Бухгалтерлік баланс және есеп айырысу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы БҚМУ колледжі
Менеджмент пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Бухгалтерлік баланс және есеп айырысу
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Бухгалтерлік баланс
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 5
1.2. Бухгалтерлік есептер және шаруашылық операциялар
көріністері ... ... ..12
II. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
2.1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың тәртібі мен
сыныпталуы ... ... ... ... ... ... 1 9
2.2. Бухгалтерлік есеп нысандары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Нарық экономикасы жағдайында, бухгалтерлік
есептің басқару жүйесінде алатын орны ерекше. Ол өндіріс процесін, айналым,
бөлу мен тұтыну және кәсіпорын қаржы жағдайын айқын көрсетіп, басқарушылық
шешім қабылдаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп
стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот
жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша
бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы
принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп
жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік
есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға
сай жүргізіледі.
Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек
коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс
калдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын
кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті
көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның
маңызы мен рөлі артпақ.
Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның
ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау,
ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дүрыс
басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу
үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет.
Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялык негіздері мен әдістемелік
қағидаларын жас мамандардың жақсы меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен
іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.
Ақпараттарды баланстық жинақтау есепте, қаржы - шаруашылық қызметті
талдауда, басқару шешімдерін негіздеу мен қабылдау үшін, кәсіпорындардың,
ұйымдардың нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.
Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы,
құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, сондай-ақ олардың пайда болу көздері
туралы мәліметтер алады. Бұл мәліметтер белгілі бір күнге жалпы ақшалай
көрсеткіштермен берілген.
Курстық жұмыстың мақсаты: бухгалтерлік баланстың мәнімен, түрлерімен
және есеп беру ерекшеліктерімен танысу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Бухгалтерлік баланс
1.1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 3.03.94 ж. №10-41143
хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысаны мен қызметінің
түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен
кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасайды.
Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның
сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни баланс активі
көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни
баланс пассиві көрініс табады.
Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі
баланстың активі мен пассиві қорлардың сол бір ғана жиынтығын екі түрлі
топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі.
Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады.
Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне (атауына), мүліктердің қалыптасу
көздеріне сәйкес келеді.
Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндетінің, атқаратын қызметі
мен функциясының бірі - пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық
жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді дер кезінде, яғни уақтылы жеткізіп
беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметгің негізгі қайнар көзі болып -
бухгалтерлік баланс табылады. БАЛАНС сөзі француз тілінен алынған. Бұл
сөз қазақ тіліне аударылғанда таразы немесе тепе-тең деген мағынаны
білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бух-галтерлік балансы актив
және пассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның сол
жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі
мүліктері мен шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оңжағында, яғни
пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив
бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері
қарастырылады. ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс
таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әлуетті табыстары ретінде
таниды. Ал баланстың пассиві -деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану
көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері
меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған,
қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағытартылған капитал
дегеніміз кәсіпорынның міндетте-мелері, яғни осы ұйымның басқа занды және
жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек
борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы
бар заңды немесе жеке түлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз
кредиторларының алдындағы қарызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар
ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады.
Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол
активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық
сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - кредитор өз
алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда
аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы
қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны
болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық
активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады.
Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы
сөзсіз.
актив = меншікті капитал + міндеттеме
Бұл тендікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетеді:
актив - міндеттеме = меншікті капитал
Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай
негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив
бөлімі ұзақ мерзімді активтер және агымдагы активтер деп аталатын екі
тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның
материалдық емес активтері, негізгі қүралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы
(инвестициялары), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал
ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары,
дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары,
қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақша қаражаттары және
басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив
бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда
кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе
жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары
тиісінше ұзақмерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ
мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері
мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның
алдағы кезендерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге
қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да
кредиторлық борыштары көрсетіледі.
Бухгалтерлік баланс өзінің жасалу уақытына (мерзіміне) және қолданылу
барысына қарай әр түрлі болып келеді. Кәсіпорынның жаңадан құрылған
уақытында жасалынған бухгалтерлік балансы кіріспе баланс деп аталады.
Кіріспе баланста ұйымның қызметін бастар алдындағы жарғылық капиталы
көрсетіледі. Бұл баланстағы негізгі көрсеткіштер кәсіпорын иелерінің, яғни
құрылтайшыларының, акционерлерінің осы уйымды жаңадан құру (ашу)
уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп
жағдайда кіріспе баланста кәсіпорынның меншікгі капиталы мен активтері тең
болуы ықтимал.
актив = меншікті капитал
Бұл теңдік егер кәсіпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды
түлғалардың алдында міндетті, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып
есептеледі.
Ұйымның бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа,
яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басына жасалынады. Осыған сәйкес
кәсіпорынның өз қызметі барысында әрбір белгіленген есеп беретін уақыттағы
(айдың, тоқсанның немесе жылдың басына) құрастырылған балансы ағымдағы
бухгалтерлік баланс болып есептеледі.
Кәсіпорынның жойылу балансы осы ұйым өз қызметін тоқтатар кезде,
таратылатын уақытта жасалады. Осы аталған жойылу балансының өзі әр түрге
бөлінеді. Жойылу балансын еліміздегі бухгалтерлік есеп және аудит
мамандарын даярлауда көп еңбек сіңіріп жүрген белгілі ғалым Әбдіғали
Әбдіманапов өзінің Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері атты
еңбегінде екі түрге бөледі және оның бірі ұйымның жабылуына байланысты, ал
екіншісі ұйымның жабылғандығын қорытындылау үшін құрастырылады деп жазған
болатын. Сонымен қатар Ресей ғалымдары Л.А. Крятова мен Х.Х. Әргашев
өздерінің Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты еңбегінде жойылу
балансы үш кезеңнен тұрады және оның біріншісі кәсіпорынның жабылуы
алдында, екіншісі жабылуы барысында, ал үшіншісі осы кәсіпорын жұмысын
тоқтатқаннан кейін жасалынады деп атап өткен. Жалпы, бұл айтылғандарды
талдай отырып, авторлардың бірінің айтқаны дұрыс, ал екіншісінікі қате деп
қарауға болмайды. Бұдан шығатын қорытынды жоғарыда аты аталған авторлардың
қай қайсының да пікірлері дұрыс деуге болады. Себебі кәсіпорынның жойылу
балансының саны, яғни оның жасалыну кезеңдері ұйымның таратылуына кететін
уақытпен тікелей байланысты. Егер кәсіпорынның таратылуы, яғни жабылуы ұзақ
уақытқа созылатын болса, жойылу баланстарының саны да соған сәйкес және
қажеттілігіне қарай арта түсуі мүмкін.
Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.
Кез келген кәсіпорынның мақсаты - пайда табу десек қателеспейміз. Ал пайда
табу үшін кәсіпорында күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып
отыратындығы белгілі. Осы орындалатын жұмыстар мен атқарылатын
қызметтердің, яғни операциялардың орындалуы кәсіпорынның бухгалтерлік
балансының баптарына тікелей әсер етеді. Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы
әрбір орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгеріске
ұшырап отырады. Бірақ бухгалтерлік баланстың актив және пассив баптарының
теңдігі әрдайым сақталады. Сонымен қатар кәсіпорында әрбір орындалған
операциядан кейін жаңадан баланс жасалмайтындығы белгілі және ол мүмкін
емес. Себебі ұйымда бір күннің өзінде бірнеше жүздеген операциялардын
орындалуы мүмкін. Тіпті әрбір операция түгіл, күн сайын кәсіпорынның
бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті, көп уақытты қажет етеді.
Сонымен қатар балансты күнделікті немесе әрбір орындалған операциядан кейін
жасап отыру тиімсіз және қажет те емес. Міне осы себептен кәсіпорынның
бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп беретін кезеңге қарай
(ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) жасалып отырады. Жалпы бухгалтерлік
есепте шаруашьшық операцияларын баланс баптарының сомасына әсер етуіне
қарай төрт түрге бөледі.
Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік
баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив
бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бір бап тура сол
сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың жиынтық сомасы
ешқандай өзгермейді.
Мысалы, кәсіпорьшның банктегі есеп айырысу шотынан жүмысшы-
қызметкерлерге еңбекақы төлеу ушін кассаға 500 (бес жүз) мың теңге алынды.
Бұл жағдайда есеп айырысу шоты бабындағы сома 500 (бес жүз) мың
теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың сомасы 500 (бес жүз) мың теңгеге
артады. Баланстың активі мен пассиві арасындағы тендік өзгермейді.
Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік
баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс
болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға
азайып, екінші бал тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен
баланстың сомасы ешқандай өзгеріске ұшырамайды.
Мысалы, ұйым өзінің жабдықтаушы-мердігерлердің алдындағы 700 (жеті
жүз) мың теңге қарызын банк мекемесінен алынған несие арқылы қайтарды
делік.
Бұл уақытта кәсіпорынның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-
мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың
теңгеге азайып, ал банк несиесі бабындағы сома 700 (жеті жүз) мың теңгеге
артады. Ал баланстың активі мен пассиві арасындағы теңдік өзгермейді.
Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден
айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей
сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив
бөліміндегі бір баптың сомасы қандай да сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі
баптың да сомасы осындай сомаға артады.
Мысалы, жабдықтаушы-мердігерлерден кәсіпорынға 200 (екі жүз) мың
теңгенің материалдары келіп түсті.
Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлік балансындағы жабдықтаушы-
мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома және материалдар
деп аталатын бабындағы сома бір уақытта 200 (екі жүз) мың теңгеге көбейеді.
Яғни кәсіпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да
көбейеді. Сонымен қатар 200 (екі жүз) мың теңгеге баланстың сомасы да өсті.
Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашьшық операцияларының
төртінші түрі үшінші түріне жатқызылатын операцияларға ұксас болып келеді.
Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бір уақытта
бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы - үшінші түрге жататын операциялар
барысында баланстың жиынтық сомасы (актив және пассив бөлімдері) белгілі
бір сомаға кебейсе (артса), төртінші түрге жататын операциялар әсерінен
актив пен пассив бөлімдері, сондай-ақ баланстың жиынтық сомасы қандай да
бір сомаға кемиді.
Мысалы, кәсіпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға
салынатын салық үшін 250 (екі жүз елу) мың теңге аударылды.
Осыған байланысты есеп айырысу шотындағы ақшалар және бюджетпен есеп
айырысу (қосылған қүнға салынатын салық үшін қарыз) деп аталатын баптардың
сомалары бір уақытта 250 (екі жүз елу) мың теңгеге азаяды. Сонымен қатар
баланстың сомасы да 250 (екі жүз елу) мың теңгеге кемиді.
Міне осы жоғарыда қарастырылған мысалдардан көріп отырғанымыздай
кәсіпорындағы орындалған кез келген операцияларды осы төрт түрдің біріне
жатқыза аламыз.

көріністері
Шаруашылық процесіндегі күнделікті болып отырған өзгерістерді дер
кезінде тіркеп, бағалап, топтастырып отыру қажет болады. Осыған орай
бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі қолданылады. Шоттардың баланстан
айырмашылығы оларда жазу алғашқы құжат негізінде күнбе – күн үздіксіз
жүріп отырады. Сол арқылы шаруашылық операцияларының салдарынан болған
өзгерістерді бақылап отыруға мүмкіндік туады.
Кәсіпорынның м мүлігінің түрлері мен олардың құралу көздерінің
шаруашылық процестер мен шаруашылық нәтижесін ағымдағы мерзім ішінен
есепке алып отыратын әдіс.
Бухгалтерлік шоттар схема түрінде екі жақты кесте ретінде
көрсетіледі. Оның сол жағын Дебет (бережақ) деп атайды, ал оң жағын Кредит
(сену) деп атайды.
Бухгалтерлік шоттардағы есептелетін объектілердің белгілі мерзімдегі
жағдайын сальдо (қалдық) деп атайды.
Ағымдағы мерзім ішінде болатын өзгерістерді (мүлік түрлерінде немесе
көздерінде) айналым деп атайды.
Бухгалтерлік шоттардың баланста қатнасына байланысты немесе оларда не
есептелетініне байланысты шоттар екіге бөлінеді: активтік шоттар
жәнепассивтік шоттар.
Активтік шоттарда мүліктің түрлері есептеледі. Пассивтік шоттарда
мүліктің құралу көздері есептеледі. Активтік және пассивтік шоттарда жазу,
олардағы соңғы қалдықты анықтау төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
Активтік шоттарды жазу тәртібі:
Активтік шоттарда бастапқы қалдық шоттың дебет жағында жазылады және
ол С1 деп белгіленеді. Ай ішіндегі өзгеріс, яғни мүліктің көбейгендігі
дебет жағында жазылады, ал оның азайғандығы кредит жағында жазылады.
Айдың аяғындағы қалдықты табу үшін ай басындағы қалдыққа дебеттік
айналымды қосып, кредиттік айналымды алып тастайды. Шыққан қорытынды айдың
аяғындағы қалдықты көрсетеді, ол дебет жағында жазылады. Сонымен активтік
шоттарда қалдық тек қана дебет жағында болады немесе қалдық қалмайды.
Пассивтік шоттардың жазылу тәртібі:
Пассивтік шоттарда бастапқы қалдық шоттардың кредит жағында жазылады.
Ай ішіндегі мүліктің құралу көздеріндегі болған өзгерістердің көбейгені
шоттың кредит жағында, ал азайғаны дебет жағында жазылады.
Соңғы қалдықты табу үшін бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып,
дебеттік айналымды алып тастайды. Шыққан қорытынды айдың аяғындағы
қалдықты көрсетеді және ол кредит жағында жазылады. Пассивтік шоттарда
қалдық тек қана кредит жағында болады немесе қалдық қалмайды.
Шаруашылық операциялары салдарынан болатын өзгерістер әр уақытта да
бухгалтерлік есептің екі объектісін қамтиды. Ол объектілер біреуі көбейіп,
біреуі азаюы немесе екеуі де көбейіп, екеуі де азаюы мүмкін. Бірақ олар
бірдей соммада немесе құнда көрсетіледі, яғни бір объектіні бір құнмен ,
екінші объектіні екінші құнмен көрсетуге болмайды. Осыған байланысты
бухгалтерлік есепте әдейі екі жақты жазу әдісі қолданылады.
Екі жақты жазудың мазмұны - ол болған шаруашылық операцияларын,
онда көрсетілген объектілерді бірдей соммада шоттарда жазу
Мысалы: Кәсіпорын жұмысшыларға 50000 теңге еңбекақы есептеді. Бұл
операцияны екі жақты жазғанда 50000 теңгеге жұмысшыларға еңбек ақы
бойынша бережағымызды көрсетсек, екінші жағынан 50000 теңгеге өндірісте
шығын болғанын жазамыз.
Кәсіпорынды басқаруда кәсіпорын жетекшісіне әр деңгейдегі
бухгалтерлік есептің мәліметтері қажет болады. Осыған орай бухгалтерлік
есепте есептелетін объекті бойынша жинақталған ақшалай өлшеммен,
көрсетілген мәліметтермен қатар есептелетін объектінің түрлері бойынша
да жекеленген мәліметтер керек. Міне осы талапты қамтамасыз ету үшін
бухгалтерлік шоттар екіге бөлінеді:
1.Синтетикалық (жинақтайтын) шоттар
2.Аналитикалық (талдайтын) шоттар
Синтетитакалық шоттар дегеніміз – есептелетін объект бойынша жинақтап
ақшалай өлшеммен ақпарат беретін әдіс.
Баланстың барлық статьялары синтетикалық шоттар болып саналады. Атап
айтқанда шикізаттар мен материалдар, кассадағы ақша, есеп айырысу
шотындағы ақша, жарғылық капитал, банк несиесі, т.б.
Аналитикалық шот дегеніміз – синтетикалық шоттарда көрсетілген
ақпаратты әрі қарай талдап, дамытып көрсететін шоттар.
Аналитикалық шоттар белгілі бір синтетикалық шоттарға ашылады. Осыған
байланысты олар дербес болмайды.
Аналитикалық шоттарда есептелетін объекті натуралдық (саны, салмағы,
көлемі) өлшеммен және ақшалай өлшеммен көрсетіледі.
Синтетикалық шоттарда жүргізілетін есепті синтетикалық есеп деп
атайды, ал аналитикалық шоттарда жүргізілетін есепті аналитикалық есеп
деп атайды.
Синтетикалық және аналитикалық шоттар өзара байланыс. Оның өзара
байланыстылығы төмендегідей:
1.Синтетикалық шотта қолданылатын жазу тәртібі аналитикалық шоттарда
қолданылады.
2.Синтетикалық шоттардың бастапқы және соңғы қалдығы барлық
аналитикалық шоттарды қосқандағы бастапқы және соңғы қалдықтармен тең
болуы тиіс.
3. Синтетикалық шоттардың дебеті барлық аналитикалық шоттардың
дебетіне, синтетикалық шоттардың кредиті барлық аналитикалық шоттардың
кредитіне тең болуы керек.
Тәжрибеде кейбір есеп объектілері бойынша аналитикалық шоттардың
сандары өте көп болуы мүмкін. Соған байланысты алдын- ала топтастыру қажет
болады.
Сол үшін бухгалтерлік есепте субшоттар қолданылады (аралық шоттар).
Синтетикалық шоттардың аттары мен тізімін жоғарғы орган, яғни қаржы
министрлігі тағайындайды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz