Орал құс фабрикасындаңы бройлерді азықтандыру



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және
балық шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Орал құс фабрикасындаңы бройлерді азықтандыру

Орындаған: Айткалиева А.Х.
Тексерген: доцент, а.ш.ғ.к.
Есенгалиев Қ.Ғ.

Орал, 2011ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Қазақстандағы құс өсіру
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Құс шаруашылығынан алынаты
өнімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Құстарды азықпен қамтамасыз ету
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

ІІ. Орал құс фабрикасы және онда бройлерді
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1. "Орал құс фабрикасы"
ЖШС ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
5
2.2. Орал құс фабрикасында бройлерді
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3. Құс өсірудің түйінді мәселелері мен
қиындықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..25

Кіріспе

Қазіргі заманғы инфрақұрылымдары және технолгиялық жабдықтары бар жаңа
құс фабрикасын салу. АӨК (аграрлық өндіріс кешендері) субъектілерімен бірге
жұмыс істеу үшін сервистік дайындау орталықтары (СДО) желісін құруда
мынадай шаруларды қамтиды: азықпен қамтамасыз ету, АӨК субъектілерін жас
бройлерлермен қамтамасыз ету, халықтан жұмыртқа өнімдерін сатып алу.
Құс шаруашылығы - мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін
ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр.
Осы заманғы құс фабрикасы деп - орталықтан жылу берілетін, электр жарығы
мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы
үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше
қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық
механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық
сақталатын - инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар,
мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор
құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады.
Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі
құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі
арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте
ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып
келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене
мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын - қысқалылығы, қанаттары мен
құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше
нұсқаларда кездеседі.
Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу
жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты
құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып
табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген
сенімдемін.
Облыстың бройлерлiк құс фабрикалары сойыс салмағындағы құс етiн
өндiруге, сатуға және субсидиялар алуға өтiнiмдердi, сондай-ақ өздерiнің
өндiрiстiк қуаттары, материалдық-техникалық және азықтық базасы туралы
деректердi облыс комиссиясына ұсынады.
Облыс комиссиясы бройлерлiк құс фабрикаларының iс жүзiндегi өндiрiстiк
қуатына, материалдық-техникалық және азықтық базасына қарай бройлерлiк құс
фабрикаларының субсидия алуға арналған өтiнiмдерiн қарайды және қарау
қорытындылары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы департаментiне
(басқармасына) (бұдан әрi - департамент (басқарма) бройлерлiк құс
фабрикаларының тiзiмiн және сатылған өз өндiруiндегi құс етi үшiн
субсидиялар көлемiн ұсынады.
Құс өсіру ауылшаруашылығындағы ең жылдам өсіп жетілетін салалардың
бірі, ол елдің азық-түлік ресурстарын тиімді әрі тез толтырып отыруға үлкен
мүмкіндіктер береді. Реформалау жылдарында құс өндірісінің дамуына кедергі
келтірген көптеген кертартпа жағдайлар орын алған болатын. Жекелеген құс
фабрикаларында құс басының күрт төмендеп кетті, құстардың өнім бергіштігі
төмендеп, көптеген құс фабрикалары мен мемлекеттік құс өсіру зауыттары өз
жұмыстарын тоқтатуына мәжбүр болды. Құс фабрикаларын қайта қалпына келтіру
және жетілдіру жұмыстарын жүргізуді қолға алу керек. Сервистік дайындау
орталықтары желісін құру қажет, өткені құс етін өндірудегі нарықтың 80
пайызға жуығы жеке сектордың үлесіне тиесілі болып табылады.
І. Қазақстандағы құс өсіру шаруашылығы
1.1. Құс шаруашылығынан алынаты өнімдері

Бұрындары ең күшті құс өсіру саласы қалыптасқан Қазақстандағы осы
шаруа бағыты бүгінгі күні тым құлдырап кеткен. Соның ішінде біздің
облысымызда да құс өсіру құлдыраған күйінде. Жағдайдан шығудың жолы бар ма?
Жұмыртқа өндірісінде бизнес ашу тиімсіз, яғни жергілікті жұмыртқалар
өзіндік құнынан төмен бағада сатылуда. Өз нарығымызда отандық жұмыртқалар
нарықта тек 30-35 пайыз орын алып айналымға салынып отырғанын мойындауымыз
керек. Бұл мәселе соңғы айлар ішінде түйінді болып шыға келді, өйткені
Ресейден жұмыртқаның үлкен көлемде жеткізілуі осыған ықпал етті. Ресейде
құс өсіру саласын дамыту осы жылы Мемлекеттің ұлттық жобалары қатарына
еніп, нәтижесінде бұрын тұралап қалған 12 бірдей ірі құс фабрикалары іске
қосылды. Олардың кейбірі Қазақстанға жақын аймақтарда – Челябі, Свердловск
және Новосибирск облыстарында орналасқан. Бұрындары бұл өңір жұмыртқаны
Сібір және Алыс Шығыс елдерінен тасымалдап жеткізуші еді, ал қазіргі
уақытта өз өнімдерін біздің елге ұсынып отыр. Салыстырып қарағанда, бір
ғана Челябі облысында құс басы Қазақстандағы барлық құс басынан асып
жығылады. Құс өсірушілер Одағының деректері бойынша Қазақстанда жан басына
шаққанды жылына 150 жұмыртқа өндіріледі. Ал Челябі облысында бұл көрсеткіш
– 370-380 данадан тиеді. 2000-2002 жылдары барлық ресейлік құс өсіру
кәсіпорындары қайта жарақтандырылған болатын. Сондықтан қазіргі уақытта
Қазақстан Ресей жұмыртқасына ешқандай да бәсекелес бола алмайды. Ресей
жұмыртқасы біздікіне қарағанда анағұрлым арзан. Бұдан өз жұмыртқаларымызды
нарықта өткізе алу үшін олардың бағасын өзіндік құннан да төмен бағада
сатуға тиіспіз. Алайда бұл мүмкін емес. Қазіргі уақытта қоймада 6 млн дана
жұмыртқа бар, құны, шамамен, 27 млн. теңгені құрайды. Сонымен қатар, біз
жұмысшылар алдында еңбек ақы қарыздарын беру үшін және тасымалдау
шығындарын жабу үшін банктен несие алуға мәжбүрміз. Ресейде тауық
жұмыртқасын шығаратын барлық құс фабрикалары федералдық және облыстық
қолдаулар көрсетулерді пайдаланады. Біздің елде ешқандай көмек
көрсетілмейді. Соңғы жылдары ЖЖМ шығындары мен жем-шөптік дәнге кеткен
шығындар 3 жыл ішінде 70 пайызға қымбаттады. Олармен бірге егу дәрілері мен
минералды қоспалар да қымбаттады. Мамандар жетіспеушілігі өткір мәселеге
айналды. Осындай келеңсіздіктердің орын алуына, шындап келгенде, өзіміз
кінәліміз және бүгінгі күні өзіміздің әрекетсіздігімізден опық жеп отырмыз.

Дей тұрғанмен, жергілікті атқарушы органдар біздің институттың қандай
да бір базасының негізінде құс өсіру тобын құруға ықпал етуін қалаймыз.
Бірнеше мамандарды даярлауға. Олардың оқу ақысын төлеуге институт күш салар
еді. Ресей құс өсіру кәсіпорындары ,бұл орайда, өз материалдарымен және оқу
әдебиеттерімен бөлісуге дайын.
Бройлер етін өндіруде кедергі болатын негізгі себептердің бірі – оның
бәсекеге қабілетті емес бағасы болып табылады. Жоғары баға отандық
өнімдердің өзіндік құнының жоғары болуынан туындайды. Одан өзге шеттен
импортталатын тауар бағасының арзан болуы, окорочка түрінде келетін
өнімдерді баса алмауы да себеп. Бұл құс өсіру өндірісін дамытуға ғана
кедергі келтіріп қоймай, бүкіл мал өсіру саласына қауіп төндіреді. Өйткені,
импортталатын окорочка біздің өнімдерімізге қарағанда 4 есе арзан (кеден
декларациясының құны 70 теңгеден, килограммына 270-280 теңгеден тиеді).
Жұмыртқаны алып қарайтын болсақ, ол Ресейден ондығына 100 теңгеден
жеткізіледі. Бұл салыстырмалы түрде, отандық өнімдеріміздің өзіндік құнынан
30 пайызға төмен. Осындай жағдайда құс еті мен жұмыртқасының басым бөлігі
(70%) республикамыздан тыс елдерден импортталып жатқанда, отандық тауар
өндірушілердің мүдделері қорғалмайды, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне
қатер төнеді, өйткені азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі бар болғаны 25
пайыздан аса алмай отыр.
Көптеген құс фабрикалары және құс өсіру шаруашылықтары техникалық
жарақтандырылған. Дегенмен олардың біраз бөлігі тозығы жеткен жабдықтармен
жұмыс істеуде. Көптеген құс фабрикалары (Алматы Құс, Ардагер, Ақнар қф,
Оңтүстік Құс және т.б.) тіпті ең қиын кезеңдерде де қаржы мүмкіндіктерін
қарастырып, қазіргі заманғы техникалық құралдармен жабдықтап, бәсекеге
қабілетті құс өнімдерін шығарудан қалыспай келеді. Барлық жабдықтар мен
қосымша агрегаттар түрлендірудің жоғары деңгейіне ие және олар шетелдік
зауыттарда Германия, Голландия, Ресей, Украина сияқты елдерде шығарылады.
Кешенді технология және түрлендірілген машиналар жұмысшылар еңбегінің
өнімділігін екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Құс өсірудің негізгі өнімдері – ет және жұмыртқа. Ішкі ағзалары мен
қауырсын, ұлпалары да қолданысқа жаратылады.
Жұмыртқа – толық құндылықтағы диеталық өнім. Құс жұмыртқаларында 35
түрлі химиялық элементтер болады. Құс жұмыртқаларының ағуызында аминді
қышқыл, минералды заттар жиыны бар. Тағамдық қолданысқа тауық, перепелок
және цесарок жұмыртқалары ұсынылады. Үндік жұмыртқалары аса нәрлі және
жақсы дәмдік қасиеттерге ие. Ал олардың тығыз қабыршағы жұмыртқалардың ұзақ
уақытқа сақталуына мүмкіндік береді. Алайда, бұл жұмыртқалар үйрек және қаз
жұмыртқалары секілді жас төл алуға, одан ет өнімдерін алуға өте тиімді
болып табылады.
Құс еті өте нәрлі және биологиялық құндылығы жоғары, керемет диеталық
және ас мәзірін жасауда жоғары сапалы болуына қарай ерекшеленеді. Тауық еті
– мерекелік, сонымен қатар төмен калориялық диеталық өнім болып табылады,
ол адам ағзасына жеңіл сіңеді. Тауық еті толық құндылықтағы ағуыздарға,
дәрумендерге бай, майы аз, құрамында көмірсутектер мүлде жоқ деуге болады.
Құс етінің майы, жұмыртқа майы сияқты өте жоғары деңгейдегі толыққұнды
өнім санатына кіреді. Үйрек майы фармацевтикалық өндірісте қолданылады. Ал
арнайы азықтандыру арқылы алынған ірі бауыры жеңсік ас деп танылады. Ет
сапасы құстың түріне, тұқымына, жасына және жынысына қарай және
азықтануына, күтіп-баптауына қарай әртүрлі болады. Жақсы жемделген құс еті
біршама жұмсақ, сулы және мерекелік дастарханға лайық бола алады. Көбінесе
жас бройлерлер еті сапасы жағынан бірден көзге түседі.
Қауырсыны мен ұлпасы құстың тірі салмағының 8 пайызын ғана құрайды.
Қауырсын мен ұлпа жастықтар, көрпешелер, көрпе және бас киімдер, сәндік
бұйымдарын және т.б. жасау үшін қолданылады.
Құс қиы (саңырақ, төсем) – жылдам әсер ететін құнды тыңайтқыш,
әсіресе, жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын өсіруде қолдануға тиімді.
Осылайша, тек негізгі өнімді алып қана қоймай, адам үшін үлкен құндылықтар
бере алатын өнімдерді алуға болады.
Ауылшаруашылығындағы құс жылдам жетілуімен, жоғары өнімділігімен,
талғамсыз қоректенуімен сипатталады.
Жылдам жетілуі – құсты өсіруге жұмсалған шығынды өнімділігімен қайтару
кезі басталған құс жасы. Өзге тез жетілгіш ағзаларға қарағанда құс өнімі
ең жылдам жетілетін өнім. Перепелок құсы өзінің алғашқы жұмыртқаларын 1,5
айға толған кезіне бере бастайды, тауық және үйрек 5-6 айға толғанда
жұмыртқалайды, цесарок 7 айында, ал үндіктер 7-8 айында, қаздар 8-10 айында
жұмыртқалайды.
Өнімділігі – ауылшаруашылығындағы құстар жоғары өнімділіктерге ие. Бір
тауықтан жылына 100 балапан алуға болады.
Ауылшаруашылығындағы құстар талғамсыз тамақтанады. Олардың ас қорыту
органдары өсімдік тектес және жануар тектес өнімдердің қай түрін болса да
талғамай қорыта береді.
Қазіргі заманғы құс өсіру өндірісі – мал шаруашылығындағы біршама
рентабельді сала.
Тиімділіктің негізгі көрсеткіштері ретінде мыналарды қарастыруға
болады:
1) Жемді конверсиялау, яғни, өнім бірлігіне тұтынылатын жем
мөлшерінің қатынасы. Ет өндіруші құс өсірушілерде жемді конверсиялау – бұл
тұтынылатын жем салмағы алынатын ет салмағына тең келуі. Әлемдегі ең үздік
құс өсірушілерде бұл көрсеткіш бойынша 1 кг етке – 2 кг жем жұмсалады.
2) Жұмыртқа беретін құс өсірушілерде конверсия коэффициенті 10 дана
жұмыртқа алуға жұмсалатын жем мөлшері болып табылады. Алдыңғы қатарлы құс
фабрикаларында бұл көрсеткіш 1,25 – 1,27 тең.
3) Бройлерлер үшін тиімділік көрсеткіші орта тәуліктік салмағы
болып табылады. Үздік көрсеткіштер – сөткесіне 40-45 грамм қосады;
Аталған үш көрсеткіш кәсіпорынның жұмыс сапасының интегральды
сипаттамасы болып табылады. Осы факторлардың сапасына байланысты өндірісте
қолданылатын жем, жемдеу технологиясы, ветеринария деңгейі және мамандар
даярлығы тиісті деңгейде болуы керек.
Бұл өндірістік құс өсіру саласын дамыту мәселесіне қатысты болмақ.
Алайда, осы жобада жеке үй шаруашылықтары (жеке сектор) туралы да
мәселе қамтылады.
1) Ауылшаруашылығы әрдайым ұсақ шығындарға жиі кездеседі және ұсақ
шаруаларға қолдау көрсету үздіксіз болуға тиіс.
2) Ауыл шаруашылығында шағын жобалар желісін құру;
3) Ұсақ шаруа қожалықтарын жеммен, ветеринарлық қадағалаумен
қамтамасыз етуді қамтамасыз ету керек.
Құнды және құнарлы құстың еті. Биологиялық құндылығы қаз бен үйректен
артық, протеиндер көп, май аз, элит тұқымды тауықтан орташа 2,5кг ет алуға
болады. Өнім түрлеріне қарай 3-ке бөлінеді: тұқымы жұмыртқа беретін,
жұмыртқа мен ет беретін, тек қана ет беретін болып бөлінеді. Жұмыртқа және
ет беретін тұқымын өсірген дұрыс, өйткені, осы тұқымды өсіргенде салған
қаражат тез қайтарылып, табыс тез түседі.
Тауықтар 10 жылға дейін жұмыртқа береді, әсіресе бірінші 2-3 жылда
жақсы береді, сондықтан оларды жас тауықтарға ауыстырып тұру керек.
Біздің мысалымызда: жоспар бойынша тауықтарды 1-2 жыл жұмыртқа
алғанша ұстайды, сонан соң етке өткізіп олардың орнына жас тауықтарды өз
өндірісінен алады. Мына мысалда, біздің мақсатымыз жұмыртқа және ет беретін
тауық тұқымын өсіретін кішкентай мекеме құрып, сонан кейін оны тауық
балаларын шығаратын инкубациялық өндіріске айналдыру.
Ахал велоятының гяур этрапында ауылдық жерде Овезмұратовтар жанұясы
тұрады. Олардың кішкене жер учаскесі бар, сол жерде олар өздерінің
қажеттерін өтеу үшін тауық өсіреді. Тауық өсіруден біраз тәжірибе жинаған.
Тауықты өсіруге шешім қабылдаған себебі, жанұя тек қана жұмыртқа мен ет
емес, осы бизнестен біраз ақшалар табады. Бұл бизнесті бастамас бұрын үй
қожасы Турцияға барып келіп өте өркендеген мини құс фермасының жұмысымен
танысты, ол элит тұқымды тауық өсірді. Соның мамандарынан тауық өсірудің
өндірісі және осы бизнесті қаржыландыру жөнінде консультация алды. Мамандар
ет-жұмыртқа тұқымын өсірген, тек қана ет тұқымын өсіргеннен көп пайдалы деп
кеңес берген. Өйткені, ет тұқымы көптеген жемді қажет етеді және оған көп
еңбек ету керек. Егер ферма жұмыртқа және ет өнімдерін қатар өткізсе, оның
шығыны орнына тез қайтады және бұл бизнес конкуренцияға жарайды.
Овезмуратовтар өзінің бизнесін тіркеді. Мемлекет бұл жұмысты қолдап, салық
жеңілдігін жасады, тауық фермасын құруға бизнес жоспар жасалды, банктен
кредит алуға қосымша қаржы көздері қаралды.
Шағын жобалар құрумен жұмыс істеу барысында, аталмыш жобалар тиімді
бола лады, егер белгілі бір жүйе аясында және қажетті инфрақұрылымдар
болған жағдайда. Бұл орайда Қостанай облысында Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
бағдарламасын әзірлеу қажеттілігін тудырады. Бұл сәйкес жүйені құрудың
негізгі идеясы болып табылады (сервистік дайындау орталықтарының желісі).
Оған көптеген бизнес қатысушылары бірге қатысатын болады. Бақылау
жұмыстарын жүргізу, қандай да бір мамандардың кеңесін алу, халықтан құс
қабылдау, ет және өнімді өңдеуден өткізуді одан әрі дамыту.

1.2. Құстарды азықпен қамтамасыз ету

Қазақстан өңірлері бойынша ең негізгі фактор болып тауық тұқымындағы
асыл тұқымдыларды көбейтумен бірге оларды азықпен қамтамасыз ету де қоса
қарастырылуға тиіс. Осы факторды алға тарқанда, шаруаның жағдайы жай ғана
нашар емес, өте нашар деп танылады. Себебі, Қостанай облысындағы аграрлық
сала бұрын құс өсіретін кәсіпорындарға құрама жемнің негізгі бөлімі ретінде
арпа, жем жеткізіп отырған. Қазіргі уақытта облыстағы егіс далаларында
аталмыш дақылдың мөлшері жоқтың қасы, барлық шаруалар бидай өсірумен
айналысуда. Ол түсінікті де, бидай бағасы қазіргі уақытта шарықтап тұр, ал
арпа, сұлы дақылдары тиімсіз өнім ретінде көлеңкеде қалды. Ол сауда-
саттықта да, егістікте де тиімсіз болып қалды. Осы себепті Қостанайлық құс
өсірушілер көрші Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен арпа жеткізу
үшін келісімдерге отырады. Солтүстік Қазақстан облысы бұл дақылдарды
өздерінің егіс даласынан тысқары қалдырған жоқ. Ол жақтан дақылды жеткізу
темір жол арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүкті түсіріп алушы үшін біршама
қымбатқа түсетін тасымалдау жолы. Оның салдары, әрине, өнімнің өзіндік
құнының жоғарылауына ықпал етеді.
Әлемдік тәжірибелерге қарайтын болсақ, құс өсіру жұмысының біздің
елімізге ыңғайлы түрі - құс фабрикаларын салуда түрік моделі болып
табылады. Осы модель пайда болған Түркияда құс фабрикасын диірмен
кешендерінің жанына немесе сол аумаққа іргелес салады. Бұл амал азық
өнімдерін тасымалдауда және оны сатып алуда артық шығындар жұмсамауға
мүмкіндік береді.
Қыс мезгілінде өсіру. Қораны арасына жылу сақтайтын жабын салынған екі
қабатты тақтайлардан жасайды, оның терезесі мен желдеткіші болуы керек.
Мұндай жылы жабындар шатыр мен төбенің арасына да салынады. Қораға жылытқыш
құралдар орнатып, электр жарығын жүргізеді. Қыста күн жылы кезде жылу
сүйетін қырғауылдарды тор қораға, күн көзіне шығаруға болады, алайда сарай
есігі үнемі ашық болуы керек, өйткені қай жерде ыңғайлы болатынын құстардың
өздері таңдайды.
Жемдерді түрлі топтарға бөледі, дәнді: жүгері, сұлы, арпа, бұршақты,
шөпті: көк шөп (жоңышқа, беде, бұршақ, жас қалақай). Көк шөпті
қырғауылдарға жаңадан шабылған жас күйінде, ұнтақтап немесе басқа жеммен
араластырып, сулы быламық ретінде беру қажет. Жас шөпті жеке жем салғышқа
салып та беруге болады. Қырғауыл балапандарының әр басы күн сайын 5-15 гр.
жас шөп жесе, ересек қырғауылдар - 20-30 гр тұтынады.
Жас шөп каротиннің, түрлі дәрумендердің, көбіне ақуыздың қайнар көзі
болып табылады. Құстардың балапандарына мал жемдері ерекше қажет. Құстардың
азығы үшін ұйыған сүт, ірімшік, қаймағы алынған сүт, ацидофильді сүт
секілді сүт тағамдары да пайдаланылады. Балықты, балық ұнын алдын ала
қайнатып, ұнтақтап береді.
Мысыр тауығы жем талғамайды, бірақ олардың спецификалық ерекшеліктерін
және сұраныстарын ескеру керек. Ересек мысыр тауығы үшін негізгі азық
мөлшері 130-150г. құрама жемнен немесе аралас бидайдан (тары, үгітілген
жүгері, жом) тұрады. Бұдан бөлек, туралған шөп пен көкөніс сабақтары
түріндегі жасыл жем де жеуі тиіс. Азық мөлшеріндегі астық жемін түрлі
үстелден қалған (піскен картоп, ботқа және т.б.) тамақ қалдықтарымен
алмастыруға болады: наубайшы ашытқысынан шыққан және т.б. Ересек мысыр
тауықтарына күніне үш рет жем береді: таңертең сағат 7-8-де, түскі сағат 12-
14-те және кешке сағат 18-19-да. Суды астауға құйған жөн, тауықтардағы
секілді оны күніне үш рет ауыстыру керек. Қыста 5°С температурадан төмен
болмайтын, күн шығып тұрған уақытта оларды аулаға серуендеуге шығару қажет.
Ал күн суық кезде көп уақытқа болмаса да, бірақ күн сайын құс қораны
желдету барысында мысыр тауықтарын дәлізге немесе галереяға шығарып тұрған
орынды.
Күрке тауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар
көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру
керек. Тамақтану рационында дәнді-дақылдар әр күрке тауыққа 250-300 г-нан
келуі тиіс.
Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әр түрлі көк
жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ
шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды азық (арпа,
жүгері, тары, бидай кебегі) болып үшке бөлінеді.
Жаз мезгілінде күрке тауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс
жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т.б. өзі
тауып жейді. Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығы туралы
Бройлер балапандарын азықтандыру
Бройлер балапандарын өсіру
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру
Тауықтарды және балапандарды азықтандыру және күту ерекшеліктері
Ауылшаруашылығы құстарының гигиенасы жайлы ақпарат
Жемнің химиялық құрамын талдау
Тауық қораға арналған іргетас
Үй құстарын нормамен азықтандыру
Балапандарды өсіру
Пәндер