Бисерден тотықұс тоқу технологиясы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бисерден тотықұс тоқу технологиясы

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2. Негізгі бөлім
2.1 Бисер өнерінің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Бисермен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережесі ... ... ... ... ... ... ...7
2.3 Бисерді қолдану арқылы тотықұс картинасын жасау ... ... ... ... ... ... .10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Кіріспе

Әрбір жетекші мұғалім өз пәнін жақсы біліп қана қоймай, үнемі ізденіс
үстінде болу керек, жұмыс жасауға қажетті материалдарды көркем
әдебиеттерден, баспа сөз беттерден, ақпарат құралдарынан іздестіре отырып,
тақырыпқа байланысты элементтерін, дайын бұйым түрлерін, слайд-фильмдерді,
әсіресе компьютер арқылы фото туындылары т.б.с.с. көрнекі материалдарды
барынша пайдаланып, көп еңбектенуге тура келеді.
Қазір оқушыларымыз өнердің барлық түрлерін, қолөнер еңбекке
икемділіктерін үйірме жұмыстарымен айналыса отырып толық меңгеруге тәрбие
берудің деңгейін көтеріп, мақсатқа жету үшін түрлі әдіс-тәсілдер
қажеттілігінің туындауын шығармашылық іс-әрекеттерімен көрсетуде.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Еліміздің ертеңгі бүгінгі
жастардың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында,- деп ұстазға
үлкен міндет қойып отыр. Ұстаздың киелі, әрі қасиетті мамандық.
Адам ата мен Хауа анадан бері жұмыр басты пендені басты мәселе бала
тәрбиесі. Шыр етіп өмірге келген нәрестені саналы азамат етіп өсіру ата ана
ұстаздық парызы.
Ал технология пәнінде оқушыларға берілген білім тәрбие қоғамдық өмірде
алар орны ерекше. Оқушылар тақырып бойынша жоба қорғап, шығармашылыққа,
шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиеленеді. Сарамандық жұмыс орындау барысында
жұмыстың техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтап отырады. Тоқу
барысында көптеген қиыншылықтар мен кедергілер болды. Тоқу кезінде сабырлы
болуға, шыдамды болуға үйрендік. Технология сабағы өте қызықты. Біздің
үйренер заттарымыз көп.
Қазақтың ұлы ғұламасы Әбу-Насыр –әл Фараби сөзімен аяқтағым келеді.
Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім
адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап акеледі.
Бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ
домалақ, сопақ, әр түрлі хрусталь, шыны, металл, керамикалы материалдардан
жасалады.
Әйелдердің, қыз - келіншектердің киімдерінің алдын, өңірін, жеңін,
жағасын және көзәйнектің қабын, сөмке, әмиян, қамзол, сәукеле, жейде,
аяқкиімдерді сәндеуге қолданады.
Бисермен тоқу өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты, фантазия, мен
шеберлікті талап етеді. Ал, схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті
жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты бисер тарихы
бар. Бисер қай кезден бастап пайда болды?
Қазақ зергерлері көбінесе қыз – келіншектердің ажарын ашатын, сұлу
етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін
келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған.

2. Негізгі бөлім
2.1 Бисер өнерінің шығу тарихы
Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз
апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ
дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса,
олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым
көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен
бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның
ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады.
Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік,
сырға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.
Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл
жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі
бусра сөзінен шыққан.
Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше
түрге және түстерге бөлінеді.
Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.
Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.
Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.
Рубка- қысқа таяқшалар.
Бисермен тоқу ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне өнердің
түрі. Ежелгі египет, Үнді елінен шығып, кеңінен қолданылған. Бисер
сөзінің түп төркіні Бусра Жалған маржан сөзінен шыққан. Египеттіктер
Бусра деп атап, бізге келіп, бисер — ұсақ моншақ болып айтылған. Сондай-
ақ біздің ата-бабаларымыз да киімдерді әсемдеуде қолданып отырған.
Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық
шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай
суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға, әшекейлеп
тоқуға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте
жоғары бағаланады.
Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисер
тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей
байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек
жоқ. Деген мен, әйнекті дайындаудың ең алғаш құпиясын Финикия әлі ашқан
деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға
тоқтайды. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазанын қою үшін аралдан
үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар үлкен бөлігін пайдаланады.
Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық
әйнек болып аққан екен. Осылайма, әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге
келген. Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен
жасалған бұйымдарды сатқан екен.

2.2 Бисермен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережесі

Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүру үшін тек құрал-саймандардың
түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе, ол
жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы шарт. Ол үшін (бисерді орналастыру)
бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей
жағдайларда өте терең емес (5-10 мм) тәрелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр
түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болса жақтаулары биік емес қорапшалар
пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін
орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі
шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут
үзіліс жасау қажет.
Бисермен жұмыс кезінде сақталатын санитарлық – гигиеналық талаптар
1.Бисермен жұмыс істейтін жер өте жарық болу керек.
2.Жұмыс үстелінің бетіне түкті мата жабылуы керек.
3.Сапасыз моншақтарды қолдануға болмайды.
4.бисермен жұмыс кезінде көз тез шаршайды сондықтан көзді демалдырып,
жаттығулар жасап тұру қажет.
5. Жұмыс кезінде денені тік ұстау керек.
6.Көз бен бұйым арасы 30 см қашықтықта болу керек.
7.Күндіз терезеден жарық сол жақтан түсу керек, кешке үстелдік шамды
қосу керек.
8. Бисерді тәрелкеге немесе жайпақ ыдысқа салып қойған дұрыс.
Сонымен қатар жұмыс кезінде келесідей техникалық қауіпсіздік
ережелерін сақтау керек:
✓ Бисерді лақтыруға болмайды.
✓ Бисерді ауызға салуға болмайды.
✓ Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес
үшін, бисерді түкті матаның үстіне төккен дұрыс.
✓ Инені жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс;
✓ Инені киімге қыстыруға болмайды;
✓ Инені тістеп ауызға салуға болмайды;
✓ Қайшымен ойнауға болмайды.
✓ Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек;
✓ Қайшыны ауызға салуға болмайды.
✓ Қайшыны жерге тастауға болмайды.
✓ Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме;
✓ Қайшыны қайшылауға, лақтыруға болмайды.
✓ Қайшыны сөмкеге салар алдында аузын бекітіп, ұшын төменге қаратып
салу керек
✓ Қайшыны ұшымен беруге болмайды.
✓ Майысқан, тот басқан,сынған қайшымен жұмыс істеуге болмайды.
✓ Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда
немесе қорапшаларда ұстаған жөн;
✓ Сымды ауызға салуға болмайды.
✓ Сымды қайшымен қию керек.
✓ Сымды лақтыруға болмайды.
✓ Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
Құрал-жабдықтар пайдалану барысында оқушылар:
✓ ине, қайшы, бізбен жұмыс жасауды;
✓ қол тігістерін орындап, техникалық қауіпсіздік ережені
сақтауды;
✓ қиып, қосып біріктіру тігістерін орындай білуі;
✓ жапсырма жұмыстарға желімді пайдалануды;
✓ құрал-жабдықтар мен өлшем таспаны қолдана білуі;
✓ түстерді дұрыс сәйкестендіре білуі;
✓ сурет сала білуі;
✓ бұйымды эскизін орындай білуі;
✓ ине жіптерді әр түрлі бұйымдарға қолдана білуі;
✓ шаблон үлгілерін дайындауды білуі;
✓ технологиялық карталармен жұмыс істей білуі;
✓ үтікпен жұмыс жүргізуді білуі.
Еңбек қауіпсіздік ережелері, инемен жұмыс істеу тәртібі:
✓ Инені ине түйрегішке ғана түйреп салу керек;
✓ Инені киімге түйреуге, ауызға салуға болмайды;
✓ Жіпті тістеп кесуге болмайды;
✓ Инені алушыға сабақталулы жағымен беру керек;
✓ Сынған инені жерге тастауға болмайды.
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

✓ Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
✓ Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.
2.3 Бисерді қолдану арқылы тотықұс картинасын жасау
Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды жүруі үшін тек құрал –
сай сммандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап алып, бисерді
қалай орналастыруды ойластыруды қажет. Кей жағдайда өте терең емес (5 – 10
мм) тәрелкелерге салған жөн, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар
пайдалануға болады.
Бисермен жұмыс істегенде, жұмыс істегенін орын жарықпен жақсы
қамтамасыз етілу керек. Болмаса, көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады.
Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10 – 15 минут үзіліс жасау қажет.
Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы – параллельді тоқу. Яғни,
сым бисердің қуысынан параллель өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдісін
қарап көрейік.
Қарапайым қанаттары мен кеуде тұсы келесі түрде орындалады.
Ұзындығы мейлінше 20 – 30 см болатын сым алынады, оған таңдалған үш
бисер кигізіледі, кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір – біріне
тығыз орналасып, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың
екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың
кез келген басына үш бисер өткізіп, арғы басымен қарсы параллель
жүргіземіз.
Жұмыс 1 – негізгі параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады. Бисер
шашылып қалмау үшін соңғы қатар орындалған соң, сымның ұштарын мықтап
бұраймыз. Осындай үлгіден 5 – 8 қанатша тоқып, оны біріктіру арқылы
құрауға болады.
Бұл жұмысқа қажетті заттар: дөңгелек формадағы ақ түсті бисер 15 –
20 г, дөңгелек қызғылт сары бисер 3 г, 3 м жуық мыс немесе темір сым.
Картинаны дайындау ережесі әдеттегідей тотықұстың басынан басталады.
Берілген құстың нұсқасы 5 қанатшадан тұрады. Ол үшін әрқайсысы 40 см
болатындай алдын ала 5 сым, ақ және қызғылт сары бисер дайындау қажет.
Шалып тоқу техникасы сиреньді тоқуға, параллель тоқу әдісі қанаттарын
тоқуға қолданылады.
Қорыта келгенде жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті,
нәзіктікті, әсемдікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалаймыз.

Моншақпен кестелеу.
Сабақтың тақырыбы: Моншақпен кестелеу.
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға моншақ түрлерімен танысу арқылы, моншақпен кестелеу
технологиясы туралы түсінік бере отырып, су моншақпен жұмыс істеудегі
шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу;
- өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдысын, ойлау, қабылдау,
шығармашылық қабілетін дамыту;
- оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, сұлулық пен
әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: - аралас сабақ
Сабақтың әдісі: - сұрақ – жауап, жекелей жұмыс;
сарамандық жұмыс;
Көрнекілігі: - бұйым түрлерінің үлгілері, схемалар, суреттер,
буклеттер, сызбалар.
Пәнаралық байланыс: - математика, тарих, бейнелеу өнері.
Керекті құрал – жабдықтар: - бисер түрлері, сым, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бисермен қызғалдақ тоқу технологиясы
Бисер өнерінің шығу тарихы
Сумоншақпен кестелеу
Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Халық қолөнері
СӘНДІК – ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР. ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Оқушыларды кәсіпке баулуда оқытудың ақпараттық технологиясының маңызы
Кәсіптік оқытудың әдістемесі
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер