Белорусь ауыр жүк тартатын жылқы тұқымының қазіргі жағдайы
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы техникалық университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Белорусь ауыр жүк тартатын жылқы тұқымының қазіргі жағдайы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...5
І. Жылқы шаруашылығы
1.1. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2. Жылқы шаруашылығы
саласы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
ІІ. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының қазіргі жаағдайы, өсіп даму
ерекшеліктері
2.1. Белорусь жылқы тұқымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.15
2.2. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымын азықтандыру ерекшеліктері ... ... .18
2.3. Жұмысшы жылқыларын күту, тазалау, тағалау, азықтандыру, суару
және
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.4. Жылқы
өнімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30
Кіріспе
Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше
болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай
жылңының мән маңызы да өзгерді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле
түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе -
көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті – дәмді тағам. Осы қасиеттерін
былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек
өнімділігін арттырған. Жылқының әскер мен спортқа пайдаланылуы да оның
маңызының күшейіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізді. Бұл салада
өндірілетін бағалы тағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік
былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуын (сыворотка) жасауға кеңінен
пайдаланьшады. Халықаралық көрмелерде де жылқыға деген талап-тілек артып
отыр.
Еліміздің ерте кезден-ақ жылқы тұқымымен даңқы шыққан. Қазақ жылқылары
төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен, жыл бойы үйірде болуға
бейімділігімен ерекше көзге түскен. Әсіресе, республиканың шөл және шөлейт
аймағында және таулы жайылымдардағы аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай
жайылымдарға малдың басқа түріне қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла
алады. Жылқы шаруашылығының дамуы, олардан алынатын өнімнің молайы
өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының жетілдірілуіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы
өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-
жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім жөне жаңадан
шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл
шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері
қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік
сатып алу төртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті
бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін
фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен
айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да
қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан
әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында
селекциялық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген
шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы
шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта
өркендейтін болады.
Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы
санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және
қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге
сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ
халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие)
бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау
шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды.
Белорус жылқы тұқымы ең керемет жылқы тұқымдарының бірі болып
саналады.Біріншіден, бұл Белорустың ұлттық жалғыз жылқы тұқымы. Екіншіден,
белорус ауыр жүк тартуға икемді келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: жылқы шаруашылығы туралы және жылқы
тұқымдарының ерекшеліктері туралы білімді тереңдету, Белорус ауыр жүк
тартатын жылқы тұқымы туралы түсінік мағлұмат алу.
Курстық жұмыстың міндеттер: жылқыны өсіру, жылқыны азықтандыру
ерекшеліктері, Белорус тұқымды жылқының ерекшеліктері туралы, ауыр жүк
тартатын жылқы туралы түсінік беру, ғырларды азықтандыру және бағып күту
ерекшеліктері туралы жазу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінінен тұрады.
Әдебиетке шолу
Артыкбаев Ж.О. \2005\ зерттеуі бойынша биелердің қысыр қалуы қазір
көптеп кездеседі, өйткені үйірге қосылатын айғыр ұрығының сапасыздығы,
шәуеттегі ұрықшалар концентрациясының аз әрі микробты келуі.Айғырлардың
тұқымды жақсартудағы ісіне жарамды, не жарамсыз екендігін шағылыстыру
маусымында отардың жыныстық шатыбын және сапасын тексеруден олардың
шәуетінде патогенді микрофлора болатындығы анықталды, әрі бие шатырының
микроорганизмдерінен зақымдалуына әкеледі.Айғырдан ұрық өндіру үшіе оны
шаруашылықта қолдану үшін айғырдың бір рет бөлетін шәует көлемін ұрық
концентрациясын, ұрықтың алға қозғалмалы ұрықшалар активтілігін, сыртқы
ортада өміршіздігін, ұрықтың микробта жағдайын бақылау керек.
Әкімбеков Б.Р., Муслимов Б.М.,Әкімбеков А.Р., Дәленов Ш.Д. \2007\
деректері бойынша жылқының бейімделу мүмкіндігі гинотипі бойынша анықталады
және кейде мал өсіру, будандастыру, іріктеу, болу әдістерімен негізгі
шектік популяциялық бейімделудің бағасы өсіп, дамудың сандық өсімі, таралуы
және органикалық әлемде басқа түрлерге қарағандағы бәсекелестігінде.
Бабаджанов М. \1871\ деректері бойынша лабораториялық жағдайда
жануарларға жүргізілген тәжірибелік жұмыстар, жылқы арасында көп кездесіп
жүрген сақал және пастереллез аурулардың аралас түрін емдеудің тиімді
тәсілін жылқы малының өзіне қолдануға мүмкіндік береді.
Бегімбетова Г.С., Жүнісов А.М. \2006\ механикалық жұмыс атқаруға
жұмсалатын энергия шығынын қамтамасыз ету үшін жұмыс аты алдымен тез
ыдырап, жеңіл қорытылатын крахмал мен қант тектес көмірсуларға бай
азықтардан құрастырылады да, ат атқаратын жұмыс ауырлаған сайын жылдам
қорытылатын энергетикалық жемшөп пен құнарлы азық үлесі есе түседі. Ол
жемшөп желінуі үшін аттың 100 кг тірілей салмағына берілетін ірі жемшөп
көлемі 1,5-2 кг дейін төмендетіледі. Арықтаған аттың азықтандыру деңгейі
құнарлы жемнің үлесінен қосымша 3—4 а.ө.жоғарылатылады.
Богословский С.И. \1991.\ зерттеуі бойынша белорус тұқымы биесінің
салмағы мен сүттілігі арасындағы пайдалы байланыс 0,44 болды.
Бозымов К. \1993\ жасаған тәжірибесі бойынша қыста сауын биелер
тебіндеп жайылып, ал көктемнің алғашқы айларында сабаннан басқа ешқандай
азық берілмей, тек екінші сауын айында шабылған көк шөп, кейіннен жүгері
балаусасы мен жем бере бастағанда сүт құрамындағы белок пен май мөлшері
едәуір көбейген. Сауын биелерге жоңышқа мен сұлы қоспасын бергенде де
осыған ұқсас нәтижелер алынды.Қосымша азықтандырғаннан кейін тәулігіне
сауылатын сүт мөлшері алғашқы жылы 20, екінші жылы 26% артты. Сауын айына
қарай бие сүтінің құрамындағы майдың мөлшері өзгеріп отырады. Бие сүтінде
белоктың ең көп болатын мерзімі үшінші сауын айы,яғни шілде-тамыз, ал сонан
соң жалпы белок проценті сауын маусымының аяғына шейін бірте-бірте төмендей
береді.
Борисенко Е.Я., Баранова К.В., Лисицын А.П \1984\ биенің сүтті болуы
көбінесе жылқы бағылатын жердің шөптілігіне және шөбінің сапасына
байланысты.Шөбі күнге күйіп, қуқыл тартқан жерлерде бағылған биелердің бәрі
де сүтті аз береді, сондықтан ондай биелерді саууға жарамайды. Сүті аз
биелерді құлындарынан оп-оңай айыруға болады.Енесінің сүті жетпейтін
құлындар нашар өседі,жүндері үрпейіп,қабырғалары ырсыйып көрініп тұрады. Ал
мұндай құлындардың енелері сауылатын болса, олардың барған сайын азып,
тіпті көтеремге айналуы айналуы, я мал қатарына қосылмауы мүмкін.
Вилькинс А.И. \1875\ жүргізілген зерттеу нәтижелері белорус жылқы
тұқымының асыл тұқымды төлдерін өсіру және сатудың, сонымен қатар оның
дифференциациялығының генотипіне байланысты экономикалық тиімді болатынын
көрсетті. Белорус жылқы тұқымы төлдерінің рентабельділігі 9,7, ал жаңа
типтікі – 13,8 % болды.
Добросмыслов А.И. \1894\ айтуы бойынша ет өндіруге бағытталған жылқы
шаруашылығы ең басты іс – шаралардың бірі малды дер кезінде сою және етін
өткізу. Өндірілген еттің сапасын ғана емес, сонымен қатар өзіндік құнын да
есептеу керек.
Красников С.С. \ 1977\ атап көрсеткендей – таза қолды қазақы
айғырларымен салыстырғанда эритроциттер мөлшері және гемокрит көрсеткіші
төмен.Мұның өзі міністік тұқымдарда қан түзілетін органдардың белсенділігі
жоғары екендігін көрсетеді, 37,7%, яғни басқа тұқымдармен салыстырғанда өте
төмен және танымдық жағдайында физиологиялық нормада (32-44%) гемокрит
көрсеткішінің төмендігі малдың қан аздығына ұшыратуы мүмкін.Таза қанды
тұқымда қанның тегіне алу функциясы индексі мұғалжар тұқымына қарағанда 2,8
есе және қазақы жылқыларға қарағанда 3,1 есе жоғары.Алынған деректер
нәтижесі арқылы әртүрлі тұқым жылқыларының жүрек жүйесінің, қанның тыныс
алу функциясының ерекшеліктері және газ алмасу қарқындылығы, көрсеткіші мен
жұмысқа қабілеттілігінің өзара байланыстылығы туралы тұжырым жасауға
болады.
Краснов Н. \1897\ жылқы тұқымдарын жеке-жеке мақалаларға арқау етіп
алып, сол заманғы ғылыми тұрғыдан мазмұнды баяандап берген. Автор зерттеуін
одан әрі жалғастыра келе, қазақ жылқысын асылдандыруға, қандай мәдени
тұқымдар сәйкес келетінін дәлелдеген.
Мердер И.К. \1897\ деректері бойынша жылқы тұқымын асылдандыруды дұрыс
ұйымдастырса, жылқыдан алынатын өнімді молайтуға мүмкіндік туады.Осыған
байланысты біздің республикамыздағы өсіріліп отырған жергілікті жылқылардың
өнімінің бірі ет, ал екіншісі сүт қосалқы деп есептелген, жергілікті
жылқыларды асылдандыру жұмысында етімен қатар сүтінің көбеюіне және
сапасының артуына да назар аудару қажет.Өрендік линиясына жататын айғырлар
мен биелер басқа линиялардан өзгеше, бойларының биіктігімен, кеудесінің
ұзындығымен, денесінің жалпақтығымен және сүйектілігімен көзге түседі.Ал
Қибакөл линиясына жататын жылқылар бойшаң болғанмен, тұрқы қысқалау келеді
де денесі жалпақ болмайды.
Н. Бахметьев, М. Бабаджанов \ 1987\ жылқы гастерофилезін көптеген
аймақтарда жан-жақты зерттеген. Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің
экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа 153 тен 435 дернәсілге
(кейде 1000 астам) жететіндігі анықталған.
Нестеров С.П. \1990\ жылқы етін көп өндірудің мол резервтерінің бірі
– үйірлі жылқы шаруашылығының алатын орны ерекше.Мұндағы негізіг мақсат
республикамыздың пайдаланылмай жатқан жайылымдарын толық игеру.Үйірлі жылқы
шаруашылығы маңайында жылқы қысы – жазы жайылымда жылқыны бағады және өте
арзан жылқы етін өндіруге мүмкіндік туады.Үйірдегі әр жылқының тірілей
салмағы 2,5 – 3 жасында 350 – 370 кг жетеді.Сойылғанда әр қайсысын орта
есеппен 180 – 200 кг сапалы ет түседі.Мұндай жылқылар өсіруге
республикамыздың Оңтүстік облысы мен Жезқазған, Семей,
Қостанай,Цениноград,Павлодар облыстарының оңтүстік аудандары қолайлы
болғандықтан көбіне осы аймақта өсіріледі.
Овчинников К.А. \1930\ атап өткендей, жылқы шаруашылығынан өркендету
жөнінде келгенде бұл салада атқарылар істің көп екенін және бұл салада
тиімді жүргізуіне республикамызда толық мүмкіндік бар.
П.А.Федотов. \ 1989\ жылқы тұқымдарын шығаруға
әлеуметтік—экономикалық факторлардан басқа, табиғи—географиялық жағдайлар
да зор ықпалын тигізеді. Топырақтың, жер бедерінің және климаттың
ерекшеліктері мал тұқымының белгілері мен қасиеттерін қалыптастыруға
айтарлықтай әсер етеді. Мәселен, Швейцарияның таулы климаты мен жер бедері
кеудесі кең, сүйектері мықты симменталь сиырын шығаруға себепші болды. Оның
артқы аяқтары пілдің аяғы секілді тік орналасқан. Голланд тұқымы жазық жер
жағдайында пайда болған. Бұл малдың сүйектері жіңішке, терісі жұқа, бұлшық
еттері жақсы жетілген. Пироплазмоздан азап шегетін ыстық климатты
аудандарда зебу тәрізді мал өсіру қолайлы.
Петухов В.А\1989\ зерттеуі бойынша биенің сүт өнімдерін арттыру, оның
ішінде осы белгілеріне қарай таңдап, алынған биелерді алдын – ала
азықтандыру мөлшері дәрежесімен біршама анықтауға болады.Биенің сүттілігі
оны азықтандыру мен бөліп – күту жағдайына тікелей әсер етеді.
Полферов Я.Я. \1898\ айтуынша шағылыстыру пункті үнемі мал дәрігерлік
қызметкерлердің бақылауында болуы шарт.Ауру белгісі бар биелер мен айғырлар
шағылыстыруға және күйіттеуге жібермейді.Егер шағылыстыру пункіне таяу
жерде, жылқының арасында індет байқалса, бұл пунктінің жұмысы дереу
тоқтатылады, бұдан былай тек мал рұқсаты бойынша ғана жұмысын қайтадан
бастайды.
Свечин К.Б. \ 1984\ бойынша жылқы әрі азықтардан шалғын – шөбі және
көп жылдық екпе шөптерден – атқонау, еркекшөп және жоңышқа өте
жұғымды.Жылқы бастапқы, таулы жердің шөбін, сондай-ақ қоға, қырықбуын
сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді.Ал суы сабанын жылқыға бергенде алдын
– ала булап, құнарлы азықтарға араластырып, берген жөн, сонда оның
құнарлығы арта түседі.Жазда жылқының негізгі азығы – жайылым,бұл ең арзанға
түсетін азық.Жақсы жайылымда бағылып жүрген жылқы жем жемейді және қандай
жұмысты болмасын атқара алады.Азықты беруге әзірлеу.Қандай азықты болмасын
атқарар алдында баптаған дұрыс.Сапалы дайындалған пішенді азықтарға
араластырып береді.Дәнді азықтарды жармалап, ал кебекті құарлы азыққа
немесе сулап береді.
Толеубаев А.Т. \ 1991\ жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт,
бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах,қырғыз, локай, мегрел,
тува, тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-якут
жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс,
міністі-жегісті, желісті, ауыр жүк тартатын, жегіс тұқымдарына бөледі.
Шилер Р., Вахаля, Винш Я. \1969\ айтуынша жылқының қасиеттерін
тұрақтандырып біртектес жылқыларды іріктеп, белгілі бір бағытта асылдандыру
жұмысына назар аударған жөн.Олардың санын көбейтіп, сапасын жаңарту үшін
жылқы өсіретін совхоздарды тіпті арнаулы жылқы заводтарын ұйымдастырған
жөн.
Шумков И.В. \1892\ аттың атқарған жұмысының ауырлығы ат жүріп өтетін
жол жағдайы мен жұмыс атқару жылдамдығына да байланысты болады. Батпақ және
құмдауыт жолмен жүріп өткенде немесе жүк тасығанда атгың энергия шығыны 10%
шамасында ұлғаяды.
Я.Я. Полферов \ 1987\ жоғары жылдамдықпен және ұзақ ауыр жұмыс
атқарған немесе азықтандыру аралығы ұзарып кеткен жағдайда аттың
механикалық жұмыс бірлігіне жұмсайтын энергия шығыны ұлғая түседі. Өйткені
бұлшық еттердің демалу мерзімі қысқарып, денедегі көмірсулардың алмасу қоры
азайған сайын гликогеннің қайта түзілуі бәсеңдеп, энергиялық мақсатта
майлар мен белок жұмсала бастайды.
І. Жылқы шаруашылығы
1.1. Жылқы шаруашылығы және оның негізгі салалары
Мал шаруашылығының тиімді саласы – жылқы шаруашылығы . Басқа мал
түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш
күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-
маңызы да өзгерді. Бірақ адамның жылқыға деген сүйіспеншілігі өзгерген
жоқ. Қайта жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының
шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе – көлік, сүті –
қасиетті диеталық сусын, еті – дәмді тағам. Осы қасиеттеріне былай қойғанда
ертедегі диқандар оны жер өндеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған.
Жылқыны спорт пен әскерге пайдалану да оның маңыздылығын күшейтіп, мәнінің
артуына зор ықпалын тигізді.
Қазақстанда жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының ішіндегі
дәстүрлі және көп сырлы салалардың бірі. Бұл саладан өндірілетін
бағалытағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары
бұйымдарына, вакцина және қан сарысуына (сыворотка) жасауға кеңінен
пайдаланылады.
Өткен жыл қорытындылары көрсеткендей, облысымыздың ауыл шаруашылық
саласында тындырымды істер жүзеге асырылды. Ол - ең алдымен мемлекеттік
бағдарламаның оң бағытта іске асырылатынын белгісі. Әсіресе, мал басының
өсу тенденциясы байқалды. Облыс тұрғындарының санына байланысты жан басына
шаққанда 1,51 бас мал. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 1,23 басқа теңескен.
Соңғы деректер жылқы 58 595 басқа жеткен. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына
дейінгі жағдай бойынша бұл іс Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылды
аймақтарында ойдағыдай, Баянауыл, Май аудандарында көңілден шығарлықтай.
Алдыңғы екеуінде жан басына шаққанда 2,06; 2,00 бастан, Баянауыл
ауданында 1,98 бас, Май ауданында 1,93 бас, Павлодар ауданында 1,81 басқа
тең.
Бірақ, жылқы шаруашылығының ілгері дамуына бөгет болатын көптеген
факторлардың бірі – жылқылардың түрлі инвазиялық аурулары. Табынды жылқы
шаруашылығының жоғары деңгейде ветеринар-санитарлық және зоотехниялық
қызмет көрсетудің жетіспеушілігінен жылқылар арасында әр түрлі
этиологиялы аурулардың таралуы, оның ішінде гасетрофилездің де етек алуы
байқалуда.
Жылқы арасында гастерофилез барлық табиғи аймақтарда кең таралған
және жылқы щаруашылығына келтіретін зияны орасан зор.
Жылқы гастерофилезі Беларусияда, Ресейде, Орта Азия Республикаларында
(Өзбекстан, Қырғызстан), Қазақстанның шығыс және солтүстік аймақтарында жан-
жақты зерттелген. Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің

Қазақстанда ертеректе жылқы гастерофилезі оңтүстік-шығыс
аймақтарында зерттеп тауып [6], одан соңғы жылдары жылқының бұл ауруына
көңіл бөлінбеді. Тек соңғы жылдары Республиканың солтүстік аймақтары мен
шығысында гастерофилезге көңіл бөліне бастады [7,8]. Бірақ Павлодар
облысында, бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, соңғы уақытқа дейін қарын
бөгелектерімен олар туғызатын жылқы ауруына көңіл бөлінбей келеді.
Жылқы - сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы
тұқымдасына Африкада кездесетін жолат (зебр), домбай, құлан, керқұлан
(онагра), тарпан, түзат жатады.
Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар - тарпан мен
түзат. Жабайы жылқылар тарихи дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті
аймақтарында үйір-үйірімен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулаудың нәтижесінде
жойылған. Ерте кездерде тарпан мен түзат қазақ даласында көптеп кездескен.
Тарпан XIX ғасырдың бас кезінде жойылған.
Жылқының алғаш қолға үйретілген жері Қазақстан даласы деп саналады.
Жылқысын; бұдан 5—6 мың жыл бұрын қолға үйретілгенін археологиялық
зерттеулер дәлелдеп отыр. Көкшетау өңіріндегі Ботай елді мекенінен қолға
үйретілген жылқының қаңқа қалдықтары өте көп табылды. Қазір бұл
археологиялық жаңалық дүние жүзіне белгілі. Жылқының Қазақстанда қолға
үйретілгендігін дүние жүзі ғалымдары мойындал отыр.
Қазақ халқының ерекше қастерлеген және жанына жақын санаған қасиетті
түлігінің бірі - жылқы. Ерте замандарда ең көп өсірген, төрт түліктің
ішіндегі пір тұтатыны да - жылқы. Жылқының пірі - Қамбар ата. Жылқы көш
көлігі және елді, жерді қорғау мақсатында қолға үйретілген.
Жылқылардың қолға үйретілген жері мен уақыты ғалымдарға бұрыннан
жұмбақ болып келген. Зерттеушілердің көпшілігі мыңдаған жылдар бойы жабайы
жылқылар өсіп-өнген, құрбандыққа шалынған тайлардың қаңқалары мен
дөңгелекті арбалар табылған Украина, Ресей және Қазақстанның далалары
жылқылардың қолға үйретілген жері болуы мүмкін деп есептеп келген. Американ
археологы Дэвид Энтони 2007 жылы жарық көрген Жылқы, дөңгелек және тілдер
атты кітабында бұл аймақтағы жылқының қолға үйретілу мезгілі шамамен біздің
дәуірімізге дейінгі 2500 жыл деп жазады.
Жылқының қолға үйретілуіне қатысты дәлелдер осының алдында, Ботай
мекенінде, Көкшетау университетінің ғалымы Виктор Зайберт жүргізген
қазбалардың нәтижесінде табылған. Карнеги жаратылыстану мұражайының
қызметкері, америкалық Сандра Олсенмен бірге олар жылқы қаңқаларынан
жауырдың іздерін тапқан. Бұл Ботай жылқыларының жұмысқа және мініске
пайдаланылғаны туралы болжам жасауға негіз болды.
Олсен мен оның әріптестері Қазақстанның солтүстігінде жылқылардың
қолға үйретілгендігі жөнінде бұдан бұрын да түрлі дәлелдер келтірген.
Мысалы, жылқыларға арналған қоршаулар, жылқы тезегінің құрылыс материалы
ретінде пайдаланылуы, сонымен бірге, лассо тәрізді әбзелдің кең таралуы.
Бұл дәлелдер даулы болатын, ал скептиктер болса, бұның барлығы жабайы
жылқыларды пайдалануға байланысты деп байлам жасады. Алайда, жаңа табылған
дәлелдер Ботайда адамдар жылқыны үйретіп қана қоймай, олардың бүкіл
патриархалды экономикасы осы жануармен тығыз байланыста болғандығын айтуға
мүмкіндік береді.
Алексей Марьяшевтің айтуынша, Қазақстандағы ескерткіштердің саны ғана
емес сапасы да өзгеше. Мұндағы материалдар өте бай және олар жекелеген
стилдерді, бұл өнердің туындауы, оның гүлденуі мен біртіндеп сөнуінің
кезеңдерін бөліп алып, қайта електен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен
бірге, Қазақстанда жаңартылған суреттер де көптеп кездеседі. Салт атты
жауынгерлер түркілерге ұқсайды. Анықтап қарасаң, жауынгерлер кейінірек
салынған. Ал, жылқылар қола дәуіріне жатады. Осыдан барып бұл өнердің
сабақтастығы, оның дамуы мен біртіндеп сөнуі анықталады, - дейді Марьяшев.
Бұл сенсациялық жаңалық басқа да көптеген БАҚ-тардың назарын аударған.
Мәселен, немістің Sueddeutsche Zeitung газеті Әлемнің алғашқы салт
аттылары деген мақаласында, қазіргі Қазақстанның солтүстігіндегі Ботай
мәдениетінің өкілдері осыдан 5500 жыл бұрын жылқыларды қолға үйреткен.
Яғни, бұл оқиға Европадағы алғашқы қолға үйретілген жылқылар пайда
болғаннан 2000 жыл бұрын болған деп атап көрсеткен.
Жылқыны алғаш өсірген адамдар бие сауған деп сеніммен айтуға болады.
Өйткені, қазір де Қазақстанда бие сауылады, - деп жазылған мақалада. – Бие
сүтінен ферменттелген, қышқылтым сусын - қымыз ашытылады. Мүмкін, Ботай
дәуірінде де қымызды осылай ашытқан болар. Қалай болғанда да, археологтар
қыш ыдыстардың қабырғасынан тапқан май іздері тек бие сүтінде ғана болады.
Бұған қарағанда, Ботай тұрғындары жылқыны сиырдан, қой-ешкіден бұрын қолға
үйретсе керек. Шыныққан жануарлар суыққа тоңбайтын. Өзге үй жануарларын
қыста қолдан жемдеу керек болса, жылқылар жылдың кез-келген мезгілінде
өздігінен жайылатын болған.
1.2. Жылқы шаруашылығы саласы
Дүние жүзінде 250-ге тарта жылқы тұқымымен тұқымдық тобы өсірілді.
Олар бір-бірінен шығу тегі, өнімдік бағыты, дене құрлысы мен тірілей
салмағы, зат алмасуы бойынша ерекшеленеді. Жылқы тұқымдарын топтастырып,
жіктеу (классификациялау) оларды зерттеуді жеңілдетіп, асылдандыру ісін
жүйелі түрде ұйымдастыруға мүмкіндік тудырады. Зоологиялық, экологиялық
және зоотехникалық тұрғыдан жылқы тұқымдарын қаңқасының жетілуі мен
хронологиялық өзгеруіне байланысты класстарға бөледі. Экологиялық жіктеу
жылқы тұқымдарын шығу тегі мен таралған жеріне байланысты негізделген. Бұл
жіктеумен үндестік тапқан зоологиялық жіктеу бойынша жылқы тұқымдарын -
сүйегі жеңіл де мықты, қырынан қарағанда иіліп тұратын, терісі жұқа шығыс
және сүйегі ірі, терісі қалың, жүндес батыс тобына шығыс жылқысы типтес
жазық және таулық, басы қырынан тік, беті қысқа да кең келетін ормандық,
бөкен тұмсықты беті ұзын да жіңішке далалық аймақтық тобына (К.Юарт), дөңес
маңдайлы және тік маңдайлы солтүстік типтеріне (А.Браунер) - жатқызады.
Бірақ бұл жіктеу жүйелеріне қарағанда іс жүзінде жылқы тұқымдарының
шаруашылыққа пайдалы (хозяйственно-полезные) белгілеріне негізделген
зоотехникалық жіктеуі кең пайдалынады.
Зоотехникалық жіктеулер ішінде іс жүзінде тиімдісі А.Красниковтың
классификациясы. Ол жергілікті жылқы тұқымдарын - далалық (башқұрт, бурят,
қазақ, моңғол), таулық (алтай, гуцул, карабах,қырғыз, локай, мсгрел, тува,
тушин), ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, сахаякут
жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал зауыттық тұқымдарды - мініс
(араб, ахалтеке, иомуд, терск, тракен, таза текті салт мініс), міністі
-жегісті (дон, буденный, кабардин, қарабайыр, қостанай, көшім, жаңа
қырғыз), желісті (орлов, орыс, американ, француз) ауыр жүк тартатын
(владимир, арден, литва, першерон, орыс, совет), жегіс (белорусс, жемайчу,
латвия, торий) тұқымдарына бөледі. К.Г.Барминцев шаруашылыққа пайдалану
қасиеттері бойынша жылқы тұқымдарын төрт топқа бөлді: жұмыс аттары
(жегілетін және желісті жылқының шаруашылықта жұмыс істеуге, жүк теңдеуге,
тасымалдауға жарамды типі, экстремальды жағдайға арналған әскери аттар),
спорт аттары (ат спорты ойындары мен жарыстарға, сондай-ақ ат туризміне
арналған аттар), сүт және ет өндіруге арналған жылқы (өнімді жылқылар),
продуценттер (жылқы қанынан гангрен, дифтерия, ботулизм, т.с.с. ауруларды
емдеуге арналған қан сарысуын дайындайтын биология өнеркәсібіндегі
жылқылар). Қазақстанда өсірілетін негізгі жоспарлы жылқы тұқымдарына қазақы
жылқының жабы мен адай типі, мұғалжар, көшім, қостанай және дон тұқымдары
жатады. Тебінді жылқы шаруашылығында жергілікті жылқы тұққымдары өсіріледі.
Ғасырлар бойы жылқының санын көбейтіп қана қоймай асылдандырып, жаңа
тұқымдар алып, әскерді жорық аттарымен, елді ат майымен, соғыммен,
мейрамдарды азық-түлікпен қамтамасыз еткен байлардың ролі ерекше.
Көшпенділер қоғамында бай тек қана есепсіз байлықтың иесі емес. Бай
терминінің мәнін дұрыс көрсете білген Л.П. Потапов: бай сөзін этнографтар
богатый деп аударып жүр... бұл қанағаттанарлық балама емес, бай
әлеуметтік ұғымнан жоғары құдіреттілік мағынада,-деген [20,236- б.]. Қазақ
қоғамының негізгі тірегі ру десек, ру болу үшін елді ұстайтын биі, жерін
қорғайтын батыры, елін бағатын байы болу керек. Байдың атқаратын міндетінің
өзі елді басқаратын биден, елді,жерді қорғайтын батырдан кем болмаған.
Себебі, ол кезде мемлекеттік зейнетақы қоры жоқ, рудың кедей-кепшігін,
кемтар-кембағалын бай баққан, бәрі байдың қолына қараған.
ХІХ ғ. аяғында қазақ байларының жылқы бағу әдісін орыстың пысық,
өсімқор, шаруақор адамдарыда қолданып жылқылы бай атанғандары бар. Табынды
жылқы шаруашылығының тиімділігін жете білген жайық орыс-казагі П.
Овчинников балаларымен бірлесіп, құлындарын есептемегенде жылқы санын
2500 басқа жеткізген, 6 табынға, 90 айғыр - үйірге бөлген. П. Овчинниковтың
жылқы бағудың сырына қаныққаны соншалық, қазақ байларындай әр табынды
түске бөліп бақтырған Зайсан - Тарбағатай аймағының орыс көпесі
Е.Сорокиннің 12 мың жылқысы болған. Осындай толық емес мәліметтердің өзі
халықтың жылқы бағу әдісінің өміршеңдігін және қазақтың жылқы бағу
этномәдени үрдісінің басқа халықтарға әсерін көрсетеді. Көптеген
статистикалық мәліметтерді архив құжаттарын тексергенде Қазақстанда 4,5 мың
жылқы оған Моңғолия мен Қазақстандағы қазақтардың жылқысын қосқанда 7
млн-ға дейін жылқы болған деп айтуға негіз бар.
Қазақтың дәстүрлі ежелден көрші елдермен саудасы-төрт түлік мал, оның
ішінде жылқымен сауда басты кәсібі еді. Әсіресе көршілеріміз Ресей мен
Қытай мемлекеттері қазақтың екі нәрсесіне асық болды, бірі - ұлан-байтақ
жеріміз, екіншісі - есепсіз жылқымыз . Қытай ілкіден өзінің жүз мыңдаған
әскерін дала жылқысы есебінен қамтамасыз етсе, Ресей ХІХ ғасырда қазақ
жерін тұтас басып алып, шекарада айырбас керуен-сарайларын ашып жылқы
саудасын қарқындатты. Азды көпті орыс-қытай мәліметтерін саралай отырып
ХVІІІ ғасырдың ортасынан бастап 1917 жылға дейін қазақ жерінен 150 жылда 15
млн жылқы әкетілген деп топшылаймыз.
Қазақстанда жылқыны пайдаланылуына және жүрісіне қарай түрге бөлу
кездеседі. Мұны ең алғаш байқап жазған М. Бабаджанов. Автор қазақ
жылқылары : берік, жүрдек, жүйрік (жүйрікті үшке бөледі: ұшқыр, қарғыншыл,
аламан-жүйрік), аяңшыл, жорға. Бұл жерде М. Бабаджановтың ұшқырын Моңғолия
қазақтарының шаңтимесімен, қарғыншылды қызбелмен шендестіруге болады. Күні
бүгінге дейін жүйріктердің топқа жіктелуі әлі толық қалыптасқан жоқ деп
айтуға болады.
Қазақтың ат жарату өнерінде сыншылардың орны ерекше. Сыншы жылқының
сыртқы тұрпатынан, ішкі құрылысына дейін – анатомиясын, мінез-құлқынан
бастап, көңіл күйіне – психологиясын бір қарағанда білетін, қазіргі тілмен
айтсақ, интеллектуалды маман. Сондықтан қазақ қоғамында сыншылардың
әлеуметтік мәртебесі де жоғары болған. Қазақстанның көп жерлерінде, әсіресе
Орталық, Шығыс Қазақстанда атбегі, Батыс Қазақстанда (кіші жүзде – А.Т.)
атсейіс, болмаса сейіс, Оңтүстік Қазақстанда бапкер, Шыңжаңда
тапкер, сайыскер, дадагер сияқты атаулар қолданылады.
Аттың сынына кіріспес бұрын біз жылқының сыртқы мүшелерінің
атауларын (құлақ, көз, танау. т.с.с.) толық қалпына келтіру үшін
Қазақстанның шығысы, оңтүстігі, батысы және Қытай, Моңғолия атбегілерінен
сұрақ-жауап алдық. Сонда жылқы мүшелерінің атаулары бәрі барлық жерде
бірдей, диалекті жоқ 95 сөз болып шықты.
Ендігі кезекте аттың сынына кірісіп алдымен батырлар жыры мен аңыз-
ертегілерден теріп алдық, артынан атбегілерден және жылқыны жақсы білетін
кез-келген адамнан жинадық, нәтижесінде үлкен кесте-схема жасалды.
Мысалы: Басының пішініне қарай: Тәует бас, Шал бас, Бөкен бас, Құлан
бас, Қу бас, Үйрек бас, Сүйрік бас, Ұзын бас, Қысқа бас, Доғал бас, Ешкі
бас, Бұлан бас, Түйме бас, Дорба бас, Қоян бас, Бақа бас, Орақ бас, т.б. 20-
дан аса сынға бөлінеді. Өстіп аттың барлық мүшелерінің сынын, сынына
байланысты сөздерді жинағанда 200-ге жуық сөз болды, мұндай зерттелу әдісі
қазақты қойып, жалпы жылқы тану ғылымында болмаған.
Жылқы психологиясы әлемдік иппология ( жылқы жөніндегі ғылым)
ғылымында өзекті мәселелердің бірі. Соңғы кезде бұл тақырыпты зерттеу үшін
күрделі тәжірибелер жасалып, іргелі зерттеулер жарық көруде [22].
Үнемі мал бағып жүрген халық, мал мінезінің қыр-сырларын да біледі.
Қазақ өзін жылқы мінезді халықпыз дейді. Қазақтың жылқыны есті
жануар, тілсіз адам, жылқының бір-ақ кемістігі бар, құдай оған тіл
бермеген, – деуі бекер айтылмаған. Ол ол ма қазақ жылқымен сөйлеседі.
Биені сауып жатқанда, әсіресе егде әйелдер қарағым, шырағым деп, атты
бәйгеге қосарда иесі атымен сөйлескендей болады. Атпен сөйлескенде қасыңда
ешкім тұрмауы керек, жеке сөйлесу керек, – деп жатады үлкендер. Екі нәрседе
қасиет бар дейді: бірі адам, бір жылқы . Дерек берушілер: бір топ жылқыны
айдап бара жатсаң балалар таңырқап қарап тұрады.

Беларус жергілікті орман жылқыларының солтүстік кейпін зауыттық
тұқымдармен-гудбрандсдал, швед, норвеж, араб, ганновер, арден, барбансон,
совет және орыс –ауыр жүк тартатын, орлов желісті жылқылармен жетілдіру
жолымен шығарылған. Сұрыптау мен жұп тандау жұмыстары Беларуссияның жер
жағдайына жақсы бейімделген күтім талғамайтын және төзімді орташа жегу
жылқысын алу мақсатында жүргізіледі. Сондықтан олардың кейпі ауыр жүк
тартатынжылқылардың жеңіл түрі болып табылады. Қазіргі Белорус жылқысы
көптеген шаруашылықтарда пайдалы қасиеттерімен айқындалады, соның ішінде
ұзақ өмір сүру, күтім талғамау, жоғары жұмыс қабілеттілігі,өсімталдығы.
Олар кең мандайлы, жұмыр денелі, жал құйрықтары қою, конституциясы мықты
жануар. Негігі түр түстері құла, сұр, кер шабдар, күрең, жирен ,қара ж.б.
Олар негізінен ауыл шаруашылық жұмыстарының әр түрлі саласында жұмыс
істеуге қабілетті. Беларус жылқысы өзінің сапалы 6 апталық ізмен
белгілі:Анод3, Баян 9, Глобус 34, Заветный 42, Лесной Орел 58, Орлик 81.
Аналық ұялары: Брама 28, Искра 112, Кветка 133, Майка 183, Наросанка 216
және т.б. Бұл тұкымның жылқылары Белоруссияның батыс аудандарында кеңінен
тараған. Ең бағалы асыл тұқымды жылқылар Любан, Вилейск ауданындағы
Константинова Смалевич ауданындағы Зарече асыл тұқымды зауыттарында және
т.б. шаруашылықтарда өсіріледі.
Жұмысшы жануарлар ретінде көбіне аттарды, бойдақтарды, қашырларды,
өгіздерді, қодастарды, солтүстік бұғыларды қолданады. Олардың орындайтын
жұмыс сипаты бірдей емес. Ауыр жүк таситын аттарды көбіне күш жұмсауды
талап ететін жұмыстарды орындауда қолданады, ал күш жұмсауды талап етпейтін
жұмыс түрлеріне, жүйрік аттарды – жегуге, үстіне мінуге немесе желуге
қолданады. Осыған байланысты олардың жұмыс өнімділігінің есебін әр түрлі
жүргізеді.
Механикаландырудын кез-келген деңгейінде жануарларды пайдаланудың
тиімді болатындығына шек келтірүге болмайды, әсіресе шаруашылық ішінде және
жолсыздық жағдайында. Осы мәселе, энергетикалық және жанармай материалдарды
халық шаруашылығында басымдылық танытатын нарықтық экономика жағдайында аса
маңызды.
Аттардың жұмысқа қабілеттілігі үш элементтерден құралады, олар: күші,
жүйріктігі және шыдамдылығы. Жануардың осы қасиеттері оның тұқымдық
ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен бірге арнайы тренинг жүргізу
арқылы қалыптастырылады. Конституциясы берік және экстерьері дұрыс
қалыптасқан жануарларды жүйелі түрде сұрыптап, сонымен бірге үнемі жаттығу
жұмыстарын жүргізу аттардың жұмысқа қабілеттілігін дамытуға әсер етеді.
Аттардың сол немесе басқа да тұқымдарына қатысты жұмыс өнімділігінің
бағытына байланысты жұмыс өнімділігін сынаудың түрлі әдістері бар. Ең
жоғары жүк көтеруін сынау әдісінің мәні – бастапқы салмағы 1000-1200 кг
жүк салады, атты орнынан айдайды, содан кейін әрбір 5-6 минутта, ат еркін
жүріп және жүкті ешбір күш салмай жүруінде, салмағы 50 кг қаптарды салып
отырады. Арбаның және жүктің салмағы максималды жүк көтеруінің көрсеткіші
болып есептеледі. Күштің максималды ауырлығының рекордтық көрсеткішін
латвиялық жегілетін аттар көрсетті (927,5кг). Ауырлыққа шыдамдылыққа сынақ,
онда аттың дамитын күш ауырлығы 300 кг болатын, аттың жүріп өткен ара
қашықтығы бекітіледі. Латвиялық жегілетін аттардың жақсы көрсеткіштері –
1397,4-1537,05 м құрайды.
Жылқының сыртқы пішіні
Жылқы мүшелері. Жылқының басы етті және етсіз ашаң деп бөлінеді. Етті
басты тағы сөлекет деп те атайды. Етті бас үлкен келеді, ерні қалың, танауы
үлкен, кішкене болады. Басы етті жылқылардың әсересе екі көзі мен танауының
астынан қан тамырлары білеуленіп көрініп тұрады. Мұндай жылқылардың көздері
мөлдіреген үлкен, мұрынды келеді, екі құлағы қайшыланып тұрады. Осының бәрі
жылқы денесінің ширақ, күшті, әрі төзімді екендігін көрсетеді.
Мойны. Мойынның негізгі сүйегі жеті омыртқа мен жұлыннан құралады.
Мойынның бұлшық еттері тығыз, қалың болады. Ұзын, орташа және қысқа мойын
болып бөлінеді. Жүйрік және желгіш жылқылардың мойыны ұзын келіп, бұралып
тұрады. Ауыр жүк тартатын жылқылардың мойнының ұзындығы орташа болып, жуан
да бұлшық етті келгені жақсы. Мұның өзі жылқының зор күші бар екенін
білдіреді.
Шоқтығы. Шоқтықтың негізі - білікті ұзынсербегі бар төс сүйегі. Шоқтық
бұлшық етті, биік әрі кең келсе жақсы болады.
Арқасы. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz