Банк және қаржы жүйесі


Жоспар:
- Банк жүйесінің түсінігі . . . /3
- Қазақстан банк жүйесінің даму тарихы . . . 4.
- Қазақстан Республикасының банк жүйесі мен банк заңдылықтары . . . 6
- Қаржылық жүйенің мәні және жіктелуі . . . 7
- Қаржылық жүйенің функционалдық белгісі бойынша құрылымы. 8
- Қаржылық жүйені ұйымдастырудың негізгі қағидалары . . . 6
- Қорытынды . . . 10
1 Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір−бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және тағы басқа.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында ақша, несие, банктер тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша тоқталамыз. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:
- Банк жүйесінің элементтері жоғарыдай айтып кеткеніміздей, алғы шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
- Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, олардың өзара әрекеттерімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
- Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған жағдайда бір−бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді. Мысалы, жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып қалады.
- Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Бұл ұдайы даму, қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы инстиуттары пайда болады.
- Банк жүйесі «жабық» тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығады. Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар жөне банктың өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі
- Банк жүйесі өзін -өзі реттейтін, «өзін-өзі ұймдастыратын» жүйенің сипатана ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету cаясатын экономиқалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарга қарай өзгертіп отырады. Экономиқалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
Банк жүйесі -басқарылатын жүйе, Ол арнайы банк зандарымен әрекет етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарга бағынады.
2 . Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өз банк жүйесі болмады, өйткені республика аумағында КСРО−ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімшелері жұмыс істеді. Сол себепт іде банк жүйесінің тарихы КСРО тарихымен және революцияға дейінгі Ресейдің тарихымен ажырағысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдің банк жүйесіне мыналар кірді: Мемлекеттік банк, акционерлік банк, өзара несие қоғамы, қалалық банктер, ипотекалық несие банкісі және басқа несие мекемелері.
Қазан төңкерісінен кейін 1917жылы банктерді мемлекеттік тұрғыдан монополиялады. Елде мемлекеттік банк құрылды, содан соң, басқа банктер−мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер пайда болды. Банк жүйесінің бір буыны−мемлекеттік еңбек−жинақ кассасы. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен қатар бір мезгілде мемлекеттік емес несие мекемелері; кооперативтік және жеке меншік, мемлекеттік− капиталистік, оның ішінде, шетелдік капитал қатыстырылған мекемелер құрылды. 1922 жылы несие және ссуда−жинақ серіктестіктері мен олардың одақтары ұйымдастырылды. 1924 жылы ауылшаруашылық кооперацияларына салым ақшаларды қабылдау, ссуда беру және есеп айырысуда делдал болу секілді формалардағы несие операцияларынт жүргізуге рұқсат берілді. 1926жылдың 1сәуіріндегі есеп бойынша КСРО−да 16185 серіктестік жұмыс істеген. Оның 2426−сы несие және сауда−жинақ мекемесі, 112424−ауыл шаруашылығына арналған несие мекемесі.
1922 жылы жеке сауда−саттықты, өнеркәсіпті несиелейтін өзара несие қоғамы, мемлекеттік−капиталистік, әрі акционерлік Оңтүстік−шығыс банкісі және шетелдік капиталдың қатысуымен Ресей коммерциялық банкісі құрылды.
Барлық одақтас республикаларда, оның ішінде Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылды. Бұл арада банк ісін орталықтандырудың принципі қатаң сақталды, банк мекемелері жоғары банк органдарына бағынды, қандай да бір жергілікті мәні бар ереженің енгізілуіне үзілді−кесілді тыйым салынды.
КСРО−да банк реформасы 1987-1988жылдары жүргізілді. Осы реформаның нәтижесінде КСРО мемлекеттік банкісінің және КСРО Құрылыс банкісінің негізінде Өнеркәсіп құрылыс банкісі (Промстройбанк), Аграрлық өнеркәсіп банкісі (Агропромбанк) және Әлеуметтік тұрғын үй банкісі(Жилсоцбанк) құрылды.
Қазақстандағы КСРО Құрылыс банкісінің республикалық кеңсесі қаладағы−өнеркәсіптегі, көліктегі және шаруашылықтың басқа салаларындағы инвестицияларға қызмет көрсетті. Акционерлік негізде жұмыс істейтін КСРО сыртқы сауда банкісі валютадағы және валютамен операцияларды жүзеге асырды.
КСРО−ның банк жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты үстемдік етті, несие банктік ықпал ету әдістерінде әкімшілік және ұсақ реттемелеу, сондай ақ шаруашылық органдарының қызметінде де осындай жағымсыз жағдайлар басым болды.
Республикалық Мемлекеттік банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісі боп қайта құрылды. Облыстарда ҚР Ұлттық банкісінің бөлімшелері ашылды. 1993 ж банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал жинақ банкісі Қазақстан Републикасының Халық банкісіне ауысуына ие болды.
3. Банкілік заңдар. Банк инфрақұрылымының бұл блогы банк жұмысын реттеуге бейімделген және оның құқықтық негізі болып табылады. Өйткені, банктердің қазіргі кезеңдегі жұмыс деңгейін, олардың ел экономикасындағы маңызын осы заңдар анықтайды. Банк жүйесінің кеңиуіне байланысты банктік құқықтардың оқшауландырылуы ұлғая түседі. Ол құқықтық реттеудің дербес блогы болып қалыптасады. Белгілі Ресей оқымысты экономисі, академик О. И. Лаврушиннің пікірі бойынша банктік заңдар үш қабаттан тұрады. Өз кезегінде, бірінші қабаты екі блоктан тұрады. Осы пікірді сүлбаға түсіргенде мынандай түрде болады екен:
Көрсетілген сұлбада банктің жеке операцияларын реттейтін заңдар қатарына бірінші қабаттың II−блогы несиелік, валюталық операцияларды, вексельдік айналымдарды, банкротқа ұшыраған банктерді жабу тәртіптерді т. б. белгілейтін заңдар қосылады. Екінші қабаттағы заңдардың қатарына биржалар жөніндегі заң, акция және бағалы қағаздар жөніндегі заңдар, ипотека, трасстар, трассталық операциялар, басқа да банк жұмысына қатынасы бар заңдар кіреді.
Заң шығарушы банк салымшыларына олар оған сеніп тапсырылған сомаларға қатынасы бойынша банкирлер тарапынан болатын ысырапқорлықтан ғана емес, сонымен ірге банкті толық түрде сауатсыз басқарудан да қорғауға міндетті. Банкті тиімсіз басқару оның өтімділігіне (ликвидтілігіне) қатер төндіреді, яғни өздерінің салған өалжыларын өажет болған жағдайда немесе белгілі мерзімі өткеннен кейін клиентттердің талап етуі мүмкін болмайтындай жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Заңға сәкес, Ұлттық банкі атап көрсетілген міндеттерді мынадай жолмен шешеді.
- Комерциялық банктің тікеуден өткендігі және банк операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы мәселені қарау кезінде несие беру мекемелерін құрудың заңдылықтарды дұрыстығын тексеру жолымен;
- Олардың қызметін реттейтін несие беру мекемелерінің экономикалық нормативтерін белгілеу, нормативтік актілерді шығару жолымен;
- Олардың операцияларынынң заңдылығына тікелей бақылауды жүзеге асыру жолымен.
«ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес республиканың орталық банкі қадағалауды жүзеге асыру процесінде несие беру мекемелерінің қызметіне тексеру тағайындай алады. Егер тексеру нәтижесінде банк заңдылықтарын бұзу жағдайларын анықталса, Ұлттық банкі анықталған кемшіліктерді міндетті түрде жоюға нұсқаулар береді. Банктің сондай ақ олардан есеп беруді, баланстар мен анықтамаларды тапсыруын талап етуге құқы бар.
Заңдылықтарды бұзған жағдайда және бұрын орын алған кемшіліктерді жою туралы елдің бас банкінің нұсөауларын орындамағанда ұлттық банкі несие беретін мекеме құрылтайшыларынан:
- Банк қаржылық сауықтыру бойынша шараларды жүзеге асыруды;
- Банктің басшылығын ауыстыруды;
- Банкті таратуды;
- Банк операцияларын жасауға берілген лицензияны қайтарып алуды талап ете алады.
Неие беру жүйесін басқару жөніндегі бүкіл әкімшілік өкілеттерін заңды тұрғыдан тек Қазақстан Ұлттық банкі ғана орындайды.
Заңдылықтар ұлттық банкке тұлғалардың міндетті түрде орындауына жататын нормативтік актілер шығару құқығын берген. Бұл - нұсқаулар, ережелер, хаттар мен жедел хаттар.
4 "Қаржылық жүйе" түсінігі сәйкес ақша-қаражаттары қорын құрып, пайдалануға негіз болатын қатынастар жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын ұйымдарды қамтиды. Қаржылық жүйе үш бөлімнен құрала-ды: қаржылық қатынастар жиынтығы, ақша-қаражаттары қорларының жиынты-ғы, басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржылық жүйе интеграциялық типтегі жүйе болып табылады, оған кіре-тін элементтеррдің (ішкі жүйелердің) тығыз байланысын сипаттайды. Фун-кционалдық ішкі жүйе ретінде мынадай көрсеткіштер қолданылады: салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлар (болжамдар), сметалық қаржыландыру, т. б. қаржы жүйесін топтастырудың функционалдық белгісімен қатар қаржылық қа-тынастарға қатысатын, қаржы субъектлері белгілері бойынша төмендегідей топтастыру жүріледі: жалпы мемлекеттік қаржы, кәсіпорын, ұйым және мекеме қаржысы, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы.
Қаржылық жүйе - қаржылық қатынастарға басқару формасын беретін өзара байланысты сфералар, ақша қаражаттар қорлары мен басқару аппаратының жиынтығы.
Қаржылық жүйенің кейбір құраушыларының орны мен ролі бірдей емес. Мемлекеттік бюджет - басты элемент, басқа жүйелер арасында алдыңғы қатарлы орын иеленеді. Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорын қаржысы да қыржы негізін құрайды және қаржылық жүйенің бастапқы звеносы болып табылады, өйткені қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі - ҰТ материалдық өндірісте жасалады. Халық (үй шаруашылығының) қаржысы қаржы-лық жүйенің ерекше бөлімі болып табылады. Халық (азамат) өзінің ақша-қаражаттары арқылы жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және мемлекеттік және басқа меншік формаларындағы өндірістік, өндірістік емес сфера кәсіпорындарымен байланысқа түседі.
Жалпы мемлекеттік қаржыға қаржы ресурстарының орталықтандырыл-ған қорының қалыптасуының экономикалық формасы ретінде республиканың мемлекеттік бюджетінде және мемлекеттің қаржылық жоспарында, қоғамдық қажеттіліктерді мақсатты қаржыландырудың қосымша формалары ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрсетілген қаржылық қатынастарды қамтиды.
5 Несиелік қатынастар қаржылық қатынастармен бірдей болмағанымен, мемлекеттік несие қаржылық жүйеге кіреді. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттік бюджет тапшылығын жабуға, мемлекеттік қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге жұмсалуына байланысты ол бойынша бюджеттік қаражат есебінен есеп айырысады. Бұл звеноны қаржылық та, несиелік те жүйе деп қа-рауға болады.
Екінші звено - бұл халық шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдары қаржысы. Оның екі дербес звеносы бар: материалдық өндіріс кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржысы; өндірістік емес сфера кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.
Бірінші звенода, өндірістік сфера қаржысында, өндірістк бірлестіктер, кәсіпорындардағы, халық шаруашылығы салаларындағы орталықтандырылмаған ақша-қаражаттары қорын қалыптастыру және эффективті пайдалану, сондай-ақ, аталған шаруашылық субъектлерінің мақсатты және резервтік қорлары қара-жаттарын орталықтандыру міндеттері шешіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz