Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi қайта бейiмдеу
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Батыс Қазақстандағы қоршаған ортаның ластуын бақылау жүйесі
1.1. Батыс қазақстан облысының өндірістік мекемелірінің
әсерінен ағаш өсімдіктерінің биоиндикациялық
өзгерістері ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан
облыстық филиалының атқарылған жұмыстары туралы ақпараты ... ... ... ... .11
ІІ. Батыс Қазақстандағы қоршаған ортаның ластануын бақылау жүйесі
2.1. БҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды
реттеу ... ... ... ... ... .14
2.2. БҚО-дағы орман шаруашылығы және оларды қорғау шаралары ... ... ... ..21
2.3. БҚО табиғатын қорғау
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
2.4. Су қорларын қорғау және
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..33
Кіріспе
Қоршаған ортаға әсердi бағалау басқару және шаруашылық шешiмдерiнiң
қабылданатын нұсқаларының экологиялық және өзге де зардаптарын анықтау,
қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи
ресурстардың жойылуын, азып-тозуын, бүлiнуiн және сарқылуын болдырмау
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiледi.
Қоршаған ортаға әсердi бағалау нәтижелерi жобалау алдындағы және
жобалау материалдарының ажырамас бөлiгi болып табылатын құжат түрiнде
ресiмделедi. Қоршаған ортаға жасалатын әсер бағаланбайынша, оған ықпал
жасайтын жобаларды әзiрлеу мен iске асыруға тыйым салынады.
Қоршаған ортаға терiс әсер ететiн кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге
де объектiлердi қайта бейiмдеу, уақытша тоқтатып қою, меншiгiн ауыстыру
және тарату қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм
бойынша не олардың қоршаған ортаға жасалатын әсердi бағалау жөнiнде
жүргiзген тексерулерiнен, анықталған жолсыздықтар жойылғаннан және
келтiрiлген зиянның орны белгiленген тәртiппен толықтырылғаннан кейiн ғана
жүргiзiлуi мүмкiн.
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта
Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді,
мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып
табылады.
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық
ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ
Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны
қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің
бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша
қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін
іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-
шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты
Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.
Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды
реттеу басқармасы мемлекеттік мекемесі бұдан әрі -басқармасы
мемлекеттік басқару қызметін орындауға және орман, су шаруашылығы,
жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтары салаларындағы
табиғат пайдалануды реттейтін уәкілетті жергілікті мемлекеттік орган болып
саналады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Батыс Қазақстандағы қоршаған ортаның
ластануын бақылау жүйесі туралы түсінік алу. Батыс Қазақстан облысындағы
табиғат ресурстарын қорғау шараларымен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттер: БҚО табиғат ресурстары және табиғат
пайдалануды реттеу, орман шаруашылығы және оларды қорғау шаралары және БҚО
табиғатын қорғау шаралары туралы түсінік беру.

әсерінен ағаш өсімдіктерінің биоиндикациялық өзгерістері
Қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі уақытта өзіне бүкіл әлемдік
зерттеулердің назарын аударуда. Халық санының қарқымды өсуі, жер өндеу
аймақтарының үлкеюі, сонымен қатар урбанизация және урдустрализация
кешендері табиғи ресурстарды шектен тыс пайдалануға лып келді.
Антропогендік күштің жоғарлауына байланысты табиғи кешенді тексеруде
табиғи антропогендік ортаның экологиялық жағдайын бағалауға мүмкіндік
беретін, методика өндеу қажетті болады. Сондықтан экологиялық бақылау
жүйесінде түрлі мониторингтік дамуы проблемасы және қоршаған ортаның сапалы
басқару мейлінше актуальды.
Барлық табиғи компоненттер сияқты тар және айырылмастай өзара
байланысты, бір компоненттің бұзылуы қалғандарының жағдайын өзгеруіне
әкеліп соқтырады. Бір жағдайын бағалай отырып басқаларының да өзгеруіне
болжауға болады. Қоршаған табиғи ортаның осыншалықты өткір өзгерісі
биотикалық компонентке әсерін тигізеді.
Өндіріс пен көлік қатынастарының және туризмнің, сонымен қатар ауыл
шаруашылығы мен орман шаруашылығына өндірістің белсенді араласуы – мұның
бәрі табиғи ресурстарды қолдануын жоғарлатып, қоршаған ортаға араласуына
алып келді. Қазіргі таңда игерілетін ландшафттың ішінде адамның тікелей
немесе жанама әсеріне ұшырамаған биоценоздар жоқтың қасы [1].
Табиғат қорғау мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде, себебі қоғам
алдында тұрған саяси, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жету үшін
табиғи ресурстарды рационалды түрде қолданып, қажетті деңгейде қорғау
керек. Экожүйелердің деградациясын антропогендік стресс әсерін алдын ала
болжап, адамның тіршілік ортасына әсер ететін маңызды параметрлерін анықтау
қажет. Адам табиғи ортаны қолданған кезде, соның ішінде, табиғи ресурстарды
ұрпаққа қызмет етуді қалыптастыру қажет.
Биоиндикация – бұл әдіс биологиялық жүйелер көмегімен тірі организмге
абиотикалық және биотикалық факторлардың әсерлерін анықтау және бағалау.
Әдетте тірі ағзалар қандай да болмасын деңгейде қоршаған ортаның
өзгерісіне сезімтал келеді, ал кейбір жағдайда бұл өзгерстерді физикалық
және химиялық әдістермен анықтау мүмкін емес, себебі кейбір приборлардың
немесе химиялық анализдің мүмкіндіктері шектеулі. Бұл әдістермен мүмкін,
мысалға: тек бөлек токсикалық заттектердің өсімдіктер мен жануарлар
ағзасындағы биологиялық жиынтығы анықталады. Индикатор – ағзалар тек
экологиялық факторлардың аз дозасына ғана емес, сонымен қатар кешенді
факторлардың әсерін – синергизм, эмерджент, ингибирлену.
Экологиялық потенциал ағзаның факторға әсерін көрсетеді. Физиологиялық
толеранттылық және экологиялық потенция оның индикаторының маңыздылығын
анықтайды. Нәтижесінде, ағзалардың жағдайымен қатар олардың саны, популяция
құрылымы қоршаған ортаның қолайлы жағдайын көрсетеді.
Атмосфераның ластануының объективті жағдайын бағалау үшін зерттеуді 2
бағытта жүргізу қажет [2]. Біріншіден, инструментальды химиялық
анализдерінің әдістерінің жетілуі, екіншіден, биоиндикаторларды мақсатты
түрде қолдану тиімді. Қоршаған ортаның ластануына сыртқы визуалды белгілері
арқылы қоршаған ортаның ластануын анықтаудың бірнеше тиімді жақтары бар.
Бұл қымбат және анализдердің қиын физико-химиялық әдістерінің қолданылуын
қысқартады немесе мүлдем қолданбауға мүмкіндік береді. Биоиндикаторлар
ластанудың биологиялық маңызды әсерлерін анықтайды. Олар болып жатқан
өзгерістердің жылдамдығын, экожүйелерде түрлі токсиканттардың жинақталу
жолдары мен орнын, адамға қауіпті әсер қосылыстарының түрлерін анықтайды.
Ортаның фондық ластануы. Тіпті қорықтарда да соңғы 40 жылда жануарлар саны
мен түрі азайып кетті. Бұл ортадағы биоиндикацияға байланысты. Биоиндикация
жер-ауа ортаcындағы өсімдіктер көмегімен жүреді. Фитоиндикация ортадағы
сапаны жақсартудағы өсімдіктердің пайдаланылуы. Ең жақсы эффект өсімдіктер
қауымдастығы болып табылады, бұл арнайы атауға да ие индикаторлық
геоботаника.
Биоиндикация барлық ұйымдастырылған тірі дәрежеде бола алады:
биологиялық молекула, талшықтар, ұлпалар мен мүшелер, ағзалар, популяция
(ерекше бір түрдің әлемінің топтамасы), орта, экожүйе және барлық биосфера
[3]. Бұл факті – биоиндикацияның жаңашыл теориясының жетістігі.
Биоиндикацияның төменгі дәрежесінде биоиндикацияның тікелей және
спецификалық формасы, жоғарлауда – тек жанама және спецификалық емес. Бірақ
та, соңғысы табиғатқа антропогенді әсерге комплексті баға береді. Клеткалық
және субклетқалық дәрежеде биоиндикация биотикалық және физиологиялық өту
реакциясында құрылған. Оның бағалысы жоғарғы сезімталдықты бұзуға, сонымен
қатар поллютанттарға сай емес концентрацияға мүмкіндік беретін және оны тез
шығаруға. Тек бұл дәрежеде ғана ортаның ерте бұзылуына мүмкіндік туады.
Жетіспеушілік санына, биоиндикаторлар-талшықтар және молекулалар күрделі
аппаратураны талап ететіні кіреді.
Агросферада кездесетін поллютанттардың мутагендік потенциалын анықтау
және ластағыштар кешеніне әсер ететін, агроценоздардың ксенобиотиктармен
ластануын объективті бағалау үшін тест-жүйелер мен фитотесттерді қолданады
[4]. Биоиндикация тәжірибесінде криптомагтардың картографиясымен қатар
жоғары өсімдіктердің морфологиялық өзгерістері де ескеріледі. Нидерландыда
және басқа елдерде морфологиялық индикаторлар ұлттық мониторинг жүйесінде
қолданылады. Морфологиялық өсімдіктерге негізделген биоиндикациялық
әдістердің көмегімен көптеген антропогендік әсер етулердің
картосхемаларының көп бөлігі алынды.
Организмдердің бiрлестiктерiнiң ерекше және экологиялық мiнездемелерi
функционалдық мiнездемелер бойынша қоршаған ортада тұрған немесе болып
жататын ластануын ескеріп биоиндикацияны атап өту керек. Бiртiндеп түрлi
құрамның өзгерiстерi суаттың нәтижесінде ұзақ улану, және анық
өзгерiстердiң жағдайларында алысқа баратын болып қалыптасады. Сонымен
келгенде, балшықталатын суаттан су бионттарының түрлi құрамын зерттеу оның
бағасы уақыттың кейбiр аралығына, су ортасының токсикологиялық
қасиеттерiнiң мiнездемесiмен қызмет көрсете бермейдi.
Оңайлықпен, жылдамдықпен және ортаның сапасын арзандықпен сонымен
бiрге шартта биоиндикациясының өзектiлiгi айқындалады [4]. Мысалы, өлкелер
бойынша мұндай топырақтар тұздалуда тағы да сап ете түсіп сарғаяды. Мұндай
участкілер, қандыағаштар жай ғана шығып айқындалуы мүмкiн. Биоиндикация бұл
жағдайда өте кiр басқан тұрғын жерлерерді бiлдiруге жылдам мүмкiндiк
бередi.
Биоиндикацияда қолданылатын морфологиясы өзгерген өсімдіктер.
1. Жапырақтардың түсінің өзгеруі (неспецификалық, кейде болатын
спецификалық, әр түрлі поллютантарға болатын реакциясы).
Хлороз – жапырақтардың сызықтары арасындағы боз түстер. Топырақтардың
ауыр
✓ металдармен және ауаның газды шығарындылармен ластануынан
пайда болған.
✓ Жапырақ аудандарының сарғаюы. Топырағы хлоридтармен тұздалған
ағаштардың жапырағына тән болып табылады.
✓ Қызару, антоцианның жиналуына байланысты.
✓ Күреңдену немесе сұрлану. Көбіне некротты бұзылудың
бастанғысын білдіреді.
✓ (Аяз әсерінен) сулы жапырақтар. Мысалы: пероксиацетилнитрат
әсерінен болатын қышқылдану. Темекі жапырақтарында озон әсерінен
болатын көрініс.
2. Некроз – бұл жапырақ ұлпаларының қурап қалуы, кей-кезде олардың
формалары ерекше белгілі.
✓ Нүктелік және дақтық. Bel W3 сортты темекі жапырағындағы
дақтар озондар әсерінен болады.
✓ Жүйке аралық некроз – бірінші реттегі жанама жүйкенің
аралығындағы жапырақ пластинкаларының өлуі, бұл процес күкірітті
газ әсерінен болады.
✓ Шет жақты (краевые). Қыста мұздардың еруі үшін шашатын
(хлорид, натрия), тұздары әсерінен болатын липидтар
жапырағындағы белгілері.
✓ Балық қанқасы – жүйке аралық және жиектік некроздардың
бірлестігі. Біртекті дәнмен қапталған және қылқан жапырақты
өсімдіктер мысалы: пихтаның қылқандары және қарағайлар ұштары
күкіртті газ әсерінен кейін күреңденеді, жапырақтары фторлы
сутек әсерінен ағарады.
3. Уақытынан бұрын солу. Этилин әсерінен қалампыр гүлдерінің ашылмауы,
орхидия жапырақтарының солуы. Күкіртті газ малина жапырақтарының солуына
себеп.
4. Дефолиация – жапырақтарының түсуі. Көбіне некроз және хлороз пайда
болған кейін жүретін құбылыс. Липа жапырақтары және жылқы каштандарының
түсуі, мұз еріткіш тұздарының әсерінен пайда болады.
5. Ағзалардың өзгеруі спецификалық емес. Мысалы: тыңайтқыш заводына
жақын орналасқан қарағай қылқандары ұзарады, нитраттар әсерінен ұзарады
және күкіртті газ әсерінен қысқарады. Түтін әсерінен жидектердің
жапырақтарының көлемі қысқарады.
6. Ағзалардың формаларының өзгеруі, көлемі және жағдайы. Жапырақтардың
аномальды формаларын, радиоактивті сәулеленуден кейін белгіленген. Локальды
некроздар нәтежесінде жапырақтардың үрілуі және шайылуы, селбесуі және
үгітілуі және бөлшектенуінің үлкеюі немесе азаюы.
7. Өсімдіктердің өмірлік деңгейінің формасының өзгеруі.
Қуысты немесе көлемді формасы, соның ішінде шөптер, өте қатты ауаның
(HCL, SO2) ластануы, өмірлік денгейін өзгертеді.
8. Көптеген бонитет поллютанттардың қатысуымен ағаштардың 1-2 класы 4-
5-ке дейін төмендейді. Бойларының өзгеруі спецификалық емес, бірақ көптеп
қолданылады, себебі, некрозға қарағанда сезімтал.
9. Өнім беруінің өзгеруі. Көптеген өсімдіктерде табылған. Мысалы:
поллютанттар әсерінен саңырауқұлақтардың көбею денелері кішірейген.
Лишайниктердің кейбір түрлері ластанған ауада көбеюі қабілеті төмендеген,
алайда олар вегативті түрде көбеюге бейім.
Бұл зерттеу жұмысына арнайы зертхананың қажеті жоқ. Әр бір студентке
макроскопиялық өзгерістерді зерттеу үшін гербарий немесе түрлі ағаштардың
жапырақтары үлестірілді.
Орал қаласы бойынша көп жерлер зерттелді. Салыстыру үшін таза және
ластанған аумақтарда өсіп тұрған түрлі ағаштар мен ағаш тектес өсімдіктер
жапырақтарының морфологиялық өзгерістерін бақыланды. Қала өнеркәсіптерінің
шығарындылары нәтижесінде жапырақ түстерінің өзгеруі, оларда түрлі
некроздардың пайда болуы. Жол мен өнеркәсіптен қашық болғанына байланысты
біздің университет ауданы ең таза аудан болып есептеледі. Ең ластанған
ауандар – қала орталығы мен Омега зауытының аумағы.
1.2. Жайық-Каспий экология департаментінің Батыс Қазақстан облыстық
филиалының атқарылған жұмыстары туралы ақпараты
Органның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Батыс Қазақстан облысы аумағында қоршаған ортаны қорғауға
мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) Облыстағы қоршаған ортаны қорғаудағы және табиғат ресурстарын
мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, табиғат қорғау заңнамаларын,
экологиялық нормативтер талаптарын сақтау;
3) Батыс Қазақстан облысы аумағындағы қоршаған ортаның және табиғат
ресурстарының мониторинг жүйесін ұйымдастыру;
4) аймақтық табиғат қорғау бағдарламаларын келісу мен шаралар жоспары
шеңберінде әлеметтік-экономикалық дамыту және оны жүзеге асыруды бақылау;
5) экологиялық ақпараттарды жинау және таратуды ұйымдастыру, облыстағы
қоршаған ортаны қорғау саласын ағарту жүйесін дамыту;
6) облыстағы қоршаған ортаны қорғаудың қоғамдық бірлестіктерімен
ынтымақтастық қарым-қатынас жасау;
Филиалы белгіленген заңнамалық тәртіппен төмендегідей қызметтер
ақарады:
1) облысы аумағында қоршаған ортаны қорғауға мемлекеттік саясатты
жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) бекітілген министрліктің тәртібіне сәйкес рұқсат беріледі, табиғат
пайдалануға рұқсат алуды жойылуы және оған есебі жүргізіледі;
3) қоршаған ортаның мониторингінің аумақтық жүйесін ұйымдастыруға
және өндірістік мониторинг бағдарламаларын және өндірістік бақылау жоспарын
келісуге қатысады;
4) облыс аумағындағы табиғат ресурстары, қоршаған ортаның
мониторингінің мемлекеттік жүйесінің шеңберінде жұмысты жүргізіеді;
5) қоршаған ортаның бағасын, ластану факторларымен көздерін анықтап,
ақпараттарға сәйкес ұсыныстарын Министрлікке жолдап, жүзеге асырады;
6) стратегиялық, трансшекаралас және экологиялық қауіпті шегіндегі
обьектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама ұйымдастырылып,
жүргізіледі, қоршаған ортаға әсерінің, оның ішіне кіретіндері: атмосфераға
шектеулі рауалды шығарындылар, жер үсті, жер асты суларының төгінділері,
зиянды заттарды көму көлемдері және жергілікті жердегі және жер
қойнауларындағы қалдықтарды орналастыру көлемдері нормативтері келісіледі
немесе бекітеді.
Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру және оның есебі.
2009 жылы бойынша Жайық-Каспий экология департаментінің облыстық
филиалында 1 санат бойынша қоршаған ортаға эмиссияға 16 тапсырыс
қабылданды, оның 3-і қаралу үстінде, 3 тапсырыс ұсынылған материалдардың
жетіспеушілігінен кері қайтарылды, ал 9 тапсырыс бойынша қоршаған ортаға
эмиссияға рұқсат рәсімделді.
2008 жылдың аяғында қабылданған 25 тапсырыс материалдары қаралды,
оның 22-сі бойынша рұқсат рәсімделіп, 3 тапсырыс өңдеу үшін кері
қайтарылды.
Экологиялық ақпаратты тарату, мемлекеттік емес ұйымдармен және
бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.
Облысымыздағы қоғамдық бірлестіктердің ішінде қоршаған ортаны қорғау
бойынша қоғамдық бақылаудың міндеті БҚО бойынша облыстық үкіметтік емес
экологиялық ұйым Ассоциация жарғысында қарастырылған.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап тұрғындар арасында экологиялық
үгіт-насихат және ағарту жұмыстарын жүргізу үшін облыстық экологиялық-
биологиялық орталық базасында Жас эколог ЖҚҰ өз жұмысын бастады.
2009 жылдың 1-жартыжылдығында Батыс Қазақстан облысының үкіметтік
емес ұйымдар ассоциациясы мен Жас эколог ЖҚҰ мүшелерінің қатысуымен
облыстық санитарлық-экологиялық айлық барысында Ақсай қаласындағы кездейсоқ
қалыптасқан қоқыстамен күрес жөнінде сход жиналыстарын, Жайық өзенінің су
қорғау аймақтарын тазалау акциялары өткізілді.
Ақсай қаласы тұрғындары арасында экологиялық ағарту жұмыстарын
жүргізу жобасы аясында Ассоциация мүшелері Бөрлі ауданының ауылдық
округтері аумақтарын көгалдандыру және тазалау жөнінде қоғамдық тыңдау
өткізді. Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша БҚО үкіметтік емес
экологиялық ұйымдар Ассоциациясы және Жас эколог ЖҚҰ-ның бастамасымен
Шанхай шағын ауданында күздік ағаш отырғызулар жүргізу туралы шешім
қабылданды.
Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдар ассоциациясы
мүшелері қоғамдық тыңдауларға да белсенді қатысады. Мысалы, ағымдағы жылдың
20 наурызында ассоциация мүшелерінің қатысуымен Ақжайық ауданы Базаршолан
ауылындағы Сатимолла кен орнындағы сүзу алаңдары мен ҚТҚ полигоны ның
қоршаған ортаға әсерін бағалау, 27 наурызда Бөрлі ауданы Ақсай қаласындағы
Қарашығанақ өндірістік кешенінде көмірсутек шикізатын тазалау және 4
технологиялық линиясы құрылысы барысында қоршаған ортаға әсерін бағалау
туралы қоғамдық тыңдауларға қатысты.Батыс Қазақстан облысында табиғатты
қорғау прокуратурасы атмосфералық ауаның экологиялық қауіпсіздігі
мәселелерін реттейтін заңнаманың қолданылуына тексеру жүргізіп, заңды
тұлғалардың атмосфералық ауаны рұқстасыз ластау деректерін анықтады.
ІІ. Батыс Қазақстандағы қоршаған ортаның
ластануын бақылау жүйесі
2.1. БҚО табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу
Қазба байлықтары. Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс
Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай
кендері анықталған.
Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып
табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар
кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк
жыныстары, бор және басқа қазба байлықтар ашылды.
Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент
өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары,
құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті
шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған.
Ақтау (Белая Горка) кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін
пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солт. және оңт.
бөліктеріндегі аудандарда таралған : пайдалы қазбалардың өндірістік
балансына Ақтау (Белая Горка) және Бөрлі кендері енгізілген ; бұлардың
жиынтық қоры 16081 мың метр куб.
Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз
ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық
қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов
кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка с – ның жанынан ашылды,
қоры 2042 мың метр куб.
Өзендері. Облыстың негізгі су көзі – Жайық өзені болып табылады. Облыс
шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып,
Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солт. Каспий маңын
кесіп өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы – 761 км, су жинайтын алабы – 116678
км квадрат. Жайықтың облыс аумағындағы салалары – Елек, Шыңғырлау (Утва),
Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка. Барбастау өзенінен төменірек
Жайықтан Көшім (Қабыршақты) бөлініп шығады.
Жайық өзені бүкіл облыс жерін жер беті ағын суларының жиілігі әр түрлі
қос торапқа ажыратады. Сол жағалаулық өзен торы тығыздығының коэффициенті К
– 0,54 кмкм квадрат мөлшерімен сипатталады, оң жағалаулық бөліктегі өзен
торы тығыздығының коэффициенті К – 0,26 кмкм квадрат. Бүкіл облыс үшін
өзен торының тығыздығы Жайық өзенісіз – 0,036 кмкм квадрат, Жайықпен қосып
есептегенде 0,040 кмкм квадрат коэффицентпен сипатталады.
Жалпы облыста үлкенді – кішілі 200 - ден астам өзен бар, олардың 65 -
і жазда кеуіп құрғақ арналарға айналады ; ұзындығы 10 км – ден аспайтын
шағын жылға – өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км – ден асатын өзендер
небәрі – 8. Қараөзен, Сарыөзен, Елек жерінде тек өздерінің сағалық бөлігі
мен ғна ағады, олардың жалпы ағыны шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер
бедері мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің
арналары өте ирелең қалыптасқан. Мыс., Барбастаудың ирелеңдеу коэффициенті
К – 1,4, Шолаңқаты – К -1,04, Жақсыбай – 1,07, Ащыөзек – К – 1,75, Мұқыр –
К – 1,4 – ке тең келеді.
Көлдері. Облыстағы көлдің таралу коэффициенті 10% (жайылма суларды
есепке алмағанда) ; жалпы 150 – ге жуық көл бар, олардың айдындарының
аумағы 1532 км квадрат. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су
(қарасу) айдындары көп. Мыс Шежін жайылмасы 2200 км кадрат ауданды алып
жатыр. Дүре – 700 км квадрат, Қараөзен – 600 – 700 км квадрат, Сарыөзен –
200 – 300 км квадрат, ал Бұлдырты – 100 км квадратқа жуық жерге жайылған.
Облыс аумағында көлдер әркелкі орналасқан : Елек алабында – 5, Өлеңті
алабында – 1 - 2, Бұлдырты алабында – 10 – нан аса, Қалдығайты алабында –
20 – дан аса (оның ішінде жазда тартылып қалатын Итмұрын тұзды көлінің
шарасы – 112 км квадрат), Жақсыбай алабында 5 – 6 шағын көл бар. Ойыл
сағасындағы Аралсор (Өзенсор) көлінің ауданы – 112 км квадрат.
Бұл көлдердің бәрі Жайықпен ұласпайтын өзендердің алаптарында
орналасқан. Облыстың оңт. – батыс бөлігі көлді келеді. Олар Дүре – Шежін
жайылма суларының оңт. бөлігінде, Көшім және Мұқыр өзендерінің сағалық
жағында Қараөзен, Сарыөзен сағаларында (Қамыс – Самар көлдері) шоғырланған.
Бұлардың арасында 200 км квадрат ауданды алып жатқан Балықты Сакрыл, Сарай,
Қамыс – Самар көлдерін бөліп атауға болады. Облыстың осы бөлігінде су
айдыны 1 – ден 4 км квадратқа дейін тұзды, кеуіп қалатын көлдер көп,
олардыңда ауданы 72 км квадрат тұзды Боткөл бар. Оның ең терең әрі уқымды
су айдыны Шалқар көлі, ауданы – 242 км квадрат.
Жануарлар дүниесі. Облыс аумағында сүтқоректілердің 70 түрі, құстардың
310 – ға жуық, рептилияның 19, қос мекенділердің 7, балықтардың 51, әр
алуан омыртқасыздардың мыңдаған және дөңгелек ауыздылар мекендейді.
Сүтқоректілерден өздерінің алуан түрлілігімен ерекшелінетін
кеміргіштер де бар. Олардың ішінде әсіресе кішкентай сарышұнақ, кәдімгі
сұртышқан, дала алақоржыны, кеңінен таралған. Қамысты – қоғалы қалың нудың
арасында, кейбір өзендер мен ірі көлдерде аңдатр (су тышқаны) мекендейді.
Жайықтың ескі арналарында қайтадан құндыз кездесе бастады. Орқоян кең
таралған, ал облыстың солт. бөлігінде аққоян мен дала шақылдағы кездеседі.
Жыртқыштардан қасқыр, түлкі, аққұлақ, аққіс мекендейді, сондай – ақ
қарсақ, дала мен борсықты, кейде шұбаркүзенді көруге болады, оңтүстік –
батыстағы адырлы құмдарда жабайы мысық бар, кейде бұл ауданда жанат тәрізді
ит кездеседі. Оқта – текте тоғай тауығы, кәмшат, еуропа қара күзені, тіпті
сілеусінді ұшырастыруға болады. Жәндік қоректілерден кәдімгі және құлақты
кірпі, жертесердің бірнеше түрі, жұпартышқан кеңінен таралған, жарқанат
едәуір көп (8 түрі бар).
Тұяқтылардан киік көп тараған. Жайылмалық орман – тоғайларда бұлан мен
елік мекендейді. Құстардың ішінде ең көбі торғай тектестер (120 – ға жуық
түрі бар). Орман – тоғайда қызылторғай, мысықторғай, сарышымшық,
қызылқұйрық, мақтанторғай, құрқылтай, барқылдақ торғай кездеседі. Орман
алаңқайларында сұлусары, бақторғай сұр мақтанторғай, өзен жағалауларын,
ескі арналарды бойлай өскен бұталарда құрқылдақторғай, жасымықторғай, Жайын
жайылмасының солт. бөлігінде шырылдақторғай, сарықасторғайлар бар.
Облыста бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің 10 түрі, жыландардың
сегіз түрі және тасбақа (батпақты) бар.
Облыстың өзендері мен көлдері өздерінің балыққа байлығымен және әр
алуандығымен ерекшелінеді. Ең көбі тұқы тәрізділер (28 түр), олардың ішінде
әсіресе жерсінгендері – ақамур мен дөңмаңдай. Тұщы суларда табан, мөңке,
сазан, ақбалық, көксерке, т.б. кездеседі. Жайық өзені аса бағалы бекіре
тұқымдастарға (шоқыр, бекіре, қортпа) бай.
Омыртқасыздар ішінде буынаяқтылары, әсіресе жәндіктер (2,5 мың түрге
жуық) көп және қоңыздар басым болып табылады (1,2 мың түрге жуық).
Көбелектер отрядының 400 – ге жуық түрі бар, екі қанатты және жарғақ
қанаттылар 150 – 200 түрден саналады.
Әр түрлі типтегі омыртқасыздар негізінен топырақ қабатында таралған.
Олардың ішінде қарапайымдылар мен ірі құрттардың – 10 – 15, өрмекші,
кенелердің 100 – ден астам түрі бар. Су түбін мекендеушілерден, әдетте, әр
түрлі құрттар, буынаяқтылар мен олардың дернәсілдері (шамамен 100 түрден),
сондай – ақ молюскалар кездеседі. Планктонның негізгі массасын шаян
тәрізділер (дафния, циклоптар), қарапайымдар (инфузория, арцелдер),
жәндіктердің дернәсілдері, хиромид ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz