Биелерге арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Биелерге арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
1. Кіріспе бөлім3
1. 1. Әдебиетке шолу5
2. Негізгі бөлім
2. 1. Биелерге қойылатын зоогигиеналық талаптар12
2. 2. Ғимараттарға, азықтандыру мен суаруға қойылатын зоогигиеналық талаптар 18
2. 3. Биелерді азықтандыру және суару . . . 22
2. 4. Жайылымдарға қойылатын ветеринарлық - санитарлық талаптар…… . . . 24
3. Қорытынды бөлім. . 27
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі28
1. Кіріспе бөлім
Зоогигиена - мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon - жануар және hygieinos - сау деген мағынаны білдіреді. Зоогигиена малдарға қоршаған орта жағдайы және тіршілік шарттарының әсерін зерттеп, оларды дұрыс күтіп бағу, азықтандыру, ұстау және пайдалану (эксплуатация) әдістерін жасап шығарады, жағымсыз факторларды жоюға және жағымды факторларды барынша қолдануға ұсыныс жасайды.
Ауыл шаруашылығы жануарларының денсаулығы - бұл ағзаның қоршаған ортамен тепе -теңдіктегі және қандай да болмасын патологиялық өзгеріссіз, яғни ағзаның құрылымы және қызметі бір біріне сай, реттеуші жүйелері ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостаз) сақтау қабілетіне ие болуымен сипатталатын ағзаның табиғи физиологиялық күй-жағдайы деп білеміз, міне сондықтан зоогигиенаны көбінесе практикалық физиология деп атайды.
Мал қора-жайы ауасының құрамын жақсарту үшін ондағы үлкен көлемдегі көмір қышқыл газын төмендету, онда аммиак пен күкіртті сутегінің жиналуын жою мен алдын алу шараларын жүргізеді. Зиянды газдарды азайту үшін малдардың төсеніштерін күнделікті ауыстырып тұруы керек немесе қалаң қамыс немесе ағаш ұнтағы сияқты төсеніштерді пайдалану; мал жататын орынның тазалығын сақтау, жөнделген жақсы жұмыс істейтін канализация мен желдету жүйесін пайдалану. Әсіресе, еденнің ешқандай саңылаусыз және еден астында кеңістік қалмауына ерекше көңіл аударады.
Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатылған.
Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптасқан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін қорадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету.
Мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Біріншісі - қораны тазалау, екіншісі - дезинфекциялық ерітінді шашу. Объектілерді тазалауға әртүрлі механикалық әдістерді (күрек, тырма, сыпырғыш) және кешенді гидротазалағыш технология қолданады. Механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды.
Мал шаруашылығының қайта өркендеуіне, сондай-ақ жекеменшік көшірілуіне байланысты малмен айналысатын, жеке қожалықтардың территорияларында және жайылымдарында жұқпалы індеттердің әсіресе сарып ауруының қадағалайтын мал дәрігерлік ережелерді қатаң сақтап, фермаларда зоогигиеналық-санитарлық жұмыстарды әрдайым уақтылы жоғарғы санада жүргізіп отыру қажет.
Жылқылар адам өміріне етене араласатын жануарлар қатарына жатады. Мыңдаған жылдар бойы көлік ретінде пайдаланып келеді, жылқы негізгі физикалық шама - жылқы күші атауын берген.
Техника дамуына орай жылқы орнына машиналар келіп, оның маңызы сәл төмендеген, алайда кәзіргі кезде жылқы - сән, белсенді демалыс құралы, бизнес көзі, отбасылық қуаныш, жоғарғы спорттық көрсеткіштер түріне айналды. Жылқы ет алу үшін үй жануарларына айналдырылған, кешіккен соң оны көлік ретінде пайдаланған. Жылқы негізгі жұмыс және соғыс көлігіне айналғаннан кейін, Еуропа халықтары оны етке пайдалануды доғара бастаған. Шығыс халықтарында жылқы еті жоғары бағаланады, ал қазіргі уақытта Еуропаның көптеген елдерінде жылқы еті өзге еттермен табысты бәсекелесе алады.
Курстық жұмыстың мақсаты - зоогигиена пәнінен алған білімді тереңдету, биелердің қора-жай жобасының зоогигиеналық негізлуін зерттеу. Ауыл шаруашылық малдарының ішіндегі биелердің ерекшеліктері туралы білімді тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеті - Биелерге арналған қора жайдың зоогигиенасын зерттеу және құлындардың гигиенасы мен азықтандыру ерекшеліктері, азықтармен азықтандыру туралы түсінік беру. Биелерді азықтандырудың рациондарымен танысу. Биелерге қойылатын зоогигиеналық талаптармен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, әдебиетке шолу және негізгі бөлім мен қорытынды бөлімдерден, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. Әдебиетке шолу
Артемов В. Т., Рахманин П. П. /1984/ деректерінде биелерге арналған қора-жайлардың санитариялық - гигиеналық ережелерге сай келмейтін жағдайларына келесілерді жатқызды: бактериялармен ластануы, шаңдануы, оң иондардың пайда болуы, температура мен біршама ылғалдылық, аммиактың, күкірттісутегінің, көмірқышқыл газының жинақталуы, индол, скатол және басқадай зиянды иісті газдардың пайда болуы. Обьектінің жоғары санитариялық мәдениеті, жақсы санитариялық және техникалық жағдайлары, ауаны кезінде дұрыс тазартып отыру - осының бәрі мал қораларында қалыпты температуралық - ылғалдылық режімін және ауаның тұрақты құрамын сақтап отыруға, қора ішіндегі ауадан микроорганизмдер мен шаңды аластатуға, өкпеде теріс иондардың жинақталуына жәрдемдесетіндігі туралы жазылған. [1]
Бакулов И. А. /1984/ зерттеулері бойынша мал шаруашылықтарында жануарларға қойылатын барлық шараларды алдын ала ескеру қажет, яғни малдың індет және құрт ауруларын болдырмау және оның таралмау жолын қарастырған жөн. Адамды малдан жұғатын әртүрлі аурулардан сақтау және малдан алынатын өнімнің сапасы жоғары болуы қамтамасыз етілуі тиіс. Міндетті түрде мал шаруашылықтарында санитариялық мәдениетті көтеру қажет, яғни мал қораларында ветеринариялық - санитариялық ережені бұлжытпай орындау, сондай-ақ олар іске берілген кезде, техникалық құралдарды пайдалған кезде де, сауу аппаратын, ыдыстарды және транспортты қолданған кезде де барлық санитариялық ережені қадағалау керек. Мал қорасын салғанда, жобалағанда және жаңалағанда гигиеналық, ветеринариялық - санитариялық ереже бұзылса тек шаруашылыққа ғана өз зиянын тигізіп қоймай, жалпы сол жердің мал шаруашылығының індеттік жағдайына да әсерін тигізеді. Сонымен қатар, мал шаруашылығы айтарлықтай экономикалық зардапқа ұшырап қана қоймай, мал өнімділігі төмендейді, ауруға ұшырайды, шығынға жол берілетіндігі айтылған. [2]
Бегенова А. Б., Жумакаева А. Н., Ахметов А. Н., Тлеуметов Ж. М. /2006/ жүргізген зерттеулерінде мал шаруашылықтарында, құс фабрикаларында әртүрлі індетті, инвазиялық аурулардан сақ болу үшін, біршама ұйымдастыру - шаруашылық, гигиеналық, ветеринариялық - санитариялық шараларды орындау керек. Ондай шараларға жататындар:
• шаруашылыққа жаңа әкелген малды карантиннен өткізу кезінде барлық ветеринариялық - санитариялық шаралар қатал сақталу керек;
• мал басын топтастыру кезінде, малды сатып алған шаруашылық барлық індетті аурулардан сау болуы тиіс немесе өзіне асыл тұқымды малды індетті ауруы жоқ шаруашылықтардан алуы;
• көлік немесе фермада жқмыс істейтін жұмысшылар арқылы малға ауру тарату жолын болдырмау, сол үшін фермаға кірер алдында дезөткел және ветсанөткізу жолы, арнайы киімдерді зарасыздандыру, т. б. шаралар сақталуы тиіс;
• арнайы қоршау арқылы тарайтын әртүрлі індетті ауруларға қарсы күрес жүргізу;
• малшылардың арасында туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез және басқа індетті аурулардың тарамауы үшін оларға дер кезінде медициналық тексерілу жұмысы жүргізілуі тиіс екендігі көрсетілген. [3]
Белобаб В. И., Тен В. Б., Иванов Н. П. /1994/ айтуы бойынша әрбір өндіріс кешеніндегі мал басына арнап бөлек малшылар тобын құрады, олар малды күтіп бағады, азықтандырады, ауру малға алғашқы шұғыл көмек көрсетеді және барлық ветеринариялық - санитариялық шараларды орындайды. Осы малшылар арнайы киімдермен, аяқ киімдерімен қамтамасыз етіледі. Ферма территориясына бөтен адам тек мал дәрігерінің рұқсаты бойынша кіре алады. Арнайы мал шаруашылық зонасында жеке меншік және шаруашылық малдарын эпизоотияға қарсы барлық шараларды қолдана отырып малды өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Аталмыш фермада ит, басқа мал, құс ұстауға болмайды. Мал арасында ауру шықпас үшін, малды күтіп баққанда барлық зоогигиеналық режимді технологиялық норма бойынша сақтау керек. Сондай-ақ мал қорада тиісті микроклимат болуы тиіс және таза болғаны жөн. Әрқашан мал азығының сапасын тексеріп тұру және азықтандыру жүйесін де бақылап тұрған жөн. [4]
В. И. Гершун, Р. К. Туякова /2007/ деректерінде қора ішін таза ұстау және санитариялық тұрғыдан тәртіп болу ретінде айына бір рет санитариялық күн белгіленген жөн. Осы күні қора ішін және территорияны мұқият тазалайды, жем-шөптің, қидың қалдықтарын алып тастайды; ақырды тазалайды, ақтайды, су құбырларын сырлайды, еден қабырғаларына жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, мал сауатын залға аса көңіл бөлінеді, сүт бөлмесін өте таза ұстау керек. Жаздыкүні мал қораға дезинфекция, дератизация жүргізеді. Мал қорадан тарайтын иісті, микробты, шаң-тозаңды жою мақсатында, сондай-ақ, ауа бассейнінің таза болу ретінде қора айналасына ағаш, көп жылдық шөп отырғызу керек. Осы ағаштар, ауадағы газды сіңіреді, шаң-тозаңға тосқауыл болады, яғни биологиялық фильтр есебінде өте маңызды роль атқарады. Сонымен қатар осы көк шөп, ағаштың арқасында ферма территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайы жақсаратындығы айтылған. [5]
Вершилова П. А. /1972/ айтуы бойынша санитариялық - гигиеналық жағдайларды жақсартып, мал кешендері мен құс фабрикаларын оқшаулап және қорғау үшін оларды салу кезінде елді мекендердің, ветеринариялық объектілер мен жолдардың ара қашықтықтарын ескерген жөн. [6]
Зацепин В. Г. / 1969/ зерттеулерінде мал шаруашылығы объектілерінің ауаға тарататын зиянды қалдықтары, өсімдіктер дүниесінің шартты түрде немесе тым асқынған зиянды әсерлерін ауа арқылы жайып жіберуі, жұқпалы ауруларды бір нысандардан екіншісіне тарату қаупін туғызуы мүмкін және жағымысз әр түрлі иістің таралуына жол бермеу де маңызды роль атқаратындығы жазылған. [7]
Иванов Н. П. /2007/ деректерінде мал қора-жайларында, сол сияқты фермалар мен кешендер аймағында да ауаның тазалығын қорғау шараларын тұрақты жүргізу аса қажет. Бұл тұрғыда, әсіресе, мал шаруашылығын жүргізу мәдениетін сақтау және ветеринариялық-санитариялық және жануарларды ұстау мен азықтандыру жөніндегі гигиеналық ережелерді сақтау өте маңызды. Әрбір мал қораларында микроклиматты сақтау үшін тыңғылықты да ұдайы жұмыс жасап отыру, мал қиларын уақтылы шығарып тұру, қора ішін тазалап және сақтық шараларын жасап отыру керек. [8]
Иванов Н. П., Белобаб В. И., Минжасов К. И. /1991/ биелерге арналған қоралардың аумағындағы ауаның шаңданып, ластануынан және микробтардан, жағымсыз иістерден сақтау мақсатында мал қоралары аралығына, аймақтар арасында ағаштар өсіріледі. Олар елді тұрғын мекендерден оқшауланып тұруға тиіс. [9]
Конопаткин А. А., Бычков И. С. /1984/ зерттеулерінде биелерге арналған қораларда ауаны механикалық әдіспен тазартып тұру микроклиматтың параметріне айтарлықтай әсер етеді. Бұл жағдайда қора-жайлар шаң мен микроорганизмнен тазартылып, ауа оттегімен байытыла түседі. Ауаны шаң мен тозаңнан тазарту үшін сүзбелер мен сүзбелі қондырғылар жасау керектігі айтылған. [10]
Косилов И. А., Ощепков В. Г /1976/ айтуы бойынша мал қораларындағы ауаны тазарту аэрозоль шашырату арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде сүт қышқылы, резорцин, сутегі пероксидін, натрий гипохлориді мен гексилрезорцинды қолдану пайдалы. Ауаны тазарту үшін қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер ұсынылады. Қазіргі кезде ол үшін БУВ-15, БУВ-30, БУВ-60П, ДБ-60 және т. б. аз қысымды шамдар пайдаланылып жүр. [11]
Маланин Л. П., Морозов А. П., Репин В . М. /1985/ деректерінде Ветеринариялық нысандардың негізгі міндеті - аурулардың алдын алу шараларын, ветеринариялық-санитариялық және емдеу жұмыстарын жүргізу және қадағалау әрі диагностикалық зерттеулерді жүргізу болып табылады. Ветеринариялық нысандарға жататындар: ветеринариялық емхана, ветеринариялық пункт, ветеринариялық лаборатория және изолятор т. б. Ветеринариялық емхана - бұл цикл аяқталғанша қызмет ететін малдәрігерлік үлкен мекеме. Ол ауру малға амбулаториялық және тұрақты (стационарлық) емдеу, диагностикалық зерттеу, сондай-ақ, шаруашылықтарда профилактикалық, ветеринариялық-санитариялық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Емхана - амбулаторлық және стационарлық бөлімдерден тұрады. Ветеринариялық орын (пункт) - әртүрлі мал шаруашылықтарына қызмет етуге арналған. Пункт ауру малға амбулаториялық және тұрақты көмек көрсетеді, сондай-ақ профилактикалық және ветеринариялық - санитариялық жұмыстар жүргізеді. Ветеринариялық лаборатория - шошқа фермасы, құс фабрикасы және асыл тұқымды мал шаруашылығында орналасып, соларға қызмет етеді. Лаборатория-диагностикалық зерттеулер, азықтың сапасын зерттеу, профилактикалық, емдік және ветеринариялық-санитариялық шаралар жұмысын жүргізеді. Изолятор - барлық мал шаруашылықтарында орналасқан. Изоляторға ауру малды індет ауруына күдіктенгенде бөлек күтіп-бағады. Изолятор - бөлек, қоршаған, кіріп-шығатын жерінде дезинфекциялық өткел болуы тиіс. Ветеринариялық - санитариялық нысандарға жататындар: сойыс-санитариялық пункті, карантиндік орын, дезөткел, дезтөсеніш, санөткел. Сойыс-санитариялық орны (пункті) - малды еріксіз союға тура келгенде, малды сойып тексеру үшін, өлексені толық құртып утильдеп, өңдеуге арналған. Пункттің екі бөлімі болады: малды соятын және өлексені утильдейтін. Карантиндік орын - мұндай қораға шаруашылыққа басқа жақтан келген малды күтіп ұстайды, оларға клиникалық, диагностикалық зерттеу жүргізеді және ветеринариялық - санитариялық тексеруден өткізеді. Карантинде малды ең кем дегенде 30 тәулік ұстайды. Фермаға кірер алдындағы дезөткел - ол көліктің дөңгелегін дезинфекциялау үшін керек. Дезөткелді шаруашылық территориясы кірер алдында орналастырады. Дезтөсеніш - мұны қораға кірер алдында аяқ киімді дезинфекциялау үшін төсеп қояды және әрбір қора алдына (бұзау қора, мал туатын орын және т. б. ) орналастырады. Санөткел - бұл малшыларға арналған санитариялық - тұрмыстық бөлме. Бұны шаруашылық территориясына кірер алдына орналастырады, осы жерден барлық шаруашылық қызметкерлері, фермаға келген адамдар да ветеринариялық - санитариялық режимді сақтау үшін өтеді. Барлық ветеринариялық объектілер суық және ыстық сумен қамтамасыз етіліп қоршалады. Мал шаруашылығында профилактикалық (сақтық) дезинфекциясының басты міндеті - ол малдан алынатын өнімнің айналымын орындауды қамтамасыз ет болып табылады. [12]
Мозгов И. Е. /1979/ зерттеулерінде мал қорасын дезинфекциялау екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші - қораны тазалау, екінші дезинфекциялық ерітіндіні шашу. Объектілерді тазалау әртүрлі механикалық құралдарды (күрек, тырма, сыпырғыщ) қолдану және кешендегі гидротазалағыш технологиясы арқылы жүргізіледі. Осы механикалық тазалау ауру қоздырғыш микробтардың денесіне химиялық заттардың тез енуіне жағдай жасайды. [13]
Новицкий А. А. /1986/ айтуы бойынша дезинфекция жүргізуге жататын нысандар: мал және құс қорасы, құралдар, жабдықтар және малды күтуге арналған заттар, қора ауасы, ферма территориясы (серуен алаңы), малды көлікке тиеу және түсіру алаңы, ветеринариялық-санитариялық нысандар, көлік, малды сауу қондырғысы, сүт ыдыстары, арнайы киімдер, қи, садыра және лас су. Тазалау кезінде, әсіресе ақырға, суарғыштарға, қаьырғаның төменгі жағына, қабырға ортасындағы қалқандарға, еденнің ашық саңылауына және қи тазалайтын каналға аса көңіл бөлінуі тиіс. Қазіргі кездегі мал қорасының бөлшектерінің үстіңгі қабаттарының ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі оларда кездесетін кішкентай саңылаулар, құрылыс материалдарының ылғал өткізгіштігінің төмендегі, темір-бетонды конструкцияны кең түрде қолдану, беткі қабаты жылтыр материалдар, шыны, тағы басқа материалдар өзінің тегіс тайғанақ бетіне дезинфекиялық ерітінділерді көп мезгілге ұстап тұра алмайды. [14]
Объедков Г. А. /1977/ деректерінде егер объект нашар тазаланса онда химиялық дезинфекциялық ертінділер, нысанның бетіндегі жабысып қалған органикалық заттармен бірігіп олармен адсорбцияға (сіңіріледі) түседі, осының салдарынан ауру қоздырғыш микробтарға өз әсерін толық тигізе алмайды немесе оған тән бактерицидтік қасиеті едәуір төмендейтіндігі көрсетілген [15]
Осташев С. Н. /1967/ айтуынша жылқының басқа малдан басты айырмашылығы бұлшық еттерінің жұмысы болып табылады. Ол қасиеті ас қорытыу және зат алмасуының ерекшеліктерін анықтайды. Жылқылар көмірсулы қосылыстарды- углеводты әрбір 3 сағат сайын жұмыстан кейін шығындап отырады. Сондықтан жұмыс кезінде жылқыларды үстеме қоректендіру өте маңызды. Жылқылардың қарны бір камералы, күйңс қайыратын малдардан салыстырғанда ірі азықтарды онша қорытып сіңірмейді. Жылқы асқазанға қажетті қоректік заттардың пайдалы жұмысқа аз ғана мөлшері шығындалады. Қоректік заттардың қалған бөлігі (30 %- жуығы) басқа қажеттілікпен меншікті қозғалысының қажетіне шығындалады. Жылқының тілі жақсы дамыған. Сондықтан қатты заттарды бөлшектеп уатады. Мүйізді ірі қара қарнына қарағанда жылқының қарны 7- 8 есе кіші, ішектері қысқа жемді, концентратты жақсы қорытады. Жылқы азықты баппен өте ұқыпты, мұқият шайнайды. Бір жұтқанда 15- 20 грамм сабан, топан, сұлы, арпа, кебек және т. б. жұта алады [16]
Поляков А. А. /1975/ қора жай қабырғалары қабырғалардың жылу және дымқыл өткізбеуін қамтамасыз ету үшін олардың қалыңдығы ескеріледі, немесе аз күш жұмсай отырып жылу жібермейтін материалдар пайдаланылады. Гигиеналық жағынан келгенде қабырғалар жылу жібермейтін материалдардан соғылған жөн. Сондықтан қабырғалардың жылу қорғайтын қасиеті жеткілікті әрі жылуды аз өткізетін термикалық қарсылық коэффициенті жоғары болуға тиіс. Жылуға берік және ауаны орташа деңгейде өткізіп тұратын болғаны жөн. Төбе жапқыштар. Континенталдық климат жағдайында олар қора - жайды сыртқы әуе кеңістігінің құбылыстарынан сақтайды, қыста да, жазда да, жылу сақтауды жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Төбе жапқыштар берік, барынша жеңіл, жылуды аз жіберетін, құрғақ, теп - тегіс, су өткізбейтін, қатты, ұзаққа шыдайтын болуға тиіс. Едендер. Едендер құс қора - жайларының қорғаушы элементтері ретінде қызмет етеді. Еденнің конструкциясы мен материалдары оның ішіндегі микроклиматқа, санитариялық - гигиеналық жағдайларға, жануарлардың денсаулығы мен тазалығына, өнім сапасына және өнімділік көрсеткіштеріне айтарлықтай деңгейде әсерін тигізеді. Құс фабрикаларының едендері мынадай талаптарға сай келуі керек: жылуды аз өткізетін, берік, қажалмайтын, жанбайтын, тегіс, тұтас, су өткізбейтін, адамдар мен жануарлардың денсаулығына зиянсыз, тазартып - жинауға қолайлы, құстың әр түрлі әрекеттеріне төзімді берік болуы тиіс [17]
Садыкова Ш. Ж. /1977/ айтуынша таңдап алған жер құрғақ, сәл биіктікте, тасқын не нөсерлі жаңбырдан соң, су баспайтын болуға тиіс. Ол жер аймағына күн сәулесі мол түсіп тұруға және желдетіліп тұратын, сондай - ақ, осындай орында қатты желден, құм дауылынан және қарлы бораннан қорғанған болуы керек. Ол үшін орман - тоғай маңына салынғаны немесе айналаға ағаш отырғызған жөн. Осы аймақта құрылыс салуға қосымша күш жұмсауды қажет ететін жер бедерінің кедергісі болмау тиіс. Топырағы құрылыс салуға қолайлы болғаны қора - жайдың орналасуына жағдай жасайды. Жер қыртысының құрамы су және ауа өткізгіш, түйіршік топырақты, сүзгіштік қабілеті төмендеу, өсімдіктерді отырғызуға жарамды болса тіптен жақсы. [18]
Сайдулдин Т. С /1992/ деректерінде таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар жер санитариялық - гигиеналық талаптарға сай кемінде 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы жеткілікті болуы керек. Мал шаруашылығы қора - жайларын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аудару керек. Жер көлемін айқындау құс фабрикаларының кеңейтілуін және оны азықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Жер көлемі 300 мыңнан астам құсы бар шаруашылықтарда - 0, 4 - 0, 5 м2 болуға тиісті. [19]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz