Буаз саулықты азықтандыру ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Буаз саулықты азықтандыру ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2011ж.
Мазмұны
І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-5
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...6-12
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қозыны
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...13-14
2.2. Қой азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары ... ... ..15-
17
2.3. Саулықты азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .18-21
2.4. Буаз саулықты азықтандыру
нормасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-25
2.5.Қозылы қойларды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
-29
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

... ...30-32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33-
34
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Қой шаруашылығы - ата-бабамыз ежелден айналысқан ата кәсіп, елімізде
ежелден дамыған мал шаруашылығының саласы. Ғасырлар бойы қой өсіріп, қоймен
тіршілік еткендіктен, бұл саладан халқымыздың тұрмысына қажетті көптеген
өнім өндіріледі. Қой еті мен сүті тағамға, жүні мен терісі киім-кешекке,
қиы отқа, түяқ пен мүйізі түрлі түйме сияқты бұйымдарға, құйрық майы емге,
елтірісі жағаға, асығы мен тобығы ойынға пайдаланылады.
Қойдың өте көп жерге тарап, кез келген халықтың өсіретіндігінде себеп-
салдар жоқ емес, соның ең бастысы қойдың алуан-алуан табиғи жағдайларға
төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты, қары қалың солтүстікте
де, желі ызғарлы, жайылымы шөлейт жерлерде де, жазы ыстық, жайылымы құмды
оңтүстікте де өсіріле береді. Оған қойдың биологиялық ерекшеліктері
арасындағы ең бір негізгісі - түрлі жайылым отын өте жақсы пайдалана
алатындығы мүмкіндік туғызады.
Осындай адам тіршілігіне қажетті жан-жақты қасиеттері үшін қойды түрлі
шаруашылықтарда көптеп өсіреді. Қой жүнінен жіп иіріліп, түрлі жүн өнімдері
тоқылады, киіз басылып, кілем, сырмақ, текемет сияқты ұлттық өнер бұйымдары
дайындалады. Өңделген елтірісінен ішік, тон, шалбар, етік тігіледі. Сүтінен
бір жағынан ұлттық, екінші жағынан емдік, диеталық қасиеттері жоғары құрт,
ірімшік, айран, қаймақ тағамдары дайындалады.
Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния
ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп
қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.
Азықтандыру қоректілігі мен құнарлылығын жақсарту арқылы қой жүнінің
ұзындығын - 15-25%, қырқымындағы түсімін 10-12% ұлғайтуға болады. Қой
азықтандыру ерекшеліктері: онын жасына, жыныстық ерекшеліктеріне, алынатын
өнімге, физиологиялық әрекетгерге, тұқымына байланысты.
Азықтандыру – қойдың ет өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін
негізгі факторлардың бірі. Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін
рациондағы азық өлшемімен таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару
керек. Олар белгіленген қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай
қойларының азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне
жұмсалатын азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа
еңбек пен қаржы аз жұмсалады.
Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне ғана
әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын тигізеді.
Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға қойса, онда оның
салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз болады. Биологиялық
жағынан бағалы ета лу үшін қойды әр уақытта жақсы азықтандырып, дұрыс
бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына, жынысына, салмағына,
қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген қажеттілігінің ұдайы
өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты теңестіріп, малды құнарлы
азықтандыру керек. Басшылыққа қой шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық
институттың ұсынған азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде
көрсетілген малға беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап
айтқанда, өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 –
17,5% ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май
жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға дейін
техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық –
дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті шаруашылықтарда
рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін жеткізіп, қозыларды
жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның басты ерекшелігі –
туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары болады. Осы кезеңде оларды
жақсы азықтандыру қосымша салмақты арттырады, еттің биологиялық құндылығын
жақсартады.
Жайылым көктемдік, жаздық, күздік, қыстық болып бөлінеді. Кейбір
жердің жайылымын жылдың барлық мезгілінде де пайдалануға болады. Бірақ бір
жердің жайылымын үздіксіз пайдалана беруге болмайды. Өйткені, мол жайылып
тұяқ кесті болған өріске шөп жақсы шықпайды. Сондықтан ауыспалы жайылым
тәртібін қолдану керек. Бұл тәртіп бойынша жайылымды бірер жыл мал жаю үшін
пайдаланады, содан кейін тынықтырады, бірер жыл тынықтырған соң қайта
жайылымға пайдаланады немесе шөп шабуға қолданады.
Малға қанша жайылым керек екендігін сіңімді ақуыздың керекті мөлшерін
еске ала отырып азық бірлігімен есептейді. Жайылымның қоректілігі шөптің
құрамына, жалпы шығымына байланысты болады. Жайылымның қоректілігі, шөбінің
малға жұғымдылығы ауа райына қарай жыл сайын өзгеріп тұрады. Сондықтан,
әрбір жылы жайылымның қоректілігін жаңадан бағалап тұру керек. Әр түрлі
жайылым көк шөбінің қоректілік дәрежесі бірдей болмайды. Мысалы, бір азық
өлшеміне жеткізу үшін қырат жерлердің шөбіне 4,4кг, екінші көктеудің
шөбінен 3,9 кг, дала шөбінен 3,6 – 3,9 кг керек болса, көктесін ойпаң
жерлер жайылымының шөбінен 4,2 кг, екінші көктеудің шөбінен 6,2 кг керек
болады. Шөлді, шөлейіт жерлердің жайылымдары да бұл жағынан әр қилы: бір
азық өлшемінің қоректілік дәрежесіне жеткізу үшін малға жусанды жайылымның
шөбінен 3,1 кг, көде, селеу, жусан аралас өскен жайылым.
Қойдың маңызды биологиялық ерекшеліктерінің бірі – шөп жайылымдарында
өсетін ең аласа шөптерден бастап, ірі бұтақты сексуеілге дейін жеуге
бейімделген. Бязы жүнді қойлар 48 – 55 % , құйрықты қойлар 42 – 50 % , ірі
қара 33 – 35 %, жылқы 27 – 34 % қана жейді.
Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі, ТМД
бойынша 170 түрі, Қазақстанда 81 түрі кездеседі. Жусанның құрамында
қоректік зат мол, эфир майы бар, өзі әсіресе қой мен ешкінің жақсы азығы.
Жем-шөптің немесе рацион белогінің биологиялық құнарлылығы - деп
малдың белокқа деген қажетін толық өтеу қасиетін айтады.
Ауыл шаруашылығы министрлерінің мәліметіне қарағанда осы азықтардан
құралатын қойдың қысқы рационында 25 – 30 пайыз шамасында қорытылатын
протеин жетіспейді. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда рационда 1 пайыз
протеин жетіспесе, бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны 2 пайызға
жоғарылайды. Ал мұның өзі мал өнімінің өзіндік құнын қымбаттатып, мал
шаруашылығының экономикасына нұсқан келтіретіні сөзсіз.
Курстық жұмыстың мақсаты – Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру
пәнінен алыған білімді тереңдету. Қойларды, саулықтарды азықтандыру
ерекшеліктері туралы терең білім алу.
Курстық жұмыстың міндеттері – берілген мақсатқа жету барысында келесі
міндеттер атқарылды:
1. Қойды азықтандырудың ерекшеліктері туралы;
2. Буаз саулықтарды азықтандыру рациондарымен танысу;
3. Буаз саулықтарды азықтандырудың ерекшеліктері туралы мәліметтер
берілді.
1.1. Әдебиетке шолу
1. А.И.Лопыриннің (1929) деректері бойынша биязы жүнді қойдың құрсақтағы
жалқы төлі 20 күндігінде - 0.05 г, 30 күндігінде - 0,77 г, 40
күндігінде - 3,8 г, 50 күндігінде - 17 г, 60 күндігінде - 80 г, 90
күндігінде - 900 г, 120 күндігінде - 2900 г және 150 күндігінде 4300 г
салмақ тартады. Ғылыми деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар
саулықтар қысыр қойға қарағаңда буаздылығынын, сонғы 7 апталығында
қоректік заттарды 2 есе артық, ал егіз болса, 2,5-3 есе артық қажет
етеді.
2. Сларкевич В.В. мен Айва В.П., кейін К.Д.Филянский 1923-1936 ж.ж.
ставрополь өлкесінде шығарылған Кавказ қой тұқымын толық зерттеген,
сол үшін мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болды.
3. П. Н. Кулешов (1888), А. Доромыслов (1895), С. Н. Боголюбский (1929),
М. Ф. Иванов (1936), М. А. Ермеков, А. В. Голоднов (1977), Қ. Ұ.
Медеубеков, А. Г. Племянников, т. б. (1977) құйрықты қой тұқымдарынан
түсетін өнімдердің халық мұқтажына пайдалануда маңызы ерекше зор екені
барлық деректерде толық келтірілген. Әсіресе, құйрықты қойдан алынатын
ет өнімі, оның сапасы, қой дың бордақылау немесе жайылымда семірту
кезіндегі биологиялық ерекшеліктері жайлы еңбектерінен жан-жақты
мағлұматтар алуға болады.
4. М. А. Ермеков, А. В. Голодновтардың (1977) деректетерінде табиғи
сұрыптау мен қолдан сұрыптаудан шыққан құйрықты қой тұқымдарының бірі
— қазақтың құйрықты қойы. СССР Ғылым академиясы, Орта Азия
университеті мен Москва зоотехникалық институты (1927— 1930 жылдары)
экспедициясының материалдарында Қазақстанда құйрықты қойлардың
географиялық 22 варианты бар екендігі көрсетілген. Осы варианттардың
бір бұтағы Жезқазған облысының шаруашылықтарында шоғырландырылған. Бұл
қойлар шөлді және шөлейтті жерлерге өте шыдамды.
5. Н. А. Воробьев (1959), С. И. Боголюбский (1961) жүргізген зерттеулерде
әр түрлі жүнді, салмағы ауыр қошқарлар мен ірі саулықты
будандастырғанда болмаса, енелерінің салмақтары орташа не ұсақтау
болған жағдайларда қандай қозы туатындығын байқай отырып, селекциялық
шешімге келді.
6. В.А. Бальмонт, М.А. Ермеков, А. Елеманов, Бутарин, Т. Бөкенбаевтар
Қазақстанда 1930 жылдан бастап ғалымдар мал селекциясын жүйелі түрде
қолға алып, ғылыми негізде жұмыс жүргізе бастады.
7. В.А. Бальмонт, Е.В. Баканова, А.И. Пшеничный 1931 жылы жаңа тұқымды
зерттеп анықтады. Авторлары Одақтың мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары
атанды.
8. М. Ф. Иванов қойдың арғы тегі - муфлонды биязы жүнді қойдың
саулықтарымен шағылыстырып, қойдың жаңа тұқымын шығарды. Ол жұмыстар
Украинада Аскания-Нова қорығында тегіс жерде жүргізілген.
9. Н. С. Бутарин өз жүмысында таулы жерде өсірілетін тұқым шығару үшін
муфлонның орнына арқарды пайдаланды, өйткені арқар биік 3000-4000
метрден астам тауда өсетін қой тектес жануарларды зерттеген.
10. П.Н. Кулешов (1926) ауыл шаруашылық мал тұқымдарының дамуына
байланысты тарихи шолу жасады.
11. Д.А. Кисловский дүиие жүзі мал шаруашылығының теориясы мен тәжірибесі
жоніндегі кең көлемді деректерді жинақтап, қорытып және П.Н.
Кулешовтың пікірлерін құптай отырып, үй малы адам еңбегінің жемісі
болып табылады деген ғылыми тұжырымды жақтады. Ол тұқымдардың пайда
болуына сыртқы ортаның әсер ететінін мойындаса да шешуші шарт адамның
еңбегі мен техникасы деп санады.
12. В. А. Бальмонттың басқаруымен Е. В. Баканова, А. И. Пшеничный (1931)
Қазақстанда өзінің жергілікті жағдайына лайықты биязы жүнді қойдың
жаңа тұқымын шығару мәселесімен айналысқан. Бұл жұмысты академик жұмыс
істеді. Негізгі селекциялық жұмыстар К. Мыңбаев атындағы тәжірибе
шаруашылығында жүргізілді. Жаңа тұқым шығару үшін қазақы қойларының
тәуірлері іріктеліп алынды, олар таза тұқымды прекос қошқарымен
шағылыстырылды.
13. Биологиялық жағынан бағалы ет алу үшін қойды әр уақытта жақсы
азықтандырып, дұрыс бағып – күту қажет. Ол үшін малдың жасына,
жынысына, салмағына, қоңддылығына қарай қойдың қоректік заттарға деген
қажеттілігінің ұдайы өзгеріп отыратынын ескеріп, рационды жан – жақты
теңестіріп, малды құнарлы азықтандыру керек. Басшылыққа қой
шаруашылығы ғылыми зерттеу технологиялық институттың ұсынған
азықтандыру нормаларын алу қажет. Соның ішінде көрсетілген малға
беруге тиісті азық құрамдарының бәрі де маңызды. Нақтылап айтқанда,
өсіп келе жатқан жас қойлар үшін рационның құрғақ сатылық 1,5 – 17,5%
ішкі протеин, 25% ірі азықтар (жасұнық) болуы керек. Сондай – ақ май
жеткілікті болғаны дұрыс, егер басқа майлы жем болмаса 2 – 3% – ға
дейін техникалық май қосқан пайдалы болады. Сонымен бірге, минералдық
– дәрумендік қоспаларды берген жөн. Азықтары жеткілікті
шаруашылықтарда рациондағы жемнің мөлшері 400 – 500 – ге дейін
жеткізіп, қозыларды жеделдете бордақылаған тиімді. Себебі, жас ағзаның
басты ерекшелігі – туылғаннан 9 айлығына дейін өсу қарқыны жоғары
болады. Осы кезеңде оларды жақсы азықтандыру қосымша салмақты
арттырады, еттің биологиялық құндылығын жақсартады.
14. Қ.Сәбденовтың [3] мәлімдеуінше, азықтандыру – қойдың ет
өнімділігін сан мен сапасын әсер ететін негізгі факторлардың бірі.
Малды дұрыс, толық құнды азықтандыру үшін рациондағы азық өлшемімен
таратылатын протеиннің мөлшеріне көңіл аудару керек. Олар белгіленген
қалыптан кем болмауы тиіс. Бордақылаудағы еділбай қойларының
азықтандыру деңгейі жоғарылаған сайын бір өнім өлшеміне жұмсалатын
азық шығыны төмендей түседі де бір килограмм қосымша салмаққа еңбек
пен қаржы аз жұмсалады.
15. Азықтандыру деңгейі бордақылау ісінің экономикалық көрсеткішіне
ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге еттің сапасына ды ықпалын
тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы азыққа жарымаған қойды бордақылауға
қойса, онда оның салмағының басым бөлігін май басып кетеді де еті аз
болады.
16. А.В. Модяновтың [7] тәжірибесінде қойға берілген жоңышқа құрғақ
затының қорытылуы, гүлденуінің алғашқы кезеңінде -64 %, ал кеш
орылып, жиналғанда -51% пішен мен қызылшадан тұратын рационның құрғақ
затының қорытылуы 60,3, ал пішен мен бидай кебегін бергенде -51,7%
болған.
17. Рацион құрамындағы клетчатканың көбеюі салдарынан қорытылу
көэффициентінің мұндай күрт төмендеп кетуі ірі қарада байқалмайды.
18. Тек жоңышқа шөбін бергенде қой 100 кг тірілей салмағына 2,1 кг-дай
құрғақ зат қабылдайды, ал әр түрлі азық бергенде (астық тұқымдастар
мен бұршақ тұқымдастар шөбі, дән мен қызылша) рациондағы құрғақ заттың
желінуі мөлшері артып, 2,3-2,7, кейде тіпті 3 кг-ға дейін жетеді. Ал
енді қой организміне түсетін қоректік заттардың мөлшерін арттыру үшін,
азықтың желіну пайызын көбейтуге тырыспай, қорытылу коэффициентін
жоғарылатуға ұмтылу керек; ол үшін рационға құнарлы, сапалы азық
енгізу қажет.
19. Профессор А.С.Солун [ 9 ] буаз және сүтті саулықтардың рационында
жеңіл еритін углеводтардың жеткіліксіз болуы эндогендік авитаминоздың
өршуіне себепкер болатындығы, минерал заттарының сіңімділігін
төмендететіндігі, белоктың пайдалануын кемітетіндігі туралы болжам
айтты.
20. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы П.Н.Коршаковтың [7] зерттеулері,
жүннің беріктігі, созылғыштығы, серпімділігі сияқты қасиеттері осы
микроэлементке тікелей байланысты екенін дәлелдеді. Мал азығында
кобальт жеткілікті болса, малдың асқазан, ішек-қарын жолындағы
бактерияның мөлшері бір жарым-екі есе көбейеді, ал мұның өзі мал
организміндегі клеккалардың пайда болып, жетіле беруіне көмектеседі.
Сөйтіп кобальт әсерімен организмдегі белоктың синтезі күшейіп, жүн
неғұрлым жедел өсетін болады.
21. Жүгеріде кобальт аз, осыған орай жүгері сүрлемімен мал дұрыс
азықтандырылмаса жүннің сапасы да нашарлап кетеді. П.Н. Коршаковтың
тәжірибелеріне қарағанда, бір қойға тәулігіне 2,5 миллиграмнан хлорлы
кобальт бергенде, қосымша 230 г жүн қырқылған, әрі оның сапасы да
жақсарған.
22. Салмағы 55-60 кг тартатын буаз меринос қойының азық рационында
шамамен 1400-1700 г құрғақ зат болуы қажет. Ол жақсы желінетін әр
түрлі азықтан құралуға тиіс. Мұндай рационның құнарлығы арта түседі,
әрі жақсы қорытылады. Мысалы бордақыдағы қозылардың рационы астық
тұқымдас шөп пен жүгері дәнінен тұрғанда, олар тәулігіне орта есеппен
86 грамнан, ал бұршақ тұқымдастар мен жүгері дәні берілген басқа топ
-145 грамнан салмақ қосқан. Қойлар 1 кг тірілей салмағына азық
өлшемінің төмендегідей мөлшерін жұмсайды: сақа қойлар -10-12, алты
айға дейінгі қозылар -4-5, бір жасқа дейінгілер -7-9,1 кг жүн алу үшін
орта есеппен 60, ал бір қаракөл елтірісін алу үшін -132 азық өлшемі
жұмсалады.
23. Н.Омарқожаұлының [21] зерттеулерінде, ең алдымен рационды малдың
сүйсініп жейтін, үйреншікті жем – шөбінен құрастырады. Олар
шаруашылықта өндірілетін арзан азық көзі болуы керек. Өйткені азық
шығынының мал шаруашылығы өнімінің өзіндік құнын құрастырудағы үлесі
басым азықтары жақсы қорытылып, мол өнім беруге бағытталуы керек.
Мәселен, жем – шөп қорытылуы үшін шырынды азықтардың белгілі көлеміне
ірі азықтар берілуі шарт. Өйткені шырынды азықтар басым болса,
клетчатка көзі болып табылатын ірі азықтың аздығымен ас жолдарының
қызметі бұзылып, клетчатка жетіспеушілігінен туатын зиянды құбылыстар
орын алады. Керісінше тым мол берілген ірі азық рационындағы клетчатка
деңгейін көтеріп, оның өзінің және де басқа қоректік заттың қорытылуын
нашарлатады
24. М.Абдулаевтың [4] айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағдайында
қойдың еті мен жүні басқа да өнімдерін арттырудың және олардың сапасын
жақсартудың ең арзан әрі тиімді тәсілі. Мұның өзі табиғи мол
жайылымдарды неғұрлым толық және тиімді пайдалануға, тәулігіне орта
есеппен қосымша салмақты көп алуға, малдың тірілей салмағы мен қоңын
арттыруға мүмкіндік береді.
25. Б.Құлатаевтың [5] зерттеуінде, көп жылдық тәжірибеге сүйенсек, ірі қой
күніне 6 – 8 кг қозылары бар саулық (қоса есептегенде) 12 – 15 кг
шамасында шөп жейді. Егер жайылымдық қойға қосымша жем берілсе, бұл
нормалар тиісінше 15 – 30% кемітіледі. Қой жаю үшін жайылым көлемін
анықтағанда осының барлығы ескерілуі тиіс. Мысалы, 700 бас қой
отарына, жазғы мезгілінде, қой басы 7 кг көк шөп жейтін болса, сонда
барлық отарға күніне 49ц шөп керек, ал жайылым маусымы 4 айға 5880ц
шөп керек болып шығады.
26. Көк шөптің түсімі гектарынан 10ц деп есептегенде, 700 бас қойға
маусымына 588га жайылым керк болған болар еді. Бірақ, жайылым шөбін
қой тегіс, жей алмайды, тек 60 – 70% жейді. Сондықтан керекті жайылым
көлемі 30 – 40% артық болуы тиіс. Атап айтқанда, ірі қой басына шөл,
шөлейіт жерлерде жайылым 0,8 – 1 га – дан кем болмау керек, ал таулы
ойпатты жерлерде 0,5 – 0,7 га қажет болады. Оның үстіне күнде
жайылымды ауыстырып тұрған дұрыс. Айында көшкеннің аты семіз, күнде
көшкеннің қойы семіз деген халық мақалы осыны дәлелдейді.
27. Б.Әкімбековтың [6] мәлімдеуінше, қойды азықтандыруда мүйізді ірі қара
малды азықтандыруға кететін барлық жем – шөп түрлерін қолдануға
болады. Оның үстіне, қойдың биологиялық және ас қорыту ерекшеліктеріне
байланысты қорегіне өсімдік түрін анағұрлым көп пайдаланатындықтан,
көптеген жем – шөп түрін жеп, жайылым оты мен басқа да азықтарды басқа
малдан жоғары игереді. Сондықтан да олардың осындай жайылым оты мен ең
арзан азықтарды ұтымды түрде молынан пайдаланса, өндірісімен өнімінің
өзіндік құны арзан болмақ. Мұның шаруашылық экономикасына тигізер
пайдасы көп.
28. Көктемдік эфемерлік ерте көктеген күнгей жоталарының өсімдіктерін жол
– жөнекей қоректеніп, жаз аптабынан жайлауға айдалған қой отарлары
таулы альпілік және субальпілік жайылымдардың алуан түрлі санды
жайылымдарға жайылады. Қыстың шуақты күндері күнгей беттердегі ашық
қыстық жайылымдарына жайып, боранды, қарлы күндері дайындаған пішен,
жаздық дақыл сабаны, ал мүмкіншілік болған жағдайда пішендеме,
сүрлеммен азықтандырып, мал қоңдылығына қарай есептелінген жем
жегізеді.
29. Н.Омарқожаұлының [7] әдебиеттерінде, қойлар тұмсығы мен ауыз қуысының
анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи жайылым отын, аумақты
көк және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып, жақсы қорыта алады.
Сондықтан қойды оған дейін жылқы немесе мүйізді ірі қара мал жайылған
жерлерге, астығы орылған алқаптарға жаюға болады.
30. Б.Медеубековтың [8] зерттеулерінде, сапалы сүрлем қойдың асқазан
қызметін, организмде зат алмасуын жақсартады, дені таза төл алуына,
витаминдердің көбейтіп, сүт құрамының жақсаруына септігін тигізеді.
Сүрлем азықтың дәмін кіргізеді, қысқы азық рационын түрлендіреді,
ондағы қоректік заттың жақсы қорытылуына әсер етеді. Дұрыс салынған
сүрлем көп азықтың бағасы қасиетін өзінде сақтайды. Көк азықтың
сүрленуі сүт қышқылы бактерияларының өсімдіктерді тез ашуы әсерінен
болады. Олар сүрленетін шырындағы қантты пайдаланады және сүт қышқылын
бөліп шығарады, бұл қышқыл азықты қышқылдандырады да шіріткіш
бактериялардың дамуына және әрекеттеріне кедергі жасайды. Сүрлеу
процесі кезінде азықта сүт қышқылының біраз мөлшері жиналады, ол
сүрлемге жақсы иіс пен дәм береді, мұның өзі қойдың сүрленген азықты
сүйсініп жеуіне себеп болады.
31. Сарбасовтың [9] мәліметтерінде, ет өнімділігінің саны мен сапасына
әсер етіт негізгі факторлардың бірі малды дұрыс толық құнды рационмен
азықтандыру болып табылады.
32. Азық рационын құрғанда, ең алдымен ондағы азық өлшемі мен қорытылатын
протеиннің мөлшеріне көңіл аудару қажет. Рационда азық өлшемі нормаға
сәйкес мол болады, сондықтан бордақылаудағы қойдың азықтандыру деңгейі
жоғарылаған сайын, бір өнім мөлшеріне жұмсалатын азық аз жұмсалады.
33. Азықтандыру жағдайы бордақылау процесінің экономикалық көрсеткішіне
ғана әсер етіп қоймайды, сонымен қатар еттің сапасына да ықпалына
тигізеді. Мысалы, көп уақыт бойы суыққа жарымаған арық малды
бордақылауға қойса, онда оның салмағының басым бөлігі май болып кетеді
де ет, яғни белокты ет, аз болады.
34. Ұшаның төмен сапалы болып келуі қойды бордақылаудың бастапқы кезінде
жақсы азықтандырып каеліп соңынан азықтандыру деңгейін төмендетіп
жіберуден де болады. Сондықтан да биологиялық жағынан бағалы ет алу
үшін қойды әр уақытта да жақсы азықтандырып, дұрыс күтіп – бағу қажет.
Бордақылаудағы сақа қойдың протеинге деген қажеттілігі аса жоғары
болмайды. Ал өсіп келе жатқан қозылар үшін протеин мөлшерінің ерекше
маңызы бар.
35. Андрюс пен Орсовтың [10] мәліметтері бойынша, салмағы 20, 25, 30 және
35 кг қозылар үшін протеиннің оптималдық концентрациясы рационның
құрғақ затына шағып есептегенде, тиісінше 17,5; 15; 12,5 және 12,5%
болу керек. Малдың қоңдылығы артқан сайын оның протеинге деген
қажеттілігі төмендей түседі. Тоқтыларды бордақылағанда олардың
рационындағы жасұнықтың мөлшеріне көңіл аудару керек. Жасұнықтың тым
көп болуы қоректі заттың қорытылуын төмендетеді, өнім үшін жұмсалған
мөлшерін жоғарылытып жібереді. Сондықтан да рационда ірі азықтың
(пішен, сабан т.б.) мөлшері 25% аспағаны жөн. Бордақылауға алынған
тоқтылардың рационындағы майдың да мөлшерін бақылап отыру қажет.
Рационға қосымша май қосу тоқтының салмақ көрсеткішіне, азықты өтеуіне
және бордақылаудың экономикалық тиімділігіне игі әсерін тигізгендігі
байқалады. Бордақылау қойларына берілетін минералды заттардың да
жеткілікті болуы қажет. Азық рационында кальций, натрий, фосфор және
басқа да элементтердің жетіспеуінен малдың салмақ қосуы төмендейді.
36. Тоқтыларды жеделдете бордақылаудың нәтижесін арттыра түсу үшін оларды
витаминдермен, керекті мөлшерде каротинмен толық қанағаттандырған жөн.
Жем – шөпте каротин жетіспеген жағдайда А витаминін қолдануға болады.
Тоқтылардың А витаминіне деген қажетсінуі 2,9 мың халықаралық өлшемге
тең Рационды жан – жақты теңестіріп малды құнарлы азықтандыру –
бордақылаудың негізі болып саналады. Бордақылаудың барысында малдың
жасына, салмағына, қоңдылығына қарай олардың қоректік заттарға деген
қажеттілігі өзгеріп отырады. Тоқтылардың өсу қарықыны бәсеңдеген сайын
бір өнім өлшеміне жұмсалатын азық шығыны жоғарылай түседі. Тоқтыдан
бір килограмм салмақ алу үшін 6 айлығына дейін 4 – 5 азық өлшемі, бір
жасына дейін – 7 – 9 азық өлшемі, ересек қойларға – 10 – 12 азық
өлшемі қажет. Сондықтан қозыларды жедел бордақылап 6 – 8 айлығында
етке өткізу, ет өндірудің тиімдігін арттырып, сапасын жақсарта түседі.
37. Тоқтыларды бордақылаған кезеңде, рациондағы қоректік заттың мөлшерін
әлсін – әлсін тексеріп, жеткіліксіз болған жағдайда толықтырып,
теңестіріп отыру қажет. Ол үшін рацион белгілегенде облыстық және
аудандық агрохимлабораториялары анықтаған жем – шөптің химиялық құрамы
мен құндылығын басшылыққа алған жөн.
38. Тоқтыларды жайып семірткен кезде оларды мүмкіндігінше ұзақ
өрістету және көп айдай бермеу ұсынылады, мұнымен бірге малға үнемі су
беріп отыру және минералдық азықпен, әсіресе тұзбен қосымша
азықтандыру қажет. Күзде тоқтыларды жайып семірту тәртібі мынадай –
отарды өргізу және жеммен азықтандыру – 7 сағат – 7 сағат 30 минутқа
дейін, өрістетіп жаю – 7 сағат 30 минуттан 13 сағатқа дейін, суару
және иіру 13 – 15 сағат аралығында, жеммен азықтандыру – 15 – 15 сағат
30 минут, 15 сағат 30 минуттан жаю және жайлауда суару 20 сағатқа
дейін, тынықтыру – 20 сағаттан келесі күнгі таңаретеңгі 7 сағатқа
дейін. Қажетті жағдайлар жасалған шаруашылықтарда (қора, мал азығы
шопандардың маманданған кадрлары) қойды қыста және жазғытұрым
төлдеткен жөн, бұл кезде қозылар шырыны мол өрісте жақсы жайылып
семіреді.
39. М.Абдулаевтың айтуынша, қойды жайып – семірту Қазақстан жағдайында

2.1. Қозыны азықтандыру
Әдетте қозы енесін ажыратылмай төрт ай емеді. Осы мерзімдегі олардың
қоректенуін үш кезеңге бөлуге болады. Жаңа туған қозыны енесінің уызына
жарытып, алғашқы екі аптада, негізінен, ене сүтімен азықтандырады. 6—7-
күндігінен бастап қозыны біртіндеп көк шөп пен пішен, жем қоспасы мен
жайылым шөбін жеуге үйретеді. Ол үшін қозы тұмсығы жететін жерге майда
жапырақты астық тұқымдастар пішенін іліп қойып, сақпанға қосып жайылым
отына жаяды. 3—4-ші аптада қозылар оған қосымша өсімдік жемшөп жеуге
үйренеді де, 5—8-ші апталарда оларды көптеп жейді. 9-шы аптадан бастап
қозыны болашақ өнімі мен пайдаланылуына (тұқымға қалдыру, бордақылап етке
сою, т. б.) сәйкестендіре азықтандырады. Дұрыс өсіп жетілуі үшін оларды
енесін емізумен қатар жеңіл қорытылатын, диеталық жемшөппен қосымша
азықтандырып отырады.
Сүтке жарымаған қозыларға арнайы ене сүтін алмастыратын құрама жемге
қоса құрамы 26% жүгері, 14% арпа, 12,7% бидай жармасы, 10% майсыз құрғақ
сүт, 10% күнбағыс күнжарасы, 1% ас тұзы, 1,2% фторсыздалған фосфат, 8%
азықтық ашытқы, 1,7% беде ұны, 0,1% биовит-80 препаратынан тұратын қой
сүтін алмастыратын арнайы жем қоспасын, әр 1 т-на 15г күкірт қышқыдды мыс,
1г хлорлы кобальт, 1г йодты калий қосып дайындайды.
Қозыны қосымша азықтандыруды қабығынан тазартылып, ұнтақталған сұлы
дәнінен (овсянка) бастайды да, біртіндеп оған бидай кебегі мен зығыр
күнжарасымен араластырып береді. Жеммен қоса қозыны ұсақ (жұмсақ) та майда
түрлі шөп не бұршақ-астық тұқымдастар пішеніне үйретеді. 1-ші айда пішенді
жегенінше беріп, 2-ші айда әр басқа тәулігіне жегізілетін көлемін - 100-200
г, 3-ші айда - 200-250 г, 4-ші айда 350-400 г-ға жеткізеді. 2-ші айынан
бастап қозыға 100—300 г-нан бастап 600— 800 г сапалы сүрлем, 50-100-г-нан
бастап 300-600 г тазартылып туралған тамыржемістілер береді. Көктемде
сақпан құрып сызы кепкен жердің жайылымына жаяды.
Ене сүтіне жарып, қосымша азықтануға бейімделген қозылар тәулігіне 200-
300г дейін салмақ қосып, тез өсіп, жүні тығыз да ұзын болып жетіледі.
Жетілген қозыларды — 3—4 айлығында, ал сауылатын саулықтардан 2,5-3
айлығында енесінен айырады. 4 айлық қозы басына беріле бастаған 100 г
пішен, 50 г жем мөлшерін 16 айлық кепе басына 350-400 г пішен, 350 г жем
мөлшеріне жеткізеді. Қозы өсімін қажетті аминқышқылдарымен қамтамасыз ету
үшін жемнің бір бөлігін протеинді бұршақ тұқымдастар дәнімен алмастырады.
Төулігіне қозы денесінің өсуіне сіңірілетін 1,8-2,1г кальций мен 1-1,2г
фосфорды 5-10г азықтық преципитат, фторсыздалған фосфатпен жеткізеді.
Жетілген қозыларды — 3—4 айлығында, ал саулықтарды сүтке сауатын
отарларда 2,5—3 айлығында енесінен айырады да, жынысына қарай бөледі.
1-кесте
Қойлар қозысына күніне берілетін азық мөлшері
Көрсеткіштері Етті – майлы тұқым
Алғашқы 6-8 апталық сүтЕмізудін екінші
емізетін кезенінде жартысында
Салмағы, кг
50 50
Азық өлшемі 1,9 1,6
Алмасу энергиясы,мДж 20 17,5
Құрғақ зат,кг 2,2 2
Сіңірімді белокты зат,г 170 135
Ас тұзы,г 14 12
Кальций,г 10,3 7,7
Фосфор,г 6,5 4,9
Магний,г 1,9 1,4
Күкірт,г 5,1 4,4
Темір,мг 110 110
Мыс,мг 18 18
Мырыш,мг 110 110
Кобальт,мг 1,08 1,08
Марганец,мг 110 110
Йод,мг 0,85 0,85
Каротин,мг 16 14
Витамин Д,мың х.ө 800 650
2.2. Қой азықтандыру мөлшерлері мен
мерзімдік азық рациондары
Қойдың тұмсығы ілгері қарай бағытталған сүйір, күрек тістері өткір,
еріндері жұқа, икемді, епті келіп, азу тістері қатты азықты ұсатуға
бейімделген. Ол биіктігі 3-5 сантиметр, тіпті одан да төмен қылтиып шыққан
шөпті тістеп жей алады, ал мұндай аласа шөпті басқа мал жей алмайды. Қой
жердегі масақты, тіпті түсіп қалған дәнді де, сондай-ақ сояулы шөптер мен
бұталар бұтақтарының жапырақтарын да жеп, басқа мал түлігінің ашығатын
жайылымында өзіне қажетті азығын тауып, қорек ете береді.
Қойдың осы жоғарыда айтылған биологиялық ерекшеліктерін, оның басқа
ауыл шаруашылығы жануарларға қарағанда жайылым шөбінің түрлерін бір жарым
–екі есе артық жей алатындығын бір жақты түсініп, бұл қойдың азыққа көнбіс,
талғампаз еместігінің белгісі деп бағалау қате. Керісінше, бұның өзі қойдың
азықтың алуан түрлі болып келуіне бағытталған, яғни азықтандырудың
биологиялық жағынан толық құнды болуына қойылған қатал талабының көрсеткіші
екендігін, бұл талаптың қойдың бүкіл эволюциялық дамуының нәтижесінде
туғандығын дәлелдейді.
Қой азықтың бір түрімен (жайылымнан басқа) ұзақ уақыт азықтандыруға
төзе алмайды. Біркелкі азық олардың тәбетін төмендетіп, тіршілік қабілеті
мен өнімін, әсіресе жүн өнімінің мөлшері мен сапасын күрт кемітіп жібереді.
Қойды жеткіліксіз, нашар азықтандырған кезде жүні мүлде дерлік өспей
қалады. Ал организмге түскен қоректік заттар ең алдымен оның тіршілігіне,
өсіп-жетілуіне қажетті процестерге жұмасалады да, артылса ғана жүннің
өсуіне пайдаланылады. Егер ұзақ уақыт қоректік заттар, әсіресе азот пен
фосфор, кальций жетіспесе, организм тіршілік етуі үшін бұл заттардың
жетіспеген мөлшерін жүннің құрамынан алып пайдаланады. Сонымен бірге бұл
кезде өскен жүннің сапасы төмендеп, жүн талшықтары жіңішкеріп кетеді.
Мұндай жүн тез үзіледі, төменгі сортқа жатқызылады, әрі бағасы анағұрлым
төмен болады. Сайып келгенде қой шаруашылығында, әсіресе биязы жүнді немесе
жүнді-етті бағыттағы қой өсіргенде, аз ғана уақыт берілген сапасыз азық жыл
бойғы еңбектің нәтижесін төмендетіп жібереді. Сиыр мен шошқа
шаруашылығында мал азығының жеткіліксіз болып қалуы, олардың салмағы мен
сүт өнімін тек сол мерзімде ғана төмендетеді, бірақ ол малдың жыл бойындағы
өніміне оншама әсер ете қоймайды. Осының өзі, азықтың үздіксіз жеткілікті
болып тұруының қой шаруашылығында айрықша маңызы бар екенін көрсетеді.
2-кесте
Салмағы 50кг бір қойдың күндік рационы
Көрсеткіштері Етті майлы саулық Қаракөл елтірі саулық
қойы
Бойдақ және Соңғы 7-8 Бойдақ және Соңғы 7-8
алғашқы 12-13 апталық алғашқы 12-13апталық
апталық буаз буаздығы апталық буаз буаздығы
кезеңінде кезеңінде кезеңінде кезеңінде
Жайлымдағы шөп, кг 4,7 - 3,5 2
Дәнді дақылдардан,
әр түрлі шөптерден - 2,6 - 1
дайындалған пішен,
кг
Аралас құрама
азықтық жемдер 0.2 0.4 0.15 0.3
концентрат
Нормамен азықтандырудың негіздері
Мал өнімділігін арттырып, оның шаруашылыққа пайдалы басқа да
көрсеткіштерін жақсарта түсу үшін ең алдымен төмендегі мәселелерге назар
аудару керек:
-Мал организміндегі зат алмасу ерекшеліктеріне, жасына, жынысына және
өнімділігіне байланысты, қоректік заттарға деген қажеттігі, яғни
азықтандыру нормасы;
- Азықтандыру рационы;
- Азықтандыру типі (жүйесі);
Азықтандыру нормасы. Малдың қоректік заттарға деген қажеттілігі арнайы
жүргізілген ғылыми-шаруашылық, физиологиялық тәжірибелерде зерттеледі. Жан-
жақты жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде малдың біркелкі өсіп,
сүт, ет, жүн сияқты өнім беруі, буаз малдың іштегі төлі дұрыс жетілуі үшін
олардың организміне қажетті қоректік заттардың мөлшері, яғни азықтандыру
нормасы анықталады. Азықтандыру нормасы деп малдан сапалы, әрі мол өнім
алуға қажетті қоректік заттардың тәуліктік мөлшерін айтады.
Азықтандыру нормасы малдың физиологиялық күйіне, жынысына, жасына,
тірілей салмағы мен өнімділігіне байланысты жасалып, малдың азыққа деген
тәуліктік мұқтаждылығының шамасын білдіреді. Елімізде қабылданған
азықтандыру нормаларында, малдың азыққа деген мұқтаждығының жалпы дәрежесі
– азық өлшемі, қорытылатын протеин, кальций, фосфор, каротин және
микроэлементтер мен ас тұзының мөлшері арқылы сипатталады.
Малға жыл бойы бір норма белгілеуге болмайды. Өйткені ол малдың
физиологиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, саулықты алатын
болсақ, оған буаз кезінде, қозы емізетін мерзімінде, қозысынан айырғаннан
кейін азықты әр түрлі нормамен белгілеуге тура келеді.
Азықтандыру нормасы тиісті бір мерзімге арналып жасалады, сол
мерзімнің бір тәулігінде малдың әр басына қанша қоректік заттар керек
екендігін білдіреді.
Азықтандыру рационы. Азық рационы деп малға бір күн ішінде беруге
ыңғайлап, есептеліп алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады. Азық рационы
–ғылыми негізде үйлестіріліп алынған, жалпы жұғымдылығы, қорытылатын
протеині, минерал заттары мен каратиннің мөлшері жағынан азық нормасына
сәйкес келетін әр түрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру процесінде,
рацион жеке азықтың желінуіне, малдың денсаулығы мен өнімділігіне қарайц
тексеріліп, анықталады. Әдетте, азық рационын 15 күнде бір рет қайтадан
жасап отырады.
Қоректілігіне қарай азықты таңдап алу, оның нормаға сәйкес мөлшерін
белгілеу шеберлікті, тәжірибені керек етеді. Азық рационын жасағанда малдың
қандай азықты сүйсініп жейтіндігі, оның мал өнімділігіне қандай дәрежеде
әсер ететіндігі және шаруашылықта азықтың қандай түрінің барлығы, оны
пайдаланудың экономикалық жағынан алғанда тиімділігі мұқият ескеріледі.
Сонымен бірге шаруашылықтағы жемшөпті мал сүйсініп дейтіндей етіп турап,
булап, ашытып, өндеп, малға алдын ала даярлап беру ісін ұйымдастыру керек.
Азық рационының қоректілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер алынатын
өнім мөлшері мен сапасы, малдың физиологиялық күйі мен ұдайы өсу қабілеті
азықты жеуі және қоректік заттардың қорытылып, сіңуі. Сондықтан да малдың
дұрыс азықтандырылуы үшін зоотехниялық тұрғыдан бақылау ұйымдастырып,
нақтылы жұмсалған азықтың мөлшерін, мал өнімділігін, өнімнің сапасын
ескеріп, үнемі бақылап отырған жөн.
2.3. Саулықты азықтандыру ерекшеліктері
Саулықтарды азықтандыру. Шаруашылықтағы қой басының басым үлесі
саулықтар үлесіне тисе ғана қойларды өз төлінен көбейтіп өсіруге болады.
Демек, саулық азықтандыру қой басының көбеюіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz