ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.
Әдебиетке шолу
1. ГЕРЕФОРД БҰҚАЛАРЫ, АҚБАС СИЫРЛАР
2. БҚО мал шаруашылығының жағдайы туралы мәлімет
3. БҚО-ның ауыл шаруашылығы
4. Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сұрыптау.
5. Мал тұқымы туралы ілім
6. Аталық із
7. Асыл тұқымдық мал шаруашылығы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе.

Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол қалқымызды
әртүрлі тағамдармен,жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз
етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан
жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері,
елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті
шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу
арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, сувенирлер, түймелер, клей және т.б.
заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі
-дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал
азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы
бағалы мүшейкалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін
(жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде мал шаруашылығына қой, ешкі
сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады.
Ғылымның ғарыштап дамуына байланысты мал шаруашылығы ғылымы да
көптеген нәтижелерге жетті. Мал шаруашылығы ғылымының негізін зоотехния
құрайды. Зоотехния ғылымының мал өнімдерін мол өндіруде,өнімнің өзіндік
құнын төмендетуде,мал тұқымын жүйелі түрде асылдандырып, ұтымды жолмен
азықтандыруды.жақсы бағыт-күтуді ұйымдастыруды зерттейтін ғылымдар
жиынтығы.Осы ғылымның дамуы мен Респуликамызда еңбек етіп жүрген аграрлық
сектордағы ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде мал тұқымының көптеген түрлері
шығарылып,жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.Бұлардың қатарында атап айтар
болсақ мүйізді ірі қара шаруашылығынды мол ет өнімін беретін қазақтың ақбас
сиыры, оңтүстік жерлеріне бейімделген сүтті бағыттағы Әулие ата сиыры қос
бағытты өнім беретін етті-сүтті Алатау тұқымы; жылқы шаруашылығында
өнімділігі жоғарлатылған жәбі жылқысы, Қостанай жылқысы, республикамыздың
климаттық жағдайларына бейімделген Ахалтеке және таза қанды ағылшын
жылқыларының тұқымдары;қой шаруашылығында биазы жүн беретін қазақ мериносы,
арқар мериносы, солтүстік және оңтүстік қазақ мериностары, биазылау жүн
беретін кроссбредті қойлар, цигай қойы,етті майлы тұқымнан қазақтың мол
өнім беретін жетілдірілген жергілікті қойлары мен Еділбай қойы,дегерес қойы
және т.б. түрлі-түсті қаракөл елтірілерін беретін қаракөл қойлары,үй
құстарының бірнеше тұқымдары мен кросстары шығарылды.

Әдебиетке шолу
Төреханов А.Г., Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. (2005) Ауыл шаруашылығы
саласының маманы ретінде мені облыс агросекторының жай-жапсары
толғандырады. Өзім Оралдағы ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен соң,
Аңқаты асыл тұқымды мал зауытына барып, ғылымды практикамен ұштастыруға
10 жылымды арнадым. Осы шаруашылықтағы Бүкілодақтық етті мал шаруашылығының
ғылыми-зерттеу институтының (Орынбор)  етті ірі қараны асылдандыру
технологиясын реттеумен айналысатын тірек пунктінде төрт жылдай меңгеруші
болдым. Бұл кеңестік заманда одақ бойынша етті ірі қараны асылдандыру, асыл
малды көбейту мәселелерімен айналысқан бірден-бір ғылыми мекеме болатын.
Міне, сол институттың Аңқатыдағы ғылыми қызметкері міндетін атқардым. Бұл
тірек пунктіне Чапаев асыл тұқымды мал зауыты да қарайтын.
Каримов Ж.К., Даленов Ш.Д. (2006) Тәжірибелерімізді осы екі
шаруашылықта жүзеге асырдық. Ғылыми ізденуші бола жүріп, 1988 жылы
кандидаттық диссертациямды  қорғадым. 1985  жылы зауытқа өңірге танымал
өндіріс басшысы Федор Скобычкин директор болып келді де, мені бірге жұмыс
істеуге шақырды. Шаруашылықта бас маман, кейіннен өндіріс саласы бойынша
директордың орынбасары болып қызмет істедім. Аңқатының атағы дүрілдеп
шықты, етті ірі қара өсіру жөнінен жетістіктері берісі бүкіл елге, әрісі
айдай әлемге мәшһүр болды. Сол кезде Кеңестер одағы бойынша үш жыл
қатарынан бірінші орынды өзге шаруашылықтарға бермей, үздік шығып отырдық.
Әр жүз аналықтан  98-ден бұзау алдық. Сонымен қатар асыл тұқымды мал өсіру,
сұрыптау, сату, саны мен сапасы жөнінен де сондай көрсеткіштерге қол жетті.
Сол жылдары зауыттың көрсеткіштері өзінің шарықтау шегіне жетті. Одан кейін
Аңқатыда мал бордақылаудың канадалық жүйесін қолданысқа енгіздік. Бұл
атақты академик, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, Социалистік Еңбек
Ері Алексей Черекаевтың бастамасымен және сол кездегі облыс басшысы
Нәжімеден Есқалиевтің қолдауымен етті ірі қараны дамытуға байланысты
жасалған нақты қадам болатын. Сол кездері егер  бордақыланған малдың
салмағы 570 киләдан кем болса, біз  оны ет комбинатына апармайтынымыз әлі
есімде. Етке тапсыратын малдың орташа салмағы 625 килоға шейін жететін
еді. 
Өткенді таразылап, бүгінгі күннің биігінен қарасақ,  келешекте
облысымыздың ет өндіруден көшбасшы болуға әлеуеті жеткілікті. 
Шабындықтарымыз, мал жаятын құнарлы жерлеріміз, Нарын құмы, Жаңақала, 
Қаратөбе сықылды мыңғыртып мал өсіруге қолайлы өңірлеріміз бар. Елбасының
биылғы Жолдауында айтылғанындай, сыртқа 60 мың тонна ет шығару мәселесі
біздің облысты биікке көтеретін тұғыр болайын деп тұр. Облыс басшысы
Бақтықожа Ізмұхамбетовтің бастамасымен Янайкинде мал бордақылайтын ірі
кешен  салынды. Сонымен қатар бұрыннан келе жатқан жергілікті мал
асылдандыру зауыттарының мүмкіндіктерін молынан пайдаланған жөн. Соның
ішінде Аңқаты, Шағатай  зауыттарының асыл тұқымды малымен ана Нарын
құмындағы және өзге де ауылдық жерлердегі малды асылдандыру - кезек
күттірмейтін іс. Бұл - біріншіден. 
Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.А., Байжұманов А.Б. 2006ж.
Екіншіден, жаңағы малды асылдандыруға мемлекеттен бөлінетін қомақты қаржы
әр ауылға жетер болса, іс өрге басады. Ол үшін әуелі әр ауылдың табиғи
мүмкіндігін, қанша  малды ұстап, өсіре алатынын, кімде қанша мал барын,
қолдағы малдың ветеринарлық жағдайын, малды етке өткізгенде қайда, кімге
тапсырып отырғанын, міне, осының барлығын анықтап, зерттеп алмасақ
болмайды. Ірі қараны бруцеллезден толық сауықтыру шарт. Елбасы Жолдауынан
кейін ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржыны әр ауылдың мүмкіндігіне қарай
мал басын көбейтуге бөлу жағын әлден ойластыру керек. Бес сиыр бағып
отырған адамның малы он, он сиыры бардың малы жүз болатындай етіп қаржы
бөлсек, ауылдағы халықтың жағдайы күрт көтерілер еді. Мал ұстап, оны өсіріп
отырған адамдарға қолайлы жағдай тудырмасақ, мал өзінен-өзі өспейді. Өзге
аймақтармен салыстырғанда облыста етті ірі қара өсіру жөнінен кәнігі
мамандар жеткілікті. Сондықтан БҚО-ның ірі қара өсіру жөнінен өзге
өңірлерге қарағанда, алға шығып кететін әлеуеті мол. Облыс басшысының
қадамы құптарлық. Енді егін салуды қала маңындағы аудандардың еншісіне
қалдырып, етті ірі қараға, жылқыға, қойға, өзіміздің төрт түлік малға
көбірек  көңіл бөлсек деймін.
Байжұманов А.Б. 1987.
Байжұманов А.Б. Отарбаев А . 1990.
Тағы бір айта кетерлігі, Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе стансасының
бұрынғы  дәстүрінен ештеңе қалмады. Сондықтан оны Жәңгір хан атындағы Батыс
Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің қарамағына беріп,
студенттердің теорияны ғылыммен ұштастыруына жағдай туғызылса дейміз.
Елбасының өзі ЖОО-лардың инновациялық қызметін көтеруді және ғылыми
зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін үлесін арттыруды тапсырып
отыр. Университет стансада екпе шөптердің түрлерін өсірумен ғылыми түрде
айналысатыны кәміл.  
Садықұлов Т.С., Байжұманов А.Б.Бегімбеков К.Н. 1997.
Бүгінде облыс көлеміндегі мал жайылымдарына байланысты қалыптасқан жағдай
алаңдатады. Ондай жерлер кезінде жекелерге бөлініп берілсе де, олардың
көпшілігі оған егін салып отырған жоқ. Ал қалаға іргелес ауылдардың
тұрғындары болса, мал бағатын жайылым таппай қиналуда. Егін егілмей,
арамшөп басқан жерлерді кері мемлекет меншігіне қайтарып, ол жерлерге екпе
шөп егу шараларын ұйымдастырған дұрыс. Малдың жемшөп қоры базасын
жасақтайтын болсақ, облыс көлемінде 1 миллионға жақын ірі қара малды
ұстауға болар еді. Мал бордақылау кешендерінің әлдеқайда арзанға түсетін
түрлерін салуға мүмкіндік бар. Мысалға, ашық алаңда канадалық технологиямен
мал бордақылауды ұйымдастыруға болады.  
Садықұлов Т.С., Ким Г.Л., Жазылбекова Р.А. 1997.
Садықұлов Т.С. 2003.
Қазір біздің облыста етті ірі қара саласына қатысты мамандар жеткілікті,
демек,  солардың білім-білігін, қажыр-қайратын дер кезінде пайдаланып және
олардың тәжірибесін жас мамандарға сіңіріп қалуымыз керек.  Ал он шақты
жылдан кейін кеш болуы мүмкін. Өйткені енді біразырақ жылдан кейін малдың
майталман мамандарының барлығы дерлік зейнетке шығады. Сондықтан Елбасы
Жолдауында айтылған етті ірі қара шаруашылығын дамытуды кешіктірмей қолға
алуымыз қажет. Сонда Ресейдің бес бірдей аймағымен шектесетін Батыс
Қазақстан облысы сапалы етті шетке де молынан шығара алады, - деп
түйіндеді ойын ғалым.

1. Герефорд бұқалары, ақбас сиырлар
Алғаш құрылған жылдары ауылдағы МТС Жайма серіктесігі 133 бас
асыл тұқымды қазақтың ақбас сиырларын сатып алып, мал тұқымын асылдандыру
жұмысын бастаған екен. Аудан басшылығының қолдауы мен қаржылай көмегінің
және шаруашылық басшысының табанды еңбегінің нәтижесінде серіктестік 2007
жылы Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық мәртебесін алған. Қазір мұнда
146 бас жылқы, мыңнан аса асыл тұқымды ірі қара мал бар. Үстіміздегі жылы
61 бас асыл тұқымды құнажын әкелінген, биыл 355 сиырдан 303 бұзау алынған.
Серіктестік негізінде Қаратомар ауылдық аумағындағы Жайма ауылында ірі қара
малды қолдан ұрықтандыру орны ашылды. Шаруашылық облыс орталығындағы
Таурус серіктестігімен келісім-шартқа отырып, жыл сайын асыл тұқымды
қазақтың ақбас сиырларына герефорд бұқаларының ұрығын әкеліп егу
жұмыстарын жүргізеді. Ауыл шаруашылығының белді маманы Қайролла Ахажановтың
айтуынша, Баянауылдың да бұқалары тұқымдық бағытта бұлардан кем емес, ал,
герефорд бұқалары дегеніңіз ту-у, Америка жақта өсірілетін көрінеді де, сол
тұқымды бұқалардың ұрықтары қатырылған күйінде біздің ауылдарға жеткізіледі
екен, сөйтіп, қолдан ұрықтандыру жүзеге асырылады. Өздері де облыстың
бірнеше шаруа қожалықтарына өткен жылы – 23, биыл 22 бас асыл тұқымды бұқа
сатқан. Шаруашылық 2007 жылы өз қаржысына 200 бас ірі қара малға арналған
үш мал қорасын күрделі жөндеуден өткізіп, біреуін жаңадан салды. Биыл
әрқайсысына 9,5 миллион теңге қаражат бөліп, әрқайсысының аумағы 1200 шаршы
метрлік төрт мал қорасының құрылысын және мал бордақылау алаңын тұрғызды.
Сонымен бірге тәулігіне 10-15 бас ірі қара мал соятын соңғы үлгідегі
қасапхана салған. Айтпақшы, шаруашылық құс өсірумен де айналысады.

2 .БҚО мал шаруашылығының жағдайы туралы мәлімет

Барлық санаттағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында ірі қара мал
басының саны-498 мың басты құрады, соның ішінде сиыр-165 мың бас, қой мен
ешкі-1029,3 мың бас, жылқы-70,1 мың бас (107,5%), шошқа 30,4 мың бас және
құс-1023,1 мың бас.
2009 жылдың қаңтар-шілде айларында мал мен құстың сойыс салмағы 36,8 мың
тонна, яғни 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,9 %-ға өскенін
көрсетті.
Төл алу былтырғы жылмен салыстырғанда 1,5% өсіп, 153 мың басты
құрады, соның ішінде бұзау мен қозылар 3%-ға өсіп, 436,6 мың басты
көрсетсе, құлын 5,2 % , торайлар 3,5 %-ды құрады.
Облыстың асыл тұқымды мал шаруашылығының негізін 24 шаруашылық нысандары
құрайды, олардың 6-ы асыл тұқымды мал зауыты, 18-і асыл тұқымды мал
шаруашылығы болып келеді. 13 шаруашылық мүйізді ірі қара малын өсірумен
(9683), 5 шаруашылық қой өсірумен (52540), 5шаруашылық жылқы өсірумен
(1907) және бір шаруашылық түйе өсіумен (266 бас) айналысады.
Осы жылы тағы 5 шаруашылық ашу көзделіп отыр. Оның 3-уі көшім тұқымды
жылқы өсіретін болса, 2-уі сүтті бағыттағы сиыр малын өсірумен шұғылданатын
болады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту мақсатында республикалық бюджеттен
2009 жылы 083 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттер бағдарламасы есебінен асыл тұқымды төл сатуға 60965
мың теңге қаржы қарастырылатын болады.
Қазіргі таңда осы қаражаттан мүйізді ірі қарадан 400 басқа 21605 мың теңге
игерілді, қой-248 бас (2325 мың теңге), жылқы-44 бас (1881 мың теңге) және
бұқалардың ұрықтарын сатуға 374 мың теңге игерілді. Бөлінген қаржыдан
игерілгені 26185 мың теңге, яғни 43%-ды құрайды.
2009 жылы 010 015 Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы
бойынша жоғары сапалы аналық мал басын ұстау шығынын азайту мақсатында
облыстық бюджеттен 36000 мың теңге қаржы бөлінді. Қаржыны игеру осы жылдың
желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Облыста қолдан ұрықтандыратын 194 пункт жұмыс істейді. 2009 жылдың 1
тамызында 28966 сиыр мен қашар қолдан ұрықтандырылды, бұл көрсеткіш өткен
жылмен салыстырғанда 22%-ға жоғары.
010 015 Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша сиыр
мен қашарларды қолдан ұрықтандырушы қызмет шығынын өтеу мақсатында 27000
мың теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда осы қаржының 90%-ы игеріліп отыр.
Облыста 174 ірі және орташа шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Осы
шаруашылықтарда 46,4 мың бас ірі қара немесе жалпы мал басының 9,3%-ы қой-
157 мың бас (15,2%) және жылқы-19,1 мың бас (27,2%) ұсталады.
088 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қараларының бюджеттеріне асыл
тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
бағдарламасы бойынша облыстағы сиыр, шошқа, қой еттерін өндіруді көбейтуге
және сүтті тауар өндірушілерге республикалық бюджеттен 312566 мың теңге
көлемінде субсидия бөлінді. Ол қаржы сиыр етін өндіретін мамандандырылған-
53 шаруашылық, шошқа етін өндіретін-6 шаруашылық, сүт өндіретін-3
шаруашылық, жұмыртқа өндіретін-3 шаруашылық және жүн өндіретін-1
шаруашылыққа бөлінетін болды. Сонымен қатар қосымша 110 тонна ет өндіру
көзделіп отыр.
2009 жылдың 7 айында облыстық ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 1118
тонна сиыр ет өндіріп, 98252 мың теңге, шошқа еті 228 тонна, 22247 мың
теңге, сүт 823 тонна, 9056 мың теңге, жұмыртқа 17012 мың дана, 44231 теңге
және жүн 17,4 тонна, 2819 мың теңге көмек қаржы алды.
Мал азығын дайындау кезінде жұмсалатын жанар жағар майды арзандатуға
010 015 Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау бағдарламасы бойынша
облыстық бюджеттен 55600 мың теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржы осы жылдың
қазан-қараша айында игерілетін болады.
1.08.2009 жылы 161317 бас ірі қараға (66%), 274668 бас қойға (50%), 11975
бас жылқыға (30%) бірдейлендіру жасалынды.
Зеленов ауданының Янайкин ауылдық округінде сиыр етін өндіруді көбейту
мақсатында 8640 бас мүйізді ірі қараға арналған бордақылау алаңының
құрылысы жүріп жатыр. 2009 жылдың екінші жартысында 104 жұмыс орнын беру
көзделіп отыр. Көшім ауылдық округінде Бисекеш ЖК тәулігіне 3 тонна ешкі
сүтін өндіретін, 20 жұмыс орыны бар шағын зауыттың жұмысын бастады.
Ақас жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 500 бас сиырға арналған
сүтті-тауарлы ферманың құрылысын аяқтады. Сонымен қатар Есет ШҚ базасында
қымыз өндіретін цехтің құрылысы аяқталды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында Ветеринария мәселесі туралы
кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Заңы және мал шаруашылығында жүргізілетін ірі көлемді селекциялық
бағдарламаны түсіндіру жөніндегі аймақтық өтті.
Мал шаруашылығы бөлімінің мамандары облыстағы мал шаруашылығының болашағы
және істеген жұмыстары жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына мәлімет беріп
отырады.

3. БҚО-ның ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы министрлігі Кең ауқымды селекцияның келелі
мәселелері деген тақырыпта үлкен жиын өткізді. Оған барлық облыстардың
аумақтық инспекцияларының мемлекеттік инспекторлары қатысты. Біздің
мамандар да барып қайтты. Бұл жиында ірі көлемді селекцияны қарқынды
дамытумен қатар, оның барысына бақылауды күшейту туралы министрлік
басшылары қадап айтты, - дейді Мақсот Кенжеұлы.
Осы жиында келер күндерде асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы
нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізілетіні, осы
саланың басы-қасында жүрген мемлекеттік инспекторлардың ролі күшейтіліп,
мәртебесі артатындығы жайлы да мәселе қабырғасынан қойылған. Яғни ендігі
жерде ірі көлемді селекциямен айналысатын шаруашылықтарға талапты
күшейтетіндер де оның орындалуын бақылап, тексеріп қана қоймай, оған жауап
беретіндер де солар болады.     
Бұлай істемеске басқа амал да қалмаған  сияқты. Өйткені бүгінде асыл
тұқымды түліктер саны бұрынғыдан көбеймегені өз алдына, оның азайып бара
жатқанын жасыруға болмайды. Оның басты-басты себептеріне мақаланың
барысында арнайы тоқталамыз.
Осы арада бұрын малды қолдан ұрықтандыру деп ұрандаттық, енді келіп ірі
көлемді селекцияға көшеміз деп жатырмыз, сонда осының алдыңғысын қайтеміз,
әлде ол шаруаны жылы жауып қоямыз ба? деген сұрақтар да  туындауы мүмкін.
Бұған да осы мақалада жауап іздеп көрмекшіміз.
Ірі көлемді селекция мәселесі осы қазір туындап отырған жоқ, ол сонау
1980-1990 жылдарда қолға алынған. Бірақ одан кейінгі қиын жылдарда бұл
шараны жүргізу үзіліп, тоқтап қалды. Кейін Елбасымыздың тікелей
тапсырмасымен және қолдауымен мал тұқымын асылдандыру саласына жан бітті.
2008 жылы ауыл шаруашылығы министрінің арнайы бұйрығымен бұл шараға мықтап
маңыз беріліп, нақты жұмыстар қолға алына бастады.  
. Өйткені ірі көлемді (кең ауқымды) селекцияға бөлек бағдарлама мәртебесін
беріп, онымен айналысатын шаруашылықтарға бордақылау бағдарламасынан тыс
бөлек бағдарламамен үкімет тарапынан өз алдына қаржылай қолдау көрсетілуі
тиіс деп ойлаймыз. Сосын малды бордақылауға төленетін субсидияны
тапсырылған етке емес, бордақылау алаңдарына тікелей әкеліп тапсырған малға
төлеу керек деген ұсыныс айтамыз. Мұның күні ертең индустриялы-инновациялық
жобаның аясында дүниеге келген Янайкин мал бордақылау кешені сияқтыларына
тигізер пайдасы мол болатыны сөзсіз. Себебі бұл, ең әуелі, бордақылау
алаңдарында семіртілуге әкелінетін мал басын жинақтауға көмектеседі.
Екіншіден, тапсырылған ет үшін төленетін субсидияның кез келгеннің
қалтасында кетуіне жол бермейді.
Мамандардың айтуынша, кең ауқымды селекцияның (КАС) жүйесіне тек қолдан
ұрықтандыру емес, сонымен қатар эмбриондарды трансплантациялау (сиырларға
әзір эмбриондарды салу), жынысқа бөлінген ұрықтармен қашыру асыл тұқымдық
есепті ақпараттық-сараптамалық жүйе арқылы жүргізу әдістері кіреді. Бірақ
барлығының да бастауында қолдан ұрықтандыру тұрады. Мұнда да негізінен
атқарылатын жұмыстар сол баяғы қолдан ұрықтандырудың ізімен жүрмек. Яғни ең
басты төрт талап: қолдан ұрықтандыру, алынған төлді қатаң есепке алып отыру
(тек санап қана қоймай), бұқалар мен сиырлардың тектілігінің есебі, жыл
сайын күзде іріктеу, баға беру  (бонитировка) талаптарын қатаң сақтау.
Іріктеуден кейін оның нәтижесі бойынша әр сиырға бұқаны таңдап алу, аталық
бұқаларды белгілі бір жүйе бойынша ауыстырып отыру. Міне, осы талаптарды
сақтай отырып, тұқымды әрі қарай асылдандырумен бірге әр түліктің
өнімділігіне (етті, сүтті, текті) қол жеткізу.
Бірақ мамандардың пікірінше, ірі қара шаруашылығындағы  қазіргі
қалыптасқан жағдайға қарағанда КАС-ны тәжірибеге 100 пайыз  енгізу оңайға
түспейді. Әсіресе, бұл етті бағыттағы малға келмейді. Оның үстіне
технологиясы да жоқ дейді мамандардың бір тарабы. Технологиясы жоқ, деп
айтуға болмайды, - дейді екінші тарап. Мысалы, ауыл шаруашылығының 
Черекаев, Прахов, Ламина сияқты атақты ғалымдары салып кеткен ғылыми жол
бойынша малды тек бір мезгілде, көктемде туатын етіп қолдан ұрықтандыратын
әдіс бар. Онда да ол толық жүрмей, мысалы, табында 100 сиыр болса, олар
қолдан ұрықтандыру арқылы қашырылады да, қолдан ұрықтандырудан тоқтамаған
10 немесе 200 басына бұқа жіберілетін. Сонымен бұл жұмыс бітті деп
есептелінетін. Келесі жылы да осылай қайталанады.
КАС-ға кірісіп жатқанда бұған дейін қолдан ұрықтандыру жұмысының қалай
жүргеніне де қысқаша тоқтала кетсек. Осыдан үш жыл бұрын жер-жерде малды 
қолдан ұрықтандыру пункттері салынып, осы салаға қатысты мамандар арнайы
даярлық курстарынан өтті. Қаржы да бөлінді. Мамандардың пікіріне саятын
болсақ, қолдан ұрықтандыру жақсы ма, жаман ба, әйтеуір, жүріп жатқан сияқты
өз бетімен. Оны жергілікті жерде қарайтын адам жоқ. Бұл жұмысты ұйымдастыру
ауыл әкімшілігіне жүктелген. Бұрын оны аумақтық инспекция қарап, қадағалап,
тексеріп отыратын. Бірақ шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге уақытша
мораторий жариялануына байланысты  инспекция өкілдері бұл салаға тиісе
алмады. Сөйтіп, екі жыл бойы малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары өз бетімен
жүрді. Тек биылғы қыркүйек айынан бермен қарай тексеру, бақылау шаралары
қолға алынды. Сонда анықталып отырғанындай, ауылдарда маман жоқ. Кейбір
аудандарда  Теректі ауданының Ақсоғым, Шалқар, Көнеккеткен, Придорожный,
Ұзынкөл ауылдық аймақтарында бірде-бір мал қолдан ұрықтандырудан өтпеген.
Бұл салаға қаржы жеткілікті әрі жыл сайын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
Сүтті және етті бағыттағы ірі қара
Отандық мал шаруашылығы және ветеринария
Ірі қара малдың өнімділігі
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Етті бағытта өсірілетін ірі қара мал
Етті бағыттағы қолтұқымдар
Симментал тұқымды малына сипаттама
Абердин - ангус тұқымы төлдерінің өсуі мен дамуы
Сиыр етін өндірісте қолдану
Пәндер