Жеке тұлғаның бейімділіктерін психодиагностикалық зерттеу тәсілдері



Жеке тұлғаны психофизиологиялық тұрғыдан зерттеу оның психикалық және ақыл-ой сапаларын, болашақ мамандықтарына бейімділігін анықтап беруге және олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс-кеңестемелер беру үшін жүзеге асырылуы да мүмкін.
Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен төмендегідей психологиялық сынақтар енеді:
- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері;
- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу;
Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін сынақтарына жататын тәсілдер:
- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI);
- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО);
- Равеннің «Прогрессивті матрицалар өлшемі» әдістемесі (кескіндеме сынағы);
- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері;
- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы.
Жекелей немесе көзбе-көз әңгімелесу – психофизиологиялық зерттеулердің соңғы кезеңі болып табылады. Зерттелушінің типологиялық және мінездемелік ерекшеліктерін бағалаудың және сараптаудыу мен талдаудың қосымша бір тәсілі болып табылады, сонымен қатар толтырылған бланктер, сауалнамалар, сынақтар бойынша зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді нақтылауға, айқындауға көмектеседі. Әңгімелесу мен бақылаудың, психодиагностикалық қорытындының мәліметтері, жеке тұлғаның психикалық сапалары мен қасиеттері бойынша ұсыныстарды психолог өзіндегі психофизиологиялық зерттеу хаттамасына енгізіп отырады. Тұлғаның негізгі, басты-басты жеке сапалары мен типологиялық ерекшеліктері сипатталған қысқаша тұжырым шығарылып, оның жалпы тұлғалық мінез-құлық және ақыл-ой ерекшеліктері туралы арнайы қорытынды жасалады.
Бланктік зерттеу әдістері кең, жарық, шусыз, желдетілген бөлмеде өткізіледі. Зерттелушілер бір-біріне кедергі жасамайтындай және оның

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жеке тұлғаның бейімділіктерін психодиагностикалық
зерттеу тәсілдері

Жеке тұлғаны психофизиологиялық тұрғыдан зерттеу оның психикалық және
ақыл-ой сапаларын, болашақ мамандықтарына бейімділігін анықтап беруге және
олардың жекелеген бөліктерін жетілдіру туралы ұсыныс-кеңестемелер беру үшін
жүзеге асырылуы да мүмкін.
Мамандық бойынша психодиагностикалық зерттеулердің барысына негізінен
төмендегідей психологиялық сынақтар енеді:
- зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін тәсілдері;
- жекелей (көзбе-көз) әңгімелесу;
Психодиагностикалық зерттеудің бланктер толтыру арқылы жүргізілетін
сынақтарына жататын тәсілдер:
- жеке тұлғаны көп жақты зерттеу әдістемесі (MMPI);
- Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО);
- Равеннің Прогрессивті матрицалар өлшемі әдістемесі (кескіндеме
сынағы);
- есте сақтау қабілетін, зейінді және ойлауды зерттеу әдістері;
- Амтхауэрдің интеллектуалдық сынағы.
Жекелей немесе көзбе-көз әңгімелесу – психофизиологиялық зерттеулердің
соңғы кезеңі болып табылады. Зерттелушінің типологиялық және мінездемелік
ерекшеліктерін бағалаудың және сараптаудыу мен талдаудың қосымша бір тәсілі
болып табылады, сонымен қатар толтырылған бланктер, сауалнамалар, сынақтар
бойынша зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді нақтылауға, айқындауға
көмектеседі. Әңгімелесу мен бақылаудың, психодиагностикалық қорытындының
мәліметтері, жеке тұлғаның психикалық сапалары мен қасиеттері бойынша
ұсыныстарды психолог өзіндегі психофизиологиялық зерттеу хаттамасына
енгізіп отырады. Тұлғаның негізгі, басты-басты жеке сапалары мен
типологиялық ерекшеліктері сипатталған қысқаша тұжырым шығарылып, оның
жалпы тұлғалық мінез-құлық және ақыл-ой ерекшеліктері туралы арнайы
қорытынды жасалады.
Бланктік зерттеу әдістері кең, жарық, шусыз, желдетілген бөлмеде
өткізіледі. Зерттелушілер бір-біріне кедергі жасамайтындай және оның барысы
кезінде нұсқаушы олардың әрқайсысына еркін жақындай алатындай болуы тиіс.
Равеннің Прогрессивті матрицалар өлшемі әдістемесі (кескіндеме
сынағы) зейінді, қабылауды және ойлауды зерттеуге арналған. Әдістеме
күрделілігі арта беруі бойынша 5 серияға бөлінген 60 кесіндеме суреттен
құралады.
MMPI сынағы әртүрлі талаптарға жауап беріп, тұлғаны жан-жақты түрде
кешенді зерттеу әдісі болып табылады. Бұл сынақтың тиімділігі алынған
мәліметтердің объективтілігін қамтамасыз ететін арнаулы статистикалық
өңдеуден өтуінде болып табылады. Сынақ жалпы адамның денсаулық жағдайына,
психикалық ішкі органдардың қызметі сапаларына, ортадағы қарым-
қатынастарына және жалпы әлеуметтік және моральдық ұстанымдарына қатысты
болып келетін 384 пайымдаудан құралады. Бұл пайымдауларға Зерттелуші тұлға
Иә немесе Жоқ деп жауап береді. Сынақтың қорытындыларын есептеудің
психолог сүйеніп отыратын арнайы нұсқаулықтары бар.
Р. Кеттелдің 16-факторлық жеке сауалнамасы әдісі (16-ФЛО) жеке тұлғаның
интеллектуалдық, пайымдыұ, көңіл-күй тұрақтылығы, жетекшілігі, көшбасшылығы
сияқты маңызды қасиеттерін анықтауға арналған.
Амтхауэр сынағы алдымен тұлғаның ақыл-ой қабілетін зерттеуге
бағытталады. Яғни адамның ойлау қабілеті, жағдайды түсінуі мен оған
бейімделуі, түрлі мәселелерді шешу қабілеті зерттеледі. Ол арқылы ақыл-ой
дамуының коэффициенті анықталады. Тек сан өлшемдері арқылы біржақты болып
қалмау үшін зерттелушіге қандай тапырмалардың қиынға түскенін немесе жеңіл
орындалғанын талдау қажет. Бір сынақтың нәтижелері арқылы адамның ақыл-ойын
толық бағалау мүмкін болмағандықтан, оның пайымдауына, қабылау, зейін,
ойлау, еске сақтау тәрізді жекелеген танымдық үрдістеріне назар аудару
керек.
Бақылау әдісі. Зерттелушілердің тапсырмаларды орындау барысындағы мінез-
құлын бақылау арқылы оның ақыл-ойын, зейінінің сапасын, шынайылығын,
адалдығын, тәртіптілігін, жауапкершілігін, көңіл-күй ерекшелігін, жұмыс
қабілеттілігін сиипаттайтын қасиеттері туралы бірқатар мәліметтер алуға
болады. Бақылаушының назарына жалпы көпшіліктен жақсы не нашар жағына қарай
ерекшеленіп тұратын тұлғалар айрықша түсіп отырады.
Ұғымталдықтың, зеректіктің және жедел еске сақтаудың жеткіліксіздігін
көрсететін сінез-құлық белгілері. Нұсқауды оқып түсіндіргеннен кейін:
- мағынасыз сұрақтар қоюы және нұсқаулықтағы айтылған жайларды қайтадан
сұрауы;
- жүзіндегі түсінбегендік белгісі, иығын көтеру, абдырағандықтың
көрінуі;
- көршілес отырған адамнан түсінбегендерін қайталап сұрастыруы;
- нұсқауды таныстыру барысында жазып алып отыруы;
- жұмысты бастауға рұқсат берілгеннен кейін кідірістеу, көршісінің
жұмысын қарауы, жұмысты ортасынан аяқтауы.
Зейіннің ауысып отыруының жеткіліксіздігін көрсететін белгілер.
- тәжірибе жүргізушінің нұсқауларын баяу қабылдауы;
- келесі тапсырмаға көшу туралы нұсқаудан кейін де бұрынғы тапсырмамен
отыра беруі.
Жауапкершіліктің, тәртіптіліктің жоқтығын, зерттеуге жағымсыз тұрғыдан
қарауын көрсететін белгілер:
- зерттеуді кесітуге бағытталған арандату сұрақтары, кері сөйлеу;
- тыныштық сақтауға, тәртіпке шақыруларды тыңдамау;
- әңгімелер айтып, шу тудыруы, қылжақбастық танытуы;
- көршісінен көшіріп алу.
Зерттелушілердің барлығы да өздерін жақсы жағынан көрсетуге
ұмтылатындықтан, қызметке іріктеу жағдайында олар туралы шын мәніндегі
объективті мәліметтерді алудың қиын. Сондықтан адамның ақыл-ой және
сезімдік сапалары мимикалық, қимыл-қозғалыстық және интонациялық көрініс
табатындықтығын ескеріп, осы жағына мән беріп отыру қажеттігі пайда болады.

Тұлғаның мимикасынан, яғни бет-жүзі мен көзінен оның айтып отырғанының
ақиқатқа қаншалықты жақын екенін аңдауға болады. Ал интонациясы өзінің
айтып отырған сөзінен гөрі де шындықты көрсетіп тұруы мүмкін. Тура жауап
қатқанның өзінде де адамның мимикасы мен дауыс тоны оның ойының айтқан
айтқан сөзінен басқаша екенін айқындап тұрады. Егер адам өзінің айтқанына
сенімсіз болса, оның өз ойына күдікті екені мимикасы мен көздерінен
байқалады. Мимика бойынша адамның ақыл-ой шапшаңдығы мен өзінің экстра-
және интраверттілік сипаты, яғни оның әрқашан сыртқы ортаға қарай
бағдарланатыны немесе өзінің ішкі дүниесіне қайта-қайта үңіле беретіні
туралы баға беруге болады..
Мимика, сонымен бірге, адамның көңіл-күй арқылы жауап қатуларынан да
хабар береді. Бет әлпетінің өзгерістері әңгімелесуде өзара байланысты
әрқашан тұрақты көрсетіп тұрады, оған байыптап қарау арқылы адамның
айтқанды түсінгені не түсінбегені, әлдене айтқысы келгені, әңгімеге
ынталылығы, шын немесе жалған айтып отырғаны байқалады.
Сонымен бірге тәжірибелі адам әңгімелесу кезінде өзінің көңіл-күйін
мимикасын, қимыл-қозғалысын бақылап, сырттай сыр бермей отыруы мүмкін,
алайда көзінің қарашығындағы өзгерістерді бақылай алмайды. Жағымды көңіл-
күй кезінде көздің қарашығы бірнеше есе ұлғаяды да, ал жағымсыз көңіл-күй
болса, керісінше кішірейіп кетеді. Сол сияқты оның қуанышы мен ашуланғаны
байқалады. Егер сіз бір адамдармен сөйлескенде өзіңізді жайлы, ал кедесі
бір адаммен әңгімеде қолайсыз сезінетін болсаңыз, ол ең алдымен негізінен,
пікірлесіңіздің сізге қандай көзбен қалай қарағанына және қарау ұзақтығына
байланысты. Әңгімелесудің бір кезеңінде байланыстың орнауы көзқарастардың
кездесіп қалуынан басталады. Сөйлескен адам әңгімелесу уақытың 60-70
пайызында пікірлесушіге қарап отырады, мысалы, сөйлесу уақытының 30
пайызынан төмен болса, жанары тайсақтай берсе, оның сөздері онша сенімділік
тудырмайды.
Көзқарас қастың көтерілуі мен және жұмсақ жимиюмен сүйемелдене келсе,
сөйлесуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағдарлы оқытуды ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық маңызы
Білім берудегі психологиялық қызмет жұмысының мазмұны
Кәсіптік бағдар жұмысының негізгі қағидаттары, мақсаты мен міндеттері
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Бейіндік оқытудың жүйесі
Дарынды балаларды анықтау
Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс жүргізудегі мұғалімнің рөлі
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
Бейіндік оқыту – білім беру процесінің ұйымдастырылуына өзгерістер енгізу арқылы оқушыларды оқытуда саралау және даралау құралы
Пәндер