БҚО,Ақжайық ауданы, КӨКТӨБЕ ШҚ ауыспалы егісіне суару жүйесін жобалау


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Өсімдік шаруашылығы және егіншілік » кафедрасы
Курстық жоба
Ауыл шаруашылық мелиорациясы пәні бойынша
Тақырыбы: БҚО, Ақжайық ауданы, «КӨКТӨБЕ» ШҚ ауыспалы егісіне суару жүйесін жобалау
Орындаған: Ан-41 топ студенті
Темиргалиев Д.
Тексерген: оқытушы
Кушенбекова А. К.
Жобаны кафедраға
тапсырған күні:
Жобаны қорғау күні:
Курстық жобанының бағасы:
Орал-2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. «КӨКТӨБЕ» ЖШС қысқаша сипаттама . . . 4
1. 1. Климат жағдайы . . . 5
1. 2 . Рельефі . . . 6
1. 3 Топырағы . . . 6
1. 4 Өсімдік жамылғысы . . . 7
1. 5Гидрографиясы . . . 8
2. Ауыспалы егістің суару жүйесін жобалау . . . 9
2. 1. «КӨКТӨБЕ» ЖШС дақылдарына ауыспалы егістің суару жүйесін жобалау . . . 9
2. 2. Ауыспалы егіс дақылдарының вегетациялық суару нормасын анықтау . . . 9
2. 3. Ауыспалы егіс дақылдарын күзгі суару үшін суару нормасын анықтау . . . 11
2. 4. Маусымдық суару нормасын анықтау . . . 13
2. 5 . Ауыспалы егіс дақылдарының суару санын анықтау . . . 17
2. 6. Ауыспалы егіс дақылдарының үйлестірілген және үйлестірілмеген
кестесін жасау . . . 19
2. 7 Ауыспалы егістікте ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін
жабық суару жүйесін жобалау . . . 19
2. 8. Суару жүйесіне пайдаланатын машиналар сипаттамасы . . . 22
3. Ауыспалы егістің мелиорациялық шараларының тиімділігін анықтау . . . 24
Қорытынды . . . 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Мелиорация -жерді қолайсыз метеорологиялық жағдайда қорғай отырып, топырақ құнарлылығын арттыруға, дақылдардың өнімдерін көтеруге ауыл шаруашылық өнімінің дамуына жағдай жасайды. Бұған дейінгі қажеттілік еліміздің ауыл шаруашылықпен айналысатын аудандардың агроклиматтық жағдайларының күрделілігінен туындап отыр.
Бүкіл жеріміздің үштен екі бөлігі құрғақшылық аймақтарда орналасқан, бұл жерлерде іс жүзінде жыл сайын құрғақшылық болып тұрады.
Мелиорация -комплексті механикаландырумен және химияландырумен қатар ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың ең маңызды факторларының біріне айналды, Қазіргі кезде құрғатылып, суландырылған, шабындықтармен көп жылдық шөптер егістігіне айналдырылған жердің өзі елімізге барлық өсімдік шаруашылығының өнімдерінің үштен бірін береді екен. Бүгінгі таңда құрғақшылық, шөл сондай қатты ылғалданып, батпақтанып, кеткен аймақтарға бейбіт шабуылға бет алған мыңдаған қазақстан мелорациясының армиясы қазіргі таңда ең жаңа техникаларымен көк шөмішті және роторлы алып эксковаторлардан бастап аса нәзік те күрделі лазер аспаптарымен жақсы жарақаттандырылған.
Қазіргі су шаруашылығы құрлысының су жүйесін пайдалану ұйымдары, сондай ақ өздерінде суармалы, батпақтан құрғатылған жерлері бар колхоздармен мен совхоздар жан-жақты техникалық білімі бар, ой парасат аясы кең, барлық машиналары мен агрегаттарды өнімді жұмыс істете алатын ғылымның соңғы нәтижелерін еңбек технологиясының жетістіктерін игере жүріп өз ісін әрқашан сапалы атқара білетін жұмысшылар ауадай қажет.
1. Шаруашылық туралы жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, «КӨКТӨБЕ» шаруа қожалығы. Шаруашылықтың негізгі даму бағыты негізінен егін шаруашылығы. Сонымен қоса мал шаруашылыашмен де айналысады. Және де шаруашылық жанынан көкөніс дақылдарын өсіретін шағын бақ бар. Шаруашылықтың басты мақсаты-ауыспалы егісті жақсы игеріп, шаруашылық өнімдерінің сапасын арттыру.
1. 1. Климат жағдайы
Шаруашылық орналасқан аймақтың климаты өте қуаң, ыстық шөлді дала, шөлейт және шөл аймағы. Гидротермикалық коэффиценті (ГТК) -0, 4-0, 6 төңірегінде ауытқып тұрады, 10 0 -тан жоғары жылы ауа . Температурасының қосындысы 3000-3400 0-қа тең.
Осы кезеңде 100-120 мм, ал жыл ішінде -190-200 мм жауын жауады. Аязсыз мезгіл 160-180 күнге созылады. Қар басып жататын кезеңнің ұзақтығы -100-120 күн. Қардағы су қоры- 40-50 мм . Бұл аймақта жауын -шашын өте тұрақсыз. Оның мөлшері жылдар бойынша мүлдем ауытқып отырады, көп ретте қатарынан екі-үш ай бойы 5 мм-ден артық жаумайтын кездері болады. Егіннің шығымдылығы жауын-шашынға тікелей тәуелді. Жылудың көптігі, жауынның тапшылығы суармайынша егіншіліктің мүмкіндігін тежейді.
1. 2. Рельефі
Батыс Қазақстан аймағы шаруашылықтары территориясы Каспий маңы ойпатының өтпелі жерінде және қаланың шаруашылықтарының жер көлемінің жартысы жалпы сырттың төмпешік жерінде орналасқан және толқынды ойпатты жіңішке су айырғыш жыралармен ерекшеленеді. Су айырғыш жыралардың биіктігі табандардың үстінен өлшегенде 20-40м. Су айырғыш жыралар үлкен сайларға айналады. Табандар солтүстіктен оңтүстікке қарай өтеді және олар ауыл шаруашылық машиналармен өңдеуге жарамды.
1. 3. Топырағы
Қара қоңыр орташа саздақты топырақта дәйімі дерлік сортаңдық, кейде сор белгісі болады. топырақ шөлейтке тән қоңыр топырақпен алмасады. Қоңыр топырақ айқын сортаңдығымен, тұз горизонтының жоғары жатуымен сипатталады, ол азоттың, фосфордың сіңірімді формаларымен орташа қамтамасыз етілген калийге бай келеді. Олар негізінен жайылымдық жерлер ретінде пайдаланады. Суарған жағдайда олардың комплекссіз учаскелерін егіншілік үшін пайдалануға болады. Алайда суарған кезде дренаж болуын ескеру қажет, өйткені топырақ тұздылығының қазіргі күйі мен құрғақшылық жағдайында мұнда топырақтың қайта тұздану процесі өрістеп, жер ауыл шаруашылық айналымынан шығып қалуы мумкін.
Қара қоңыр топырақтың жоғары горизонтында гумус көбірек, оның қуаты күштірек, құрлымы түйіртпекті және түйіртпекті -түйірлі болады, тұздары тереңде (2, 5-3 м) жатады. Профильде иллювиалды горизонтың жоқтығы
гумустың көптігі топырақтың суды жақсы өткізуіне және ылғалды мол сақтауына жағдай туғызады. Боз қызыл топырақта ойлық егіншілік гектарына
12-13 центнерден айналады. Бақша дақылдары мол өнім береді. Ойлау жерлерді бау, орман дақылдарын өсіру үшін де пайдаланады.
1. 4. Өсімдік жамылғысы
Батыс Қазақстан аумағы шаруашылықтары территориясының өсімдік жамылғысы әртүрлі. Егістіктіктегі мәдени дақылдардың арамшөппен ластануы ондағы егіншілік жүргізу дәрежесіне, агротехникаға және дақылға байланысты. Отамалы дақыл арасында кездесетін арамшөптер: егістік шырмауық, егістік қалуені, гүлтәжі, мысық құйрық, және т. б. Жаппай себілетін дақылдар егістігінде негізгі зиян келтіретін және жиі кездесетін арамшөптер: қарасұлы, татар сүттігені, жұмыршақ, сары қалуен, егістік қалуен, сүттеген, егістік шырмауық, гүлтәжі, мысыққұйрық және т. б. Жайылымдық жердегі өсімдіктер жамылғысы әр түлі. Қара қоңыр топырақта боз-бетегелі- шөптесін тұқымдасынан көп кездесетіні және ең көбі боз бетеге, жусан.
Оңтүстікке қарай өсімдік жамылғысы қалыңдайды, оның себебін ылғалмен қамтамасыз етілуімен түсіндіруге болады. Соған байланысты қоңыр топырақтарда боз кездеспейді, есесіне жусан көп кездеседі де өсімдік жамылғысы бетегелі-жусанды болады. Батысқа қарай көбіне ылғал сүйгіш өсімдіктер кездеседі. Боз-бетеге, бидайық қылтықсыз арпа бас кездеседі. Шөп жамылғысы қалың, бұндай жерлер шабындыққа пайдаланылады. Өнімділігі ылғалдану дәрежесіне байланысты 2, 5-4 ц/га .
1. 5. Гидрографиясы
Батыс Қазақстан шаруашылық территориясының негізгі су көздері Орал және Шаған өзендері болып табылады, сол өзендердің салалары, көлдер, жер асты сулары, (құдықтар) және жасанды су жинағыш қоймалар. Орал өзені шаруашылықтың солтүстік шығыс шекарасымен ағып өтеді. Шаған өзені оңтүстік шығыс бөлігімен өтеді. Орал өзенінің ені 250-300м, Шаған өзенінің ені 50-100м. Өзен сулары лайлы, аз минералданған бақтарды, плантацияларды суаруға қолданылады. Шаған өзенінің деңгейі тұрақсыз. Көктемде қар еріген
кезде өзендер жағадан шығып кетеді де күзде азаяды. Жылдық және мауысымдық өзгерулер судың минерализациясын және химиялық құрамын өзгертеді. Халық қоныстанған жерлерде сумен қамтамасыз ету шахталы құдықтардан, скважиналардан және Шаған өзенінен алады.
2. Ауыспалы егістің суару жүйесін жобалау
2. 1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ, АҚЖАЙЫҚ ауданы дақылдарына ауыспалы егістің суару жүйесін жобалау
Ауыспалы егіс келесідей дақылдардан тұрады :
1. Арпа
2. Сүрлемдік жоңышқа
3. Сүрлемдік жоңышқа
4. Жемшөптік қызылша
5. Күздік бидай
6. Сүрлемдік жүгері
Осы дақылдардың топырақ, жер бедері, грунт суы тереңдігін және климат жағдайын ескере отырып ауспалы егісті суару жобасы жасалды.
Ауыспалы егістің жер көлемі 250 га, 6 танапты, топырағы қара қоңыр орташа саздақты жер асты суының жату тереңдігі -`7, 0 метр, суару тәсілі Кубан, суару жүйесі ашық болды. Осы дақылдардың топырақ, жер бедері, грунт суы тереңдігін және климат жағдайын ескере отырып ауспалы егісті суару жобасы жасалды.
2. 2. Ауыспалы егіс дақылдарының вегетациялық суару нормасын анықтау
Вегетациялық суару нормасы- дегеніміз бір га суармалы егістіктегі бір рет суарғанда берілетін су мөлшері.
M=100 h r (Yн-Yпв)
мүндағы: h - топырақтың есепке алынатын белсенді қабат тереңдігі, м; r -топырақтың көлемдік массасы, г/см 3 ; Yн - топырақтың есепке алынатын белсенді қабатының ең томенгі су сыйымдылығы, % . Yпрвл - топырақтың есепке алынатын қабатының суару алдындағы ылғалдылығы, %
Дақылдарды вегетациялық суару нормасын анықтау
Вегетация-лық суару нормасы
м 3 /га
1. Арпа M=100 h r (Yн-Yпв) = 100∙ 0, 6∙ 1, 12 (26, 5-18, 5) = 537, 6 м 3 /га
2. Сүрлемдік жоңышқа M=100 h r (Yн-Yпв) = 100∙ 0, 7∙ 1, 12∙ (26, 7- 18, 6) = 635, 04 м 3 /га
3. Сүрлемдік жоңышқа M=100 h r (Yн-Yпв) = 100* 0, 7*1, 12* (26, 7- 18, 6) = 635, 04 м 3 /га
4. жемшөптік қызылша M=100 h r (Yн-Yпв) = 100* 0, 7 *1, 12 (26, 7-18, 6) = 635, 04 м 3 /га
5. Күздік, бидай M=100 h r (Yн-Yпв) = 100* 0, 7 *1, 12 (26, 7-18, 6) = 635, 04 м 3 /га
6. Сүрлемдік жүгері M=100 h r (Yн-Yпв) = 100* 0, 6 *1, 12 (26, 5-18, 5) = 537, 6 м 3 /га
2. 3. Ауыспалы егіс дақылдарын күзгі суару үшін суару нормасын анықтау
Суарудың бүл түрі негізінен топырақтың 1-1, 5 м қабатында өсімдікке кажетті ылғалдың мол қорын жинақтау мақсатында күзде жерді жыртар алдында немесе одан кейін жүргізіледі. Топырақ шамадан тыс қүрғап кеткенде суды жер жыртар алдында 10 күндей бүрын коктемде де беруге болады. Күзгі сіңіре суару егістіктегі суару жүмыстарының қарқындылығын босеңдетіп жоне топырақта күзгі-қысқы ылғал мөлшерін кобейтуге мүмкіндік береді. Күзгі сіңіре суару нормасы (м 3 /га) мына формуламен анықталады:
Mвл=100 h r (Yн-Yпв) -10 а Р + n
мүндағы: h - топырақта ылғал қоры жинақталатын есепті қабат тереңдігі, м; r - топырақтың көлемдік массасы, г/см
3
; Yн
-
топырақтың есепті қабатының ең төменгі су сыйымдылығы, %; Yпв
-
топырақтың есепті қабатының суару алдындағы ылғалдылығы,
%
Р
-
күзгі сіңіре суарған уақыттан көктемгі плюс температура байқалатын мерзім аралығында түсетін жауын-шашын мөлшері, мм; а
-
ылғал пайдалану коэффициенті. Есептеулерде топырақтың
механикалық қүрамына қарай 0, 4-0, 6 аралығында өзгереді. n
-
күзгі сіңіре суарған уақыттан түрақты минус температура байқалатын мерзімге дейінгі
суармалы танаптың су шығыны, м 3 /га; Күздік дақылдар үшін 500-550 м 3 /га, ал жаздық дақылдар үшін 250-300 м э /га молшерінде озгереді.
Күзгі сіңіре суару нормасын анықтауға қажетті моліметтер қосымшада келтірілген. Есептеу нәтижелері 2-кестеге жазылады. Кесте 2
Топырақтағы ылғал қорын молайту үшін суару нормасын анықтау
26
25,
0, 5
0, 5
Күзгі сіңіре суару жүмыстарын қазан айына жоспарлау қажет. Күзгі сіңіре суарған уақыттан коктемгі плюс температура байқалатын мерзім аралығында түсетін жауын-шашын молшері Орал - 162 мм, жасалатын кабат тереңдігі жаздық бидай үшін 1, 2 м; жүгері жоне басқа да бір жылдық шоптер, қант және жемшоптік қызылша, бау-бақша дақылдары үшін - 1, 3 м; жеміс ағаштары мен жүзім үшін - 1, 8-2, 0 м; көпжылдық шөптер үшін 1, 4 м-ге тең. Күздік бидайды себер алдында топырақтың 0, 8 м қабатына ылғал қорын жинақтау үшін суарады. Сіңіре суару жер асты сулары 1, 5-2 метрден жақын орналасқан жерлерде, сонымен катар бүршақ, картоп жоне басқа да көкөніс дақылдар егістігінде қолданылмайды.
Mвл=100 h r (Yн-Yпв) -10 а Р + n
Арпа Mвл = 100*1, 2*1, 37*(26-13, 8) -10*0, 4*162+500=857, 6м 3 /га
Сүрлемдік жоңышқа Mвл =100*1, 4*1, 38*(25-13, 1) -10*0, 4*162+500= 1151 м 3 /га
Сүрлемдік жоңышқа Mвл =100*1, 4*1, 38*(25-13, 1) -10*0, 4*162+500= 1151м 3 /га
Жемшөптік қызылша Mвл = 100*1, 4*1, 37*(26-13, 8) -10*0, 5*162+550=979, 9м 3 /га
Күздік бидай Mвл = 100*1, 4*1, 38*(25, 0-13, 1) -10*0, 5*162+500= 989 м 3 /га
Сүрлемдік жүгері Mвл = 100*1, 2*1, 42*(25-12, 7) -10*0, 6*162+550=537, 9м 3 /га
2. 4. Маусымдық суару нормасын анықтау
Егістіктің маусымдық су тұтынуы деп бір гектар ауыл шаруашылығы егістігінде вегетация бойында жүмсалған жалпы су молшерін айтады.
Егістіктің маусымдық су түтынуы (Е) топырақ ылғалының осімдік арқылы (транспирация) және топырақ бетінен физикалық булануға жүмсалған молшері қосындысына тең. Танаптардың маусымдық су түтынуы танап жағдайында тікелей өлшеу және есептеу одістері арқылы анықталады. Танап жағдайында судың маусымдық түтынуы су тепе-теңдік жөне жылу тепе-теңдік (баланс) әдістері арқылы анықталады. Маусымдық су түтынуды ауа-райы, климат т. б. деректер бойынша есептеу жолымен анықтауға болады. Ол әдістің негізгілері:
Маусымдық суару нормасы деп вегетация бойында бір гектар егістікті суаруға жүмсалатын барлық су молшерін (м 3 /га немесе мм) айтады. Маусымдық суару нормасын басқаша сөзбен топырақтың су балансының тапшылығы деп те атайды.
Маусымдық суару нормасының молшері ауа-райының, топырақтың жоне танаптың мелиоративті жағдайы мен дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, сондай-ақ дақылдардың вегетациялық кезең үзақтығына жоне оларды баптаудың агротехникалык, одістеріне байланысты болады.
Маусымдық суару нормасы (Мо) өсімдіктің маусымдық су түтынуы мен судың табиғи жолмен (жауын-шашын, топырақ ылғалы және жер асты суы) келу мөлшері айырмасына тең. А. Н. Костяков әдісі арқылы жаздық бидайдың маусымдық суару нормасы мына формуламен есептеледі:
Мо = У*Кв - 1О*а*Р-(Wб-Wс) -Wгр
мүндағы: Мо - егістіктің маусымдық су түтынуы, м 3 /га; а - вегетация кезінде жауын-шашын пайдалану коэффициенті. Есептеулерде механикалық қүрамы орташа саздақ топырақтарда а мәні - 0, 5 тең деп алады. Р - вегетация Ісезіндегі жауын-шашын мөлшері, мм; %. Wб - ерте көктемде анықталған топырақтағы бастапқы ылғал қоры, м 3 /га; Wс - вегетация соңында анықталған топырақтағы ылғал қоры; Wгр - жер асты суының дақылдардың тамыр орналасқан қабатына котерілетін молшері, м 3 /га; Жер асты суы 3, 0 метрден терең жатса бүл көрсеткіш мәні есептелмейді, өйткені ондай тереңдіктен осімдік тамыры су пайдаланбайды. Дақылдардын жер асты суын пайдалану мүмкіндігі корсеткіштері 7-қосымшада келтірілген.
Дақылдардың вегетация кезеңі үзақтығы 2-қосымшада келтірілген. Метеостанция моліметтері бойынша дақылдардың вегетациясы кезіндегі түсетін жауын-шашын молшері 9-10-қосымшадан есептеледі. Суармалы егістіктегі жоспарланған өнім (У, т/га) молшері 19-қосымшада, ал дақылдардың су пайдалану коэффициенті (КВ , м 3 /т) 8-қосымшада келтірілген.
Жаздық бидайдың маусымдық суару нормасын есептеу.
Метеостанция - Орал; Топырақ - орташа саздақты қара қоңыр; Арпаның вегетациялық кезең үзақтығы: 20 сәуір-10 шілде; У =4 т/га; КВ= 900 м 3 /т;
Вегетациялық кезеңде түскен жауын-шашын молшері:
Р = 10+5+10+14+8+9+3+15 = 74 (мм) ;
Wб - вегетация басында топырақтағы ылғал қоры (мм) жоне Wс - вегетация соңындағы топырақтағы ылғал қоры (мм) томендегі формулалармен есептеледі:
Wн = 100. Һ-r-Үн; Үн=0, 9*26 =23, 4: Wн = 100* 0, 6 *23, 4=1404
Wк = ІОО-Һ-r-Үк; Үк=0, 7*26=18, 2: Wк= 100*0, 6*18, 2=1092
Жер асты суы 7, 0 м тереңдікте жатса 7-қосымшадағы келтірілген моліметтер бойынша жаздық бидайдың жер асты суын пайдалануы жалпы булану мөлшерінің 0, 12 болігін қүрайды. Wгр = 4*900*0, 5 = 1800м 3 /га;
Осы есептелген моліметтермен арпаның маусымдық суару нормасын анықтаймыз:
Мо =4*900- 370-312=4718 м 3 /га;
Кесте-3 Маусымдық суару нормасын анықтау
КВ
М 3 /Т
Wн-Wк,
м 3 /га
Wгр
м 3 /га
2. 5. Ауыспалы егіс дақылдарының суару санын анықтау
Суару саны осімдіктердің вегетация кезінде қанша рет суарылатынын білдіреді. Қазақстанның суармалы аймақтарында ауыл шаруашылық дақылдары (күріштен басқа) маусым бойында 1 реттен 10-12 ретке дейін суарылады. Суару санын былай анықтайды:
n=Mo-Mвл/М
мүндағы: Mo- маусымдық суару нормасы, м 3 /га; М - суару нормасы, м 3 /га; Мвл - сіңіре суару нормасы, м 3 /га;
4-кестеге дақылдардың суару режимін есептеу нөтижелері жазылады. Күзгі сіңіре суару бастапқы немесе 0-ші суару деп есептеледі.
Кесте-4 Суармалы егістіктегі дақылдардың маусымдық жөне вегетациялық суару нормаларын, санын анықтау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz