 жастағы биелерден кем түспейді.
П.А.Федотовтың [6] деректеріне қарағанда, булорус жылқысының еі
көп сүт беретін уақыты 7-14 жас, ал қазақ тұқымының биелері 7-15 жсақа
дейін.
А.С.Сайгиннің [7] зерттеулері бойынша бұл жылқы тұқымының биелері
алғашында сүтті тым аз береді (1174 литрге дейін), онан әрі сүттілігі
артып, 11 жасына 1616 литрге дейін созылады. Сүттің цистерналы және
символды бөліктерінің өзара қатысы да назар аударарлықтай. П.Чеботарев, А.
И. Сайгин және басқаларынық мәліметтеріне қарағанда, биелерде сүттің,
цистерналық үлесі 10, ал альвеолды үлесі 90 процентке жететіндігі біздің
тәжірибемізде биені бір рет сауғанда 375-тен 1685 миллилитрге дейінгі
цистерналық сүті 55,8% болады, ол 41,8-ден 100 процентке дейін ауытқыса, ал
альвеолярды сүт—44,2%, 0-ден 58,2 процентке дейін ауытқыды.
В.В. Масленников [8] Шафранова совхозында өткізген бақылауы бойынша
башқұрт тұқымының биелері 8-15 жасында ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.
И.М.Горячковскийдің [9] зерттеудерінде ауыр жүк тартатын жылқы
тұқымдарын жерсіндіру және оны шағылыстыру жөніндегі тәжірибе жұмыстарын
қорытындылай келе, қазақ биесіне қарағанда, ауыр жүк тартатын жылқы мен
қазақ жылқысынан алынған будандар сүтті 15-20 проценттей беретіндігін
анықтады. Жайып баққанда, бұлбудандар алғашқы үш айда, сауын маусымында
тәулігіне 18-20, төртінші айда 15-16, бесінші айда 10-12, алтыншы айда 7-8
литрден сүт берген. Жалпы 6 айдағы барлық сауылған сүт 3065 литр болып, кей
күндері тәулігіне 27,5 литрге дейін сүт сауылған.
Федотовтың [10] деректері бойынша Бурабай курортың қымызбен
қамтамасыз ететін Шучье совхозындағы мамандырылған қымыз фермасындағы
әрбір қазақ биесінің бес ай ішіндегі сүттілігі орташа есеппен 1883 литр
(1328-2170 литр аралығында), ал желгіш жылқы тұқымынан алынған будан
биелердікі 1440 литр болды. Санаторийлар мен демалыс үйлеріндегі арнаулы
кәсіпке бейімделген қымыз фермаларында әр биеден сауылатын сүттің мөлшері
едәуір көп. Л. В. Каштановтың деректері бойынша, озат шаруашылықтарда әр
биеден жылына шамамен 1300 литрден, өте сүтті биеден -2500 литрдей сүт
сауылады.
Қ. Баймұхамбетовтің [11] тәжірибе жүзінде зерттелінген жылқы
салмағының көрсеткішінеріне көз салсақ, орта есеппен тәжірибеге алынған 25
биенің желінің салмағы 2,01 кг. Кейбір биелердікі бұл көрсеткіштен төмен
1,1 кг, ал енді біреулерінікі 3,39 килограмға жетті. Желін салмағының
маңызы ерекше, өйткені оның жетілуі май және дәнекер тканьдеріне
байланысты. Сонымен қатар ол бие желіндерінің гистологиялық құрылысын
анықтағанда, бие желінінің өлшемдері көп жағдайларға байланысты өзгеріп
отыратының және ол тәжірибедегі жылқылардың жасына да байланысты
болатындығын байқады.
Профессор Ю. Барменцевтің [12] зерттеулеріне қарағанда Мыңбаев
атындағы тәжірибе шаруашылығында ең сүтті биелердің алғашқы бес ай ішіндегі
салмағының 100 кг есептегенде жабы тұқымының биелері 630-730 литрден сүт
берсе, ал ауыр жүк жылқысы мен жергілікті қазақы жылқылардың буданының
биелерінен 587-610 литрден ғана сүт алынды. Сол себепті жергілікті жылқы
тұқымын асылдандыру жұмысында оларға тән сүт беру қасиетін жетілдіре беруге
назар аударған дұрыс. Қымызды ашытқанда оны пісіруге ерекше назар
аударылады. Қымыз қанша көп пісірілсе ашуы қайтып, жуасып тұщы, дәмді бола
түседі. Қымызды өндірістік әдіспен ашыту ісі таза сүт қышқылды
таяқшаларымен сүт ашытқыларынан жасалған қорға негізделген. Мұндай қымызды
бірінші рет А.С. Гинзбург және А.А. Бачинская-Райченко 1910-1911 жылдары
лабораториялық жағдайда дайындап шығарған.
Л. М. Горовиц-Власов [13] осы жұмысты 1923 жылы Орынбордың
қымызбен емдеу аудандарында жалғастырды. Өндірістік жағдайда қымыз дайындау
процестеріне мыналар жатады: сүтті әзірлеу, қымыздың ашып жетілуі, шайқау-
пісу, басқа ыдысқа құю, тығындау, газдандыру, салқындату және сақтау.
А.Т. Толеубаев [14] жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт,
бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах,қырғыз, локай, мегрел,
тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-якут
жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс,
міністі-жегісті, желісті, ауыр жүк тартатын, жегіс тұқымдарына бөледі.
Р. Шилер, Вахаля, Я. Винш [15] айтуынша жылқының қасиеттерін
тұрақтандырып біртектес жылқыларды іріктеп, белгілі бір бағытта асылдандыру
жұмысына назар аударған жөн.Олардың санын көбейтіп, сапасын жаңарту үшін
жылқы өсіретін совхоздарды тіпті арнаулы жылқы заводтарын ұйымдастырған
жөн.
И.В. Шумков [16] аттың атқарған жұмысының ауырлығы ат жүріп өтетін
жол жағдайы мен жұмыс атқару жылдамдығына да байланысты болады. Батпақ және
құмдауыт жолмен жүріп өткенде немесе жүк тасығанда атгың энергия шығыны 10%
шамасында ұлғаяды.
С.Н. Осташев [17] айтуынша жылқының басқа малдан басты айырмашылығы
бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорытыу және зат
алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды-
углеводты әрбір 3 сағат сайын жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан
жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды. Жылқылардың қарны
бір камералы, күйңс қайыратын малдардан салыстырғанда ірі азықтарды онша
қорытып сіңірмейді. Жылқы асқазанға қажетті қоректік заттардың пайдалы
жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Қоректік заттардың қалған бөлігі (30 %-
жуығы) басқа қажеттілікпен меншікті қозғалысының қажетіне шығындалады.
Жылқының тілі жақсы дамыған. Сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады.
Мүйізді ірі қара қарнына қарағанда жылқының қарны 7- 8 есе кіші, ішектері
қысқа жемді, концентратты жақсы қорытады. Жылқы азықты баппен өте ұқыпты,
мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15- 20 грамм сабан, топан, сұлы, арпа, кебек
және т.б. жұта алады

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Жылқы шаруашылығының дамуы
Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы
санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және
қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге
сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ
халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие)
бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау
шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос
құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан
биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып,
жетілген кезінде байланып, бие сауылады.
Қарын сөлі ферменттерінің әсерімен қорытыла бастаған азық қоректік
заттары жылқы ішегінің күшті дамыған, химусының реакциясы сәл сілтілі
айналмалы (ободочная) тоқ және аумақты (сыйымдылығы 20—70 л) соқыр ішегінде
микробиологиялық өңдеуден өтеді. Соның нәтижесінде химус микробтық
аминқышқылдары және витаминдерімен байытылады. Жылқы ішегі күйісті
малдікінен 2—2,5 есе қысқалығынан одан жылдамырақ өтетін химус қоректік
заттары қысқа мерзімде қорытылып үлгеруі керек. Сондықтан атқаратын жұмысы
ауырлап, азықтануға уақыты қысқарған сайын жылқы азығының энергиялық
қуаттылығы арттырылып, желінген азық құрғақ затындағы жеңіл ыдырап, жылдам
сіңірілетін қоректік заттардың шоғырлануы жоғарылай түсуі керек.
Жылқы астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ
тұқымдастардың аралас пішенін сүйсініп жегенмен беде пішенін онша
жаратпайды. Жылқының сүйікті азығы — сұлы дәні. Оны жылқыға шектемей
жегенінше беруге болады. Басқа дәндерден жүгері мен арпаны жақсы жейді.
Оларды бұршақ тұқымдастар пішенімен араластырып берген дұрыс. Ал ауыз
қуысында нашар шайналып, қарында бөртіп, ұлғайып, ішті кептіру қаупін
тудыратын қара бидай дәнін тек ұнтақтап, туралған сабанмен араластырып
жегізуге болады. Жылқының ас қорытуына бидай кебегі көмектеседі. 4—5 л жылы
суға ерітілген 1,5 кг азықтық сірне ерітіндісімен туралған пішен мен сабан
кесіндісін бүркіп, жылқының ас қорытуының бұзылуынан туындайтын өлі тиюін
(колики лошадей) тоқтату үшін жегізеді.
Жылқының басқа малдан айырмашылығы бұлшық еттерінің жұмысы болып
табылады. Ол қасиеті ас қорыту мен зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды.
Жылқылар көмірсулы қосылыстарды углеводты әрбір 3сағат жұмыстан кейін
шығарып отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте
маңызды.
Жылқының әскер мен спортқа пайдаланылуы да оның маңызының күшейіп,
мәнінің артуына зор ықпалын тигізді. Бұл салада өндірілетін бағалы
тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына,
вакцина және қан сарысуын (сыворотка) жасауға кеңінен пайдаланьшады.
Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып отыр.
Жұтылған азық қарынға сүйір бұрыштанып жалғасқан өңеш арқылы өтеді.
Егерде қарынға енген азық қоректік заттарының жедел түрде ашуынан
(брожение) кеп көлемде ішек газдары пайда болса, олар қарын аумағын керіп
жанай қосылған өңеш тесігін бекітеді де, өңеш арқылы кері ауыз қуысына
кекіріліп шығуына жол бермейді. Кекіре алмаған жылқы қарны кернеп, қатты
түйнеуінен (колики) ол тіпті өліп кетуі мүмкін. Жылқының желінетін жемшөп
пен суарылар судың тазалығы мен сапасына аса сезімталдық, талғампаздықпен
қарайтыны осындай морфо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Эволюция
бойында дамыған иіс сезгіштігінің арқасында жылқы бүлінген сапасыз жемшөпті
жемейтін лайланып, ластанған суды ішпейтін текті жануар.

2.2 Белорус жегісті тұқымының қазіргі жағдайы

Белорус жегісті жылқы тұқымдары солтүстік орман тұқымына жатады,
жабайы жылқы тұқымынан таралған. Қазіргі популяциялық жұмыстардың
зерттеулерінде бұл тұқымның XVII ғасырда белгілі болғандығын айтады.

Белорус жегісті жылқысы
Сипаттамасы
Бойы Құлында 156 см
Таралу аймағы Белорусияда пайда болды

Ел Ресей
Уақыты XIXғ

1850 жылдардың өзінде ақ Белорусия территориясында 22 шағын жылқы
зауыты және 4 мемлекеттік жылқы фермалары болды. 1870 жылы атақты Горы-
Горецкий, Марьина Горка, Вишнево, Городки, Любань, Ольшево, Лебедка, Крево,
Данюшево және тағы басқа фермалар қолданысқа енгізілді. Бұл фермаларды 170
құлын және 1300 ден аса жылқы болды. Жылқы шаруашылығының маңызды бөлігі —
Яновская, Виленская, Бердовская болды. Әрқайсысында 45 тен 140 міністы
жылқы және ауыр жүк тартартын, жегісті жылқы өсірілді.
Қазіргі кезде Белорус жылқы тұқымы ұлттық жылқы тұқымы болып табылады.

Тағы бір ерекшелігі – ұзақ жол жүк тасуға икемді.
1968 жылы Мядельскіде, Сморгонский және Ошмянский райондарында
белорус жегісті тұқымы мен орыс ауыр жүк тартатын жылқы тұқымының
жарыстарында 120-км ұзақтыққа шықты.
Беларус жергілікті орман жылқыларының солтүстік кейпін зауыттық
тұқымдармен-гудбрандсдал, швед, норвеж, араб, ганновер, арден, барбансон,
совет және орыс –ауыр жүк тартатын, орлов желісті жылқылармен жетілдіру
жолымен шығарылған. Сұрыптау мен жұп тандау жұмыстары Беларуссияның жер
жағдайына жақсы бейімделген күтім талғамайтын және төзімді орташа жегу
жылқысын алу мақсатында жүргізіледі. Сондықтан олардың кейпі ауыр жүк
тартатынжылқылардың жеңіл түрі болып табылады.
1985 жылға дейінгі асылдандыру жұмысының жоспарына сәйкес белорус
жылқысын жақсарту үшін үш мәселені шешуіміз қажет.
1. Жалпы жылқы шаруашылығы үшін жақсартқыш айғыр өсіру.
2. Белорус жылқысын асылдандыру үшін жоғары сапалы айғыр, бие өсіру.
3. Ат спорты, туризм және экспорт үшін сәйгүліктер өсіру.

Қазіргілер селекциялық жұмыспен айналыспай, тезірек нәтижеге жеткісі
келіп дайын дүниені әкеледі. Қазір бәйге көбейіп кетті. Ең ұзағы - 25-30
шақырым. Бұрынғы құнан жарыстың деңгейінен аса алмайды. Мұндай бәйгелерге
араб, ағылшын жылқылары жарап тұр. Бірақ шеттен әкелінген жылқылар 100
шақырымдық бәйгелеріне шыдамайды. Бізге 100 шақырымдық бәйгені қалпына
келтіру керек.
Қазіргілердікі бір-екі машина ұтатын 25-30 шақырымдық атжарыстар нағыз
бәйге емес. Бұрынғы қазақтар 15-20 шақырымға тай, 25-30 шақырымға құнан
жарыстыратын. Ұйымдастырылған ат­жарыстарда 100 шақырымды 4 сағатта құстай
ұшып өтетін сәйгүліктер алдына қара салмаған. Соғыстан кейінгі жылдары
өткен атжарыста 100 шақырымды Белорус жылқысы 4 сағат 10 минутта, арғы тегі
1890 жылдардан басталатын жылқы тұқымдары 4 сағатта келіп, әлемдік рекордты
жаңартқан. Бұл сәйгүліктерін іріктеп, төрт жылда бір рет 100 шақырымдық
бәйгелерді өткізер болсақ, араб, ақалтеке, ағылшын жылқысының бәрі артта
қалады.
Жылқы жүк жылқысы, мініс жылқысы, жазық дала жылқысы, тау жылқысы,
солтүстік дала жылқысы болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250-дей
түрі бар. Қазақтың ғалым-зоотехниктері жылқы шаруашылығын зерттей келе
қазақ жылқыларының тұқымы бір болғанымен түрлері бөлек деген қорытынды
жасаған. Мәселен, шығыс облыстардағы жылқылар монғол жылқыларына, оңтүстік
және оңтүстік-батыс өңірлеріндегі жылқылар орталық-азиялық мініс тұқымына
жақын келеді. Ал Қазақстанның орталық және батыс аймақтарындағы тұқым
зоотехникалық тілде жабы деп аталады.
Жылқыларды күту және оларды жұмысқа пайдалану техникасын ұйымдастыру
жөніндегі практикалық сабақтар оқу шаруашылықтарында, колхоздар мен
совхоздарда және өндірістік практика кезінде өткізіледі.
Жылқыны күтудің негізгі ережелері. Жылқының темпераметін ескере
отырып, оған батыл әрі жылы шыраймен қарай білген жөн. Жылқыға жақындар
алдында үркітіп алмау үшін оны шақыру керек. Жылқыны кермеде тұрғанда
бұруға болмайды, оны кермеден артқа шегіндіріп алып шығады.
Жылқы күтімі үшін щетка, мауыт (түкті шүберек), ат тарақ (щетканы
тазалау үшін), ағаш қалып (ат тарақты тазалау үшін) үгілген сабан (қатып
қалған ласты тазалау үшін), ағаш пышақ немесе тұяқ тазалайтын ілмек және
тұяқтарын тазалау үшін 3— 4 жылқыға бір шелек қажет.
Жылқыны тазалау үшін қысқа ағашқа байлайды. Жылқыны сол жағынан бастап
тазалайды. Ол үшін щетканы сол қолға, ал ат тарақты тістерін жоғары қаратып
оң қолға ұстайды. Сосын оң қолдың ортаңғы саусағымен ноктаны жылқының
құлағына қарай шегіне жеткенше апарады да, иек қайысты қоса алып, жылқының
құлағына жетпейтіндей етіп ноқтаны тартып ұстайды. Басын желкеден төмен
қарай, сосын құлағы мен көзінің айналасын тазалайды. Щетканы көзіне тигізіп
зақымдап алмау үшін ақырын қозғау керек. Бастың сол жағын тазалап болып,
мойнының сол жағына, сол жақ аяқ-қолын, кеудесін, сауырын және артқы аяқ-
қолдарын тазалауға кіріседі. Сол жақ алдыңғы аяқ-қолын тазалауды иық және
иық алдынан бастап, содан соң алдыңғы сираққа көшеді.
Мойны мен кеудесін тазалағанда аяғын жерге нық етіп кең қойып, жылқыға
бетімен қарап тұрады. Бұл қырынан тұрған жылқының көп қозғалмай денесінің
біраз бөлігін тазалауға мумкіндік береді. Мойын не кеуде бойымен қолды кең
сермеп щетканы жайлап түгіне қарсы, ал содан кейін оның бойымен күш түсіре
қозғайды. Әр қозғалғанда бір жерін қайта-қайта үйкелемей, терінің жаңа
бөлігін алып отырады. Жылқы түгінен 3—4 рет өткізгеннен кейін щетканы ат
тарақпен (оның тістерін бойлап) тазалайды. Щетканы қарсы бағытта тазартар
алдында тазалап отырады. Ат тарақтағы жиналған шаң мен ласты ағаш
жаңғырыққа жеңіл соғу арқылы түсіреді. Ат тарақтың шаңын үріп тазалайды
(кермеге, астауға соғып түсіруге болмайды).
Сол жағын түгел тазалап болған соң, оң жағына көшеді, енді щетканы оң
қолына, ал ат тарақты сол қолына ұстайды. Щетканы тазалап болған соң теріде
қалған шаң мен қайызғақты дымқыл түкті шеберекпен сүртіп алады. Шүберекті
жалға қарсы және жалдың бағытына щетка секілді жүргізеді. Шүберекті мауытты
сумен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал сою әдістері
«жұмыс аттарын азықтандыру»
Азықтың химиялық құрамын зерттеу
Өкпе қабының ауруы
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Мал сою әдістері жайлы мәлімет
Қазақтың ұлттық тағамдарының маңызы
Малды есеңгірету
Дәнді азықтар және қалдықтарын малдарды азықтандыруда қолдану
Жануарларды тасымалдау кезінде жұқпалы аурулар байқалған жағдайда, ауруға күдік туған кездегі алдын алу шаралар
Пәндер