Бройлер балапандарын азықтандыру



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Биотехнология, мал және
балық шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бройлер балапандарын азықтандыру

Орындаған: Нарынбаева Қ.Б.
Тексерген: доцент, а.ш.ғ.к.,
Есенгалиев Қ.Ғ.

Орал, 2011ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰСТАРДЫ АЗЫҚТАНДЫРУ ... ... ... ... .5
1.1. Құстарды азықпен қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Тауықты және тауық балапанын
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ. БРОЙЛЕР
БАЛАПАНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..14
2.1. Бройлер балапандарын
өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..14
2.2. Бройлер балапандарына азық
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .24

Кіріспе

Құс шаруашылығы — бағалы құс еті және жұмыртқамен, қауырсынмен
қамтамасыз ететін шаруашылық саласы.
Жоғары сапалы толық рациондармен азықтандырғанда тауық мекиендері
жылына 240—280 жұмыртқа береді, әр 1000 жұмыртқаға— 1,5-1,7ц азық өлшемі
жұмсалады. Тор ішінде өсірілген ет бағытындағы балапандар 49—57 күнде
1,5—1,7 кг тірілей салмақ тартып, әр 1кг қосымша салмаққа 1,9—2,4 кг құрама
жем жұмсалады. Өзінің тәуліктік салмағын өмірінің алғашқы 50 күнінде тауық
және үйрек балапандары —40—45 есе, қаз бен күрке тауық балапандары 30—35
есе өсіріп, адам тағамына қажетті бағалы да дәмді ет береді.
Толық рациондық құрама жемге қосылатын премикстардағы
микроэлементтердің тұздары құсты қажетті биогендік микроэлементтермен
(темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, иод) қамтамасыз етеді.
Құс өсіру ауылшаруашылығындағы ең жылдам өсіп жетілетін салалардың
бірі, ол елдің азық-түлік ресурстарын тиімді әрі тез толтырып отыруға үлкен
мүмкіндіктер береді. Реформалау жылдарында құс өндірісінің дамуына кедергі
келтірген көптеген кертартпа жағдайлар орын алған болатын.
Бройлер етін өндіруде кедергі болатын негізгі себептердің бірі – оның
бәсекеге қабілетті емес бағасы болып табылады. Жоғары баға отандық
өнімдердің өзіндік құнының жоғары болуынан туындайды. Одан өзге шеттен
импортталатын тауар бағасының арзан болуы, окорочка түрінде келетін
өнімдерді баса алмауы да себеп. Бұл құс өсіру өндірісін дамытуға ғана
кедергі келтіріп қоймай, бүкіл мал өсіру саласына қауіп төндіреді.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, күрке тауықтар, үйректер, қаздар,
мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құс шаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор
құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады.
Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі
құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі
арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте
ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардың тұлғасы жинақы да, жұмыр болып
келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене
мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын - қысқалылығы, қанаттары мен
құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше
нұсқаларда кездеседі.
Облыс комиссиясы бройлерлiк құс фабрикаларының iс жүзiндегi өндiрiстiк
қуатына, материалдық-техникалық және азықтық базасына қарай бройлерлiк құс
фабрикаларының субсидия алуға арналған өтiнiмдерiн қарайды және қарау
қорытындылары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы департаментiне
(басқармасына) (бұдан әрi - департамент (басқарма) бройлерлiк құс
фабрикаларының тiзiмiн және сатылған өз өндiруiндегi құс етi үшiн
субсидиялар көлемiн ұсынады.
І. Құс шаруашылығы және құстарды азықтандыру
1.1. Құстарды азықпен қамтамасыз ету

Құс шаруашылығы - мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін
ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр.
Осы заманғы құс фабрикасы деп - орталықтан жылу берілетін, электр жарығы
мен жүзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы
үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше
қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық
механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық
сақталатын - инкубаторлардан шығады.
Құс өсіру ауылшаруашылығындағы ең жылдам өсіп жетілетін салалардың
бірі, ол елдің азық-түлік ресурстарын тиімді әрі тез толтырып отыруға үлкен
мүмкіндіктер береді. Реформалау жылдарында құс өндірісінің дамуына кедергі
келтірген көптеген кертартпа жағдайлар орын алған болатын. Жекелеген құс
фабрикаларында құс басының күрт төмендеп кетті, құстардың өнім бергіштігі
төмендеп, көптеген құс фабрикалары мен мемлекеттік құс өсіру зауыттары өз
жұмыстарын тоқтатуына мәжбүр болды. Құс фабрикаларын қайта қалпына келтіру
және жетілдіру жұмыстарын жүргізуді қолға алу керек. Сервистік дайындау
орталықтары желісін құру қажет, өткені құс етін өндірудегі нарықтың 80
пайызға жуығы жеке сектордың үлесіне тиесілі болып табылады.
Әлемдік тәжірибелерге қарайтын болсақ, құс өсіру жұмысының біздің
елімізге ыңғайлы түрі - құс фабрикаларын салуда түрік моделі болып
табылады. Осы модель пайда болған Түркияда құс фабрикасын диірмен
кешендерінің жанына немесе сол аумаққа іргелес салады. Бұл амал азық
өнімдерін тасымалдауда және оны сатып алуда артық шығындар жұмсамауға
мүмкіндік береді.
Қыс мезгілінде өсіру. Қораны арасына жылу сақтайтын жабын салынған екі
қабатты тақтайлардан жасайды, оның терезесі мен желдеткіші болуы керек.
Мұндай жылы жабындар шатыр мен төбенің арасына да салынады. Қораға жылытқыш
құралдар орнатып, электр жарығын жүргізеді. Қыста күн жылы кезде жылу
сүйетін қырғауылдарды тор қораға, күн көзіне шығаруға болады, алайда сарай
есігі үнемі ашық болуы керек, өйткені қай жерде ыңғайлы болатынын құстардың
өздері таңдайды.
Жемдерді түрлі топтарға бөледі, дәнді: жүгері, сұлы, арпа, бұршақты,
шөпті: көк шөп (жоңышқа, беде, бұршақ, жас қалақай). Көк шөпті
қырғауылдарға жаңадан шабылған жас күйінде, ұнтақтап немесе басқа жеммен
араластырып, сулы быламық ретінде беру қажет. Жас шөпті жеке жем салғышқа
салып та беруге болады. Қырғауыл балапандарының әр басы күн сайын 5-15 гр.
жас шөп жесе, ересек қырғауылдар - 20-30 гр тұтынады.
Жас шөп каротиннің, түрлі дәрумендердің, көбіне ақуыздың қайнар көзі
болып табылады. Құстардың балапандарына мал жемдері ерекше қажет. Құстардың
азығы үшін ұйыған сүт, ірімшік, қаймағы алынған сүт, ацидофильді сүт
секілді сүт тағамдары да пайдаланылады. Балықты, балық ұнын алдын ала
қайнатып, ұнтақтап береді.
Мысыр тауығы жем талғамайды, бірақ олардың спецификалық ерекшеліктерін
және сұраныстарын ескеру керек. Ересек мысыр тауығы үшін негізгі азық
мөлшері 130-150г. құрама жемнен немесе аралас бидайдан (тары, үгітілген
жүгері, жом) тұрады. Бұдан бөлек, туралған шөп пен көкөніс сабақтары
түріндегі жасыл жем де жеуі тиіс. Азық мөлшеріндегі астық жемін түрлі
үстелден қалған (піскен картоп, ботқа және т.б.) тамақ қалдықтарымен
алмастыруға болады: наубайшы ашытқысынан шыққан және т.б. Ересек мысыр
тауықтарына күніне үш рет жем береді: таңертең сағат 7-8-де, түскі сағат 12-
14-те және кешке сағат 18-19-да. Суды астауға құйған жөн, тауықтардағы
секілді оны күніне үш рет ауыстыру керек. Қыста 5°С температурадан төмен
болмайтын, күн шығып тұрған уақытта оларды аулаға серуендеуге шығару қажет.
Ал күн суық кезде көп уақытқа болмаса да, бірақ күн сайын құс қораны
желдету барысында мысыр тауықтарын дәлізге немесе галереяға шығарып тұрған
орынды.
Күрке тауықтардың салмағын арттыру үшін оларға ақуызды тағамдар
көбірек қажет. Қыс мезгілінде 3 рет, ал көктем айларында 4-5 рет жем беру
керек. Тамақтану рационында дәнді-дақылдар әр күрке тауыққа 250-300г-нан
келуі тиіс.
Жем беру шырынды (картоп, қызылша, орамжапырақ, асқабақ, әр түрлі көк
жемдер мен сүрленген шөп), дәруменді қоспалар (шикі сәбіз, асқабақ, бұршақ
шөптері, шөптің және қылқан жапырақтың ұны) және дәнді дақылды азық (арпа,
жүгері, тары, бидай кебегі) болып үшке бөлінеді.
Жаз мезгілінде күрке тауықтарға жем беру оңайлатылады. Егер құс
жайылымда болса, онда ол әртүрлі көк шөптерді, жәндіктерді және т.б. өзі
тауып жейді. Егер жайылымға шығару мүмкіндігі болмаса, арнайы алаңдар
жасап, оларды жем беру ақырларымен, суару науаларымен, көлеңке қалқалармен
жабдықтап, алаңға шөп сеуіп қояды. Қыста сыртқа шығаратын алаңды қардан
тазартып, сабан төсейді және уыстап жем шашады. Жемді құстар оны іздеп
үнемі қозғалыста болсын деп уыстап шашады. Егер сырттағы температура -10°С-
ден төмен болса, онда құстарды сыртқа шығармайды.
Тауықтарды көбейтуді олардың ұрғашыларын жұмыртқаға 27-30 күн бастыру
арқылы немесе жұмыртқаларды пайдалана отырып инкубаторда да жүзеге асыруға
болады. Егер көбейтудің бастапқы кезеңінде инкубаторлық станциялар мен құс
фабрикаларынан бір тәулік болған балапандарды алсаңыз, қиындықтар да аз
болады. Немесе оларды инкубациялық жолмен де өсіруге болады.
Балапандарды тауықсыз шығарған кезде алдын ала лайықты орын дайындау
қажет. Ең дұрысы – полиэтилен қаптамамен қапталған (төбесі мен алдынан
басқа) тор. Жылыту үшін 250 Вт. лампаны қолданып, температураны 36°С-ден
төмен түсірмеу қажет. Жем беретін ыдысын, су беру науасын және майда ойығы
бар май шамды тордың суық жеріне орналастыру қажет. Төсенішті (ең дұрысы
сабан немесе пішен) – күнделікті ауыстырып тұру қажет. 2-2,5 айдан кейін
күрке тауық балапандарын құс қорасына ауыстыруға болады. Онда жел болмауы
керек, жылытқыш шам қою қажет.
Тауық балапандарын алғашқы күндері ұсақтап туралған піскен
жұмыртқалармен қоректендіреді. 5-10 күн аралығында азығына ұсақтап туралған
ет, құмырсқа жұмыртқасын, жасыл пияз бен салат, тәтті ірімшік қосады.
Оныншы күннен бастап өсіп қалған балапандар азығын қаймағы алынбаған сүтке
араластырылған піскен картоп пен бидай кебегіне, буға піскен тарыға,
бидайға, ұсақталған арпаға, ірімшікке, әртүрлі ас үй қалдықтарына, үстеме
қосу керек болса әртүрлі көк шөптерге ауыстырады. Қаймағы алынбаған немесе
алынған сүтті, жылы, бөлме температурасындағы суды (суға жұмыртқаның
сарысын араластырып жіберсе пайдалы болады) 5-6 күннен бастап беруге
болады.
1.2. Тауықты және тауық балапанын азықтандыру

Қазақстан өңірлері бойынша ең негізгі фактор болып тауық тұқымындағы
асыл тұқымдыларды көбейтумен бірге оларды азықпен қамтамасыз ету де қоса
қарастырылуға тиіс. Осы факторды алға тарқанда, шаруаның жағдайы жай ғана
нашар емес, өте нашар деп танылады. Себебі, Қостанай облысындағы аграрлық
сала бұрын құс өсіретін кәсіпорындарға құрама жемнің негізгі бөлімі ретінде
арпа, жем жеткізіп отырған. Қазіргі уақытта облыстағы егіс далаларында
аталмыш дақылдың мөлшері жоқтың қасы, барлық шаруалар бидай өсірумен
айналысуда. Ол түсінікті де, бидай бағасы қазіргі уақытта шарықтап тұр, ал
арпа, сұлы дақылдары тиімсіз өнім ретінде көлеңкеде қалды. Ол сауда-
саттықта да, егістікте де тиімсіз болып қалды. Осы себепті Қостанайлық құс
өсірушілер көрші Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен арпа жеткізу
үшін келісімдерге отырады. Солтүстік Қазақстан облысы бұл дақылдарды
өздерінің егіс даласынан тысқары қалдырған жоқ. Ол жақтан дақылды жеткізу
темір жол арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүкті түсіріп алушы үшін біршама
қымбатқа түсетін тасымалдау жолы. Оның салдары, әрине, өнімнің өзіндік
құнының жоғарылауына ықпал етеді.
Биологиялық толық сапалы белок ендіру жағынан мекиендер алдыңғы орында
түр. Жылына 250 жұмыртқа салатын мекиен өзінің тірілей салмағының әр 1
килограмына 875, ал 5000 кг сүт сауылатын сиыр — небәрі 275 г белок
өндіреді екен. Тауық жұмыртқасы 58 процент белоктан (ақзат) 32 процент
жұмыртқа сарысынан және 10 процент жұмыртқа қабығынан тұрады. Жұмыртқаның
жалпы 100 граммының қуаттылығы 640кДж. Берілетін азық мөлшері мекиендердін,
тірілей салмағына, өсіру жағдайларына байланысты. Мысалы, торда өсірілген
мекиендер көп қимылдамайтындықтан, энергияны да аз шығындайды. Мысалы,
салмағы 2,0 килограмдық мекиенге торда ұстаса — 0,737, еденде ұстаса —
0,804МДЖ алмасу энергиясы қажет. Ал тауықтардың жалпы энергияға мұқтаждығы
жұмыртқалағыштығына байланысты —2 килограмдық мекиенге жұмыртқалағыштығы 50
процент болса—1,060, 70 процент болса—1,190 МДЖ алмасу энергиясы қажет.
Еденде өсірілген мекиендердің мұқтаждығы 5—8 процент жоғары болады.
Осы мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін мекиендер - өздерінін,
физиологиялық мүмкіндігі бойынша жей алатын 120—130 г құрама жемімен
қажетті энергия қорын сіңіруі керек. Жоғары өнімді құс шаруашылығында
алмасу энергиясының деңгейін көтеру үшін жемге азықтық майлар қосады.
Азықтық энергия деңгейімен қатар мекиендерді жеткілікті келемде
жұмыртқа ағын түзуге жұмсалатын бағалы протеинмен қамтамасыз ету қажет.
Тіршілік мұқтаждығына мекиеннін, әр 1кг тірілей салмағына 3 г, ал 100 г
жұмыртқа түзуіне — соған қосымша 28 г протеин керек.
Мекиеннің протеинге мұқтаждығы жасына және жұмыртқалағыштығына
байланысты өзгереді. Осыған сәйкес тауықты азықтандыруды бірнеше кезеңге
бөледі: 1-ші кезең 20—40 апталығында жұмыртқалағыштығы 80—85 процент
кезінде азықтағы шикі протеин мөлшері 17 процент, 2-ші кезең 20—40
аптадан асып, жұмыртқалағыштығы 70—75 процент болғанда—15 процент, 3-ші
кезең — одан сақайып жұмыртқалағыштығы 65 процентке түскенде—12 процент
болады. Тауықтың тәулігіне жеген құрама жемінің қуаттылығы 1,130МДЖ алмасу
энергиясына теңелсе, оның құрғақ затында 0,90 процент аргинин, 0,75 лизин,
0,60 процент метионин мен цистин, 0,17 процент триптофан болу қажет.
Азығында күкіртті амин қышқылдары жетіспесе торда өсірілген жас мекиендер
мен балапандар арасында қауырсынын, жұмыртқасын және бірін-бірі шоқып жеп
қоюшылық жиі орын алады. Оған жол бермес үшін азыққа 3—5 процент көлемінде
гидролизделінген қауырсын ұнын, 2 процент ас тұзын қосып, суды көп
ішкізеді. Рационға клетчаткаға бай азықтар енгізеді. Рационның
аминқышқылдық құрамын жақсарту үшін рационды жануар тектес азықтармен
(балық, ет, ет-сүйек ұнымен), ашытқылармен, азықтық аминқышқылдық
қосындылармен, соя шротымен байытады.
Мекиендердің фосфорға мұқтаждығы құрама жем салмағының 0,7
процентіндей. Сондықтан жоғары өнімді мекиендер азығын фосфордың
қосындыларымен де байытқан жөн.
Жұмыртқамен құс денесінен көптеген микроэлементтер шығарылады. Азықта
марганец пен мырыш жетіспесе, олардың жұмыртқадағы деңгейі төмендеп, соның
әсерінен жұмыртқадағы ұрық нашар дамиды. Басқа микроэлементтерден
мекиендердің организміндегі алмасу барысын жеделдететін қалқан безінін,
гормондарын түзуге қатынасын иодтың маңызы зор. Құрама жемнің әр 1
килограмында 0,35—0,45мг иод болуы керек.
Құрама жемдегі темір мен мыс мөлшері әдетте мекиендер мұқтаждығына
жеткілікті. Сонда да микроэлементтер жетіспеушілікке жол бермеу үшін
заводтарда дайындалатын толық рационды мекиендер жемінің әр 1 тоннасына 10
г темір, 50 г марганец, 60 г мырыш, 2,5 г мыс, 1 г кобальт, 0,7 г иод
қосады.
Мекиендердің жоғары жұмыртқалағыштығын қамтамасыз ету үшін азықтармен
барлық витаминдер жеткізілуі шарт. Жұмыртқа арықтануына В витамині әсер
етеді. Мекиендердің минералдық алмасуына, жұмыртқа қабығының мықтылығына,
балапандар шығымына Д3 витамині күшті әсер етеді. Оның жетіспеушілігінен
сақтандыру үшін құсты әрдайым ультракүлгін сәулелермен сәулелендіріп түру
қажет.
Энергиямен қанықтыру үшін азықтық маймен (3-4 процент) сапасын
жоғарылату үшін барлық биологиялық әсерлі қосындылармен, ал олар тотықпай
ұзақ сақталуы үшін антиоксидданттармен байытылады. Құс құрама жеміне 0,3
процентке дейін ірі құм қосылады.
Сақа тауық құрама жеміне жас еттік бағыттағы мекиендерді 147
күндігінен бастап үйретеді де, 180 күндігінде жұмыртқалағыштығы — 30—40
процент болған кезде толық кешіреді. Дұрыс азықтандырып, өсірген бөлмеде
жарық тәртібін сақтаса олар 10 ай бойы қауырсынын тастап, түлемей
жұмыртқалайды.
Жұмыртқалағыштығының алғашқы бес айында жас мекиендердің жұмыртқамен
қоса езінің есуін де қоректік заттармен қамтамасыз ету қажет.
Азықты жегізу түріне байланысты құс азықтандыруды үш типке бөледі:
Құрғақ, ылғалды және аралас. Ірі құс фабрикаларында механизациялауға
ыңғайлы құрғақ тип қолданылады. Ылғалды типті шаруашылықтардың шағын
фермаларында қолдануға болады. Ұнтақталған дәнді сумен, кек сүтпен, сүт
сары суымен, сорпамен, ет және сүт қалдықтарымен, қанмен ылғалдандырып
береді. Ылғалды ұнтақтармен қоса күніне 30—40 процент көлемінде бүтін дән
шоқытады. Оның өндірілген үштен бір бөлігін ертеңгілік, қалғанын құрғақ
түрінде кешке береді. Шаруашылықтағы сәбіз, қызылша, сүрлем, ашытқы,
картопты, көк балаусаны кұс азықтандыруда аралас әдіспен жұмсайды.
Толық рациондық құрама жем жетіспеген жағдайда дәннің бір бөлігін
бүтін шоқытып, 30—50 процентін сақа құсқа көзі 3мм електен өткізілсе 35
проценттен (5мм болса 5 процент), ал балапандарға 5—15 проценттен
аспайтындай қалдық қалуын қадағалап ұнтақтайды. Көк және шырынды азықты
балапандар мен тауыққа 2,5мм, үйрек, күркетауық, қаздарға 5—10мм етіп
турайды.
Азықтық биологиялық бағалылығын көтеру үшін ашытқылауға болады. Ол
үшін ұнтақталған азықтың әр 1 килограмына 10—12 г келетіндей нан ашытқысын
жылы (30°С) суда ерітіп, жүгері, сұлы және басқа да дән ұнтақтарынан
тұратын ылғалданған (1 килограмы 1 л сумен) қосындыға құяды. 20—30°
жылылықта азық 6 сағатта ашытқыланады. Оның бір бөлігін басқа азықтың бес
бөлігімен араластырып береді. Ашытқыланған азық протеинінің биологиялық
толық бағалылығы жоғарылап, В тобының витаминдерімен байытылады, иісі, дәмі
тартымды келеді.
Жануар тектес азықтарды, әсіресе сойыс қалдықтарын құсқа пісіріп, көк
сүтті ұйытып берген жөн.
Құсқа құрғақ азық таратқанда науа жиегінің биіктігі 4см жеткілікті
болса, аралас азық бергенде 10см болуы қажет. Суаруға 2см биіктік
жеткілікті. Күс азықты шоқып, ыңғайлы келсе тартып жейтіндіктен, оның
бірқатары шашылады.
Тауық балапанын есірудегі негізгі мақсат — дұрыс нормалап
азықтандырып, екі айда жұмыртқалағыш тұқым балапандарының салмағын 500—600,
еттік тұқымдардікін—1000—11000 грамға жеткізу. Құрамы мен қоректілігі жан-
жақты толықтырылған құрама жемді алғашқы аптада жұмыртқалағыш
бағыттағылардың әр басына тәулігіне 7—8, еттік бағыттағыларына 12—15, 8
апталығында, сол ретпен, 55—60 және 70—80, 20 апталығында 80—100 және
90—120г жұмсайды.
Алғашқы 7—8 аптада құрама жем құрамындағы 30—40 процент азық
жүгерімен, одан кейін арпамен араластырылады. Олармен қоса балапандар
құрама жеміне 30—50 процент бидай, 3—4 процент азықтық ашытқы, 2—6 процент
шөп ұны, 2—6 процент ет-сүйек ұны. Құрама жемнің әр 10 г темір, 50
марганец, 50 г мырыш, 2,5 г мыс, 1 г кобальт, 0,7 г иод, 20—10 г
бациттранин, 2,5 г гризин қосады. Жетіле келе балапандар сақа тауықтарға
берілетін азықтарға көшіріледі. Шаруашылық жағдайында оларға азықты қолдан
дайындаса, алғашқы 3—4 аптада ұнтақталған дәндерді елеп, қабығынан тазартып
береді. Әлсіз балапандарға протеині аз (13—14 %) диеталық жем қосындыларын
сүт тағамдарына (құрғақ кек сүт, ірімшік, айран) негіздеп дайындайды.
Етті бройлер балапандарды энергияға қаныққан жоғары қоректі құрама
жемдермен мейлінше тез бордақылап торда өсірілгенде 54—56, еденде
өсірілгенде 70 күндігінде сойып, етке өткізеді.
Тәулік бойындағы алғашқы төрт сағат (6, 8, 12 және 15-те)
азықтандыруда оларға бір нормалық, ал кешкі бесіншіде (сағат 18-де) екі
еселенген мөлшерде жаңа дайындалған құрама жем болады. Балапандар құрама
жемін ұзақ 14—30 күннен артық сақтауға болмайды. Өйткені оның құрамындағы
көптеген витаминдер мен майлар тотығып, ыдырайды. Құрама жемнің желінуіне
бройлер өсірілетін бөлмедегі жылу мен жарық, ылғалдылық режимдері ықпал
етеді.
ІІ. Бройлер балапандары
2.1. Бройлер балапандарын өсіру

Бұрындары ең күшті құс өсіру саласы қалыптасқан Қазақстандағы осы
шаруа бағыты бүгінгі күні тым құлдырап кеткен. Соның ішінде біздің
облысымызда да құс өсіру құлдыраған күйінде. Жағдайдан шығудың жолы бар ма?
Жұмыртқа өндірісінде бизнес ашу тиімсіз, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бройлер балапандарын өсіру
Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру
Құстардың санитарлық гигиенасы
Құс етінің химиялық құрамы
Балапандарды бағып - күту әдістері. Балапандарды еденінде бағып - күту гигенасы
Орал құс фабрикасындаңы бройлерді азықтандыру
Құс шаруашылығы туралы
Құстардың өсіп - жетілуі
Күркетауық балапандар
Күркетауықтарға арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық талаптар, малдарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Пәндер