Буаз саулықтардың зоогигиенасы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Буаз саулықтардың зоогигиенасы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3
1. 1. Әдебиетке шолу
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Қойларды жайылымдарда ұстау гигиенасы . . . 12
2. 2. Қозыларды өсіру кезіндегі зоогигиеналық талаптар . . . 14
2. 3. Буаз саулықтарды азықтандыру гигиенасы . . . 17
2. 4. Буаз саулықтарды ұстауға арналған қора-жайлар . . . 23
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке, қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге, елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.
Мал қораларына жақын орналасқан көң жинайтын орыннан аммиак, күкіртті сутегі және ішектік газдар түспеуі үшін канализация жүйесіне гидравликалық қақпалар орнатылған.
Мал қора-жайы ауасының газ құрамын жақсарту немесе жеке улы газдардың қалыптасқан тыс көбеюінің алдын алу үшін мал өсіретін қорадағы еңбекті дұрыс ұйымдастырып, еден және жататын орнын жақсы күтіп қора-жайды канализация және желдету жүйесімен қамтамасыз ету.
Зоогигиенаны мал ағзасы мен қоршаған ортаның өзара байланыс заңдылықтарын зерттейтін ғылым ретінде профилактикалық ветеринария деп те санауға болады. Себебі гигиеналық мәліметтердің негізінде жұқпалы, паразитарлық және жұқпайтын аурулардан жалпы сауықтыру профилактикалық және көптеген ветеринариялық күрес шараларын жасап шығарады. Зоогигиенаның талаптарын сақтау адам мен жануарларға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Зоогигиена биология, физиология, микробиология, зоотехния, ветеринария, механизация, ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикасы сияқты негізгі және қолданбалы ғылымдармен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде ірі өндірістік кешен, ұсақ фермалар, жеке шаруа қожалықтары жағдайларында зоогигиеналық, ветеринариялық -санитариялық ережелер мен малдарды азықтандыруға, ұстауға және аурулардың алдын алуға көп көңіл бөлінуде. Бұл малдардың денсаулығын сақтап қана қоймай, олардың өнімділігі мен өсімталдығын арттырады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана алатындығы мүмкіндік туғызады.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады. Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын жақсарту арқылы қой жүнінің ұзындығын - 15-25%, қырқымындағы түсімін 10-12% ұлғайтуға болады. Қой азықтандыру ерекшеліктері: онын жасына, жыныстық ерекшеліктеріне, алынатын өнімге, физиологиялық әрекетгерге, тұқымына байланысты.
Азықтандыру - қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Курстық жұмыстың мақсаты - буаз саулықтарға арналған қора-жайлардың зоогигиеналық негізделуі туралы және қойларға қойылатын ветсанитарлық талаптармен танысу
Курстық жұмыстың міндеттері - берілген мақсатқа жету барысында келесі міндеттер атқарылды:
- Қойлардың гигиенасы туралы;
- Буаз саулықтарды азықтандырудың ерекшеліктері туралы;
- Буаз саулықтарға арналған қора-жайлардың зоогигиенасы туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, әдебиетке шолу, негізгі бөлім және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. 1. Әдебиетке шолу
Алексеев А. В. / 1974/ зерттеулерінде мал қораларының микроклиматы деп жануарларға арналған белгілі бір жеке орынның климатын айтады. Микроклиматтың аса маңызды көрсеткіштері - температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығы, атмосфералық қысым, жарық, шу, көмірқышқыл газының, аммиак пен күкіртсутегінің концентрациясы, ауадағы шаң мен микроағзалар мөлшері болып табылады. Микроклимат жағдайын көзбен және құралдар арқылы жүргізу қажет. Құрал қолданып жүргізілетін әдіс микроклиматты жүйелі зерттеуді үлкен дәлдікпен жүргізуге мүмкіндік береді. Микроклиматтың кейбір көрсеткіштерінің жағдайын бақылауды үнемі және қажетті талаптарды қатаң сақтап жүргізу керек. [1]
Амиреев С. А., Сатаров А. И., Иванов Н. П. /1986/ деректерінде малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан, әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4, 4кг, екінші көктеудің шөбінен 3, 9 кг, дала шөбінен 3, 6 - 3, 9 кг керек болса, көктесін ойпаң жерлер жайылымының шөбінен 4, 2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6, 2 кг керек болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның шөбінен 3, 1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым шөбінен 3, 7 кг, бетегелі жайылым шөбінен 3, 6 кг жеткізу керек болады. Суармалы жерлерде және екпе шөптер жайылымындағы құрғақ заттар кемірек болады, өйткені оларда ылғал жоғары. [2]
Васильев Н. А., Цельютин В. К. /1979/ көптеген зерттеулеріне сүйенер болсақ, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой күніне 6 - 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 - 15 кг шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл нормалар тиісінше 15 - 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда барлық отарға күніне 49ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц шөп керек болып шығады. [3]
Ермеков М. А., Голодонов А. В. /1976/ деректерінде Қойлардың биологиялық ерекшеліктері:
- Жайылымдар мен дөрекі азықтарды жақсы пайдаланады.
- Шөбі төмен, сирек жайылымдарды пайдалана алады, жекелеген өсімдік сабағы, тамыры, жапырақтарын жеуге икемді.
- Өзге мал түрлері жартылай аш қалатын жартылай шөлейтті жайылымдарда жайылуға қабілеті, үлкен қашықтықтарға жарамды.
- Үйірмен жүруге бейім.
- Құйрық пен сауыр, бөксе тұсына көп мөлшерде май жинақтай алады.
- Температуралық ауытқуларға төзімді. [4]
Ермеков М., Бақанова Е. /1958/ деректерінде таңдалған жердің топырағындағы дымқыл кемінде 5 м тереңдікте болғаны жөн. Сонымен қатар жер санитариялық - гигиеналық талаптарға сай кемінде 5 м, ал су қысымымен шығатын қабаты 12 метрден артық тереңдікте орналасқан және ауыз суы жеткілікті болуы керек. Мал шаруашылығы қора - жайларын салу үшін жер таңдаған кезде оның табиғи ауа райына да назар аудару керек. Жер көлемін айқындау құс фабрикаларының кеңейтілуін және оны азықпен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Жер көлемі 300 мыңнан астам құсы бар шаруашылықтарда - 0, 4 - 0, 5 м2 болуға тиісті. Құсты бағып - күтетін қора - жайлар тұрғын үйлерден төменгі жақта және олардың ық жағында орналасады [5]
Жиряков А. М., Хамицаев Р. С/1986/ Көк шөптің түсімі гектарынан 10ц деп есептегенде, 700 бас қойға маусымына 588 га жайылым керк болған болар еді. Бірақ, жайылым шөбін қой тегіс, жей алмайды, тек 60 - 70% жейді. Сондықтан керекті жайылым көлемі 30 - 40% артық болуы тиіс. Атап айтқанда, ірі қой басына шөл, шөлейіт жерлерде жайылым 0, 8 - 1 га - дан кем болмау керек, ал таулы ойпатты жерлерде 0, 5 - 0, 7 га қажет болады. Оның үстіне күнде жайылымды ауыстырып тұрған дұрыс. «Айында көшкеннің аты семіз, күнде көшкеннің қойы семіз» деген халық мақалы осыны дәлелдейді. [6]
Иванов М. Ф. /1964/ деректетерінде табиғи сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі - қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927- 1930 жылдары) экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың географиялық 22 варианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге өте шыдамды. [7]
Кравченко Н. А. /1973/ айтуы бойынша мал қораларындағы ауаның қозғалыс жылдамдығын тігінен температура мен ауа ылғалдылығын өлшеу аймақтарында анықтайды. Ауаның қозғалыс жылдамдығы секундтағы метрмен (м/с) белгіленеді және АСО-3 типті табақшалы және қанатты динамикалық және статикалық анемометрлермен, сондай ақ цилиндрлі және шартәрізді резервуарлы кататермометрлермен өлшенеді. Анемометрлер динамикалық және статикалық болады. Бірінші ауаның қозғалыс жылдамдығын айналым саны бойынша, ал екінші -тақта немесе шардың ауытқуы бойынша анықтайды. Ауаның қозғалыс жылдамдығын өлшер алдында құрал тілінің көрсеткішін жазып алады да, тілшесі тежелген құралды зерттеу орынына орналастырып, анемометрді 1-2 минут құрғақ жүріске салады, содан кейін есептеуішті қосып, уақытты белгілейді. 100 секунд өте салысымен есептегішті өшіріп, тілше көрсеткішін жазып алады. Айырманы 100 ге бөледі де ауа қозғалысы жылдамдығын табады [8]
- Медеубеков Қ., Сарбасов Т. /1984/ деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы жалқы төлі 20 күндігінде - 0. 05 г, 30 күндігінде - 0, 77 г, 40 күндігінде - 3, 8 г, 50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90 күндігінде - 900 г, 120 күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г салмақ тартады. Ғылыми деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар саулықтар қысыр қойға қарағаңда буаздылығынын, сонғы 7 апталығында қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз болса, 2, 5-3 есе артық қажет етеді. [9]
- Мұхамедгалиев Ф. М. /1981/ деректерінде биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс бағып - күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан - жақты теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1, 5 - 17, 5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай - ақ май жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 - 3% - ға дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық - дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 - 500 - ге дейін жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі - туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады. [10]
- Мырзабеков С. Ш., Ерохин А. /1987/ мәлімдеуінше, азықтандыру - қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек пен қаржы аз жұмсалады. [11]
Несіпбаев Т. /1980/ деректерінде шөп пен сабанның біркелкілігін көзбен болжап анықтайды, оның ботаникалық құрамына назар аударады. Астық тұқымдастардың негізгі ерекшеліктері: сабағы - қуыс, түйіндермен жабдықталған, жапырақтары тар, ұзынша, гүлдері масақ немесе сыпртқы түрінде болады. Бұршақты өсімдіктер жуан бұтақталған сабақты, ұсақ қысқа жапырақты болады. Жеуге жарамсыз өсімдіктердің (сарықалуен, қамыс, зығырлық шайқурай, мүктер, қияқөлең, жусан, папоротниктер, қымыздық, қырықбуындар) болуына назар аударады. Улы және зиянды шөптердің болуын анықтау (гербарий бойынша) ерекше маңызға ие. [12]
Омарқожаұлы Н. /2001/ зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың сүйсініп жейтін, үйреншікті жем - шөбінен құрастырады. Олар шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек. Мәселен, жем - шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса, клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын нашарлатады. [13]
Әкімбеков Б. Р. /2007/ буаз саулықтардың қораларының ішін таза ұстау және санитариялық тұрғыдан тәртіп болу ретінде айына бір рет санитариялық күн белгіленген жөн. Осы күні қора ішін және территорияны мұқият тазалайды, жем-шөптің, қидың қалдықтарын алып тастайды; ақырды тазалайды, ақтайды, су құбырларын сырлайды, еден қабырғаларына жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Әсіресе, мал сауатын залға аса көңіл бөлінеді, сүт бөлмесін өте таза ұстау керек. Жаздыкүні мал қораға дезинфекция, дератизация жүргізеді. Мал қорадан тарайтын иісті, микробты, шаң-тозаңды жою мақсатында, сондай-ақ, ауа бассейнінің таза болу ретінде қора айналасына ағаш, көп жылдық шөп отырғызу керек. Осы ағаштар, ауадағы газды сіңіреді, шаң-тозаңға тосқауыл болады, яғни биологиялық фильтр есебінде өте маңызды роль атқарады. Сонымен қатар осы көк шөп, ағаштың арқасында ферма территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайы жақсарады. [14]
Ганнушкин М. С. /1989/ мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара малды азықтандыруға кететін барлық жем - шөп түрлерін қолдануға болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан, көптеген жем - шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер пайдасы көп. [15]
Гусманов М. Г. /1989/ айтуы бойынша қойларды ұстау жүйесі табиғи-климаттық жағдайлар мен және жайылыммен қамтылуға байланысты. Қой шаруашылығында жайылымдық, жайылымды-тұрақтық, тұрақты-жайлымдық, тұрақтық ұстау жүйелерін айырады. Жайылымдық ұстау оны көп мөлшерде жайылымдары, соның ішінде қыстақтары бар аудандарда қолданады. Қойларды жыл бойы жайылымдарда ұстайды, тек қалың қар мен көк тайғақ кездерінде ғана бақпайды. Саулықтарды қоздату мен бораннан қорғау үшін жеңіл қой қораларын, жылы қора, күркелі баздармен қиылыстырып салады. Жылы қора қоздау мен қозылар тұру үшін қажет. Жайылымды - тұрақтық ұстау. Бұл жүйені оңтүстік аймақтарда қолданады. Ол жайылымдық кезеңінің ұзақ болуымен сипатталады, сондықтан жылдың басым бөлігінде қойлар жайылымдарда бағылады, ал қыс пен көктемде жеңіл қораларға ауыстырылады. Қыстауларда қысқы және ерте көктемгі қоздаулар өткізу үшін арнайы жылы қоралар, ол көктемгі қоздау үшін - жылы қорасыз қой қоралары, қошқар қора, ал бораннан қорғану үшін үш қабырғалы күркелі баздар салынады. [16]
Глушков А. А. /1994/ айтуы бойынша саулықтарға арналған мал қорасының бөлшектерінің үстіңгі қабаттарының ерекшеліктерін ескерген жөн. Себебі оларда кездесетін кішкентай саңылаулар, құрылыс материалдарының ылғал өткізгіштігінің төмендегі, темір-бетонды конструкцияны кең түрде қолдану, беткі қабаты жылтыр материалдар, шыны, тағы басқа материалдар өзінің тегіс тайғанақ бетіне дезинфекиялық ерітінділерді көп мезгілге ұстап тұра алмайды. [17]
Маланин Л. П., Морозов А. П., Репин В. М. /1985/ деректерінде Қора ішіндегі ауаның құрамындағы зиянды газдардың мөлшерін азайту мақсатында химиялық тәсіл - дезодарант және дезинфектант қолдануға болады. Дезодаранттың физикалық әдісіне жататын адсорбенттер (сіңіргіш заттар) : әртүрлі төсеніштер (сабан, торф, ағаштың жапырақтары, ағаштың ұнтақтары және т. б. ) және ультра-күлгін сәулелер, бұлар қора ішіндегі ауаның жағымсыз иісін бойына сіңіріп алады, сөйтіп ауаның жағымсыз иісін төмендетеді. Мысалы, ДРТ-400 шамы 1 сағ істегенде қора ауасындағы аммиактың мөлшері 22-34 пайыз төмендейді, ауадағы бактериялардың саны 50 - 55 пайыз кемиді. Дезинфекцияны және дезодарацияны барлық бөлімдерде бірдей іске асырады, ол үшін әртүрлі аэрозольдарды және еденді жуатын ертінділерді колданады. Аэрозоль түрінде қолданылатын затгар: 2 пайызды сутегінің пероксиді ерітіндісі (1 л/м2), 3 пайызды жоғары молекулалы сірке қышқылы (надуксусная кислота) ерітіндісі (150-200 мл/м2), 0, 3 - 0, 5 пайызды глутар альдегиді (150-200 мл/м2) . Аэрозольдық ағынды компрессорға қосылған ТАН ұштамасы арқылы алады. Едендерді және қорадағы өткелдерді өңдеу үшін 2 пайызды калий перманганат ерітіндісін (150-200 мл/м2) қолдануға болады. Бұл ерітінділермен қора жақтауларын күніне 1 рет өңдейді (шашқыш пайдаланады немесе шашады) . Малшыларға арналған нысандарды дезодарациялау үшін "Таволга" таблеткасын пайдаланады. [18]
Испенков А. Е., Сапего И. П. /1984/ айтуы бойынша жануарлардыды аурудан сақтаудың бірден-бір жолы-санитариялық-гигиеналық ережелерді мүлтіксіз орындау, арнайы жоспар бойынша өз уақытысында дезинфекциялық, дератизациялану және өлексені үнемі утильдеу шараларын дер кезінде жүргізу мал кәсіпорындарын аурудан сақтаудың кепілі.
Жануарлар ауруларының алдын алу шараларын жүргізуде ветеринариялық-санитариялық нормалар және ветеринариялық-санитариялық ережелер мүлтіксіз орындалу керек. [19]
Карелин А. И. /1979/ деректерінде қой өсіру саласы мал шаруашылығының Қазақстандығы негізгі салаларының бірі. Оған басты себеп - елімізде табиғи жайылымдардың кеңдігі және де басқа азықтардың молдылығы. Қой шаруашылығы халқымызды етпен, сүтпен, маймен, ал өнеркәсіпті шикі заттпен: жүн, тері, елтірімен қамтамасыз етеді.
Қазақстанда етті де, жүнді де жақсы беретін құйрықты етті - жүнді қой тұқымдарын өсіруде ерекше мән беруде. Олар сан жағынан және өнімділігі жағынан елімізде биязы жүнді қойлардан кейін екінші орын алады. Осы тұқымның ішінде ерекше орын орын құйрықты етті - жүнді дегерес қойларына берілген. Бұл тұқым алғашқы рет жиырмасыншы ғасырдың 80 - ші жылдарында сынақтан өткен. [20]
Кузнецов А. Ф. /1989/ айтуы бойынша күштеп ұжымдастыру науқанынан кейін қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығының қарқынды дамуына тежеу салынып, 1928 - 85 жылға дейінгі аралықта қой шаруашылығының кеңестік жүйесі қалыптасып, дамыды. Қой тұқымдарының санымен қатар сапасын да көтеру шараларының нәтижесінде 1960 жылы республикадағы барлық койдың 84, 6%-ы, 1974 жылы 99, 99%-ы, 1980 жылы 100%-ы асыл тұқымды мал тобына жатқызылды. Сондай-ақ, 1966 - 70 жылы уақ малдан алынатын ет өнімдері орта есеппен - 471, 3 мың тонна, 1981 - 83 жылы - 493, 3 мың тоннға жетті. Қойдың мол өнімді жаңа тұқымдары - қазақтың биязы жүнді қойы, қазақтың арқар-мериносы, солтүстік қазақ мериносы, қазақтың оңтүстік мериносы, дегерес қойы, тағыда басқа шығарылды. 1984 жылдың басында Қазақстанда 36567, 8 мың (барлық шаруашылық түрлерінде) қой болды. Қой саны жағынан Қазақстан КСРО бойынша 2-орын (Ресейден кейін), қаракөл елтірісін дайындау жағынан 1-орын алды. Қой шаруашылығы, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (Семей), Жамбыл, Алматы облыстарында қарқынды дамыды. Жаңа тұқым шығару мақсатында Қазақстандағы таңдаулы қой тұқымдары мен шетелдік тұқымдар: австралия мериносы, австралия корриделі, линкольн қойы, ромни-марш қойлары, тағыда басқа пайдаланылды. [21]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz