Бұқаралық мерекелердің тарихы



Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бұқаралық мерекелердің тарихы

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

І Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім
2.1 Бұқаралық мереке сценарийі мен тойлану
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 5
2.2 Жаңа жыл мейрамының
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
2.3 Ұлттық және мемлекеттік
мерекелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.4 Қазақ халқының ұлттық
мейрамдары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.5 22 наурыз мерекесінің
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .29
І Кіріспе бөлім
Мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды
дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және
эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған
материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен,
дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен
байланысты болатын жеке адам.
Мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық
деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет
күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-
шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру.
Мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды
тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету,
сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту
жөнiндегi қызметi;
Қазақ халқының өнері, ән- күйлері, аңыз ертегілері, жыр – дастаны,
әдет- ғұрыптары, айтыс өнері. Қазақ халқы қашаннан да әнге , өлең – жырға
бай, ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін,
өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін
көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға
тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашы-лығы
байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз , болашақ жас әншілік қадамына жол
көрсетеміз. Балабақашаның жас бүлдіршіндері яғни жас әншілері қалалық пен
аймақтық балалар шығармашылығы байқауына қатысады.
Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк
мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.
Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал
еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан
Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде
орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн
мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар
өткiзiлуi мүмкiн.
Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер
мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн
мерекелер.
Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi
белгiлейдi.
Бұқаралық мереке сценарий жазуда мәдени-тынығу жұмысын
ұйымдастырушылар мен бос уақытты тиімді өткізу іс-шараларын жасаушы
мамандардың ең басты мақсаты – қалайда бұқара халық көңілін табу, оларға
қызмет істеу. Сондықтан да, бұқаралық мереке сце­нарийі ауқымды ұғым­ды
қамтиды. Онда драматургтің, режис­сердің, суретшінің, сазгердің,
ұйымдастырушының жұмыстары бірге қам­тылады. Сценарий жазбас бұрын деректі
және көркем материал жинаумен қатар оның көрерменге әсері мен берер
тағлымының дұрыс болуын көздеген жөн. Бұқаралық мереке сценарийінде
театрландырылған көпшілік әрекеттің басты сценарийлік жұмыс түрі тақырып
пен идеяны анық­таудан басталады.
Бұқаралық мереке сценарийінің тақырыбы – мен мұндалап тұруы, жарнама
сияқты өзіне халықты шақырып тұрғаны абзал. Ондағы әр сөз мұқияттылықпен
алынып тақырыптың мәні мен сәніне айналғаны дұрыс.

Негізгі бөлім
2.1 Бұқаралық мереке сценарийі мен тойлану сипаты
ХХ ғасырдың басындағы қоғамның өзгеруі Қазақстандағы Наурыз мерекесіне
де салқынын тигізіп келді. Мыңдаған жылдар бойы мерекеленіп келген Наурыз
мейрамы, кеңес өкіметі тұсында 1926-1988 жылдар арасында жалпыхалықтық
сыйпаттан өңірлік және ауылдық ауқымға тықсырылды. Наурыз көптеген
атрибуттық және мазмұндық тұрпатынан ажырап, қарабайырланды, әрі сүреңсіз
тартты. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесі кеңес өкіметінен
тәуелсіздік алған түркі елдерінде ХХ ғасырдың 1988 жылдан бастап қана ресми
түрде қолға алына бастады.
Мемлекеттік мерекеге айналған Наурыз мейрамын ресми мерекелеу жөнінде
соңғы кездері біршама сыни пікір қалыптасты. Соның бірі – Наурыздың
мерекеленуі Жаңа жылдың аталып өту деңгейіндей емес, тар ауқымда және
жұпыны дегендей уәж. Бұған қоса, Наурыз мерекесі бұқа­ра­лық сыйпаттан
ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана
айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда деген де пікір бар.
Қысқасы, Наурыз мерекесі уақыт талабы мен егемен елдің өміріне сәйкес
бүкілхалықтық идеологиялық көз қуанышқа айналды деуге ертерек. Шынында да,
Наурыз жалпыхалықтық мерекеден гөрі, этнографиялық еске алу күніне айналып
барады. Сондықтан да, аталмыш мерекені мұндай қарабайырлықтан құтқаратын
уақыт келді. Оның өзіне сәй­кес атрибуттарын қалпына келтіріп, мерекелік
ұғымдары мен мағынасын орнық­тыратындай шаралар қажет. Ол үшін оған заман
талабына сәйкес оның тарихи нышандары мен атрибуттарын лайықтап, кәзіргі
адам санасы қабылдайтындай, фольклорлық-этнографиялық ауқымнан
жалпы­қазақстандық мереке дәрежесіне жеткізген жөн, уақыттас әшекеймен,
мүмкін­діктермен байыту керек. Ең бастысы – Наурыздың қайнар көзін тауып,
басқы кейпін қалпына келтіруге тырысқан абзал. Наурыз мерекесін сағына
қолға алған қазақ халқы, өзінің бірнеше мың жылдық тарихы бар мейрамының
негізгі көріністері мен мәнінен ажырағандықтан, оның орнын бірыңғай ұлттық
фольклормен сахналауды (театрландыруды) толтырды.
Мерекені фольклорлық сахналау оның бүкілхалықтық мәніне кедергі
бо­лып, таптаурынға ұшырап, қазіргі кезде тоқырауға түскен сыңайы бар.
Аталған жайттар Наурыз мерекемізді қай­та қырынан қарауға мәжбүр етуге
тиіс. Егер, біз Наурыздың этностық мағынадан бүкіл­елдік сыйпатқа тарауын
қаласақ, оған нағыз ұлттық мазмұнмен бірге азаматтық мерекелік тұрпат
беруге мәжбүрміз. Бүгінгі отырықшылдық өмір салтын меңгере бастаған қазаққа
көшпелі өмір үрді­сінен туындаған фольклорлық тұр­пат­тағы дәстүрдің
барлығы бірдей сі­ңісе алмайтындығын ескеретін уақыт жетті. Оның үстіне,
Наурызды тек қана қазақтар үшін мерекелеу де, елдік саяси ахуалға сыйымсыз.
Қазіргі ұлттық идеологияның маңызы сол – егер де оған өзге жұрттар да
тартылып, өздеріне сіңіріп жатса.
Мерекенің жалпыхалықтық сыйпаты барын ескеріп, оны жұрттың бәріне
бірдей, тіпті, ұлты мен тегіне қарамастан жатырқамай, қабылдайтындай,
жарқын өмір­дің үлгісіне айналатындай шаралар мен істер қажет-ақ. Мереке
дегеніміз – адамдардың қызықтай жүріп, демалуына қажетті атқарылатын
шаралар жыйынтығы; мерекеде бақылаушылар болмайды, бәрі де қатысушы. Ал,
фольклор белгілі бір этностық топқа ғана тән, сол топтың ғана қатысып,
солардың игілігіне жарататын шаралары болып табылады.
Енді, Наурызды жарқылдата мейрамдауға кедергі боларлық жайттарға
кө­ңіл аударалық. Наурызды о баста көшеге шерулетіп, шығару көрінісі көпті
қызық­тырғанымен, оған көпшіліктің қатысуы қарастырылмады және ол көп шығын
мен ұйымдастыру күшін қажет етті де, ол шаралардың аяғы құрдымға айналды.
Содан кейін, әрбір мекемені міндеттеп жүріп, киіз үй тігуді шығардық та,
наурыз көже пісіруді қолға алдық, сол маңда сахна жасақталып, жұрттың
санаулы өнерпаздардың өнерін қызықтаумен қол қусыруы ғана жүзеге аса
бастады. Алайда, тігілген үйлеріміз санаулы адамдардың рахаты мен ішіп-жеу
ордасына айналып тынды да, сырттан бақылайтын қарапайым жұрттың әлгі
наурызотауларға деген алакөздігін тудыра бастады. Отауларды тігу мен
күйелеш-күйелеш болып көшеде көже пісірудің де, ешкімге рахат
сыйламайтынына көзіміз жетуде. Оған өзге этностар түгелі қазақтардың өздері
жатсына, мысқылдай қарауда. Алайда, мерекені ұйымдастырудың басқа ешбір
нұсқасы ұсынылмағандықтан, қалыптасқан жағ­дай сарапталмағандықтан,
ұшыраған тоқыраудан шығу жағы барған сайын тұйыққа тірелуде. Ақырында,
басты ұлттық мерекеміз болып табылатын Наурыз мейрамы қарабайырланып,
тартымсыз күйге ұшырауда. Бөлінген қаржы ішіп-жеуге кетіп, не рухани
баюымызға болмаса құмарта тынығуымызға септік болмауда.
Бұл жағдайға бірнеше себеп бар. Біреуі ұйымдастырудағы мереке мен
фольклорды шатастыруымыздан, ұлттық келбетімізді тек қана ескі дәстүрге
байлауымызда, оны жаңғыртуға шорқақтығымызда, өткенімізді театрландырумен
шектелуімізде. Мәдениет пен руханият саласындағы ізденістің жоқ­тығы мен
сол саладағы ұйымдастыруда қолдағы мол әлеуетті шебер пайдалана алмай,
үйлестіре білмеуден туындауда. Бұған этнографиялық зерттеменің белгілі бір
дең­гейде тоқырап, оны жаңа заманға лайықтау ниетінің жоқтығы да қосылады.
Наурызды мерекелеудің бірнеше нұсқалық жолдары бар екенін оны жөнге
салу мен қоғамға енгізудің жолдары қарастырылған емес. Бар болғаны
аудандық, қалалық дең­гейлердегі мәдениет басқармаларының бөлін­ген азын-
аулақ қаржыға ірілі-ұсақты өнерпаздарды сахнаға көшеге шығарумен шектелуі
жүзеге асып жатыр. Ал, жаппай жұртты, ұжымдарды, отбасыларын өз алдына
мерекелеуге тартатындай дәстүр мен атрибуттар қалыптаспаған.
Басында жаңажылдық сипаты бар Наурыз бүгінде күн мен түннің теңелу
сәтін, көктемнің келуін атап өтумен ғана шектелуде. Өйткені, жаңа жылдық
сипатты күнтізбелік жылдың басы болып табылатын 1 қаңтар өзінің мықты да
бүкілхалықтық сипатымен, идеологиясымен, жасанды жолмен толыққан
атрибуттарымен, қалыптасқан индустриясымен Наурыздан тартып алды. Сөйтіп,
Наурыздың әуелгі жылды айырбас­тау мәні быт-шыт болды да, ескі жылдың қысы
жаңа жылға телініп шыға келді. Әрбір жылға айуандық астрологиялық сипат
берген Наурыздың о бастағы мазмұны тәрк етілді. Қысқасы, Наурыз мерекесі
шаралар тұрғысынан ғана емес, мазмұндық жағынан да жұрдай етілуде. Бай
мазмұн мен мәннен жұрдай бола бастаған, ұлы да айтулы Наурыз секілді
мерекені арашалау, ұлттық намыс пен рухани болмысымызды жаңғыртудың, оларға
жаңа тыныс берудің ізденісі нәтижесінде ғана жүзеге асатынын ұққанымыз жөн.
Сондықтан да, Наурызға араша боларлық іргелі ізде­ністер мен әрі тарихи,
әрі уақыттас шаралар керек. Ең бастысы, шектеулі топтың сахналаған
көрінісін қызықтаумен емес, жұртшылық болып отбасымызда мейрамдайтын
мерекелік дәстүр мен атрибуттарды қалыптастыратын мезгіл жетті. Наурыздың
түркілік тұрғысы Наурыз тарихын саралай отырып, отырық өркениеттер
шаруашылыққа қолайлы, оның күнтізбелік қана мәніне назар аударып, ал
көшпелі түркілер Наурыздың теологиялы-мифологиялық мазмұнын барынша маңыз
еткен. Оған дәлел, ежелгі парсылық жазбалардағы Нау­рыздың күнтізбелік
ше­жіресінің ғана хатталуы болса, ал, көшпе­нділердің Наурызды мере­келеуі
сол отырықшылдық өрке­ниет өкілдерінің таңданысын жасыруға мұрша бермей,
олардың барлық ғұрыптық, жоралғылық рәсімдерінің қағазға түсуі еді. Және де
отырықшылдық қадір-қасиеттегі жұрттар күнтізбені шаруаға қолайлы болу
болмауына барынша мұқият болса, көшпенділердегі наурызға деген көзқарас
ғұрыптық, жоралғылық рәсімдермен айшықталған. Бұл – олардың Наурыз
мерекесіне деген теологиялық мәнді жоғары қоюының дәйегі еді. Осындай
жазбаны А.Сейдімбекұлы: ...Грек тарихшысы Квинт Руф (б.з.д. І ғ.) өзінің
Ескендір жорығы деп аталатын еңбегінде Орта Азия көшпелілерінің ұлыс
тойын қалай тойлайтынын тамсана жазады – дейді.

2.2 Жаңа жыл мейрамының тарихы
Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты,
кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?.
Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе
ол мейрамныңмұсылмандарға қаншалықт ы қатысы бар? Алдымен айтармыз: Кеңес
Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған
болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп,
жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында
8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8
жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.[1]

Эль Греко. Рождество
Жаңа жыл және Рождество
Рождество Христово мен жаңа жылдың шығуы туралы қысқаша мәліметтер
берер болсақ: Бірінші ғасырда, яғни, Милади жыл санағы бойынша, христиан
діні пайда болған кезде, діннің екі жауы болған. Үштік (Троица), яғни
Құдайды үшеу деп білген митраизм түріндегі язычниктер және монетизмді
уағыздайтынюдаизм. Язычниктер Құдайды үшеу деп үштік түрінде уағыз ететін.
Енді сол үштік сенімді уағыздайтындардан мысал келтірейік. Вавилондық үштік
– Ану, оның баласы Энлиль және Энки. Римдік үштік – Юпитер, Юнана және
Минерва. Семиттік үштік – отец, сын и мать яғни әке, шеше және бала.
Бұлардан басқа индуистік – Брахма, Вишну және Шива. Парсылардың Ормузд,
Митра, Ахриманжәне Египеттік Осирис, Исида және Гор немесе Эмпефт, Эйктион,
Пта деп те аталады. Халдейлік Бел-Сатурн, Бел-Юпитер (сарапшы), Бел-Хом
(Аполлон). Соңғы үштік үшеуі қосылып ұлы Құдай деп аталады. Бұл үштіктердің
барлығы христиан дініндегі үштіктермен тұп-тура келеді. Әсіресе
Буддалықтардың үштіктері сай келеді. Буддалықтардың үштіктерін айтып
өткеніміздей Брахма, Вишну және Шивадан құралады. Брахманы әке деп атайды.
Вишнуды пастырь және пророк деп көреді. Ал Шиваны иләһи руһ деп ойлайды.
Бұл үштік Тримутра орыс тіліне тройца деп аударылады. Олар бұл үштік
терең құпия деп түсінеді. Құпия болғаны себепті оны ешкім білмейді және
түсінбейді дейді. Бұл құпия адамзат баласы әлемдік дух Брахматмамен
қосылған кезде ғана біледі дейді. Бұл атап өткен үштіктеріміз Жерорта
теңізінің жағалауында Христиан дінінен бұрын пайда болған. Барлығыда бұл
үштікті құпия ретінде санайды. Христиан діні пайда болған кезде осы діни
ағымдар өздерінің діни сенімдерін христиан дініне кіргізіп, оны да
өздерінің қатарына қосып алған. Сіздерге түсінікті болу үшін мысал
келтірейін: Егер жас қозы қасқырлардың арасына түссе не болады? Міндетті
түрде қасқырлар қозыны талан-таражға салып жеп қояды. Сол сияқты христиан
діні де жас баладай дүниеге келген кезде оны басқа сол кездегі діни ағымдар
жеп қойған және өздері жаңа дінге өзгерістер енгізген.[2]

Троица, Эль Греко, Прадомұражайы, Мадрид
Жаңа жыл және Христиан діні
Иса а.с. Масихті христиан әлемі Құдай деп таниды. Сол сияқты Митра да
парсы құдайы, Осирис Египет құдайы, Вакх грек
құдайы, Кришна Үндістан құдайы, Будда буддизмнің негізін салушы оны да
құдай деп есептейді. ЗаратустраЗарасторизмнің  негізін салушы. Бұлардың
барлығы да құдай деген атауға ие. Бұлардың туылған күндерінде де
ұқсастықтар бар. Барлығы сол желтоқсанның 25-де дүниеге келген екен. Рим
империясында көпқұдайшылдар өздері жартылай құдай жартылай адам деп
табынатын Митраның туған күнін (Рождествосын) сән-салтанатпен атап өтетін
болған. Олардың жалған діні бойынша Митра 25 желтоқсан күні бір үнгірде
жануарлар арасында туған. Тура осы сияқты славяндар да христиан дінін
қабылдаудан бұрын көп жалған құдайларының біреуі болған Коляданың
Рождествосын тойлаған (олардың Рождествода айтатын әндері бүгін де
колядки деп аталады). Ел арасында кең тараған бұл мерекені ығыстырып
тастау үшін ІҮ-ғасырда бұрын сол Митраның бас табынушысы болған, кейіннен
христиан дінін жаңадан қабылдаған Византия империясының императоры
Константин 25-желтоқсанды Иисустың (Иса а.с.) туған күні деп жариялаған.
Оған дейін Исаға тиісті бұндай атаулы күнді ешкім білмеген де, тойламаған
да. Көпқұдайшыл болған римдіктердің сенімі бойынша, егер адам өз үйіне лавр
(үнемі жасыл болып өсетін ағаштың бір түрі) ағашын тігіп қойса, онда оның
үйінен көктем кетпейді-мыс. Сондықтан да, олар сол ағашты өз үйлеріне әр
қыс келген сайын тігіп қоятын болған. Герман тайпалары да солай істеген.
Бірақ лаврдың орнына олар ель (шырша) ағашын пайдаланған. Көріп
тұрғанымыздай, бұл да Исаға және оның Рождествосына қатысы жоқ.

Мұсылман мелкеттері оның ішінде біршама араб мемлекеттерінде жаңа жыл
тойланып жатады. МысалыЕгипет, Ливан, Сирия, Бірікке н Араб
Әмірлігі. Египет пенЛиванда жергілі кті, тұрғылықта христиан арабтар бар.
Осы себепті онда Рождество мен жаңа жыл тойланып жатады. Сирия туризмге
ашық ел. Туризмді сылтауратын Батыстан көптеген христиандар, миссионерлер
ағылып келіп жатады. Олар құр келмей әлгі жаңа жыл
менРождестволарын арқалай келеді. Өз діндеріне кіргізу үшін ақшалай
марапаттар жасайды. Бірақ жаңа жыл барлық араб елдерінде тойланбайды.
Мысалы Сауд Арабияда 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні жаңа жылды
тойлайтын болсаңыз жауапқа тартыласыз. Жаңа жылды тойлағандар қамауға
алынып, жазаланады. Сөзімізді қорытындылап айтар болсақ: Жаңа жылды атап
өту арқылы біз христиандарға ұқсап қаламыз. Құранда: Олар (Мейірімді
Аллаһтың құлдары) өтірікке айғақ болмайды... деген аят бар (25:72). Бұл
аяттың тәпсірі – басқа діндегілердің діни мерекелеріне қатыспау туралы
айтылған.[3]
Ислам діні тұрғысынан
Бүгінгі адамдар: Мерекелерде ешбір тыйым салынған нәрсе жоқ, немесе
Біз бұл мерекеге барғанда тыйым салынған барлық нәрседен тыйыламыз (арақ-
шарап ішпейміз, тек қана дастарған жайып атап өтеміз), – дейді.
Пайғамбарымыз саллалаху алейхи уассалямның: Кім қай халыққа ұқсағысы
келсе, ол солардың бірі, – дегеніне сүйенсек, бұған қандай рұқсат болуы
мүмкін? Немесе Алланың елшісі (с.а.с.) айтқан екен: Сендер міндетті түрде
өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христиандардың) ізімен жүресіңдер,
тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер оларға ілесе кетесіңдер
дейді.
Егер Аллаһ тиым салған нәрседен тиыла алсақ, міндетті түрде одан
абзалын береді. Алланың елшісі (с.а.с): Аллаһ оларды сендер үшін олардан
да абзал болған Құрбан және Рамазан айт күндерімен алмастырды. Аллаһ тек
қана шындықты айтады. Бүкіл жаратылыстың Раббысы осы екі күнді ең абзал
күндер деп атаған. Аллаға және оның пайғамбарына иман келтірген адам бұны
қабылдайды да , қалғандарын тастайды.

2.3 Ұлттық және мемлекеттік мерекелер
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні
Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттiк тәуелсiздiктi жариялауға
байланысты ұлттық мерекелер барынша маңызды болып танылған. Бiздiң елiмiзде
мұндай мереке 16-17 желтоқсанда атап өтiлетiн Тәуелсiздiк күні болып
табылады.
Қазақстандықтар үшiн бұл күн ел тарихындағы мүлде жаңа дәуiрдiң
басталуының нышаны. Қазақстан алғаш рет халықаралық қатынастардың
толыққанды субъектiсiне айналды. Ел iшкi және сыртқы саясатын өзі айқындап,
iске асырады. Мемлекет егемендiгi бiздiң барша жетiстiктерiмiздiң берiк
негiзiне айналды.
Тәуелсіздік күніне дайындықты 1 желтоқсанда елде Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті күні аталып өтетінін ескере отырып
жоспарлау керек.
Елді мекендердің сыртқы безендіруі мен көрнекі ақпарат құралдарын
(билбордтар, баннерлер, кермелер) орналастыруды 1 қарашадан бастау
ұсынылады.
Осы күннен бастап отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында
(бұдан әрі – БАҚ) Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін
кеңінен жария ету, белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдар
мен басқа да белгілі тұлғалардың сөз сөйлеулерін ұйымдастыру керек.
Мерекеге дайындық кезеңінде қоғамдық пікірді Тұңғыш Президенттің ел
өміріндегі рөліне және Тәуелсіздік күнінің аса маңыздылығы төңірегіне
топтастыру керек.
1-16 желтоқсан аралығында әрбір күн Қазақстанның жаңа тарихындағы
маңызды деген оқиғаларға (Конституцияның қабылдануы, мемлекеттік
рәміздердің, ұлттық валютаның бекітілуі, Қазақстан-2050 стратегиясының
қабылдануы және басқалары) арналуы мүмкін. Бұл күндері елдің тәуелсіздік
жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және қоғамдық-
саяси салаларда қол жеткізген негізгі жетістіктерін аша түсетін әртүрлі
форматтағы іс-шараларды жоспарлау ұсынылады.
Мерекенің мақсаты - Қазақстанның жетiстiктерiн тиiмдi насихаттау және
елдiң мүмкiндiктерiн көрсетуге бағытталған нақты іс-шаралар өткiзу
негiзiнде қоғамның бiрлiгiн нығайту.
Міндеттер:
Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңiндегi жетiстiктерiн кеңінен
насихаттау;
мемлекеттің халықтың өмір сүруі үшiн қолайлы жағдай жасау
мүмкiндiктерiн паш ету;
төзiмдiлiк, рухани бiрлiк пен келiсiм идеяларын насихаттау;
қазақстандықтардың қай этносқа және конфессияға жататынына қарамастан
біртұтас егемен мемлекеттің тең құқылы азаматтары ретiндегi сәйкестендіру
процесін тереңдету.
Мерекенің идеялық-көркемдiк мазмұны
Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде келесі негізгі идеологемаларды
пайдалану ұсынылады:
Еркіндік. Тәуелсіздік алудың арқасында ел, халық және әрбір азамат өз
болашақтарын өз еріктерімен қалыптастырудың шынайы еркіндігіне ие болды.
Бірлік. Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен-ақ өз дамуының
негізі етіп тең құқықтық, достық пен келісім негізінде қалыптасатын барша
жұрттың бірлігін алға тартты. Осы жылдар бойы Қазақстан сол принциптерді
нық ұстанып келеді.
Тұрақтылық. Қазақстан өзінің барлық жетістіктері үшін елдің саяси,
экономикалық, әлеуметтік өмірін сипаттайтын тұрақтылыққа борышты.
Өсіп-өркендеу. Қазақстан дамудың дұрыс таңдалған басымдықтарының
арқасында барлық сынақтарға төтеп бере отырып, тұрақты даму мен халықтың
әлеуметтік әл-ауқатының үздіксіз артуының жолына қадам басты.
Мерекелік іс-шараларға дайындық пен оларды ұйымдастыру кезінде мынадай
принциптер мен идеологиялық басымдықтарды iске асыруды қамтамасыз еткен
жөн:әлеуметтік-экономикалық және мәдени сипаттағы көпшiлiк акциялар
мемлекеттің әртүрлі ұлттық жоспарлары мен бағдарламаларын iске асырудағы
(тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және өнеркәсiптiк объектілердің пайдалануға
берiлуi, экономиканың әртүрлі салаларында, отандық медицина, білім беру,
ғылым, мәдениет, туризм және спорттағы жетістіктерінің көрмесі, республика
және оның адамдары туралы жаңа фильмдердің, кітаптардың, әндердің және
басқа да шығармалардың тұсау кесу рәсiмi) табыстарын көрсетуі қажет;жаппай
халықтық шерулер ауыл тұрғындары мен халықтың әлеуметтік қорғаусыз топтарын
қолдауға бағытталған қайырымдылық акцияларымен (мәдени орталықтардан шалғай
жатқан елді мекендердің тұрғындарын қалалар мен аудан орталықтарында өтетін
мерекелік іс-шараларға қатыстыру, әртүрлі деңгейдегі басшылардың балалар
үйлері мен басқа да әлеуметтік нысандарға, көпбалалы және көмекке зәру
отбасыларына баруы) қатар жүре алады.
Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру кезінде салтанатты жиналыстар
өткiзудi, мемлекеттің дамуына үлес қосқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Бұқаралық мерекелердің өзіндік ерекшеліктері
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Қазақстан Республикасында мереке күндері
Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де мерекелері
Діни мерекелердің рөлі
Мерекелер түрлері
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Дүниетану пәнінің жұмыс бағдарламасы
Пәндер