Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Биологияны оқытуда халықтық педагогиканы қолданудың педагогикалық-
психологиялық алғышарттары
1.1. Биология сабағында этнопедагогикалық материалдарды пайдаланудың жәй
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2. Биология сабақтарында халықтық педагогика элементтерінің
орны ... ... .9
І тарау бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12
2. Орта мектепте биологияны оқытуда халықтық педагогиканы пайдалану
әдістемесі
2.1 Биология пәнінде халықтық педагогика элементтерін пайдалану
үдерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Биология сабақтарында халықтық педагогиканы пайдаланудың жолдары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
ІІ тарау бойынша

... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып
жатқан әлеуметтік, эканомикалық, саяси және жаңа технологиялық
өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие беру
жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім [1].
Сондай бетбұрыстың бірі биология пәнін оқытуда халықтық педагогика
элементтерін пайдалану әдістемесі жас ұрпақты өз халқының рухани
қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек
таныстырып, соның негізінде жеке тұлғаның шығармашылық, рухани
мүмкіндіктерін дамыту.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің
тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан — 2030 халыққа Жолдауының
Қазақстан мұраты бөлімінде былай деп жазылған: Ол ұрпақ тәрбиесіне дана
болады. Оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарастың дамуына қамқор
жасайды. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып қазіргі заманғы
нарықтық эканомика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар күллі әлемге
әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады. Қазақстан Республикасының
Білім туралы заңында: білім беру жүйесінің міндеттрі: азаматтық пен
елжандылықты, өз Отаны- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік
және республикадағы басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін
зерделеу мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру деп айрықша атап
көрсетілген [2].
Қазақстан Республикасының Білім министірлігінің Тәлім- тәрбие
тұжырымдамасында үздіксіз тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие, ал оны
жүзеге асыру үшін педагог кадрларды облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру
институттарында ұлттық тәлім-тәрбие курстарынан жүйелі өткізу, сондай-ақ
болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғары педагогтік оқу орындарында
этнопедагогиканы жеке оқу пәні етіп ендіру ұсынылған.
Қазақ мектептеріндегі оқушылардың барлығы дерлік бірдей қазақтың
ақындарын, жазушыларын, композиторларын, суретшілерін, олардың басты
шығармашылық еңбектерін жете біле бермейді. Ал осы жәйттер жөнінде кейбір
мұғалімдеріміздің де ұғымының өскелең өмір талаптарына сәйкес келе
бермейтіндігі мәлім.
Ұстаз оқушыларға білім беру барысында оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде
тұлғаның дұрыс қалыптасу мүмкіндігін зерттеп, жеке бас ерекшелігін аңғарып,
осыған сәйкес жұмыс істегенде ғана орынды педагогикалық шешім табады.
Мектептерде биология пәнінде көркем әдебиет пен поэзияны, ұлттық салт-
дәстүрлерді пайдалану арқылы оқушының танымдық белсенділігі мен
шығармашылығын дамыту жолдары биология пәні мұғалімдері С.Әубәкірова,
Г.Жұмаділқызы, Б.Қаденова, Г.Диханбаева, К.Құрбанбекова, Ж.Қожамқұлқызы,
А.Райымжанованың жұмыстарында қарастырылған [3,4,5,6,7,8].
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық
мұрасын, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз әңгімелері, жұмбақ, мақал-мәтел,
өлең жырлары, ұлттық ойындарының ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес жыл
қазына болып табылады.
Оқушыларды биология ғылымының заңдарымен, қоршаған ортада жүріп жатқан
биологиялық құбылыстармен таныстыруда, оны көруге, сезінуге, түсінуге
халықтық педагогика элементтерін пайдаланудың маңызы зор.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде жасөспірімдердің табиғатпен
қарым-қатынасын орнықтыру, білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын дамыту,
осылардың негізінде адамгершілік қасиеттерін жетілдіру қазақ халқының
ағартушы-ғалымдары мен ақын-жазушылары, қоғам қайраткерлері А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдабердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Ә.Бөкейханұылы, Х.Досмұхамедұлы өз еңбектерінде
тілге тиек еткен [9,10,11,12,13,14,15,16,17,18].
Зерттеу жұмысының мақсаты: халықтық педагогиканы бүгінгі өмір
талабымен ұштастыра отырып орта мектептердегі биология пәнін оқытуда
қолданудың әдістемесін жасау, оның оқу үрдісінде тиімді қолданудың
мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу нысаны — жалпы білім беретін орта мектептегі биологияны оқыту
үрдісі.
Зерттеу пәні – биологияны оқыту үрдісінде халықтық педагогика
элементтерін қолданып, оқушылардың білім сапасын дамытудың жолдары мен
әдістері.
Зерттеу болжамы: орта мектептердегі биология сабағында оқушының білім
сапасын дамытуға болады егер:
— оқытудың белсенді әдістерін оқыту үрдісінде тиімді пайдаланса;
— биологияны оқытуда халықтық педагогика элементтерін қолданудың
арнайы бағдарламасы жасалса;
— оқушылардың өзіндік жұмыстарын даралап ұйымдастырса;
— биологиялық заттар мен құбылыстарды таныстыруда қазақтың ұлттық
таным, тәлім-тәрбие мұрасы мен ауыз әдебиетін тиімді қолданса.
Зерттеу міндеттері:
— орта мектепте биологияны оқыту үрдісінде халықтық педагогиканы,
әдеби материалдарды және оқу ойындарын қолданып, білім мен тәрбиелеудің
тиімділігін арттыру;
— оқу үрдісінде және сыныптан тыс жұмыстарда халықтық педагогиканы
пайдаланудың әдістемесін жасау;
— биология сабақтарында қолданылатын халықтық педагогика
нұсқасының мазмұнын ұсыну.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасына байланысты философиялық,
педагогикалық, психологиялық және жас ерекшеліктері физиологиясы мен
әдістемелік әдебиеттерді теориялық тұрғыдан талдау жасау; озық
педагогикалық іс-тәжірибелер мен танысу, оларды жинақтап қорыту,
педагогикалық сабақтарға қатысу арқылы бақылау; биология пәнінің оқу
бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды талдау; оқушылармен
әңгімелесу, байқау, сауалнама, тест жүргізу, педагогтік тәжірибе,
эксперимент жүргізу; оқушылардың білімдері мен іскерліктерін, шығармашылық
қабілеттерінің деңгейін тексеру, олардың қорытындыларын талдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
— орта мектептің биология курсының мазмұны, мақсаты, міндеттеріне
орай халықтық педагогика элементтерінің нұсқаулары сұрыпталды.
— биология сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдалана
отырып оқытудың әдістемесі жасалды.
— биология сабақтарында халықтық педагогика элементтерін
пайдаланып, оқушылардың білімін тереңдетіп және шығармашылыққа баулудың
жолдары мен әдістемесінің тиімділігі педагогикалық эксперимент жұмысы
арқылы дәлелденді.
Зерттеудің практикалық маңызы:
Биология пәні мұғалімдеріне оқытудың жаңа әдістемесін қолдануға баулу
бағытында олардың әдістемелік шеберліктерін жетілдіруді ғылыми тұрғыдан
негіздеу барысында жалпы білім беретін мектептердегі биология сабағының оқу-
тәрбиелік сапасын арттыру мақсатында; мұғалімдердің білімн жетілдіру
институтында биология пәні мұғалімдерінің әдістемелік шеберлігін көтеруде;
биология пінін оқытатын маман дайындайтын жоғары оқу орындарында
студенттерге көмекші ретінде қолдануға болады.
Зерттеу құрылымы:
Кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

күйі
Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп — өну, даму көзі – оның тамыры,
адам баласының санасының даму көзі – оның тілі. Тамырсыз өсімдік атаулы
көктемейді, ана тілінсіз ұрпақ жетілмейді. Ана тілінің уызына қанбаған,
оның бұлағынан нәр алмаған ұрпақтың баршасының бойынан ізгіліктің
нышандарын табу мүмкін емес, өйткені жастарымыз халықтық педагогикадан,
ұлттық салт — дәстүрімізден, рухани байлығымыздан қол үзіп кеткен ұрпақтың
өкілі.Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – мектеп жасындағы жас жеткіншектер.
Қазақ мектептерінің алдында ұлттық сана — сезімін оятып, тәрбиелеп қана
қоймай, халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл, дін, тәрбие,
ұлттық салт — дәстүр, үлгі — өнегені үйреніп, бойына сіңіріп, күнделікті
тіршілікте пайдалана білуге үйрету міндеттері тұр. Халықтық педагогика озық
үлгілері балаларды имандылыққа, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейтінің
өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Ихласова Ж.М. – оқытушы, М. Өтемісов атындағы БҚМУ Тәрбие дәрменсіз
болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс К.Д.Ушинский Халықтық тәрбие адам
баласының дүниеге келген күнінен бастап бірге жасап келеді. Оның қағазға
жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
ғасырлар бойы ауызша ақыл-нақыл, өсиет-өнеге, қағида болып келген білім-
білік, тәлім-тәрбие беру тағылымдары бар. Халық өзінің өмір сүруінің барлық
жақтарына да халықтық білімді жинақтаған. Халық педагогикасы – халық ауыз
әдебиетінде, салттарында, әдет- ғұрыптарында, ырымдарында, балалар
ойындарында мәңгі сақталып қалған білім, педагогикалық мағұлыматтар мен
тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Бұлар әдетте ауызша таралады.
Халық педагогикасы – халықтардың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиелеу
тәсілдеріне негізделген тағылымдарының бай тәжірибесі.
Халықтық педагогиканың мақсаты – жетілген тұлғаны тәрбиелеу, оның
дамуы ақылмен, еңбек сүйгіштікпен және ізгілікпен жүзеге асады. Негізгі
міндеттері: халық педагогикасының ерекшелігін, оның пайда болуын, қазіргі
жағдайын, оның халық өміріндегі орнын және оның адамзаттың педагогикалық
мәдениетінің дамуындағы ролін зерттеу. Қай пәннен болса да, оқу-тәрбие
жұмыстарында халықтық педагогиканы пайдаланып, білім беру маңызды. Қазақ
халқы өз ұрпағының тәрбиесіне, оның ішінде Ана көрген – тон пішер, ата
көрген – оқ жонар дегендей, ұл-қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.
Қ.Бөлеев тәрбиеге мынадай анықтама берген Ұлттық тәрбие – жеке тұлғаның
ұлттық сана сезімі, намысы, мінез-құлқы және ана тілін, ата- тарихын, төл
мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрін меңгеруі негізінде дамып қалыптасады.
Қазақ халқының өнегелі әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін оқу
процесінде көптеп пайдалану – болашақ қоғам иелерін білімді, көргенді,
өнегелі, еңбекқор етіп тәрбиелеуге қосар үлесі зор.
Бүгінгі күнде ұлттық дәстүрлерімізді бұрынғы ата-бабаларымыздың мәдени
мұрасы болғандықтан ғана емес, ұлттық тәуелсіз халқымызда ежелден
қалыптасқан, кейінгі кезде жаңарып келе жатқан салт – дәстүрімізді
біртіндеп жас өспірімдердің бойына сіңіру, санасына жеткізу мақсатында,
биология сабақтарының орынды жерінде батылдықпен халықтық педагогика
элементтерін пайдалана білген жөн.
1.2. Биология сабақтарында халықтық педагогика
элементтерінің орны
Жаратылыстану сабақтарында халықтық педагогика элементтерін қолданып,
ұлттық дәстүрде тәрбие беруде биология сабақтарының маңызы зор. Қазақ
салттары мен дәстүрлерінің, жора-жоралғыларының бала тәрбиесіндегі орны,
мәні ерекше. Ғасырлап қоныс қуып, өріс жаңғыртқан қазақ малмен бірге ой
баққан халық. Басы ауырып, балтыры сыздағанда халық шипаны қоршаған ортадан
тауып, өсімдік пен жануарлардың өнімін игілігіне жаратқан. Халықтық
педагогика элементтерін биология сабақтарында мынадай сипатта көруге
болады.
Өсімдіктану пәнінен Өсімдіктің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы,
Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі, Өсімдік тұқымдастары т.б. көпшілік
тақырыптарда ата – бабамыз өз туған жерінде өсетін өсімдіктердің атын,
қасиетін жақсы білгендігін әңгіме етуге болады. Өсімдік табиғаттың құрамды
бөлігі екенін айтып, оларды қорғаудың ережелерін, елімізде жүргізіліп
жатқан шараларды түсіндіру арқылы экологиялық тәрбие берсек, екінші жағынын
табиғатты суреттеуде қазақтың халық даналығын, айтыс – жырларын, аңыз -
әңгімелерін, мақал–мәтелдерін насихаттау арқылы эстетикалық әрі ұлттық
тәрбие қалыптастырамыз. Ерте заманнан қазақ халқы шөптердің, жалпы
өсімдіктердің емдік қасиеттерін білген. Әбу Насыр Әл- Фараби, Әбу Әли Ибн-
Сина, Беруни, Әл-Джуржани және орта ғасырда өмір сүрген тағы басқа да шығыс
ғалымдары қазақ халқы медицинасының дамуына ықпал етті. Осыған байланысты
көне көз қариялардың ақыл- кеңесінен және Шығыс елдерінің қолданып жүрген
өсімдіктері қарапайым ауруларға ем болатыны туралы Дәрілік өсімдіктер
тақырыбында түсініктеме беруге болады. Дәрілік өсімдіктерден жаңа
дайындалған тұнбалар, ерітінділер химиялық жолмен жасалған дәрі-дәрмектен
анағұрлым тиімді екені, денсаулыққа кері әсері аз болатыны ғылыми түрде
анықталған. Мысалы: адыраспаннның жер бетіндегі бөлігі және тұқымы-дәрі,
өкпені тазалап, жөтелді басады, сонымен бірге талма, сал, ұмытшақтық т.б.
ауруларға қолданған. Ал, атқұлақ тамырынан сары бояу, қынадан қызыл бояу
алса, тұрмысқа қажетті сабынды әжелеріміз алабота, итсигек сияқты
өсімдіктерді қайнатып, сүйек майын қосу арқылы алған. Ата-бабаларымыз
ертеден-ақ табиғи заттардың сырын ашып, қажетіне ұқыптылықпен пайдалана
білгендігін әңгімелеуге болады.
Жануартану пәнінен сүтқоректілер класын оқытқанда төрт түлік мал
өнімдеріне ерекше назар аударған жөн. Малдан қалатын қи, жапа, құмалақ
тезектері де отқа жақса – отын, жерге тыңайтқыш. Үй тұрмысына қажетті мал
терісінен жасалатын: метей, көнек, мес, қауға, тарамыс т.б. бұйымдар туралы
айтылса. Метей – су таситын ыдыс. Түйенің майлы терісінен жасалады,
құдықтан малды суару үшін су тартады. Көнек – су таситын қауға. Мес –
ешкіні бүтіндей сойып дайындап, айран сақтауға арналған ыдыс. Сөйтіп, қазақ
төрт түлікті мінсең-көлік, жесең-ет, ішсең-ақ, сусын деп тұжырымдаған.
Ата-бабаларымыз жапан түзде қой бағып жүріп, үй жануарларының ауа-райы
құбылысын байқауы жөнінде әрқайсысының өзіне тән мінез-қылығы болатындығын
ұзақ мерзімді тәжірибеден байқаған. Жылқы бір жылдық ауа-райын, қой жарты
жылдық, түйе екі-үш айлық, сиыр екі-үш күндік ауа-райын болжай алады екен.
Сәуір айында жылқы ықтаса, келер жылы қыс қатты болады, ал басын көп
шұлғыса, келер қыс жайсыз болады. Қазақ халқында тасбақа дауылы деген
ұғым бар. Тасбақаны халқымыз киелі жануар деп есептейді. Ол жөнінде аңыз-
әңгімелер көп кездеседі және ою-өрнек мұрасында тасбақа-ою кең
қолданылады. Тасбақа тіршілігіндегі ерекшеліктердің бірі қысқы ұйқыға
кетуі. Көкек айында дала тасбақасы қысқы ұйқыдан оянып, жер бетіне шығады.
Дәл осы кезде бірнеше күн қатарынан шаңды қатты жел соғады. Халық оны
тасбақа дауылы деп атайды. Қысқы ұйқыдан шыққан тасбақа әлсіз
болғандықтан сауытының үстінде қалған құм, топырақ қалдығын өздігінше
түсіре алмайды, сол кезде соғатын дауыл оның үстіндегілерді ұшырып әкетеді.
Яғни, тасбақаның ұйқысынан оянуы қатты соғатын дауылмен сәйкес келеді.
Құстар класын оқыған кезде, құстарға қатысты ұғымдарды айтқан жөн. Құстарға
байланысты құс қанаты ұғымы жыл құстарының көктемде қайтуына байланысты
айтылады. Құс қанаты наурыз айының соңғы күніне сәйкес келеді. Бұл кезде
қайтқан құстардың қанаттарынан суылдап ұшқан ызғар күнді суытып, жапалақтап
қар жауады. Мұны сол жылғы соңғы қар деп есептейді, өйткені қардың басын
қар алар деген сөз содан қалған. Жыртқыш құстар тақырыбында аңшылық-
саятшылық, бүркіт, оны ұстау, баптау, баулу туралы айтып кетуге болады.
Аңшылық-саятшылық өнерінде қазақ халқы жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы
сияқты жан-жануарлардың тілін тауып, баптап, оларды қалауына көндіре алған.
Тіршіліктану пәнінен Қолдан сұрыптау, өсімдік іріктемелерінің, мал
тұқымдарының көптүрлілігі тақырыбын өткенде мал өсіру қазақтың ұлттық
дәстүрі және шаруашылығы болғанына, әркім өз күн көрісін түзеу мақсатында
тары, сұлы, бидай басқа да өсімдіктердің мол түсім беретін іріктемелерін
қолдан сұрыптап, сақтап отырғанына аса көңіл бөліп түсіндіріледі. Генетика
мен сұрыптаудың негіздері тарауында болашақ ана мен әкелерге ұлттық
деңгейде көп мәселерді ашық айтып, түрлі ой салуға болады. Қазақ халқы жеті
атаға дейін қыз беріп, қыз алмағаны бекерден- бекер емес. Туыстық жақын
некеден өмірге келген ұрпақ кемтар болды. Міне, генетика саласы дамымаған
уақыттың өзінде де, қазақ халқы дүниеге келер ұрпақтың сау болуына үлкен
мән берген.
І тарау бойынша қорытынды
Халық педагогикасын жаппай оқу орындарында, мектептен тыс тәрбие
мекемелерінде қолдану үшін әрбір педагогикалық ұжым озат мектептің іс-
тәжірибесімен жан-жақты танысып, тәжірибенің мәнін жете түсініп өз
мектебіне насихаттап, оны бірте-бірте саналы түрде меңгеріп, оқу-тәрбие
жұмысының процесіне енгізу керек. Халықтық педагогика элементтерін
жаратылыстану пәндері сабағында қолданудың маңыздылығы – білімділік,
дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырып, оқушының өмірге өзіндік
көзқарасын, өзін қоршаған ортадағы әр түрлі қоғамдық ой- пікір, ұлттық
құндылықтарды оқушы санасында байланыстыра білу негізінде ұлттық мәдениет
пен рухты сақтауға тәрбиелейді.
Халықтық педагогика - дана ғылым. Ол ұлттар мен ұлыстардың әлденеше
ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен
дәстүрлерінің, мәдени ойлау процесінің озық үлгілерінің жиынтығы.
Жаратылыстану - кең өрісті ғылым. Соның ішінде биология пәні қазіргі
замандық оқыту жүйесіндегі іргелі пәндердің бірі. Әрбір жасөспірімдердің
қалыптасып дамуында өздері күнбе - күн өмірден көретін қоршаған ортадағы
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы ғылым үлкен орын алады. Сол себепті
бұл пәнді оқыту барысында мысалдарды алыстан іздемей- ақ халықтың
пайдаланып келген ұлттық құрал- саймандарын, ұлттық атаулары мен
жәдігерлерін қолдануға болады.
Халықтық педагогика мен халықтық психология тағылымдарын пайдалану,
биология пәнінің әр тарауынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, материалды толық меңгеруге
көмектеседі. Сонымен бірге оқушылардың ой- өрісін дамытып, өзіндік пікір
айтуға үйретеді.

2.1 Биология пәнінде халықтық педагогика элементтерін пайдалану үдерісі
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол өмір тәжірибесі,
танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз әңгімелері, жұмбақ, мақал-
мәтел, өлең жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес

Этнопедагогикалық зерттеулердiң Кеңестiк дәуiрдегi маңызы мен мәнi,
қажеттiлiгi мен көкейкестiлiгi жөнiнде және оны ғылыми педагогиканың
құрамдас бөлiгi деп қараудың керектiгi туралы педагог-ғалымдар:
И.Т.Огородников, В.М.Коротов, А.Г.Гордина, М.Ф.Шебаевалар да кезiнде келелi
пiкiрлер айтқан едi. Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерiнде XVII-XVIII
ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу
жайы, ғылым ретiнде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөлiп
қарастырамыз [1, 2].
Қазақ этнопедагогикасының туу кезеңi (ХIХ ғ. 2-жартысы), оның Қазақ
этнопедагогикасының қалыптасу кезеңi (1920-1930 жж.) және Қазақ
этнопедагогикасының дамуының үшінші кезеңi (1970-1995).
Орыс, батыс саяхатшы-ғалымдары: П.С.Паллас, Э.С.Вульфсон, А.Вамбери,
А.Левшин, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд, В.В.Радлов т.б. және
қазақтың зиялы ақын-оқымыстылары: С.Торайғыров, А.Байтұрсынов,
Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов,
Н.Құлжанова, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Б.Адамбаев,
Ш.Ахметов, М.Әлiмбаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев, С.Ұзақбаева,
М.Балтабаев, И.Бөлеев, З.Ахметова, М.Құрсабаев, М.Смайылова, М.Оразаев,
К.Қожахметова т.б. атауға болады [3, 4].
Төменде келтірілген кестеде (1 кесте) биология пәні және
этнопедагогиканың байланыстары көрсетілді.
Тақырып бойынша жүргізілген педагогикалық тәжірибелік зерттеу
жұмыстарында мектептерде халық тағылымдары негізінде оқушының дүниетанымын
дамытудың жәй-күйі зерттеліп, мына міндеттерді шешуге бағытталған іс-
шаралар жүргізілді:
а) Оқушылардың эксперемент кезіндегі халық тағылымдарын меңгергенінің
бастапқы және соңғы деңгейі көрсетілді.
б) Мектеп тәжірибесінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың
олқылықтары мен себептері нақты анықталды.
Жоғарыда аталған мәселелерді шешу барысында өз тәжірибемізге сай
сыныптан тыс шаралар, өткізілген жұмыстар негізінде оқушыларға сауалнамалар
қою, пікірлесу, танымдық сын сайыстар өткізу, бағдарламалар, әдістемелік
құралдарды талдау, т. б. жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу
жұмысында байқалғандай бүгінгі қолданыста жүрген оқу бағдарламалары мен
оқулықтарда халық тағылымдары негізінде оқушылардың дүниетанымын дамытуға
онша көп көңіл бөлінбеген. Тек соңғы жылдары ғана біршама зерттеу жұмыстары
жүргізіліп жүргендігі байқалады. Осы бағытта өткізілген сыныптан тыс
жұмыстар оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда жүргізілген шаралар
көрініс берді.
Тек эксперимент жүргізілген сыныптарда нәтиже көрсеткіштері
төмендегідей: сауалнама жүргізген уақытта оқушылардың 19% пайызы ғана
ұлттық дүниетаным туралы білсе, Атадан қалған асыл сөз, ( деп аталатын
сыныптан тыс шарада оқушылар бойында өзіне деген сенімділік пен қатар ұтқыр
ой-пайымдаулар жасауға дағдыланды. Сынып оқушылары сапа көрсеткіш
тұрғысынан алғанда 10-оқушысы толыққа жуық дағдыланды. Яғни бұл көрсеткіш
сыныптың 38% пайызына жетті. Сонымен бірге өткізілген Ас – адамның
арқауы, атты шарасында сыныптың 20-оқушысы ұлттық дүниетаным туралы толық
меңгеріп шықты оны анықтау қиынға соқпайды, оқушылардың рухани жан-дүниесі
молайып, өзін, өзгені құрметтеуге, санаса білуге деген ұмтылыстары
байқалды. Осы аталған шарада оқушылардың сапасы 77% пайызға көтерілді.
Осындай шаралар сынып оқушылары арасында көрсеткіштердің көтерілгенін
көрсетіп отырды. Бұл нәтиже төмендегі 1 диаграммада келтірілді.
Зерттеу барысында үш деңгей есепке алынды. Олар: жоғары, орта, төмен:
( жоғары деңгей – халық тағылымдарын қызығушылықпен қабылдап, оның
әлеуметік түрлерін іс жүзінде пайдалану дағдылары біршама қалыптасқан және
оның тәрбиелік мүмкіндіктерін түсініп, бағалай алуы; ( орта деңгей – халық
тағылымдарының танымдық, тәрбиелік мәнін түсінуге құлшынысы бар, бірақ
тұрмыс-тіршілікте пайдалануы әлі де жүйелі қалыптаспаған; ( төмен деңгей –
халық тағылымдарының танымдық мәніне көңіл бөлмейді, тұрмыс-тіршілікте
пайдалану дағдылары қалыптаспаған.
Аталған деңгейлердің нәтижесін шығаруда 8-ші сынып оқушыларының
арасында сауалнама жүргізілген болатын.
Сауалнама
1.Әр халықтың сәлемдесу мәнерін қалай түсіндірер едің?
2. Отбасы туралы түсінігің?
3. Әке мен анаға байланысты туыстық атауларды ата?
4. Тыйым сөздер не үшін қажет?
5. Ырымдарға сенесің бе, неліктен?
6. Бата түрлерін ата, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz