Бисермен қызғалдақ тоқу технологиясы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бисермен қызғалдақ тоқу технологиясы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Негізгі бөлім
2.1 Бисердің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Су моншақты қолданбалы сән өнеріндегі пайдалану реті ... ... ... ... ... .8
2.3 Бисер тоқу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.4 Қызғалдақ гүлін бисерден жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылықтардың қайта өркендеуіне жол
ашылды.Оған Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық
бірлігінде атты еңбегіндегі : Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта
түлеудің қайнар көзі болып келеді. ...Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті
дамытуға барынша қолдау жасалып отыр,-деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-
2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағытында:
Қосымша білім беруді дамыту үшін сол ұйымдардың желісін нығайту мен
дамыту, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, балаларды сабақтан тыс
жұмыспен мейлінше қамту-деп көрсетілген. Сондықтан соңғы жылдары
оқушыларға мектептен тыс қосымша білім мен тәрбие алу талабы қойыла
басталды.
Сол себепті зерттеу жұмысының тақырыбын Су моншақтан Қызғалдақ
гүлін жасау технологиясы деп алдым.
Бисер тоқу-ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болғандықтан
мектептегі технология пәнінің оқу жоспарына кіреді. Себебі, бұл өнер түрі
соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді
әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуға арналған.
Бұйым түрлерін жасауға, сондай-ақ, сәнді бұйымдарды-сырға,
білезік, алқа тоқуға да болады. Қазақша бисерді-су моншақ, ұсақ моншақ,
ұсақ моншақ, жалған маржан деп те атайды. Бисермен жұмыс істеу әдемілікті,
нәзіктікті, талғамды талап ете отыра, оқушы қиялын және шеберлігін дамытуға
септігін тигізеді. Сызбамен жұмыс істегенде оқушының есте сақтау қабілеті,
моншақтарды тізгенде саусақтардың икемділік қабілеті жоғарылап, соның
нәтижесінде оқушының жазу үлгілері түзіледі. Сонымен бірге, оқушылардың
эстетикалық талғамын арттыруға, әсемдікке, көркемдікке, сұлулыққа
тәрбиелеуге, тиянақтылық деңгейін көтеруге әсер етеді.
Оқушылардың қолынан шыққан бұйымдардың ерекше көркем, сәнді, ой
туғызатындай болуына көңіл бөлу әр технология пәні мұғалімінің міндеті.
Бисер тоқу, моншақ тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл
өнер соңғы кезде қарқынды даму үстінде. Бисермен түрлі киім-кешектерді
әшекейлеп, кестелеп түрлі сыйға тартуға болатын бұйым түрлерін жасауға,
сондай-ақ, сәндік бұйымдарды-сырға, білезік, алқа тоқуға да болады. Бисерді
көп шығаратын елдер-Жапония, Италия, АҚШ және Үндістан.
Біз пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар.
Аңыз бойынша, өте ерте уақытта бір бай саудагер Жерорта теңізінен
Африкаға табиғи сода әкеле жатқан құмды жағалауға түнеп, түнде от жағады.
Оттың қасына үлкен кесек-кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертең тұрса
оттың қоламтасынан ғажайып тас сияқты қатты, су сияқты мөлдір, таза күн
сәулесіне шағылысқан тасты көреді. Бұл кристалл еді. Ал ол қазіргі әйнек
еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала бастаған деген
сөз бар. Ортасынан жіп өтетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды әр түрлі
халықтар сәндік бұйымдар ретінде тұтына біліді.
2. Негізгі бөлім
2.1 Бисердің шығу тарихы
Моншақтардың әр халықта атауы әр қалай болған. Индияда-хар, Кубада-
кояр,Эпопияда-чале,Анголада-миссанғ а, Болгарида, Румынияда, Молдавияда-
зебиргадан, Россияда-ожерели, цепочки, гайтаны десе, қазақ, қырғыздар-
моншақ, сумоншақ деп атаған.
Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар
дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-
түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде,
шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы
түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен
шеберлікті талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар.
Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің
қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті
пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда
Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүр, Сирияға тоқталады. Өздеріне азық
дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе
таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін
пайдаланады.
Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып,
сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе,
әйтеуір әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерорта
теңізінің бойындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен
жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасыр
ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу
арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай
әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі. Ең
алғашқы бисер атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың
Буера немесе Бусер деген сөзінен шыққан (жалған маржан). Рим империясы
Египет елін басып алғанда, әйнек өнімдері Рим еліне өтіп, империя
құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері
жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер
атауы мәлім бола бастайды. Нақ осы кезде бисерді бұйымдар жасау, әйелдерге
арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген
киімдер пайда бола бастайды.
Бұйымды ұзақ пайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бисермен
қазақтың ою-өрнектері негізінде сәнді әшекейлерде жасауға болады.
Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен
жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар б.з.д. ХІ ғасыр ескерткіштерінен
табылған. Әйнек массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер
көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де,
әйелдер де ақ түсті киіммен таққан екен. Ең алғаш бисер атауы дәл осы
Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың “бусра” немесе “бусер” деген
сөзінен шыққан – жасалған маржан. Рим Империясы Египет елін басып алғанда
әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал
Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң әйнек өндіруші
шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы әйгілі бола бастады.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп
көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін
келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ, әйел бас киіміне
тағатын үлкен моншақ маржанды – былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге
төгіліп тұратын моншақтарды – жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын,
күмістен жасаған зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара
қосып әшекейлеген. Алқаны сумоншақтан, алтын, күмістен соғып, домалақтап,
асыл тастардан тізіп, салпыншақ етіп жасайды.
Алқаның бөлшектерінің атауы:
Алақан – алқаның ортаңғы негізгі бөлігі, тақтасы;
Аяқ – алқаның салпыншағы;
Тойнақ – алқаның екі ұшын біріктіретін топса.
2.2 Су моншақты қолданбалы сән өнеріндегі пайдалану реті
Моншақ — мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті,
пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа
да бағалы заттардан жасалынады. Моншақ сөзі екі түбірдің бірігуі арқылы
жасалған. Сөздің алғашқы буыны “мон” көне түрік тіліндегі бойун (бойын),
богін, “Кодекс куманикусте” кездесетін “Мойын” – дене мүшесінің атауы
екендігі аңғарылады. Ал сөздің екінші сыңары жәй жасаушы жұрнақ қана емес.
Көне түрік тілінде “Чағ”, “Чек” мағынасындағы сөздер қазіргі ұғымымызда
байлау етістігі орнына жұмсалған, яғни Моншақ сөзінің әу бастағы алғашқы
мағынасы “мойынға байлау” екендігі сөзсіз. Моншақтың сонау ерте замандарда
қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әшекей
бұйымдары дәлелдейді.
Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан,
Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда,
т.б. жерлерде шыныдан, асыл тастардан жасалды.[1]
Кестелеу өнерінің халқымызға тән түрі моншақпен кестелеу өнері.
Кестелеу, көркемдеп тігу,ою-өрнекті әшекейлеу ертеден келе жатқан өнердің
бірі. Кестені көңіл сызады,қол тігеді, көз сынайды дегендей, кесте алуан
әдісті,таңдауы көп өнер.Кестелеу өнерін үйрену арқылы адам бойында
Моншақпен сәнді жұмыс жасау тарихы өте әріден басталады. Бұны
өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы
уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын
зерттеу арқылы дәлелдеген.Адам баласы ерье кездің өзінде тұрмысына
қолданатын заттарын түрлі дән, жидек, ұлу және түсті тастарды қолдан
есілген ұзілмейтін шөптерге, аттың қылына тізіп,тігу, тоқу арқылы безендіре
білген. Бисер тоқу ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болғандықтан

әшекейлеп, кестелеуге, түрлі сыйға тартуғаарналған бұйым түрлерін жасауға,
сондай-ақ сәндік бұйымдарды - сырға, білезік,алқа тоқуға да болады..
Қазақша бисерді су моншақ, ұсақ моншақ, жалған маржан деп аталады.Бисермен
жұмыс істеу әдемілікті, нәзіктікті, талғамды талап ете отырып, оқушы қиялын
және шеберлігін дамытуға септігін тигізеді.
Алтын, күміс жіптерге маржан тізіп кестелеу бұрыннан белгілі болған
өнер. Қазір сумоншақпен кестелеу әдісіне сұраныс көп. Уақыт талабына орай
моншақ, сумоншақтармен және технологиялық кестелеу өнері арқылы панно
картиналар жасалады. Живописке жазылған картинадағыдай түрлі-түсті өңі бар
етіп, сумоншақпенде картина кестелеуге болады. Біздер қазір сізге
назарыңызға үйірме сабағында жасаған Қорқыт картинасын ұсынып отырмыз.
2.3 Бисер тоқу технологиясы
Қауіпсіздік ережелері:
✓ Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме;
✓ Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек;
✓ Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс;
✓ Инені киімге қыстыруға болмайды;
✓ Инені тістеп ауызға салуға болмайды;
✓ Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды;
✓ Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда
немесе қорапшаларда ұстаған жөн;
✓ Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес
үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.
Сабақтың тақырыбы: Бисер тоқу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып,
композициялық панно жасау.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін
жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемділік пен сұлулықты
бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып,
шығармашылық қабілетін дамыту
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды төзімділікке, әсемділікке тәрбиелеп,
эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас, сарамандық сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі-иллюстрациялық.
Пәнаралық байланыс: Биология-гүлдердің түрлері, құрылысы; математика;
бейнелеу өнері – композиция құру, түстерді таңдау; тарих – бисердің пайда
болу тарихы.
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері , сызбалар,
суреттер, журналдар, кітаптар.
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым
темір, бисер салатын ыдыс.
Сабақтың жоспары
Ұйымдастыру кезеңі
Тақырыпты меңгеруге негізі білім арқылы дайындық
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық
Жаңа тақырыппен таныстыру
Сарамандық жұмыс арқылы түйіндеу
Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын
тексеру, түгендеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
IV. Жаңа тақырыппен таныстыру: су моншақпен (бисермен) гүл тоқу.
Жаңа сөздер:
Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік
Стеклярус – ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес сумоншақ түрлері
Фурнитура – қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер,
қапсырма)
Композиция – бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру.
Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүру
үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап
алуда маңызды. Әсіресе, ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы шарт. Ол
үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті
бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10 мм)
тәрелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не
болса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс
істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз
етілу керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге
демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.
V. Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы –
параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді.
Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.
Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.
Себеттегі гүлдер
тоқу үшін қажет заттар: себетке керек қоңыр, қызыл немесе сары
моншақтар, гүлдерге – әр түрлі түсті моншақтар. Ең бірінші себетті тоқимыз.
Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші
қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның
екі жақ ұшынан жақсылап тартып, схема бойынша жалғастырамыз. Модельді
орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллельді тоқу әдісі –
жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.
Жапырақ. Қарапайым жапырақ немесе гүлдің жапырағы келесі түрде
орналасады. Ұзындығы 20-30 см болатын сым темір алынады, оған таңдалған үш
бисер кигізіледі, кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір-біріне тығыз
орналасады, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың екі
ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың кез-
келген басына үш бисер өткізіп, екінші жақ ұшымен қарсы параллель
жүргіземіз. Параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады. Жапырақ шашылып
қалмау үшін соңғы қатар орындалған соң, сымның ұштарын мықтап бұраймыз.
Осындай үлгіден 5-8 жапырақ тоқып, оны біріктіру арқылы гүл, не болмаса
бұтақ құрауға болады.
Гүлдер. Осы гүлдерден алқаны, сырғаны және салпаншақты тоқуға
болады. Ең алғашқы тоқу кезеңінде түсі және көлемі бірдей болуы керек. Тоқу
әдісі дөңгелек тоқу әдісіне ұқсас.
Тереміз:
- жұмыс жіпке гүлдің ортасын тоқу үшін бес моншақ теріп, оны
дөңгелек тәріздес бекітеміз 1-ші моншақтан өткіземіз;
- 5 моншақ басқа түспен (6,7,8,9 және 10-ші) гүлдің ортанғы бөлігі
өткіземіз 1-ші және 2-ші моншақтардан;
- 4 моншақты (11,12,13,14-ші) өткіземіз 6,2 және 3-ші
моншақтардан;
- 3 моншақты (23,24 және 25-ші) өткіземіз 19,5,10,9 және 8-ші
моншақтардан.
Енді гүлімізге 5 моншақтан жапырақты қосамыз. Жұмыс жіпті 8-ші
моншақтан шығарамыз. Жапыраққа дайындаған моншақты пайдаланамыз. Инеге 5
моншақты теріп, дөңгелекке бекітеміз де 8-ші моншаққа ілеміз.
Жұмыс жіпті 13-ші моншақты теріп дөңгелекке бекітеміз, өткіземіз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz